Нотариат қызметін құқықтық реттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

“ ___” 20 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Нотариат қызметін құқықтық реттеу”

Мамандығы 050301 - Заңтану

Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің

Ғылыми жетекші: кафедра аға оқытушысы,

Алматы 2011

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

І Нотариат, оның міндеттері, негізгі функциялары мен құзыреті

1. 1 Нотариаттың шығу тарихы және нотариат туралы жалпы ұғым 4

1. 2 Нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар 14

1. 3 Нотариат қызметін ұйымдастыру негіздері 29

ІІ Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері

2. 1 Нотариустың құқықтық жағдайы және нотариустың қызметін бақылау -- 25

2. 2 Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жүзеге асыру тәртібі 47

2. 3 Нотариустың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы 52

Қорытынды 56

Пайдаланған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі 59

Қосымшалар 60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Нотариат азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясымен кепілдендірілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Нотариустармен жасалған іс-әрекеттердің және нотариалды рәсімделген құжаттар көпшілікпен танылуы танылуы дәлелдемелік күші кепілдендіріледі, себебі бұл іс-әрекеттер ҚР атынан жасалады.

Нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді растау, құжаттарды, олардың үзінділерін куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген басқа да іс-әрекеттерді және заңда көзделген тәртіппен орындау жүктелген мемлекеттік органдар мен лауазымды дамдар жүйесін білдіреді. Нотариаттық қызмет сотпен тығыз байланысты. Бұл сот пен нотариаттың азаматтық айналымда субъективті құқықтарды қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ міндеттерімен түсіндіріледі. Азаматтық процесте құқық туралы дауларды қарайтын соттан айырмашылығы нотариат азаматтық құқықтарды заңдық тұрғыда бекітуге және боалашақта оның ықтимал бұзылуын болдырмауға бағытталған функцияларды орындайды, осылайша нотариат қызметі алдын алу сипатына ие. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау нотариустың заңда көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы арқылы жүзеге асырылады. Нотариаттық іс-әрекеттер олардың бағыты бойынша топтастырылады:

1) даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариттық іс-әрекеттер;

2) даусыз фактілерді куәландыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттер;

3) борыштық және төлемдік құжаттарға атқарушылық күш беру жөніндегі нотариаттық іс-әрекеттер;

4) мұралық мүлікті қорғауға, мүлікті иеліктен айыруға тыйым салуға және құжаттарды сақтауға қабылдауға шаралар қолдану жататын нотариаттық қорғау іс-әрекеттері.

Нотариаттық іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттер алдын ала заңмен белгіленген ережелерге сәйкес жасалған жағдайда, даусыз құқықтар мен мүдделерді тиімді қорғауды әрі күзетуді қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс жүргізуге қатысушылар арасында табиғаты бойынша құқық қатынасы болатын нотариаттық рәсімдік, процессуалды мазмұнды қамтитын өзара құқықтар мен міндеттер туындайды. Осы құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, бір жағынан, нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға кепілдік береді, ал екінші жағынан - нотариаттық функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Нотариус дәлелдемелердің көмегімен нақты нотариаттық іс-әрекет бойынша нақты мән-жайларды анықтап, тиісті құқық нормасын қолдануға міндетті («Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-1 ҚР Заңын қараңыз) . Барлық іс-әрекеттер алдын ала белгіленген ретпен және қатаң регламенттелген ереже бойынша жасалады, олардан жаңылу нотариаттық актінің жарамсыздығына әкеледі.

Осылайша, нотариаттың құқықтық табиғатын айқындайтын белгісі деп заңи құзырлық, құқық қорғау функциясын санауға болады. Бұл фукнция нотариатты ұйымдастыру тәртібі мен құрылымын, оның құзыреті мен оның қызметінің нотараттық іс жүргізу нысандарының негіздерін құрайтын әдістерді айқындайды.

Зерттеудің нысаны - жұмыс Қазақстан Республикасындағы нотариат пәні бойынша нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен өзектілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - нотариат қызметін ұйымдастыру ерекшелігін белгілеп, олардың нотариаттық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:

1. Азаматтық құқық, Нотариат және Азаматтық іс жүргізу зерттеулер тұрғысынан нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелерінен туындаған негізгі мақсаттарын анықтау.

2. Нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелеріне ғылыми тұрғыда сипаттама беру.

3. Нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қазақстандық заңнамаларына анализ жүргізіп нормаларының мәнін ашу.

Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі

Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - диалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Нотариат және Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.

Зерттеудің объектісі - нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ оларға қатысты заңнамалар болып табылады.

Зерттеудің нақты заты - нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелерін Азаматтық іс жүргізу және нотариат саласындағы заң нормаларында және тәжірибеде ескеру мен қолдану жолдары табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде нотариат қызметін ұйымдастыру мәселелерін зерттелуінде жатыр.

Зерттеудің құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 үлкен бөлімнен, 5 тараудан, қорытынды мен пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімдерінен тұрады.

І Нотариат, оның міндеттері, негізгі функциялары мен құзыреті

1. 1 Нотариаттың шығу тарихы және нотариат туралы жалпы ұғым

Нотариаттық құқықтың табиғатын оның юрисдикциялық, құқық қорғаушылық функциялары белгілейді. «Нотариат» термині латын тілінде хатшы дегенді білдіретін «нотариус» сөзден шыққан.

Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім -шарт жасау және сатып алу құқын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды. Нотариат жеке меншікті қорғауға бейім және барлық азаматтық айналымға қатысушылардың құқын, мүліктік құқықтың дұрыстығын қорғауды қамтамасыз ететін азаматтық құқық институты ретінде туындады. Нотариустар жүзеге асыратын құзіреттер (функциялар) қоғаммен сұраныста, әрі жан-жақты қажетті болғандықтан тарихи нотариат кез-келген елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Нотариаттың институт ретінде өз шығу және даму тарихы бар. Ол тіпті Көне Рим Республикасы кезінде өркендеуге бет алған. Сол уақыттың өзінде римдіктерде лауазымды тұлғалардың (жазғыштар) ерекше институты жүзеге асырылған, олардың құзіретіне преторлармен шығарылған сот формаларын және магистрлермен берілген жазбаша өкімдерді рәсімдеу кірді. Жоғарыда аталғандай, бұл құзіреттерді атқарушы «нотариус» (notarii) деп аталады, «notta» сөзінен шыққан, ол жазғыштардың өздері жүргізетін жазбаларын жылдамдату үшін қолданылатын стенографиялық белігіні білдіреді. ҮШ-ғасырдың соңында Ұлы Карл франк мемлекетінде магистратурамен біте байланысты нотариатты бекітті, өйткені, нотариус келісім-шарттар түзіп, оларды қол қою үшін судьяға беретін. Кейінірек нотариус келісім-шарттарды растау өкілеттігі бар, мемлекеттік биліктің тікелей өкілі және Мемлекеттік мөр ұстаушы болды.
Нотариаттық кеңседе кемінде алты жыл жұмыс істеген, сонан соң арнайы біліктілік емтиханын тапсырған адам ғана нотариус бола алатын.
Нотариустардың өкілеттігіне: барлық актілер мен келісім-шарттарды куәландыру, мүліктің тізімін жасау, әртүрлі куәліктер беру, бұқаралық сату жасау кіреді. Міне, сондықтан да бұл лауазымға кеңсе кірісіне байланысты мөлшерде кепілдік жарна енгізген «сенімді» адам ғана жіберілетін.
Нотариаттық актілердің дәлелді күші болды және ешқандай соттың ерекше шешімінсіз орындалды. Нотариат тарихында «сословие площадных подьячих» жаңа түсінігі пайда болды[1. 112] . Мұның анық қай күні пайда болғаны жайлы бізге нақты дерек жеткен жоқ. Оларда келген адамдардың мүддесіне азаматтық келісімдердің төлемін жасауға маманданған, өзіндік ерекшеліктері бар кәсіби жазғыштар бірлестігі болды. «Алаңға» тағайындалу патшаның жарлығымен жүзеге асырылды. Әрине, бастапқыда олардың қызметін бақылау осымен тұжырымдалған болатын. «Площадный подьячий» болғысы келгендер патшаға өзін осы лауазымға тағайындау жайлы өтініш беретін, мұндайда таңдаулы (сайланған) старосталар оған өнегелілігіне және әскерлігіне мінездеме беруге тиісті, ал олар өз қызметінде зиян келтірген жағдайда, кәсіби жазғыштар бірлестігінің барлығы өз мүшесін кепілдігіне алатын. Бұл кәсіп өте пайдалы болғандықтан, отставкаға кету ең ауыр жаза болатын. Мемлекет тарапынан «площадный подьячий» қызметіне бақылау келе-келе күшейе түсті. Таңдаулы (сайланған) старосталар «өлілерді тірілер қатарына кіргізбес үшін, ауыл-аймақты сырттай жазып жібермес үшін, баж салығы жоғалып кетпес үшін» «площадный подьячий» қадағалауды жүзеге асыру құқын иеленді.
1597 жылы шыққан патша жарлығына сәйкес, «Холоп» бұйрығында иелік правосын беретін құжаттың жекелеген түрлеріне міндетті түрде анықтама беру енгізілді.

Түзілген келісімдердің түпнұсқасын және еріктілікпен жасалғандығын анықтау, мүліктің сатушыға жататындығын және оның шамадан тыс шығын келтіретіндігін әрі оны сыртқа шығаруға тиым салынғандығын тексеру мақсатында куәлік сұрау салу арқылы анықтама жазылды. Бұйрық кітабына акт жазылып, мөр басылған соң ғана мүлік сатып алушының меншігі саналып, оны алып кетуге құқылы болды. Мемлекет «площадный подьячий» қызметіне осылайша бақылау орнатты. Қазіргі заманғы нотариустың ұсынылған келісім-шарттарды түзуде қоятын талаптары да осыған ұқсас тәрізді. 1649 жылғы Қағидамен осы уақытқа дейінгі жарлықтар кейбір дәрежеде жүйелендірілді, тараптардың келісім-шарт жасасуы анықтама құраумен және соңынан бұйрыққа түсірумен «площадный подьячий» арқылы ғана жүргізілуі міндеттелді, сөйтіп, алғаш рет келісім-шарт жасайтын органның және оны тіркейтін органның құзіреті шектелді. 1866 жылы Александр П-нің 1864 жылғы сот реформасын дамыту ретінде нотариаттық бөлім жайлы Ереже бекітілген соң нотариат түбірімен қайта құрылды. Осы уақыттан бастап, нотариаттық актілерді жасау және куәландыруды билікпен арнайы бөлінген адам - нотариус атқара бастады. Нотариустар округтік сот жанында болды. Нотариаттық бөлім жайлы Ереже бойынша нотариустар мемлекеттік қызметкер деп саналды, оларға лауазымдары бойынша ҮШ шені берілді. Нотариустардың қызметтік іс-әрекетін қадағалауды соттар жүзеге асыруға тиіс болды. Қызметке 21 жасқа толған, тиісті тәжірибеден өткен және азаматтық заңдар, әртүрлі жарғылар (сауда, вексельдер жайлы, баж салығы туралы, азаматтық сот өндірісі жөнінде, т. б. ) төңірегінде, сондай-ақ нотариаттық өндіріс нысанында білімін көрсете білген үміткер тағайындалды. Қызметке қабылданар алдында үміткер нотариаттық қызметті жүзеге асыру барысында жол берілген қателіктері үшін нотариустың мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс, ақшалай кепілдік енгізуі міндетті болды. Егер нотариустың мансабы сәтті аяқталса, онда ол отставкаға кеткенде (демалысқа шыққанда) қойған кепілдігін пайдалана алды, нотариус қаза болған жағдайда кепілдік оның мұрагерлеріне немесе орнын басушыларға өтетін. Нотариустар мемлекеттік қызметкер саналғанына қарамастан, мемлекеттен не жалақы, не зейнетақы алмады. Нотариустар хал актілерінен басқа, қызметтік және межелік, сондай-ақ барлық құжаттарды куәландырды.

Әртүрлі нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде нотариаттық бөліс жайлы Ережеге сәйкес, міндетті түрде екі куәгер қатысуы тиіс болды, ал қозғалмайтын мүлік сатып алу кезінде олардың саны міндетті түрде үшеуге жеткізілді. Нотариусқа танымал немесе олар жайлы нақты деректер белгілі болса (Ереженің 84-86-баптары), сауатты, кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана куәгер бола алды. Сол нотариустың кеңсесіндегі қызметкер немесе оның не қызметкерінің үй қызметшісі куәгер бола алмайды (87-бап 4-тарм. ) .
Жасалатын келісімдерге қойылатын негізгі талаптар күні бүгінге дейін сақталған. Нотариустардың қызметтік міндеттері сан қырлы және күрделі болды, тіпті бір ғана заң бұзушылық болса да, олар жауапкершілікке тартылды. Нотариустардың қиянатшылдығы және жол берген олқылықтары үшін, сонымен қатар, айыптылық сипаты бар жауапкершіліктері қылмыстық және түзету жазалары жайлы 1845 жылғы Қағидамен реттелді. Жазалау жайлы Қағида бойынша нотариустардың жауапкершіліктері крепостнойлық іс шенеуніктерінің айыбы мен қылмыстарына қатысты баптармен дәрежеленді. Нотариустық қылмыстық іс-әрекетке жататындар, атап айтқанда:

- заңмен жүктелген міндеттерін атқармау;

- оларға заңмен берілген өкілеттіктерді қиянатшылықпен пайдалану;

Жазалау жайлы Қағидада нотариустардың өз міндеттерін бұзып, атқаруда жіберілген олқылықтың үш түрі көрсетілген:

- заң бойынша акт (сату-сатып алу, кепілге қою, бөлу немесе басқа да әрекеттер) жасауға қатысуға құқы жоқ адамның атынан оны ағаттықпен жасау;

- нотариустың тепе-теңдікті және тұлғаның нақты еркін куәландырмай немесе немқұрайлы куәландырып, біреудің жеке басын дәлелдеуге қызмет ете алмайтын деректерге ұқыпсыздық танытып акт жасауы;

- нотариустың қамқорлықтағы немесе секвестордағы, сатуға тиым салынған именияны заңсыз сатуға қатысуы, нотариустың байқамай әрекет етуі немесе анықтаманың толық болмауы.

Берілген өкілеттіктерді қиянатшылықпен пайдалануға қарастырылатын қылмыстық жауапкершілікке жататындар:

- нотариуспен біле тұра және арам пиғылмен куәлардың заңдастырылмаған санымен, олқылықты түзетусіз, ескертусіз акт жасалуы;

- алдаумен, күшпен жасалған келісімді және жалған келісімді бекіту, куәландыру;

- нотариаттық актіні жасауға тараптар құқығының жоқтығын нотариуспен жасыру фактісі;

- нотариуспен мүлікті айыруға заңмен тиым салынғанын жасырғанда және ол жайлы сатып алушыға жарияламағанда;

- нотариуспен әдейі біреудің атынан жалған иелік құжат немесе тиісті сенім хатсыз, жоқ адамның атынан сырттай актілер жасалу, ойдан шығарылған адамның атынан жасалғанмен бірдей;

- өткен күнмен актілер жасау;

- актілер кітабын әдейі бүлдіру, жойып жіберу немесе жасыру;

Өзіне жүктелген міндеттің нотариуспен орындалмағаны, салғырттығы, ұқыпсыздығы немесе ағаттығы үшін сот үкіміне сәйкес, келешекте бұл қызметпен айналысуға тиым салумен қызметінен шеттетілді, берілген өкілеттікті қиянатшылықпен пайдаланғаны үшін қамауға алынып, абақтыға жабылды[2. 26] .

ХІХ-ғасырдың соңында нотариаттық іс-әрекетті жасау құқы берілген органдардың төрт тобы мен лауазымды тұлғалар пайда болды:

- бұқаралық (полицейлер) нотариустар;

- биржалық маклерлер мен нотариустар, кеме маклерлері;

- тар мамандандырылған маклерлер:

- нотариус немесе маклер жоқ кезде олардың қызметін магистраттар, ратуштар,

думалар, кедендік шенеуніктер, ауыл приставтары.

Нотариус (маклер) қызметіне үміткерлер байсалдырақ шенеуніктер қатарынан конкурстық негізде іріктеліп алынды және лауазымға тағайындалған соң ант беретін, олай болмаған жағдайда жұмысқа жіберілмейтін. Мұндай кезде ерекше ереже жоқ, алайда нотариуст пен маклер лауазымдарына сауатсыз адамдарды тағайындауға заң тікелей тиым салды.

Қазақстандық нотариаттың құрылу тарихы республиканың әділет органдарының 87 жылдық тарихымен біте қайнасқан. 1917 жылғы қазанның соңындағы саяси оқиғадан соң, монархияның жойылып, билік басына большевиктер келгенде нотариат құқықтық институт ретінде жойылды: 1917 жылғы 24-қарашадағы № 1 сот туралы Декрет сот органдарын, сот тергеу институтын, прокурорлық қадағалауды, жеке адвокатураны жойып, «жаңа кеңес сотының» негізін салды. Декретте нотариатты жою туралы тікелей айтылмаса да, нотариаттық кеңселер өз қызметтерін тоқтатты, ал кейінірек, жергілікті кеңестердің қаулыларымен олар жойылып, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау жергілікті кеңестердің бөлімдеріне берілді. Халық Комиссарлар Кеңесінің 1919 жылғы 10-шілдедегі Декретімен уақытша, Қазақстан Кеңесінің съезі шақырылғанға дейін, Қырғыз өлкесін басқару жөнінде Әскери-революциялық комитет (Қырревком) құрылды, ол орган «Өлкені жоғарғы әскери-азаматтық басқаруға» жұмылдырылды.

Нотариат институты одан арғы дамуды 1919 жылғы желтоқсандағы № 2 сот туралы Декреттен алды, онда нотариаттық іс-әрекеттер нотариустармен, ал олар жоқ жағдайда орнын алмастыратын тұлғалармен жасалады деп көрсетілген. 1919 жылы жергілікті Кеңестердің нотариаттық бөлімдері нотариаттық столдармен алмастырылды. Нотариаттық іс кеңестік дәуірде нотариат туралы Ереженің бабына енгізілген бірқатар өзгерістерден өтті. Нотариаттың негізін және КСРО-да нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібін нормативтік бекіту 1922 жылғы 4-қазанда РСФСР халық комиссарлар Кеңесімен қабылданған РСФСР мемлекеттік нотариаты туралы Ережеден бастау алды және нотариустар қызметін жаңғырту үшін негізді бекітті. 1921 жылы нотариат туралы Ереже енгізу жайлы декрет және нотариаттық столдарды жою туралы декрет шығарылды. Бірақ, 1923 жылы Мемлекеттік нотариат туралы Ереже енгізіліп, нотариаттық кеңселерді жою туралы декрет бұзылды. Он жылға тарта уақытта ережеге және жекелеген баптарға өзгерістер енгізілумен болды. ВЦИК және СНК РСФСР «Нотариаттық органдарды тарату туралы» 1936 жылғы 10-маусымдағы қаулысымен нотариаттық қызметті нотариаттық кеңселерге шоғырландырумен, оларды қалалық және кеңестік, сондай-ақ аудандық атқару комиеттердің қарауынан алды. Барлық аудандар мен қалалар орталықтарында нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариаттық кеңселер құрылды. «КСРО, одақтас және автономиялық республикаларда сот құрылымдары туралы» Заң жарыққа шыққанға дейін, нотариаттық органдары жоқ аудандарда бұл құзіреттер халық соттарына жүктелген болатын. Аталған заң жарыққа шыққан соң, нотариаттық қызметті атқару халық соттарынан алынып, нотариаттық органдары жоқ аудандарда нотариаттық қызметті орындау, бұл органдарға жақын орналасқан нотариаттық кеңселерге немесе нотариаттық столдарға жүктелді. Аталған ережеде мемлекеттік нотариалдық кеңселерді елдегі барлық ірі қалалар мен елді мекендерде құру көзделді. Кейінірек: 1923, 1926, 1940, 1947 және 1965 жылдары нотариатты ұйымдастыру тәртібіне және нотариустардың өкілеттік шеңберін кеңейтуге өзгеріс енгізумен, нотариаттық қызметті реттейтін бірнеше мәрте нормативтік-құқықтық актілер қабылданды[3. 59] .

1973 жылдың 19-шілдесінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің ҮІ-сессиясында КСРО-ның «Мемлекеттік нотариат туралы» Заңы қабылданды, онда мемлекет дамуындағы қоғамдық өзгерістер мен нотариаттық органдарды ұйымдастыру және міндеттері туралы нормаларды ұстау, олардың қызметіндегі принциптер, нотариустардың құзіреттері, нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудағы мен шетел азаматтарына КСРО-ның заңнамасын қолдану жайлы жалпы ережелер ескерілді. Аталған Заң Кеңестер Одағының және республикалардың мемлекеттік органдарының заңнамалық қызмет әдісін, нотариаттық органдардың көпжылғы қызмет тәжірибесін, экономикалық дамудағы және басқа да қоғамдық қатынастардың қажеттілігін талдау негізінде әзірленді.

Нотариаттық қызмет жасаудың тек жалпы ережесін ғана белгілеген Заң негізінде Заң қабылданды, кейінірек мемлекеттік нотариаттық кеңселермен нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі жайлы Нұсқау және аудандық, қалалық, поселкелік, ауылдық халық депутаттары Кеңестері атқару комитеттерімен нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы Нұсқау дайындалып, бекітілді. КСРО құлаған соң мұрагерлік тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлімінде заң күші бар және Қазақстан Республикасының кейінгі заң актілерімен бұзылмаған КСРО-ның нормативтік-құқықтық актілері қолданылуда. Сондықтан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасында нотариаттық органдардың мемлекеттің жүйесі ғана - мемлекеттік нотариаттық кеңселер ғана іс жүзінде болды. Әділет министрлігінің тарихында мемлекет өмірінде оның ролі мен маңыздылығын түсіне алмаған және бағалай алмаған да кезеңдер болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1960 жылғы 25-наурыздағы Жарлығымен Әділет министрлігі таратылды да орнына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанынан Заңгерлік комиссия құрылды. Әділет министрлігінің таратылуына байланысты оның соттар мен нотариатты басқару жөніндегі құзіреті Жоғарға сотқа, ал қалғаны жаңадан құрылған Министрлер Кеңесінің Заңгерлік комиссиясына өтті. Өмір бұл қабылданған шешімнің қате екенін дәлелдеді де, Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары қайта қалпына келтірілді. Ол жылдары Әділет министрлігі соттар мен нотариатты басқаруды, құқықтық насихат пен халық шаруашылығында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды ұйымдастырумен айналысты.

Нотариаттық қызметті әртүрлі мекемелер: жергілікті кеңестердің нотариаттық бөлімдері атқара бастады. Оларды халықтық нотариустар, әділет бөлімдері, әлеуметтік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері, яғни, әртүрлі әкімшілік органдар басқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Нотариат қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Нотариаттың, мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру
Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Нотариаттың қызметінің түсінігі. Нотариаттық қызметтің пәні мен әдісі
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz