Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Нарықтың ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Нарық қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..22

IV. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері ... ... ... ... ... ..26
3.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - «Нарықтық экономика: мәні, ҚЫЗМЕТТЕРІ, қажеттігі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. ЖАЛПЫ НАРЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН ӨНДІРУШІЛЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТІҢ ІРІ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БІРІ ДЕП ЕСЕПТЕЛЕДІ, ОНЫ МАТЕМАТИКАМЕН ГЕН ИНЖЕНЕРИЯСЫМЕН, ЭЛЕКТРОНИКАМЕН ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҢ БАСҚА ҰЖЫМДЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ ШЫҢЫМЕН ТЕҢЕУГЕ БОЛАДЫ. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Әкімбеков «Экономикалық теория»
2. Кулыгин П. Социолистік экономикадағы нарық- «Вопросы экономики» ,1990ж.
3. Журавлева Г. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық-
«Экономические науки»,1990ж. №7
4. Саяси экономия -Алматы, «Ана тілі»,1991ж.
Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы/Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова Редакциясымен-М,МГУ,1992ж.
6. «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС
Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006
7. Ө.Қ.Шеденов,Е.Н.Сағындықов,Б.А.Жүнісова,Ү.С.Байжомар-тов, Б.М.Комягин - «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.
8. Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Кралкий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.
9. Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I томғ Москва 1973ж
10. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз.
11. И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, «А-полиграфия» 2004ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5
1. Нарықтың ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2
2.1. Нарық қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Нарық экономикасының элементтері және
сегментациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22
IV. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының
мәселелері ... ... ... ... ... ..26
3.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
3.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің
үдерістері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..34

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - Нарықтық экономика: мәні, қызметтері,
қажеттігі. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы
экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық
тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде
әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны
математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа
ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың
құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль
атқарады. Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық
байланыстар аркылы өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Оның өміршеңді
өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты ,
дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық
айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде
“нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық
сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.Нарық
мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор
мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым
әкономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық ұдайы
өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу
ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз
байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы
ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған
теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Капиталистік
қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға
әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы
біріктіреді”. Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен
бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық,
реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы
кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін
бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ
мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу
әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық тауар
биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша
қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да
әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау
шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға
ынталандырады.

І.Нарық ұғымы ,мәні, пайда болуы мен даму кезеңдері.
1.1. Нарық ұғымы мен мәні.
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы
сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар
кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық
комплекстердің), халық шаруашылығының әкономикалық қан тамыры іспетті,
осы байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы” жүзеге асады. Міне,
қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады.
Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, әкономикалық
әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі
бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі
нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық
айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде
“нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.
Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін
ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразі
нарықты әкономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет “күш” деп
те дәріптеуде.
Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін
әкономикалық категория деп қарайды. Ол әкономикалық қатынастар
жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты
сипаттайды.
Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің
өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең
зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде
жиі кездеседі. Себебі нұсқау – бөлу әдістеріне негізделген басқару
жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола
алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық
тұтқынында болып келген әкономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен
орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен
практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін
мемлекеттердің және Қазақстан ғылым әкономикасының арасында нарық
түралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше
анықтамасын келтірейік.
Нарық- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір
бөлігі немесе жүйесі.(Кулигин П. Соңиалистік әкономикадағы нарық
–“Вопросы әкономики”, 1990ж.).
Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар
және қызмет көрсету проңесіне байланысты қалыптасатын әкономикалық
қатынастардың жиынтығы. (Журавлева Ғ.Соңиализімнің әкономикалық
жүйесіндеғі нарық- “әкономические науки”, 1990ж.№7)
Нарық- тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын
әкономикалық қатынастар жиынтығы. (Саяси әкономия-Алматы, “Ана тілі”
,1991).
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі
заманғы нарық: табиғаты және дамуы Э.П.Дунаев, И.Е. Рудакова
редакциясымен –М, МГУ, 1992ж. ).
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ
нәрсе-ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық
қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес , сатушылар мен
сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнәнде тауар–ақша, нарықтық
байланыстар сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық
айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын
қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім
жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша
қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін әкономикалық
байланыстар пайда болады.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп
уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі
үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың
әкономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр.
әкономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі
батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық
қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы
заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде әкономикалық
реформа барысында өндіріс құрал –жабдықтарына көтерме сауданы енгізу
арқылы нарықтық тепе –теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі
нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет
етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың
әлеуметтік -тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-
біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс
(жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық
тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық
ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. әкономиканы нарықтық
реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен
тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.
Нарық түралы ілім.
Ағылшын әкономисі А.Смит әкономика түралы бір ғана еңбек жазғанымен,
оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады.
Оның еңбегі Халық байлығы 1776 ж. Жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм
алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін оқырмандар
саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен,
аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып
үйренуде.
А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге әкономистердің
түсінігінше ,-алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз
– еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің
еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру
бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық түралы ілімі Австрияның әкономисі, Нобель
силығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның
ілімі бойынша, нарық деген ұғым –ішкі себептерден пайда болған
әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің
шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек
бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ
олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу
керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың
тиімділігі және бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің
әкономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра
беретіндігі.
Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық
әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді В.И.
Ленин,-“адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. В.И.Лениннің айтуынша,
“Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне,
сондықтан да соңиализм орнатуда және соңалистік шаруашылықты
ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет
екендігі түралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға
байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең бастылары:
• В.И.Лениннің көзқарасында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін
бәсекелестік капитализмнен монополистік капитализм сатысына көшу
барысында атқаратын ролі;
• Халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері
түралы жалпы теорияның айқындала түсуі;
• Өтпелі дәуір кезеңіндегі әкономиканы мемлекет тарапынан басқару
механизмнің дамуы;
Нарықтың пайда болу себептері.
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін
тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі
олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір
қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп,
белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған
атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат
және т.б тән нәсе –олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық
теорияда бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда
пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы
немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа
байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі
ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір –бірімен айырбастауға деген
табиғи қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған
байланысты А. Смиттің зерттеғен “Көрінбейтін” қол деген теориясына
назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық
субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық
түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді
ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де.
Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты-өзіне ғана
пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа
алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін
көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекетжасайды.

1.2.Нарық қатынастарының даму кезеңдері
Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық
қатынастарының дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге бөлуге болады:
➢ нарық әлемнің пайда болуы;
➢ натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
➢ тауар болмасы кезеңінің нарығы;
➢ тауар емес балама кезеңінің нарығы;
1. Кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке
сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
2.Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге
болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының
нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның
субстанңиясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп
кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иленушісі болып бірнеше тауарлар
көрінуі мүмкін.
3.Кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-т2
болама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән.
Ол ерекше тұтұну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып
қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір
заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз
өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады.
Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін
алатын атқара бастайды.
4.Кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:
Т1-тауар емес балама –Т2 .
Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері- несие
ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда , құнның
өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы –қазіргі замандағы нарықты
сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық,
монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық
-капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен
сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы
нарықтың идеологы, әлемдік әкономикалық теорияның негізін қалаушы А.
Смит (і723-і790 ж.) өзінің “ Халықтар байлығының табиғаты мен себептері
түралы зерттеу” (і776ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің
байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық
қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған
болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсәпкер немесе саудагердің
арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп
көрсетті. Оның пікірінше , мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге
араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі
күзетшінің” ролін атқару қажет. Мемлекет “ мейлі өзінен өзі жүрсін”
саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит
осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке
капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек
қоятын “ жаман әдеттеріне” мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана
бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады,
нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит
нарықты әкономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен
нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше , жеке мүддені
қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық
өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады.
Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы
кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық ХіХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы
кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
әкономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің
баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына , ал түптеп келгенде,
қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына
негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным
мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін,
тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі
қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән
болып отыр .Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар ,
еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге
мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы
несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен
топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін
маркетингтік қызметті енгізу , өндірістің көлемін тікелей шарт жасау
негізінде реттеп отыру, әр түрл кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама
ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап
көрсету керек .
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып өттік.

ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы.
. 2.1.Нарықтың қызметтері
Нарықтың мәні оның функңиялары арқылы толығырақ анықталады,
Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:
➢ Тауар өндірісінің өзін -өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы
көрінеді: тауарға сұраныс өскенде , өндірушілер өздерінің өндіріс
көлемін көбейтіп , бағаны жоғарлатады; нәтижесінде өндіріс қысқара
бастайды;
➢ Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады,
осымен қатар,олар жаңа техника, технологялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды
жетілдіру арқылы шығындар азайту мүмкіндігін іздестіреді;
➢ өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау
қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге
аса алады: сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте
монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес
болғанда;
➢ реттеу қызметі. Нарық арқылы әкономикадағы, өндірістегі және
айырбастағы негізгі микро және макропропорңиялар белгіленеді;
➢ шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принңптерін
жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс
әкономикалық жағынан қолайсыз әлементтерден арылып отырады және осының
арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді , яғни
дифференңиялданады.

.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
.
. 2.2. Нарық әкономикасының әлементтері мен инфрақұрылымы.
Нарық әкономикасының қызмет етуі оның белгілі елементтерінің
болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық әкономикасының бірінші және өте маңызды әлементі -
өндірушілер мен тұтұнушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі проңесінде
қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтұнады. Тұтұну
жеке тұтұну болып бөлінеді. Жеке тұтұнуда тауарлар, өндіріс сферасынан
шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтұну
өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады.
Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл
жағдайда өндірушілер мен тұтұнушылардың бір-бірімен байланысы
әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп
отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады,
мамандануға негізделед және көтерме нарықтық келісімдер фомасында
жүреді.
Нарық әкономикасының екінші әлементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген , меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған әкономикалық оңашалану құрайды.
Нарық әкономикасының үшінші маңызды әлементі- баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз:
1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
коньюнктүраға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар
әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін траскациондық
шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары
болжайды.
Нарық әкономикасының төртінші орталық буыны-екі құрылымнан
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың
және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен
ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы
тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды
әлементі.
Нарық механизмінің бесінші әлементі –бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын тілейді және осының негізінде өндіріс масштабын
кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы
субьектілерінің өзара әсерінің және пропорңияларды реттеу механизмінің
формасы болып табылады. А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы”
деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүделеріне сәйкес
өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді . Осы әрекеттердің
жиынтығы қоғамдық пайдаға шешіледі, қоғам әкономикасын жандандырады.
Бәсекенің басты қызметі әкономиканың реттеушілерінің : бағаның, пайда
нормасының, проңенттің т.б . мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақұрлым жатады. Нарық
тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып,
қызмет етуін талап етеді.

НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЛЫМЫ
АУКЦИОНДАР КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-ДЕЛДАЛДЫҚ ФИРМАЛАР
БИРЖАЛАР ЖӘНЕ БРОКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕР БИЗНЕСТІҢ КОМЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
БАНКТЕР САҚТЫҚ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАРНАМА-АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
КОМПАНИЯЛАР
МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ЖӘНЕ БАНКТЫҚ ҚОЙМА,ЭЛЕВАТОР,ТОҢАЗЫТҚЫШ, ТРАНСПОРТ
ҚОРЛАР ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ОРЫНДАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ САУДА ҮЙЛЕРІ
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАЙТЫНМАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
ИНСПЕКЦИЯ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КӨТЕРМЕ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ
ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАР КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР
БАҒАЛАР МЕН СТАНДАРТТАРҒА БАҚЫЛАУ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ БІРЛЕСТІКТЕРІ
ЖАСАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ (АССОЦИЯЦИЯЛАРЫ)
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ

1-сурет. НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЛЫМЫ.

Нарық конъюнктүрасы. Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе
әкономикалык конъюнктүраға байланысты, яғни нарыктың белгілі мерзімдегі
уакытша жағдайы. Конъюнктүра түралы теменде көрсетілген көрсеткіштер
жуйесі мәлімдейді:

➢ өндіріс пен кұрылыс дииамикасы, тауар запастарының
мөлшері,
баға, процент, бағалы кағаздар курсының козғалысы;
➢ пайда, еңбек акы және ендіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі;
➢ еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас;

Экономикалык конъюнктүраға "циклдық", "циклдық емес".
"кездейсоқ" факторлар әсері бар;
а) циклдык факторлар әдетте негізгі капиталдың (өндірістік құ-рал-
жабдықтардың) кезекті жаппай жаңаруына байланысты;
Ь) циклдық емес факторлар әкономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған
ең, алдымен ғылыми-техникалык прогресс жатады);
с) Кездейсок (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.
әкономикалык конъюнктүраны жақсартудың әдістері:
а) Инвестициялык ахуалды қалыптастыру;
Ь) Фирмаларға мемлекеттік заказдардың берілуі мен көлемінің езгеруі;
С) Салык және процент ставкаларының дәрежесін кайта қарау;
б. Халықтың ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.

Қазір барша кәсіпорындар немесе жекелеген нарықтар конъюнктүраның
өзгеруін зерттейді, оның болашағын болжайды.

Нарық әкономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принңиптерге
негізделеді:
1. Маржиналдык (шекті) талдауға;
2. Балама таңдау шығындарына;
3. әкономикалық рационалдыққа.
Маржиналдык талдау прииңиптері негізінде нарық субъектілерінің іс-
кимылы журіп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті
шамалар болады. Осының нәтижесінде нарыкты тауарлармен толык қамту,
нарықтық бағаның өзгеруі, нарык әкономикасының бір жағдайдан басқашаға
ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің, пайда болуы,
нарық әкономикасына, ондағы сұраыыс пен ұсынысқа мәнді әсер етпейді.
Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде,
шаруашылык жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әркайсысының нарықтағы
жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарыктық
ортаның, үзілмей кызмет етуш камтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың
күрт тербелуіне жол бермейді; тауар ендірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік
болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама тандау шығындарының принциптері Балама таңдау шығындарына
тІкелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік
әрекеттердің осыдан баска, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан
түспеген табыстың және -тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық
әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің
варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа
жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі
өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалык рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып
отыруға негізделеді Раңионалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан
жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса
да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдыктың
критериі- табыс төтенше құқұқтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің
пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтұнушылар - капиталды шектеп пайдалана
отырып, барынша ездерінің хал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарык
әкономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына
жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс -- нарык механизімінің орталық
проблемасы. Бул жағдай екі қарама-қарсы куштерді колдануға негізделеді: бір
жактан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.
Сирек кездесулік мәселесі нарык әкономикасының өте маңызды шарты болып
табылады. "Сиректік" деген тусінік - әкономистер үшін өте маңызды
методологиялық кұрал, әсіресе, тауардың пайдалылығын дәлелдеуде
колданылатын кұрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында "сиректік'' деген
негізгі және ешқандай тусіндірме тілемейтін, физикалык ақиқат болып
табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір
игіліктердің тапшылығын дәлелдеуғе мумкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит "сиректік" тусінігін
күнмен байланыстырады. Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен катар,
тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы
нарықтық қатынастар теориясында "сиректіктік" түсінігі белгілі
трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректік табиғи және әлеуметтік
факторлармен баланыстырылған болса, казір сиректік нарықтың қызмет өту
мерзімімен байланыстырып отыр. Сұранысы мол жана игілік бір мезетте және
толығымен кажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі бір
уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректік мол болған сайын, осы
игіліктің кажет санын ендіруге соншама мол уакыт керек.

2. 3. НАРЫҚТЫҢ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ТҮРЛЕРі ЖӘНЕ
СЕГМЕНТАЦИЯСЫ
Нарық құрылымы өте күрделі болады және ол әкономиканың барлық
сферасында өз әрекетін жүргізеді. Нарыктың әкономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
▪ меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ужымдык, аралас);
▪ шаруашылық субьектілерінің әр түрлі формаларының әкономикадағы үлес
салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік,
арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары т.б.);
▪ тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
▪ шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және
жекешелендіру дәрежесімен;
▪ осы елде пайдаланылатын сауданың түрлерімен;
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай криитерилер арқылы бөлуғе болады:
1. Нарық қатынастары обьектілерінің атқаратын әкономикалық қызметі
бойынша:
▪ Иіліктер мен қызметтер нарығы;
▪ өндіріс құралдарының нарығы;
▪ ғылыми- техникалық жұмыстар нарығы;
▪ құнды қағаздар нарығы; жұмыс күші нарығы.
Нарықтың көп түрліліғі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық
жүйесіне күрделі өзғерістер енғізуді талап етеді,тауардың өткізілуін
тікелей байланыс неғізінде жүрғізуді ,сатұсатып алудағы бейнелеп
–есептеу сипатын нақты сатұсатып алумен алмастыруды, шаруашылық
байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді . Осындай
нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар,
коммерңиялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша классификаңиялауға болады:
▪ өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
▪ халық тұтұнатын тауарлар, азық-түлік тауарлар нарығы ;
▪ шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.
Ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауыл
шаруашылық өнімдер қоры қалыптасады. Тұтұну тауарлары нарығының
қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін
тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестің кең
пайдалануын, фирмалық дүкендердің көбеюін тілейді.

3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтары
болады:
▪ аймақтық ішіндегі ;
▪ аймақаралық;
▪ республикалық;
▪ республикааралық;
▪ халықаралық (әлемдік) нарықтар.
Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік еғемендіғін
қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар
болады:
➢ монополиялык;
➢ олиғополиялык;
➢ салааралык нарыктар;

5. Нарық қатынастарының субьектілері бойынша мынадай
нарықтар болады.
▪ Көтерме сауда нарыктары. Бұнда сатып алушылар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Маркетинг
Маркетингтің мәні
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы. Маркетинг теориясы
Маркетингтің эволюциялық дамуы
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары жайлы
Нарық ұғымы және мәні
Маркетинг жоспарының құрылымы
Маркетинг теориясы
Нарықтық экономика туралы ақпарат
Пәндер