Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі»
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі . . . 5.
1. 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі мәселелері . . . 5
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі . . . 16
2. 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметтерінің ерекшеліктері . . . 16
2. 2. Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі . . . 33
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызметте болу тәртібі . . . 48
3. 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметке алу, басқа қызметке аусу және шығу тәртібі . . . 48
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиет . . . 58
Кіріспе бөлім
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін қарастыруда жатыр. Мемлекеттік қызметші бола тұра ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз қызметтерінің спецификасына сәйкес көптеген айырмашылықтары бар екені сөзсіз, мысалға айтсақ ішкі істер органдарының қызметкерлері зейнеткерлік демалысқа ерте шығады. Бұл әрине барлық құқық қорғау органдарына және әскери қызметкерлерге тән жеңілдік деп айтсақ болады. Заңмен ондай жеңілдіктердің берілуі жоғарыда айтқан қызмет атқарудың ерекшелігіне байланысты екені айдан анық.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізі 1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған ішкі істер органдары туралы заңда көрсетілген болатын. Бұл заңда ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы, яғни құқықтыры мен міндеттері толығымен дерлік қамтылған деуге болатын, бірақ кейінгі кездері осы ішкі істер органдары туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе тіпті жаңадан ішкі істер органдары туралы жаңа заң қабылдау керек деген пікірдер, көзқарастар жиі айтылып жүр. Бұл заңды құбылыс деп айтуға болады, себебі ішкі істер органдары туралы заңның қабылданғанына міне он алты жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде елімізде көптеген саяси әлеуметік өзгерулер болып жатты. Демек жаңа заңның қабылдануы бұл заман талабы.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізін талдау кезінде олардың құқықтарынан гөрі міндеттері көппе деп қаласың, бірақ бұл сырт көзге солай, ал шын мәнінде бұл міндеттердің барлығы ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет атқару кезінде жасаған ерліктері мемлекеттік тиісті органдармен қарастырылып, ол қызметкерлер марапатталып жатады, бірақ солардың ішінде қызметт атқару барысында қаза табатындары да бар екені белгілі. Заңға сәйкес олардың отбасы мүшелеріне, балаларына жәрдем ақы төленеді бірақ ол қаза болған адамның орнын толтыра алмауы сөзсіз. Сондықтанда өз қызметтерін адал атқарған қызметкерлерді дер уақытында марапаттап, көтермелеп отыру қажет.
Диплом жұмысының мақсаты - Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін талқылау. Ұйымдастырушылық құқықтық мәртебені талқылау арқылы ІІО-қызметін атқарудағы кездесетін ерекшеліктерге, заңмен көзделген қару қолдану, арнайы құралдар қолдану сияқты құқықтарға талдау жасап, кейбір заңның бөлімдеріне қатысты пікірлерді ойларды тұжырымдау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
- Ішкі істер органдарының құқықтық қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін қарастыру;
- ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-құқықтық шараларды жетілдіруге бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау;
- ішкі істер органдары қолданатын әкімшілік-іс жүргізушілік шаралардың сипатты белгілерін анықтап және жинақтау.
Диплом жұмысының заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесін талқылау табылады.
Жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
1. 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі мәселелері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі заңдармен нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Сол заңдар арқылы ішкі істер органдарының қызметкерлері өздерін құқықтық қамтамасыз етілген орган ретінде санары сөзсіз.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құқықтық мәртебесі 1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. [6] .
Сол заңға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Анықтау, анықтау органдарының ҚІЖК сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің іс жүргізу нысаны. [4] .
Алдын ала тергеу, уәкілетті органдардың ҚІЖК белгіленген өкілеттігі шегінде істің мән жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметтің іс жүргізу нысаны.
Жедел іздестіру қызметі (15. 09. 1994 жылы қабылданған Жедел іздестіру қызметі туралы ҚР заңына сәйкес), азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекет қауіпіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берген мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заңдарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел іздестіру, ұйымдық және басқару шараларын ғылыми негізделген жүйесі. [19] .
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Қоғамдық тәртіп - халықтың еркін білдіретін, барлық әлеуметтік нормалардың нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қоғамдық тәртіп - кең мағынада мемлекеттің белгілі бір түрінде қалыптасатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы (құрамдас бөлігі: мемлекеттік тәртіп, саяси тәртіп, құқықтық тәртіп, өндірістік тәртіп, тар мағынадағы қоғамдық тәртіп және тағы басқалар) .
Қоғамдық қауіпсіздік - табиғаттың стихиялы күштері немесе жоғары қауіпті туындаған, азаматтардың денсаулықтары мен өмірлеріне зиян келтіретін себептерді жою немесе болдырмаумен байланысты қоғамдық қатынастар.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функциялары.
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» заңына сәйкес ішкі істер органдарының міндеттері:
1) қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
4) әкімшілік жазалауларды орындау;
5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
10) виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;
11) соғыс уақытында Қазаұстан Республикасының аумақтық қоныс қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;
11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
12) ішкі істер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
13) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымымен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау болып табылады.
Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін.
Ішкі істер органдары қызметінің қағидалары:
- заңдылық;
- дара басшылық;
- ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі;
- жариялылық;
- құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтар мен өзара іс-қимыл жасау принциптеріне негізделіп құрылады.
Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін комитеттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, Республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және де полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
Криминалдық полиция
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әкімшілік полиция
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамсыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы кәмелетке қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әскери - тергеу органдары
Әскери - тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
Әскери - тергеу органдарын әскери - тергеу департаменті, әскери - тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.
Әскери - тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттеррін атқарады.
Әскери - тергеу органдары Қарулы күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы органболып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмиыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әсерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруге құқығы бар.
Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.
Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына, қоғм мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Осы заңмен белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарының қызметкелеріне мемлекет тарапынан белгілі құқықтар мен міндеттер жүктелген.
Бүгін біз ішкі істер органдарына мемлекет кепілдігімен белгіленген құқықтарын қарастырамыз (11-бап) . [6] .
Жалпы ішкі істер органдарының құқықтарын екі жүйеге жіктеуге болады:
а) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің құқықтық статусына жүктелген құқықтары (жалпы құқықтар) .
б) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қызметтік құқықтары (арнайы құқықтар) .
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің құқықтық статусына жүктелген құқықтары:
1) азаматтардан қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы іс-қимылдар мен ішкі істер органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға.
Мәжбүрлеу деп жеке тұлға мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында, тиісті құқықтық актілермен белгіленген құқыққа қайшы әрекеттірді жасаған субъектілердің санасына және жүріс-тұрысына мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) тарапынан, күш көрсету, ұйымдастырушылық немесе мүліктік әсер ету шараларын айтамыз.
Өзінің мәні бойынша біртұтас болып келетін мемлекеттік мәжбурлеу жүйесі, өз ішінде мынандай жекелеген түрлерге бөлінеді:
- әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу;
- тәртіптік мәжбүрлеу;
- азаматтық-құқықтық мәжбүрлеу;
- қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу.
2) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп сезіктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау ішкі істер органдарына жүктелген белгіленген ережелердің сақталуын тексеруге қажетті басқа құжаттарды тексеруге.
Бұл шара азаматтың жеке басын анықтау үшін, құжаттардың жалған еместігін тексеру үшін, құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшін және құжаттық тексеру үшін қолданылады.
Құжаттарды тексеру екі негізгі мақсатты көздейді:
- құқық бұзушылықты алдын алу;
- құқық бұзушылықтың жолын кесу.
- кез-келген жасалған немесе әзірленіп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның ішінде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тіркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауіпті зардаптарға жол бермеу жөнінде нақтылы шаралар қолдануға;
ҚР азаматтары ҚР Конституциясының 13, 33 баптарына сәйкес өздерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін уәкілетті органдарға шағымдар мен ұсыныстар жасауға құқығы бар.
Бұл өндірісті жүргізуге негіз болып азаматтардың жазған өтініштері, шағымдары, арыздары, ұсыныстары жатады. Бұл жағдайдың құқықтық негізі болып ҚР Президентінің “Азаматтардың шағымдарын, ұсыныстарын және арыздарын қарастыру тәртібі туралы” заң күші бар Жарлығы жатады (19. 06. 1995 ж. қабылданған) . [20] .
Осы заңға сәйкес азаматтар мемлекеттік мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының қызметін, әрекетін сынауға, шағымдануға санымен қатар ұсыныстар айтуға құқығы бар.
Заң бойынша азаматтар мемлекеттік органдарға бес түрлі:
- Ұсыныс;
- Арыз;
- шағым;
- пікір;
- ресми сұрау салу жаза алады.
- қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезінде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы міндетті тапсырмалар беруге;
- азаматтарды іс жүргізудегі материалдар мен қылмыстық істер бойынша ішкі істер органдарына шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелді себепсіз жалтарған адамдарды мәжбурлеп алып келуге.
Алып келу ( ӘҚБтК 625 бап ) өздеріне қатысты іс жүргізіліп жатқан жеке адамға не заңды тұлғаның өкіліне, кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне қолданылады. [2] .
Алып келуді ІІО-ры белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан соттің, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ІІО-ның және қаржы полициясы органдарының қызметкерлері жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz