Көрнекі құралдарды қолданудың тиімді жолдары



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принципі
2. Көрнекілік әдіс
3. Көрнекілік құралдарды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 – 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 1870/71), т.б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.
Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары – кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Көрнекі құралдарды қолданудың тиімді жолдары

Орындаған: КО-31 тобының студенті
Ибрагимова З.
Тексерген: аға оқытушы Ажарбекова Э. Н.

Қарағанды - 2014
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принципі
2. Көрнекілік әдіс
3. Көрнекілік құралдарды пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 - 187071), т.б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.
Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, "Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін" мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, графикалық материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.

Негізгі бөлім
Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: ...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында "Қырғыз хрестоматиясы" тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек, - дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған.
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінде оқытудың 4 және 7 түрлеріне талдау жасалынған.
Сонымен қазақ тілін оқыту принциптері былайша топтастырылады:
1. Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік принципі.
3. Көрнекілік принципі.
4. Саналылық пен белсенділік принципі.
5. Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
6. Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
7. Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.
Заман талабына сай оқыту принциптері іздеуді, зерттеуді қажет ете береді.
Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады. К.Д.Ушинский таныс емес бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген жиырма сөзді лезде үйреніп алады деп бекер айтпаған. Он рет айтқаннан бір рет нақтылы көрсеткеннің пайдалы екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолдануы қажет. Көрнекілік принципі оқушылардың қазақ тілінен берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға бағыт береді. Ең алғаш оқытудағы көрнекілік туралы айтып, құнды пікір қалдырған Я.А.Коменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан "Алтын ережесінде": "...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғыза білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын..." - деген болатын Я.А.Коменский. "Ұлы дидактика". Оқушы казақ тілінен берілген білімді схема, таблица, плакат, сурет т.б. көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады.
Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру;
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді оқып, талдату;
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар. Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік таңдалады.
Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.
Балаларға ана тілін үйретуге көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский көрнекілікке үйретуді ана тіліне үйретуден бөлу мүлде қате деген болатын. Өйткені көрнекілік байқампаздықты, ойлауды дамытады және балалардың бақылағандарын сөзбен дұрыс айтып беруге, одан логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады.
Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан мол: айнала қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың жинаған заттары, жеке және коллекция түріндегі гербарийлер, жануарлардың, құстардың тұлыбы, модельдер, макеттер және панорамалар (оқушылардың өздері дайындайды), кинофильмдер, диафильмдер, түрлі картиналар, портреттер, оқулықтағы суреттер.

Жоғарыда біз сабақтың әр бөлімдеріне байланысты көрнекі құралдардың қалай пайдаланылатынына тоқтатылып отырғанбыз. Сондықтан бұл жерде көрнекі құралды қолданудың жалпы тәсілдерін ғана көрсетеміз:
1. Кинофильмдерге бару, театрдан немесе теледидардан пьесалар көру көркем шығарманы оқудың орнына жүре алмайды. Бұлар кейде көрнекілік ретінде, мәтінді екінші оқығанда немесе оған қорытынды әңгіме жасағанда пайдаланылады. Мысалы, С.Мұқановтың Шын сырлылар, Қостағы өмір әңгімесін оқығанда, қорытындылау кезінде Ванька (А.Чехов) диафильмін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Техникалық көрнекі құралдар
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Көрнекі құралдарды көрсету
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып математикасын оқытуда көрнекілік принципін теориялық жағын қарастырып, оны жүзеге асыру
Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы
Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Пәндер