Талап қою арқылы іс жүргізудің түінігі және мәні


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “ТАЛАП ҚОЮ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ”

ОРЫНДАҒАН: сырттай оқу бөлімінің __

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: кафедра аға оқытушысы,

(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра шешімі бойынша

“ ___” 2009 ж

№ хаттама

Кафедра меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, (лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)

АЛМАТЫ - 2009

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1-тарау. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні

1. 1. Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі

1. 2. Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс-әрекеттері

2-тарау. Істі сотта қарауға дайындау

2. 1. Судьяның істі сотта қарауға дайындау жөніндегі іс-әрекеттері

2. 2. Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері

3-тарау. Азаматтық істерді сотта қарау

3. 1. Істі сотта қарау және сот отырысы

3. 2. Сот отырысының дайындық бөлімі

3. 3. Істі мәні бойынша қарау

3. 4. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазыаасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары1. Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және олардың қорғалуына кепілдік беріледі2.

Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің азаматтық сот ісін жүргізу саласына да ықпал етті. Сот- құқықтық реформаларды жүзеге асыру бағытында 1999 жылы Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданып, азаматтық сот ісін жүргізуде жаңа институттар пайда болды, кейбір іс жүргізу ршституттарының мазмүны өзгерді. Бүл талап қою қүқығьш іске асыру мәселесенің мәніне елеулі әсерін тигізеді.

Талап тек мемлекеттік сотқа ғана емес аралық немесе төрелік сотқа да қойылады.

Ғалымдардың талап қою бойынша іс жүргізудің мәселесін зерттеумен кең шұғылданған кезі - XX ғасырдың 50-90 жылдарына, яғни кеңестік дәуірге сай келеді. Сол кездері жүргізілген ғылыми жұмыстардағы теориялық ой қорытындылар әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

Осы жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатым - ол азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша талап қою бойынша іс жүргізудің түсінігі мен оның процессуалдық мәнін саралау болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселеге З. Х. Баймолдинаның, Қ. Ә. Мәмидің, Г. А. Жилиннің, В. И. Радченконың, М. С. Шакарянның және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеу пәні болып талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - талап қою ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:

  • Қазақстан Республикасындағы талап қою арқылы іс жүргізу институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
  • Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
  • Талап қою арқылы іс жүргізу жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
  • Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні негіздеріне құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.

Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының талап қою саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық және азаматтық іс жүргізу заңдары, арнайы талап қою саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден сегіз бөлімшеден құрылатын үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Талап қою арқылы іс жүргізудің түсінігі мен мәні

1. 1. Талап қою бойынша іс жүргізудің ұғымы мен тәртібі

«Талап» рим құқығында белгілі болған «астіо» терминінен шыққан, орыс тілінде «иск» деген терминмен белгіленген. Талап ұғымын зерттеуге көптеген процессуалистердің еңбектері арналады (Н. И. Авдеенко, С. Н. Аврамов, З. Х. Баймолдина, МА. Викут, М. А. Гурвич, АА. Добровольский, П. Ф. Елисейкин, Н. Б. Зейдер, А. Ф. Клейнман, ГЛ. Осокина, Е, В. Рябова, К. С. Юдельсон, т, б. ) . Бірақ ғалымдар арасында талаптың түсінігіне қатысты ортақ көзқарас жоқ. Автор әртүрлі пікірлерге теориялық-құқықтық талдау жасай отырып, талапты процессуалдық және материалдық аспектіде қарастыратын ғалымдардың ұстанымдары дұрыс деген қорытындыға келеді, Процессуалдық аспектіде талап ретінде мүдделі тұлғаның мемлекеттік сотқа немесе аралық (төрелік) сотқа мәлімдеген, қатал белгіленген тәртіппен қаралуға жене шешілуге жататын талап етуі, ал материалдық аспектіде талап ретінде талапкердің жауапкерге бағыттаған бұзылған немесе бұзылу қаупі бар не даулы құқығын және заңды мүддесін қорғау туралы талап етуі түсініледі. Талаптың анықтамасында ҚР АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігінің 4-тармақшасында көзделген талап арызда талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңы мүдделерін бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні және оның талап қою талаптары көрсетілуге тиістігі жөнінде норма ескерілді.

Талап тек талап қою арқылы іс жүргізуде ғана емес, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде де орын алады. Бұл аталған іс жүрігізуде қарама-қарсы мүдделері бар екі тараптың жөне олардың арасында құқық туралы дау болатынын көрсететін оның құқықтық табиғатынан шығады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің атауы мұндағы талапты ерекше талап деп атауға мүмкіндік береді. Ерекше талаптар жария құқықгық қатынастарынан туындап, тараптар арасындағы материалдық-құқықтық қатынастар билік пен бағыну сипатында болады. Сонымен бірге ерекше талаптар ҚР АІЖК-нің 25-29-тарауларында нақты белгіленген. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге заңда белгіленген алыныстар мен толықтырулар ескеріліп, талап қою арқылы іс жүргізу ережелері қолданылады. Сондай өзгерістердің бірі - ерекше талаптардың арызбен немесе шағыммен қозғалатыны. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуді сотта талап арызбен қозғау дұрыс тәрізді. Бұл аталған іс жүргізудін мәніне толық сай келер еді. Мұндай ұсыныс сотта шағыммен немесе наразылықпен қозғалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту жөнінде істерге қолданылмайды. Өйткені аталган істердің материалдық табиғатында ерекшеліктер бар, сондай-ақ бұл істерге азаматтық сот ісін жүргізу ережелеріне қоса әкімшілік сот ісін жүргізу ережелері де қолданылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында талаптың түсінігі туралы мәселенің таласты екендігі өз кезегінде талапқа құқық проблемасының да таласты сипатын көрсетеді. Талап қою құқығы дегеніміз - соттың немесе аралық (төрелік) соттың қызметін мүдделі тұлға мәлімдеген талап бойынша қозғау және жүргізу құқығы. Ал талаптың қанағаттандырылуына құқық дегеніміз - мүддені тұлғаның мемлекеттік соттың немесе аралық (терелік) соттың шешімі арқылы бұзылған немесе даулы субъективті материалдық құқығын қорғауға ие болу құқығы.

Процессуалдық мағынадағы талапқа құқық және материалдық-құқықтық мағынадағы талапқа құқық өзара байланысты және тәуелді екеніне қарамастан дербес ұғымдар болып табылады. Екі ұғымның дербестігін олардың бір-бірінен пайда болу негіздеріне, анықталу сәтіне және болмау салдарьгаа байланысты айырмашылықтары көрсетеді.

«Талапқа құқық» ұғымы «сот арқылы қорғалу құқығы» ұғымымен байланысты. Сот арқылы қорғалу құқығын да екі аспектіде қарастыруға болады: қорғалу үшін сотқа жүгіну құқығы және сотта қорғауға ие болу құқығы. «Талапқа құқық» «сот арқылы қорғалу құқығының» құрамдас бөлігі болады, сондықтан екеуінің ішінде сот арқылы қорғалу құқығының мағынасы кең болып табылады.

Талап қою құқығы талапқа құқықтың процессуалдық мағынасы ретінде субъективті құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Сотқа талаппен жүгіну құқығы белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын субъективті азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде болады. Талап қою құқығына ие болу мүдделі тұлғада қорғалуға жататын субъективті құқықтың немесе заңды мүдденің бар болуына тәуелді емес3.

Талап қою құқығы азаматтық іс қозғалғанға дейін пайда болады және талап қою мен азаматтық істі қозғау арқылы іске асырылады.

«Талап» және «талап арыз» ұғымдарының ара қатынасын анықтау маңызды болып келеді. Әдебиетте талап пен талап арыз мазмұны және сыртқы нысаны ретінде байланысатыны жөнінде ой айтылады (Ж. Н. Машутина, Г. Л. Осокина) . Талатың және талап арыздың әркайсысының дербес нысаны мен мазмұны болады. Талаптың мазмұнын оның нысанасы мен негіздемесінен тұратын элементтерінін жиынтығы құрайды. Ал үшінші элементіне қатысты ғалымдардың ойлары бір арнаға тоғыспайды.

З. Х. Баймолдинаның үшінші элементке құқықты немесе заңды мүддені қорғау тәсілдері жататыны жөніндегі пікірін қолдауға болады.

Талап арыз істі сотта қарауға әзірлеудің, сотта істі қарау мен мәні бойынша шешудің шектерін жөне сипатын анықтаймыз. Ол сотқа соттық зерттеудің көлемін, дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берілетіндігін анықтауға көмектеседі. ҚР АІЖК-нің 150 жөне 151-баптарында көзделген талап арыздың нысаны және міндетті реквизиттері, талап арызға тіркелетін құжаттар жөнінде ережелер қатаң сақталуы керек.

Талап арыз реквизиттерінің бірі - талапкердің өз талаптарын негіздейтін мән-жайлары, яғни талаптын негіздемесі. Талаптың негіздемесі арқылы тараптар арасында құқықтық қатынастың пайда болуын, талап қоюшының субъективтік құқығын, сондай-ақ осы құқықтың бұзылуын анықтауға және осы талаптың басқа талаппен ұқсастығының болуын немесе болмауын анықтауға болады. Талалтың негіздемесі сөйкес дәлелдемелермен расталуы керек. Дәлелдемелердің талап арызда көрсетілуі және тіркелуі талап арыздың міндетгі реквизитіне жатпайды, сондықтан сот істі қозғау кезінде тараптарды қажетгі дәлелдемелерді тапсыруға міндеттей алмайды. Сот іс қозғалғанан кейін қажетгі дәлелдемелерді тапсыруды ұсына немесе талап ете алады.

Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы - бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:

  • материалдық-құқықтық талаптың болуы;
  • субъективтік құқық туралы даудың болуы;
  • қарама-қайшы мүдделері бар екі тараптың болуы.

Талап элементтері - талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:

мән - осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас) .

талаптың негізі - істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары, талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен байланыстырады.

талаптың мазмұны - сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.

Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.

Талап қою. Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға талап қоюға, ерекше талап қою және ерекше ісі жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып табылады және АІЖК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп белгіленген.

АІЖК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда мыналар өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:

  • мемлекеттік органдар;
  • заңды тұлғалар;
  • азаматтар;
  • прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың, құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) жүгінуге құқығы бар.

1. 2. Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс-әрекеттері

Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген алғышарттар болған жағдайда (жоғарыдан қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап арыз қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау керек. Өз мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Заңмен көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша іс басталған тұлғаға сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің тарабы мемлекет бола алады (АІЖК-нің 48-бабы) .

Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен бір мезгілде сот АІЖК-нің 14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.

Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысының (бұдан әрі - нормативтік қаулы) 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар.

Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз, ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін күрделі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге) сәйкес, қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызды сот тек қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі қабылданып, зардап шегуші, қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін немесе осы талаптарды әкімшілік белгіленген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда іс жүргізуге қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің арызы бойынша дер кезінде шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей сотқа жүгіне алады.

Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер қоса берілуге тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы және өмірді сақтандыру
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Медициналық ақпараттық жүйелер
Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық бойынша жалған құжат түсінігі
Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерртеу
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Азаматтық істерді сотқа әзірлеу
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz