Есімдіктердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедресы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Есімдіктердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

Орындаған: ҚФ-21

Тексерген: аға оқытушы Ажарбекова Э. Н.

Қарағанды-2013

Жоспар:

Кіріспе

I тарау Есімдіктердің сөзжасамы

1. 1. Есімдіктердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

II тарау Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған есімдіктердің мағыналық түрлері

2. 1. Сілтеу есімдіктерінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

2. 2. Сұрау есімдіктерінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

2. 3. Жалпылау есімдіктерінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

III Қорытынды

IY Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Есімдіктердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуының қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар. Негізгі мақсат- басқа сөз таптарының сөзжасамы сияқты есімдіктердің де сөзжасамы, олардың сөзжасамдық тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық ) арқылы жасалуын нақты мысалдар арқылы көрсету.

Сөздерді таптастырудың белгілі бір жүйеге түсіп қалыптасақан, негізгі үш принципіне сай қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді.

Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог түрінде айтылған я жазылған болса сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға ғана белгілі болады.

Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер болып саналады. Бұл қатынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік т. б. сияқты болып келе береді. Қатынастардың осылайша әрқилы болып келуі ешқашан субстанциялар мен құбылыстардың қасиеттері мен сапаларына байланысты тумайды, қайта керісінше, оларға арналған субъектілік қатынастың негізінде, қатынастың субъектімен тығыз байланыстаа болуы негізінен барып пайда болады. Мәселен, жіктеу және өздік есімдіктерінде ондай қатынас сөйлеушінің сөйлемдегі субъектіге тікелей нұсқау амалымен беріледі. -Кідірмей-ақ, Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал, - дегенде сөйлеушінің қатысы тыңдаушымен тікелей жасалып тұрғанын көреміз, сен сөзі тыңдаушыға - II жақ (Қартқожа) тікелей нұсқау ретінде айтылып тұр.

Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т. б. ) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады.

Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және атрибутивтік болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.

Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алғанда, мағыналары қашан да нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мәселен: мен, сен, сол, кім?, не?, өзі, бәрі, біреу, ештеңе сияқты есімдік сөздердің мағынасына көңіл бөлейік. Бұл сөздерде дәл осылай жеке-дара тұрғанда ешбір мағыналық дәлдік, мағыналық нақтылық жоқ. Мен деген есімдік түптеп келгенде - «1 жақ - сөйлеуші», сен деген есімдік «2 жақ - тыңдауш», кім?, біреу - дегендер әйтеуір «адам», ештеңе- әйтеуір бір «зат» т. б. сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды ғана көрсете алады. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат», т. б. сияқты заттық ұғымдар аңғарылғанымен, олар нақтылы түрде айқын, анық болып берілмейді, өте жалпылама қалыпта ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.

Субстантивтік есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесі бола алатын болса, атрибутивтік есімдіктер анықтауыштық қызметке бейім тұрады. Сөйлемнің өзге мүшелерінің қызметін тек субстантивтенген жағдайда ғана атқара алады. Есімдік сөздердің жалпы синтаксистік бір ерекшілігі, есімдіктердің өзіне бағыныңқы сөздері болмайды. Яғни есімдіктер сөйлемде қолданылғанда, ешқашан өзіне тән анықтауыш немесе пысықтауыш мүшелерді қажет етпейді.

Сонымен, қорыта айтқанда, есімдіктер - мағыналары тым жалпы, контексте қолдану мақсатына қарай әр түрлі нақтылы мағыналарға ие болатын, субъективті- объективтік және атрибутивтік болып күрделі екі жікке бөлінетін, соған байланысты бәріне ортақ түрлену формасы жоқ және синтаксистік қызметі де әр алуан болып келетін сөздер.

I тарау Есімдіктердің сөзжасамы

Басқа сөз таптарына қарағанда есімдіктердің жасалу жолдары тілімізде онша күрделі емес. Мұның өзі есімдіктердің табиғатымен тығыз байланысты.

Зерттеушілердің айтуынша, қазақ тіліндегі жалпы есімдіктердің саны 60-70-тен аспайды екен. Демек, олардың жасалу жолдарындағы заңдылық осы аз мөлшерімен де байланысты болса керек. Дегенмен де есімдіктердің де жасалу жолдарында басқа сөз таптары сияқты синтетикалық және аналитикалық тәсілдер орын алып отырады. Мұндай тәсілдер есімдіктердің әрбір жеке түрлерінде байқалып қалады.

Есімдіктердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуында жұрнақтар тіптен аз кездеседі. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды есімдіктер жасайтын жұрнақтардың аз болуы есімдіктердің кейбір мағыналық түрлерімен ғана байланысты. Олар: сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері, жалпылау және белгісіздік есімдіктері.

Ал аналитикалық тәсіл арқылы туындайтын сұрау, сілтеу, болымсыздық, өздік, белгісіздік есімдіктері қосарлану және бірігу арқылы жасалады.

Есімдіктердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы

Тіліміздегі бірқатар есімдіктер аналитикалық жолдармен жасалады. Бұл ретте олардың бірігу, қосарлама айтылу және сөз тіркесі құрамында қолданылу жолдары жатады. Аталған осы жолдардың аясы да есімдік құрамында онша көп кездесе бермейді. Бұлардың өзін іштей саралап көрсетсек, мынадай заңдылықтарды байқаймыз.

Бірігу арқылы жасалған есімдіктер

Есімдіктердің осындай жасалу жолында олардың белгілі бір түрі әр уақытта да сөздердің біріге жұмсалуына негіз болып тұрады. Осы негізде бір есімдік түбірден бірнеше біріккен тұлғадағы есімдіктер өрбіп жатады. Мәселен, бір еш сөзінен болымсыздық мәндегі бірнеше есімдіктер туындайды: ешкім, ешқайда, ешқайсы, ешқандай, ешқашан, ештеме, ешнәрсе, ешбір.

Мен ешкімнен байлық, бақ сұрамаймын. Мен ешкімге жағынып ұнамаймын (Ш. Мұхаметжанов) . Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев) . Көзімнің тірісінде ешқайсыңа да салмағымды салмаймын (Ш. Құсайынов) . Барлық күзетшілер орнында екен, күдіктенерліктей ештеме байқалмады (Е. Оразақов) .

Осы тәріздес біріккен түбірлі есімдіктердің жасалуына бір сөзі де негіз болып тұрады. Осы бір сөзінің негізінде бірнеше, бірдеме тәріздес белгісіздік есімдіктері пайда болады. Қасен бірдеме есіне түскендей алақанымен Қапанды жауырынға қағып қалды (Б. Майлин) . Нұрман тағы бірдеме деп ақтала беріп еді, Ербол басып тастады (З. Шашкин) . Солардың бір-екеуіне барсам, ұзақ сөйлесіп, қатарында бірнеше күндер жүрсем деп ойлады (С. Бақбергенов) .

Кейде бір сөзі қолданылу ретіне қарай белгісіздік есімдіктердің екінші сыңарынан да орын алатын болады: кейбір, қайсыбір, әрбір, әлдебір. Біреулер үйінің орынын өлшеп, біреулер қазып үлгіріп, қайсыбіруелері қалқитып та алған (Ғ. Мұстафин) . Жел барған сайын құтырынып, құлаққа жат әлдебір тағы үнмен сарнайды (М. Гумерев) .

Бірігіу арқылы жасалған есімдіктердің құрылысына әлде есімдігі де себепші болады. Осы есімдіктің негізінде бірнеше белгісіздік есімдіктері туындап жатады: әлдебір, әлдекім, әлдеқайда, әлдеқайдан, әлдеқашан, әлдене, әлденеше. Ән шырқайды аулақта, Әлдекімдер құбылтып . . . (Ғ. Орманов) . Сұлтанмахмұттың көз алдында әлденелер елестеді (Д. Әбілев) . Омашты тартатын көліктің көпшілігі - есек. Әлденешеуін парлап жеккен (С. Мұқанов) .

Осылар тәріздес белгісіздік есімдіктерінің біріккен түрінде әр есімдігі де ұйытқы сөз ретінде айрықша қызмет атқарады: әрне, әркім, әрқайсы. Боз үйдің жанында бағанадан бері әркімнің атын атап шақырып тұрған дауыс басылды (Ғ. Мұстафин) . Көңіл шырқы бұзылып, әрқайсы өз ойына күпті болып отыра берді (З. Шашкин) . Дүниеге өз көзқарасы бар, әрнені ақыл елегінен өткізіп, өзінше топшалайды (А. Байтанаев) .

Есімдіктердің бірігу жолымен жасалған түрлері, негізінен алғанда, осылар. Талдаудан байқалғандай, осындай құрылыстағы есімдіктерге белгілі бір түбірі негіз ретінде қолданылады, осыдан барып бірнеше есімдіктер туындап шығып жатады.

Қосарлана келген есімдіктер

Қосарлана жұмсалған есімдіктер тілімізде өте аз кездеседі. Есімдіктердің қосарланған түрлерінің көпшілігі үстеуге айналып кетеді ( анда-санда, онда-мұнда, өзді-өзі, өзімен-өзі т. б. ) . Ал қосарлана жұмсалған есімдікті сөздер есім мағынасында қалса ғана өз табиғатын жоғалтпайды. Мұндай қосарлы есімдіктердің қатарына мына тәріздес сөздер жатады: өзін-өзі, ондай-мұндай, онысы-мұнысы, кіммен-кім, қай-қайсы т. б. Кімде-кім партиямен бірге болса, ол елімен бірге, кімде-кім елімен бірге болса, ол партиямен бірге екені бәрімізге мәлім (Ғ. Мүсірепов) . Соның қай-қайсысы да Нұрдәулеттен зәбір жапа шегіп, мүгедек халге түскен бұйымдар (Б. Соқпақбаев) . Бұл тұста Қарлығаш те-тез киініп, оны-мұнысын жинастырып, сумкасын қолына алды да, сыртқа қарай бет ұрды (Ж. Жұмақанов) .

Есімдіктердің сөз тіркесі арқылы жасалуы тілімізде кездеспейді десе де болады, тек бірен-саран түрлері ғана қолданылып қалады: мына мен, осы сен, бір өзі тәріздестер. Осы атыраптың иесі бір өзі сияқты, кірпігін баяу қағып, төңірекке маңғаздана, өр қарайды (З. Қабдолов) .

Есімдік сөздер өз ішінде бір-бірінен жіктері айқын көрініп тұратын бірнеше топқа бөлінеді. Есімдіктің бұлайша ішінара бірнеше топқа бөлінуіне лексика-семантикалық принцип негіз болады. Сонда есімдік сөздер мағыналық ерекшеліктері жағынан жеті топқа бөлінеді: 1) Жіктеу есімдігі; 2) Сілтеу есімдігі; 3) Сұрау есімдігі; 4) Өздік есімдігі; 5) Жалпылау есімдігі; 6) Белгісіздік есімдігі; 7) Болымсыздық есімдігі. Осы есімдіктердің жеті мағыналық түрінен синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын есімдіктерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

Сілтеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктеріне тән сөздердің негізгі лексикалық мағыналары аралық қатынастарды көрсету болып табылады. Сол себепті сілтеу есімдіктері әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады. Анау қалмақшының иті- мынау қасқыр тымақтың иті (Аймауытов) . Бүгін қойды сонау Қызылжар жақтағы кең жазыққа айдадым (Исабеков) . - Түндегі бір даурыққан хабар екен ғой? - Естісең, сол. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай) . Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (ертегіден) . Кімді айтса, сол келер (мәтел) . Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә) . Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ. ) . Бұлар- станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш. ) . Бұл- аңыраған ана Наталья (Ғ. Мүсірепов) . Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ (Ж. Молдағалиев) . Бұл сұраққа жауап бермей, аз отырып барып сөйледі (С. Мұқанов) . Әнеугүні келген бала осы.

Сілтеу есімдіктерінің аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді. Сілтеу есімдіктерінің бұл аралық қатынастарды білдірудегі мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік екінші бір есімдікті салыстыра қолданылуда, қарама-қарсы ұғымдардағы сөздердің мағыналық айырымдарын салыстыра көрсету амалы арқылы ғана айқын көріне алады. Сонда ол амал мағыналық жіктерін қарама-қарсы қойып салыстыруға келетін «жақын» және «алысырақ» деген аралық ұғымды білдіре алатын есімдіктерінің арасында болады. Анау шамаданым, мынау ілулі тұрған киімдерім, басқа нәрсеміз жоқ (Дулатов) . Әне жерде, міне жерде бұрқыраған түтін (Аймауытов) дегенде мынау, міне жақын аралықтағы, анау, әне алысырақ жердегі заттар мен құбылыстарға нұсқай айтылып тұр.

Сілтеу есімдіктері кез келген бірыңғай немесе әрқилы субстанциялар мен құбылыстардың ішінен белгілі біреуін даралап бөліп алып, соған тыңдаушының көңілін аудару мақсатымен қолданылады. -Үндемей жүріп мына Ыбыш бәрінен озды (Исабеков) . Ана бір Ахметжан, Құлтас деген қулар бар, бәрі қосылып қыздың басына ерік қағазын алыпты (Дулатов) дегенде, мына, ана сөздері адам (кісі) біткеннің ішінен белгілі бір кісіге ғана, тыңдаушының көңілін аударып тұрғаны айқын көрінеді.

Сілтеу есімдіктерінің бұл белгілі бір субстантивті не құбылысты бөліп алып, соған тыңдаушының көңілін аудару қызметі болса, екінші жағынан сілтеу есімдіктерінің қолданылу ретіне қарай контексте белгілі бір нақтылы мағыналарға ие болу қасиеттерімен ұштасып жатады. Ол мағыналық нақтылық өз тарапынан сілтеу есімдіктерінің қандай сөз таптарының орнына қолданылады деген мәселені қамтиды.

Сілтеу есімдіктері мына сияқты сөз таптарының орнына қолданылып, солардың беретін нақтылы мағыналарына ие болады.

1) Сілтеу есімдіктері зат есім сөздер орнына қолданылады. 80-ші жылдары жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған (Байтұрсынов) дегендегі Михаэлис, Гросс дегендер зат есім орнына қолданылып тұр.

2) Сілтеу есімдіктері сын есім орнына да жұмсалады. Кіші үйдің боз інгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды (Аймауытов) .

3) Сілтеу есімдіктер сан есімнің орнына да қолданылады. Копия алу үшін болыстың аулына Сәрсенбай, Дүйсебектер бірнеше мәрте барса да, әр түрлі себептер айтып бермей жүргенде, он бес күн өтіп кетіпті. Бұл күндердің ішінде арыз бойынша начальниктен жоғарыда айтып өткен қағаз да келіп қалған еді (Дулатов) .

4) Сілтеу есімдіктері есімдіктердің орнына жұмсалады.

5) Сілтеу есімдіктерінің жеке етістік сөздер орнына қолданылу дағдысы кездеспейді. Бірақ сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әрқилы ойлардың, іс-әрекеттердің орнына қолданылғанда, ондағы ауыстырылып алмасатын мағыналардың жетекші мәні сол етістік сөздердің бойына топталады. Әуезе мен айтыс-тартыс арасындағы зор айырыс осы (Байтұрсынов) дегендегі осы есімдігі алдағы айтылған ойлар мен баяндалған оқиғаларға, амалдар орнына, соларды ауыстыра қолданылып тұр.

Сілтеу есімдіктері өзге сөз таптарын алмастыруы, солардың орнына қолданылуы тұрғысынан алып қарағанда, негізгі екі салаға бөлінеді:

1) Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктерге: бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол сөздері жатады.

2) Өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктерге: міне, әне, сона, сонау, түу сөздері жатады.

Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады. Тәуелдік жалғаулары сілтеу есімдіктерінің ішінде міне, әне, осынау, сонау, түу(түнеу) сияқты түрлеріне мүлдем жалғанбайды.

Сілтеу есімдіктеріне септік жалғаулары да біркелкі талғаусыз жалғана бермейді. Мәселен, бұл, ол, мына, ана, сол сілтеу есімдіктері жекеше және көпше түрінде де септеледі. Бұлардың септелу жүйесі жіктеу есімдіктеріне ұқсас болады. Ал өзге міне, мынау, әне, анау, осынау, сонау, түу есімдіктері септелмейді.

Көптік жалғаулары сілтеу есімдіктерінің ішінде бұл - бұлар, ол - олар, мына- мыналар, ана - аналар, осы - осылар, сол - солар сияқты сөздерге ғана жалғана алады.

Сілтеу есімдіктері сөйлем мүшелерінің бәрінің де қызметін атқара алады. Бірақ соның өзінде де кейбір сілтеу есімдіктерінің сөйлемде атқаратын қызметтерінде ішінара ерекшеліктері болады. Мәселен, міне, әне, осынау, сонау, түу есімдіктері ешқашан да бастауыш, толықтауыш болып қызмет атқара алмайды; бұл, ол сөздері баяндауыш болмайды; міне, әне есімдіктері анықтауыш қызметін атқармайды. Сол сияқты пысықтауыштық қызмет- тек осы, сол есімдіктеріне ғана тән.

Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктері- заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын т. б. білу мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? қашан? қанша? неше? нешінші? қаншасы? сөздері жатады. -Кіммен күрес деп отырсыңдар?- Шәкіманмен (Аймауытов) .

Демек сұрау есімдігі мағыналары тым жалпылама түрде берілетін кім? не? сияқты субстантивтік және қай? қайсы? деген атрибутивтік сөздерден тұрады. Сұрау есімдіктері қай сөз табына байланысты сұрала айтылса, сол сөз табының орнына қолданылады.

Сұрау есімдіктерінің өзге есімдік сөздер тобынан бөліп алатындай ішкі грамматикалық бірлігі болмайды. Белгілі бір формалар не қызметтер арқылы бастары бірікпейтін сөздер болып саналады. Яғни, сұрау есімдігінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі- олардың сұраулық мәнде қоданылуы.

Сұрау есімдіктерінің түрлену жүйесі мынадай болады. Тәуелдік жалғаулары сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей жалғанбайды. Мәселен, қай? қашан? неше? қалай? сұрау есімдіктері мүлде тәуелденбейді. Сұрау есімдіктерінен кім? не? қайсы? нешеу? сөздері ғана тәуелденеді.

Жіктік жалғаулары сұрау есімдігінің ішінен тек кім? қандай? қалай? қайсы? сөздеріне ғана жалғанады.

Септік жалғаулары да сұрау есімдігінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Мәселен, қандай? қалай? есімдіктері мүлде септелмейді. Неше? қанша? сөздері барыс, жатыс, шығыс септік жалғауларын, қашан? сөзі барыс, шығыс септік жалғауларын, қай? сөзі жатыс, шығыс жалғауларын ғана қабылдай алады. Сұрау есімдігінен кім, не, қайсы? сөздері септеледі.

Көптік жалғаулары кім? не? неше? сөздеріне ғана жалғанады. Көптік мағына кейде сұрау есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы беріледі.

Сұрау есімдіктері сөйлем мүшелерінің бәрінің де қызметін атқара алады. Бірақ сұрау есімдігінің әрқилы сөз таптарына бейім болып келуіне байланысты кейбір сөздердің өзіндік ерекшелігі болады.

Өздік есімдіктері. Өздік есімдіктері- сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер. Өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері деген сөздер жатады.

Өздік есімдіктерінің ілік септік формаларының толық сақталып қолданылуы кейде олардың екінші сыңарларының тәуелдік жалғаулары түсіріліп айтылуының әсерінен де болып отырады. Біраздан соң өзі де кіріп келді (Исабеков) . Өзіміздің өкімет келгенде біз де болайық та (Аймауытов) . Өзіміздің үй екен (Исабеков) дегенде, өздік есімдіктерінің толық формада айтылуы «өкіметіміз», «үйіміз» сөздерінің қысқарған түрде қолданылуының әсерінен болып тұраған заңдылық.

Өздік есімдігі әрқилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды қабылдайды. Ол формалар әрқашан өздік есімдігіне қосылып айтылатын тәуелдік жалғауларының үстіне үстемеленіп отырады.

Өздік есімдігіне жіктік жалғауы жалғанады. Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Кейде жіктеу есімдіктері өздік есімдіктерімен тіркесіп қатар жұмсалады. Мен өзім елге бармағаныма төрт-бес жыл болды (Дулатов) . Өздік есімдіктеріне септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады. Өздік есімдіктері сөйлемде пысықтауыштан өзге мүшелерінің бәрінің де қызметін атқара алады.

Жалпылау есімдіктері. Жалпылау есімдіктері деп белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты - жалпылау мағынадағы сөздерді айтамыз. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жатқан біркелкі не әрқилы заттар мен құбылыстардың жиынтығын жалпылай көрсете алатын сөздер болып келеді.

Тәуелдік жалғауларының үстемеленуі арқылы жасалған кейбір жалпылау есімдіктері субстансивтік мәнде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Баяндауыш.туралы
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Есімдіктердің сөзжасамы
Етістіктің жақ категориясы
Есімдіктің мағыналық топтары
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық
Есімдіктер - мағынасы тым жалпы сөздер
Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz