Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
.
“ ___” 2012 жыл
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары”
Мамандығы 050301 - Заңтану
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
топ студенті
Ғылыми жетекші:
кафедра , з. ғ. к.
Алматы, 2012
Мазмұны:
Кіріспе
1 Еңбек құқығын қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттары
1. 1 Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні
1. 2 Еңбек құқығы қағидаттарын топтастыру
1. 3 Еңбек құқығының салалық қағидаттары
1. 4 Еңбек құқығының конституциялық қағидаттары
1. 5 Еңбекті қорғаудың түсінігі жəне қағидалары
2 Еңбек құқық қатынастары саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету
2. 1 Еңбек құқық қатынастары саласындағы адам құқықтары
2. 2 Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзу фактілері: еңбек қатынасы саласындағы кемсіту, жалақыны уақтылы төлемеу, заңсыз жұмыстан шығару
2. 3 Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
2. 4 Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің мәні мен ішкі бірлігін білдіретін ғылыми және құқықтық санат ретіндегі еңбек құқығының қағидаттары туралы мәселеде маңызды теориялық және практикалық мән бар. Қағидаттардың сақталуы еңбек құқығы нормаларының дұрыс қолданылуының, еңбек қатынастарын реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру процестеріне парапар болуға тиіс.
"Принцип" ұғымы (латынша principium - басталу, негізі) адамдардың жүріс-түрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді.
Құқыққа (оның ішінде еңбек құқығына) қатысты алсақ қағидат орталық ұғым болады, себебі ол барлық құқықтық жүйенің негізіне алынған. Қорытып жинақталған түрінде қағидат өзі туындаған құқықтық жүйенің мәндік сипатын өзіне жинақтайды. Осыған сәйкес еңбек құқығының қағидаты негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың және оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Қағидат (принцип), еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Бұл жағдайда ол құқықтық қағидатқа айналады. Заң ғылымында құқық қағидаттары - құқықтың нормативтік-жетекші бастамасы деген пікір бар. Қағидатты нормативтік бекітуден бас тарту оны құқықтық сана немесе ғылыми санат саласына ауыстыруға тікелей байланысты. Құқықтық санада адам ойына баға беру элементі ғана бар (мысалы, еңбек туралы қандай да бір заң актісінің тиімділігін бағалау), ал ғылыми санат ретінде қағидат идеяларды, пікірлерді теория жүзінде іске асыру деңгейінде қалады. Бұл екі жағдайда да қағидат ез міндетін жоғалтады, себебі практика жүзінде іске аса алмайды.
Азаматтардың еңбекті қолдану саласындағы негізгі құқықтарын қағидаттармен тендестіруге болмайтындығын ерекше атап өткен жөн, себебі олар саланың құқықтық жүйесін сипаттаудың ертүрлі деңгейінде түр. Қағидаттарды азаматтардың негізгі еңбек құқығы түрінде қалыптастыру олардың өзара ерекшеліктерін жояды. Еңбек құқығының кейбір институттарының қағидаттары өте шектеулі салаларда әрекет етеді. Олардың басқарушы ережесі (талаптары) еңбек құқығы саласындағы қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың кейбір топтарына тән ерекшеліктерін қарастырады. Қағидаттардың бұл тобы дипломдық жұмыстың тиісті тарауларында ашылады.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы еңбекті қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары мәселесіндегі құқықтық жүзеге асыру мен реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып еңбек құқығы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары, оның негізгі ерекшеліктері мен белгiлері жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидаларына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидалары институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- Еңбек құқығы бойынша азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қағидаларын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының меншік құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы меншік құқығы саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.
Дипломдық жұмыста келесі ғалымдарды еңбектері қарастырылды : В. Н. Уваров, Н. В. Витрук, Қағазов Қ. Р., С. С. Алексеев, М. С. Строгович, И. А. Ильин, В. М. Артемов, М. В. Баглай, В. В. Борисов, М. Н. Марченко, В. М. Корельский, В. Н. Кудрявцев, Е. А. Лукашева, Ю. А. Тихомиров, Н. И. Матузов, А. Н. Головистикова, М. Т. Баймаханов, У. Шапақ, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. Н. Тәуекелев, Ғ. С. Сапарғалиев, З. Ж. Кенжалиев, А. С. Ибраева, Т. Ағдарбеков, Е. Баянов, А. Бейсенова, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д. А. Булгакова т. с. с.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Еңбек құқығын қорғаудағы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттары
1. 1 Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні
«Қағидат» сөзінің өзі латын тіліндегі «principium» cөзінен туындаған жəне оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылай, «қағида» түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесінде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды жəне осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары - бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы[1] .
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары - бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды жəне дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Еңбек құқығының қағидалары заңнамадан көрініс табады жəне заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, осы қасиет бұл қағидалардың құқықтық қағида деп аталуына негіз болады. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында жəне осы құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде бекітілген.
Мысалы, ҚР ҚР еңбек кодексінің 4-бабында республика қызметінің негіздемелік қағидалары бекітілген.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу;
4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтiк әрiптестiк;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу;
12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ, еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн:
· олар экономикалық жəне саяси жағдайлармен байланысты, себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидалар əрқашанда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының мəнін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық нормаларында бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасының белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мəселелерді шешудегі мəнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы əрекет етеді жəне өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.
Ұзақ уақыт бойы оқу əдебиеттерінде еңбек құқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды, ең алдымен, ҚР Еңбек кодексінің 4-бабының мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі - қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды.
Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда əлдеқайда кеңірек[], себебі, олар өздерінің реттеушілік əсерімен еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын жəне олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мəнінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі қажет.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;
2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;
3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді.
Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да тəн жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары жəне т. б. ) ;
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;
· тек белгілі бір құқық саласына тəн сала ішіндегі қағидалар (мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары жəне т. б. ) .
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тəн қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарына да тəн, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті қолдануды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс жəне т. б. ) реттейді.
Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген жəне бұл жайт олардың жалпылық сипатын дəлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық; қоғамдық көзқарасты ескеру жəне жариялық; ұлтаралық одақтастық қағидасы.
Заңдылық қағидасы [2] мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жəне азаматтардың ҚР Конституциясын жəне заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бəрінің тең екендігі, тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны көзделген. Алайда, əлеуметтік немесе құқықтық қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіндегі ерекшеліктер, таңдау мен шектеулер кемсіту деп саналмайды.
Мысалы, əйел адамдарға, кəмелетке толмаған қызметкерлерге, мүгедектерге жəне қорғауды қажет ететін өзге де тұлғаларға қызметіне қатысты жеңілдіктер беру.
1. 2 Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің мәні мен ішкі бірлігін білдіретін ғылыми және құқықтық санат ретіндегі еңбек құқығының қағидаттары туралы мәселеде маңызды теориялық және практикалық мән бар. Қағидаттардың сақталуы еңбек құқығы нормаларының дұрыс қолданылуының, еңбек қатынастарын реформалаудың қажетті шарты, олар республикадағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру процестеріне парапар болуға тиіс.
Принцип ұғымы (латынша principium - басталу, негізі) адамдардың жүріс-тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді[] .
Құқыққа (оның ішінде еңбек құқығына) қатысты алсақ қағидат орталық ұғым болады, себебі ол барлық құқықтық жүйенің негізіне алынған. Қорытып жинақталған түрінде қағидат өзі туындаған құқықтық жүйенің мәндік сипатын өзіне жинақтайды. Осыған сәйкес еңбек құқығының қағидаты негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың және оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Қағидат (принцип), еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітуге тиіс. Бұл жағдайда ол құқықтық қағидатқа айналады. Заң ғылымында құқық қағидаттары - құқықтың нормативтік - жетекші бастамасы деген пікір бар. 1 Қағидатты нормативтік бекітуден бас тарту оны құқықтық сана немесе ғылыми санат саласына ауыстыруға тікелей байланысты. Құқықтық санада адам ойына баға беру элементі ғана бар (мысалы, еңбек туралы қандай да бір заң актісінің тиімділігін бағалау), ал ғылыми санат ретінде қағидат идеяларды, пікірлерді теория жүзінде іске асыру деңгейінде қалады. Бұл екі жағдайда да қағидат өз міндетін жоғалтады, себебі практика жүзінде іске аса алмайды.
Құқықтық қағидаттар дегеніміз заңда бекітілген басқарушы ережелер. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабындағы 2 тармақ осы ойымызға дәлел, онда республика қызметінің негізгі қағидаттары өз бекімін тапқан, ал Адам және азамат деп аталатын 11 тарауда басқарушы идеялар азаматтардың еркін еңбек ету, кәсіпті және қызметті, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайын таңдауға; өзін кемітпестен еңбегіне лайық ақы алуға, демалысты пайдалануға құқығы арқылы көрініс табады.
Азаматтардың еңбекті қолдану саласындағы негізгі құқықтарын қағидаттармен теңдестіруге болмайтындығын ерекше атап өткен жөн, себебі олар саланың құқықтық жүйесін сипаттаудың әртүрлі деңгейіне тұр. Қағидаттарды азаматтардың негізгі еңбек құқығы түрінде қалыптастыру олардың өзара ерекшеліктерін жояды. Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің басқарушы ережесі де (принципі) бола алмайды. Егер қағидаттар еңбек құқығы жүйесі нормаларының мәндік қасиеті мен ішкі үйлесімін білдірсе, онда азаматтардың негізгі еңбек құқықтары мен олар бекітілген құқықтық нормалар сол мәннің көрініс табуының сыртқы формасы болады.
Сонымен, қатар еңбек құқығының қағидатын құқықтық нормадан ажырата білу керек. Қағидат еңбек құқығы субъектілері бағытының жалпы ережесін, жалпы мақсатын ғана анықтайды, ол субъективтік құқықтардың мазмұнын, еңбек қатынастарына қатысушылардың заңи міндеттерін нақтыламайды. Құқықтық қағидаттарда құқық нормаларына тән элементтер болмайды (гипотеза, диспозиция, санкция) . Сондықтан да, құқық қағидаттарының көмегімен еңбек қатынастарын толықтай реттеу мүмкін емес. Сонымен қатар құқықтық нормалар еңбек құқығының жүйесіндегі басқарушы идеяға бағынуға және сійкес келуге тиіс.
Еңбек құқығы қағидаттарының сипаттамасында тағы да бір маңызды жақты бөліп қараған жөн. Аталып өткендей, қағидаттар жалпы еңбек құқығы саласында және оның кейбір институттарында құқықтық нормалардың ішкі байланыста және үйлесімділікте болатынын көрсетеді. Бұл сапада критерийлер құқықтық реттеудің мәнімен және әдістерімен қосылып еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан шектеудің дербес және объективтік критерийі бола алады. Құқықтық критерийлерді еңбек құқықтарын ұлттық құқықтың басқа салаларынан бөлектеудің объективтік критерийлеріне жатқызудың теориялық және практикалық зор маңызы бар. Теориялық тұрғыда бұл біздің еңбек құқығы саласының қалыптасу тетігі мен өзінше жұмыс істеуіне қатысты білімімізді кеңейтуге, ал практикалық тұрғыда мемлекеттік органдардың норма жасау қызметінде арнайы бағдар болуға, Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары мее еңбек заңнамаларын реформалаудың методологиялық негізі болуға мүмкіндік береді.
Еңбек құқығы қағидаттарының қызметтік рөлін мына негізгі позициялармен сипаттуға болады:
А) қағидаттар еңбек құқығы суъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген және қатысушылар әрекетін мемлекеттің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын басқарушы идеяларға сай бағыттайды;
Б) қағидаттар еңбек қатынастарын құқықтық реттеу үшін бастапқы нұсқа (алғашқы негіз) болып табылады. Бұл сапада қағидаттар еңбек туралы күшіндегі заңның мәні мен мазмұнын және оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы жаңа құқықтық нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың жүзеге асырылу тетігін қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді;
В) қағидаттар еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздерінде тұрақтылық береді. Мұның нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында маңызы зор. Еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды заңда бекіте отырып мемлекет еңбекті басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының тыянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді;
В) қағидаттар еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздерінде тұрақтылық береді. Мұның нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында маңызы зор. Еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды заңда бекіте отырып мемлекет еңбекті басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының тыянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz