Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

М А З М Ұ Н Ы

КIРIСПЕ . . . 4

1-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ПРОКУРАТУРАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТI . . . 6

1. 1 Прокурордың азаматтық iске қатысу негiздерi . . . 20

1. 2 Прокуратура мiндеттерiн жүзеге асыру нысандары24

2-ТАРАУ. ПРОКУРОРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДIҢ ИНСТАНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ. Ы. ………27

2. 1 Талап арыз беру арқылы азаматтық iстi қозғау. 27

2. 2 Iс бойынша қорытынды беру . . . 33

3-ТАРАУ. ПРОКУРОРДЫҢ СОТТЫҢ II ИНСТАНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУЫ . . . 37

3. 1 Апелляциялық наразылық беру арқылы қатысуы . . . 37

3. 2 Соттың I инстанциясының шешiмiнiң заңдылығы және негiздiлiгiне байланысты қорытынды беру . . . 41

4-ТАРАУ. ПРОКУРОРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ IСТI ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТIБIМЕН ҚАРАУ САТЫСЫНДА ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ IСТI ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ САТЫСЫНДА ҚАТЫСУЫ . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 50

К I Р I С П Е

Қазiргi жағдайда Қазақстан Республикасындағы жүрiп жатқан экономикалық өзгерiстер, нарықтық қатынастың дамуы, жаңа туындаған құқықтық қатынастарды реттейтiн заңдардың қалыптасуы азаматтық сот iсiн жүргiзуде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын күшейтудi талап етедi.

Осыған байланысты прокуратураның ролi елеулi түрде өсуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетiлгендей, прокуратура мемлекет атынан республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

Осы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының құқықтар мен мiндеттер жүктелген. Сол құқығының бiрi сотта қаралып жатқан азаматтық iстерге қатысуы. Бұл прокуратура органдарының қызметiнiң бiр бағыты ғана. Прокуратура органдары азаматтық iс жүргiзiудiң барлық сатыларына қатыса алады. Оның соттағы азаматтық iс жүргiзуде қатысуына басты себептердiң бiрi болып азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, сондай-ақ сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру болып табылады.

Азаматтық iс жүргiзу бiрнеше сатыдан тұратынын бiлемiз. Бұл сатылардың барлығы азаматтық iс жүргiзуде алатын орындары ерекше және әрқайсысы өзiнше маңыздылығымен ерекшеленедi. Осы жалпы азаматтық iс жүргiзуге прокурордың қатысуы менiң бiтiру жұмысының зерттеу объектiсi.

Азаматтық iс жүргiзуге қатысатын прокурордың процессуалдық жағдайы қандай? Бұл сұрақ бұрыннан берi процесуаллист ғалымдардың арасында пiкiр талас тудырып келе жатқан мәселелердiң бiрi.

Прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы ретiнде оның процессуалдық жағдайы қандай екендiгi, басқа қатысушылардан айырмашылығы қандай, оның азаматтық iс жүргiзудегi қатысу ерекшелiктерi, iске қатысу нысаны менiң осы жұмысымда зерттелiп қарастырылған.

1-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ПРОКУРАТУРА МIНДЕТI МЕН МАҚСАТЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге нарзылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайды, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттiк қызметтiң бiр нысаны болып табылады, оның мақсаты Қазақстан Республикасының Президентiнiң 21 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заң күшi бар Жарлығында көрсетiлген (әрi қарай ІҚР прокуратурасы туралыІ жарлық) .

Бұл органның қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтейiк. Прокурор ұғымы латын сөзi ІprocuroІ - қамтамасыз ететiн, алдын аламын деген ұғымды бередi. Осы органды құрудағы мақсат әдiлеттiлiк пен заңдылықты қамтамасыз ету. Ең алғаш тарихта прокуратура органы Греция мен шығыс елдерiнде пайда болды, ал XIV ғасырда Еуропа елдерiнде, соның iшiнде Францияда пайда болды, Ресейде XVI ғасыр аяғы мен XVII ғасыр басында Петр-I құруымен пайда болды және жергiлiктi жердегi әкiмшiлiкке қадағалауды жүзеге асырушы орган болды, Ал сотта айыптау немесе талап қою қызметi қадағалау функциясына қосымша ретiнде қарастырылды және аса мән берiлмедi. 1864 жылғы сот реформасынан кейiн прокурорлық қызмет коцепциясы қайта қарастырылып, оның негiзгi функциясы сот өндiрiсiне ауыстырылды. Революциядан кейiн бiрiншi кеңестiк АIЖК құрастырушылар В. И. Лениннiң белгiлi пiкiрiн негiзге алды. Оның пiкiрi бойынша мемлекеттiң Іжеке құқықтық iстерге, азаматтық iстергеІ араласуын күщейтудi жалғастыру қажеттiлiгi туралы айтылады. Бұл дегенiмiз мемлекеттiң азаматтық - құқықтық дауларына араласуы үшiн барынша толық мүмкiндiкке ие болуы тиiс.

Осы идеялардың ықпалы нәтижесiнде прокуратураның азаматтық процеске қатысу концепциясы қалыптасады. 1923 жыл-ғы АIЖК-нi 52-бабына сәйкес прокурор iстi бастауға да, процестiң кез-келген сатысында iске қатысу құқығы берiлдi, егер оның көзқарасы бойынша бұл мемлекеттiң немесе жұмысшы таптың мүддесiн қорғауды талап етсе. 1933 жылғы қаулыға сәйкес сот прокуратураның қадағалауына берiлдi.

Осындай жолымен 30-шы жылдардан бастап прокуратураның азаматтық процеске қатысуы азаматтық iстердi соттарда қараудың заңдылығына қадағалау бойынша мақсаттарды жүзеге асыруына байланысты болды. 80-шы жылдар мен 90-шы жылдардың басында прокуррлық қадағалау қайта қаралуға ұшырады. Басшы сот қызметкерлерi соттардың iс қарауындағы заңдылығына прокуратураның қадағалауына қарсы шықты. Демократиялық құқықтық мемлекеттi құруда билiк органдарын бөлу, тәуелсiз сот билiгiн құру басты орын алады. Бiрақ сот прокуратураның қадағалауында болатын болса, сот тәуелсiз бола алмайды.

1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы барлығын орнына келтiрдi. ҚР Конституция-сының 77-бабына сәйкес заңға бағынатын сот әдiлдiгiн жүзеге асыратын сот тәуелсiз орган ретiнде қарастырылған. Сонымен қатар ІҚазақстан Республикасының прокуратусы туралыІ Жарлық мұны нақтыландыра түседi. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекетiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган. Прокуратураның сотта iс жүргiзуiне қатысуы заңдардың, жарлықтардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына қадағалаудың бiр нысаны ретiнде қарастырылады. Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасау, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру нысанында болады.

Прокурорлық қадағалаудың ерекшелiгi мынада: ол оны басқа мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, әртүрлi кәсiпорындар, мекемелердiң қызметтерiмен тығыз байланыста жүзеге асырылады, бұл жерде қадағалауды жүзеге асыру мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң қызмет етуiне кедергi келтiрмейтiндей етiп құрылуы тиiс. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы осы прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады.

Осы прокурорлық қадағалауды В. Д. Лановский1 екi түрге бөлiп көрсеткен: жалпы және арнайы, осылардың арасында тиiсiнше жалпы қадағалау, қылмыстық-процесуалдық және азаматтық процесуалдық нысандар болып бөлiнедi. Жалпы қадағалауды прокурорлық қадағалау қызметiнiң басты бағыты және бiр мезгiлде оны жүзеге асырудың негiзгi нысаны ретiнде қарастырған. Әрине мұнымен келiсуге болады, өйткенi көп жағдайда көптеген прокурорлық қалдағалаудың құқықтық нысандары - бұл жалпы қадағалаудың нысандары, ал прокурор құқықбұзушылықтар кездестiрген жердiң барлығында, қылмыстық және азаматтық сот өндiрiстерiнiң өзiнде де қолданылады. Жалпы қадағалаудың материалдары көп жағдайда қылмыстық iс қозғауға, сотқа азаматтық талап қоюға негiз болып табылады, Осы арқылы ол азаматтық және қылмыстық-процесуалдық мәнге ие болады. ІҚР прокуратурасы туралыІ жарлыққа сәйкес прокурордың жалпы қадағалауды жүзеге асыруында нұсқау беру, наразылық келтiру және тағы басқалармен қатар талап қою негiзгi құралы болып табылады. Осы жарлықтың 23-бабына сәйкес пркурр заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптың өтiнiш жасауға құқылы.

Прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi басты мiндеттерi - бұл азаматтық iстердi қарағанда заңдардың қолданылуына және орындаушылық iс жүргiзуге прокурорлық қадағалау - азаматтар ме мемлекеттiң құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерiнiң қорғалуын, әдiлқазылықты жүргiзудiң конституциялық принциптерiнiң мүлтiксiз орындалуын, азаматтық заңдардың негiзгi бастауларын қамтамасыз етуге мiндеттi. Прокурор осы мiндеттерiн орындалуын қамтамасыз етсе, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстем тұруын қамтамасыз ету, азаматтардың құықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырса, азаматтық iс жүргiзуде өз мақсатын орындады деп тануға болады. Прокурор осы өзiне жүктелген мiндеттердi заңда көрсетiлген әдiстер арқылы жүзеге асырады. Яғни, прокурор азаматтық процеске заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру негзiнде пркурор азаматтық процесуалдық нысанды, ол iске қатысушы тұлғаға айналады. Ол басқа iске қатысушылар сияқты құқықтарды иеленедi және мiндеттердi алып жүредi. Прокурордың азаматтық сот өнiдiрiсiне қатысуы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу мақсатына жетудегi маңызды кепiл ретiнде табылады.

Прокурор азаматтық процеске қатысқан кезде қандай процессуалдық жағдайға ие болады деген мәселе туындайды. Бұл жерде мәселе талап қойып iске қатысып отырған прокурордың процесуалдық жағдайы, өйткенi ол көп жағдайда процестегi талапкердiң жағдайына ұқсас және сонымен қатар прокурор бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын жүзеге асырады. Бұл мәселе бойынша әр авторлар әртүрлi пiкiр айтады.

Бiр авторлар Н. Н. Полянский, М. С. Строгович2 және т. б. талап қоюшы прокурор процесте тараптар жағдайына ие болады деген, ал екiншi авторлар М. С. Шакарян3, К. С. Аргунов4 жоғарыда аталған пiкiрдi нақтылай отырып, талап қоюшы прокурорды бiр мезгiлде заңдылықты қадағалау функциясын атқаратын процесуалдық мағынадағы тарап ретiнде қарастырған. ¶шiншi бiреулер М. А. Викут5, К. С. Юдельсон6 прокурор процесте ешқашан тарап бола алмайды және әрқашанда заңдылықты қадағлауды жүзеге асырушы мемлекеттiң өкiлi жағдайында болады деген пiкiр айтқан.

Осы пiкiрлердiң iшiнде М. С. Шакарян, В. Н. Аргуновтың пiкiрлерiмен В. А. Мусин, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот7 iшiнара келiсе отырып Іпроцесуалдық мағынада талапкерІ терминiн сәтсiз қолданғандарын айтады. Олардың пiкiрi бойынша ІталапккерІ терминi (талап ұғымы мен талапқа құқықтан айырмашылығы) материалдық құқыққы белгiсiз дейдi, сондықтан процесуалдық мағынадағы талапкер деп айту бос сөз болып табылады.

Прокурор азаматтық процестiң айрықша қатысушысы ретiнде, оны сипаттау үшiн орыстың процесуалдық ғылымында қалыптасқан ІпавозаступникІ терминiн ұсынады. Правозаступник қоғамның тiлегi үшiн жеке тұлғаның жеке құқықтарын қорғайтын тұлға.

Бұл мәселенi шешуде заңдарды басшылыққа ала отырып, өз талдауымды жүргiзейiн.

ҚР АIЖК-нiң 44-бабына сәйкес прокурор азаматтық iс жүргiзуге қатысушы тұлға ретiнде көрсетiлген. Осы бапқа сәйкес прокурормен қатар iске қатысушы тұлғалардың құрамына тараптар (талапкер және жауапкер) дау нысанасына дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшiншi тұлғалар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар

АIЖК-нiң 56 және 57-баптарында көзделген негiздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайтын iстер бойынша мәлiмдеушiлер мен мүдделi адамдар енгiзiлген. Бұл қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi АIЖК 47-бабында көрсетiлген. Сондай-ақ олардың процестегi алатын орындарына қарай ерекше құқықтарды иеленедi.

Прокурор да азаматтық iске қатысушы болып табылады және бiр мезгiлде заңдылықты қадағалаушы мемлекеттiк орган ретiнде қатысады. Жоғарыдағы туып отырған пкiр таластың себебi егер прокурр азаматтық iске талап қоя отырып қатысса, талапкердiң жағдайында бола ма деген мәселе. Егер ҚР АIЖК 55-бабының 5-тармағына жүгiнсек, талап қойған прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Бұл жерде заң нормасын сөзбе-сөз түсiнбеу қажет. Әриен, егер прокурор талап қойса, дәлдемелер ұсынса, жарыссөзге қатысса, яғни қойған талабын қолдаса, талап арыздан бас тарта алса, талаптың негiзiн немесе пәнiн өзгерте алса, онда ол талапкердiң процесуалдық жағдайында деуге болады. Сондай-ақ прокурор талап қоюдың процесуалдық тәртiбi шегiнен шыға алмайды.

Қазақ КСР Жоғарғы сотының Пленумының N18 ІАзаматтық iстердi сотта қарауға әзiрлеу тәжiрибесi туралыІ қаулысына сәйкес, егер талап арыз АIЖК 150-бабының талаптарына жауап бермейтiн болса, судья iстi сотта қарауға әзiрлеуге кiрiсуге құқығы жоқ және мұндай талап арыздар АIЖК 249-бабына сәйкес қараусыз қалдырылады, бұл ереже прокурормен басқа тұлғаның мүддесiнде берiлген талап арызына да қатысты.

Бұл өзiнiң процесуалдық жағдайы бойынша талап қоюшы прокурордың жағдайы талапкерге ұқсас болып табылады. Бiрақ талапкер сот арқылы өзiнiң талапқа құқығын танытуға ұмтылады. Н. В. Ченцовтың8 айтуынша, прокурор мемлекеттiң мүддесiне талап қойса, ол мемлекеттiң өзiне тиесiлi талапқа құқығын иеленбейдi, онда тек талап теру құқығы ғана болады деген. Сәйкесiнше азаматтың немесе ұйымның мүддесiнде талап берген жағдайда талапқа құқықты осы азамат пен ұйым иеленедi де, ол прокурор тек қана талап беру құқығын иеленедi.

Әрине мұнымен келiсу өте қиын, өйткенi мұндай жағдайда прокурор әрқашанда сондай құқықты иеленедi және оның құқық субъектiлiгiнен ешнәрсемен айырмашылығы жоқ. Сонымен бiрге прокурордың әрбiр талап арызы өндiрiске қабылдана бермейдi, сот оған iс қозғаудан бас тарта алады.

Процессуалдық ғылым үшiн материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық ұғымы жеткiлiксiз, сондықтан ол процессуалдық мағынадағы талапқа құқықпен толықтырылуы қажет. Процесуалдық мағынада талапқа құқық деп талап беру арқылы сотта қорғау үшiн жүгiну түсiнiледi, яғни сотқа талап беру арқылы сотта iстi заңiға сәйкес шешудi сұрау. Талап қою құқығы бұл конституциямен бекiтiлген сотта қорғану құқығының бiр нысаны. Талапқа құқық талап беру құқығымен өте тығыз байланысты. Кез-келген жағдайда талапқа құқық болмаса, онда прокурормен сотта жасалатын әрекеттерiнiң: талап қою, талабын дәлелдеу және тағы басқа мәнi неде? Сондықтан прокурор өзiне заңменен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талапқа құқықта, талап беру құқығы да болуы қажет.

Прокурор процесте талап беру кезiнде өзiнiң позициясымен де, құқығы және бостандығы бұзылған тұлғалардың мүддесiмен де байланысты емес. Ол тек заңды басшылыққа ала отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы тиiс.

Азаматтық iс жүргiзуде прокурордың құқықтық жағдайына ең алдымен ұйымдастырушылық қағидалар ықпал етедi, атап айтқанда сот әдiлдiгiн тек қана соттың жүзеге асыруы. Бұл прокурорды азаматтық процесте билiктiк құқықтармен бөлу мүмкiндiгiнен айырады. Ол сотқа қандай да бiр нұсқа бере алмайды, оған сол немесе басқа жүрiп тұру ережесiн белгiлей алмайды. Оның барлық талаптары арыз, өтiнiш, өтiнiм нысанында болады.

Сондай-ақ прокурордың азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық мәртебесiнiң қалыптасуына мына қағидалар: диспозитивтiк, сайыскерлiк, тараптардың кең құқықтылығы және т. б. мақсатталған ықпал етедi. Диспозитивтiк процессуалдық және материалдық құқықтарға билiк ету мүмкiндiгi ретiнде анықталады. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске мүдделi тұлғаларға өзiнiң мүдделерiн сотта қорғауға мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi, ал прокурорға азаматтық процесс шегiнде әр түрлi құқық бұзушылықтармен күресуге, бұзылған мүдделердi қалпына келтiруге, яғни мүдделi тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн құқықтар берiледi. Диспозитивтiк қағидаға сәйкес iске қатысушы тұлғалардың барлығының, прокурорды қоса алғанда құқықтық жағдайы анықталады. Олардың әрқайсысының құқықтық мәртебесiн жекелеу қарсы мүдделердi бар субъектiлердi көрсететiн сайыскерлiк қағидасымен байланысты. Бiр тұлға басқа тұлғамен бұзылған құқығын қорғау туралы талап қойса, басқасы түсiнiк беру үшiн шақырылады және жауапқа тартылу мүмкiндiгi үшiн шақырылады. Бұл субъектiлер - азаматтық процестегi тараптар және тұлғаның өзiнiң немесе бөтен бiреудiң мүддесiн қорғамаудың ешқандай мәнi жоқ. Тұлғаның сотқа жүгiнiп заңды бұзушыға мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрау маңызды. Сайыскерлiк қағидасына сәйкес талап қоюшы тұлға белсендi жақ жағдайында болады, ал жауапқа тартылатын жақ - бәсең болып табылады. Азаматтық iс жүргiзудiң берiлген бастамасының негiзiнде прокурордың құқықтық мәртебесi қалыптасады. Iстi қозғай және оны қарауға қатыса отырып, прокурор тарапқа айналады, басқа жағдайда қатыса алмайды, өйткенi сайыскерлiк қағидасы бұзылады. Прокурор талапкер сияқты өзiнiң талаптарын негiздейдi, оны куәландыратын дәлелдемелердi ұсынады және т. б. . Ол белсендi тарап жағдайында тек қана талап өндiрiсiнде ғана емес, сондай-ақ ерекше талап өндiрiсiнде де ерекше өндiрiсте де де болады. Мұндай жағдайға апелляциялық өндiрiстерде де ие болады.

Сайыскерлiк қағидасы негiзiнде тараптармен процессуалдық әрекеттер жасау ретi анықталады. Сот iстi қарау кезiнде ең алдымен белсендi тарап түсiнiк бередi, содан барып - бәсең тарап түсiнiк бередi. Осындай ретпен сот жарыссөзiнде iске қатысады. Олар аяқталғаннан кейiн талап қоюшы жақ өзiнiң қандай да бiр ойын айта алмайды және iс бойынша қорытынды бере алмайды, өйткенi бұл жауапкердiң қорғауға құқығын бұзады және азаматтық процестiң сайыскерлiк сипатына қайшы келедi.

Тараптардың тең құқықтық қағидасы бойынша тараптар құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша бiрдей мүмкiндiктердi иеленедi. Егер прокурормен талап қойылса, жауапкер өзiнiң мүддесiн қорғаса, прокуро нашарлау жағдайда қалдырылмау керек. Осы жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: тараптардың тең құқықтық қағидасы тұрғысынан алғанда прокурорларға iс жүргiзудiң басқа жақтарынан гөрi үлкен iс жүргiзу құқығы берiлуi заңды болып табыла ма? - деген сұрақ туындауы мүмкiн. Бұған жауап ретiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын Кеңесiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы ғ3 қаулысына сәйкес ІҚазақстан Республикасы КонституциясыныңІ 14-бабы 1-тармағында баяндалған норманы адамның және азаматтың заң мен сот алдындағы теңдiгiнiң жалпы қағидасы деп түсiну керек. Сот алдындағы теңдiк тұрғысындағы бұл қағида тараптардың сот процесiндегi құқық бiрдейлiгiн бiлдiрмейдi. Конституцияның аталған нормасы ІАдам және азаматІ бөлiгiнде, сондықтан барлығы деген ұғым адам мен азаматты қамтиды және әркiмнiң Қазақстан Республикасы аумағында заңмен сот алдындағы теңдiгiн бiлдiредi.

Процеске тараптар болып тек азаматтар ғана емес, өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн орындай отырып, Тараптардың немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қамтамасыз ететiн лауазымды тұлғалар да қатыса алады. Мұндай лауазымды тұлғалардың бiрi сотта мемлекет мүддесiн бiлдiретiн прокурор болып табылады. Прокурор тараптардың бiреуi және соттағы мемлекет мүддесiн бiлдiрушi өкiлi ретiнде Конституция негiзде қабылданған iс жүргiзу заңы бойынша iс жүргiзу құқығын иеленедi.

Конституцияның 14-бабы 1-тармағында ккөрсетiлген норма iс жүргiзу заңында бекiтiлген прокурордың iс жүргiзу өкiлеттiлiгi аумағын айқындамайды. Конституцияның 83-бабы 1-тармағы прокурорға сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру мiндетiн жүктейдi, бұл оның iс жүргiзу өкiлеттiлiгi аясын кеңейтедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы жайында
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысы
Азаматтық процесстегі прокурордың ролі
Прокуратура органдарының кадрлары
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Прокуратура органдарына қатысты мәселелер
Прокурордың азаматтық іске қатысу негіздері
Азаматтық іс жүргізуде прокурордың қызметінің маңыздылығы
Прокуратура органдарының тарихы
Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz