Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

“ ___” 20 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Ортақ меншік құқығы”

Мамандығы 050301 - Заңтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Ғылыми жетекші: кафедра аға

Алматы 2011

Мазмұны:

Кіріспе 3

1 Меншік құқығы туралы жалпы ережелер 5

1. 1 Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасындағы меншік құқығының қалыптасуы мен дамуы 5

1. 2 Меншік құқығының түсінігі және мазмұны 15

2 Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы

2. 1 Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамалары бойынша меншік құқығына ие болудың жеке әдістері 23

2. 2 Меншік құқығын тоқтату әдістері 39

3 Ортақ меншік

3. 1 Ортақ меншік түсінігі, пайда болу негіздері, тоқтатылуы 51

3. 2 Ортақ үлестік меншік 54

3. 3 Ортақ бірлескен меншік құқығы 58

Қорытынды 70

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 72

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттіктің қалыптасуының бүкіл кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Осы тарауда меншік құқығы саласындағы азаматтық зандар мен доктриналық ережелері генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқталу ләзім. Осылайша зерттеу, біздіңше, меншік туралы азаматтық зандардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Біріншісі - меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын-саксон және роман-герман құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңда құқықтың дамыған екі түрін, яғни қазіргі басты екі жүйеге сәйкес келетін нормативтік-соттық және нормативтік-заңнамалық кұқық жайлы сөз етуге болады.

Адамзат қоғамында меншік қатынастары түрлі мағынада түсіндірілуі мүмкін. Ол осы құбылысты білімнің қай саласындағы маман талдайды, соған да байланысты. Бізді бұл атаудың тек занды мағынасы қызықтырады. Кей жағдайда осы мағынаның меншік туралы білімнің сан саласынан мәні мен сапалық сипатын ажырату қиынға түседі.

Оған қоса "меншік" мен "меншік құқығы" түсінігі ұқсас емес. Меншіктің қарастырылған анықтамасында басты және өте маңызды шара осы құқықтың адамның затқа қатынасы ретіндегі сипатында байқалып, көрсетілген катынастың заңды мағынасының мәні ашылады. Мұндай түсінікке меншіктің экономикалық, саяси және өзге мағынасы кедергі келтірмеуі тиіс. Меншік, затқа байланысты қатынастар құқыктануда тек кұқықтык ұстан негізінде қарастырылып, заңды мағынасы болуы тиіс. Осы тарауда адамның затка өзінікі түріндегі қатынасын, яғни меншік құқығы қатынасын зерттейміз. Зерттеу меншік құқығының субъективтік мағынасы сипатында жүргізіледі (объективтік тұрғыдағы меншік кұқығы түсінігін осы жұмыстың бірінші тарауында карастырғанбыз) .

Меншік кұкығын анықтау мәселесінде әр елдің заң шығарушының, сондай-ақ цивилистердің өз арасында бірізді пікір жоқ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Меншік құқығының түсінігі, пайда болу негіздері және тоқтатылуы жөніндегі мәселеге Ю. Г. Басиннің, М. К. Сүлейменовтың, С. В. Скрябиннің, Е. А. Сухановтың, Ю. К. Толстойдың, А. А. Ерошенконың, А. М. Сергеевтың, М. Н. Малеинаның, Л. А. Соловьеваның, О. М. Романовтың және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы меншік құқығы мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеу пәні болып меншік құқығы, оның пайда болу және тоқтатылу негіздері жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - меншік құқығы ұғымына талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:

  • Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
  • Меншік құқығы ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
  • Меншік құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
  • Меншік құқығы, оның пайда болу және тоқтау негіздеріне құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.

Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының меншік құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы меншік құқығы саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.

Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары Экономика және Құқық Академиясының Заңтану пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден төрт бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Меншік құқығы туралы жалпы ережелер

1. 1 Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасындағы меншік құқығының қалыптасуы мен дамуы

Меншік құқығы, меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттіктің қалыптасуының бүкіл кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Осы тарауда меншік құқығы саласындағы азаматтық зандар мен доктриналық ережелері генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқталу ләзім. Осылайша зерттеу, біздіңше, меншік туралы азаматтық зандардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Біріншісі - меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын-саксон және роман-герман құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңца құқықтың дамыған екі түрін, яғни қазіргі басты екі жүйеге сәйкес келетін нормативтік-соттық және нормативтік-заңнамалық кұқық жайлы сөз етуге болады.

Уго Маттеи[1. 12] меншік құқығының жалпы құқық жүйесінен мына басты ерекшелігін бөліп карастырады. Ең алдымен, ағылшын тілдес елдердің құкықтық қауымдастығының өкілдері "меншік" ұғымын кең мағынада түсініп, ол мазмұны бойынша экономистер қолданатын "меншік құқығы" түсінігіне жақын болады. Соның нәтижесінде бұл категория кұқықтың әр алуан саласын қамтиды, ал римдік құқык дәстүрінде оның ерекшелігі айкын сақталып, оны бірде бір осы заманғы цивилист меншік құқығына жатқызбас еді. Мысалы, акционерлік капитал мен жалға беруді сақтандыруға қатысты туындайтын қатынас жалпы құкықпен меншік құқығы ұғымына жатқызылады.

Жалпы құқықты елдерде меншік кұқығы нақты (жылжымайтын) мүлікпен және дербес (жылжитын) мүлікпен байланысты негізгі занды-техникалық дихотомия төңірегінде болатыны айтарлыктай мәнге ие. Бұлай бөлу бір-бірінен өзгеше аталған меншік түрлерінің қорғау тетігінің дамуымен сипатталады. У. Маттеи кейбір шатысушылықгың болғанына қарамастан, жылжымалы және жыл-жымайтын мүлік институттары бір-бірінен ажыратылған және ерекшеленген меншік кұқығының аспекті түрінде бола отырып, қазіргі жалпы құқыкта бөлек екі саланы кұрайтынын атап өтеді.

У. Маттеидің пікірінше құрлықтық құқық үшін меншік құқығын нормативтік реттеудің бөлек әлденеше жалпы зандылықтары бар. Ол, біріншіден, заттық құқықтың бірлік теориясы. Ұлы Француз революциясы кезінде меншік иесінің құқығы күші феодализмге тән сипатта ажырату өріс алды. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпауға әрі бақыланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Екіншіден, меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты "байланыстырғыш" ретінде байқалды. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің ектемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде карастырылды. Мемлекетгің шексіз билігін шектеуді, ағарту, рационалдық және саяси ойдың жаратылыстану-құқықтық мектептері еркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады. Маттеи азаматтық құқықтың осы екі негізгі ережесі бойынша жалпы кұқыққа сын түрғысында қарама-қарсы пікір білдіреді. Бұл, әсіресе, затқа құрлықтық кұқық үшін меншік қатынасын нормативтік реттеудің дәстүрлі постулаттарының бірі болып саналатын шексіз билік жүргізу мәселесіне қатысты.

Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық-құқықгык дәстүр аясында туындағаны сөзсіз, әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болды. Зерттеудің екінші бағытының мақсаты - Қазақстан Республикасының құқыктык жүйесіндегі меншік қүқығын дамытудын кейбір ерекшелігіне талдау жасау. Ол мына кезеңдерге бөлінген: 1) революцияға дейінгі кезең - XIX ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса; 2) кенестік кезең - 1917 жылдан басталып, 20 ғасырдың 80 жылдарынын соңы; 3) кеңестен кейінгі кезең - 80 жылдардын соңынан қазірге дейін.

Революцияға дейінгі кезеңнін басты ерекшелігіне меншік құқығының либералды құрылымын жасауға талпынысты жатқызуға болады. Оған қоса, бұл кезең үшін, осы саладағы белгілі дәрежеде тұжырымдалған заң доктринасының болуы тән.

Екінші кезен азаматтық құқықка, атап айтқанда, меншік құқығына жария құқықка тән элементгер мен заң кұрылымдарының енуімен ерекшеленеді. Сол себепті азаматтық кұкықты біркатар зерттеушілер атап өткендей сала ретінде кешенді түрде сипаттауға болады. Біздіңше, бұл ықпалға көбінше меншік құкығы түсті, өйткені осы құқық институтының нормалары мүліктік қатынастың тұрақтысы ретінде бағаланады.

Үшінші кезең шартты түрде кеңестен кейінгі кезең деп аталып, меншік құқығы туралы ережелердің өтпелі сипатымен ерекшеленді. Бұл, мәселен, 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалары жеке құқықтық құрылымдармен бірге кеңестік кезеңнің меншік құкығының заң құрылымдарын қамтуымен байқалады. Демек, азаматтық заңдар мен құқықтық кешенділігі жайлы сөз қозғағанымен, оның мазмұны кеңестік кезеңмен салыстырғанда зат құқығын зандастыруға байланысты өзгеше болады, сондықтан азаматтық заңдарды дамытудың бұл кезеңі бөлек қарастырылуы қажет.

КСРО-дағы азаматтық құқық пен азаматтық заңдардың дамуын кезеңге бөлуге қатысты пікірлер әралуан. Олардың ішінде 0. С. Иоффенің[2. 110] бағыты бізге тиімді боп көрінеді, ол азаматтық құқықтың мәнін ғылым, ал азаматтық заңдардың мәнін құқық саласы ретінде зерттеу критерийі етіп алып, бұл процесті бес кезеңге бөлуді ұсынады. Бірінші кезең 1917 жылы басталып, 1921 жылды қоса есептегенде; екінші - 1922-1928 жылдар; үшінші - 1929- 1937 жылдар; төртінші - 1938-1955 жылдар; бесінші 1955 жылдан. Біздің ойымызша бесінші кезеңнің соңы 1991 жылы КСР Одағының Азаматтық кодексінің негіздерін дайындал, қабылданған 80 жылдардың аяғы 90 жылдардың басына сәйкес келеді. Бұл ұйғарым азаматтық кұқыктың тұтастай алғанда маңызды сипатына ықпал ететін азаматтық зандар құрылымына принциптік өзгерістерді енгізуге байланысты болды. Осы өзгерістер біз шартты түрде кеңестен кейінгі деп ат қойған, азаматтық зандардың дамуының жаңа кезеңі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Меншік кұқығы туралы жалпы ережелерді зерттеу барысында 0. С. Иоффе ұсынған кезеңдерді пайдаланбадық. Яғни 0. С. Иоффенің жіктеуі бойынша кезеңдердің кез келгенінде жалпы азаматтық құқық пен оның институты - заттық құқықтын дамуы барынша өзгеріссіз өтуімен байланысты болды. Осы айтылғанды түсіну үшін В. И. Лениннің "біз жеке меншікті мойындамаймыз, біз үшін шаруашылық саласынын барлығы жекеменшік емес ол жария-құқықты" деген тұжырымын келтіруге болады. Сондықтан да азаматтық құқыққа жария-құқықты элементтер мен құрылымдардың ену дәрежесін білдіртетін айырмашылық жеке сипатта болмақ. Меншік құқығы саласында цивилистік (азаматтық) доктринаның дамуы негізінен екі мәселені шешуге бағытталғаны да дәлелдің тағы бір түрі. Мұндағы мәселелер мыналар: а) социалистік, ең алдымен мемлекеттік меншік құқығы туралы ілімді жасау; ә) өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін берілген мүлікке мемлекеттік кәсіпорынның құқығы туралы ілімді жасау. Міне, осыдан автор кеңес кезеңіндегі азаматтық құқықтағы меншік құқығының генезисін тұтас қарастырып, сол кезендегі азаматтық зандылықтың кодификациясы мен осы саладағы цивилистік доктринаның негізгі ережелерінің сипаттамасына ғана көңіл аударады.

Бүгінгі таңда республикада меншік құқығы туралы жалпы ережелерге айта қаларлықтай ғылыми зерттеулер жүргізіле қойған жоқ. Тек Қазақ мемлекеттік заң академиясының Жеке меншік құқығы орталығында дайындалған монография осы сұрақтарды шешуге талпыныс жасайды. Бұл жұмыста М. К. Сүлейменов белгілі бір тарихи перспективада Қазақстан Республикасында меншік туралы заңдардың дамуын шартты түрде үш кезеңге бөледі:

1) КСРО кұрамында одақтас республика ретінде Қазақстанның шаруашылық дербестігін дамыту және нығайту (Қазақ КСР-інің өзін-өзі басқару және Өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы) жағдайында; 2) Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу (1990 жылғы "ҚазақКСР-індегі меншік туралы" Заңы) жағдайын-да; 3) нарықтық экономикаға өту (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі) жағдайында.

Қазақстанда меншік құқығы институтын дамытудың бірінші кезеңіне М. К. Сүлейменовтың пікірінше мынадай негізгі ерекшеліктер тән. Біріншіден, мемлекеттік меншік түсінігі. Осы кезең үшін КСР Одағы мен Қазақстанда меншікті, әсіресе оны басқару мәселелерінде, шектеу тән. Екіншіден, осы кезеңде толық шешімін таппаған жеке меншік туралы мәселе. Қазақ КСР-інің Өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасында дербес меншік қарастырылып, ол өзіндік және дербес-өндірістік (ұсақ жеке) меншікке бөлінді.

1990 жылғы 15 желтоқсанда "Қазақ КСР-індегі меншік туралы" заңның қабылдануы, М. К. Сүлейменовтың пікірінше, республикада меншік туралы заңнаманың дамуында маңызды кезең болып табылады. Бұл актіде кеңестік кезіндегі Қазақстан тарихында бірінші рет меншік құқығының негізгі принциптері және түсінігі тіркелген еді. Заңның өзі бірқатар заң актілерінің дамуына негіз болды. Осы актілердің басты ерекшеліктерінің ішінен М. К. Сүлейменов мыналарды бөліп атайды: 1) онда республиканың жерге және басқа табиғи ресурстарға түбегейлі меншігі тиянақталды; 2) алғаш рет "социалистік" не "жалпы халықтық" меншік түсінігі қолданыстан алынып тасталды; 3) табыс табуға бағытталған жеке меншік құқығы тіркелді. Бірақ зерттеуші атап өткендей, республиканың әлеуметтік және ұлттық, ерекшелігі ескеріле отырып, жерге жеке меншікке тыйым салынды; 4) бұл мемлекеттік меншік құқығы субъектілері туралы жаңа шешім болды. Мемлекет атынан мемлекеттік меншікке иемдену, пайдалану және билік ету құқығы барлық деңгейдегі халық депутаттарының кеңестеріне жүктелді. Оған қоса М. К. Сүлейменов заңда меншік құқығы туралы ең алдымен құқылық триада (иемдену, пайдалану және билік ету) көмегімен меншік құқығының түсінігін қамтыған негізгі ережелер берілді деп санайды. Одан ары заңды түрде меншіктің үш түрі: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік меншік тиянақталды. Заңда толық шаруашылық жүргізудің және қолма-қол басқарудың, онын ішінде азаматтық құқықтың жалпы категориясын - затты құқықты бөлуге мұмкіндік беретін ережелерді ендірудің және тиянақтаудың практикалық әрі теориялык маңызы зор.

Меншік туралы азаматтық зандардың дамуының үшінші кезеңі 1994 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен ұштасады. Осы нормативтік актіге меншік туралы бұрынғы заңның көптеген ережелері кірді. Оған қоса, М. К. Сүлейменовтың пайымдауынша, кодексте соңғы кезде ғылым мен заңнамада қол жеткізген жетістіктер қамтылды. Атап айтқанда, Голландияның Азаматтық кодексінен бірқатар нормативтік ережелерді пайдалануға мүмкін болды, Қазақстандық ғалымдар ТМД елдерінің басқа ғалымдарымен бірлесе отырып, Достастықтың үлгілік азаматтық кодексін жасауға қатысты.

М. К. Сүлейменовтың Қазақстандағы меншік құқығы туралы нормативтік ережелерді дамыту жөніндегі кейбір ұйғарымдарын қолдай отырып, ұсынылған кезеңдермен келіспеушілік бар деп санаймыз. Ең алдымен, бұл Қазақ КСР-інің Өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасының, іле-шала Қазақ КСР "Қазақ КСР-інің меншік туралы" Заңының қабылдануына, яғни бір жағынан олар Қазақстанның федералдық орталықтан тәуелсіз болуының алғы шарты болса, екінші жағынан Азаматтық кодекстің із ашары болуына байланысты. М. К. Сүлейменов бір кезең екіншісінен принциптік түрде ерекшеленеді дейді. Шын мәнінде меншік қатынасын нормативтік реттеуде принциптік айырмашылық онша да көп емес. Сол себепті, 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұдан ары: ҚР АК, АК жалпы бөлімінде қарастырылатын меншік қүқығы туралы нормативтік ережелерді жан-жақты талдау жасауды қажет деп санаймыз.

Заттық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар КР АК жалпы бөлімінің екінші тарауында "Меншік құқығы және өзге де заттыққұқықтар" деген атпен берілген. Заң шығарушы, бұл жерде жоғарыдағы талдау көрсеткендей, кеңестік және кеңестен кейінгі дәстүрлі цивилистік жолмен жүріп, меншік қатынасының нормативтік реттелу мәселесіне басқа заттық кұқықты қарастыра отырып, баса назар аударған. Осы бөлім сегіз тараудан тұрады. (Жұмыстың осы бөлімінде меншік құқығы туралы келесі тарауларда қайталауды болдырмас үшін тек жалпы ережелерді ғана талдаймыз) .

ҚР АК-дегі заттық-құқықтық қатынасты реттеуге арналған тарауда азаматтық құқық қатынастарына қатысуды реттейтін нормаларды арнайы субъектінің - жай серіктестіктің бар екеніне бірден назар аударайық (12 тарау "Бірлескен қызмет туралы (жай серіктестік) ". Біз жай серіктестік туралы көбіне оған қатысушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік ережелер Ресей Федерациясының Азаматтық кодексіндегідей[4. 27] (1041 бап және одан кейінгілер) ҚР АК-нің ерекше бөлімінің сәйкес тарауында орналасуы қажет деп есептейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Сервитуттың түсінігі және оның пайда болу негіздері
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
Заттық құқық жәнеменшік құқығы туралы жалпы ережелер
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу
Меншік құқығының түсінігі мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz