Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғалуға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

“ ___” 20 жыл

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету”

Мамандығы 050301 - Заңтану

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің

3 курс студенті А

Ғылыми жетекші: кафедра аға оқытушысы,

Алматы, 2011

Мазмұны:

Кіріспе 3

1 Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері туралы жалпы ереже 6

1. 1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің ұғымы 6

1. 2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің түрлері 9

1. 2. 1 Айып төлеу 9

1. 2. 2 Кепіл 10

2 Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу 39

2. 1 Кепіл болушылық 40

2. 2 Кепілдік және кепілпұл 42

Қорытынды 55

Пайдаланған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі 58

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борыш қордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.

Қамтамасыз ету әдістерін өздерінін сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өңдіріп алумен жүзеге асады (кепіл) . Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-соңды тән болмаған әдіс - борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бүл әдістің ерекшелігі сол - заң несие берушіге борышқор өз міңдетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міңдеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу-сату шарты негізгі міндеттеме болып табылады, ал сол шартгы жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, овда айып төлету қарастырылады. Айып төлету туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық кодекстің 292-бабының 3-тармағына сәйкес негізгі міңдеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал мшдеттемені қамтамасыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міңдеттеменің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамасыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніңдегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады (АК-тің 294-бабы) [Бұл бапта аманат делінген, ал АК-тің 330-бабында кепіл болушылық деп алынған. Жоғарыда ескерткеніміздей, осындай қайшылықтар біздің Азаматтық кодексте баршылық] .

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетіміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде деуге болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының міндеттеме мәселелеріне байланысты Ю. Г. Басиннің, Ғ. Төлеуғалиевтің, Ғ. А. Жайлиннің, М. К. Сүлейменовтың, С. В. Скрябиннің, Е. А. Сухановтың, Ю. К. Толстойдың, А. А. Ерошенконың, А. М. Сергеевтың, М. Н. Малеинаның, Л. А. Соловьеваның, О. М. Романовтың және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы ҚР Азаматтық құқығы мәселесіндегі Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеу пәні болып Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық аспектілер кіреді.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдеріне талдама (анализ) жасау; тәжірибеде осы салаға қатысты кездесетін мәселелерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:

  • Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығындағы міндеттеме институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
  • ҚР Азаматтық құқығындағы Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерттеу;
  • ҚР Азаматтық құқығындағы міндеттеме жөніндегі заңдылықтарды қамтамасыз ету;
  • Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдері жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.

Методологиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның диалектикалық-материалистік, жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайдаланылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдарының міндеттеме саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқындауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге, дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы ҚР Азаматтық құқығындағы міндеттеме саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес түрлі (басқа да) нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.

Дипломдық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдамалары Экономика және Құқық Академиясының Заңтану пәндер кафедрасында өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден сегіз бөлімшеден құрылатын үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері туралы жалпы ереже

1. 1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің ұғымы

Міңдеттеме бойынша құқықты жузеге асыру қүқық субъектісінің ырқына ғана емес, борышкердің де еркіне байланысты. Міндеттемеден (атап айтқанда, шартка негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міңдеттеме талап етуге құқық береді, бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер уәде еткен әрекетті орындауға мәжбүрлемейді. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол - жекебелгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік. Жалпы ережеге сәйкес міндеттеме бойынша әрекет жасау мiндeтri адамның еркіне байланысты, ол міндетгемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік береді. Сонымен қатар несие беруші, міңдеттемелік қатынастар бойынша борышкердің міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыртуға құқылы. Кез келген міңдеттемені орындау, жалпы ереже бойынша, несие берушінің занда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (міндеттеменің орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түріңде) міңдеттеменің орындaлyына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер деп аталады[1. 234] .

Азаматтық құқықта міңдеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міңдеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді:

борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені opындaмaғaндық немесе тиісінше opьындaмaғaндық үшін айыппұл жатады;

борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;

несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру ("адамға емес, заттың құнына сенемін") - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;

борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;

борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінін затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегi міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Айта кететін бір жағдай - міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының І-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер занды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын камтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысальr, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгiленуі де мүмкін.

Міңдеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (ақцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және зандық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдiгi жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздiri заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке неriзделген.

Міндеттеменің (қамтамасыз етуші міндеттеменің) орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің неriзгі (басты) міндетгемелерге қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады. Біріншіден, тек занды міндеттемелік талаптар, яғни занды неriзде тyындaғaн талаптар ғана қамтамасыз етіледі. Екіншіден, қамтамасыз етуші міндеттеме талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы неriзгі міндеттеме бойьшша борышты аударғанда негiзгi міндеттеменің тағдырына ілеседі. Үшіншiден, негізгі міндеттеменің тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады. Төртіншіден, неriзгi міндеттеменің заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды [2. 121] . Ал, қамтамасыз етуші міндеттеменің заңсыздығы қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты міндеттеменің тағдырының қосымша міндеттеме тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.

Негiзгi міндеттеменің тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші міндеттеменің тоқтаған-токтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың - кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану.

Несие берушінің борышкердің міндеттемені opындaмaғaны үшін жауаптылығының азаматтық - құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндеri арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шаралардьr қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері - тек таратар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) бір жағынан зандық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені opындaмaғaн немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылтуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені opындaмayдaн туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т. б. ) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген міндеттемеден занда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

1. 2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің түрлері

1. 2. 1 Айып төлеу

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шыңдық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппүл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруіші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес (АК-тің 293-бабы) .

Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орандауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасымалдау, мердігерлік және т. б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол ақша міндеттемелеріңде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т. б. ) қолданылады.

Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бүл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан түрғын үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т. б. төлем төлеу - уақытын өткізіп алғанына орай өңдіріледі.

Айыппұл тек қана ақша сомасыңда немесе соманың белгілі бір мөлшеріңде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.

Қосымша міңдеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді занды және шартты деп екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндетгемені бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Занды айып төлеу көлікпен жүк тасымалдау, өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Занды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген-көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді (АК-тің 295-бабы) . Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен занды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін (АК-тің 292-бабының 2-тармағы) .

Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.

Міңдеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді.

Есепті айып төлеу кезіңде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мәселен, міндеттемені орындамауға байланысты залалдар 5 мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқордан 2 мыңды айып төлеу деп, 3 мың теңгені залал деп өңдіріп алуына хақысы бар.

Әдетте айып төлеу есепті сипатқа ие[3. 201] . Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, заңда немесе келісімдерде басқаша көзделгеннен басқа ретте, қолданыла береді. Айып төлеудің айыппұл түрі, заң мен шартта қаралған жағдайда ғана қолданылады. Оның мәні борышқор міндеттемені бұзғаны үшін айып төлеуді жүзеге асырып, келген залалдың орнын толық толтыруға міндетті. Аталған мысал бойынша борышқор 2 мың теңге айып төлеуді жүзеге асырып және 5 мың теңгені залалдың орнына құяды.

Айрықша айып төлеу несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың теңгені төлетеді де қояды. Айырықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т. б. өндіріледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарға, айталық, пәтер ақы, электр энергиясьна төлеу тәрізді салаларға тап осыңдай айып төлеу түрі қолданылады.

Балама айып төлеуде несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндірте ме, әлде төлетуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді.

Қазіргі колданылып жүрген заңдарда айып төлеудің аталған түрі бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.

Айып төлеудің тиісті мөлшері, егер келген залал мөлшеріне қарағаңда тым жоғары болатьн болса, сотпен төмендетілуі мүмкін (АК-тің 297-бабы) .

Сондай-ақ, сот борышқордың міңдеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуда ескереді (АК-тің 297-бабы) . Айып төлеудің негізгі мақсаты борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.

1. 2. 2 Кепіл

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдьнда артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады (АК-тің 299-бабы) .

Мүлік кепілмен міндеттемені орындауды қамтамасыз ету несие беруі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, борышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Біріншіден, кепіл салынған мүлік несие беруші кепілді ұстаушы оны біржолата өзіне алғанға дейін ойдағыдай сақталады, екіншіден, кепілге салынған мүлік (АК-тің 303, 306, 310, 312 баптары) үшін несие беруші кепіл ұстаушы өз талаптарын қанағаттандыруда артықшылық құқығына ие болады, үшіншіден, кепілге салынған мүлік борышқордың өзімен емес, үшінші жақ арқылы салынуы несие беруі үшін талабын қанағаттандыруда қосымша көз болып есептеледі, ал басқа несие берушілер мұндай құқықты пайдалана алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені орындау ұғымы мен принциптері
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық шарттары
МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҮҒЫМЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Міндеттеме бойынша тұлғалардың ауыстырылуы
Шарттық жəне шарттан тыс міндеттемелер
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Бірнеше кредитор немесе бірнеше борышқордын катысуындағы міндетгеме
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемені орындау пәні
Міндеттемені тоқтатудың түсінігі
Ипотека-кепілдің бір түрі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz