ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері



КІРІСПЕ
І. КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыс – ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып есептелетін ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт бопып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретіндегі қызметтің негіз боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көпұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнәр көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігіне негіз етіп алды. Қазақстан Республикасы құрылыс нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қоспалаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп Қазақстан Республикасында парламенттіктің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституцияның кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, теңдік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс-әрекет қажет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жыл 20 желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау ережелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120 Жарлығы
4. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. А., 1998г.
5. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
6. Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право М., 1996г
7. Коваленко А.И. Конституционное право М., 1995г.
8. Амандыкова С.К. Конституционное право РК. Караганда, 1998г.
Амандықова С.К. ҚР Конституциялық құқығы. Астана, 2001 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – ҚР Конституциялық құқық пәнінің маңызды институты болып
есептелетін ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері мәселесіне арналған.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық
тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық
дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт бопып табылады. Республика
Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін
қалады, мемлекеттік тетік, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретіндегі
қызметтің негіз боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін
айқындады. Республика Конституциясы конституциялықтың демократиялық
дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көпұлтты халқын мемлекеттік
биліктің бірден-бір қайнәр көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін
атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот
тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігіне
негіз етіп алды. Қазақстан Республикасы құрылыс нысаны бойынша —
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес
тұрақты жұмыс істейтін қоспалаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде
танылды. Сөйтіп Қазақстан Республикасында парламенттіктің берік құқықтық
негізі жасалды. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі — оның жалпыға
мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып
табылады. Конституцияның кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының
бостандық, теңдік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс
тапты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың,
мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге
стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда,
Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада
көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы
қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға
қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді
шығармашылық іс-әрекет қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясының
идеяларын, принциптерін, нормаларын саяси және құқықтық талдау еліміздің
экономикалык,, әлеуметтік, саяси және рухани өсуіне соны серпіліс, тың қуат
беретінін көрсетеді. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың,
қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың Конституция нормаларын, принциптері
мен идеяларын мүлтіксіз сақтауы, пайдалануы мен қолдануы құқық тәртібін,
заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру,
материалдық әл-әуқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді
бекітудің сөзсіз шарты болып табылады.
XX жүзжылдыкта Қазақстанда бес Конституция қабылданды. Алайда, олардың бір
де біріне түсініктеме жазылған жоқ. Оның өзіндік себептері де болды. 1995
жылғы Конституцияға түсініктеме жазуға толық негіз бар. Қазіргі заманғы
тәуелсіз, егемен мемлекеттіліктің барлық атрибуттары жасалды, оның қызмет
ету принциптері айқындалды. Мемлекеттік ықпал етуге жататын, қоғамдық
қатынастардың мейлінше маңызды қырларын реттейтін мол заң материалдары
жинақталды. Алайда, бұл ұлттық заңдар жүйесі түбегейлі қалыптасып болды
деген сөз емес. Мұндай жағдайдың бол-майтыны белгілі. Бірақ ұлттық
заңдардың басты параметрлері айқындалды және орнықтырылды деуге толық негіз
бар. Конституцияның ұсынылып отырған ғылыми-құқықтық түсініктемесі, оның
тікелей қолданыла отырып заңдарды дамытудың құқықтық негізі ретінде қызмет
ететіндігінің сөзсіз дәлелі.
1998 жылғы 30 қыркұйекте Қазақстан Республикасының Президенті
Парламентте халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауымен сөз сөйледі, онда
Конституцияға саяси реформаны тереңдетуге, сайлау жүйесін жетілдіруге,
саяси көзқарастың көп қырлылығы мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуге
бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
Президенттің ұсыныстары қаралды және депутаттар өз кезегінде Парламенттің
өкілеттігін кеңейту туралы бастамашылық ұсыныстар енгізді.
1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Респубпикасының Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына берілген түсініктеме осы
Заңға сәйкестендірілді.
Зерттеудің нысаны ҚР Конституциялық құқық пәнінің ҚР-ның
Конституциялық дамуының кезеңдері мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – Констиуциялық құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.

І. КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ

Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның колданылу мәселесі туралы
жазбады десе де болады. Конституцияның колданылуы конституциялық кұқықтағы
өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой түйіндері
ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның мемлекет, қоғам,
саяси партиялар, баска да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген
адамдар өмірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан
өркениетті, демократиялык қоғамда Конституцияға, оның колданылуына,
тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай Конституция, оның мазмұны
туралы оны кабылдағанға дейін-ақ мұкият ойластырылады. Тиісінше,
Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу және 2)
қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның
қабылданғаннан кейінгі колданылу механизмі де терең, мұқият ойластырылады.
Бірінші кезекте тұжырымдама әзірленеді және Конституция нормаларынын
мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір тұжырымдамамен
шектелмейді, әсте, Конституцияның өзі көптеген бөлік-терден тұратын
актілерді білдіреді. Әр бөлік белгілі бір тұжырымдама үшін объект болып
табылады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын
жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құкы
тұжырымдамасы, меншік құқы түжырымдамасы және басқалары осындай
тұжырымдамалар болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік кұрылыс
тұжырымдамасы шартты түрде дербес теориялық бөліктерден: билікті бөлу
теориясынан, мемлекеттік кұрылым және басқару нысандары теориясынан,
мемлекеттік қызметтеориясынан, мемлекеттің механизмі теориясынан тұрады.
Адам құкық тұжырымдамасы адамның, азаматтық құкы және баскаларынан тұрады.
Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалык материалдарды колдана
отырып, мұқият әзірленбесе, онда ол Конституцияға елеулі зиян келтіреді.
Егер әп дегеннен тұжырымдамалық қағидалар айқын болмаса, онда ол
конституциялык, қағидалардың қалыптасуына теріс ықпал етеді. Мұның мысалы
ретінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Кон-ституциясындағы жерге
меншік құқы туралы кағиданы атауға болады. Бұл Конституцияныңжерге
мемлекеттік меншік кұкын орныктырғаны белгілі. Алайда, коғамның жерге жеке
меншікті енгізбеуге болмайтын нарықтық қатынастарға көше бастағаны
бәрімізге белгілі болатын. Демек, 1993 жылғы Конституцияның негізіне
алынған меншік кұкы тұжырымдамасы іс жүзінде зиянды болды.
Дегенмен, былай да болуы, тұжырымдама айкын, ал оны толық көлемінде
жорамалдауға конституциялык нормалар, кағидалар жарамсыз болып шығуы
мүмкін. Билікті бөлу тұжырымдамасы, шамамен осылай болып шықты. Билік
бөлуді тепе-тендік механизмін жан-жақты әзірлеген жағдайда ғана енгізуге
болатындығы түсінікті еді. Қазақстан Республикасы Консти-туциясы жобасы
нұсқаларының бірінде биліктін, әр түрлі тармақтарының арасындағы тепе-
теңдік механизмінің шартты түрдегі толық жүйесі ұсынылды. Алайда, он екінші
шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мұндай механизмді
кабылдауға теориялық жағынан да, практикалык, жағынан да әзір болмады,
сейтіп, бүл билікті бөлу тұжырымда-масынан алшақтап кетуге әкеліп
ұрындырды. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасынын, 1993 жылғы
Конституциясындағы билікті бөлу туралы қағида әміршең болмай шықты және көп
ұзамай республиканың екі Жоғарғы Кеңесі таратылғаннан кейін толыққанды тепе-
тендік тетікті құру қажеттігі туралы мәселе катаң қойылды, ол міндет
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында белгілі бір деңгейде
орындалды.
Конституцияның тұжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің
және баскалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың мүдделерін анықтап,
Конституцияда оны ескеру үшін оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық
қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және
басқаларының өкілдерін тарту керек. Өйткені коғамдық катынастардың аталған
субъектілерінің мүдделері объективті факторлармен елеулі түрде белгіленген.
Мен бүкіл қоғамның үдемелі дамуының жалпы процесінен туындайтын және оларды
ескермеу бүкіл қоғам өміріне кері әсер ететін факторлар туралы айтып
отырмын. Айталық, Қазақстанда мемлекеттілік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген
кезде, Қазақстанда мемлекет қазак ұлтының ғана емес, бүкіл халықтын
мүддесін білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып
табылады деп атап көрсетілгенмен басты назар бірұлттылыққа аударылды. Іс
жүзінде, Қазакстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы "өзін-өзі
танушы қазақ ұлтының мемлекеттілігі туралы" қағиданы қоғамдықсана
бірауыздан қабылдамады және Қазақстан мемлекетінің кұрылуы бүкіл халықтың
өзін-өзі тануының жемісі екендігі туралы пікір қалыптасты. Бұл қағида
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылды. Менің
пікірімше, бұл ымыраға келудің нәтижесі емес, халықтың нақты жағдайының
орнығуы. Бұл мән-жай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясын
баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде тануына ықпал етуі тиіс.
Конституцияның тұжырымдамаларында ақылға қонымды мәміле элементтері де
көрініс таба алады. Егер мәміле объективті турде белгіленсе және жалпы
мүддеге қызмет етсе, сөз жок, танылып, Конституцияда орнықтырылуы тиіс.
Конституцияда мәміледен туындаған нормалардың болуы қоғамдағы елеулі
қайшылықтардың дәлелі болып табылады. Мәмілелік нормалар бұл қайшылықтарды
бейбіт жолмен, қоғамдық келісім негізінде шешуге қызмет етеді. Орыс тіліне
көзқарас осының мысалы болып табылады. Казақстан Республикасының 1989 жылғы
Тіл туралы Занында, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында
орыс тілі ұлтаралык, қатынас тілі ретінде танылды. Алайда, мұндай кағида
орыс тілді тұрғындарды канағаттандырмады, орыс тілінің мәртебесін көтеру
туралы мәселе күн тәртібінен түспей қойды. Бұл Қазақстан Республикасынын,
Конституциясындағы аталған қағиданың тұрғындардың белгілі бір бөлігінің
мүддесін бейнелей алмайтындығын, сондықтан Конституцияны тұрғындардың осы
бөлігінің тұтастай қолдамайтындығын көрсетті. Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясында мемлекеттік органдарда және жергілікті езін-өзі
баскару органдарында ресми түрде орыс тілінін қазақтілімен бірдей
колданылатындығы жазылды. Орыс тіліне қатысты кол жеткен мәміле мәселенің
толық шешілгенін, кайшылықтың жойылғанын білдірмейді. Қазақ тілі іс жүзінде
мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла береді. Тиісінше,
аталған мәмілелік қағиданы жүзеге асыру мемлекетік органдардың басты
назарында болуы, аталған саладағы қайшылық ұлтаралық қайшылыққа айналып
кетпеуі тиіс.
Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі принциптеріне кайшы
келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай
тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның
мысалы ретінде кезінде ұлтаралык келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі
негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің
табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең — Конституцияның колданылуы.
Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық кұкық саласындағы
белгілі маман Ю. А. Тихомиров: "Конституцияның тікелей қолданылуы оның
тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын,
кемшіліктен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі әсер
ету, институттық кайта құрылуларды білдіреді"1 деп жазды.
Алайда, Конституцияның мұндай тікелей колданылуын Ю. А. Тихомиров
карастырмайды. Дегенмен, Конституцияның кандай қырымен қолданылатынын ол
дұрыс атаған деп ойлаймыз. Тағы бір қағидамен келісуге болады: барлық осы
қырларында, олар құқықтык, қатынастарды тудыратындықтан, Конституция
нормалары тура және тікелей колданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке
қарастырайык.
1. Конституцияның кұкық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.
А. Қандай зандар қабылдау керек екендігін Конституция тура керсетеді.
Бұл зандар не дәл аталады, не жалпы сипатга керсетіледі. Айталык, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 64-бабында Үкіметтің құзыреті, ұйымдық
тәртібі мен Қызметі конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституциялық
Кеңестің ұйымдастырылуы мен кызметі Конституциялык заңмен реттелетіні (71-
баптың 6-тармағы) көрсетілген. Тағы бір мысал — Конституцияның Парламенттің
заң шығарушылық кызмет саласын атауы: меншік режимі, салық салу туралы, сот
кұрылымы мен сот ісін жүргізу және басқалары (61-бап) туралы зандар
шығарады.
Ә. Қазакстан Республикасының Конституциясы іс жүзінде кұқыққа анықтама
береді: ол осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды нормативтік-кұқықтық
актілердің: а)зандардың, ә)заңға сәйкес актілердің, б)Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарының белгілі бір түрлерін құкыктық
шығармашылыкка бағыттайды. Анықтаманың қай-кайсысы да шартты сипатта
болады, сондықтан кұбылыстың мәнін толық бейнелемейді. Конституциядағы
анықтама мүмкіндігі туралы дауласуға болады. Бұл жағдайда дау басқа жәйт
бойынша тууы мүмкін, айталық, кұкықпен заңды ұқсастыру мүмкін бе? Құкық
ғылымында кұкық пен занды ұқсастыруға болмайтындығы баршаға белгілі.
Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары
мемлекеттік органдардың норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді.
Парламент — зандар, Президент -белгілі бір жағдайларда зандық күші бар
нормативтік жарлықтар, Үкімет — нормативтік каулылар, Конституциялық Кеңес
және Жоғарғы Сот — нормативтік қаулылар қабылдайды.
2. Конституция нормаларының тура колданылуы барлық мемлекеттік
органдарға, оның ішінде соттардың да кызметіне қатысты. Конституция
нормаларының тікелей қолданылуы нені білдіреді? Ол мемлекеттік органдардың
белгілі бір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей
колдана алатындығын (колдануы қажеттігін) білдіреді. Олар қандай
жағдайларда тікелей қолданылады? Егер: 1) мемлекеттік органдардың карауына
жататын катынасты реттейтін арнаулы нормативтік акт болмаса; 2) арнаулы
нормативтік акт болғанмен, ол Конституцияға қайшы келсе; 3) адамның және
азаматтың кұқығын, бостандығы мен жауапкершілігін анықтайтын нормативтік
құқықтық акт кабылдаған жағдайда Конституция қағидасы оны қолданудың
мүмкіндігін (кажеттігін) көрсете алмаса; 4) Конституцияның кағидасы мән-
мазмұны бойынша қосымша регламенттікті кажет етпесе мұндай жағдайларда
Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.
Егер Конституция нормаларына қайшы келсе, егер азаматтардың кұкын,
бостандығын, жауапкершілігін белгілейтін нормативтік актілер жарияланбаған
болса ондай нормативтік кұкықтык, актілерді колдануға мемлекетгік
органдардың кұкы жок. Егер сот қолданылатын нормативтік актінің Конституция
кағидаларына қайшылығын байқаса немесе ондайлардын Конституцияға
сәйкестігіне күдіктенсе, онда ол іс жүргізуді тоқтатуға және мұндай актінің
конституциялығын аныктау туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге
міндетті. Конституцияның 78-бабына және Президенттің "Казақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялык, заң күші бар
Жарлығының 17 және 20-баптарына сәйкес істі қараудың бірінші сатысында сот
осындай сұрау салуы, ал кассациялық және қадағалау сатысында істі караудың
кез келген сатысында сұрау салынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Конституцияны колдану жөнінде
сотгарға (қылмыстық алкаларға) біркатар нұсқаулар берді.(І) Қылмыстық іс
жүргізу кодексінде тұтқындалған адамның прокурордын қамауға алуға және
күзетте ұстауға берген рұқсатына байланысты сотқа шағымдануына кұкы туралы
қағида қаралмаған, Конституцияда тұтқындалған адамға мұндай құқық берілген
(16-баптың 2-тармағы). Сондық-тан соттарға тікелей Конституцияны басшылыққа
алу ұсынылады. Қамауға алуға және күзетте ұстауға рұқсат берген прокурордың
әрекетіне байланысты түскен шағымды соттар мейлінше қыска мерзімде (он
күннің ішінде) карауы тиіс.
3. Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері
жүзеге -асыра алады. Конституциянын. көптеген нормалары азаматтарға,
олардың бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда заң аясында әр түрлі, айталық, жеке кәсіпкерлік
қызмет саласында құқықтық катынастарды қолданған азаматтардың іс-әрекетіне
мемлекет араласпайды. Әрине, азаматтарға кең көлемде берілген кұкық пен
бостандық мұндай конституциялық нормаларды баршаның, тұрақты және ұдайы
қолданатындығын білдірмейді. Әлеуметтік зерттеу Конституцияға, оның
нормаларына адамдардын әр түрлі: нигилистік, конформистік, енжар-
атқарушылық, белсенді, күштеп-аткарушылық көзқараста Қарайтындығын
көрсетті. Бір маңызды мәселеге: азаматтардың хабардарлығы мен кұкыктық
тәрбиесіне ерекше назар аударған жөн. Ежелгі приниип бойынша заңды білмеу
жауап-кершіліктен босатпайды, бұқаралык ақпарат құралдарының дамуы
жағдайында бұл принцип басқашалау колданылады, дәлірек айтқанда, баршаның
құкықтық білімі мен білігіне мемлекет қамқоршы болуы тиіс. Бұл орайда,
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы республикада
құқықтық білім беру жөніндегі шаралар туралы қаулысының манызы зор. Тек,
мектеп жасына дейінгі мекемелерге ұсынылған кұқықтық білім беру
бағдарламасының өзі көп нәрсені аңғартады. Бұл — ғалым-заңгерлер және
практиктер үшін әрекет бағдарламасы.
4. Конституция құқықты, бостандықты және занды мүдделерді қорғауға1
кең жол ашады. Біріншіден, азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына
сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын корғауға тиіс. Конституция
негізінде туындайтын сот билігінің барлық істер мен дауларды қамтитындығы
Конституцияда тура айтылған. Конституциялық нормалардың тек жеке тұлғаларға
ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғаларға да қатысты тікелей қолданылатыны
осыдан көрінеді (76-бап). Одан әрі, адамдардың конституциялық кұқы мен
бостандығына нұқсан келтіретін зандарды және басқа нормативтік құқықтық
актілерді қолдануға соттардың құқы жок. Егер сот қолдануға жататын заңнын,
немесе басқалай кұкыктық актінің адамдар мен азаматтардың Конституциямен
бекітілген кұкығы мен бостандығына нұқсан келтіретінін байқаса, ол іс
жүргізуді тоқтатуға және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану
жөніндегі ұсыныспен Конституциялық Кенеске жүгінуге міндетті.
Осыған орай бір мәселе туындайды: егер кұзыреті Конституцияда немесе
конституциялық занда көзделген органдар өз өкілеттігін орындамаса, олар
үшін мұның салдары қандай болуы мүмкін? Одан да екініштісі, егер
әрекетсіздік негізделмеген теориялық қағидалар тұжырымдасы, оларға кім,
қалай ықпал ете алады? Былайша, Парламент және Президент, айталық, оларды
орнынан түсіру аркылы Үкіметке ықпал ете алады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп
ойлаймыз. Бұл — Қазақстан Республикасының Сот практикасында мемлекеттік
қызмет туралы занды қолдануда туындайтын мәселелерге байланысты ҚР Жоғарғы
Сотының Пленумы соттарға "Қазак-стан Республикасының Конституциясы
Республиканың барлық аумағында ең жоғары зандық күші бар және Республиканың
бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындықтан (Конституцияның 4-бабының 2-
тармағы), олардың аталған санаттардың істі караған кезде оның нормаларын
басшылыкка алуы тиістігін түсіндіреді. Мемлекеттік кызметте істейтіндер
үшін Конституцияда каралған кызметте болу жасы мемлекеттік кызметті тоқтату
және еңбек шартын бүзу үшін негіз болып табылатындығы түсіндірілді.
"Казахстанская правда" 15 тамыз, 1997 ж.
5. Конституция коғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ыкпал
ете алады. Бұл орайда, мемлекет органдары кызметінің Конституцияда
белгіленген принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық,
қазақстандық патриотизм, қоғам өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен шешу маңызды рөл атқара алады. Бұл принциптердің
тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық аза-маттарға да
катысты екендігін естен шығармау керек. Шынында, тек мемлекеттік
органдардың күш салуымен қоғамдық келісімге келуге бола ма? Әрине,
болмайды. Тұрғындардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Конституцияға қайшы елсе
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциясылық дамуы
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Конституция мемлекеттің басты заңы. Конституцияның мәні мен ұғымы
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
ҚР Конституциясының дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Пәндер