Мәмілені құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
.
“ ___” 2012 жыл
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Мәмілені құқықтық реттеу”
Мамандығы 050301 - Заңтану
Орындаған: күндізгі оқу бөлімінің
Ғылыми жетекші:
кафедра аға оқытушысы, заң
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 3
1 Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі
1. 1 Мәміле туралы жалпы түсінік 5
1. 2 Мәмілелердің жіктелуі 16
2 Мәміленің нысаны мен оның жарамдық және жарамсыз шарттары
2. 1 Мәміленің нысаны және оның маңызы 19
2. 2 Мәміленің жарамдық шарттары мен жарамсыз мәмілелер 27
2. 3 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу 47
Қорытынды 54
Пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі 56
Қосымша 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне азаматтық айналым саласыңда құқық қатынастарын үздіксіз тудырып дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады.
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағьпталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге акгілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекетгерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады[1, 47] .
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Зерттеудің нысаны - жұмыс Азаматтық құқық пәні бойынша мәміле мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен өзектілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - мәміле ерекшелігін белгілеп, олардың Азаматтық құқық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Азаматтық құқықтық зерттеулер тұрғысынан мәміле мәселесіндегі негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Мәмілеге ғылыми тұрғыда сипаттама беру.
3. Мәмілеге қатысты заңнамаларға анализ жүргізіп нормаларының мәнін ашу.
4. Мәміле тақырыбын ҚР Азаматтық құқығы негізде зерттеу және мәселені жалпы тұрғыда қарастыру
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - диалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық және Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - Мәміле мәселелері, сондай-ақ оларға қатысты заңнамалар болып табылады.
Зерттеудің нақты заты - Мәмілені Азаматтық құқық заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру мен қолдану жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде мәміле мәселесінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 үлкен бөлімнен, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімдерінен және қосымшалардан тұрады.
1 Мәміле туралы жалпы ұғым, оның жіктелуі
1. 1 Мәміле туралы жалпы түсінік
Мәміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне азаматтық айналым саласыңда құқық қатынастарын үздіксіз тудырып дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
АК-ның 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған), мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не, ең ақырында, оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылады[2, 58] .
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағьпталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге акгілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан айрылады.
Мәміле дегеніміз - бұл заңды, рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді "мәміле" деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді.
Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекетгерден, яғни басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді.
Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.
Мәміленің қажетті сапасы - әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, занда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-ның 7-бабы) . Заң, мысалы, демеуші мен ол жәрдем көрсететін тұлға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді, бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Азаматтық кодекс (381-бап) аралас шарттар жасасуға рұқсат етеді, оларда заңдарда көзделген әр түрлі шарттардың элементгері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы үлгі шарт болып табылады.
Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міңдеттер туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға бағынатын тұлғалар үшін азаматгық құқықтар мен міңдеттер туғызатын құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыретті органдардың шешімі мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзіммен жалға берілген шартты ұзартуға міндеттейді, не, керісінше, оған тыйым салады. Сотқа шағымданған тұлға үшін құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді.
Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекетгерді) айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады.
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Мәміле дегеніміз - бұл қашан да ерікті білдіру болатындықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады[3, 92] . Демек, әрекетке қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рүқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23-баптарын Қараңыз) .
Сонымен, Азаматтық кодекстің 147-бабыңда мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген екен. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы;
4) мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар ездерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет - сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондай тауарды алуға деген еркін білдіреді[4, 60] .
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-тің 151-бабының 4-тармағы) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бүл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша, түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тарапатардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орывдамау салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпажазба, факс немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе талаптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің 152-бабының 5-тармағы) .
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе пошта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және ол заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Сонымен, мәміле - бұл тектік үғым, ал шарт - түрлік үғым. Кез келген шарт - бұл мәміле, ал кез келген мәміле - шарт емес. Күңделікгі тұрмыстағы және ресми тәжірибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт, тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі - шарттар. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
АК-ның 150-бабы шартпен жасалған мәмілелерге, яғни шартты мәмілелерге арналған.
"Шарт" термині мәмілеге қатысты алғанда екі мағынаға ие болуы мүмкін[5, 91] . Біріншісі - бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мәміле элементі. Мысалы, жалға берілетін мүлік туралы және жалдау ақысының мөлшері туралы шарт. Екіншісі - мәміленің мазмұнын құрайтын тараптардың құқықтары мен міндеттері пайда болатын немесе тоқтатылатын мән-жай. Мұндай мән-жай мәміленің негізгі мазмұнына қатысты алғанда қосымша сипатта болады.
АК-ның 150-бабы "шарт" терминіне екінші мағына береді. Тарап-тардың негізгі құқықтары мен міндеттерінің пайда болуын немесе тоқтатылуын осындай шартқа тәуелді етіп қойған мәміле шартпен жасалған мәміле болып табылады. Мысалы, тараптар, егер сатушы Астанаға тұрақты тұруға көшетін болса, оның Алматыдағы пәтерін сатып алу-сату туралы уағдаласты. Бұл мән-жай (көшу немесе көшуден бас тарту) шарт болып, ал сатып алу-сату шарты - шартпен жасалған мәміле болып табылады.
Шарт болашаққа есептелуге тиіс. Егер тараптар өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды осымен байланыстырған мән-жай мәміле жасалғанға дейін орын алған болса, оның қатысушылары бұл жөнінде білмеген болса да, ол мәмілеге әсер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа адамдардың іс-әрекеттері, мәмілеге қаты-сушы тараптардың іс-әрекеттері және т. с. с. шарт болуы мүмкін. Бірақ заңға қайшы немесе әдепсіз әрекеттерді шарт ретінде анықтауға болмайды.
Өзінің сипаты жөнінен шарт оң болуы мүмкін (реті келеді) ; егер мердігер дүкеннен қажет материалды таба алса, зат жасалады немесе теріс болуы мүмкін (реті келмейді) : егер автор шетелге іссапармен келіп қалмаса, мақаланың қолжазбасы журналға тапсырылатын болады.
АК-ның 150-бабы кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәмілені және күші жойылатын шартпен жасалған мәмілені ажыратады. Кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын мәміледе құқықтар мен міндеттер мәміле жасалатын сәтте емес, жағдай туған кезде күшіне енеді. Пәтерді сатып алу-сату туралы жоғарыда келтірілген мысал дәл осындай мәмілеге түсіндірме бола алады. Егер кейінге қалдырылатын шарт жасалмаса, мәміле өзінің қолданылуын тоқтатады.
Күші жойылатын шартпен жасалатын мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттері мәміле жасалған күннен бастап күніне енеді, бірақ жағдай туған кезде тоқтатылады. Мысалы, үйдің меншік иесі үйінің бір бөлмесін ұлым оқуын аяқтаған соң үйге оралатын болса, босату керек деген шартпен жалға береді. Әрине, жағдай туғанга дейін өткен уақыт үшін барлық есеп айырысу аяқталуға тиіс. Күші жойылатын шарт тумаған жағдайда мәміле сөзсіз мәмілеге айналады.
Міндетті болмаса да, тууы мүмкін жағдай ғана шарт болуы мүмкін. Егер шарт объективті түрде тумаса, онда мәміле жоқ не сөзсіз болады. Керісінше, міңдетті түрде туатын шарт, мәмілені шартты емес, мерзімді етеді. Мысалы, меншік иесі басқа адамға өз мүлкін көктем басталғанға дейін пайдалану мүмкіндігін береді.
Мерзімнің де кейінге қалдырылатын және күші жойылатын маңызы болуы мүмкін, өйткені көп ретте мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мерзімге байланысты болады.
Мәмілеге қатысушылар өздерінің мүдделеріне сәйкес әрекет етуге қүқылы, өздері үшін тиімді немесе тиімсіз шарттардың басталуына не басталмауына жәрдемдесуге немесе кедергі жасауға құқылы. Алайда олар шартқа жәрдемдесетін не кедергі жасайтын заңсыз немесе әдепсіз құралдарды қолданбауы, жосықсыз әрекет етпеуі тиіс (АК-ның 8-бабын қараңыз) . Мысалы, азамат егер көршісін филармонияға музыкалық сүйемелдеуші ретінде жұмысқа алатын болса, оған пианинасын сатуға келісті. Кейін бұдан гөрі пайдалы сатып алушыны тапқан ол алғашқы сатып алушыдан құтылу үшін филармония директорымен туыстық байланыстарын пайдаланып, оның филармонияға жұмысқа орналасуына кедергі жасайды. Сатушы өзінің жосықсыз әрекетгерімен тиімсіз болып шыққан шарттың тууына кедергі жасағандықтан, шарт туған деп есептеледі.
Керісінше, мәміленің бір тарабы тиімді шарттың тууына жосықсыз әрекеттерімен кедергі келтірсе, ол тумаған болып есептеледі. Мысалы, мердігер егер ол басқа қалаға іссапармен кетіп қалмаса, тұрғын үйді жөндеуге міндеттенеді. Осы арада оған бұдан гөрі пайдалы тапсырыс түседі де, ол алғашқы тапсырыс иесінен арылу үшін өзіне басқа қаладан жалған шақырту жасатып, ол жаққа басқа қызметкерді жіберетін болып шешілсе де, өзі іссапарға шығатын болады. Бұл жағдайда шартты тумаған деп есептеу керек.
АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олар қатысушылар арасында негізінен жалпы тәртіппен жасалған тиісті мәміле туғызатындай құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді және мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы жөніндегі жалпы заң ережелеріне бағынады. Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына, мәміленің нысанасына, оларды жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың орындалуын және биржалық даулардың шешілуін қамтамасыз етуге қатысты болады.
Әдетте, биржалық мәміле делдал (брокер, дилер) арқылы жасалады. Бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға, әдетте, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары (кастодиан, орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы бағалы қағаз үстаушы және басқалары) қатысады[6, 50] .
Биржалық мәмілелер тіркелуге жатады.
Биржалық тауар мәмілелерінің нысанасы нақты және алдағы уақытта жеткізілетін биржалық тауарлар болуы мүмкін (форвардтық мәмілелер) Тауарларды келешекте жеткізіп беруге немесе құқықтар мен міңдеттерді келешекте беруге арналған стандартты келісім-шартты негіз ететін мәмілелерге рүқсат етіледі (фьючерстік немесе опциондық мәмілелер) . Биржада биржалық мәмілелердің нақты орындалуын қамтамасыз ету есептері мен әдістерінің арнайы нысандары болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz