Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Экономика және Құқық Академиясы
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
“ ___” 20 __ жыл
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және әдісі”
Мамандығы 050301 - Заңтану
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
Ғылыми жетекші: кафедра аға оқытушысы,
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасында Азаматтық құқық ғылымының қалыптасу тарихы 6
1. 1 Азаматтық құқық ғылымы 6
1. 2 Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі 16
1. 3 Қазақстанның кәзіргі азаматтық құқығына
қатысты ағымдардың сипаты 21
2 Азаматтық құқық - құқықтың бір саласы 25
2. 1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы 25
2. 2 Азаматтық кұқықтың әдістемесі 29
2. 3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы 32
2. 4 Азаматтық құқықтың қағидаттары (принциптері) мен жүйесі 35
3 Азаматтық заңдар 45
3. 1 Азаматтық зандар ұғымы 45
3. 2 Азаматтық заңдардың құрамы 47
3. 3 Азаматтық заңдардың уақытқа қарай және кеңістікте қолданылуы 52
3. 4 Азаматтық зандардың қолданылуы 55
Қорытынды 60
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 63
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының бір тұтас құкық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқык. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жаткан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен ретгелінетін құқык қатынастарының шеңбері кең. Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады. Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастар реттеледі. Сонымен катар, мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке катынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардын негізгісі болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, коғамның негізін қалайтын тауар-ақша катынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Сонау рим құқығы заманынан бері қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормалары шартты түрде жария және жеке нормаларға бөлінген. Сондықтан құқықтық нормалардың бүкіл жиынтығын жария және жеке құқыққа бөледі. Мұндай бөлу көптеген мемлекеттерде қазірге дейін сақталған.
Жария құқық мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қозғайтын қатынастарды реттейді. Қатынастарды бұйрық беру жөне тыйым салу жолымен реттеу, сондай-ақ басқару, құқық қорғау немесе өзге де билік органдары арқылы мемлекеттің жеке істеріне араласу мүмкіндігі осы құқыққа тән болады.
Жеке құқық, керісінше, оқшауланған жеке мүдделерді қозғайтын қатынастарды қамтиды, оларды қорғау қажеттігі мен мүмкіндіктерін мемлекеттің қатысуынсыз олардың иелері айқындайды.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы толық дәрежеде жеке құқықтың негізгі принциптеріне сүйенеді, дегенмен оның елдің қоғамдық және әлеуметтік жай-күйін, тарихи тәжірибесі мен ұлттық дәстүрлерін бейнелейтін өзіндік ерекшеліктері де бар.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық жүйесінде (барлық заң нормаларының жиынтығында) азаматтық құқық - құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі болып табылады. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өйткені оның 1-бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылықтары болып табылады деп жариялайды.
Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесіңде азаматтық құқықтың маңызы: біріншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне; екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне; үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік жөне мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығына қарай анықталады.
Қазақстан Республикасының жалпы құқық жүйесіне, азаматтық құқықтан басқа, құқықтың өзге де салалары - мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік және басқа да салалар кіреді. Азаматтық құқық бұлардан өзінің айрықша белгілерімен ерекшеленеді, яғни реттеу нысанасы мен әдістерін сипаттайтын және негізге алынатын принциптерімен көзге түседі[1. 73] .
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде деуге болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдісі жөніндегі мәселеге Ю. Г. Басиннің, Ғ. А. Жайлиннің, М. К. Сүлейменовтың, С. В. Скрябиннің, Е. А. Сухановтың, Ю. К. Толстойдың, А. А. Ерошенконың, А. М. Сергеевтың, М. Н. Малеинаның, Л. А. Соловьеваның, О. М. Романовтың және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы ҚР Азаматтық құқығы мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Азаматтық құқық ұғымына және қалыптасу тарихына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының ҚР Азаматтық құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы ҚР Азаматтық құқығы саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары Экономика және Құқық Академиясының Заңтану пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасында Азаматтық құқық ғылымының қалыптасу тарихы
1. 1 Азаматтық құқық ғылымы
Азаматтық құқық ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандығы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[2], дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен азаматтық құқық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық құқықтың биік шыңына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1511-1520 жж. ) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағын (1548-1628 жж. ) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсыңда (1680 - 1718 жж. ) атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды[3. 32] .
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.
Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағаңын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін еместұғын. Сонымен қатар талапкерлердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлады. Мәселен, орыс университетіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала алды.
Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізуді қолға алды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанып салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты[4. 17] . Демек қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келді.
Кешегі социалистік дәуірде заң білімін беру Мәскеу, Ленинград және басқа қалаларда жүзеге асты дегенімізбен, онда ұлттық кадрларға бөлінетін орын шектеулі еді. Бірақ заман өз талабын алға тартты, нәтижесінде жоғары оқу орындары мен факультеттер шет аймақтарда құрыла бастады. Айталық, 1923 жылы Ташкенттегі Орта-Азия университетінде құқықтық бөлімшесі бар қоғамдық ғылымдар факультеті ашылып, онда бірқатар казақ жастары оқуға мүмкіндік алды. Ал Қазақстанда тұңғыш рет заңгер кадрлар дайындау курсы 1926 жылы Қызылорда каласында ашылып, кейін ол екі жылдық заң мектебіне айналды. Кейбір үзілістеріне қарамастан бұл оқу ошағы 1954 жылға дейін зангерлер дайындады.
Қазақстанда жоғары заң білімін дамытуға 1931 жылы 20 сәуірде қабылданған РСФСР Бүкіл одақтық Орталық Атқару комитетінің "Кеңес құрылысы қызметкерлерінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар туралы" қаулысы үлкен мән бергенін айтпасқа болмайды. Аталған құжатқа институттың кеңестік құқық және кеңестік құрылыс деп аталатын екі түрін құру көздедді. Осы қаулы негізінде 1932 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті (ОАК) жанынан республика аппаратына кадрлар даярлау үшін алты айлық курс ұйымдастырылды, кейінірек ол бір жылдық курс болып қайта құрылды.
Осы курстардың негізінде 1933 жылы 17 мамырда Қазақ АКСР ОАК Төралқасының қаулысымен кеңес құрылысы инстиут құрылып, 1934 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастада. Республикамызда жоғары білімді заң кадрларын даярлау, міне, осы сәттен басталды[5] .
Кеңес құрылыс институты мемлекеттік аппаратқа кәсіби білікті мамандар даярлауға тиіс болды. Оқу мерзімі онда үш жыл, ал жұмысшылар факультетінде екі жыл болып бекітілді. 1934 жылы 23 қазанда Қаз АКСР ОАК Төралқасының қаулысымен институт құрамында заң бөлімі ашылуына байланысты сот және тергеу органдары үшін кадрлар даярлана бастады.
1934 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша институтта 88
адам, жұмысшылар факультетінде 87, ал дайындық курсында 103
адам оқыды. Алғашқы кезде институтта - 10, жұмысшылар
факультетіңде 7 оқытушы жұмыс істеді. ұлттық құрамына келетін болсақ, олардың 5-і орыс, 3-і қазақ, 1-і татар және 1-і неміс
болды.Институтта ол кезде әлеуметтік-экономикалық (кафедра меңгерушісі Ш. Х. Сакаев), тарих (кафедра меңгерушісі А. П. Чижов) және мемлекетгік құқық (кафедра меңгерушісі Н. И. Кондратьева) деп аталатын үш кафедра жұмыс істеді. Шын мәнінде кафедралардың бірде-бірі әдістемелік және ғылыми зерттеумен айналысқан жоқ.
Әрине, институттың құрылуы кеңес құрылысына республикадағы заңгер кадрлар даярлауда айтарлықтай рөл атқарды. Бірақ І мамандарды даярлау жүйесі ол кезде нақты айқындалмаған еді, сондықтан сот-тергеу кадрларына деген күн сайын өсіп тұрған сұранысты бұл институт толық қанағаттандыра алмады. Кеңес құрылысы институтында пәндердің шамадан тыс көп болуына байланысты заң ғылымы өз дәрежесінде дами алған жоқ.
1935 жылы 5 наурызда КСРО Халық комиссарлар Кеңесінің
және ОАК-нің "Құқықтық білім беруді кеңейту және жақсарту
шаралары туралы" қаулысы қабылданды, онда төрт жылдық
мерзіммен заң институттарын ашу қарастырылды, сондай-ақ
аудандарда жұмыс істейтін заңгер қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізетін тұрақты курстар құру, бір жылдық құқықтық
мектеп ашу, кейін оны екі жылдыққа көшіру жоспарланды. Осы
қаулыны одан әрі жетілдіре түсу мақсатында 1938 жылы 28
сәуірде Қазақ КСР Халық комиссариаты Кеңес құрылысы
институтын Алматы заң институтына айналдыруға шешім
шығарды, кейін бұл республикадағы заң білімін беру ісінің нағыз
орталығына айналды. Институттың директоры болып доцент
Д. В. Кузнецов тағайындалды.1938 жылы 15 мамырда Алматы заң институтында 14 адам ұстаздық етті, оның ішінде 2 доцент, 12 оқытушы болды, дәлірек айтсақ жұмысшылар факультетінде - 6, дайындық курсында - 8 ұстаз болды. Ол кезде Институтта дәріс беретін небәрі үш-ақ қазақ бар болатын, аты-жөндерін айта кетсек, олар Р. А. Әшкеев (мемлекеттік қүқық пәні), А. Қайыргелдин (қазақ тілінен) және философия маманы доцент У. М. Балқашов.
1938-39 оқу жылындағы студенттер құрамы мынадай еді: бірінші курста - 150, екінші курста - 75, үшінші курста - 40 адам, ал дайындық курсында 75 адам оқыды. Жасыратыны жоқ, студенттердің ішінде сол кезде қазақтар аз еді (24, 6%) 2 . Институтта мынадай жеті кафедра ашылды: марксизм-ленинизм (кафедра меңгерушісі Л. В. Олейник), саяси экономия (кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Кузнецов Д. В. ), мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Н. И. Кондратьева), кеңестік мемлекетгік құқық (каф. меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А. И. Лепешкин), азаматтық құқық (каф. меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А. Н. Агеев), қылмыстық құқық каф. меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М. П. Шаламов), тілдер кафедрасы (каф. меңгерушісі, аға оқытушы Р. Л. Зор) .
Сол кездің өлшемімен қарағанда Институтқа әкелінген кітап қоры айтарлықтай еді, бұл орайда Қазан кеңес құрылысы институтының үлесі аз болған жоқ[6] .
Жоғары заң оқу орны ашылғанға дейін Қазақстанда құқықтық зерттеу кенже қалып келді, құқықтық проблемалар жалпы тарихи зерттеулер аясында болды[7. 4] . Қазақстандық алғашқы құқықтанушылардың арнайы зерттеулері көбіне-көп Қазақстан мемлекеті мен құқығының пайда болуы, оның дамуы тарихына арналды. Мәселен, Т. М. Культелеев қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарын зерттеді, М. Т. Шаламов болса өз еңбектерінде Қазақстандағы кеңес адвокатурасының тарихына мән берді, ал А. В. Якушев Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты тақырыптарды қозғады.
Бұл жылдарды академик С. З. Зиманов "шығармашылық мүмкіндінше сай және шын мәніндегі сұранысқа жауап беретін саланың арнайы кадрларын даярлауда бар күшті жұмылдырған, кадрлар даярлау мен ғылыми зертгеу ісінде ізденіске толы кезең болды" деп өте орынды айтқан[8. 231] .
Осы кезде сырттай заң білімін беру ісін дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінді. Мәселен, 1937 жылы Алматыда Бүкілодақтық сырттай оқитын заң институтының консультативтік бөлімі құрылды. 1938 жылы 8 наурызда КСРО Әділет Халық Комиссариатының бұйрығымен Қазақ консультативтік бөлімі Бүкілодақтық заң институтының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, ал 1940 жылы қаңғарда аталған институттың Алматы филиалы деп атауы өзгертілді, ол 1951 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Осы филиалдың негізінде Алматы заң институтының сырттай оқитын бөлімі ашылды. 1957 жылдан бастап сырттай бөлімімен қатар заң факультетінің кешкі бөлімі жұмыс істей бастады.
Ұлы Отан соғысының басталуы институттың алға қойған міндеттері мен қызметін үлкен өзгеріске түсірді. Соғыс жылдарында Мәскеу, Ленинград және Украинадағы бірқатар заң жоғары оқу орындары Қазақстанға көшірідді. Айталық, Ленинград заң институты Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) орналасты, Украинаның Киев және басқа университетгері Украина университетгері деген атпен (ішінде заң факультеті де бар) Қызылордаға көшіп келді. 1941 жылы Мәскеу және Алматы институттарын уақытша біріктіру жолымен КСРО Әділет халық комиссариатының Бірінші мемлекетгік заң институты деген атпен Алматыда жоғары оқу орны құрылды. [9. 522] Оның директоры болып Б. Я. Арсеньев тағайындалды. Бұл институт 1943 жылдың 14 тамызына дейін ғана жұмыс істеді.
... жалғасыОсы кезде Қазақстанда С. И. Аскназий, В. М. Догадов, Б. С. Мартынов, С. С. Кравчук, А. А. Пионтковский, М. К. Чельцов, С. А. Фукс, Б. Я. Арсеньев, И. С. Перетерский, С. В. Юшков және басқа Мәскеу, Ленинград, Киевтен келген көрнекті кеңестік заңгер ғалымдар еңбек етті. Ресейлік және украиналық жоғары оқу орындарынан келген заңгерлер ұжымы оқу сапасын арттыруға, ғылыми жұмыспен жан-жақты айналысуға айтарлықтай жәрдемін тигізді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz