Құқықтық нормалар



КІРІСПЕ
І. Құқық нормаларының мазмұны
ІІ. Құқық нормаларының құрылысы
ІІІ. Казақстан Республикасының нормативтік актілері
ІІІІ. Құқық нормаларының жіктелуі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін құқық нормалары мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Құкықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол — жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін ете қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқыктык нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, кажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерді де қамтиды. Құқықтык норманың екінші белгісі — ол реттелетін коғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі — оң және теріс мінез-кұлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақ-тылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық катынастарға катысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сактауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
Заң нормалары қоғамдык катынастарды реттеу, жолға салу және қорғау үшін жасалады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 1993
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 1995, 1996
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 1995.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 1994.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 1996.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 1996.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 1997.
11. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, “Жеті – Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Құқық нормаларының мазмұны

ІІ. Құқық нормаларының құрылысы

ІІІ. Казақстан Республикасының нормативтік актілері
ІІІІ. Құқық нормаларының жіктелуі

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып
есептелетін құқық нормалары мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының
көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми
зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Құкықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол — жалпыға
міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды
реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам,
тұлға үшін ете қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқыктык нормада
қоғам, тұлға үшін пайдалы, кажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар
да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін.
Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерді де қамтиды. Құқықтык норманың екінші
белгісі — ол реттелетін коғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып
саналады. Үлгі — оң және теріс мінез-кұлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға
өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам
заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық норманың жалпыға бірдей сипаты
бар. Құқықтық нормада нақ-тылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол
реттейтін қоғамдық катынастарға катысатындардың барлығы құқықтық норманың
талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң
нормасының талабын мүлтіксіз сактауға, орындауға міндетті. Заң нормасының
талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан
мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
Заң нормалары қоғамдык катынастарды реттеу, жолға салу және қорғау
үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде
қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ
жеткілікті. Мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін сондай әрекетке кабілеті
бар адамдарға ерік, еркіндік, мүмкіндік берсе, олардың заңи әрекеттерін
қорғаса, соның өзі жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін,
оларды зиянды іс-әрекеттерден корғау керек. Мысалы, адамның өмірін,
меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян
келтіріледі. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін
тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдары-ның
міндеті — қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормалары көтермелеу
мақсатын да көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал қызмет еткендерге құрметті
атақтар беріледі.
Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан
Конституциясында құкыққа мынадай анықтама берілген: Республикада
қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық
міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері — делінген Конституцияда, ол —
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін
экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық нормасы
мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.

І. Құқық нормаларының мазмұны

Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықгың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық
қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді:
қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті,
әділеттікті, адамгершілікті, зандылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани
сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-
әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- кұқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал,
нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп
отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б.
демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- қүқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудың құралы.
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма -
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады[1].
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші — адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау —
жоспарлауы (ішкі бостандық); екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап,
оны ездерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарымқатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп,
басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, тендікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени т.б. даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады.
Бүл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конституцияда және заңдарда
көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін
алдын ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің,
орындалуының "үлгісін" жасайды. Міне осы "үлгілерді" зерттеу арқылы
ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс,
жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік
тұрақты процесті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Зандылықты
нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың
дұрыс орындалуына үлес қосады.
Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын, маңызын,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның занды күші
бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол
нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу
жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде,
тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жұзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз
етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі зандылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны
толық болуы керек, Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны
толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі,
екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде -
қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып
шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым
көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса, жетіспейтін
элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықгық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен
қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

ІІ. Құқық нормаларының құрылысы

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі занды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
"Салық туралы" заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңтеті, құқықтық тәртіптің
үлгісі-моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен
шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын
көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы занда республикалық, облыстық,
аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі — диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бүзуы керек (КР, ҚК - 7 б.).
Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың, іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция — диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі
болады:
- абсолютті айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу
т.б.;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Конституцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана
болады. Қылмыстық кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықгық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме төсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға,
қаулыға сілтеме жасау[2].
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің
баптарында элементтердің толық болмауы мүмкін. Оларды міндетті түрде
іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормаларының алатын орны
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Әлеуметтік нормалар
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықтық нормалардың белгілері
Пәндер