Жылу беру орталығының бөлім қызметкерінің ақпараттық жуйесін құру



Мазмұны

Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Жылу беру орталығымен танысу және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Жылу энергия тұтынушыларының жіктелуі және дамытудың
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 Жобалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1Жылу беру орталығының бөлім қызметкерінің ақпараттық
Жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Бағдарлама кодының терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Мекеменің мәліметтер базасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.4 Жылу беру орталығының жұмысының қолданбалы
Мәліметтерін байланыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
ҚосымшаА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі. Жылу беру орталығының жұмыс істеу бөлімімен танысу. Және олардың қызметтерімен танысып оны Delphi ортасында орындау.
Жұмыстың мақсаты. Жылу беру орталығының жұмыс істеу қызметінің даму тенденцияларын талдау. Жылу беру қызметтерін зерттеу факторларын келтіру.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Жұмыстың міндеті. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат.
Жұмыстың жаңалығы. Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы Жылу беру орталығының жұмыс істеу қызметі таңдалды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 С.Бабровский «Описание системы и языка программирования Delphi 7», Москва 2006г.
2 Л.М.Климова «Основы программирования .Решение типовых задач», Москва 2006г.
3 Валерий Фаронов «Разработка приложений для баз данных и интернета»,Москва 2006г.
4 Эндрю Возневич «Визуальное программирование на Object Pascal»,Издателство «Бином»
5 В.Гофман, А.Хомоненко «Delphi 5 в подлиннике»,Санкт-Петербург 1999г.
6 В.В. Фаронов. Delphi 1.0. Учебный курс. М.2001г.
7 Майерс Г. Надежность программного обеспечения. –М.:Мир, 1980г.-360с.
8 Шураков В.В. Программное обеспечение ЭВМ. –М.: Статика, 1979г.-376с.
9 А. Полянский. Среда программирования Delphi 5-1. Справочное пособие. М., 2001г.
10 С. Бобровский. Delphi 4. Учебный курс. М., 2001г.
11 Н. Культин. Delphi 1.0. Программирование на Object Pascal. БХВ-Петербург, 2001г.
12 В.В. Фаронов. 1.0. Учебный курс. М. 2001г.
13 Дарахвалидзе П., Марков Е. Программирование в Delphi 4. БХВ-Санк-Петербург.
14 А.Жуков. Изучаем Delphi, 2001г.
15 М.Эбнер. Delphi 4. Руководство разработчика, БХВ, Киев, 2000г.
16 А.Я. Архангельский. Программирование в Delphi 2.0. Издательство БИНОМ. Москва, 2008г.
17 Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде Delphi. Учебное пособие 4-х частях, М. 1997-1993.
18 О. Камардинов., Х. Жантелі. Delphi 5-1. Оқу құралы. Шымкент. 2002ж. - 214 бет.
19 Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 4, М., ЗАО. Издательство БИНОМ 2000г.

Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: Жылу беру орталығының бөлім қызметкерінің
ақпараттық жуйесін құру. Бұл курстық жұмыстың көлемі 34 беттен, 6
кестеден, 18 бағдарламалық суреттен тұрады. Жұмыста Delphi7 бағдарламалау
жүйесінің барлық мүмкіншіліктерін қарастырып өттім. Бұл курстық жұмыста
жылу беру орталығының бағдарламалық қамтамасы құрастырылған. Курстық жұмыс
қазақ тілінде жазылған.

Мазмұны

Нормативті
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Белгілеулер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Аналитикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9
1. Жылу беру орталығымен танысу және
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... .9
2. Жылу энергия тұтынушыларының жіктелуі және дамытудың
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 Жобалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
2.1Жылу беру орталығының бөлім қызметкерінің ақпараттық
Жүйесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Бағдарлама кодының
терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
21
2.3 Мекеменің мәліметтер базасын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Жылу беру орталығының жұмысының қолданбалы
Мәліметтерін
байланыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34
ҚосымшаА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Нормативті сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:
СТРК 34.006 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 – 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің
конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 – 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

Индекстер –кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын
механизм болып табылады
Image – элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
DataSource – деректердің басы
Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы
StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру
DataBase – ДБ қосылу
Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы
BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау
Update – деректер жиынтығын модификациялау
NestedTable - қойылған кесте
DCOMConnection – көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу
SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу
RvDataSetConnection – мәліметтермен байланыстырады
RvTableConnection – Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады
TRvQueryConnection – Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады
RvRenderPreview–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді
экранда мүмкіндік береді
RvRenderPrinter–RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа
құрылғысына жібереді

Белгілеулер мен қысқартулар

ДҚБЖ–Деректер қорының басқару жүйесі.
ДҚ–Деректер қоры
АЖ –Ақпараттық жүйе
БЖ – бағдарламалық жабдықтама
ҚР – Қазақстан Республикасы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны
АҚ-акционерлік қоғам
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік
МБ-мәліметтер базасы

Кіріспе

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі. Жылу беру орталығының жұмыс
істеу бөлімімен танысу. Және олардың қызметтерімен танысып оны Delphi
ортасында орындау.
Жұмыстың мақсаты. Жылу беру орталығының жұмыс істеу қызметінің даму
тенденцияларын талдау. Жылу беру қызметтерін зерттеу факторларын келтіру.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың
құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және
бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып
отырады. Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады.
Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады.
Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Жұмыстың міндеті. Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де
мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен
белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер
базасындағы ақпарат.
Жұмыстың жаңалығы. Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік,
бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап
саналады. Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы Жылу беру орталығының
жұмыс істеу қызметі таңдалды.

1. Аналитикалық бөлім

1. Жылу беру орталығымен танысу және қызметтері

ТЭЦ-3те ТВФ-120-20 маркалы, қуаты әрқайсысы 120 МВт, кернеулігі 10,5 кВ
екі генератор орналасқан Генераторлар өндіретін электроэнергия 110 және 220
кВ кернеуліктерде таратылады.
№1 және №2 генераторлар генератор-трансформатор блок схемасы бойынша
ТДЦ-125000110 түрдегі трансформаторлар арқылы, шиналардың екі жұмыс
жүйесі айналмалы схемасы бойынша орындалған, 3РУ-110 кВ шиналарына
жалғанған.
АТДЦТН-125000220110 маркалы, 3РУ-110 кВ шиналарынан 220 кернеулікке
қуатты беру үшін, 2 автотрансформаторлар орналасқан.
ТЭЦ-те өзіндік мұқтаждық электр қабылдағыштарды қоректендіру үшін,
төмендегідей ток пен кернеу тектері қарастырылған:
- Қуаты 200 кВ және одан жоғары электр үшін – 6 кВ қозғалтқыштар;
- Төменгі кернеулікті электр қозғалтқыштар үшін – 0,4 кВ;
- Шаң жұтқыш электр қозғалтқыштар, апаттық май сораптары құбырлары
үшін, апаттық жарықтандыруда – 220 В тұрақты ток.
ТЭЦ-тің бас корпусындағы РУСН-6 кВ өзіндік мұқтаждық тарату қондырғылары
4 секциялардан тұрады.
Қоректендіру ТРДНС-25000106 түрдегі трансформаторлар арқылы
жүргізіледі.
Қосымша қоректендіру РУСН-6 кВ секциясы резерв трансформатор ТРДН-
320001106, 3РУ-110 кВ шиналарынан жүргізіледі.
РУСН-0,4 кВ өзіндік мұқтаждық тарату қондырғылары да 4 секциялардан
тұрады.
РУСН-0,4 кВ секциялары КТПСН-0,5 кВ түрдегі шкафтардан тұрады.
РУСН-6 кВ секциясынан 60,4 кВ трансформаторлары арқылы жүргізіледі.
Аз қуатты, кернеулігі 0,4 кВ тұтынушыларды және жарықтандыру жүйесін
қоректендіру үшін, екінші күштік құрастыру қарастырылған.
ТЭЦ-3-ен қалаға жылу беу үшін, ішкі станциялық схемаларда желілік
сораптар ретінде, төмендегілер қолданылады:
- Екі жаздық ЛСН №1 және ЛСН №2
- Бір қыстық 3СН №1
Желілік сораптарды қоректендіру РУСН-6 кВ секциясынан орындалады.
- ЛСН №1, ІІ секция, №30 ұяшығынан;
- ЛСН №2, ІV секция, №70 ұяшығынан;
- 3СН №1, ІІ секция, №24 ұяшығынан;
Негізгі және қосымша жабдықтары.
Шымкент ТЭЦ-3-те қазіргі уақытта қазанды, құбырлы және қосымша жабдықтар
қондырылған және пайдалануға берілген олардың құрамы мен сипаттамалары №1.1
кестеде көрсетілген.
Шымкент қаласындағы Энергоорталық 3-те желілік сораптар ретінде
төмендегілер қолданылады:
екі "жазғы" ЛСН №1 және ЛСН №2;
бір "қысқы" ЗСН №1.
Желілік сораптарды қоректендіру бас корпустың РУСН-бкВ секциясынан
болады:
ЛСН №1 (м.ед. OUU10D01) секция II, яч.№30;
ЛСН №2 (м.ед. OUU11D01) секция IV, яч.№70;
ЗСН №1 (м.ед. OUU12D01) секция ΙΙ, яч.№24.
Жаңадан қондырылатын электр жабдықтар сәйкес нормалар мен ережелерге сай
жерлендірілуі қажет. Жерлендіру нақты контурға 25х4мм2 болат қимасы арқылы
жүргізілуі қажет.
Энергоорталық 3-тен жылудың берілуі реконструкцияның II кезеңі бойынша
орналастырылуы қажет:
I сатыдағы төрт желілік сорап;
II сатыдағы төрт желілік сорап ;
Екі жазғы желілік сораптар;
бойлерлік конденсаттық сораптардың екі тобы (төрт сораптан);
дренаждық екі сораптар.
Шымкент ТЭЦ-3 өндірістік ауданның оңтүстік батыс жағында орналасқан.
Жер телімі солтүстік шығыстан оңтүстік батыс жағына қарай тартылған.
Оның аумағы жинақтамалы темір бетонды қоршаулардан тұрады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ететін қоректендіру
көздері - ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, аудандық қазандықтар РК-1, РК-2, РК-3 және
бірнеше майда қазандықтар.
ТЭЦ-1 Орталық ауданның оңтүстік шекарасында орналасқан, ТЭЦ-2 батыс
ауданның оңтүстік шекарасында ораласқан, РК-1 және РК-3 солтүстік батыс
ауданында, РК-2 батыс ауданда, ТЭЦ-3 өндірістік ауданның оңтүстік батыс
шекарасында орналасқан.
ТЭЦ-3 1980 жылы желтоқсан айында, энергетикалық қазан, бу турбинасы,
жалпы станциялық ғимараттар мен қосымша жабдықтар құрамында пайдалануға
берілді.
АҚ Шымкент ТЭЦ-3 негізгі өнім түрі – электр және жылу энергиясы.
ТЭЦ жұмыс режимі – отын жағылмайтын мерзім кезіндегі электрлік график
бойынша, электр энергиясын өңдеудегі тиімділік тәсілдерін көрсететін жылу
графиктегі базалық жүктеме болып табылады.
Негізгі отын ретінде табиғи газ бен мазут қолданылады. Тұтынушыларды
жылумен қамтамасыз ету үшін, ТГМЕ-464 маркалы жоғарғы қысымды үш қазанды
агрегат орналасқан, бу өнімділігі әр қайсынікі 500 тсағ, екі құбыр 80 МҚТ
орналасқан.
АҚ Энргоорталық – 3 электрлік қуаты жаз айларында 4050 МВт,
жылыту мерзімінде, яғни қыс айларында 120130 МВт.
Энергостанция кешені төменгі өндірістік цехтардан тұрады:
- Электрлік цех. Электрлік цехы жабдықтарды күрделі жөндеу мен
оперативті және техникалық қызмет көрсетеді.
Сенімді, апатсыз және элктр жабдықтар үшін, тиімді жұмыс жүргізеді.
Электр жүктемелерінің сапалы берілуін қамтамасыз етеді.
- Қазанды құбырлы цех. КТЦ цехының барлық жабдықтардың сенімділігін,
апатсыз және тиімділігн, оларды электрлік жылы жүктемесін жүргізуі
үшін, үнемі дайындығын қамтамасыз етіп отырады.
- Орталық жөндеу цехы. ЦЦР орта және ағымды күрделі жөндеулер,
техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу, басқа арнаулы
ұйымдардың тарта отырып, жылу механикалық жабдықтардың қайта құру мен
жетілдіру жұмыстарымен айналысады. Стандартты емес, жабдықтарды,
металл құрылымдарын, барлық бөлімшелер тапсырысы бойынша, құралдар
жасап шығарады.
- Химиялық цех. Химиялық цех станциядағы және жылу желілеріндегі жылу
техникалық жабдықтардың су химиялық жұмыс режимдеріне бақылау жүргізу,
суды дайында процесстерін ұйымдастыру мен айналысады. Судың, будың,
отынның, майдың және газдың жіберілуіне химиялық бақылау жасап
отырады. Жылу электр станциясын техникалық цикілдегі конденсат пен бу
шығындарын толықтырып отыру үшін қосымша су мен жылу желісін
қоректендіру үшін, химиялық тазартылған су мен қамтамасыз етеді.
- Автоматика және өлшеу жылу цехтары. ЦТАИ оперативті және техникалық
қызмет, және де бақылау өлшеу жабдықтары мен технологиялық
процесстерді (қысым, шығын, деңгей, датчик, автоматты реттеу
жүйелерінің қондырғылары және технологиялық процесстерді,
технологиялық жабдықтарды қорғау) күрделі жөндеуден өткізеді.
- Отынды – мазуттық шаруашылығы. Жобалық параметрлері (қысым,
температура) бар мазуттармен қазандарды қамтамасыз ету, сиымдылықтарда
мазуттарды қабылдау және сақтау жұмыстарын жүргізеді.
- Көліктік цех. Материалдарды, жабдықтарды және металл конструкцияларын
автокөліктік тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Жер қазу жәнне жүк
өктеру жұмыстарымен айналысады. Жөндеу жүргізу үшін, қызмет көрсетеді.

- Әкімшілік-шаруашылық бөлімі. Кәсіпорын бөлімшелері үшін, шаруашылық
қызметтерін жүргізеді. Көріктендіру жұмыстарына басшылық етеді.
Шымкент ТЭЦ-3 кешенін толығымен ашатын болсақ, төменгі негізгі қызмет
көрсету жүйелерінен тұрады:
- ТЭЦ-қа мазутты қамтамасыз ететін, яғни АҚ ШНОС-тан құбырлар арқылы,
темір жол арқылы цистерналарда қамтамасыз етеді;
- мазут шаруашылығы 5 цистернаға қабылдау-құю, екі сатылы мазутты-
сорап, 4 х 5000 мазутты сақтау жұмыстары жүргізіледі;
- НПЗ, АҚ ШНОС-тан келтірілген нақты өнімділігі 320200 тсағ, тұз
қоймаларынан, тұзсыз суды беру және қазандарды қосымша қорек берудегі
химиялы су тазартқыштар.
- келтірілген нақты өнім 23065 тсағ, жылу жүйелерін қоректендірудегі
химиялық су тазартқыштар. Жаңа химиялық су тазартқыштар 900 тсағ
монтаждалмаған және пайдалануға берілмеген.
- желдеткішті суыту жүйелері.
- өндірістік кәсіпорындар үшін, дайындау және ішілетін суларды беру
жүйелері.
- өндірістік кәсіпорындарғы желілік суларды жылыту және беру.
- өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктері үшін, әр түрлі
параметрлердегі буларды беру жүйесі.
- Бадам-Сайрам кен орнындағы артезиан суларын беру жүйелері.
- НПЗ, АҚ ШНОС – қа тазартылған суларды жіберу жүйесі.
- блок түрдегі жоғарылатқыш трансформаторлар.
- жабық тарату жүйесі 110 кВ (3РУ-110)
Шымкент ТЭЦ-3 өндірістік ауданның оңтүстік батыс жағында орналасқан.
Жер телімі солтүстік шығыстан оңтүстік батыс жағына қарай тартылған.
Оның аумағы жинақтамалы темір бетонды қоршаулардан тұрады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ететін қоректендіру
көздері - ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, аудандық қазандықтар РК-1, РК-2, РК-3 және
бірнеше майда қазандықтар.

2. Жылу энергия тұтынушыларының жіктелуі

Бу және су қыздырғыш қазандардың негізгі отыны – табиғи газ, қосымшасы
– жағатын мазут.
Энергоорталық 3 кешені негізгі төмендегі жүйелерден тұрады:
бу қазандары мен жылу турбиналары бар негізгі корпус;
ЗхКВГМ-100-150 су жылытқыш қазандық;
- отынды газ шаруашылығы;
- темір жол арқылы цистерналарда тасымалданатын, құбырлар арқылы ТЭЦ-қа
берілетін отынды мазут шаруашылығы. Мазут шаруашылығы 5 цистернадан тұратын
құйып төгетін қондырғыдан, екі сатылы мазут сораптарынан, көлемі 4x5000 м3
мазут сақтағыштан тұрады;
- қазандарды химиялық судан тазарту және өнімділігі 320200 тсағ тұз
қоймаларынан тұзсыз суды беру;
Жылу желілерін химиялық судан тазарту және өнімділігі 23065 тсағ.
Абоненттердің жылу жүктемесі ауа райына байланысты өзгереді. Сондықтан
жылу жүктемесін реттеу қажет.  Жылу жүктемесі өзгерген кезде оның мөлшерін
орталықтан әлде абоненттің өзінде реттеуге болады.
Қазіргі кезде жылу жүктемесін орталықтан реттеу тәсілі қолданылады. Бұл
тәсіл бойынша жылу жүктемесі судың температурасын немесе шығысын өзгерту
арқылы реттеледі. Судың температурасын өзгертіп реттеуді сапалы реттеу деп
атайды, ал су шығысын өзгерту тәсілін мөлшерлі деп атайды. Осы екі тәсілді
қосып реттеген кезде сапалы-мөлшерлі реттеу болады. Сапалы-мөлшерлі реттеу
– жылу жүктемесі азайған кезде пайдаланады.
Жылу жүктемесін реттеу жылу балансы мен жылу өту теңдеулер арқылы өтеді.
Жүктеме мөлшерін реттеу кезіндегі есептерді өткізген кезде жылу балансы мен
жылу өту теңдеулерін салыстырмалы (есептік мөлшерге бөлінген) мөлшерлер
арқылы көрсеткен дұрыс.
Жылу жүйелерін басқарып реттеу үшін олардың және айналым сорғыларының
(насостарының) сипаттамаларын білу қажет. Жылу жүйесінің гидравликалық
жұмыс тәртібі жылулық желісі мен сорғының гидравликалық сипаттамаларының
қиылысқан нүктесімен байланысты. 9.1 суретте жылулық желісі мен сорғының
гидравликалық сипаттамаларының қиылысуы көрсетілген: 1 сорғы сипаттамасы; 2
жылулық желінің сипаттамасы; А-сипаттамалардың қиылысқан нүктесі; Н-
сорғының қысымы, жүйедегі тегеурін шығынына тең; V-сорғының көлемдік
өнімділігі, жүйедегі су шығысына тең(сурет 1).

Сурет 1. Жылулық желісі мен сорғының гидравликалық сипаттамалары
 
Сорғының гидравликалық сипаттамасы дегеніміз оның қысым тегеурінінің Н
көлемдік өнімділігімен V байланысы. Сорғының сипаттамасы заводтан белгілі
болып келеді, ал егер сипаттамасын анықтау керек болса, сынаудан
өткізеді.                                
Сорғының айналым жылдамдылығы тұрақты кезінде оның сипаттамасын келесі
теңдеумен көрсетуге болады:  Н = Но – Sо∙V2 ;
мұнда Но–сорғының шартты қысым тегеуріні, су шығысы V = 0 кезінде;
Sо – сорғының ішкі шартты кедергісі, м∙с2м6.
Егер сорғының айналым жылдамдылығы өзгерсе, оның сипаттамасы да
өзгереді. Сорғының өнімділігі, қысымы мен керекті қуаты айналым
жылдамдылығының өзгеруімен келесі теңдеу арқылы байланысты:
 
                          n1n2 = V1V2 =  ;
 
мұнда V1, Н1 , N1 – сорғының айналым жылдамдылығы n1 кезіндегі
өнімділігі, қысым тегеуріні мен керекті қуатының мөлшері; V2, Н2 , N2 –
сорғының айналым жылдамдылығы n2 кезіндегі өнімділігі, қысымы мен керекті
қуатының мөлшері.
Сорғының айналым жылдамдылығы тұрақты кезінде, керекті қуаты
                            N = Nн∙[x + ∙(1 – х)] ;
мұнда Vн , Nн – сорғының негізгі жұмыс тәртібі кезіндегі (ПӘК-і ең
жоғары мөлшеріндегі) өнімділігі мен қуаты;
N – сорғының өнімділігінің мөлшері V-ға тең кезіндегі қуаты;
х = Nх Nн – сорғының бос жүріс коэффициенті;
Nх – сорғының бос жүріс кезіндегі қуаты (V = 0 кезінде).
Сорғының бос жүріс коэффициентінің мөлшері 0,2 ≤ х ≥ 0,5 аралығында
болады. Сорғының негізгі жұмыс тәртібі кезіндегі куатының мөлшерін келесі
теңдеумен көрсетуге болады:  Nн = Vн∙∆Рнηн.у ;  мұнда Vн , ∆Рн – сорғының
негізгі жұмыс тәртібі кезіндегі өнімділігі мен қысымы; ηн.у = ηн∙ ηэд –
сорғы қондырғының ПӘК-ті, сорғының негізгі жұмыс тәртібі кезінде ηн.у = 0,7
÷ 0,8 аралығында болады.
Жылулық желісінің сипаттамасын келесі теңдеулер арқылы көрсетуге
болады:   ∆Н = Sн∙V2    әлде   ∆Р = S∙V2 ;  мұнда ∆Н – тегеурін шығынының
мөлшері, м; ∆Р – қысым шығынының мөлшері, Па;  V – су шығысы, м3с; Sн –
тегеурін өлшем бірлігі арқылы көрсетілген жылулық желісінің кедергісі (V=1
кезіндегі тегеурін шығыны), м·с2м6; S = Sн·ρ·g = Sн·γ – қысым өлшем
бірлігі арқылы көрсетілген жылулық желісінің кедергісі (V=1 кезіндегі қысым
шығыны), Па·с2м6; ρ – судың тығыздығы, кгм3; g – ауырлық күш үдеуі, мс2;
γ судың меншікті салмағы, Нм3.
Жылулық желінің кедергісі S желінің ұзындығына, оның құбырлары мен
жергілікті кедергілеріне және жылу тасығыштың тығыздығымен байланысты.
Жылулық желінің жұмыс атқару кезінде ыстық судың тығыздығы көп өзгермейді,
негізінде тұрақты болады деп саналады.
Жылулық жүйесінің гидравликалық жұмыс тәртібі.
Жылулық желінің дұрыс жұмыс атқаруы тұтынушылар қондырғысының кірісінде
ыстық судың керекті қысымын қамтамасыздандыру. Ыстық судың керекті қысымын
және тұтынушыларды толық жылумен қамтамасыздандыру үшін жылулық желінің
гидравликалық есептеуін өткізу қажет. Жылулық желінің гидравликалық
есептеуінің мақсаты желінің белгілі жұмыс тәртібі кезінде әрбір
аумақшасындағы су шығысы мен қысымын табу. Жылулық желінің гидравликалық
есебін өткізген соң оның сипаттамасын график түрінде салады.
Жылулық желінің әрбір аумақшасының белгілі кедергісі мен су шығысы
арқылы пьезометриялық график салынады. Пьезометриялық график желінің әрбір
аумақшасындағы және тұтынушылардың кірісіндегі су қысымын табуға қажет.
Жылу желісінің гидравликалық жұмыс тәртібінің тұрақтылығы желілердің
кедергісі мен абоненттердің кедергісіне байланысты, егер абоненттердің
кірісінде кедергі мөлшері желі кедергісінен жоғары болса, бұл жүйенің
гидравликалық сипаттамасы жоғары болады.
Мәселен, 2.2 суретте, жылу комбинаттың жылу желісіне қосылуы
көрсетілген. ЖЭО-нан келген ыстық желі су комбинат жылулық желісіне
жіберіледі. Желі ыстық су, жылуын беріп салқындап, сорғы арқылы қайтадан
ЖЭО-на жіберіледі. Жылу комбинатына берілетін жылу қуатының мөлшері
температура өлшегіш және реттегіш жүйе арқылы реттеліп отырылады(сурет 2).

Сурет 2. Жылу комбинаттың жылулық желісіне қосылу сұлбасы
1-сорғы (насос); 2-реттегіш; 3-кері клапан; 4-температура өлшегіш;
5-орындағыш аспап; 6-реттегіш аспап

Жылу электр орталықтарының (ЖЭО) жылуландыру жабдықтары жылу тасығышты
өндеп дайындауға және жылуын беріп қайтып келген жылу тасығышты қабылдауға
арналған. Жылуландыру жабдықтарының түрі олардың атқаратын жұмысымен
байланысты.
Су жылу жүйелеріне жылу беретін ЖЭО-да келесі жылуландыру жабдықтары
орнатылады: су жылытқыштар; желі сорғылары (насостар); су дайындау
қондырғылар – су тазартқыш сүзгілер, газсыздандырғыштар, ыстық су жинағыш
бактар (аккумулятор бактары), қоспа су сорғылары. ЖЭО-ғы жылуландыру
қондырғының сұлбасы 2.5 суретте көрсетілген(сурет 3).

Сурет 3. Жылуландыру қондырғының сұлбасы

ПМ и ОМ –тіке және кері арналар (магистральдар); СН1 и СН2 – желі
сорғылары; ПВК – шыңдық су жылытқыш қазан; СПВ и СПН – астыңғы және үстіңгі
су жылытқыштар; ВД – желі су вакуум деаэраторы; ППН – қоспалы су сорғысы;
ХВО – химиялы су тазарту; К- турбина конденсаторы (су жылытқыш қубырларымен
бірге).
Су жылытқыштар турбина алымдарынан бу алып желі суды қыздырады. Желі су
жылытқыштар төменгі (СПН) және жоғары (СПВ) деп аталады. Төменгі су
жылытқышқа берілетін бу қысымы 0,049-0,196 МПа, ал жоғарғы су жылытқышқа
берілетін бу қысымы 0,059-0,245 МПа  аралығында реттеледі. Осы қысым
мөлшеріне байланысты желі су температурасы да реттеледі. Егер, желі су
температурасын көтеру қажет болса, су жылытқыш қазан (ПВК) іске қосылады.
 Жылуландыру желісіндегі су шығыны химиялық су тазарту (ХВО) және
вакуумды деаэратор (газсындандырғыш) жүйелер арқылы толтырылады. Су
жүйесінен химиялық су тазарту жүйесіне су конденсаторда (шықтағышта) алдын
ала қыздырылып жіберіледі. Химиялық тазаланған су деаэраторда
газсыздандырылып жылулық жүйесіне шығын болған суды өтеу үшін қосылады.
Бу жылу жүйелеріне жылу беретін ЖЭО-да келесі жылуландыру жабдықтары
орнатылады: шықтанған суды қабылдайтын бактар мен сорғылар; бу
өзгерткiштер; қысым мен температураны керекті мөлшерде ұстап реттегіш
қондырғылар.
Қазіргі ЖЭО-да қуаты 50-250 МВТ жылуландыру бу турбиналардың үш түрі
орнатылады:
- бу алымдары бар шықтағышты турбиналар (түрлері Т және ПТ);
- қарсы қысымды турбиналар (түрі Р).
2.4 суретте Т және ПТ бу турбиналар орнатылған ЖЭО-ның жылу сұлбасы
көрсетілген. Жылуландыру қондырғысы екі сатылы су жылытқыштардан және
шыңдық су жылытқыш қазаннан тұрады. Желіге су сорғылар арқылы
жіберіледі(сурет 4).

Сурет 4. Т және ПТ бу турбиналар орнатылған ЖЭО-ның жылу сұлбасы

Түрлері Т және ПТ шықтағышты бу турбиналардың электр қуаты жылуландыру
жүктемесімен негізінде байланысы болмайды, бірақ электр энергия өндірген
кездегі тиімділігі өзгереді. Түрі Р қарсы қысымды бу турбиналар тиімді
болғанымен, олардың электр қуаты жылулық жүктемесімен байланысты. Сондықтан
Р түрді бу турбиналар жыл бойы тұрақты жылулық жүктемені
қамтамасыздандыруға орнатылады. ЖЭО-да шыңдық жылу жүктемені су жылытқыш
қазандары арқылы қамтамасыздандырады. Шыңдық су жылытқыш қазандар газ және
мазут отындарын жағада. ЖЭО-дағы жылуландыру қондырғылар, жылу тасығыш
көрсеткіштерін қалыпты мөлшерінде үстау үшін автоматтандырылған реттеу
жүйелерімен қамтамасыздандырылады.
Жылутасығыш және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің таңдауы жүктеме мен
жылу дайындау орталықтың түріне байланысты. Негізінде жылумен қамтамасыз
ететін жүйелерінің құрылысы қарапайым болғаны дұрыс. Бұл оларды құрастырып
орнатуына және пайдалануына оңай болады.
Егер ауданның жылу жүктемесі тек жылулық, желдету және ыстық судан
құралса, жылутасығышы су және екі құбырлы жылумен қамтамасыз ету жүйесінен
таңдалғаны жөн.
Егер ауданның негізгі жылу жүктемесі өндірістік бу болса, ал маусымдық
жылу жүктеме мөлшері төмен болса, жылутасығышы бу болғаны дұрыс.
Ыстық су жылутасығыштың бу жылутасығыштан артықшылығы:
1) жылуландыру арқылы өндірілетін электр энергия мөлшерінің көптігі;
2) бу конденсатының ЖЭО-да сақталып қалуы;
3) жылу жүктеме мөлшерін орталықтан реттеуге қолайлығы;
4) абоненттік қондырғыларында бу мен конденсат шығыны болмағанынан
жоғары ПӘК-ті;
5) жылуды сақтауға су жүйелерінің мүмкіншілігінің жоғары болғаны.
Судың жылутасымалдағыш болуының кемшіліктері:
1) насоспен кері су айдауына электр шығынының жоғары болғаны (ал бу
конденсатының мөлшері төмен болады);
2) авария кезінде шығын болған су мөлшерінің жоғары болғаны (бу
жүйесінен 20 – 40 есе жоғары);
3) жылутасығыш тығыздығының жоғары болғаны және жылу жүйесінің әрбір
жерімен тығыз гидравликалық байланысы.
Жылу дайындау орталығы аудандық қазандықтар болса, жылу тасығыш
температурасы жоғары болғаны жөн. Жылутасығыштың температурасы жоғары
болғаннан оның шығысы азаяды, бұл құбырлар диаметрінің мөлшерін
кішірейтеді. Ал егер жылу дайындау орталығы ЖЭО болса, жылу тасығыштың
температурасын жылуландырудың тиімділігіне байланысты таңдау қажет. Жылу
тасығышы ыстық су жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің ашық немесе жабық
түрін таңдау үшін салқын су сапасын ескеру қажет. Жылу тасығышы ыстық су
жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жабық түріне қарағанда ашық түріне
басында жіберілген қаражат мөлшері азырақ болады. Ал пайдаланған кезде су
дайындауға шығынданған қаражат мөлшері көбейеді.
Егер ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жылуды пайдаланушылар жылу
дайындау орталығынан алыс болса, жылу жүйесі түрі ашық болғаны тиімді
болады.
Жылу жүктеме мөлшерін ортадан реттеу
Абоненттердің жылу жүктемесі ауа райына байланысты өзгереді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
Мемлекеттік мекеме бойынша есеп беру
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Қорытынды ережелер
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
«Жастар ресурстық орталығының» Веб сайтын құру
Тауарларды қажетті орнына жеткізіп беруші шағын фирма үшін автоматтандырылған есептік жүйе құру
Пәндер