Мұрагерлік құқық: түсінігі, түрлері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Орталық-Азия Университеті
Заң факультеті
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Мұрагерлік құқық: түсінігі, түрлері”
ОРЫНДАҒАН: сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенті
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: кафедра аға оқытушысы, заң магистры
(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра шешімі бойынша
“ ___” 2010 ж
№ хаттама
АЛМАТЫ - 2011
Мазмұны:
Кіріспе
1 Қазақ әдет-ғұрып тарихындағы мұрагерліктің бастаулары мен қайнар көздері тарихы
1. 1 Қазақ әдет-ғұрпындағы мұрагерліктің бастаулары
2. 2 Мұражәне мұрагерліктің қайнар көздері
1 Мұрагерлік ұғымы, түсінігі
1. 1 Мұрагерліктің ұғымы
1. 2 Мұрагерлік құқықтарын ресімдеу
1. 3 Мұрагерлік тәртібімен меншік құқығының ауысуын тіркеу
2 Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет
бойынша мұрагерлік
2. 1 Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
2. 2 Мұраны алу
3 Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік
3. 1 Халықаралық мұрагерлік құқық
4 Қазақстан республикасының заңдары бойынша
мұрагерлік құқық жөніндегі тәжірибе
4. 1 Соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану
жөніндегі сот тәжірибесі
4. 2 Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар бойынша сот
практикасын талдау
Қорытынды
Глоссарий
Библиографиялық тізім
Қосымша
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қай дәуірді алсақ та, бәрінде де адамзат баласы дүниеге келіп, өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуде мұра мен мұрагерліктің алатын орны ерекше. Қазақ халқының басқа халықтардан өзгешеленетін, әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттарының ішіндегі ең құндыларының бірі - мұрагерлік. Мұрагерлік институты тақ мұрагерлігі, енші беру, жасау беру, әмеңгерлік, жетімдері мен жесірлерін жатқа жібермеу сияқты ұғымдармен толығып, сомдалып, ширатыла түскен. Әр дәуірдің өркендеп-дамуына, дініне, мәдениетіне орай өзгеріп отырған. Қазақ халқының басынан өткен мұра мен мұрагерлік қағидаларының мәні әлі күнге терең, одан көптеген үлгі-өнеге алуға лайықты.
Өкінішке орай, мұра мен мұрагерліктің әлеуметтік-қоғамдық мәні зор, мемлекет тағдырында алар орнының маңыздылығына қарамай, ұзақ мезгіл елеусіз, ескерусіз қалып келді. Тіпті тәуелсіздігіміз өз қолымызға тигелі бері де бұл мәселе кейін ысырылып, көлеңкеде қалып отыр. Отбасы мен некеде мұра мен мұрагерліктің айырықша орны бар екеніне мән берілмей, батыстық заң қағидалары күнделікті қағида мен дәстүрге еніп, қалыптасар болса, онда сөз жоқ, қазақ халқы өз болмысынан ажырап, дау-дамай көбейіп, туысқандық сезім мүлдем өшіп қалуы мүмкін.
Еліміз тәуелсіздігіне ие болып, егеменді мемлекет болғанына қарамай заңгерлеріміз роман-герман отбасы және неке заңдарына көбірек үңілу үстінде. Оны біз 1998 ж. қабылданған Қазақ Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңынан көре аламыз. Қабылданған заң өз күшіне енсе, қазақ отбасылары даму, бекем болу орнына күйреп кету қаупі бар. Сол себептен халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.
Сол руханияттардың бірі - осы мұрагерлік институты. Оның адамгершілік, ізгілік жағын мемлекетіміздің заңдарына енгізу жолдарын қарастыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тақырып осы күннің маңызды мәселесі болғандықтан, зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіліп, жан-жақты зерттеу міндеті кезек күттірмейтін мәселе екені айқын.
Жұмыс - азаматтық құқық пәні бойынша маңызды институт болып есептелетін мұрагерлік құқық мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі. Мұрагерлік - қайтыс болған адамның (мұра қалдырушының) мүлкінің мұрагерлерге көшуі. Ол өсиет негізінде (егер мұра қалдырушының жазған өсиеті болса) немесе заң бойынша жүзеге асырылатын институт. Мұрагерлік бойынша қатынастар ҚР Азаматтық кодексі және өзге де нормативтік актілермен реттеледі.
Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар.
Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.
Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесеөзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т. б. болуы мүмкін.
Бұл дипломдық жұмыс заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік атты проблемаларды қарастырады.
Бұл жұмыстың теориялық-әдістемелік негізіне еліміздің белгілі заңгерлері мен тарихшы ғалымдары: М. Тынышпаев, Е. Б. Бекмаханов, Т. М. Культелеев, С. Л. Фукс, С. З. Зиманов, С. Сартаев, С. Е. Толыбеков, Ә. Е. Еренов, Н. Э. Масанов, А. М. Хазанов, С. А. Плетнева, Ғ. С. Сапарғалиев, А. Ж. Жакипова, З. Ж. Кенжалиев, С. Өзбекүлы, Н. Өсерұлы, К. А. Жиреншин т. б. ғалымдардың зерттеулері теориялық басшылыққа алынды.
Зерттеудің нысаны - мұрагерлік құқыққа байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - азаматтық құқық саласында мұрагерліктің негізін анықтау және талдау, сонымен қатар осы саладағы заңнамалар мен құқық қолдану тәжірибесіне түсініктемелерді жұмыс барысында талқылау болып табылады.
Жұмыстың теориялық базасы - мұрагерлік құқықтың ҚР азаматтық құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері жатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалынған. Ол кіріспе бөлімінен, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен жұмыс мәселесіне қатысты сызбалар мен кестелерден құралған.
1 Қазақ әдет-ғұрып тарихындағы мұрагерліктің бастаулары мен қайнар көздері тарихы
1. 1 Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерліктің бастаулары
Әдет адам өмірге келгеннен бастап, адам өмірінің соңғы кезеңіне дейін созылатын үрдіс. Жеке адам жаңа әдетті «ойлап тауып» немесе оны жеке «өзгертуі» мүмкін емес. Әдет-ғұрып - қоғамдық құбылыс бола отырып, қоғамдағы әлеуметтік организмнің өмірін сипаттайды. Тарихта бірде-бір қоғам өзіне тән әдет-ғұрыпсыз өмір сүрмеген. Қоғамның ескіруіне байланысты ондағы кейбір әдет-ғұрыптар өз күшін жойып, өзгеріп, орнына жаңа құрылыс, жаңа қоғамға тән әдет-ғұрыптар қалыптасуы мүмкін.
Әдет қоғамдық сананың жоғарғы формасы бола отырып, қоғамдағы адамдар арасындағы қатынас нормасына айналғандығы қазір дәлелденген. Ол әлеуметтік өлшем түрінде қальптасып, адамдар тобының қоғамдағы қажетті нормаларын өтеді және қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырды, халық руханиятының дамуына негіз болды. Сол руханияттарды қайта жаңғырту, дамыту туралы елбасшымыз Н. Ә. Назарбаев өз еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп кұрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн», - 1 деген болатын.
Алғашқы қоғамдық құрылыс адамзат өмірінің ұзақ кезеңін қамтығанмен, онда ешбір саясат немесе арнайы заң болған жоқ. Ондағы барлық мәселе әдет-ғұрыпты бұлжытпай сақтау, орындау арқылы шешілді. «Қазақтың ата заңдары» атты іргелі еңбекте: «Барлық халықтар өз тарихының бастапқы сатысында ондай әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық реттеудің үстемдІк етуі дәуірін басынан өткерді», - деп көрсетіледі2. Бұл туралы Ф. Энгельс: «И что за чудесная организация этот родовой строй всей его наивности и простоте! Без солдат, жандармов и полицейских, без дворян, королей, наместников, префектов или судей, без тюрем, без судебных процессов все идет своим установленным порядком», -дейді3.
Адамзат қоғамының жабайылық дәуіріндегі адамдар арасындағы қатынас жазылмаған заң түріндегі әдет-ғұрыппен реттелген. Рулық әдет-ғұрып кейін заңдық күшке ие болды. Жер бетінде өмір сүретін халықтың рулық қоғамдағы әдет-ғүрыптарын салыстырып қарасақ, көптеген өзара ұқсастық бар екендігін байқаймыз, бұл, әрине, нәсілдің бірі «жоғары», екіншісі «төмен» дегенге қайшы келеді. Жер бетіндегі барлық халықтар үлкен патриархалдық отбасы, «үлкен отбасынан» бірте-бірте «кіші отбасыларына» бөлінді.
Әдет - ғұрыптың кейбір түрлері қоғамдық-экономикалық формацияның бірнеше сатысынан өтіп, оның кейбір түрлері бізге дейін жетіп отыр. Бүл әдет - ғұрыптың еріктілігін, оның ешбір қоғамдық-экономикалық формацияға тәуелді емес екендігін көрсетеді. Қоғамдық қатынастың белгілі әдет-ғұрыпты өзгертуге әсер етпеу негізін қоғамдық психологиядан, сол қоғамдағы идеялар жиынтығынан іздестіру керек.
Алғашқы қоғамдық құрылыстағы рулық және тайпалық бірлестіктер қоғам дамуының шарықтау шегінде қоғамды басқарудың ең жоғарғы басқару түрлерін қалыптастырды. Олар таптық қоғамнан мүлде өзгеше, сол қоғамның белгілі бір тобы ғана емес, жалпы қоғам дамуының түгелдей жемісі еді. Рулық қауымда қауым мүшелері тең құқықта бола отырып, ру ақсақалының беделі, билігін өз еріктерімен мойындайды, ол ешкімді зорлап, қорқытып, күшпен бағындырмайды, оның басты құралы сол ру мүшелерінің ойлап тапқан, сол қоғамды реттеуге арналған әдет заңдарын сақтауды талап етті.
Сонымен, әдет - тарихи қоғамдағы адамдар арасында қалыптасқан, қоғамдық қатынастағы тіршілік үлгісі нормаларының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғамдық пікірдің күшімен қорғалуы.
Ал дәстүр, салт дегеніміз - тарихи дәуірдегі тұрақты қоғамдық қатынастың кең көлемдегі сипаттамасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғам мүшелерінің күшімен қорғалатындығын дәлелдейді.
Қазіргі қазақ атанған көшпелі халықтың әдет заңдары қоғамдық дамудың ұзақ үрдісінде біртіндеп қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, заман талабына сай жетілдіріліп отырды, Көшпелілер қоғамы бытыраңқы, әрі үнемі өзгерісте болғандықтан, адамдар құқын тану, ру мүддесін қорғау, рулық қауымдағы қатынасты реттеу қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары толыға келе көшпелілер тіршілік еткен даланың тыныс-тіршілігі, өзгерісі, дамуы барысында қоғамдық қатынасты ретке салатын әдет заңдарына айналды. Ал тіршілік, өмір қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті, толықтырды, жетілдірді, салалады. Өзіне тән ерекшелігі бар әдет заңдары тарих беттерінен көрініс тауып халықтың санасына әбден сіңген әдет-ғұрыпқа айналып, оның кейбір институттары мыңдаған жылдармен өлшенетін дәуірлерден өтіп, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Сондай институттардың бірі - мұрагерлік. В. В. Радловтың түрік сөздігінің 4 томында «мұра» наследство - деп көрсетсе4, Н. Д. Оңдасыновтың парсыша - қазақша сөздігінде «мирасхур, мирасқор (мирас + хур, мирас + қор) . Мұрагер мирасшы, деп түсіндірсе (а - п - қ) мирас хурлиқ, мирасқорлық (мирас + хур + лиқ, мирас + қор + лық) . Мұрагерлік, мирасшылық», - деп түсіндіреді5. Ал Е. Б. Бекмұхамбетов мұрагер деген ұғымды (а-п) сөздігінде мирасгәр, мұрагерден мұрагерліктің араб - парсы тіліндегі мирас деген негізден шықты деп көрсетсе, мирас (а) (мирас) . Атадан балаға, баладан немереге қалған үлес мұра (наследство, наследие), - деп6 түсінік береді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мұра әке-шешеден балаға қалған дүние - мүлік, бұйым т. б. заттар.
Мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалғаи дүниеге ие болушылық, мирасқорлық деп түсінік береді. Яғни араб, парсы тілдеріндегі мирас сөзінен, мирасқор деп қазақ тіліне еніп кейін кеңінен қолданылыпжүргендігін зерттеуші ғалымдар еңбегінен көреміз. Яғни, қазіргі қолданьш жүрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «мұра - әке-шешеден балаға қалған дүние мүлік, бұйым т. б. заттар десе, мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық», - деп түсінік береді7. Мұра, мұрагер деген ұғымдар қазіргі неке жэне отбасы заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстерінде кеңінен қолданылып, сол бұрынғы мэнін әлі күнге дейін жоймағандығын көреміз.
Мұрагерлік туралы Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Мұрагерлік құқық
- адам өлгеннен кейін оның мүлкі басқа біреулерге өтуін реттейтін азаматтық құқық нормаларының жиынтығы», - десе8, Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Азаматтық Кодексінде: «Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің, басқа адамға
(адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы», - деп9 біршама толық
анықтама береді. Мұрагерлік институтының қалыптасу тарихына көз
жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасасып, бірге дамып отырғанын
байқаймыз.
Алайда алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде адамдардың қажеттіліктері қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым және де оны қанағаттандыратын болды. Ру мүшелері пайдаланатын құралдардың жеткіліксіздігі әсерінен, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған деп айтуға болады. Мұндай түсініктің болмауын мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың тарихын зерттеуші ғалымдар - В. П. Алексеев пен А. И. Першиц мұрагерліктің бастауын былай деп көрсетеді: «Мужчины и женщины, по болыей части трудились раздельно, и раздельно же пользовались продуктами своего труда; при этом они чаще кооперировались и делились со своими сородичами, нежели с родственниками по браку. Имущество, если оно уже начинало наследоваться, тоже переходило к ближайщим сородичам . . . », - деп көрсетеді10. Бұл көзқарасты Л. Морганның еңбегіне сүйеніп зерттеген Ф. Энгельстің ирокездер туралы еңбегі дәлелдей түскендей: «Имущество умерших переходило к остальным членам рода, оно должно было оставаться внутри рода. Ввиду незначительности предметов, которые мог оставить после себя ирокез, его наследство делили между собой его ближайшие сородичи; в случае смерти мужчины - его родные братья и сестры и брат матери; в случае смерти женщины - ее дети и родные сестры, но не братья. По той же причине муж и жена не могли наследоватъ друг другу, а также дети - отцу», - дейді11. Осылайша ғалымдардың пікірі бойынша, адамзат қоғамы өз басынан мындаған жылдар өткізсе де, мұраны бөлуде әлі күнге дейін мұра қалдырушының туған ата-анасы, аға-апасы, іні-қарындасы, олар болмаған жағдайда жақын туысқандарын ескеретіндігін айта кетуге болады. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы аң терілері, үйді ұстауға қажетті жабдықтар т. б. адам өміріне қажетті құралдар болды, бірақ ол алғашқыда түгелдей ру мүшелеріне тиесілі болып, рудан руға өтті. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты тіршілікке қажетті еңбек қүралдары мен артық өнімнен құралған байлық әкеден кейін балаға өтіп отырды. Сондықтан біздің ойымызша, әкеден балаға мирас түсінігі осыдан қалуы мүмкін. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлермен реттелетінін айтуға болады. Бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылып отырғанын көптеген мәліметтерден көруге болады.
Шаруашылық салалары айқындалып, жіктеліп, шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары күрделене келе тайпалық қатынастар әлсіреген кезде, өлген адамның мүлкін иемдену мәселесі туындай бастаған. Қоғам әлеуметтік топтарға бөлініп, жеке меншік қалыптаса түсті, олармен бірге мұрагерлік те пайда болып, дами берді. Таптық қоғам мен таптардың өзара қайшылығы пайда болуға байланысты бұрынғы ақсақалдар мен көсемдердің беделі енді адамдар арасындағы қатынасты реттеуге мүмкіндігі жетпеді, әдет-ғұрып алғашқы формасын сақтағанмен, оның мазмұны, мағынасы өзгерді. Мемлекеттің пайда болуына байланысты басқару органдары, заңдары, пайда болса да, олар алғашқы әрекеттерінде әдет құқын басшылыққа алып отырды. Әдет құқы - ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынасты реттеу нормасы есебінде мемлекеттік биліктен қолдау тауып, заңды норма есебінде оның орындалуын күш қолдану арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Осындай заңдардың бірі - Ежелгі Вавилонда «Хаммурапи заңы» 12 қабылданып, онда шаруашылықты жүргізу, мұраны бөлу реттері көрсетілсе, Үнді мемлекетінің «Ману заңы» ежелгі «қасиетті» мәтін түріндегі әдет және құқық нормаларында әр түрлі касталардың әдет-ғұрпын басшылыққа алып жазылған. Ежелгі заңдар жинағының бір түрі Рим құл иеленуші қоғамындағы «XII Кесте»13 заңында Римдегі патрицийлер мен плебейлердің өзара күресіндегі өз құқықтарын қорғауға арналған. Осындай әдет-ғұрып заңдар жинағы VI ғасырда Франк мемлекетінде «Салистік шындық» деп аталса, VIII ғасырда Германияда «Саксондық айна» Ресейде XI ғасырда «Русская правда»14, Қазақстанда ХМІ-Х^ШІ ғасырларда Тәуке ханның «Жеті Жарғы»15 заңдары16 құқықтық 17мұралар18 ретінде19 бізге дейін жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz