Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері


Қазақстан РеспубликасыныңАты жөніМ А Г И С Т Р Л І К Д И С С Е Р Т А Ц И ЯТақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері»12. 00. 02 - конституциялық құқық; муниципалды құқық; әкімшілік құқық; қаржы құқығы«Магистр» - академиялық дәрежесін алу үшін дайындалғанҒылыми жетекші:заң ғылымдарының кандидатыД. С. Жақашев« ___ » 2008 ж(қолы)Алматы - 2008:

Қазақстан Республикасының

Аты жөні

М А Г И С Т Р Л І К Д И С С Е Р Т А Ц И Я

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері»

12. 00. 02 - конституциялық құқық; муниципалды құқық; әкімшілік құқық; қаржы құқығы

«Магистр» - академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Ғылыми жетекші:

заң ғылымдарының кандидаты

Д. С. Жақашев

« ___ » 2008 ж

(қолы)

Алматы - 2008

М А З М Ұ Н Ы:

КІРІСПЕ 3

І БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпараттар еркіндігінің конституциялық негіздері

1. 1. Бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеудің құрылу жолдары мен

тарихи дамуы 7

1. 2. Ақпараттық құралдар еркіндігінің конституциялық негіздері және ақпарат саласы мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру 11

1. 3. Қазақстан Республикасы конституциясы бойынша ақпарат нарығы және ақпараттық кеңiстiктегi бәсекелестiк 19

ІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығының конституциялық негіздері

2. 1. Сөз бостандығының тарихи құқықтық аспектілері 26

2. 2. Қазақстан Республикасы конституциясы бойынша сөз бостандығының түсінігі 39

2. 3. Қазақстан Республикасы конституциясындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алу мен таратуды құқықтық қорғау: Азаматтық-құқықтық және Қылмыстық-құқықтық

2. 4. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Ақпарат ресурстарын қорғау жағдайлары мен проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз бостандығы мен ақпараттарды еркін түрде айырбас жүргізу - қоғамның даму эволюциясының маңызды факторының бірі болып табылады. Азаматтарды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды қоршаған орта мен онда болып жатқан оқиғалар жөнінде уақтылы мәліметтермен қамтамасыз ету бұқаралық жүйеде ақпараттық құралдар мен технологияның жетілдіруіне әкеліп соқтырады. Мұндағы негізгі мәнді, бұл процесті реттейтін құқықтық жағынан қамтамасыз етіп кепіл бола алатын тұрақты заң актісін қабылдауды қажет етеді. Ондағы ерекше ролді жеке немесе жария (көпшілік) мекемелері (атап айтқанда ақпараттық агенттіктер, баспа мекемелері, радио, теледидар т. б. ) жинап тарататын бұқаралық ақпараттарға арналған.

Бұқаралық ақпарат құралдары бір жағынан қоғамды биліктің әрекеті жөнінде мәлімет беретін уақтылы каналы болса, екінші жағынан билікке қоғам өмірінен ақпарат беретін бірден бір құралы болып есептеледі. Олар әлемдегі оқиғалар жөнінде жедел ақпарат беріп қана қоймай, түскен ақпараттарға талдау (анализ) жүргізе отырып көпшілікке жариялайды. Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралы өмірдегі қоғам пікірлерін алмастыратын тағы да үлкен ролді де ойнайды, осы кұшті құрал арқылы адамдарды сана-сезіміне де әсерін тигізе алады. Олардың ролі, тәжірибе жүзінде алғанда біздің өміріміздің барлық салаларында орын алады. Олар саяси күрестің инструменті ретінде, нарықтың элементі ретінде, құқықтық қатынас субъектісі ретінде, сондай-ақ шаруашылық қызмет пен мәдени құндылықтарды иеленуші ретінде көрініс табатындығын байқатады.

Сонымен, тақырыпты зерттеудің өзектілігі сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралының қоғам мен мемлекет өмірінде, мемлекеттің көп ұлттық мәдени дәстүрін сақтаумен айқындалады. ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заңнама демократиялық мемлекетіміздегі конституциялық нормалардың ұзақ даму нәтижесінде шыққан, мемлекетіміз бен шет мемлекеттердің тәжірибесіндегі әлеуметтік-саяси тарихында қалыптасқан нәтиже ретінде қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарын функцияландырудың көптеген бөліктері толықтай реттелінбеген.

Мемлекетіміздің бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде бірнеше нормативтік құқықтық актілерін қабылдағанның өзінде, әлі де болса ақпарат құралдары қызметін құқықтық реттеу нақты және толық шектерін қамтуды қажет етіп тұр.

Қазіргі кезде тәуелсіздікке кол жеткізген егеменді мемлекетіміздің Ата Заңының 20-бабында «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі»1 деп орын алған адамнын басты бостандықтарының біріне айналған сез бостандығы - бүгінгі қоғамның «жаңалығы» емес, сонау ғасырлар қойнауына кеткен ұлттык мемлекет тарихының иірімдерінен ешіріліп қалмай, өз бағасын жоймай келе жатқан кұндылық.

Сөз бостандығы кез келген мемлекеттің адам қудығын іске асырудағы басты жетістігі болып есептеледі. Сондықтан осындай жетістікке қай мемлекет қандай жолдар арқылы келді деген сұрақ - арнайы зерттеуді талап ететін езекті мәселелердің бірі. Қазақ қоғамындағы сөз бостандығының өмір қажеттілігіне айналып, кейін құкықтык құндылық есебінде арнайы мойындалу және корғалу процесін зерттеу заң ғылымының бүгінгі таңдағы міндетті тақырыптарының бірегейі болып есептеледі.

Осы айтылғандардың барлығы диссертант үшін ғылыми тұрғыда зерттеуге негіз болып табылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жетілдіру үстінде, ол әлі теориялық талдау мен негіздемеден өтуі тиіс. Өмірде бұл мәселе жөнінде тұтастай алып қарағанның өзінде көптеген материалдар жиналуда. Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама мәселесіне К. К. Арсеньевтің, Ю. М. Батуриннің, А. Б. Венгерованың, Л. Л. Ефимованың, М. В. Панярскойдың, В. Н. Монахованың, А. Г. Рихтердің, А. К. Симонованың, А. Р. Ратинованың, М. А. Федотованың, В. Л. Энтиннің және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Зерттеу объектісі. Диссертацияның ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығы мәселесіндегі қызметін мемлекеттік реттеу табылады.

Зерттеу пәні болып Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде кездесетін мәселелерді талқылау; бұл сала бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ сөз бостандығы институтын құқықтық реттеу тарихын қарастыру;
  • бұқаралық ақпарат еркіндігі мен сөз бостандығының конституциялық құқықтық негізін зерттеу;
  • бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығының конституциялық негізін ашу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз еркіндігін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.

Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының Бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз еркіндігі саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, диссертациялыө жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, диссертациялық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге конституциялық және азаматтық заңдар, арнайы Бұқаралық ақпарат құралдары мен сөз бостандығына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығы болып тақырыпты теориялық және конституциялық құқықтық негізінде тарихи дамуынан кәзіргі деңгейінде жиынтық тұрғысынан зерттеу болып табылады. Жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі құқықтық реттеудің түрлі жүйелері мен деңгейлері зерттеледі. Осыған қоса, диссертациялық жұмыс тақырыбының нақты мән-жайлары мен өзекті мәселелерінің бұрын-соңды тереңдетіліп және мемлекеттік тілде зерттелмегендігін айта кету қажет.

Диссертациялық зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі (нәтижелер) тұжырымдар:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаларда кездесетін қарама-қайшылықтардың алдын алу;
  • Ақпаратқа (мәлімет алуға) рұқсат алу жөнінде құқықтық актіні құрастыру;
  • Кәзіргі таңдағы әлемдегі компьютерлік желінің дамуы, оның ішіндегі мәліметтерді алу, тарату, айырбас жасау қоғамның әлеуметтік денсаулығына кері әсерін тигізеді, мысалы интеллектуалдық меншік құқығы бұзылады, сондықтан осыны реттейтін халықаралық акт қабылдау қажет.

Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда диссертация және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары ҚР Ішкі Істер Министрлігі Академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған. Одан басқа автордың ғылыми конференцияларында өткізген мақалаларынан байқауға болады. Диссертацияда қарастырылып ұсынылған мәліметтер заңнаманы жетілдіру жөніндегі құқықшығармашылық қызметте пайдалануға болады. Одан басқа зерттеу зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін оқу процесінде арнайы курс ретінде Мемлекет және құқық теориясы, сондай-ақ Конституциялық құқық пәндерінде оқытуға болады.

Диссертациялық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен, сондай-ақ қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпараттар еркіндігінің конституциялық негіздері

1. 1. Бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеудің құрылу жолдары мен тарихи дамуы

Бұқаралық ақпарат құралы мен сөз бостандығы аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.

Бұқаралық ақпарат еркіндігін құқықтық реттеу қажеттілігі азаматтар мен қоғам үшін маңызды мәліметтерді алмастыру негізінде өмірдің алға қарай өзгеруіне байланысты ақпараттың қоғамдағы орны мен ролі де дами түсті.

Кәзіргі кезде қоғамда баспаның, радио және теледидардың болуы ақпараттарды алып таратуға үлкен мүмкіндіктер бар. Әрине, бұқаралық ақпараттың қоғам өмірінде болуы ақпараттық қатынастарға түсушілер үшін тиімді болып тұр. Ақпараттардың мәні мен маңызы өз алдына адамдардың сана сезіміне әсер етпей қоймайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық реттеу негізін зерттеу ең алдымен Қазақстандағы тарихи қайнар көзін қарастырудан басталады.

Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, уқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы «ақпараттың» дамуы барысын мынадай 4 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі «ақпарат еркіндігі»2, дербес Қазақ хандығының «ақпарат еркіндігі», патшалық Ресейдің отары болған кездегі ақпарат мәселесі, кәзіргі таңдағы ақпарат.

Қазақстандағы конституциялық құқық, оның ішінде ақпарат пен сөз еркіндігі мәселесі ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан ақпарат пен сөз бостандығы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең аддымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының ғылыми тұрғыдан дамуы орыс халқының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс юриспруденциясы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен конституциялық құқық теориясын сомдап берді. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.

Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1511-1520 жж. ) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағын (1548-1628 жж. ) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680 - 1718 жж. ) атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды3.

Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.

Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы бұқаралық ақпарат құралдарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар.

Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды 2 . Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанып салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауга жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты4.

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған түрлі нормативтік құқықтық актілерді ізденіп-қарастыру және оны көпқырлы жағынан зерттегеннің өзінде мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс заңдылығынан көрініс табады.

Тарихына шолу жасасақ Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі заңнама өз дамуын «цензуралық құқық» деген атаумен танымал болған. Оның бастамасын сонау ІІ Петр заманындағы шіркеу кітаптарын баспаға беру кезеңінен алды. Біздің білетінімізше, цензура - бұл бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу болып табылады емес пе.

Ресей империясының отарлаушылық саясатының нәтижелері бой көрсете бастаған бұл кезеңдерінде, қазактардың әдет құқығы өзінің нақты сипатын, пәрменділігін жоғалта бастаған кезең еді. Бұл кезеңдер ақпарат құралдары мен сөз бостандығы институттарының дамуына айтарлықтай өз ықпалдарын тигізді. Осы негіздемелерді басшылыққа ала отырып, «бұқаралық ақпарат еркіндігі мен сөз еркіндігі» институтының калыптасып дамуын нақты үш кезеңге бөлуге болады екен: бірінші кезең - ақпарат теңдігінің протоқазақтық қоғамдарда құқықтық нормалармен реттелуінің, қорғалуының және шектелуінің пайда болып, қалыптасуы және дамуы (көне замандардан - XV ғасырдың ортасына дейінгі уақыт) ; екінші кезең - қазақ хандығы дәуірінде «ақпарат бостандығы» институтының сөз еркіндігін реттеуші арнайы құқықтық институт есебінде әдет кұкығы жүйесінің белді құрамдас бөлігіне айналуы және іске асуы кезеңі (XV ғасырдың ортасы - XVIII гасырдың ортасы) ; үшінші кезең «ақпарат еркіндігі» институтының қазақ қоғамы Ресей империясының кұрамында кірген кездегі іске асу дәуірі (XVIII ғасырдың ортасы - XX ғасырдың басы) .

Ақпарат еркіндігі институтының қалыптасып дамуынын бірінші кезеңінде жалпы ақпарат институты құқықтық мәнге ие қағидалар негізінде жүзеге асты. Көшпелі қоғамда қалыптасқан құқыктық сананың реттеушілік күші басым болды. Сондықтан да көпшілік жағдайларда қоғамда қалыптаскан катынастарды, соның ішінде, рухани өмір мәселелерін реттеуде құқықтық санаға арқа сүйеді.

Ал, сөз және ақпарат бостандығы институтының іске асуының келесі кезеңі, яғни ХҮІІІ-ХХ ғасырлар қазақ қоғамының үлкен тарихи кезеңдерімен сабақтасады. Орыс патшалығының отарлау саясаты жүргізіліп жатқан кезеңде, сол саясаттың нәтижелері казақ қоғамының ұлттық құқықтық жүйесіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

Отарлаушылық құқықтық реформалар қазақтардың әдет құқығының жүзеге асу аясын тарылта бастады. Қоғам өмірінде белең алған қатынастарды реттеуде әдет құқығының кейбір нормалары шектеулерге ұшырады. Ресей империясы саясатының салдары қазақ қоғамындағы сөз теңдігінің іске асуына да өз ықпалын тигізді. Бұл құқықтык институттың іске асуына тигізген ықпалы билер институтының өзіндік шынайылық келбетін жоғалта бастауымен көрініс берді.

Жалпы ақпарат мәселесі КСРО заманында қалай болды? Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, әдетте, оның заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен қатар қойып, «төртінші өкімет» деп те атағандығын байқауға боладыы. КСРО кезінде ақпарат құралдары тікелей мемлекеттің бақылауында болған. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәнінде сөз бостандығы беріліп, деморатиялық жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалады5.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітіліп, қорғалатын басты бостандықтардың біріне саналатын сөз бостандығы кез келген адамның өз ойын, пікірін ашык білдіру, олардың еркін ақпарат алу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Сайып келгенде, біздің ойымызша, болашақта қазақстандық бұқаралық ақпаратттық білім беру бағдарламасы әдістемелік жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім беру саласын "еуропалық", "англо-американдық" жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығармаған жөн, дейтұрғанмен конституциямыз бойынша сөз еркіндігі ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орны ерекше сияқты.

1. 2. Ақпараттық құралдар еркіндігінің конституциялық негіздері және ақпарат саласы мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру

«Еркіндік» (бостандық) термині Конституциялық құқықта бір-бірімен тығыз байланысты екі мағынада қолданылады. Жалпы тұрғыда алғанда жеке адамның немесе белгілі бір халықтың өз еркімен бір нәрсемен әрекет етуін түсіндіреді. М. В. Баглайдың пайымдауынша, бұл термин Конституцияда негіз қалаушы философиялық қағиданы құрап, конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтық кешенін білдіреді. 6 Ал Қазақстан ұлттық энциклопедиясына мән беретін болсақ - Ақпарат , яғни информация (лат Informatio - түсіндіру, баяндау, хабарлау, ету) - істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беруді білдіреді екен. 7 Аталған терминнің екінші мағынасы - ерік (бостандық) субъективтік мүмкіндік ретінде белгілі бір әрекет жасау немесе әрекет жасамау мағынасын білдірсе керек.

Ғылыми әдебиеттерде «Ақпарат еркіндігі» және «Бұқаралық ақпарат еркіндігі», «Ақпарат билігі», «Ақпарат құралдары», «Ақпарат саясаты» - деген секілді түсініктер көп кездеседі және олар Қазақстан Республикасы заңнамаларында қолданылатын түсініктермен бірдей қолданылып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз бостандығы және оның келешегі
ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қоғамдық пікірдің маңыздылығы жайында пікірлер
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Парламенттің саяси жауапкершілігі
Интернеттегі құқық бұзушылықтар
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz