Қылмыстық құқықтағы абайсыздық
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бөлім: Абайсыздық туралы ұгым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Абайсыздықтың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Қылмыстың себебі мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Қылмыс жасаушы адамның сезімдік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Қателік және оның қылмыстық.құқықтық жағдайы ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы абайсыздық және оның түрлері. Бұл тақырыпты тандаған себебім әрбір қылмыс абайсыздықпен істеледі.
Абайсыздық – бұл кінәнің ерекше түрі. Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс абайсыздықпен істеледі: осыған орай оның зияндылығы немесе басқадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі уақытта ең көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Менменділікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол өзі істеген әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың тууын болжайды, бірақ жеткілікті негізсіз жеңілдікпен ондай зардапты болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам әр уақытта да зардаптың болуы мүмкін екенін сезеді және тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікпен істеуді қылмысты жанама қасақаналықпен істеуге жақындастырады, яғни өзінің интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктің жанама қасақаналықпен аздаған ұқсастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптың болуын біле тұра саналы жол берсе, менмендікте зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін ғана болжап, ондай зардап бола қалған күнде ол тойтарылады деген сенім орын алады. Зардап болмайды деп сенушілік әр түрлі болады. Мысалы, кінәлінің өзінің жеке басының ептілігіне, тәжірибенің немесе басқалай табиғат күштеріне немесе жағдайларға сенуден қылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға болмайды деген сеніммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға қабілеті жетпейді. Мәселен, Мәліков деген азамат

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қылмыстық құық. Алматы 1999. А.НАғынбаев
2. Қылмыстық құқық. Алматы 2004. Әбілезов.Е.Т. ,Рахметов.С.М.
3. Қылмыстық құқық. Астана 2004. Дулатбеков.Н.О.
4. Волков Б.С. Мотивы преступлений (Уголовно-правовые и социально-психологические иследование)- Казань, 1982.
5. Волков Б.С. Проблема воли и уголовная ответственность.-Казань,1965
6. Дагель П.С. Неосторожность. Уголовно-правовые и криминологические проблемы.-М.,1977
7. Дагель П.С. Проблемы вины в советском уголовном праве. Уч.зап. Дальневосточного гос. Унив-та. Вып.21.Ч.-Владивосток,1965
8. Злобин Г.А.,Никифиров Б.С. Умысел и его формы.-М.,1972.
9. Кириченко В.Ф. Значение ошибки по советскому уголовному праву.-М.,1950.
10. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения.-М.,1991
11. Макашвили В.Г. Уголовная ответственность за неосторожность.-М.,1957
12. Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву.-М.,1961
13. Рарог А.И. Вина в советском уголовном праве.-Саратов,1987
14. Тарарухин С.А. Преступное поведение. Социальное и психологические черты.-М.,1974
15. Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве.-Саратов,1950
16. Филановский И.Г. Социально-психологические отношение субъекта к преступлению.-Л.,1970.
17. Якушин В.А. Ошибка и ее уголовно-правовое значение.-Казань, 1988.

Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бөлім: Абайсыздық туралы ұгым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Абайсыздықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.7
1.2 Кінәнің екі нысанымен жасалған
қылмыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .13
1.3 Қылмыстың себебі мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4 Қылмыс жасаушы адамның сезімдік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Қателік және оның қылмыстық-құқықтық жағдайы ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...28
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы абайсыздық және оның түрлері. Бұл
тақырыпты тандаған себебім әрбір қылмыс абайсыздықпен істеледі.
Абайсыздық – бұл кінәнің ерекше түрі. Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс
абайсыздықпен істеледі: осыған орай оның зияндылығы немесе басқадай теріс
әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген
қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды.
Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология
саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық
қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі уақытта ең көкейтесті мәселелердің
бірі болып отыр.
Менменділікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол
өзі істеген әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың
тууын болжайды, бірақ жеткілікті негізсіз жеңілдікпен ондай зардапты
болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам әр уақытта да зардаптың болуы мүмкін
екенін сезеді және тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікпен
істеуді қылмысты жанама қасақаналықпен істеуге жақындастырады, яғни өзінің
интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктің жанама қасақаналықпен аздаған
ұқсастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптың болуын біле тұра саналы
жол берсе, менмендікте зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін ғана болжап,
ондай зардап бола қалған күнде ол тойтарылады деген сенім орын алады.
Зардап болмайды деп сенушілік әр түрлі болады. Мысалы, кінәлінің өзінің
жеке басының ептілігіне, тәжірибенің немесе басқалай табиғат күштеріне
немесе жағдайларға сенуден қылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға болмайды
деген сеніммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға қабілеті
жетпейді. Мәселен, Мәліков деген азамат Бақанас селосының тұсындағы Іле
өзенінен өзінің жеке меншік қайығына үш адамның орнына бес адамды отырғызып
өзеннің арғы жағына өткізіп тастамақшы болған. Өзеннің орта тұсына келгенде
қатты су толқынының әсерінен қайық аударылып, Ж. деген азамат суға кетіп
қаза болған. Мәліков менмендікпен кісіні абайсызда өлтіргені үшін кінәлі.
Өйткені Мәліков өзінің үйреншікті әдісін қайталап отыр. Осындай әрекеттерді
істеудегі көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, үш адамдық қайыққа бес адам
отырғызған, соның салдарынан толқынның ағысына ұрынған қайық ауыр салмақтан
ауып, жәбірленушінің суға кетіп қаза болуына себепкер болған. Мәліков
қайыққа артық адам сыйғызғанда өзінің ептілігіне сүйеніп, оларды өткізуде
қайықтың аударылуына жол бермеймін деген өзіне-өзі сенушілікпен қылмыс
істеген деп сот үкімінде көрсетілген. Менмендіктің жанама қасақаналықтан
негізгі, басты айырмашылығы еріктілік элементінің мазмұнында. Егер жанама
қасақаналықта кінәлі адам қоғамға зиянды зардаптың болуына саналы түрде жол
берсе, ал менмендікте зардаптың болуын тілеу, оған саналы түрде жол беру
орын алмайды, мұндайда субъект керісінше зардапты болғызбауға, оны
тойтаруға тырысады.
Қылмысты менмендікте адамның санасы мен еркі өзінің іс-әрекеті арқылы
болуы мүмкін. Теріс зардапқа немқұрайды қарап отырмай, қайта оны тойтаруға,
болдырмауға бағытталады. Заң менмендіктің еріктілік мазмұнын сипаттағанда
қоғамға қауіпті зардапты тойтаруды болдырмауды есепке алып отыр. Кінәлі
адам мұндай реттерде зардапты болдырмайтын, тойтаратын нақты күшке,
ептілікке, тәжірибеге, шеберлікке, басқа адамның әрекетіне немесе басқа да
жағдайларға сеніп отыр. Бірақ та зардап тойтарылды, болдырылмайды, оған
кедергі болады, деп сенген жағдайлары жеңілтектіктен, терең
ойламағандықтың, менмендіктің әсерінен сенуге тұрмайтын, түкке тұрмайтын
нәрселер болып шығады. Қылмыстық заң қорғайтын объектіге немқұрайды
қарауға, осындай іс-әрекеттің әсерінен қоғамдық мүддеге зиян келтіруге жол
бермейді. Осыған байланысты менмендікпен қылмыс істегені үшін қылмыстық
жауаптылық белгіленген. Абайсыздықтың екінші түрі – немқұрайдылық болып
табылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. (21-
бап, 3-бөлігі). Осы анықтамаға байланысты өзінің іс-әрекетінің зиянды
екенін түсінбеген, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екенін болжамаған адам
не үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады деген заңды сұрақ тууы мүмкін.
Мұндай жағдайда адам заңның талаптарына, қоғам ережелеріне, басқа да
адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз, байқамай шалағайлықпен, яғни
өзінің немқұрайдылығынан өзінің іс-әрекетінен зиянды зардаптың болуы мүмкін
екендігін болжауға тиісті және болжай алатын болса да болжамайды.
Бұдан қылмыстық немқұрайдылықтың екі түрлі белгімен сипатталатынын
көреміз. Оның біріншісі, адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің
зиянды зардаптарын болжауға тиіс болса, екіншісі болжай алатын
болса.Қоғамға зиянды зардапты болжауға тиісті, міндетті болу
немқұрайдылықтың объективтік белгісі болып табылады, ал зиянды зардапты
болжай алатын болса деген сөз, немқұрайдылықтың субъективтік белгісін
түзеді. Заң қылмыстық немқұрайдылықты осы екі объективтік және субъективтік
белгісін біріктіру арқылы айқындайды. Немқұрайдылықтың объективтік
белгісінің мәні адамның өзінің іс-әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың
болуын болжауға міндеттілігі болып табылады. Мұндай міндеттілік заң
талаптарынан, кінәлінің лауазымдық құзыретінен, кәсіптік функциясынан
немесе тұрмыс ережелерінен туындайды. Зардаптың болуы мүмкін екендігін
болжау міндеттілігінің жоқ болуы ол адамның нақтылы келтірген зияны болған
күннің өзінде оның кінәсін жоққа шығарады. Зардаптың болу мүмкіндігін
болжауға міндеттіліктің болуының өзі адамды кінәлі деп тануға әлі де
жеткілікті негіз бола алмайды. Болжауға міндеттіліктің болуымен қатар
немқұрайдылықтың объективтік белгісі адамның осы нақты жағдайда қоғамға
зиянды зардаптың болуын болжауға нақты мүмкіндігі (субъективтік белгісі)
болғандығы, бірақ бұл мүмкіндікті жүзеге асыра алмағандығын, сөйтіп
зардаптан қашып құтыла алмағанын анықтау қажет. Осындай жағдай орын алған
ретте адамды немқұрайдылық пен қылмыс істедің деп жауапқа тартуға негіз
жоқ.
Абайсыздық.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан,
байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне
немкеттілікпен, енжарлықпен қараудан, адамның өмірі мен денсаулығын
қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі
адамдардың кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен
немесе басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық заңда берілген (21-бап). Онда
менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады (21-бап, 1-бөлігі) делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық
нысаны екі түрге-менмендік және немқұрайдылық болып бөлінеді. Егер адам өз
іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын
ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен
болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менменділікпен жасалған қылмыс деп
танылады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу
мүмкіндігін білсе және зиянды зардаптар болуы мүмкін екендігін болжау
қылмысты жеңіл ойлылықтың интеллектуалдық элементін, ал жеңіл ойлылықпен
ондай зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне сену оның еріктілік элементін
құрайды.
Сот тәжірибесі көп жағдайда қасақана қылмыстарды қарастырады - өйткені
олар абайсызда жасалған қылмыстардан гөрі едәуір кең тараған. Бірақ, бір
айта кетерлігі, қазірде абайсыздықта жасалған қылмыстар ұдайы өрістеп
келеді. Оның үстіне, ғылыми-техникалық прогресс жағдайында әсіресе
техниканы пайдалану ауқымындағы арнайы ережелерді бұзумен және экологиялық
қылмыстарға байланысты бұл қылмыстардың қауіптілігі арта түседі. Бұл орайда
ел есіндегі ауыр апаттарды: Чернобыль АЭС-індегі, "Адмирал Нахимов"
кемесіндегі оқиғаларды және басқа да бірқатарларын мысалға келтіруге
болады. Осыған байланысты абайсызда жасалған қылмыстар үшін жауаптылық
мәселесінің іс жүзіндегі маңызы арта түсуде.
Абайсыздық – кінәнің ерекше түрі, яғни кінәлінің өзі істеген әрекеті
немесе әрекетсіздігінің залалды зардаптарына психикалық қатынасының ерекше
түрі. Материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсызда жасалуы мүмкін, яғни
бұл қылмыстардың объективтік жағына белгілі бір қылмыстық заңда
қарастырылған қоғамға қауіпті зардаптары кіреді.
___________________________________ _____
Қылмыстық құық. Алматы 1999. А.НАғынбаев
I.1. Абайсыздықтың түрлері
ҚР ҚК-нде абайсыздықтың екі түрі – менмендік және немқұрайлық
қарастырылады.
ҚР ҚК 21-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе,
бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз алаңғасарлықпен болғызбау
мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендікпен қылмыс жасаған адамның өз істегенінің зардаптарына
психикалық қатынасы, сондай-ақ қасақана және абайсызда арқаланған кінәнің
өзге түрі тәрізді, ойшылдық және еріктілік сәттерден құралады. Ойшылдық сәт
адамның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптары
туындауы мүмкін екендігін алдын-ала болжайтындығымен сипатталады. Еріктілік
сәт болса, осынау зардаптардың алдын алуға негізсіз есеп жасаумен
сипатталады. Мәселен, машина жүргізіп келе жатқан шопыр жылдамдықты тым
күшейтіп жіберіп, осының салдарынан кілт тоқтауға үлгере алмай қалады,
соның кесірінен жаяу адамдардың бірін қағып кетіп, әлгіні өлтіріп алады .
Абайсыздықтың түрлері
Менмендікті заңдылық тұрғысында қисындастыруда оның ойшылдық сәті
тікелей және әсіресе жанама қасақаналықтың ойшылдық сәтімен жақындасады.
Екі жағдайда да адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардап туындататынын
алдын ала пайымдайды. Бірақ, заң шығарушы қасақаналықты сипаттарда
қолданатын алдын ала болжау ұғымы оның менмендікті кінәнің абайсызда
жасалған түрі ретінде сипаттағандағы ұғымынан түбегейлі түрде бөлек жатады.
Бұл айырмашылық алдын ала болжай білудің мән жайына байланысты. Қасақаналық
кезінде (мейлі не тікелей, не жанама болсын) алдын ала болжай білу нақты
сипат алады да, менмендік кезінде кінәлі адам болмай қоймайтын немесе
болуы мүмкін нәтиженің оның тап осы сәтте белгілі жағдай мен жағдайларда
жасалған нақты әрекетінен (әрекетсіздігінен) туындайтынын алдын-ала
болжайды деген сөз. Әлгі адам жәбірленушінің кеудесіне пышақ салғанда, оның
бұл соққысы жәбірленушінің өліп кетуі мүмкін екендігін алдын ала біледі. Ал
қылмыстық менмендікте ойшылдық сәттің мазмұны мүлде басқаша болып келеді.
Ондайда адам әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты зардаптарын абстрактылы
түрде болжайды. Айталық, әлгі машинаның шопыры тиісті жылдамдықты көтеріп
жібергенде, бұл жаяу адамды қағып кетуі мүмкін екенін былайша алғанда алдын
ала біледі. Және осылай алдын ала болжау нақты емес, жалпы, яғни
абстрактылы сипат алады. Адам көрсетілген қауіпті зардаптарды жалпы түрде
алдын ала болжағанмен, өзінің нақты жағдайында олар (зардаптар) туындайды
деп есептемейді. Әлгі жеке тұлға мұндай зардаптар өзге жүргізушілерде
осыған ұқсас жағдайларда туындауы мүмкін деп ойлайды, ал өзіне келер
болсақ, тәжірибелі шопыр ретінде мұндай бола қоймайды деп (яғни ол жаяу
адамды басып кете қоймаспын деп) үміттенеді.
Бірақ, менмендіктің қасақаналықтан (ең алдымен жанама қасақаналықтан)
басты өзгешелігі еріктілік сәтте жатыр. Еріктілік сәт алаңғасарлықтың
абайсыздағы кінәнің бір түрі ретінде, адамның өз іс-әрекетінің қоғамға
қауіпті зардаптарының алдын-алуға жеткіліксіз негізде үміттенуімен
сипатталады. Жанама қасақаналыққа қарағанда қылмысты менмендік кезінде
адамның ерік-жігері өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің алдын алуға,
оларды болдырмауға бағытталады. Жеке тұлға, оның пікірінше, қылмысты оның
нәтиженің туындауын болдырмайтын нақты, айқын жағдайларға иек артады.
Айталық, жоғарыда келтірілген мысалда машина жүргізуші өзінің кәсіби
шеберлігіне, ұзақ жылдар бойғы көлікті апатсыз жүргізіп келе жатқандығына,
машинаның жөндемді техникалық жағдайына, талай жүрген жолының ондылығына
және т.б. сенеді. Өкінішке орай (осындай үміт, сенімділікке қарамастан),
нақты жағдайда мұндай сенім қате болып шығып, машина жүргізуші жаяу
жүргіншіні басып кетіп, өлтіріп алады. Есептің негізсіздігі, қате екендігі
істелген әрекеттің зардаптарына мұндай психикалық қатынасты жеңілтіктікке ,
ал әрекеттің өзін қылмысқа айналдырады.
Абайсызда жасалған қылмысқа Ш. – ның ісі айқын мысал бола алады. Ол
балық аулайтын құралынан ұрлық жасалудың алдын алу мақсатында дыбыс белгі
(сигнализация) жасап қояды: бұл ойын жүзеге асыру үшін өзенге қойылған
ауларға қуаты 220 вольттік электр желілерін тартып, ал өз үйіне қоңырау
орнатады. Бір күні түнде О. және С. деген жасөспірімдер өзенге балық
аулауға келіп, әлгі ауларды ұстап тұрған арқандарды кесіп тастамақшы
болады. (өйткені әлгі өзенді керіп тұрған аулар балықтың ағын бойынша
жоғарғы жүзуіне бөгет болып, өзгелерге балық аулатпайды екен). Әуелі
сымдарды ағытамыз деп жүргенде О.-ны ток соғып, әлгі өліп кетеді.
Іс қозғалып, жауап алу кезінде Ш. мұндай ауыр зардаптардың туындауы
мүмкін екендігін алдын ала болжағанын мойындаған (мұны істің өзге де
материалдары дәйектейді). Ш. әлгіндей белгі беретін электр желісін тартып
қойғанын айналасындағылардан жасырмаған, бұл жайды сол түні балық аулауға
шыққан жасөспірімдер де білген. Істе анықталғандай, Ш. көршілерінен желі
тартылған жерге балаларды жібермеуді өтінген, сондай-ақ оны бақташыларға да
көрсеткен. Сонымен қатар Ш. электр желісін ел жүрмейтін жер арқылы тартқан,
ал өзенге жақындаған тұста жер астымен жүргізген, дыбысбелгі жүйесін өзі
үйде отырғанда ғана қосатын болған.
Ш. О. –ны жанама қасақаналықпен өлтірген деп сотталды. Бірақ, КСРО
Жоғарғы Сотының Пленумы кінәлінің әрекеттерін абайсызда кісі өлтірген деп
қайта дәрежелеп, мынаны атап көрсетті: "ол қуаты 220 вольт токтың адамға
келтірер қаупін білді, бірақ келер ауыр зардаптарға жеңілтектікпен қарап,
олардың алдын алармын деп үміттенді. Ол оның үстіне кездейсоқтық емес, оның
пікірінше, мұндай ауыр зардаптардың туындау мүмкіндігін болдырмайтын
объективті себептерге сүйенген".
Абайсыз кінәнің екінші бір түрі қылмысты немқұрайдылықпен болып
табылады.
ҚР ҚК, 21-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен
сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын
бола тұра өзіс әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қоғамдық қауіпті
зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс (ықтиятты болғанда
ондай қылмыс болмас па еді, қайтер еді?) немқұрайдылықпен жасалған қылмыс
деп танылады.
Қылмысты немқұрайдылықпен ойшылдық сәті қасақаналықтың (тікелей және
жанама) да, қылмысты менмендіктің да ойшылдық сәтінен ерекше бөлектенеді.
Қылмысты ұқыпсыздық кезінде адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті
зардаптарының туындайтын мүмкіндігін алдын ала болжай білмейді. Сонымен,
абайсыздығы кінәнің осы түрінің ойшылдық сәті кінәлінің санасында өз
әрекетінің (қылығының) қоғамға қауіпті екендігінің жоқ екендігімен
сипатталады. Мұның өзі - "минус" белгісіндегі ойшылдық сәт сияқты.
Сондықтан, бұл жағдайда кінәнің төркіні ойшылдық емес, еріктілік сәтпен
байланыстылығы арқасында қылмыстық-құқықтық бағасын ала алады.
Қылмысты немқұрайдылықпен еріктілік сәтінің заңдылық тұрғысындағы
анықтамасы объективті ("солай болуы керек") және субъективті ("солай
боларын болжауы керек еді") екі критериймен сабақтастырылады (бұл жерде
залалды зардаптардың туындауын алдын ала болжау ескеріледі). Теория мен сот
тәжірибесінде объективті критерий адамның заңда негізделген кәсіби
мәртебесімен, бірге тұрудың баршаға бірдей ережелерімен (бұл ережелер жеке
тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптар
туындайтындығын алдын ала болжай білетіндігін білдіреді) байланыстырылған.
Батысеуропалық заң әдебиеттерінде мұндай критерий "орташа адамның "
критерийі деп орынды аталған.мұндағы көзделген жағдай мынау: нақты адамның
алдын ала болжай білу мүмкіндігінің бар екендігі оның өзі істеген іс
-әрекетінің залалды зардаптарын болжай білуі ,мұндай жағдайларда "орташа
парасатты адам" осыған орай "орташа маман" ("орташа" дәрігерлер, "орташа"
электрик, "орташа инженер" және т.б.) ретінде алдын-ала болжай білгенде
мойынға алынады.
Дегенмен, тек қана объективті критерийді анықтау тиісті психикалық
қатынасты абайсызда жасалған кінәнің бір түрі ретіндегі қылмысты
ұқыпсыздыққа айналдыра алмайды. Ол үшін субъективті критерийді де міндетті
түрде анықтау талап етіледі. Бұл адамның нақты адамның жекелей мүмкіндігін
(егер ол үшін, айталық, нақты дәрігердің, инженердің, электриктің арнайы
біліктілігі қажет болса) білдіреді (сол жағдайды болжай білер едің
дегеніміз осы). Мұның астарында жеке тұлға өзінің мінезі, біліктілігі
арқасында қылмысты зардаптарға киліктірген қоғамға қауіпті іс-әрекетінің
залалды нәтижелерге соқтырарын алдын ала білді деген тұжырым жатыр.
З. және К. кінәні ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі
өлтіргендіктері үшін сотталған болатын. Тап сол күні шаруашылықтағы
жұмысшылар тобы шөп дайындаған еді. С. қалаға баратын болып ағаш көпір
арқылы машинаға қарай кетіп бара жатқанда бригада жұмысшылары К. мен З.
деревнядағы дәстүр бойынша С. –ны өзенге шомылдырып алмақ болады. С. біраз
уақыт өзенде жүзіп жүріп, ақырында суға батып кетеді. ҚР Жоғарғы Сотының
қылмысты істер жөніндегі Сот алқасы сотталғандардың әрекеттерінен абайсызда
кісі өлтіру құрамын тапқан. З. мен С. алдын ала тергеу кезінде және сот
үстінде С.-ны өзенге қалжың ретінде шомылдыра салайық деп едік, қасақана
өлтіру ойымызда болған жоқ, оқиға бұлайша қайғылы аяқталады деп ойлаған жоқ
едік деген түсінік береді. Сотталғандардың және куәлардың жауаптарына
қарағанда, С. оны суға итеріп жібергеннен кейін су бетіне шығып, одан тік
тұрады да, содан соң ағынның ыңғайымен жүзіп кете барады. З. оның соңынан
"Яковлевич, көпірдің астына қарай жүзіңдер деп айғай салады, өйткені жерден
жағалауға шығуға болады екен. Істің материалдарына қарағанда, З. К.-ге
көпірде тұрған Г.-ны да суға шомылдыруға ұсыныс жасады, содан олар әлгіндей
әрекет жасаймыз дегендей, Г. өзенге өзі секірген. Жоғарғы Сот біздің
пікірімізше, З. К.-ның қылығына, олардың кісі өлтіреміз деген ниетінің жоқ
болғандығына әділ баға берген. К. және З. С.-ны суға итеріп жібергенде
олардың әрекеттері әсерінен ол қаза табады деп алдын ала болжамаған. Бірақ,
әлгілер мұндай жағдайды олардың әрекеттері әсерінен көрсетілген
зардаптардың туындауы мүмкін екенін болжай білуге тиісті болса да ол қаза
табады деп алдын ала болжам алады. Мұндай жағдайларды сотталғандардың
әрекеттері қасақана кісі өлтіру емес, абайсыздан кісі өлтіру деп
дәрежелеген жөн".
Қылмысты ұқыпсыздықтан жолайы жағдай дейтінді, яғни залалды кінәсіз
тигізіп алу дегенді де ажырата білген дұрыс. ҚР ҚК-не сәйкес, егер әрекет
жасаған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін
ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық
қауіпті зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің
мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін
болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
Мысалы, алдын ала тексеру органдары Л.-ға С.-ны мынадай жағдайларда
абайсызда өлтіріп алған деп кінә таққан. Кәмелетке толмаған Л. , М. ,З. ,Х.
, және С. аңшылардың қысқы тұрағына келеді. Кешкі дем кезінде олар бір
бөтелке шарап ішеді-дағы, әлгі тұрақтың маңайындағы бос бөтелкелерді қолдан
жасалған пистолеттен атқылай бастайды. С. ,Х. , және Р. бірнеше рет
атқаннан кейін қысқы тұрақтарына қайтып келеді де, екі қабат полиэтиленмен
тартылған терезенің алдында тұрған үстелдің жанына жайғасады, ал әлгі М.
және З. атқылауларын тоқтатпайды.
Сағат 18-дің маңайында кеш түсе бастаған кезде Л. өзі қызу жағдайда
(көзі көріңкіремейтіні және бар) пистолетті оқтап алып қыстаудың маңайынан
атуға оңтайлы ірірек нысана іздеп, оқ атқысы келеді. Л. қыстаудың маңынан
жүгіріп өте бергенде сүрініп кетеді де, құлап бара жатып өзінен-өзі
пистолеттің шүріппесін басып қалады. Сөйткенде оқ атылады да, қарсы тұрған
қыстаудың терезесі жанында отырған С.-ға тиеді. Ол төсінен жеңіл жарақат
алады да, ақыры ауруы асқынып, қайтыс болады.
Аудандық халық соты Л.-ны оның әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқтығына
байланысты абайсызда кісі өлтіріп алған деп ақтайды. Кассациялық және
қадағалау тұрысында үкім өзгеріссіз қалдырылған. ҚР бас прокурорының
орынбасары бұған қарсылық білдіріп, соттардың барлық шешімдерін өзгертіп
істі қайтадан сотта қарау жөнінде мәселе қойған және былай деп атап
көрсеткен: Л. өз әрекеттерінің зардаптарын алдын ала болжай алған жоқ,
бірақ істің жағдайларына қарағанда ол әлгі зардаптардың туындауын болжауы
керек еді. ҚР Жоғарғы Сотының Сот алқасы бұл қарсылықты қабылдамай, мына
жағдайларды көлденең тартады. Сот қарастырылған дәлелдемелердің негізінде
мынадай дұрыс шешімге келген: Л. оқтаулы пистолетпен қыстаудың жанынан
жүгіріп өте бергенде (пистолеттің аузы төмен қарап тұрған) шелекке сүрініп
кетіп, құлай бергенде, қолдарын сермеп қалып, оның үстіне шүріппені еріксіз
басып қалатынын әрі оқтың қыстаудың терезесіне қарай атылып, одан С.-ның
кейін қайтыс болатынын болжамаған және болжап білуі мүмкін де болмаған.
Сондықтан сот Л.-ның әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп дұрыс шешімге
келген және ол жөнінде ақтайтын үкім шығарылған.
Бұл жағдай қылмысты немқұрйдылықтың екі критериінің де (объективті және
субъективті) , немесе осылардың біреуінің жоқ екендігімен сипатталады.
Одағай жағдайдың (казус) кінәден айырмашылығы - оны жеке тұлғаның өзі
істегеніне психикалық қатынасы ретінде емес (ол жоқ) , адамның өз
істегенінің қоғамға қауіпті екендігін білмейтін (түйсінбейтін) ерекше
психикалық жағдайы деп есептеген ләзім.
___________________________________ ___________________
Қылмыстық құқық. Алматы 2004. Әбілезов.Е.Т. ,Рахметов.С.М.
ҚР ҚК 223-бабының 2-бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін
қарастырады. Егер әрекет жасаған адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қоғамдық қауіпті зардаптарының пайда болуы мүмкін екенін алдын ала біле
тұра, оларды болғызбауға не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің
қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық
ауырпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де,
әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Бұл қисындаманы заң шығарушы
қылмысты кодекстің теориялық үлгісінен алған (бұл қисындаманың авторы Р. И.
Михеев болып табылады). Бұл ереже субъективті міндет жүктеу қағидасын
дамыта түседі-оған сәйкес әрекет жасаушы адам экстремалдық жағдайлармен
жүйке-психикалық ауырпалықтарға орай тек мынадай жағдайда ғана кінәлі деп
танылуы мүмкін: ол үшін оның субъективтік қасиеттері объективтік
талаптарына сәйкес келуі және тұлға өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің)
қоғамға қауіпті зардаптарын алдын ала білуі не білмеуі, бірақ өзінің
субъективті-жеке қасиеттеріне қарай алдын алып, болдырмауы керек.
Р.И.Михеев бұл жалпы ережені қоғамдық қауіпті зардаптар әрекет істеген
адамның кінәсінен туындауы жағдайларына таратпайды (мәселен,оның өзінің
психико-физиологиялық кемістіктерін жасыруы, тиісті қызметке әрқилы айламен
жетуі, сондай-ақ өзін-өзі ішімдік, есірткі т.б. қабылдау арқылы белгілі бір
жағдайға жеткізуі және т.б.).
Жазықсыз зиян келтірудің түріне көбінесе техниканы басқару саласында
жүрген адамдар килігіп жатады. Бұл да төтенше жағдайлар және де жүйке-
психикалық ауыртпалықтарға байланысты. Мәселен, мұндай жағдайлар алдынғы
сапардан демалмай жатып, келесісіне шығуға мәжбүр болатын ұшқыштарға, ауыр
жүк таситын мәшинелердің жүргізушілеріне, кейде толайым ауыртпалықпен еңбек
етулеріне тура келетін әуе және темір жол диспетчерлеріне қоғамдық қауіпті
зардартардын туындайтының алдын ала білсе де, жоғарда көрсетілген
себептерге байланысты ондай зардаптардың алдын алуға шамалары келмей қалуы
ғажап емес.
___________________________________ _______
Қылмыстық құқық. Астана 2004. Дулатбеков.Н.О.
I.2.Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс
Кей жағдайларда (олардың ауқымы онша көпте емес) заң шығарушы қылмыс
құрамын былайша құрастырады ондайда кінаның екі нысанымен анықтауға
тура келеді. Кінәнің бір түрі-жеке тұлға жасаған қоғамдық қауіпті іс-
әрекетке (әрекет немесе әрекетсіздік) қатысты кінә да, және жеке тұратыны-
осы әрекеттің нәтижесінде туындаған қоғамға зардаптарға қатысты кінә.
Мұндай ереже негізгі құрамды құрастыратын (кінәні ауырлататын мән-
жайларсыз) қылмыс тек қана қасақана жасалғандағы (тікелей немесе жанама
ниетпен) жағдайлармен шектеледі, ал сол қылмыстың дәрежеленген құрамын
(кінәні ауырлататын мән-жайлармен) құрастырылған зардаптарға психикалық
қатынас тек қана абайсыздық (алаңғасарлық немесе ұқыпсыздық) түрінде
орыналуы мүмкін. Ондай құрамдардың мәселесі ретінде ҚР ҚК қарастырылған
қылмыстарды айтуға болады. Бірінші жағдайда денсаулыққа қасақана ауыр
зардап тигізіліп, осының салдарынаң абайсызда жәбірленушінің өліп кетуі сөз
болады. Бұл жағдайда кінәлі психикалық қатынас денсаулыққа ауыр зардап
тигізілгенде және осының салдарынаң жәбірленуші мерт болғанда (тек
алаңғасарлық немесе ұқыпсыздық түріндегі абайсыздықта) екіге бөлінгендей
болады (тікелей және жанама қасақаналық). Екінші жағдайда кінә заңсыз аборт
жасағанда және осының салдарынан жәбірленушінің өліп кетуі немесе
денсаулығына ауыр зардап келуіне жеке-жеке айқындалады .әрекетке деген
(аборт жасау) психикалық қатынас тек қасақаналық (бұл қасақаналықтың
ерекшелігіне орай-тек тікелей), ал жәбірленушінің өлімі немесе оның
денсаулығына ауыр зардапқа-абайсыздық түрінде (алаңғасарлық әйтпесе
ұқыпсыздық) көрініс береді.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмысқа жауаптылықтын ерекшеліктері ҚР
ҚК-де "Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң
жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қойылмаған ауыр зардаптар
келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың
пайда болатынын білсе, бірақ осыған жеткіліксіз негіздерсіз олардың
болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың
пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және
болжай алатын жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс
қасақана жасалған деп танылады".
Кейде қылмыстық құқық территориясында кінәнің екі нысанымен жасалған
қылмыстар аралас кінәмен жасалған қылмыстар деп те аталатыны бар. Бірақ,
бұл атау дәл атау емес келтірілген жағдайда қасақана және абайсыздағы
кінәлар еш жағдайда да араласпайды.
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстарды ерекшелеу қылмыстары
дәрежелеу, және де, әсіресе кейбір шектес құрамдардың жігін айыру үшін
қажет. Мәселен денсаулыққа ауыр зардап тигізетін, аяғы жәбірленушінің
өліміне әкеліп соққандағы кінәнің екі нысаны қылмыстың бұл құрамы бір
жағынан қасақана кісі өлтіруден, екінші жағынан абайсызда кісі өлтіруден
жігін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл құрам қасақана кісі өлтіруден
жәбірленушінің өлімі туындауына психикалық қатынаспен ерекшеленеді:
қасақана кісі өлтіру кезінде - өлім әкелуге деген қасақаналық . Ал
денсаулыққа ауыр зардап тигізетін қасақаналық кезінде өлімнің абайсызда
болатыны дау туғызбайды. Абайсызда кісі өлтіріп алудан бұл құрам
қасақаналықтың денсаулыққа зардап әкелуге бағытталғандығымен ерекшеленеді
(мұндай жағдай абайсызда кісі өлтіріп алғанда орын алады ). Сонымен қатар
мынаны атап өту керек: сайып келгенде кінәнің екі нысанымен жасалған
қылмыста бірегей бағасын алғаны жөн, яғни, жалпы алғанда қылмыс қасақана
немесе абайсызда жасалған ба, осыны анықтау жөн. Бұл мысалы, қылмысты
ерекше ауыр қылмыстар санатына жатқызу қажет (ҚР ҚК-не сәйкес мұндай
қылмыстар қатарына тек қана қасақана жасалған қылмыстар жатады, әрі олар
үшін заң он жылдан астам бас бостандығынан айыру немесе одан ауыр жазаларды
қарастырады). Бұл жағдайда қылмысты жалпы алғанда абайсызда жасалған қылмыс
деп сипаттайтын кінәнің түрін анықтау үшін, негізгі жеке тұлғаның қылмыстың
негізгі құрамын құрастыратын (кінәні ауырлататын мән-жайсыз). Өзі жасаған
қоғамға қауіпті іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) дегені
психикалық қатынасы ғана алынады.
Бұл жағдай, сондай-ақ қылмыстың қайталануын және қайталауының аса
қауіпті түрін анықтау , қылмысты аяқталмаған қылмыс деп тану мәселесін шешу
, қылмысқа қоса қатысу , шартты түрде соттауды өзгерту мәселені шешу ,
шартты түрде мерзімінен бостау .
I.3.Қылмыстың себебі мен мақсаты.
Себеп (сөздің латынша түбірі-moveo-"қозғаймын" дегенді білдіреді)-
қылмысты мінез-құлықтың қозғаушы себебі. Қылмыс (психологиялық тұрғыдан
алғанда) адам іс-әрекетінің жеке түрі. Сондықтан қылмыс себебінің қылмыстық-
құқықтық ұғымы себептің жалпы психологияда берілетің анықтамасына сүйенгені
жөн. Психологиялық ғылымға келер болсақ, себеп ретінде жеке тұлғаның
белсенділігі, адамның қылығы негізінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz