Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер



Жоспар:

Кіріспе
I тарау. Сөзжасам тәсілдері және оның зерттелуі
1.1 Сөзжасамның зерттелу тарихы
1.2 Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
ІІ тарау. Етістіктің жасалу тәсілдері
2.1 Етістік жайлы жалпы түсінік және оның түрлері
2.2 Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
2.3 Етістіктердің тіркесім тәсілі арқылы жасалуы
2.4 Етістіктердің қосарлау тәсілі арқылы жасалуы
2.5 Етістіктердің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені баршамызға мәлім. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырады.
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан «Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді [1, 26].
Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты: сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланыстылығын, сөзжасам тілдің сөзжасамдық жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Н.Оралбай. Қазақ тілінің сөзжасамы, Алматы, 2002.
2. Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі, Алматы, 1988.
3. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым, Алматы, 2001.
4. Қасым Б. Күрделі зат атауларының мағыналық құрылымы және сөзжасамдық үлгілері, Алматы, 2000.
5. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уөждеме, Алматы, 2003.
6. Қазақ грамматикасы, Астана, 2002.
7. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология, Алматы, Ғылым, 1967.
8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, Алматы, Ана тілі, 1991.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Кафедра: қазақ тіл білімі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер

Орындаған: ҚФ -21
Тексерген: аға оқытушы
Ажарбекова Э.Н.

Қарағанды 2013

Жоспар:

Кіріспе
I тарау. Сөзжасам тәсілдері және оның зерттелуі
1.1 Сөзжасамның зерттелу тарихы
1.2 Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
ІІ тарау. Етістіктің жасалу тәсілдері
2.1 Етістік жайлы жалпы түсінік және оның түрлері
2.2 Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
2.3 Етістіктердің тіркесім тәсілі арқылы жасалуы
2.4 Етістіктердің қосарлау тәсілі арқылы жасалуы
2.5 Етістіктердің сөзқосым тәсілі арқылы жасалуы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі
қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені баршамызға мәлім. Бұл тіл болғалы
үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің
сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырады.
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан
бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән
ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы
ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем
оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол
морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді.
Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының
сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді
де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке
саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен
салыстырғанда оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән
ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала
ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан Казіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы
деп дәлелденді [1, 26].
Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа
сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс
болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-
тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі
өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан.
Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол
тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні
студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми
деректер береді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты: сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы
болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланыстылығын,
сөзжасам тілдің сөзжасамдық жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам
заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын,
сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық
үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып
жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін
зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Қазақ тіл білімінде сөзжасам жүйесінің қалыптасқан кезеңдеріне
тоқтала отырып, тәсілдерін ажырату.
2. Сөзжасам жүйесінің зерттелуін көрсету.
3. Сөзжасам тәсілдерінің ішінде аналитикалық тәсіл арқылы жасалған
етістіктерді көркем шығармалардан тауып, талдау жасау.
Тілдің сөзжасам жүйесінде қызмет атқаратын үш тәсілдің бәрі де – ертеден
келе жатқан тәсілдер. Оларды үшке бөліп көрсеткенмен, әрқайсысының іштей
өзіндік ерекшеліктері бар.
Сөзжасамдық үш тәсілдің сөз жасауға қатысатын тұлғалар жағынан да,
мағынаға негіз болатын тұлғалар арқылы да, тіпті жаңа туылымның білдіретін
ұғымының көлемі жағынан да, жасаған жаңа сөздің тұлғасы жағынан да үлкен-
үлкен айырмашылықтары бар. Міне, осы айырмашылықтар сөзжасамда үш тәсілдің
танылуына негіз болған. Солардың бірі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған
етістіктерге тоқталайық.

I тарау. Сөзжасам тәсілдері және оның зерттелуі
1. Сөзжасамның зерттелу тарихы

Қазақ тілінің сөзжасам мәселесіне байланысты біршама зерттеу еңбектерін
атауға болады. Н.Оралбаеваның 1989 жылы жарық көрген “Қазіргі қазақ
тілінің сөзжасам жүйесі” атты еңбегінде сөзжасам жүйесіндегі негізгі,
туынды түбірлерге, сөзжасам тәсілдеріне, сөзжасамдық единицаларға, сөз
таптарының сөзжасамдық қасиеттеріне жан-жақты талдау жасаған. 1991 жылы
жазылған С.Исаевтың “Қазіргі қазақ тілі” (морфология) курсы бойынша
теориялық және практикалық сабақтың мазмұны” атты методикалық нұсқауда
сөзжасамға қатысты мәліметтер берілген. Бұдан кейін сөзжасам туралы арнайы
сөз қозғалмаса да, “Қазақ тілінің грамматикасы” (1967), Ә.Төлеуовтің “Сөз
таптары” (1982), А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” (1991), А.Ибатовтың
“Сөздің морфологиялық құрылымы” (1983), А.Қалыбаева мен Н.Оралбаеваның
“Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі” (1986) деген еңбектерінде осы
мәселеге қатысты біраз мәліметтер қарастырылады.
Н.Оралбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі”
(1988), “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” (1989), “Қазақ
грамматикасы” (2002), „Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктің
фрагменттері“ т.б. зерттеулерді атап кеткен жөн [2, 93].
Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын
сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір негізгі
түбір сөзден қанша туынды түбір сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді.
Сөзжасамдық ұя бір сөздің негізінде туынды түбір сөздердің жасалуының
барлық жолын, тетігін ашып береді. Әр сөзжасамдық ұяда бір негізгі түбір
сөз және одан туған туынды түбірлер болады.
Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз
сөз үнемі қатысып отырады. Мысалы, бас, басшы, басшылық, басқар, басқарма
т.б. деген бас негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық ұядағы туынды түбір
сөздердің бәрінің құрамында бас негізгі түбірі бар. Бір сөзжасамдық ұядағы
туынды түбір сөздердің бәрі бір негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар
түбірлес сөздер деп аталады.
Түбірлес сөздер бір сөзжасамдық ұяның ғана құрамына қатысты болады. Олай
болса, әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрады. Сөзжасамдық
ұядағы туынды түбірлердің бәрі біріне-бірі тікелей жасалған туынды түбір
болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана біріне-бірі
тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір
сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп
негіз сөзден өрбиді.
Сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей
туындай бермейді. Сондықтан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда
бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы шарт
болып саналады.
Сөзжасамдық ұяның құрамындағы туынды сөздер әр түрлі сөз табына қатысты
бола береді. Мысалы, жоғарыда келтірілген біл түп негізінен жасалған ұяда
білім, білік, білгі, білімділік , біліктілік деген зат есімдермен қатар
білімді, білімсіз, білімдар, білімпаз, білікті, біліксіз, білгіш, білгір
тәрізді сын есімдер, білімдарсы, білімпаздан, білгішсі, білгірсі,
білгірсін, білдір, білдірт, білгіз, білгіздір, білгіздірт деген етістіктер
де бар.
Әр сөзжасамдық ұялар құрамы жағынан түрліше. Өйткені сөзжасамдық ұядағы
туынды сөздердің саны әр түрлі. Құрамы жағынан сөзжасамдық ұяның белгілі
бір тұрақты көлемі жоқ. Ол үлкен де, кіші де бола береді. Сөзжасамдық ұяның
көлемі түп негіз сөздің сөзжасамдық қабілетінің күштілігіне, құнарлылығына,
өнімді-өнімсіздігіне байланысты.
Сөзжасамдық ұяның ең кіші мүшесі сөзжасамдық жұп, ал сөзжасамдық жұп
сөзжасамдық тізбектен орын алады. Яғни сөзжасамдық тізбек те сөзжасамдық
ұяның негізгі мүшесі.
Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп
отырады, сондықтан сөзжасамдық сатысыз сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя
болмайды. Ұядағы сөзжасамдық тізбектің саны сөзжасамдық тарам арқылы
көбейеді, өседі. Олай болса, сөзжасамдық тарам да сөзжасамдық ұяның
құрылымына жататын негізгі мүше. Міне, сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның
құрылымын құрайды, сөзжасамдық ұяның жүйесін жасайды.
Осы мүшелерсіз сөзжасамдық ұя болуы мүмкін емес, сондықтан сөзжасамдық
жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты сөзжасамдық
ұяны құрайтын негізгі мүшелер болып табылады.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп
болады.Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі туынды сөз болады. Мысалы,
жи – жиын, ек – егін – егінші – егіншілік, бас – басшы – басқар – бастық
т.б.
Негізгі сөз бен туынды түбір сөздің жиынтығы сөзжасамдық жұп деп
саналады. Ол негіз сөз бен одан жасалған туынды түбір сөзден ғана
құралатындықтан, олардың мағынасы байланысты болады. Яғни жұп тек мағынасы
байланысты сөздерден құралады.
Сөзжасамдық ұядағы түбірлес сөздер мағынасы байланысты сөздер деген
заңдылықтың түп негізі сөзжасамдық жұптан басталады.
Сөзжасамдық жұптың сыңарларының мағыналары байланысты болуы бірінен-бірі
жасалуынан деп санау қажет. Өйткені сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары –
туынды сөзді жасаушы, екінші сыңары – одан жасалған туынды сөз. Туынды
сөздің мағынасы оны жасаушы сөздің мағынасына негізделе жасалады.
Туынды сөзді жасаушы негіз сөздің мағынасы туынды сөзде жойылмайды,
сақталады, ол тек белгілі бір дәрежеде өзгеріске түседі. Міне, бұл
сөзжасамдық жұптың құрамындағы сөздердің мағыналары байланысты болуын
туғызған.
Бір жұпта туынды болған сөз келесі жұпта сөз тудырушы негіз қызметін
атқарады. Осымен байланысты тізбектегі бір туынды сөз әр жұптың құрамына
кіріп, әрқайсысында әр түрлі қызмет атқарады. Тек ұядағы бірінші жұптың
алғашқы сыңары мен тізбектегі соңғы жұптың соңғы сыңары ғана бір қызмет
атқарады.
Жұп сыңарларының осы қызметіне қарай ұядағы туынды сөздердің мағынасында
түп негіз сөздің мағынасынан ерекшелік күшейеді. Мәселен, сөзжасамдық
ұядағы басшы – басқар, басқар – басқарма, басқар – басқарт, басқарт –
басқартқыз сияқты сөзжасамдық жұптарды алсақ, олардың қайсысының болсын
мағынасы түп негіз сөз болған бас етістігінен алыстьаған. Бірақ оларда түп
негіз етістіктің ізі аңғарылады [3, 65].
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәсе-ле
емес екені. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының
түркі тілдеріне әсері. Сөзжасам – дербес сала.
Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы,
тіл білімінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі, олардың ортақ
объектілері, яғни нысандарының болуымен байланыстылығы.
Сөзжасамның морфологиямен байланысының күштілігі, ол байланыстың ұзақ
уақыт сөзжасамның морфология құрамында қаралуына себеп болғаны. Сонымен
бірге олардың айырмасы. Тілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз
лексема.
Тілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексема болып саналса, сөз
түрлендіруші қосымшамен қолданылған сөз формасы болып танылады, яғни олар
тілдегі екі басқа құрылыстарға жататыны туралы.
Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның аналитикалық тәсіл
арқылы жаслған күрделі сөздердің табиғаты, құрылысы жағынан синтаксистегі
сөз тіркестерімен ұқсастығы, ол ұқсастық осы тілдегі екі саланың
байланысынан туғаны.
Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Лексикология тілде бар сөздерді
зерттейтін ғылым екені. Сөзжасам тілде бір кезде жоқ сөздің қалай пайда
болғанын, қалай жасалғанын, керек сөзді қалай жасауға болатынын зерттейді.
Сөзжасамдық әрекет нәтижесінде жасалған сөз лексикологияның қарамығына
түсетіні. Осымен байланысты сөзжасам мен лексикология арасында байланыс
пайда болатыны. Сөзді екі сала екі тұрғыда зерттейді. Сөзжасамның тілдің
морфология мәселесімен байланысы.
Сөзжасамның негізгі тілдік бірліктерді жұрнақтардың дыбыстық вариантта
қолданылатыны. Жұрнақтардың дыбыстық варианттары фонетика заңдылықтары
бойынша қалыптасқан, оны морфология саласы зерттейді, бұл арқылы екі
саланың байланысы көрінеді.

2. Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі

Тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі-белгілі тәсілдер бойынша сөз
жасау амалдарын сөз тудыру тәсілдері деп атаймыз. Сөз тудыру дегеніміз –
жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелерінің жиынтығы. Қазақ тілінің
сөзжасам жүйесінде әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш
тәсілі бар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалық тәсіл.
Сөзжасам процесінде олар таза күйінде келе бермейді, кейде керісінше бұл
тәсілдердің бірнешеуі қатар қолданылып отырады. Қайткен күнде де мәселе
жаңа мағынамен байланысты болғандықтан, онда семантикалық сипат болып
отырады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік
жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екі тілдік бірлік
қатысуы керек:
1) лексикалық мағыналы сөз,
2) сөзжасамдық жұрнақ.
Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да
туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы,
қызметкер, көрікті, әсемпаз сөздеріне қызмет, көрік, әсем сөздері негіз
болып тұр, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Бұл сөздердің мағынасы
мен одан пайда болған туынды сөздердің мағынасы байланысты [4, 19].
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі
талап - оның лексикалық мағынасы болуы. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір
шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі
түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. Мысалы, ән
деген сөзден –ші қосымшасы арқылы әнші деген жаңа сөз жасалған.
Мұнда, ең алдымен, -ші қосымшасы арқылы жаңа мағыналы (адам, яғни ән
айтатын адам) сөз туған. Міне, бұл - -ші қосымшасы арқылы туған жаңа
лексикалық мағынасы.
Екіншіден, жаңа мағыналы сөздің ұғымы адамға байланысты, адамның
мамандығына, икемділігіне, қабілетіне т.б. қасиеттеріне байланысты
болғандықтан, әрі ол лексикалық мағына жалпыланып заттық мәнге қатысты
болғандықтан, жаңа туынды сөз зат есім болып тұр.
Туынды түбірлердің құрамында негіз сөздің өзіндік атқаратын қызметі –
жаңа лексикалық мағынаға арқау, өзек болу.
Синтетикалық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік – сөзжасамдық
жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, оның
қатысынсыз синтетикалық тәсіл арқылы ешбір туынды түбір жасалмайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп
аталады. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады.
Сөйтіп, туынды сөздер деп жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген
сөздерді айтамыз.
Туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің
өздерінен де өрби береді. Мәселен, сау, сауу, сауық, сауығу, сауыққой,
сауықойшылық, сауыққойшылдық десек, сау негізгі түбірінен де, сауық туынды
түбірінен де сөздер таралып тұр.
Туынды сөздер жұрнақ арқылы жасалғанымен, жұрнақтар барлық сөзге бірдей
жалғана бермейді.. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ
сөздің қайсысына болса да, талғамай жалғанса, кейбір жұрнақтар бірді-екілі
сөздерге ғана жалғанып көнеленіп қалады да, басқа сөздерге жалғанбайды.
Бір алуан сөздерге жаппай жалғана беретін жұрнақтарды тірі жұрнақтар,
бірді-екілі сөздерге ғана жалғанып, орнығып, қалыптасып қалған жұрнақтарды
өлі я көне жұрнақтар дейміз. Мәселен, ойпат, киіт, жент дегендерде –пат,
-т, -нт - өлі жұрнақтар. Ал –шы, -ші жұрнағы малшы, сушы, басшы, күйші,
аңшы т.б. сөздер жасай алады, яғни тірі жұрнақтар.
Аналитикалық тәсіл. Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді
біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы көрінеді де, сөзжасам проблемасының
шеңберіне еніп, оның бір тәсілі болып табылады. Яғни бұл тәсіл сөздерді
біріктіру, қосарлау, тіркестіру жолдары арқылы іске асады.
Сөйтіп барып жаңа мағыналы сөз, жаңа ұғымның атауы туып, тілдің сөздік
құрамы дамып, оның қатары өрістей түседі. Бұл – тілдік құбылыстың басты,
мәнді ерекшклігі. Екіншіден, осы жолдар арқылы жасалған жаңа туындылар
морфологиялық құрамы жағынан күрделі сөздер тобына жатады.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі синтетикалық тәсілден өзінің сөзжасамдық
бірліктері арқылы ерекшеленеді. Егер синтетикалық тәсілде туынды сөз
жасауға лексикалық бірлік пен жұрнақ қатысатын болса, аналитикалық тәсілде
жұрнақ қатыспайды, тек екі я одан көп лексикалық бірліктер ғана сөз жасаушы
қызметін атқарады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер күрделі сөздер деп аталады.
Күрделі сөздер лексика-грамматикалық жағынан әрқайсысының өзіндік жасалу
жолы, құрамдық-тұлғалық ерекшеліктері бар.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен
бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3)
тіркестіру, 4) қысқарту.
Аналитикалық тәсілдің сөзқосым (бірігу, кірігу) түрі қазақ тілінде екі я
одан да көп сөздің біртұтас дыбыстық құрамға кірігіп, бір лексикалық мағына
беріп, бір ұғымды білдіріп, бір екпінмен айтылып, бір лексикалық бірлік
яғни бір сөз жасайды.
Қазақ тіліндегі сөзқосым тәсілінде сөз бен сөзді байланыстыратын
ешқандай морфема жоқ. Екібастұз, қосаяқ, бүгін тәрізді сөзқосым тәсілі
арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар бір-бірімен еш дәнекерсіз
мағына, дыбыстық құрамы жағынан жымдасқан.
Сөзқосым арқылы жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп
аталады. Бұл тәсілді біріктіру, кіріктіру тәсілдері деп екіге бөлуге
болады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің ішкі сыңарларының
әрқайсысы өздерінің жеке тұрғандағы дыбыстық құрамын толық сақтайды:
айбалта, ақсақал, аққу, орынбасар, шекара т.б.
Бұл біріктіру арқылы жасалған туынды сөздердің құрамындағы сыңарлар
дыбыстық құрамын толық сақтаған, бірақ сыңарларының дербес кезіндегі
мағынасы сақталмай, біртұтас лексикалық мағынаға көшкен. Кіріктіру тәсілі
арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар дербес қолданылғандағы
дыбыстық құрамын толық сақтамай, олар біртұтас жымдасқан дыбыстық құрамға
көшеді. Мысалы, қарлығаш (қара+ала+құс), ашудас (ащы+тас), биыл (бұл+жыл),
күндіз (күннің+жүзі) т.б.
Қосарлану тәсілі – екі сөздің бір-біріне қосақталып, біртұтас мағыналы
сөз жасайтын тәсілі. Қазіргі тілімізде қосарлану тәсілі арқылы жасалған
сөздер қос сөздер деп аталады. Мысалы, ата-ана, көрпе-төсек, аға-іні,
үлкен-кіші т.б.
Қосарлау тәсілі арқылы қос сөз жасауда оның сыңарлары кез келген сөзден
бола алмайды. Қосарлау тәсілі арқылы қос сөз жасау үшін, оның сыңарлары бір
сөз табынан ғана болуы – міндетті шарт.
Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған қос сөздердің сыңарлары бөлек
жазылады. Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып
қалыптасқанмен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны
білдіреді. Мысалы, қара ала десек, заттың өзінше бір түсі, алпыс бес, екі
мың бес дегендегі күрделі сөздер санның аттары.
Қысқарту тәсілі – қазақ тілі үшін жаңа құбылыс. Күрделі атауларды
қысқартып қолдануда тілімізде орыс тілінің үлгісі қолданылды. Мысалы, ҚарМУ
(Қарағанды Мемлекеттік университеті), ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы), педколледж (педагогикалық колледж) т.б.
Лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі
белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы
омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбір сөздердің
ол бастағы мәнін жоғалту не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз
табының қатарынан танылуға жол береді [5, 28].
Қай кезде де бір тілден екінші тілге талай сөздер ауысып отырады да,
олар өзі енген тілдің лексикалық құрамын байытып, қажетін өтеп отырады.
Қазіргі қазақ тілінде араб-иран, монғол, орыс және орыс тілі арқылы басқа
да шетел тілдерінен енген сөздер қазіргі кезде тіліміздің лексикалық
құрамынан берік орын алған.
Сонымен бірге тіліміздің өз ішкі даму негізінде әр түрлі семантикалық
процестер, мағына дамуы (сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, бөлшектің бүтінге
айналуы, функционалды ұқсату заңы т.б.) арқылы да тілдің лексикасы баийды,
сөйтіп, жаңа сөздер қатары толыға түседі де, бұл процесс сөзжасамның
семантикалық тәсілі болып табылады. Тілдегі бір сөз табынан екінші сөз
табына ауысу процестері , олардың контекстік сипаттары да осыны көрсетеді.

ІІ тарау. Етістіктің жасалу тәсілдері
2.1 Етістік жайлы жалпы түсінік және оның түрлері

Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және
қарымы ең кең грамматикалық категория. Етістіктің түрлері:
Жақсыз етістіктер – өз өзінен болатын, өндірушісіз болатын қимылды
немесе күйді білдіретін етістіктер, мұндай етістіктер болған кезде бастауыш
қолданылмайды.
Өздік етістіктер - ырықсыз етістіктен басқа, орыс тіліндегі барлық
-сь, -ся тұлғалы постфикспен жасалған етістіктер.
Көмекші етістіктер - аналитикалық етістік формалар құрамында
пайдаланылатын етістіктер. Сол формалардағы көмекші етістіктер олардың
лексикалық мағынасын жояды, бірақ жақ, жекеше-көпше түрі, шақ, т.б.
грамматикалық мағыналарын білдіреді (қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр
деген қалып етістіктер бар).
Қимыл қозғалыс етістіктер - қимыл қозғалыс, кеңістікте ауысуды
белгілейтін етістіктер (қаз. бару, жүзу, тасу, т.б.).
Дефектілі етістіктер - толық емес жіктеудегі, яғни кейбір жіктеу
формалар болмайтын етістіктер.
Динамикалық етістіктер - сөздің тура мағынасында қимыл (қаз. кесемін)
немесе кейбір өзгерістерге байланысқан процесстерді және оқиғаларды (қаз.
кесе сынып қалды) білдіретін етістіктер.
Ингрессивтік етістіктер - қимыл қозғалыстың басталуын белгілейтін
істің толык аяқталғанын көрмететін етістіктер (қаз. тілінде ойнай бастау,
асыға бастау т.б.).
Себепті етістіктер - қимылға себеп бар деген мағынадағы ауыспалы
етістіктер (қаз. суару).
Жанама-сабақты етістіктер - тек қана жанама толықтаушпен
пайдаланылатын етістіктер (қаз. көктемге қуанып тұрмын).
Жіктеу етістіктер - бастауышпен пайдаланылатын етістіктер.
Модаль етістіктер - айтылғандарға пікір көрсететін етістіктер (қаз.
көсемше + aлy).
Моторлы-еселі етістіктер - бір бағытқа қарай тармақталған, үздіксіз
және бір кезде болатын қимылды белгілейтін етістіктер (қаз. жағаға қарай
жүзу, тағамдарды қалаға тасу, т.б.).
Моторлы-еселі емес етістіктер - бағыты белгісіз, үзілмелі немесе әр
түрлі бағытқа қарай тармақталған қимылды белгілейтін етістіктер (қаз. суда
қалқу, тағамдарды пойызбен тасу, т.б.).
Салт етістіктер - толықтауышпен пайдаланылмайтын етістіктер (қаз.
отыру, ұйықтау, ауыру, т.б.).
Сабақты етістіктер - іс-әрекет мағынасы тура толықтауышқа сабақтайтын
етістіктер (қаз. балаларды тәрбиелеу, т.б.).
Шекті етістіктер - аяқталатын қимылды белгілейтін динамикалық
етістіктер (қаз. кесені сумен толтырып тұрмынкесені сумен толтырдым).
Грамматикадағы шекті де шекті емес те мағынасындағы етістіктің бір тобы бар
(қаз. жазып отырмынжаздым жақсы жазады).
Шекті емес етістіктер - аяқталмайтын қимылды белгілейтін динамикалық
етістіктер (қаз. күліп отырмын). Грамматикадағы шекті де шекті емес те
мағынасындағы етістіктің бір тобы (қаз. жазып отырмынжаздымжақсы жазады)
[6, 43-44].

2.2 Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер

Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір
(негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз
тудыру тәсілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық формалы етістіктер
Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Сөздердің аналитикалық тәсілдер арқылы байланысы
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Септік категориясының мағыналары
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Пәндер