Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау. Соттың дайындау әрекеті
Кіріспе
1.тарау. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау түсінігі мен мәні
1.1. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау
1.2. Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері
2.тарау. Азаматтық істерді сотта қарау
3.1. Істі сотта қарау және сот отырысы
3.2. Сот отырысының дайындық бөлімі
3.3. Істі мәні бойынша қарау
3.тарау. Азаматтық істі сотта талқылауының Қылмысытық сот талқылауына дайындық әрекеттерінен айырмашылығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сотта азаматтық іс қозғау бойынша іс жүргізу әрекеттерін іске асырғаннан кейін судья АІЖК-нің 16-бабының талаптарына сәйкес, істі сотта талқылауға дайындауды іске асыруға тиіс, оның мақсаты істі дер кезінде және дұрыс шешу болып табылады. Істі сотта талқылауға дайындауды іске осыдан кейін сот талқылауын жүргізуге ештеңе кедергі жасамайтындай етіп жүзеге асыру қажет.
Істерді сотта талқылауға дайындауды іске асырған кезде судьялар азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысын (бұдан әрі нормативтік қаулы) басшылыққа алулары қажет.
Сотқа дейінгі дайындықты жүргізу кезіндегі судьялардың қателіктері төмендегідей болып табылады:
• сотқа дейінгі дайындық мерзімдерін ұзарту үшін негіздемелер бар екеніне қарамастан, мерзімдер ұзартылмайды. Судьялар аталған жайтты мұның азаматтық істердің жекелеген санаттарын қоспағанда, істі қараудың АІЖК-нің 174-бабымен белгіленген 2 айлық жалпы мерзіміне әсер етпеуімен түсіндіреді. Ал мұндай пікірлер істерді сотқа дейін дайындау институтының негізгі мақсатына сәйкес келмейді;
• сотқа дейінгі дайындық тараптарды шақырып, талап арыздың көшірмесін 7 күн ішінде беру арқылы ресми түрде жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық туралы ұйғарымның орындалуы қамтамасыз етілмесе, сотқа дейінгі дайындықтың жүргізілмегені көрсетіле отырып іс тыңдауға тағайындалады.
• іс жүзінде сотқа дейінгі дайындық іс тыңдауға тағайындалғаннан кейін және сот отырысының кем дегенде бір күні өткен соң жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық тиісінше жүргізілмегендіктен істі тыңдаудың үнемі кейінге қалдырылуы және мерзімдердің бұзылуы.
Мұндай бұзушылықтар, сөз жоқ, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс айқындалмауына байланысты және АІЖК-нің 16-бабында көрсетілген басқа негіздемелер бойынша кейіннен соттардың шығарған шешімдері мен ұйғарымдарының күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
АІЖК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес, әр іс бойынша істі сотта талқылауға дайындаудың міндетті мақсаттары төмендегілер болып табылады:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (1999 жылғы 13 шілдедегі өзгертулері мен толықтырулармен бірге №412-1 Заңмен күшіне енгізілген);
2. Қ.Ә.Мәмидің жалпы редакциясымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, «Бико» баспа үйі», ЖАҚ баспасы, Алматы, 2004 жыл;
3. Қ.Ә.Мәмидің жалпы редакциясымен, Зиянды өтеу туралы даулар, «Би-Логистик» баспа үйі», ЖАҚ баспасы, Астана, 2004 жыл;
4. В.И. Радченконың жалпы редакциясымен, Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме, «Норма» баспасы, Мәскеу, 2003 жыл;
5. Г.А. Жилин, Ресей Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме, «ТК «Велби» ЖШҚ, 2003 жыл;
6. М.С.Шакарян және басқалар. Ресейдің Азаматтық іс жүргізу құқығы, оқулық, «Былина» баспасы, 1999 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Заңтану пәндер кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау. Соттың дайындау
әрекеті”
ОРЫНДАҒАН: сырттай оқу бөлімінің __
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: кафедра аға оқытушысы,
(лауазымы, ғылыми дәрежесі,
атағы, аты жөні)
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра шешімі бойынша
“ ___” ________ 2009 ж
№ ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, профессор
(лауазымы, ғылыми дәрежесі,
атағы, аты жөні)
АЛМАТЫ – 2010
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
1-тарау. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау түсінігі мен мәні
1.1. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау
1.2. Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері
2-тарау. Азаматтық істерді сотта қарау
3.1. Істі сотта қарау және сот отырысы
3.2. Сот отырысының дайындық бөлімі
3.3. Істі мәні бойынша қарау
3-тарау. Азаматтық істі сотта талқылауының Қылмысытық сот талқылауына
дайындық әрекеттерінен айырмашылығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1-тарау. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау түсінігі мен мәні
1.1. Азаматтық істі сотта талқылауға дайындау
Сотта азаматтық іс қозғау бойынша іс жүргізу әрекеттерін іске асырғаннан
кейін судья АІЖК-нің 16-бабының талаптарына сәйкес, істі сотта талқылауға
дайындауды іске асыруға тиіс, оның мақсаты істі дер кезінде және дұрыс шешу
болып табылады. Істі сотта талқылауға дайындауды іске осыдан кейін сот
талқылауын жүргізуге ештеңе кедергі жасамайтындай етіп жүзеге асыру қажет.
Істерді сотта талқылауға дайындауды іске асырған кезде судьялар
азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы
13 желтоқсандағы Істерді сотта қарауға дайындау туралы № 21 нормативтік
қаулысын (бұдан әрі нормативтік қаулы) басшылыққа алулары қажет.
Сотқа дейінгі дайындықты жүргізу кезіндегі судьялардың қателіктері
төмендегідей болып табылады:
• сотқа дейінгі дайындық мерзімдерін ұзарту үшін негіздемелер бар
екеніне қарамастан, мерзімдер ұзартылмайды. Судьялар аталған жайтты
мұның азаматтық істердің жекелеген санаттарын қоспағанда, істі
қараудың АІЖК-нің 174-бабымен белгіленген 2 айлық жалпы мерзіміне
әсер етпеуімен түсіндіреді. Ал мұндай пікірлер істерді сотқа дейін
дайындау институтының негізгі мақсатына сәйкес келмейді;
• сотқа дейінгі дайындық тараптарды шақырып, талап арыздың көшірмесін
7 күн ішінде беру арқылы ресми түрде жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық туралы ұйғарымның орындалуы қамтамасыз
етілмесе, сотқа дейінгі дайындықтың жүргізілмегені көрсетіле отырып
іс тыңдауға тағайындалады.
• іс жүзінде сотқа дейінгі дайындық іс тыңдауға тағайындалғаннан кейін
және сот отырысының кем дегенде бір күні өткен соң жүргізіледі.
• сотқа дейінгі дайындық тиісінше жүргізілмегендіктен істі тыңдаудың
үнемі кейінге қалдырылуы және мерзімдердің бұзылуы.
Мұндай бұзушылықтар, сөз жоқ, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің
дұрыс айқындалмауына байланысты және АІЖК-нің 16-бабында көрсетілген басқа
негіздемелер бойынша кейіннен соттардың шығарған шешімдері мен
ұйғарымдарының күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
АІЖК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес, әр іс бойынша істі сотта
талқылауға дайындаудың міндетті мақсаттары төмендегілер болып табылады:
1. істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2. басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-
қатынастарын айқындау;
3. іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа да қатысушыларының
құрамы туралы мәселені шешу;
4. әр тарап өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді
айқындау.
Істі сотта талқылауға дайындауды сот әр іс бойынша, АІЖК-нің 168-бабының
талаптарына сәйкес шығарылған соттың ұйғарымы бойынша іске асырады. Мұндай
дайындық соттың шешімінің немесе ұйғарымының апелляциялық немесе қадағалау
тәртібінде күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға
түскеннен кейін де іске асырылуға тиіс, себебі тек шешімнің немесе
ұйғарымның күші жойылғаннан кейін ғана іс сотқа қайтадан түскен іс ретінде
қаралатын болады; жоғары сатыда тұрған мекеменің нұсқауларын орындау
мақсатында сот іс бойынша шындықты анықтауға, тараптардың пікірлерін және
олар ұсынған дәлелдемелерді тексеруге бағытталған белгілі бір іс жүргізу
әрекеттерін іске асыруға тиіс. Істі сотта талқылауға дайындау туралы сот
ұйғарымының қорытынды бөлімінде сот істі сотта қарауға дайындау мақсатында
жүзеге асырылып жатқан барлық іс жүргізу әрекеттерін көрсетуге тиіс.
Істі сотта талқылауға дайындау бойынша судьяның іс-әрекеттері.
Сотқа дейінгі дайындықты дұрыс жүргізу үшін судья төмендегі іс-
әрекеттерді жүзеге асыруы қажет, оларды істі сотта талқылауға дайындау
міндеттеріне қарай жүйеге келтіруді және кезегімен қарауды ұсынамыз.
1. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.
Судья талап арыздың және оған қоса тіркелген, талапкердің талаптарын
негіздейтін құжаттардың көшірмесін жауапкерге почта арқылы жібереді немесе
өзіне тапсырады және оған өзі белгілеген мерзімде талап арызға жауап
(қарсылық) беруді, өзінің жауабын (қарсылығын) негіздеу үшін дәлелдемелер
келтіруді ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі дайындықты іске асыру туралы
ұйғарымда көрсетіледі. Жауапкер талап арызды және оған қоса тіркелген
құжаттардың көшірмесін тапсыру үшін сотқа шақырылуы мүмкін немесе бұл
құжаттар оған сот кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Жауапкердің пікірі
мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға
кедергі келтірмейді (АІЖК-нің 169-бабы).
Істі сотта талқылауға дайындау тәртібінде судья істің дұрыс шешілуі үшін
маңызы бар мән-жайларды нақтылап, төмендегілерді іске асыра алады:
• талапкерге мәлімделген талаптарының нысанасы бойынша сауалдар қою;
• одан жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсы пікір туралы анықтап
білу;
• егер талаптардың нысанасы мен негіздемелерін, істің дұрыс шешілуі
үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау барысында қажеттілік туындаған
жағдайда, қосымша дәлелдемелерді көрсетуді ұсынады (АІЖК-нің 171-
бабы);
• АІЖК-нің 16-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді, олар төмендегілерді көздейді:
– істің материалдарымен танысу, олардан үзінді алу және көшірмелерін
жасау құқығы;
– наразылық білдіру;
– дәлелдемелер келтіру және оларды зерттеуге қатысу;
– іске қатысатын басқа тұлғаларға, куәлерге, сарапшылар мен
мамандарға сұрақтар қою;
– өтінімдер, соның ішінде қосымша дәлелдемелерді сұратып алдыру
туралы өтінімдер мәлімдеу;
– сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беру;
– сот процесі барысында пайда болатын барлық мәселелер бойынша өзінің
пікірлерін білдіру;
– іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен пікірлеріне қарсылық
білдіру;
– сот пікірталасына қатысу;
– сот отырысының хаттамасымен танысу және оған қатысты жазбаша
ескертулер беру;
– соттың шешімдері мен ұйғарымдарына шағым беру;
– азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен берілген басқа да іс
жүргізу құқықтарын пайдалану;
– өзіне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалану.
Қажетті жағдайларда судья:
• жауапкерді шақыртады, оған істің мән-жайлары бойынша сұрақтар қояды;
• талапқа қарсы қандай қарсылықтары бар екенін анықтайды;
• жауапкердің қарсылықтары қандай дәлелдемелермен расталатынын
анықтайды;
• ерекше күрделі істер бойынша жауапкерге іс бойынша жазбаша
түсіндірмелер беруді ұсынады (АІЖК-нің 171-бабы);
• АІЖК-нің 47-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін
түсіндіреді (жоғарыдан қараңыз).
Сонымен қатар судья тараптарға өздерінің мәлімделген талаптарын негіздеу
үшін дәлелдемелер келтіру бойынша міндеттерін орындамауы азаматтық сот ісін
жүргізу туралы заңдармен көзделген салдарларға әкеп соғатынын түсіндіреді.
Мүліктік даулар бойынша судья тараптарға төмендегіні түсіндіреді:
• осындай дауларды аралық сотқа беру құқығы бар екенін;
• осы іс жүргізу әрекетін жасау тәртібі, яғни тараптардың бұл туралы
келісімінің болуы;
• осындай келісімді жасаудың салдары, яғни дәл осы талаптар бойынша
сотқа жүгінудің мүмкін еместігі.
Тараптардың әңгімеге бір мезгілде шақырылғаны дұрыс, бұл белгілі бір
дәрежеде іс жүргізу уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, себебі тараптардың әр
түрлі уақытқа шақырылуы және қосымша құжаттарды сұратып алдыру туралы
өтінім бере отырып ықтимал қарсылықтардың анықталуы немесе тараптармен
түрлі уақытта өткізілген әңгіме барысында басқа мәліметтердің берілуі сотқа
дейінгі дайындық мерзімін ұзаққа созуы мүмкін. Екі тараппен де бір мезгілде
әңгіме өткізу барысында судьяның ашықтығы, анықтығы мен бейтараптығы туралы
дәлелдейтін осындай іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы судья мен тараптардың
іс жүргізуден тыс қарым-қатынастарының пайда болу мүмкіндігін жоққа
шығарады, сотқа деген сенімді арттырады, тараптардың шынайы теңдігін
қамтамасыз етеді.
АІЖК-нің 170-бабының ережелері бойынша жазбаша түсініктемелерді тек
күрделі істер бойынша сұратып алдыру мүмкіндігі белгіленетін болса да,
тараптармен өткізілген әңгіменің нәтижелері бойынша судьяға іс бойынша
жауапкердің жазбаша түсіндірмелер беруін ұсынуы жөнінде кеңес береміз. Сол
сияқты талапкерге де жауапкердің талаптың нысанасына немесе
негіздемелеріне, істі қарау нәтижесіне әсер ететін қарсылықтарына немесе
түсіндірмелеріне қатысты түсіндірмелер беруін ұсынған дұрыс. Осындай
тұжырымның негізділігі, сотқа дейінгі дайындық барысында есепке алынбайтын
ықтимал күрделі жағдайларды әрқашан да айқындау қиын, мысалы, жауапкер
кейіннен дәлелді себепсіз сот отырысына келмей қалуы мүмкін, басқа да
күтпеген мән-жайлар орын алуы мүмкін. Сотқа дейінгі дайындық барысында
тараптардың жазбаша түсіндірмелер, нақтыламалар беру, оларды соңынан тиісті
түрде талапкердің талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, немесе
талаптарды толықтыру немесе нақтылау деп, ал жауапкердің талаптарға қарсы
қарсылық немесе қарсы талап деп тиісті түрде ресімдеуінің тараптардың іс-
әрекеттерінің дәйектілігін және талаптарының негізділігін бағалау кезінде
маңызға ие болуы мүмкін.
Сотқа дейінгі дайындықты іске асыру барысында іс үшін маңызы бар мән-
жайларды нақтылағаннан кейін талапкер талабының нысанасын немесе
негіздемесін өзгерте алады. Мұндай әрекеттерге сот шешім шығарғанға дейін
де АІЖК нормалары бойынша рұқсат етіледі. Сотқа дейінгі дайындық сатысында
шешім қабылдау үшін судья төмендегіні назарда ұстауға тиіс:
• талаптың негіздемесі мен нысанасын бір мезгілде өзгертуге жол
берілмейді, себебі аталған жайт жаңа талаптың қойылуы туралы
дәлелдейді;
• талапкердың талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқығы бар;
• талаптардың мөлшерін көбейту немесе азайту;
• талаптан бас тарту;
• талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптардың мөлшерін
көбейту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша арыз беру жолымен
іске асырылады;
• соттың өз бастамасы бойынша талаптың нысанасын немесе негіздемесін
өзгертуге құқығы бар (АІЖК-нің 49-бабы).
Нормативтік құқыққа сәйкес, егер істі сотта талқылауға дайындау кезінде
талапкердің берілген арыздан туындайтын, сол жауапкерге немесе басқа
жауапкерлерге талаптары бар екені, ал жауапкердің талапкерге қарсы
талаптары бар екені анықталса, онда судья талапкердің қосымша талап қою, ал
жауапкердің қарсы талап қою құқығын түсіндіруге тиіс. Тараптардың тең
құқылығы қағидасына сәйкес жауапкердің өзіне қойылған талаптардан қорғануға
құқығы бар. Жауапкердің қорғану құралдары талапқа қарсы дау айту, қарсы
талап болып табылады.
Қарсы дау – жауапкердің талапты материалдық құқықтық және іс жүргізу
жағынан жоққа шығаратын пікірлері. Материалдық құқықтық қарсылық – бұл
талапкер келтірген құқықтық жайттарға негізделген талаптарды мәні жағынан
жоққа шығару. Жауапкер талаптың негізсіз екендігін көрсетіп, талапқа негіз
болған жайттарды мойындамайды немесе жоққа шығарады, ұсынылған
дәлелдемелердің жалған екендігін көрсетеді. Іс жүргізу қарсылығы – сот ісін
жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін іс жүргізу
нормаларының бұзылу жайттарын (мысалы, істі аралық сотқа беру туралы
шарттың болуы) жауапкердің көрсетуі болып табылады.
Егер қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға, яғни
төмендегілерге сай келсе, судья бір сот ісін жүргізуде талапкердің арызымен
бірге қарау үшін жауапкерден қарсы талап арыз қабылдайды:
• қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
• қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюды толық немесе
ішінара қанағаттандыруды жоққа шығарса;
• қарсы және алғашқы талаптар арасында өзара байланыс болса және
оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға
әкелсе. Сонымен қатар қарсы талапты қабылдау нәтижесінде іс
жүргізуде үнемдеуге қол жеткізіледі, іс бойынша талаптың нысанасы
немесе негіздемелері бойынша байланысты қарама-қайшы шешімдер шығару
мүмкіндігі жоққа шығарылады.
Қарсы талап АІЖК-нің 150-бабымен көзделген талап қою туралы жалпы
ережелер бойынша қойылады, қарсы талаптар бойынша да міндетті түрде
мемлекеттік баж төленеді. Талап арызды қабылдау туралы судья талапты
қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Қарсы талапты процестің сот шешім
қабылдағанға дейінгі кез келген сатысында мәлімдеуге болады.
Назар аударылуға тиісті маңызды тұс істі қарау мерзімін есептеу болып
табылады. Іс жүргізу туралы заңның талаптарына сәйкес мерзімдерді есептеу
талап қойылған кезде жаңадан басталмайды. Жауапкердің қарсы талапты уақтылы
қоюы сотқа дейінгі дайындықтың қаншалықты дұрыс жүргізілуіне, екі тараптың
да теңдігінің құқықтық кепілдігі қаншалықты қамтамасыз етілгеніне тәуелді
болады. Егер судья істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде АІЖК-нің 166,
170-баптарының ережелерінің дәл орындалуын қамтамасыз етпесе, онда
жауапкердің қарсы талапты сот шешім шығарғанға дейін сотта істі қарау
сатысында қоюы істің кейінге қалдырылуына, қосымша дәлелдемелер жинауға,
түптің түбінде істі қараудың іс жүргізу мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғуы
мүмкін.
Егер өзінің мазмұны бойынша қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген
талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы
арызды кері қайтару туралы ұйғарым шығарады (нормативтік қаулыны қараңыз).
2. Істі қарау кезінде басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың
құқықтық қарым-қатынастарын айқындау.
Істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде судья істі қарау кезінде
басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын
айқындайды. Іс бойынша дәлелдеу нысанасын құрайтын жайттардың шеңберін
тараптардың қарым-қатынастарының сипатын анықтау мен осы қарым-қатынастарды
реттейтін заң нормаларын айқындау кезінде анықтауға болады. Судья жауапкер
тиісті жауапкер болып табылатынын-табылмайтынын, тең жауапкерлерді, тең
талапкерлерді немесе басқа тұлғаларды уақтылы тарту үшін судьяның шара
қабылдауға тиіс-тиіс еместігін анықтауы қажет. Істі сотта талқылауға
дайындау кезеңінде талапкердің талапты тиісті емес жауапкерге қойғаны
анықталуы мүмкін. Мысалы, егер талапкер автокөлікті басқару кезінде жол-
көлік оқиғасын жасаған ықтимал жауапкерге талап қоятын болса. Мұндай
жағдайларда сотқа дейінгі дайындық барысында судья істі тоқтатпастан,
талапкердің өтінімі бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен
ауыстыруға құқылы. Тиісті емес жауапкер ауыстырылғаннан кейін сотқа дейінгі
дайындық басынан бастап іске асырылады (АІЖК-нің 51-бабы).
Сот басшылыққа алуға тиіс заңдарды айқындай отырып, түрлі дауларды қарау
кезінде Азаматтық кодекстің ережелерімен қатар нақты даулы құқықтық қарым-
қатынастарға қатысты құқықтық базаны реттейтін басқа да бірқатар
нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс екенін судья есте
ұстағаны жөн. Мысалы, зиянды өтеу туралы дауларды қараған кезде тек
Азаматтық кодекстің зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелерді
реттейтін ережелерін ғана емес, сондай-ақ жекелеген жағдайларда Қылмыстық
кодекстің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Кеден кодексінің,
тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына байланысты зиянды өтеуді көздейтін
бірқатар арнайы заңдардың, қоршаған ортаны қорғау туралы, еңбек қорғау,
балалардың мүддесін қорғау бойынша және т.б. заңдар ережелерін, Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулыларын, Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек
міндеттерін орындауына байланысты оларға жарақат арқылы немесе
денсаулығының басқаша зақымдалуы арқылы келтірілген нұқсанды барлық меншік
құқығындағы ұйымдардың өтеуі туралы ережені, еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаларды немесе қызметкерлердің денсаулығының басқаша түрде
зақымдануын тексеру мен есепке алу ережелерін де басшылыққа алғаны дұрыс.
Кейде түрлі құқықтық нормаларды қолдануға болатын бір азаматтық істің
аясында бірнеше талап қойылған кезде, сот ісін жүргізудің бірнеше нысанында
қаралған кезде, мысалы, еңбек кітапшасының кімге тиесілі екенін анықтау
туралы ерекше іс жүргізу тәртібімен немесе еңбек келісім-шарты бойынша
еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызды талап қою ісін жүргізу
тәртібімен қараған кезде, тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындай
отырып, судьяның талаптарды бөлу туралы мәселені шешуге құқығы бар. Ал
талапкер осындай талаптарды бір өндірісте қоя отырып, олар жеке басына
қатысты немесе басқа мәліметтердің бұрмалауына байланысты өзіне қатыстылығы
анықталатын, сондай-ақ еңбек кітапшасында көрсетілген қатынастарының
негізінде жалақы өндіру бір ғана зат – еңбек кітапшасына байланысты деп
есептейді. Бұл орайда бөлек істер ресімделеді және түрлі тіркеу нөмірлері
беріледі, талаптарды бөлу туралы ұйғарымның көшірмесі екінші іске де қоса
тігіледі. Аталған талаптарды бөлек өндірісте қарау осындай талаптарды
қоюдың іс жүргізу негіздеріне, оларды қарау тәртібіне, пайда болған
азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық қарым-қатынас субъектілері шеңберінің
әр түрлі болуына, сондай-ақ істі шешу кезінде түрлі құқық нормаларының
қолданылуына байланысты қажет. Осы орайда – некені бұзу туралы талап қою
сипатындағы талаптың алимент өндіріп алу туралы талаппен бірге бір
өндірісте мәлімделетінін келтіруге болады. Соңғы талап тараптарды
шақырмастан үш күндік мерзім ішінде қаралады, ал бірінші талап бойынша
тараптарға татуласуы үшін уақыт берілуіне байланысты іс бойынша талқылау
кейінге қалдырылады.
Егер соттың өндірісінде, мысалы, бір процесте сол тараптар немесе
талапкер мен жауапкердің жағында тең қатысушылар қатысатын, талап қоюдың
сол ұқсас еңбекақы өндіріп алу туралы негіздемелері мен нысаналары бойынша
қызметкерлердің ұйымға, кәсіпорынға немесе кәсіпорынның, ұйымның
материалдық зиянды өтеу туралы қызметкерлерге қойған талабы бойынша бірнеше
біртекті істер бар екені анықталса, онда істі ұтымды жүргізу, заң
практикасын біркелкі қолдану, тараптарды шақыруға байланысты сот
шығындарын азайту және т.с.с. мақсатында судья істерді бір өндіріске
біріктіре алады, бұл туралы тиісті ұйғарым шығарады, істерге бір тіркеу
нөмірі беріледі және барлық талаптар бірге қаралады.
Баяндалған жай нормативтік қаулыға да сәйкес келеді, онда сипаты бойынша
өзара байланысты және дәлелдемелері ортақ барлық талаптарды бір өндірісте
әлдеқайда жылдам әрі дұрыс шешуге мүмкіндік болған жағдайларда ғана оларды
бір өндіріске біріктіруге жол беріледі деп белгіленген. Егер талапкер бір
арызға біріктірген бірнеше талапты судья бөлек қарау қажет деп тапса,
осындай талаптарды бір бірінен ажыратуға болады.
Осы орайда судья талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші
талапқа қатысты процесте дербес әрекет ететіні туралы АІЖК-нің 50-бабының
ережелерін назарда ұстауға тиіс. Тараптар істі жүргізуді тиісінше
талапкерлердің біреуіне немесе тиісінше талапкерлердің немесе тең
жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.
Талаптарды біріктіру немесе ажырату бойынша іс-әрекеттерді судья АІЖК-
нің 171-бабының төмендегілерді көздейтін ережелеріне сәйкес жүзеге
асырады:
• егер талапкер біріктірген талаптарды бөлек қарау мақсатқа көбірек
сай болса, судья сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп
алады;
• бірнеше талапкерге немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған
жағдайда, егер судья талаптарды бөлек қарауды дұрыс деп тапса, оның
сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп алуға құқығы бар;
• аталған соттың қарауында бір талапкердің түрлі жауапкерлерге немесе
түрлі талапкерлердің бір жауапкерге талабы бойынша сол тараптар
қатысатын бірнеше біркелкі істер бар екенін анықтаған соң осындай
талаптарды біріктіруді қажет деп таныса, осы істерді бірге қарау
үшін оларды бір өндіріске біріктіруге құқығы бар.
3. Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары
туралы мәселені шешу
Істі сотта талқылауға дайындау барысында іске қатысатын тұлғалардың және
процестегі басқа қатысушылардың құрамы туралы мәселені шеше отырып судья
АІЖК-нің 44-бабына сәйкес, тек тараптар ғана емес, сонымен қатар іске
қатысушы тұлғалар да азаматтық істің қатысушылары бола алатынын есте
ұстауға тиіс. Судья қойылып отырған талаптардың талапкер өз арызында
атамайтын үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын-
қозғамайтынын тексереді. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және
оны тіркеу бойынша мәмілені заңсыз деп тану туралы талап қойған кезде
талапкерлер мәмілені тіркеуді жүзеге асырған органдарды тең жауапкерлер
ретінде көрсетпейді; немесе жер теліміне деген меншік құқығын даулаған
кезде талапкерлер өздерінің талап арыздарында жер телімін иеленушімен қатар
жер телімін сатып алу-сату бойынша мәміледегі тараптарды жауапкерлер
ретінде тарту туралы көрсетпейді және т.с.с. бөлу кезінде сот сотқа
дейінгі дайындық барысында іс сотта қаралған сәтке қарай тиісінші мүліктің,
акциялардың немесе үлестердің жасалған мәмілелердің нәтижесінде үшінші
тұлғаларға тиесілі екенін анықтауы мүмкін жағдайлар болады. Бұрынғы ерлі-
зайыптылардың мүлкіне, акционерлік қоғамдағы акцияларға немесе
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі үлестерге деген құқықты тиісінше
даулайтын үшінші тұлғалардың дербес талаптары қойылуы мүмкін.
Демек, мыналар іске қатысушы тұлғалар болып танылады:
• тараптар: талапкер мен жауапкер;
• АІЖК-нің 52, 53-баптарына, сондай-ақ нормативтік қаулының 12-
тармағына сәйкес, даудың нысанасына дербес талаптар мәлімдей алатын
үшінші тұлғалар. Оларды істі сотта талқылауға дайындау сатысында
тараптардың бастамасы бойынша да, соттың бастамасы бойынша да іске
қатысуға тартуға болмайды. Бұл тұлғалардың, егер қажет деп табатын
болса, талапкерге немесе жауапкерге талап қою жолымен өзінің
бастамасы бойынша іске араласуға құқығы бар. Әрине, үшінші тұлғалар
бір мезгілде екі тарапқа да талап мәлімдей алады, олар процеске
бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін араласады. Олар
талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін
көтереді (АІЖК-нің 52-бабы);
• даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін, егер іс бойынша
шешім тараптардың біреуіне қатысты өздерінің құқықтарына немесе
міндеттеріне әсер ете алатын болса, бірінші сатыдағы сот іс бойынша
шешім шығарғанға дейін талапкердің немесе жауапкердің жағында
процеске араласа алатын үшінші тұлғалар. Оларды сондай-ақ
тараптардың және іске қатысатын басқа тұлғалардың өтінімі бойынша
немесе соттың бастамасы бойынша да іске қатысуға тартуға болады.
Дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар талаптың негіздемесі
мен нысанасын өзгерту, қуыным талаптардың мөлшерін ұлғайту немесе
азайту, сондай-ақ талаптан бас тарту, талапты мойындау немесе
бітімгершілік келісім жасау, қарсы талап қою, сот шешімін мәжбүрлеп
орындату құқығынан басқа, тараптардың іс жүргізу құқықтарын
пайдаланады және іс жүргізу бойынша міндеттер көтереді (АІЖК-нің 53-
бабы);
• прокурор, ол процеске тек азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл
әрі қолданылуын қадағалауды жүзеге асырушы органның өкілі ретінде
ғана қатысып қоймайды, сонымен қатар АІЖК-нің 55-бабының талаптарына
сәйкес, прокурордың іске қатысуының осындай қажеттігін сот таныған
жағдайларда да қатысады. Сонымен қатар, мысалы, азаматты хабар-
ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау
туралы (АІЖК-нің 299-бабы); бала асырап алу (АІЖК-нің 317-4-бабы);
заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге прокурордың
наразылығын қабылдамау туралы (АІЖК-нің 287-бабы); тұлғаны ата-ана
құқықтарынан айыру туралы ("Неке және отбасы туралы" Заңның 68-
бабының екінші тармағы) істерді соттардың қарауы кезінде прокурордың
сот отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Судья прокурордың сот
отырысына қатысуын, мысалы, прокурордың басқа тұлғалардың
мүдделерін көздеп берген арыздары бойынша, соның ішінде азаматты
психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы қозғалған істерді
қараған кезде; тараптардың біреуі кәмелетке толмағандар, мүгедектер,
әрекет қабілеті шектеулі азаматтар болған жағдайларда; тарап
мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын істер
бойынша; АІЖК-нің 25-28-тарауларында аталған талаптар бойынша
міндетті деп тануы мүмкін. Прокурордың сот отырысына міндетті түрде
қатысуы туралы істі сотта талқылауға дайындау туралы ұйғарымда
көрсетіледі (нормативтік қаулыны қараңыз);
• процеске 56-шы (сотқа басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін жүгіну) және 57-баптармен (іс
бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік органдардың және
жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуы) көзделген
негіздемелер бойынша араласатын мемлекеттік органдар, жергілікті
өзін өзі басқару органдары немесе жекелеген азаматтар. Судьяларға
сот отырысына іс бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік
органдардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуы
заң актілерімен көзделген жағдайларда (нормативтік қаулыны қараңыз)
олардың өкілдерін осындай қатысуға тартуға кеңес беріледі. Бұл ата-
ана құқықтарынан айыру туралы, жерге қатысты даулар туралы және олар
бойынша мемлекеттік органдардың немесе жергілікті өзін өзі басқару
органдарының өкілдерінің қорытындысы қажет болатын істер болуы
мүмкін.
• сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша (осы
Кодекстің 289-бабы) арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғалар,
бұл істердің тізбесі шектелмеген, себебі заңмен ерекше іс жүргізу
тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Істі сотта қарауға дайындау барысында тараптардың құқықтық қатынастарын
айқындаған кезде немесе мәселені шешкен кезде даулы немесе шешім арқылы
белгіленген құқықтық қатынастағы тараптардың біреуі шығып кеткен жағдайда
іс жүргізу бойынша құқықтық мирасқорлық туралы мәселе туындауы мүмкін. АІЖК-
нің 166-бабының 3-тармағының іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы
ережелерін орындай отырып, судья сондай-ақ шығып кеткен тарапты құқықтық
мирасқормен ауыстыру туралы мәселені шеше алады, себебі құқықтық
мирасқорлыққа процестің кез келген сатысында жол беріледі. Бұл орайда іс
жүргізу бойынша құқықтық мирасқорлыққа процестің кез келген сатысында
төмендегі жағдайларда жол беріледі:
• азаматтың қазасы;
• заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы;
• талаптан бас тарту;
• борышты ауыстыру;
• материалдық құқықтық қатынастағы тұлғалардың ауысуының басқа
жағдайлары.
Құқықтық мирасқор процеске араласқанға дейін жасалған барлық іс-
әрекеттер құқықтық мирасқор орнына келген тұлға үшін қаншалықты міндетті
болса, сондай шамада ол үшін де міндетті болып табылады.
АІЖК-нің 58-бабының талаптарына сәйкес, іске қатысатын тұлғалар
өздерінің істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізе алады.
Осыған байланысты сотқа дейінгі дайындық жүргізу барысында өкілдің
өкілеттіктерін тексерудің, оларды АІЖК-нің 58-тарауына сәйкес тиісті түрде
ресімдеудің үлкен маңызы бар.
Осы мәселе бойынша соттардың кейбір қателері:
- төменде келтірілген өкілеттіктердің әрқайсысының өкіл жіберіп отырған
тұлға берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс екені назардан тыс қалады:
• талап арызға қол қою;
• істі аралық сотқа беру;
• қуыным талаптардан толық немесе ішінара бас тарту;
• талапты мойындау;
• талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту;
• бітімгершілік келісім жасау;
• өкілеттіктерді басқа тұлғаға беру (қайта сеніп білдіру);
• соттың қаулысына шағым беру;
• соттың қаулысының мәжбүрлеп орындатылуын талап ету;
• сот өндірген мүлікті немесе ақшаны алу;
• - шетелдік ұйым өкілінің өкілеттіктері тиісті түрде тексерілмейді:
• сенімхатты апостильмен куәландыру туралы деректер жоқ;
• тарап ұсынған сенімхаттың ксерокөшірмесі түпнұсқасымен салыстырылып
тексерілмейді, яғни өкілдің өкілеттіктері тиісті түрде
тексерілмейді, содан соң сот отырысының барысында немесе жоғары
сатыдағы мекемелерде шағымды қарау кезінде тек сенімхаттың
түпнұсқасының жоқ екені ғана емес, сонымен бірге сотқа талап арыз
берілген сәтте таратылып кеткен ұйымның осындай өкілеттіктерді
беруінің мүмкін еместігі де анықталады.
Осындай заң бұзушылықтардың салдарынан сотта істі қарау кейінге
қалдырылмас үшін, іске қатысуға тартылмаған тұлғалардың құқықтары мен
міндеттері туралы мәселенің заңсыз шешілу негіздемелері бойынша соттың
шығарған шешіміне күмән келтірілмес үшін аталған жайттарды сотқа дейінгі
дайындықты тиісті түрде өткізген кезде тексеруге болады.
4. Әр тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс
дәлелдемелерді айқындау
Әр тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс
дәлелдемелерді айқындай отырып, судья тараптарға олардың дәлелдемелерді
сұратып алдыруға көмектесу туралы өтінім беру құқығын түсіндіруге, АІЖК-нің
66-бабының талаптарына сәйкес қосымша дәлелдемелерді көрсетуді ұсынуға
міндетті. Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың осы дәлелдемемен
анықталатыны немесе жоққа шығарылатыны; дәлелдемені өз бетімен алуға
кедергі келтіретін себептер және оның орналасқан жері; дәлелдемелердің
тағдыры үшін және оларды болашақта көрсетудің мүмкін еместігі немесе
қиындық келтіретіні үшін қауіптенуге негіздің бар-жоғын көрсетіп,
негізделген өтінімдер болған жағдайда істі сотта қарауға дайындау кезінде
судья төмендегілерді іске асырады:
осы өтінімді мәлімдеген тұлғаға дәлелдемені алу үшін сұрау салады.
Аталған дәлелдемені сотқа дейінгі дайындық барысында тікелей сотқа ұсынуға
немесе сұрау салған тұлға арқылы беріп жіберуге болады. Дәлелдемені сұратып
алу туралы кез келген өтінімнің қанағаттандырылуға жата бермейтінін есте
ұстау қажет. Дәлелдемелер бойынша немесе олардың бірінің екіншісіне
қарағанда артықшылығы туралы өзінің пікірін білдірместен, судья сұратып
алынатын дәлелдеменің іске қатысы бар-жоғын анықтауға тиіс;
• егер дәлелдемелер жинау туралы өтінім басқа қалада немесе ауданда
берілген болса, жекелеген іс жүргізу әрекеттерін іске асыру үшін
тиісті сотқа сот тапсырмасы жолданады (АІЖК-нің 72-бабы);
• сотқа жазбаша дәлелдемелер ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот
тиісінше куәландырылған көшірмелер мен үзінділердің ұсынылуын талап
ете алады немесе жазбаша дәлелдемелер сақталатын жерде оларды қарап
шығуды және зерттеуді іске асыра алады (АІЖК-нің 84-бабы). Бұл
орайда жылдам бүлініп кетуі мүмкін заттай дәлелдемелерді қарап шығу
дереу іске асырылады және оларды қарап шығу үшін ұсынған тұлғаға
қайтарылып беріледі. Заттай дәлелдемелерді қарап шығу, сақтау және
билік ету тәртібі АІЖК-нің 86-90-баптарының талаптарына сәйкес
жүзеге асырылады;
• Дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында судьяның дәлелдемелерді
қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар. Дәлелдемелерді
қамтамасыз ету туралы аталған арыз сол арызды берушіні және іске
қатысатын басқа тұлғаларды хабардар ете және шақыра отырып сот
отырысында қаралады, алайда олардың келмеуі осындай арызды қарау
үшін кедергі бола алмайды (АІЖК-нің 74-76-баптары). Дәлелдемелерді
қамтамасыз ету мәселелерін тек сотта іс қозғалғаннан және талап арыз
қабылданғаннан кейін ғана шешуге болады. Нормативтік қаулыға сәйкес
оларды қамтамасыз ету бойынша шараларды іс қай соттың өндірісіне
жатса, сол сот қабылдайды. Судья ұйғарымда тараптың өтінімі бойынша
істі сотта қарауға дайындау барысында қамтамасыз етілуі (нақты
куәлер сұралуы, дәлелдемелерді қарап шығу және т.с.с.) мүмкін
дәлелдемелерді көрсетеді. Егер судья дәлелдемелерді қамтамасыз ету
бойынша шаралар қабылдау үшін негіздемелер жоқ деп тапса, онда
талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаудан бас тарту туралы
дәлелді ұйғарым шығарады. Істі сотта талқылауға дайындау кезінде
Қазақстан Республикасының басқа ауданында немесе қаласында
орналасқан дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінімді судья сот
тапсырмасы туралы ұйғарым шығару жолымен шешеді, ол АІЖК-нің 73-
бабымен көзделген тәртіпте орындалады. Шетелдік мемлекетте
орналасқан дәлелдемелерді қамтамасыз етуд немесе дәлелдемелерді
сұратып алуда тарапқа жәрдем көрсетуді судья сот тапсырмасы туралы
ұйғарым шығару жолымен іске асырады. Бұл ұйғарымды тиісті шетел
мемлекеттің соты Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 22 қаңтарда
Минск қаласында жасаған "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер
бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның"
ережелеріне сәйкес немесе Қазақстан Республикасы жасаған және
бекіткен басқа да халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес
орындайды.
• сот отырысына куәлерді шақыру туралы мәселені шешеді;
• талапты қамтамасыз ету мақсатында судьяның талапты қамтамасыз ету
туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар. Талапты қамтамасыз ету туралы
арызды АІЖК-нің 15-бабының және нормативтік қаулының ережелерін
ескере отырып, тараптарды шақырмастан қарауға жол беріледі.
Нормативтік қаулы талапты қамтамасыз ету бойынша борышкердің мүлкіне
тыйым салу сияқты шараны қабылдау кезінде тыйым жауапкерге меншік
құқығы (соның ішінде ортақ, үлестік) бойынша тиесілі мүлікке және
тек талапкер мәлімдеген ақшалай талаптар сомасының шектерінде ғана
салынатынын судьялардың ескергені дұрыс. Басқа талаптар бойынша
судьяның талапты қамтамасыз ету бойынша шара ретінде АІЖК-нің 159-
бабының бірінші бөлімінің 2)-4) тармақшаларында көрсетілген
шараларды қабылдауға құқығы бар.
• АІЖК-нің 165-бабына сәйкес, судьяның талапты қамтамасыз ету туралы
арыз берген талапкерден талапты қамтамасыз ету шараларымен
жауапкерге келтірілген ықтимал залалдарды қамтамасыз ету мақсатында
ақшалай қаражат немесе басқа мүлік беруін талап етуге құқығы бар.
Судьяның талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымына мүдделеріне қатысы
бар тұлғалар шағым бере алады, сондай-ақ оған АІЖК-нің 164-бабының
екінші бөлімімен көзделген тәртіпте прокурор нарызылық білдіре
алады.
• Сотқа дейінгі дайындық тәртібінде судьяның төмендегілерге құқығы
бар:
• АІЖК-нің 91-бабына сәйкес, сараптама тағайындау туралы ұйғарым
шығару. Істің материалдары бойынша арнайы білімді пайдалану
қажеттігі туындайтын жағдайларда дәл осы сотқа дейінгі дайындық
тәртібінде сараптама жүргізу арқылы судья көп жағдайда істі
болашақта қараудың уақтылылығын қамтамасыз етеді, сөзбұйдаға салуды
және тараптардың сотқа тоқтаусыз шақырыла беруін болдырмайды.
Сараптама тағайындау туралы мәселелені шешкен кезде судья
талапкердің немесе жауапкердің сараптама тағайындау туралы өтінімі
қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға тиісінше хабарлауға
міндетті, алайда бұл тұлғалардың сотқа келмеуі сараптама тағайындау
туралы өтінімді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Судья сотқа
келген тараптарға сарапшылардың алдына қойылуға тиісті сұрақтарды
тұжырымдау құқығын түсіндіреді, алайда сарапшы жауап беруге тиісті
сұрақтардың түпкілікті шеңберін сараптама тағайындау туралы
ұйғарымда судья көрсетеді. Сарапшылардың шешуіне тек ғылым, техника,
өнер салаларындағы арнайы білімді талап ететін сұрақтар ғана
қойылады. Шешілуі соттың құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер
сарапшының шешуіне қойылмайды. Егер іс үшін маңызы бар арнайы
мәселені шешу үшін сараптама қажет болса, талапкердің талап арызында
соттан сараптама жүргізу туралы өтінуге құқығы бар. Арызға талапкер
немесе оның өкілі қол қояды, айы-күні көрсетіледі, өкіл берген
арызға сенімхат немесе оның өкілеттіктерін растайтын басқа құжат
қоса тіркелуге тиіс;
• судья қосымша сараптама тағайындай алады, бірақ екінші қайтара
сараптама тағайындай алмайды (себебі дәлелдемелерді зерттеу,
салыстырып қарау, талдау, бағалау қажет болады, ал бұған тек істі
сотта қарау кезінде ғана жол беріледі);
• іске қатысуға аудармашыны тарту туралы мәселені шешу;
• талапкердің өтініші бойынша ол берген арызды қайтару туралы ұйғарым
шығарады;
• басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды. АІЖК осындай іс
жүргізу әрекеттерінің тізбесін шектемейді, олардың орындалуы
қойылатын талаптардың нысынасы мен негіздемесіне байланысты.
Зиянды өтеу туралы істі сотта талқылауға дайындау кезінде айқындалуға
және анықталуға тиісті, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шамамен алынған
шеңберін ұсынамыз.
Сот тарапынан міндетті түрде анықталуға жататын және заңда көзделген кез
келген негіздемелер бойынша зиянды өтеу туралы даулар бойынша дәлелденуге
жататын мән-жайлар:
• зиянның келтірілу фактісі;
• зиян келтірушінің іс-әрекеттері мен келтірілген зиянның арасындағы
себептік байланыс;
• заңмен белгіленген жағдайларда кінәнің болуы;
• заңмен белгіленген жағдайларда зиян келтірушінің іс-әрекеттерінің
құқыққа қайшылығы;
• зиянның мөлшері.
Мысалы, сотқа дейінгі дайындық тәртібінде зиянды өтеу үшін сот алып
берген сомалардың мөлшерін өзгерту туралы істер бойынша сот зиянды өтеу
үшін алып берген сомалардың мөлшерін өзгерту үшін негіздердің пайда болуы
жөнінен дәлелденуге жататын мән-жайлар шеңберін айқындауға, талапкердің
АІЖК-нің 65, 66-баптарының талаптарын орындауын, оның талаптарын растайтын
осындай дәлелдемелерді көрсетуін ұсынуға тиіс. Осындай кейбір дәлелдемелер
ретінде төмендегілер жүре алады:
– зиянды өтеу үшін сомаларды алып берген сот шешімінің көшірмесі;
– жәбірленушінің еңбек қабілетінің соттың шешімінен кейін жақсарғанын
немесе төмендегенін растайтын ДЕСК немесе сот-медициналық
сараптаманың қорытындылары;
– алынатын зейнетақы туралы анықтама;
– әкімшіліктің немесе кәсіподақ комитетінің зиянды өтеу үшін сот алып
берген сомалардың мөлшерін ұлғайту туралы жәбірленушінің арызы
бойынша қабылдаған шешімінің көшірмесі (егер қызметкердің мертігуі
немесе денсаулығына зақым ол еңбек міндеттерін атқарған кезде
келтірілген жағдайда).
Соттың шешімі шығарылғаннан кейін зиянды өтеуге байланысты төленетін
сомаларды айқындауға әсер ететін жағдайлар өзгерген (еңбек қабілетін
жоғалту дәрежесінің, төленетін зейнетақының және т.с.с. өзгеруі) жағдайда,
жәбірленуші де, сондай-ақ зиян келтіруші де зиянды өтеу үшін сот алып
берген сомалардың мөлшерін тиісінше ұлғайту немесе азайту туралы талап
арызбен сотқа жүгіне алады.
Қылмыстық іс-әрекеттерден зардап шеккен азаматтардың емделуіне жұмсалған
қаражатты өтеу туралы талап арыздар бойынша төмендегілер дәлелденуге тиіс:
жауапкердің жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі,
жауапкердің қасақана іс-әрекеттер үшін сотталуына негіз болған үкімнің
көшірмесі оған дәлелдеме бола алады;
• жәбірленушінің емделген уақыты, жазбаша медициналық құжаттар, емдеу
мекемелерінің анықтамалары оның дәлелдемесі бола алады;
• іс жүзіндегі шығыстар.
Дәлелдеуге жататын мән-жайлардың көрсетілген шеңбері зиянды өтеу туралы
істердің әр түрлі санаттары бойынша түпкілікті болып табылмайды және талап
арыздың нысанасы мен негіздемесіне, сондай-ақ жауапкерлердің қарсы
талаптарының және қарсылықтарының негіздемелері мен нысанасына тәуелді
болады.
Қалай болғанда да, АІЖК-нің 67-68-баптарының талаптарына сәйкес, судья
олардың іске қатыстылығын және дәлелдеме ретінде жарамдылығын есепке ала
отырып, оларды бағалауға тиіс.

Сотқа дейінгі дайындық егер заң актілерімен басқаша белгіленбеген болса,
арыз қабылданғаннан кейін жеті күн ішінде іске асырылады. Мерзімдерді
есептеу кезінде судьялар істердің жекелеген санаттары бойынша мерзімдерге
қатысты АІЖК-нің мына ережелерін назарға алуға тиіс:
– жалпы мерзім – арыз сотқа қабылданған күннен бастап 7 күн (АІЖК-нің
167-бабы);
– азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болған
деп жариялау туралы істер бойынша – осындай істі қозғау туралы
судьяның ұйғарымы жергілікті газетте жарияланғаннан кейін үш ай
(АІЖК-нің 298-бабы);
– көрсетушіге арналған жоғалған бағалы қағаздарға және ордерлік
бағалы қағазға деген құқықты қалпына келтіру туралы істер бойынша
(шақырту ісін жүргізу) – іс қозғау туралы хабарлама газетте
жарияланған күннен бастап үш ай;
– азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, сайлау комиссиясы
мүшелерінің АІЖК-нің 273-бабының бірінші бөліміне сәйкес сайлау
құқықтарының бұзылғаны туралы дауыс беруге дейін бес күн бұрын және
сайлау күні түскен арыздары бойынша істі сот арыз берілген күні
дайындап қана қоймай, сонымен бірге мәні бойынша қарауға да тиіс.
Даулардың осы санаты бойынша істі сотта талқылауға дайындау мерзімі
ұзартуға жатпайды.
Істі сотта қарауға дайындаудың АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген мерзімі
төмендегілер жөніндегі талаптар бойынша ұзартылуға жатпайды:
– алименттер өндіріп алу туралы;
– жәбірленушінің мертігуінен немесе денсаулығын басқаша зақымдаудан
келтірілген, сондай-ақ асырушысынан айырылуға байланысты зиянды өтеу
туралы;
– еңбектегі құқықтық қатынастардан туындайтын барлық талаптар
бойынша;
– ерекше күрделі істер бойынша, істердің басқа санаттары бойынша
айрықша жағдайларда бұл мерзімді судья бір айға дейін ұзарта алады.
Айрықша жағдайлар ретінде істі сотта қарауға дайындау бойынша судья
көздеген іс-әрекеттердің жеті күндік мерзімнің немесе істердің кейбір
санаттары үшін заң актілерімен көзделген мерзімнің шегінде аяқталмауына
мына мән-жайлар себеп болады деп түсіну керек:
• сот тапсырмасын орындау;
• сараптама тағайындау;
• азаматтардан немесе ұйымдардан дәлелдемелер сұратып алу.
Бұл тізімді түпкілікті деп тануға болмайды, сондықтан негіздемелер
болған жағдайда судья осындай іс жүргізу құжатын шығару істі қараудың жалпы
мерзімін ұзартпайтынына қарамастан бұл мерзімді ұзартуға міндетті. Істі
сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарым өзінің мақсатына шын мәнінде сәйкес
болып, судьяның қаралған талаптардың мәні бойынша түпкілікті шешім шығара
отырып, сот ісін қарауды іске асыруына ештеңе кедергі келтірмеуіне ұмтылу
керек.
Хаттамалар
АІЖК-нің 225-бабының талаптарына сәйкес, әрбір сот отырысы туралы,
сондай-ақ отырыстан тыс іске асырылған әрбір жекелеген іс жүргізу әрекеті
туралы хаттама жасалады. Істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде де
хаттамалар жасау қажет. Мысалы, заттай дәлелдемелерді қарап шығу (АІЖК-нің
88-бабы), сараптама тағайындау (91-бабы), бітімгершілік келісімнің
шарттарын бекіту, куәлардан жауап алу хаттамаға түсірілуі керек. Басқа
жекелеген іс жүргізу әрекетін жасаған кезде сот отырысының хаттамасын жасау
талап етілмейді (нормативтік қаулыны қараңыз).
Істі сотта қарауға дайындау барысында шығарылатын кейбір сот
қаулыларының тізбесі:
іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым;
арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым;
іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;
дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым;
талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым;
жауапкерді ауыстыру, іске қатысуға үшінші тұлғаларды тарту туралы
ұйғарым;
қуыным талаптарды біріктіру мен бөлу туралы;
талапкердің талап етуі бойынша берілген арызды қайтару туралы.
АІЖК-нің 172-бабына сәйкес, осы Кодекстің 242, 243-баптарымен, 247-
бабының 1)-5) тармақшаларымен және 249-бабының 1)-5), 8), 9)
тармақшаларымен көзделген мән-жайлар болған жағдайда, істі сотта қарауға
дайындау кезінде ол бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не
арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін. Тараптарға осындай іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz