Сан есімнің (күрделі) сөзжасамы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: САН ЕСІМНІҢ (КҮРДЕЛІ) СӨЗЖАСАМЫ

Орындаған: ҚФ-21

Тексерген: аға оқытушы

Ажарбекова Э. Н.

Қарағанды 2013ж.

Ж О С П А Р

Кіріспе

І тарау. Сан есімнің зерттелуі

  1. Қазақ тіл біліміндегі сан есімнің зерттелу тарихы
  2. Сан есімнің лексико-семантикалық тәсілінің зерттелуі

ІІ тарау. Жалпы сан есімнің ерекшеліктері

2. 1. Сан есімнің лексико-семантикалық сипаты

2. 2. Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері

2. 3. Сан есімнің мағыналық топтары

2. 3. 1. Есептік сан есім

2. 3. 2. Реттік сан есім

2. 3. 3 Жинақтық сан есім

2. 3. 3. Топтық сан есім

2. 3. 4. Болжалдық сан есім

2. 3. 4. Бөлшектік сан есім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К і р і с п е

Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Әлемнің тілдік бейнесін таңбалауда кез келген тілде арнайы сөзжасам жүйесі калыптасқан. Тілдің дамуы төл сөздердің мағыналық және тұлғалық кұрылымының дамуымен тікелей байланысты. Осы реттен сөзжасам теориясының кешенді бағытта жүйелі зерттелуінің маңызы ерекше. Бұл тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің сөзжасамы - өзінің негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері бар, белгілі даму желісі қалыптасқан, өзіндік зерттеу тәсілі мен

әдістері бар тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі - атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, сөз жасаудың тәсілдерін ұғым-мағына-атаудың кешенді бірлігін қарастырады [1, 282] .

Сөзжасам негізгі сөзден туынды сөздердің анығырақ айтсақ, туынды түбірлердің жасалу жүйесін зерттейді. Ал ол сөзжасамдық ұяда жасалған туынды сөздердің бәрі тілдің сөздік құрамына кіретін лексемалар, сөздер. Әр туынды лексема тілдің лексикалық жүйесінен орын алумен бірге, ондағы семантикалық топтарға да қосылып, олардың құрамын кеңітіп отырады. Бірақ лексикалық мағынаның топтарындағы сөздер құрылымы жағынан, ондағы сөздердің құрылысы жағынан түрлі-түрлі болады. Олар мағынасы жағынан ұқсас болғанымен, тұлғасы түрлі бола береді.

Жаңа сөз жасаудың көне тәсілі деп есептелетін аналитикалық тәсіл Кеңес дәуірі кезінде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен байланысты тірек болған, қызметі артқан, бір сөзбен айтқанда, ең бір ұтымды, актив тәсілге айналған: радио-хабар, радио-қабылдағыш, сірке суы, сірке қышқылы, көркемөнер, таңдай безі, сутегі, тамыр жүйесі, үш бұрыш, азот қышқылы, агрономия, халықаралық, социалистік жарыс, оқшау сөздер, зат есім, сын есім, радиотехника т. б. Бұл аталған терминдер, сөз жоқ, лексикамыздың баюына үлкен себеп болды.

Тіл білімінде сөзжасамның аналитикалық тәсілі ерекше орын алады. Яғни, аналтикалық тәсіл дегеніміз - тілімізде көне заманнан келе жатқан, тілімізде көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Бұл тәсіл - басқа тілдердің сөзжасамында кең орын алатын, кең таралған тәсіл. Оны дүние жүзі тілдерінің сөзжасамына ортақ тәсілі деуімізге болады.

Осы крустық жұмыста күрделі сан есімдерді және сан есімнің күрделі сөзжасамын яғни, аналитикалық тәсілдерін қарастырамыз. Оның берілу жолдарын, мағыналық катигорияларын, жазылу тәртіптерін, сонымен қатар, сөйлемде қолданыстарында қамтимыз.

І тарау. Күрделі сан есімдер

1. 1. Күрделі сан есімнің зерттелуі

5. САН ЕСІМ

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім - дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семанти-калық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.

5. 1. САН ЕСШНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер - заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың са-нын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Тек Мағаштыуш күндей оңаша алып оты-рып, арманын есітті. (Әуезов) . Жетшатасын білген үл жеті жұрттың камын жер (Мақал) . 14-15 жа-сында-ақ тамаша әншілігімен даңқы шыққан (Мағауин) . Жетінші тілек тілеңіз . . . (Бүқар жы-рау) деген сөйлемдердегіуш, жеті, 14-15, жетінші сан есімдері есім сөздердің санын, ретін, мөлшерін білдіріп, сандық белгісін анықтап тұр.

Қазақ тіліндегі барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондык, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады.

Бірлік: Бірлік
Ондық: Ондық
Жүздік: Жүздік
Мыңцық: Мыңцық
Бірлік: бір
Ондық: он
Жүздік: бір жүз
Мыңцық: бір мың
Бірлік: екі
Ондық: жиырма
Жүздік: екі жүз
Мыңцық: екі мың
Бірлік: үш
Ондық: отыз
Жүздік: үш жүз
Мыңцық: үш мың
Бірлік: төрт
Ондық: қырық
Жүздік: төрт жүз
Мыңцық: төрт мың
Бірлік: бес
Ондық: елу
Жүздік: бес жүз
Мыңцық: бес мың
Бірлік: алты
Ондық: алпыс
Жүздік: алты жүз
Мыңцық: алты мың
Бірлік: жеті
Ондық: жетпіс
Жүздік: жеті жүз
Мыңцық: . жеті мың
Бірлік: сегіз
Ондық: сексен
Жүздік: сегіз жүз
Мыңцық: сегіз мың
Бірлік: тоғыз
Ондық: тоқсан
Жүздік: тоғыз жүз
Мыңцық: тоғыз мың

Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдері-не, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқы-лы енген. Қазақ тілінде қолданылатын түмен сөзі моңғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны бідціреді.

Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді.

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. Екінші тілек тілеңіз . . . (Бұқар жырау) .

Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып белінеді. Негізгі дара сан есімдерге мор-фемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жата-ды. Есеттің екі жағында отырған екі жігіт оның үстіне қонжия түсіп, екі қолынан тастай ұстап, дедектетіп отырып . . . (Жүнісов) .

Туынды дара сан есімдер әр түрлі граммати-калық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем (Мүсірепов) . Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі (Байтанаев) .

Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тірке-суі және қосарлануы арқылы жасалады. Он төртінде дөп-дөңгелек болып мінсіз толған ай иыққа кетерілгенше жүрді (Жүнісов) . Екі қызыл әскер шаршап-шалдығып келіп, бір-екі сағат дем алды (Момышұлы) .

Сан есімнің негізгі бір ерекшелігі - басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әр түрлі жүрнақгардың жалғануы негізінде қалып-тасқан.

Сан есім зат есіммен, заттанған сөздермен тіркесе келіп, оларды сан мелшері жағынан ай-қындап, анықтауышы болып табылады.

Бір кісі мыңға, жүз кісі санға, Әлі жетер заман жоқ (Абай) . Майысып нәзік белім бүраң қаққан, қырық түрлі дана кеудем енер тапқан (Сара ақын) . Бүл шоқ орман екі-үш шақырым жерде оқшау түр (Есенжанов) деген сейлемдердегі бір, жүз, кырық, екі-үш сан есімдері кісі, дана, шакы-рым сөздерін сан жағынан анықтап тұр.

Сан есімдер кей жағдайда зат есімсіз де қол-даныла береді. Мүндай қолданыста сан есім зат-тық мағынаны, оның мөлшерін және сандардың өз атауы ретінде жүмсалады.

Мысалы: Мыңнан біреу шыққанда басшы болып, Жүзден біреу шықса екен соңына ерер (Ду-латов) . Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер (Мақал) . Шаруаның біреуі екеу болып (Абай) . Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде (Махамбет) деген сойлем-дердегілш//нан, жүзден, алтау, төртеу, біреуі, онымыз сан есімдері адам деген ұғымды, яғни әрі затгық ұғымды, әрі сандық мөлшерін білдіріп тұр.

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағы-нан сан есімге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:

-салмақ олшемдерін білдіретін создер: қадақ, пүт, келі, батпан;

-колем молшерін білдіретін сөздер: бір шым-шым, бір уыс, бір тілім, бір күшак т. б.

- қалыңдық олшемін білдіретін созер: пы-шақ сырты, шынашақ, бармақ, екіеліт. б.

- қашықтық олшемін білдіретін сөздер: адым, таяк тастам, шақырым, козы көш жер, am шап-тырым т. б.

- ұзындық өлшемін білдіретін создер: түтам, сынық сүйем, кере қарыс, кез, аршын, күлаш т. б.

- сан есімдердің тура мағынасындағы создер: жарты мағынасын білдіретін создер: жарты,

жарым;

бір мағынасын білдіретін создер: жеке, дара, жалғыз, жалқы;

екі мағынасын білдіретін создер: егіз, кос, пар;

торттен бір мағынасында: ширек созі;

уақыт мөлшерін бідціретін создер: сүт пісірім уакыт, шай кайнатым, биенің бір сауымындай уакыт.

Бұл создер молшерлік мағынада қолданыл-ғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктері-не қарай басқа соз таптарына жатады.

5. 2. САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сан есім - дедбес лексика-семантикалық ерекшеліктері, озіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар соз табы. Санлығы - зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру. Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды.

Сан есім контексте қолданылуына қарай зат-тың нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін біддіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осымен байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтарының жалғануы да біркелкі емес.

Сан есімнің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық жағынан анықтау бол-ғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге түспей қолданылады. Бес нәрседен қашық бол (Абай) . Алты атанға қос артып, Алты жыл қоныс қарадым (Сейфуллин) . Аран ішінде е/с/атқа же-гулі тұрған шананы алып шықты (Бегалин) . Ол үш-төрт адам сыйғандай қайық тауып, балық аулайтын ау сатып алып, кәсіпке кірісті (Шәріпов) .

Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабыл-дап, заттық мағынада да колданыла береді. Онын алып, тоқсаннан дәме қылып (Абай) . Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап өлтірді де, екі кішкенесін тірі калдырды (Әуезов) . Жиырмаға келмеген бала жігіттің сөзінде нәр де, зәр де бар екен (Мұстафин) деген сөйлемдердегі онын, ток-саннан, бесеуін, жиырмаға сан есімдері тәуелденіп, септеліп, әрі заттық, әрі сандық ұғымды қатар білдірш тұр.

Сан есімдер кұрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден кұралған негізгі және туынды сан есім-дер дара сан есім деп аталады. Екеуі де маған жалт қарасып . . . (Мағауин) . Соның жеті жылы -баспасөз маңында (Нүршайықов) деген сөйлем-дердегі екеуі, жетіст есімдері бірі негізгі, екіншісі туынды күйінде келіп, дара сан есім болып қол-данылған.

Негізгі және туынды сан есімдердің тірке-суінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Үш жүзден аса крестьян соғысы, қарсылығы болған екен (Әуе-зов) . Тіпті жиырма-отыз түтіні бар ауылдар да "Ынтымақ", "Бірліқ", "Тегістік" деп ат қойып та үлгіріпті (Мағауин) . /72#жылы орыс патша-сы ПетрІ Ертіс бойын өрлеп . . . (Нұршайықов) деген мысадцардауш, жүз, жиырма-отыз, 1720cm есімдері тіркесу және қосарлану арқылы күрделі сан есім болып тұр.

Күрделі сан есімдердің қүрамындағы сан есім-дердің тіркесуі мынадай жолдармен болады:

а) бір санды екінші санға қосып айту аркы-лы. Бұл тәсіл арқылы жасаіатын сандардың құра-мы бір санға екінші санды косу жолымен бері-леді. Мысалы: 13-14 жасында Гүлияны Бүзау-баққа алты қараға бергеніне, міне, төрт-бес жыл бодцы (Сейфуллин) . Холмға жеткенше 150 километр жер жатыр (Момышұлы) деген сөйлем-дердегі 13, 14, 150 сан есімдерінің құрамындағы сан есімдер 10, /00сандарына5, 4, 5Ссандарын қосу арқылы жасалып берілген;

б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. Бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі сан есімдер қүрамы бір санды екінші санға көбейту жолымен жүзеге асады. 5000 жылқы 25 сомнан 125000 болады (Мүстафин) деген сөйлемдегі 5000 қүрамындағы жеке сандар (5 пен 1000) көбейту (5x1000) аркылы жасалып тұр.

Күрделі сан есімдердің тіркесуі аркылы жа-салатын осы тәсілдер косылмалы жэне көбейтіл-мелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы ара-лас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады. 1931 жылдың караша айының жиырма үшінде . . . (Жүнісов) деген сөйлемдегі бір мың (1x1000), тоғыз жүз (9x100) - көбейтілмелі сан да, отыз бір (30+1) - қосылмалы сан.

Контексте қосымша күрделі сан есімнін соңғы компонентіне жалғанады. Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі келемдісі - бір мың тоғыз жүз алпыс тоғызыншы жылы жазыл-ған атакты дидактикалық шығарма - "Қүтадғу білік" (Мағауин) деген мысалдағы реттік мағына білдіріп тұрған қосымша соңғы, яғни тоғызын-шы сөзіне жалғанған.

Дара сан есімдер де, күрделі сан есімдер де зат есіммен тіркесіп қолданылғаңца, зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды. Сейітщл отыз үйлі кедейіне кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті (Алтынсарин) .

Қазіргі қазақ тіліндеолиыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдерінің қүрылысы ерекше.

Ал-пыс, жет-піс сөздеріндегі -пыш, -мыш элемент! ескі дәуірде он мәнін берген, ал сексен, тоқсан - сегіз он, тоғыз он сөздерінің бірігуі арқылы жа-салған сан есімдер.

Сан есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бо-лумен бірге кейде күрделі сөз құрамына кіріп, күрделі сөйлем мүщесі қьйметін атқарады.

- етістікпен тіркесіп күрделі баяндауыш болады. Қанаев кекірейіп кербезденбей, көптің бірі болып, жүпыны түрмен отыр (Майлин) .

- рет, жасар, есе, мәртебе, күн, жыл сөздерімен тіркесе келіп, қанша? детен сүраққа жауап беріп, күрделі анықтауыш, ал дуя, ; т>ш>/сөздері сан есім-дерге тіркесіп кашані сұрағына жауап беріп, пы-сықтауыш қызметін атқара алады. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал келіп сәлем берер (Мақал) . Он алты жасар Бақтығұл он жасар осы Тектіғұлды біресе жетектеп, біресе арка-лап, нағашы деген ел болмысқа зорға жетіп еді (Әуезов) . Екіретас құйылмаса . . . (Әуезов) . Осы-дан 2-3 жыл бұрын есірік інісі Ерібай оттың ба-сын сипап қалды (Сәрсенбаев) . Хан сөзіне сен-генім, он күн мұрсат бергенім (Махамбет) .

Сан есім сағат сезімен тіркесе келіп, екі жақты қызмет атқарады. Біріншіден, сан есім сағат сөзінің алдында келіп, оны анықтап, қан-ша? деген сұраққа жауап береді де, күрделі анық-тауыш болады. Айналдырған 23 сағаттың ішінде . . . (Момышұлы) . Екіншіден, сағam сөзінен кейін қолданылып, кашан? деген сұраққа жауап беріп, уақыт, мезгіл мағынасын білдіреді. Ертең таңертең сағат сегізде барлықтарыңыз сақадай сай тұрыңыздар (Жұмаділов) деген сөйлемде са-ғат сегізде тіркесі - мезгіл пысықтауыш қыз-метін атқарып тұр.

5. 3. САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ

Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп, оны анықтап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, белшектік үлесті, шамалық, болжалдық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерек-шеліктеріне қарай сан есім алты топқа бөлінеді. Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинак-тык сан есім, топтау сан есімі, болжалдык сан есім және бөлшектік сан есім.

5. 3. 1. Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, канша?неше? деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады. Абай жаз сайын Жаңылға деп бір сиыр, 2-3 бие сауын жіберіп отыратын (Әуе-зов) . Тірі боп жүз жыл жасап тек түрудан, Бір күн артык ел үшін енбектенген (Бұлқышев) . Екі жаман ауыл болмас, ауыл боса, кауым болмас (Мақал) . Ғылымға жас күнімнен еттім талап, Талпынып mopm үлағаттан тағлым алып (Әріп) деген сөйлемдердегі бір, 2-3, жүз, екі, төрт сан есімдері өздері анықтап тұрған сиыр, бие, жыл, күн, жаман, үлағат сөздерін сан жағынан анықтап,

қанша ?неше? деген сүрақтарға жауап беріп, есегггік сан есім болады.

Қазақ тілінде есептік сан есімдер деректі са-науға болатын зат пен заттық ұғымдарды білдіретін сөздерді ғана айқындап, солармен сөз тіркесін жасай алады.

Есептік сан есім жеке, зат есімсіз қолданыл-ған жағдайда абстракты сандық ұғымды білдіріп, соның атауы ретінде қолданылады. Елу үш пен жиырма алтыны қоссаңыз қанша болады? (Мо-мышұлы) деген сойлемдегі елу үш, жиырма алты сан есімдері абстракты мәнде жұмсалып, оның озінің атауы ретінде қолданылған.

Есептік сан есімдер құрылысы мен дәреже-сіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып болінеді. Бірлік сандарға бір санынан бас-тап ои-ға дейінгі, ондық сандарға он, жиырма, отыз, кырык, елу, алпыс, жетпіс, сексен, токсансш- дары жатады. Жүздік, мыңдық сандарға жататын созер: жүз, екіжүз . . . , мьщ, екімьщт. б.

Осы аталған топтарды қүрамына қарайдара және күрделі деп болуге болады. Дара сан есім-дерге бірлік, ондық сан атаулары және жүз, мын создері жатады. Осы таулардың жықпылынан сылдырап сег/збүлақ ағады (Шашкин) .

Күрделі есептік сан есімдер жоғарыда атал-ған сан есімдердің бір-бірімен озара тіркесуі ар-қылы жасалады. Оларға он бірден басталған, жүздік, мыңдык атауларға дейінгі сандар жатады. Алдымен жоғары дәрежелі сандар, содан соң томен дәрежелі сандар арнайы грамматикалық корсеткішсіз тіркеседі. Осыдан он бес, жиырма күн кейін Абай мен Ербол елге келе жатты (Әуе-зов) . Кокпекті деген қаланың солтүстік жағына қарай отыз бес шақырым жерде . . . ("Дала уал. " газ. ) деген сойлемдерде он бес, отыз бес күрделі есептік сан есімдері болып табылады.

Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны анықтап түрғанда, морфологиялық озгерістерге түспейді. Жас бала анадан туғандае/с/түрлі мінез-бен туады (Абай) . Коп үзшттөрт салт атты да озектің бергі қырына котеріле берді (Жүнісов) . Отыз екі омыртқаның буынан Зырлап аққан қара қан (Доспамбет жырау) деген сойлемдердегі екі, торт, отыз екі сан есімдері түрлі, салт атты, омыртка создерінің алдында келіп, ешқандай морфологиялық озгерістерге түспей оларды сан-дық жағынан анықтап түр. Бұл - сан есімнің негізгі атқаратын қызметі.

Есептік сан есімдер септік, коптік, тәуелдік жалғауларын қабылдағанда, заттық мәнге ие болып, зат есімнің қызметін атқарады.

Атау септікте тұ^ып тәуелденіп те, тәуелден-бей де бастауыш бола алады. Мен істедім деген-ше, Мың істеді десейші, Мың істеді дегенше, Ер істеді десейші (Момышұлы) . Бәріміз бір босаға-да, біріміз кұл, біріміз күң болып жүргенімізді көріп қалай отыра аламыз? (Мүсірепов) .

Ілік септік жалғауын қабылдап, матаса бай-ланысып, анықтауыш болады. Біріңнің астыңа бірің түсіп жатқандарыңцы ендігәрі көрмейін деп едім (Мүсірепов) . Бірдің кесірі мыңға, Мыңның кесірі түменге (Мақал) .

Атау, ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Қос басы төрт кісі еді ғой, онға жеткізерсің (Мұстафин) . Мыңды алған, бірді беріп Ақтабанды (Махамбет) . Секілді тұрпаттары сайыпқыран, Сарқылып оз-ара шыққан жүзден, мыңнан (Омаров) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Сын есім сөзжасамы
Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz