Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Өтпелі экономика: оның түрлері, нышандары, сипаты және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы ... ... ...16
2. Экономикалық процестегі мемлекеттік рөліне теориялық көзқарастар ... ... ...19
2.1 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі ... ... ... ... ... ...20
2.2 Нарықты реттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылғанәдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Нарық - қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтанда ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, адамзат ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты жаңалықтарымен салыстыруға болады.
Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол ұлттық өнім мен ұлтгық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе-тендікке келтіреді.
Нарық - тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».
Экономика бұл өз заңдары мен проблемалары, дағдарыстары мен қайшылықтары бар үлкен де ерекше әлем болып табылады. Осынау экономика әлемі өте сүрделі, таңғаларлықтай қызықты әрі жұмбақ жағы да бар, ал, ең бастысы-оған белсенді қатысушы ретінде енуді қалайтындарға әрқашанда есік ашық.
Экономика шегі жоқ шытырман оқиғалы кітапқа детективке ұқсас. Онда кездейсоқтық заңдылық болып көрінуге тырысады, ал, заңдылық кездейсоқтық - бұл дегеніңіз - экономикалық тәуелсіздік құқы.
Экономикадан тысқары болу мүмкін емес: экономикалық қатынастар көрінбейтін сәулелер сияқты әр адамның өміріне араласып жатады. Қоғамның экономикалық құрылысы-мәселелері қаншылықты шалғай дерексіз болып көрінсе де адамдардың күнделікті бақыты дәл осыларға, байланысты, егер ол ақылға сыйымды құрылымы болса, онда адамдар бостандықты, бай, еңбектері өнімді болып келеді. Егер де экономиканың құрылымы дарынсыз болса адамдар тәуелді, кедей. Себебі, ықтиярсыз еңбек әрқашан да жеміссіз болады емес пе.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995,
2. Назарбаев Н. "Қазақстан Егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы". Алматы, 1992.
3. Назарбаев Н. Қазақстан 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы. Алматы 1997.
4. Қожаниязов Н, О.Мамедов. Экономикалық теория және тәжірибе негіздері, екі бөлімді оқулық. Жамбыл, 1996ж.
5. "Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" заңы. Алматы, 1991.
6. Қожаниязов Т, Оспанова М. "Экономикалық теория негіздері". Студенттер үшін сұрақ және жауап, Жамбыл, 1993.
7. Қожаниязов Т. Қожаниязова Ж. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қандай болғаны жөн? (ауыл ажары) "Ақ жол", 1991,6ақпан.
8. Қожаниязов Т. Нарықтық экономика. Екі бөлімнен тұратын оқулық. Жамбыл, 1994.
9. Экономикалық саясат .-Алматы: Экономика.-2002.-170 б.
Қожаниязов Т. Қожаниязова Ж. Қазіргі экономика. Оқулық.-Тараз,2001
10. Нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі нарықтық экономиканың ролі//Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-Ақтөбе.-2000.-76-81 б.
11. Жалпы экономикалық теория.-Ақтөбе.-2004.-Б.455
12. Қазіргі экономика. Оқулық.-тараз.-319 б.
13. Сатыбалдыұлы С. Маркетинг-нарықтану.-Алматы: білім.-2002.-288 б.
14. Назарбаев Н.Э. Қазақстан Реслубликасының ұзақ мерзімдік
(2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. - Алматы, 1997.
15. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., ж.б. Эконо-
микалық теория негіздері / Оқулық,. -Алматы; ҚазМҰУ, 1998.
16. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Оқулық - Алматы
ҚазМБА, 1997.
17. Экономикалық саясат: Лекциялар.-Алматы: Экономика.-2002.-170 б.
18. Экономика. Әлемдік классика. 10 томдық. 6 том (Неолиберализм және әлеуметтік-рыноктық экономика).-Алматы: Таймас баспасы.-2005.-480 б.
19. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика.-2001.-129 б.
20. Қажымурат К. Таңдамалы ғылыми еңбектер. 2 том. Алматы, Қазақстан даму институты.-1998.-416 б.
21. Ілиясов Қ. Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы: 2005.-552 б.
22. Мұқан Б. Нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік сфераны реттеу.-Алматы: Автореферат.-2004.-31 б.
23. Қалтаева С. Нарыққа өтпелі кезеңіндегі аграрлық қатынастар мәселелері.-Алматы: Автореферат.-2001.-28 б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Экономикалық теория және нарық кафедрасы.
Тақырыбы: Нарықты экономиканың қажеттілігі , мәні және Қазақстандағы оған
өту жолдары.
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Өтпелі экономика: оның түрлері, нышандары, сипаты және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... .7
1.2 Нарықтың мәні, қызметі мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Нарықтық экономиканың субъектілері және
инфрақұрылымы ... ... ...16
2. Экономикалық процестегі мемлекеттік рөліне теориялық
көзқарастар ... ... ...19
2.1 Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі ... ... ... ... ... ...20
2.2 Нарықты реттеу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылғанәдебиеттер ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ
Нарық - қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі.
Сондықтанда ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, адамзат
ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты жаңалықтарымен
салыстыруға болады.
Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы
сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол
ұлттық өнім мен ұлтгық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс
жолға қойып, тепе-тендікке келтіреді.
Нарық - тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы
белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Экономика бұл өз заңдары мен проблемалары, дағдарыстары мен
қайшылықтары бар үлкен де ерекше әлем болып табылады. Осынау экономика
әлемі өте сүрделі, таңғаларлықтай қызықты әрі жұмбақ жағы да бар, ал, ең
бастысы-оған белсенді қатысушы ретінде енуді қалайтындарға әрқашанда есік
ашық.
Экономика шегі жоқ шытырман оқиғалы кітапқа детективке ұқсас. Онда
кездейсоқтық заңдылық болып көрінуге тырысады, ал, заңдылық кездейсоқтық -
бұл дегеніңіз - экономикалық тәуелсіздік құқы.
Экономикадан тысқары болу мүмкін емес: экономикалық қатынастар
көрінбейтін сәулелер сияқты әр адамның өміріне араласып жатады. Қоғамның
экономикалық құрылысы-мәселелері қаншылықты шалғай дерексіз болып көрінсе
де адамдардың күнделікті бақыты дәл осыларға, байланысты, егер ол ақылға
сыйымды құрылымы болса, онда адамдар бостандықты, бай, еңбектері өнімді
болып келеді. Егер де экономиканың құрылымы дарынсыз болса адамдар
тәуелді, кедей. Себебі, ықтиярсыз еңбек әрқашан да жеміссіз болады емес пе.
1.ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА:ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ, НЫШАНДАРЫ ,
СИПАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Өтпелі экономика типтерін өту процестерінің сипаты мен ауқымы
бойынша айырады. Өтпелі экокомиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп
қараймыз. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге етуімен
байланысты: индустриалдық дәуірге дейінгіден индустриалдыққа өту немесе
индустриалдықтан постиндустриалдыққа (акпараттық); екі өркениетіліктен
(шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту.
Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі процестер жүзеге
асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі моделдегі рыноктық экономикаға өту.
Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі экономиканың локалды нышаны мен
типтеріне қатты әсер етеді:
а) инерциялы экономика. Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде
өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі
экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрыңғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды
жүзеге асырады. Экономиканы, оның түрін, жай-күйі мен құрылымын, кадрларды
қайта оқытуды өзгерту, жаңа экономикалық ойды 5-10 жылда қалыптастыру
мүмкін емес, ал 500 күнде жүзеге асыру қиын болмақ.
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі
кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік
басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс
жасалды;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез-келген ең жаңа
экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең
толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалык, жаңа түрлерін
іздестірген дұрыс;
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементтер,
түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп
бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда
болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады:
мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т.б.;
в)өтпелі экономиканың тарихилығы:
-өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;
- өтудін өзі белгілі мемлекетте болады.
Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы
шамамен
ХХІ-ші ғасырдың басына белгіленуде.
г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі
бар. Себебі, бұл кезеңде барлық әлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму
баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.
Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсак, оларды бір-бірімен
былай: нарықтық, экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік
меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша,
монополиялық жөне олигополиялық нарықтардың бар болуы бойынша, еркін
нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы
елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түріне -
әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне көшуде.
Бұрыңғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы
қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән
ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға
енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сыйпатталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған елдердің өзіңде өту мерзіміне әсер
ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД еддерінде жеке
меншік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тңді. Соңдықтан
мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп
уақыт кажет болды. Екі елде мемлекеттік меншік үлесі 14 %-дан асқан жоқ, ал
жеке меншік үлесі - 76 % құрады.
Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудің жедел
шоктық варианты әбден келеді, ал бұл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда
Ресейде осы аталған өту варианты 500 күн бағдарламасымен жүзеге асты.
Өтпелі процестер өзінің сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-
реформаторлық болып келеді.
Қоғамның бір жүйеден екішісіне табиғи-эволюциялық процеске көшуі
әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық
өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипатқа ие болуы
мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың
локалдық типінде байқалуы мүмкін.
Мысал ретінде, реформаторлық сипаттағы локальды өтпелі экономикаға
1917-ші жылдан кейінгі Ресейдегі социализм құрылысы кезеңін айта аламыз.
Осындай жағдай 1946-шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды.
Реформаторлық сыйпаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі
Германияның тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін
айтамыз. Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Людвиг Эрхардтын (1897-1977
жж.) жасаған бағдарламасының негізінде өту жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық
экономикаға өтуі ТМД елдеріңдегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат
алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты
міндеттері мыналар:
Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру.
Мемлекетсіздендіру - мемлекеттің экономиканы тікелей басқару қызметін алып
тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекетгің
абсолютгік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік
меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40 % шеңберде қалады.
Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке
қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
Нарықтық ннфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе - тауар мен
қор
биржасы және басқада әртүрлі нарықтық құрылуы.
Бәсекелістік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5. Бағаны бейтараптандыру сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық
сипаттағы бағаға көшу.
Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.
Өтпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметгік қорғау жүйесін мықты
қамтамасыз ету.
Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас
экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін
болуы керек.
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері тақырыбыңда адамның
қоғамда өмір сүру тарихыңда экономиканы ұйымдастырудың үш моделі
қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықгық б)
аралас болып келеді. Жоспарлы-нұсқаулы экономика жағдайында шаруашылықты
ұйымдастырудың әкімшілдік-әміршілдік механизмі өндіруші үстемдігіне
негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент қажет емес. Тауар өндіруші
мен тұтынушылардың арасыңдағы шаруашылық байланысы орталық орган арқылы
жоспардың көмегімен жүзеге асады. Әміршілдік модельде барлығы ертерек
есептелініп, бар позиция бойынша алдын-ала баланс жасалады. Орталықтың
жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі ұйымға нені өндіруді және кімге,
қандай бағамен өндіруді анықтап береді. Мұндай модельдің негізгі принципі:
Қолымыздан не келеді, оны өндіреміз; қолда не бар, соны алыңыз.
Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу -
экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады.
Шаруашылықты осындай модельмен ұйымдастырудың бірнеше олқылығы бар:
- біріншіден, барлық шаруашылық мәселелерін жоғарыдағы
бюрократтық инстанция арқылы шешу. Олардың келісімін алуға көп уақыт
кетіп, сол кезде жағдай мүлде өзгеріп, мәселені шешу мүмкін болмай қалуы
немесе дұрыс шешім қабылданбайды;
- екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген баға ғылым
мен техниканың жетістігін өндіруге, өндіріс шығынын төмендету
мен ресурсты үнемдеуге жағдай жасай алмайды;
- үшіншіден, тауар өндірушілердің материалдық ресурстар мен
өнімнен алшақтауы қоғамдық өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, оның
қарқыны мен даму деңгейінің құлдырауына алып келеді.
Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды
былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өңдірушілер нарық арқылы өзара іс-
әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға:
нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.
Нені өңдіру ? Тұтынушы кезкелген тауарды таңдау арқылы өз дегенін
жүргізеді.
Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол
тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке
шақырып, бірақ ретсіздікке жүгіне анархияға жол бермейді.
Нарықтық шаруашылық механизімінің әрекеті автоматты сипат алып:
тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өңдіруші өңдіріс көлемін
ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.
Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады.
Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бірғана
сокпағы бар - арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар
өндірушіде болмақ? Әрине, өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды
ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер
болады. Нарық өндіріске ҒТП-ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы шығатын
өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.
Кімге өндіру ? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен
байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, оның
табыс деңгейі және т.б. параметрлер арқылы тамырын басып, біліп отыру
керек.
Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарды? Экономиканы
тұтынушы сұраным мен техникалық прогресс денгейінің дамуын реттеу арқылы
рыноктық механизм басқарады. Осы үш мәселе нені өндіру керек, Қалай
өндіру керек, Кімге өндірілуі керек экономикалық жүйенің діңгегі болып
табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.
Нарығы дамыған елдер ғалымдарының пайымдауынша, таза күйіңде
экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік әрі нарықтық моделі ешқашан болмайды.
Олардың айтуынша, нарықтық экономикасы дамыған елдерде аралас моделъ қызмет
жасайды. Сондықтанда онда жеке және қоғамдық институттар экономикалық
бақылауды жүзеге асырады: жеке жүйе басқаларға байқатпай нарықтық
механизмді бағыттаушы, әкімшілдік реттеу мен салықты ынталандыру арқылы
қоғамдық институттар ниеттерін жүзеге асырады.
Алайда, нарықтық механизм идеалды емес. Оның да келеңсіз жақтары
баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот
болғандарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келеңсіздіктері оның жетістігімен
көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық қатынастардың келеңсіз салдарын
амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты
қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Сондай-ақ бюджеттік
қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін артырып,
жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметгік қамсыздандыру жүйесін
қалыптастырады.
Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес.
Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүреді және
көптеген факторларға тәуелді:
а)меншік түрлерінің көп болуы;
ә) нарықгағы шаруашылық
1.2 Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәселесін
ғылыми зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік-бюрократтық жүйенің
идеологиялық нүсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген
жылдары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас бұрыңғы Одақ
экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан
таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы
пікірі біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
Нарық - белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе
өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық
субъектілерін байланыстырушы ұйым.2
Нарық- сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы
қатынастар жүйесін көрсетеді.
Осы көзқарастың әрқайсысына жеткілікті аргумент келтірілген және
нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек
бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес,
айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастырдың
субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар
қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,
сатушы мен сатып алушы нарықгық қатынаста мүлде әртүрлі субъекгі болып
табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар- ақша, нарық, байланыстары сату -
сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол
өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық
байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, кандай
нақты түрде тауарлы-ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінін саласын тек айырбаспен шектеу, оның
бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік
байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен
нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғаңда, тауарлы өңдірісті тиімді
көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік- әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықган жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның
экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады.
Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, оңда оның мән-мағынасын жоғарыдағы
анықгамалардың ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәнін
дәлірек Ю.Я. Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей
салу... дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы нарықтық
таңбамен сызылған.
Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілетгілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады.
Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: тек
қатаң бәсекелестік ортада. Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген
ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қалпына
келтіретін біртұтас экономикалық жүйені нарық-дейміз және ол
орталықтанған мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға
қабілетті.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: нарық ұғымын тар шеңберде
сату түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде
қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты
әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы
арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Қосымша 1
Нарықты классификациялау
N Ұйымдық тұрғыдағы белгісі Құрылымдық тұрғыдан бөлу
1 Территориялық Ьазар, биржа, аукцион, жәрмеңке,
аймақтық нарық,, ішкі (ұлттық)
нарық, әлемдік нарық
2. Бәсекелестік сипат пен Монополиялық, олигополиялық,
деңгейі тұрғысынан монополиялық бәсеке, еркін,
реттеуші
3. Пропорциональдық деңгейі Баланстанған, баланстанбаған
тұрғысынан
4. Салалық сипаты тұрғысынан Сала аралық, салалық, ішкі
салалық
5. Тауарды бағыттау тұрғысынан Азық-түліктік, азық-түліктік
емес, тағамдық немесе тағамдық
емес
6. Заңдылыққа сай келу Арнайы, ресми, ресми емес
тұрғысынан (көлеңуелі)
7. Жетілу деңгейі тұрғысынан Дамыған, нарық, қалыптасушы нарық
8. Нарық субьектісі тұрғысынан Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы
Нарық - күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі
(ұлттық) нарық еларалык, аймақтык, біріккен нарық және ішкі (республикалық,
облыстык, облысаралық) нарық, әлемдік нарық. Әлемдік нарық жеке елдің ішкі
нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция,
сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі
уақытта нарықгар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еурпа мен Еуропаның
экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық
қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық - түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы:
өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-
техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы,
жүмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық
қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату - сатып алу немесе өндіріс
факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып,
ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын
көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құралған
нарығы-еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу
деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын
нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық,
олигополиялық, монополиялык бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз: а)
мемлекеттік нарық-бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда
сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі
үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы
келмейді;
ә) олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың
әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы- еркін нарық (бәсекелестер көп болады)
тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен
сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте
вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі. Сатушы
нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы
жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұңдай күйде болуы өндірушілер
монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. Сатып алушылар
нарығы деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті
белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай - азық-түлік және азық-түліктік емес
тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,
телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы
нарыққа мыналар жатады: нан-бәлішке өндіру
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес,
қаржылық. руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі
нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-
бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және
материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары-өндіріс құрал-
жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын
қалыптастырады.
Нарықтың ролі өте-мөте жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Қосымша 2
Нарық мынандай қызметтерді атқарады
- ұдайы өндіріс процесін үнемі
қамтамасыз ететін реттеуші; - бәсеке арқылы тиімсіз
- ұсынылымның көлемі мен шарувшылық түрінен экономиканы
құрылымының жедел өзгеруі және оныңсауықтыру (санациялау) тазалау
сұраным төлем қабілетіне икемделуі
-экономикалық оқшпауланған тауар - құрылымдық тұтыну тұтынысынан
өндіруші мен тұтынушылар арасын (табыстың осы кездегі деңгейіне
байланыстыратын буын қарай) ыңғайлы рациональды таңдауға
тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету
-экономикалық жағдайы туралы -өндірістік шығындарды төмендетуге
объективті ақпарат көзі тауар өндірушілерді экономикалық
(бараометрі, экономикалық айнасы); ынталандыру және оларды өте
қажетті қоғам аясына жұмсау
-тауар мен еңбектің қоғамдық -Тауар өндірушіні жоғары сапалы
иаңызын анықтау және мойындаушы және жоғары еңбек өнімділігіне
құрал экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль
атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз
қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы
экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке,
тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға
алып барады.
Нарықтың келесі қызметі -ақпараттык. Тауар бағасы мен қызмет көрсету,
банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы
тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.
Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық кажетгі өндіріс шығындары жайлы
жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әркайсысы сатылатын әрі сатып
алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен
ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм санациялық (сауықтыру) қызметін де атқарады.
Бәсекенің көмегімен ол коғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан
тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70%
солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі
монополияланған саналады. Сондыктан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін
бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-
жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен
байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне - тауардың қоғамдық маңызын мойындау,
еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және
басқаларын жатқызамыз.
1.3 Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй
шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен
ресурс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz