Бекзат Саттарханов
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Бекзат Сейілханұлының өмірбаяны
2. Спорттағы жетістіктері
3. Бекзат өміріндегі қызықты оқиғалар
III. Қорытынды.
II. Негізгі бөлім
1. Бекзат Сейілханұлының өмірбаяны
2. Спорттағы жетістіктері
3. Бекзат өміріндегі қызықты оқиғалар
III. Қорытынды.
Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Сейілханұлы Саттарханов өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында осынау ойды өміріне өзек етіпті.Өзін туған елінен бөліп-жарып қарай алмапты. Арман-мақсаты мен ой-қиялы ұлтының өзекжарды мақсат-мұратымен үндесіп жатыпты. Сондықтан да өзінің шаршы алаңдағы әрбір жеңісін түгелдей қазақ жұртының қуанышына балап, ондай жеңіске өзге әрбір бауырының жеткеніне қуаныпты. Болатын елдің ері осындай болса керек-ті. Өсетін жастың өзгеге берер өнегесі де осындай болмақ. Елдік мүддені міндетім деп, ұлттық мұратты арманым деп ойлаған албырт жас ерте есейіпті. Оның осылай ерте есеюіне қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып-ақ, ел атынан қилы-қилы додаларға ерте түсуі себеп болған шығар. Не дегенде де, Бекзат көп адам сақал-шашын ағартып барып қана жетер елдік мақсат-мүдде, ұлттық намыс деген ұғымдардың байыбына ерте барыпты.
Жиырма жыл ғана өмір сүрген қыршын жас қазағының айбарын асырып, атын төрткүл дүниеге жайып үлгеріпті. Бұл кез келген жұмыр басты пенденің пешенесіне жазыла бермейтін тағдыр. Ия, тағдыр. Айтуға жеңіл болғанымен осынау сөздің салмағы қандай ауыр?! Осы бір тағдыр деген зіл қара тастай жалғыз ауыз сөзге бәрі сыйып кетеді. Бекзаттың тағдыры да қалың қазақты қаусатып кеткен ауыр тағдыр еді. Тәңірім-ау, оған қысқа ғұмыр жазған екен. Тым қысқа. Бар-жоғы 20-ақ жыл. Тәңірім-ау, бар-жоғы жиырма жылда кісі баласы не тындырып үлгермек?! Күрмеуге келмес қысқа ғұмыр. Бұл жаста ел ескерер ерлік жасау былай тұрсын, көп адам болашағын жоспарлап, арман-мақсатын айқындап та үлгере алмайды. Бірақ, бозым Бекзат көптің бірі емес еді. Тәңірі оған аз да болса елінің көңілінен шығып, көз биігіне шығып үлгерер ғажайып ғұмыр сыйлапты. Бергенінен берері, алғанынан алары мол еді. Амал қанша?! Арсыз ажал аяулы ұл, ардақты азаматты, ұлтының ұлына айналған есіл ерді ерте, тым-тым ерте арамыздан жұлып кетті.

1. «Қазығұрт» баспасы, 2006 ж.
2. «Спорт» газеті.
3. Ұлттық спорт порталы www.alaman.kz
2. «Спорт» газеті.
3. Ұлттық спорт порталы www.alaman.kz
4 сәуір - бокстан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні!
Менің жеңісім - қазақтың жеңісі!... Мұндай астары қалың, аталы сөз тек атадан асып туған аруақты ердің ғана аузынан шықса керек.
Менің жеңісім - қазақтың жеңісі!.. Бұл ұлтының бақытына туған, халқының қамын жеп, елінің ертеңіне алаңдаған алғаусыз ақ жүректі азаматтың ғана кеудесінен жарып шықса керек.
Менің жеңісім - қазақтың жеңісі!.. Жекенің емес көптің көзайымы. Мұндай ой елдік мұратпен тыныстап, ұлттық намыстың қайрағында жанылған, өз арманы мен мақсатын ұлттық мүдде мен мұраттан бөлектей алмайтын арда азаматтың ғана кеудесіне ұялары хақ. Менің күллі жеңісім, қазақ деген ер кеуде, еркін елдің жеңісі, жемісі, сол көптің табысы деген осынау ой мына фәни жалғанда 20-ақ жыл ғұмыр кешкен қыршын жастың қып-қысқа өмірінің бар мәнін ашып тұрғандай. Ол осынау сөздерімен-ақ XXI ғасырда қазақ баласының қандай болуы керектігін ұғындырып кеткендей.
Бұл сөздің арғы жағында Қазақтың жеңісі - менің жеңісім! деген ойдың жатқаны анық. Елін еңіреп сүйген ердің, көп жасамаса да көпті көріп, көкірегіне түйгені мол, сәулелі жастың ғана жүрегінен шығар лебіз бұл.
Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Сейілханұлы Саттарханов өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында осынау ойды өміріне өзек етіпті.
Өзін туған елінен бөліп-жарып қарай алмапты. Арман-мақсаты мен ой-қиялы ұлтының өзекжарды мақсат-мұратымен үндесіп жатыпты. Сондықтан да өзінің шаршы алаңдағы әрбір жеңісін түгелдей қазақ жұртының қуанышына балап, ондай жеңіске өзге әрбір бауырының жеткеніне қуаныпты. Болатын елдің ері осындай болса керек-ті. Өсетін жастың өзгеге берер өнегесі де осындай болмақ. Елдік мүддені міндетім деп, ұлттық мұратты арманым деп ойлаған албырт жас ерте есейіпті. Оның осылай ерте есеюіне қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып-ақ, ел атынан қилы-қилы додаларға ерте түсуі себеп болған шығар. Не дегенде де, Бекзат көп адам сақал-шашын ағартып барып қана жетер елдік мақсат-мүдде, ұлттық намыс деген ұғымдардың байыбына ерте барыпты.
Жиырма жыл ғана өмір сүрген қыршын жас қазағының айбарын асырып, атын төрткүл дүниеге жайып үлгеріпті. Бұл кез келген жұмыр басты пенденің пешенесіне жазыла бермейтін тағдыр. Ия, тағдыр. Айтуға жеңіл болғанымен осынау сөздің салмағы қандай ауыр?! Осы бір тағдыр деген зіл қара тастай жалғыз ауыз сөзге бәрі сыйып кетеді. Бекзаттың тағдыры да қалың қазақты қаусатып кеткен ауыр тағдыр еді. Тәңірім-ау, оған қысқа ғұмыр жазған екен. Тым қысқа. Бар-жоғы 20-ақ жыл. Тәңірім-ау, бар-жоғы жиырма жылда кісі баласы не тындырып үлгермек?! Күрмеуге келмес қысқа ғұмыр. Бұл жаста ел ескерер ерлік жасау былай тұрсын, көп адам болашағын жоспарлап, арман-мақсатын айқындап та үлгере алмайды. Бірақ, бозым Бекзат көптің бірі емес еді. Тәңірі оған аз да болса елінің көңілінен шығып, көз биігіне шығып үлгерер ғажайып ғұмыр сыйлапты. Бергенінен берері, алғанынан алары мол еді. Амал қанша?! Арсыз ажал аяулы ұл, ардақты азаматты, ұлтының ұлына айналған есіл ерді ерте, тым-тым ерте арамыздан жұлып кетті. Бірақ, осынау аз ғұмырында ол артына өнегелі іс, өшпес із қалдырыпты. Ерлікке пара-пар нағыз ерлердің қолынан ғана келер іс. Жиырма жасында бокс өнерінің қыр-сырын игеріп Олимпиада алтынына қол созу кез келген спортшының қолынан келе бермейді. Oлимп шыңына көз тігу бар да, ол шыңды бағындыру бар. Ал, бұл - шебердің шеберінің, қас маңдайына жазылған өзгеше бақыт. Міне, қалың көпшілік үшін кешеге дейін белгісіз болып келген ер Бекзат сондай бақыттың дәмін ерте татқан азаматтың бірі еді. Ол Сиднейде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өңкей сен тұр, мен айтайын дейтін мықтылардың арасынан шашасына шаң жұқтырмай, суырылып жеке дара шыққан шын жүйріктің бірі еді. Жалпы, қазақтың абыройын бір-ақ күнде аспандатып, айтулы бәйгеде қазақ қоржынына алғашқылардың бірі болып алтын жүлде салды. Жиырма жасында талайларға арман болған Олимп шыңына көтеріліп, кеше ғана тәуелсіздік алған жас мемлекеттің Әнұранын аспанмен астасқан алып мұхиттың арғы жағындағы айтулы құрлықта шырқатты. Жанары боталап тұрды ол жеңіс тұғырында. Теледидар жәшігіне телміріп, бет-жүзін қуаныш жасы жуып атасы мен анасы отырды алыс та аяулы Түркістанда. Көмейін қуаныштың ыстық демі буып, тұла-бойлары шымырлап, о, жасаған, а, құдайлап әруақ шақырып қазақ жұрты тұрды сонау алыс қиырдағы Қазақстанда. Кеше ғана тай-құлындай тебісіп бірге өскен құрбы-құрдас, дос-жаран, ұстаздары, аға-іні, апа-қарындас, ағайын-туған, ауыл-аймақ, түгел Түркістан, ордалы Оңтүстік, Атырау мен Алтай, Қаратау мен Алатау, Сарыарқа мен Сыр, Қызылдың құмы, Бетпақтың шөлі, ниеттес, тілектес түгел түркі жұрты қуана қол соқты оның бұл жеңісіне. Қасиетті Түркістаннан шыққан қаршадай балаң жігіт әп-сәтте ел жүгін көтерер айтулы ерге, атпал азаматқа айналып сала берді.
Ұлтын сүйген балаң жүрек, бала жігіт арыстандай айбарлы, жолбарыстай қайратты ұлт батырына айналып бара жатты. Олимпиада алтынына жеткізген соңғы жекпе-жегінде балаң денесі құрыштан құйылғандай сомданып, шиыршық атып, жалт қимылдағандағы ширақ қалпы ел есінде мәңгі қалып қойғаны анық. Же-ңіске жеткендегі Қазақстанның көгілдір туын желбіретіп, шаршы алаңда желіп жүрген кезі де көптің көз алдында. Бозым Бекзат, бекзаттығын танытты. Елінің бағына туған ер екенін көрсетті. Елі де ерін алғаусыз аялап жатты. Ақын айтпақшы барша қазақтың алғысын арқалаған қайран Бекзат көз алдымызда биіктеп бара жатты, биіктеп бара жатты. Қазақ елі жиырма жыл күткен жеңіс тұғырына көтерілді. Бір кездері керегелі мемлекет, айбарлы елдің айбынды астанасы болған Түркістан да, ондағы әулие баба Қожа Ахмет Иассауидің алып кесенесі де жеңіс тұғырына Бекзатпен бірге көтеріліп келе жатты. Бұл шын мәнінде ұлт жеңісі, ұлыс абыройы болды. Сидней алтыны жалғыз Саттархановтың емес, түгел қазақтың алтынына айналды. Осы бір жеңістен ел есін жиып үлгере алмай жатқан қуанышты шақта қазақтың бүгінгі бокс өнеріндегі дарабозы Ермахан да елін тағы бір биікке көтеріп тастады. Қазақтың тағы бір батыр ұлы алтыннан олжа салды. Бұл бір қазақ жұрты үшін, ұлт намысы, елдік мақсат пен мұрат бір арнадан табысып, ел еңсесі көтерілген, ұлт рухы асқақтаған айтулы сәттер еді.
Алты құрлық, төрт мұхит үстінде қазақ деген ер кеуде еркін елдің, Қазақстан деген тәуелсіз жас мемлекеттің Әнұраны қалықтады. Азат елдің асқақ әуені алты аршынның арғы жағына, тәңірінің қасиетті төріне де жеткен шығар. Австралия құрлығында аспандаған қазақ даласының әр үні әлемнің қиыр-қиырын, жұмыр жердің түкпір-түкпірін кезіп кетті. Бұл бір шаттықтан жарылардай болған, бақыттан бас айналған қуанышты сәт еді.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 1980 жылы, сәуірдің 4-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дәрігерлердің отбасында дүниеге келді. Бекзат дүниеге келгенде әкесі Сейілхан теміржол вокзалындағы дәрігерлік пунктте фельдшер, анасы Сырлыкүл теміржолшылар ауруханасында мейірбике болып қызмет істейтін. Бекзат отбасындағы төрт ұлдың кенжесі еді. Ол дүниеге келген 1980 жылдар сол бір май тоңғысыз шуақты күндерінде әлемнің ең үздік спортшылары Мәскеу Олимпиадасына дайындалып жатқан болатын. Енді бір жиырма жылдан соң сол додаға Бекзаттың да бел шешіп араласатынын ол кезде кім болжапты. Қарт Мәскеу, қызыл Москва сол күндері Олимпиада ойындарына дайындық үстіндегі қызу қарбаласта еді. Жүзден озған жүйріктер сынға түсті Москвада бақ сынасып жатқан сол шақта, енді бір жиырма жылдан соң қазақтың абыройын аспандатар батыр ұл қазақы тал бесікте тербеліп жатқан-ды. Ол кезде түркілік мақсат-мұраттан табанына шоқ басып алғандай шошынатын коммунистік жүйе, әдейі, елеусіз-ескерусіз қалдырған қасиетті Түркістан одақтағы мыңдаған шағын қалалардың бірі болатын. Атақ-абыройын кеңестік жүйе, қызыл идеология табанына салып таптап тастаған елеусіз ескі қалада болашақ чемпион да елеусіз өсіп жатты.
Ата мен ананың арманынан асыл арман бар ма? Сейілхан мен Сырлыкүл де Бекзаттың халқына абыройлы, асыл азаматтың бірі болып өсуін армандады. Сол арман орындалды. Бекзат өзінің бекзаттығын танытты. Тәні қазақы тал бесікте тербелген ұлдың жанын - ата-бабалардың аяулы, асыл арман-тілегі тербеп өскен екен. Сол арман-тілек қаршадай ұлды алыстарға жетеледі.
Бала Бекзат қандай еді? Сәби күнінде ол әлжуаз, аурушаң, нәзік болатын. Әсемдікке, әдемілікке, әсіресе гүлге құштар болатын, - деп еске алады анасы Сырлыкүл. Әлжуаз, аурушаң ұлдан Олимп шыңын бағындырған батыр ұл шықты. Ал оның жанының нәзіктігі... Ол жиырмасында да баладай сенгіш, ақ көңіл қалпын жоғалтпады. Сұлулық пен әсемдікке құштарлығы да сол қалпы қалып қойды. Ол Саттар Ерубаев ағасындай өмірге құштар жалынды жастың бірі еді. Қазақ үшін жылқы баласынан сұлу, сымбатты, ардақты нәрсе жоқ. Бекзат та жылқыға ғашық еді. Жарысқа, әр түрлі сайыстарға барған сапарында естелік зат ретінде сұлу жылқы бейнеленген әртүрлі суреттерді сатып алатын. Бекзат қаладағы Абай атындағы мектеп-интернатта, кейіннен №18 Жұмабек Еділбаев атындағы орта мектепте дәріс алды. Интернаттың алғыр жас үшін орны бөлек, ерекше тәрбие мектебі болғанына дау жоқ. Ол мектеп-интернат теміржолшылардың балаларына арналған еді. Мұнда түрлі тағдырлар тоғысып жататын. Әрі, өмірдің түрлі шындығы қоюлау, молдау кездесетін қызықты орта болатын. Осындай ортаның қиялы ұшқыр ойлы жасқа бергені көп екені даусыз.
Бекзат мектепте жақсы оқыды. Ол аңғарымпаз, алғыр еді, - дейді ұстаздары. Табиғатынан құймақұлақ Бекзат тарих, әдебиет, жағрафия пәндерін өте жақсы бағамен оқыпты. Қазақ әдебиеті, тарих, география сияқты гуманитарлық пәндерден кітаптың бетін ашпастан, мұғалімнің айтқанын құлағыма құйып алған күйі, қайталап беріп, бес алатынмын дейтін Бекзат. Әрине бала Бекзаттың дүние туралы таным-түсінігінің қалыптасуына Сыр бойында тұратын нағашы жұртының да әсері аз болмаса керек. Тоғайы мүлгіген дария бойының ерекше табиғаты тумысынан қиялшыл ұлды ерекше тебіренткені, түрлі ойға түсіргені анық. Бекзат қазақы ортадағы бақытты балалықты басынан өткерді. Бекзаттың әкесі Сейілхан да, анасы Сырлыкүл де спортқа кет әрі емес еді. Сейілхан жас күнінде спорттың бірнеше түрімен айналысыпты. Кезінде ол кісі де бокспен шұғылданған. Тіпті, спорт шеберіне кандидат та болған. Бір сөзбен айтқанда, Саттархановтар әулеті спортқа біртабан жақын-тұғын. Бекзаттың екі үлкен ағасы Бағдат пен Болат күреске, волейболға, баскетболға құмар болса, өзіне тете ағасы Мақсат бокспен айналысқан. Бекзат кішкентайынан осы Мақсатқа еліктеп, соған ілесіп спорт залына барғыштап жүреді. Баласының бойынан бокс өнеріне деген ерекше талпынысты байқап қалған Сейілхан 1995 жылы 9 қараша күні Бекзатты Нұрлан Жұмабаев деген азаматтың бокс үйірмесіне алып келеді. Міне, бүл күн Бекзаттың үлкен спорттық ғүмырының басталған күні еді.
1995 жылы теледидардан қазақтың былғары қолғап шеберлері Ермахан Ыбырайымов, Қанат Шағатаев, Болат Жұмаділов, Нұржан Смановтай ағаларымның рингтегі өнерлерін тамашалап отырып, бір ой келген. Ол - неге маған осындай саңлақтардың жолын қумасқа дейтін ой болатын. Ұлы Абай болмасаң да ұқсап бақ деген ғой, Содан, осы 1995 жылғы қарашаның тоғызыншы жұлдызында бокс үйірмесінің табалдырығын аттадым. Бұл күн -- менің ғұмыр жылнамамдағы алтынмен жазылған тарихтың бір парағы еді, деп толғанады сол бір күндер туралы Бекзаттың өзі.
Әке балаға - сыншы дейді қазақ. Сейілхан да ұлының бойындағыны Толыбай сыншыдай тап басқан екен. Сол Мақсат киген былғары қолғап Бекзатқа құт әкелді. Ол бокспен айналысқан бірнеше айдың ішінде тамаша жеңістерге жетті. Ең алғаш рет 1995 жылы қаламызда 40 келі салмақ дәрежесінде үздік танылып, қыш құмыра жеңіп алған болатын. Сонда Мұны ешқашан ұмытпа, бұл сенің жеңісіңнің басы, балам, - деп айтқан едім, - деп еске алады Сейілхан аға. Сол бір құмыра Бекзаттың үйінде әлі күнге сақтаулы тұр. Ол Бекзаттың жеңістерінің басы еді. Сол үшін де көзге ыстық, көңілге қымбат көрінеді. Бекзат үйге әкелгенде осы құмыраны үйіндегілер көреміз деп таласып жүріп, оның бір шетін сындырып алыпты. Сол кетік қыш құмыра бүгінде Саттархановтар әулеті үшін Олимпиада алтынынан бір де кем дүние емес. Сондағы топ жарған табысымды ескеріп, сыйға тартқан құмыра талай дүбірлі додаларда таққан алтыннан да құнды десем қателеспеймін, - депті чемпионның өзі.
Бекзат бокс үйірмесіне қатысқаннан соң бірнеше айдан кейін оның жеңістерден жеңістерге жалғасқан спорттық жолы басталды. 1996 жылы Германияда, Финляндияда, Қарағанды қаласында өткен Халықаралық турнирлерден жеңіспен оралған бозбала бокстың қатпар-қатпар иірімдеріне алаңсыз қойып кетті. Рингтегі өзіндік өрнегімен, ширақ қимыл, сұлу соққыларымен дараланған Бекзат бокс мамандарының көзіне ерте түсті. Оны Шымкенттегі жас спортшыларды тәрбиелейтін мектеп-интернатқа шақырды. Талантты жасқа спортпен түбегейлі айналысудың жолы ашылды. Оның өміріндегі осы бір ең шешуші кезең жайлы анасы Сырлыкүл былай сыр шертеді: Боксқа барғанына жыл толмай жатып-ақ ол жарыстардан олжалы орала бастады. Бапкері Нұрлан Жұмабаев Бекзаттың болашағы зор деп бізді марқайтып кетеді. 1996 жылы болуы керек, Қостанайда жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, соған қатысуымыз керек, деп келді. Аға, әпке, Бекзаттың жолына 10 мың теңге тауып беріңіздерші, ол сөзсіз бірінші орын алады, деп жалынды. Бар жиған-тергеніміз балалар үшін десек те төгіліп жатқан байлығымыз жоқ, бізге ауырлау соқты. Үш күннен кейін ақшасын тауып бердік. Бекзат сол сапардан чемпион болып оралды.
Шымкенттегі белгілі бапкер А.Визирякин Бекзатты сыртынан бағып жүреді екен. Егер атақты боксшы болғың келсе Шымкенттегі спорт- интернатқа ауыс, депті. Жарыстан да қалмайсың, қаржы жағынан да әке- шешеңе салмақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz