Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары 6
1.2 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері 9
1.3 Мемлекеттің пайда болу теориялары 12
2 ҚАЗАҚCТАНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы 17
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының 30.09.95 жылғы республикалық референдумда қабылданған Конституциясы, 07.10.98 жылы №284-I Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.
2. Баянов Е. “Мемлекет және құқық негіздері”. “Жеті жарғы” баспасы, Алматы, 2001 жыл.
3. Ибраева А., Ибраева Н. “Теория государства и права”. “Жеті жарғы ” баспасы, Алматы, 2000 жыл.
4. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. “Мемлекет және құқық теориясы”. “Эверо” баспасы, Алматы, 2004 жыл.
5. Сапарғалиев Ғ. “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi”. “Атамұра” баспасы, Алматы, 2003 жыл.
6. Сапарғалиев Қ., Ибраева А. “Мемлекет және құқық теориясы”. “Жеті жарғы” баспасы, Алматы, 1998,2004 жыл.
7. Малько А. В. “Теория государства и права”. “Юрист” баспасы, Москва, 2000 жыл.
8. Хропанюк В. Н. «Теория государства и права». «Интерстиль» баспасы, Москва, 1997 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Академик Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті
Тарих және заң факультеті
Юриспруденция кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы

мамандық шифры оқу нысаны топ
050301 күндізгі Ю-06-қ

Авторы: Тугумбаева Т.Қ. ____________

Жетекші: Баймульдина Г.Б. ____________

Петропавл, 2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
6
1.2 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері 9
1.3 Мемлекеттің пайда болу теориялары
12
2 ҚАЗАҚCТАНДА МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
17
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері
19
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

КІРІСПЕ

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда
әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын,
оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз
кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да
қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды
институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен
негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының
мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал
ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген
теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі
саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып
қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды,
әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік
генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа
ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен
қоңсы қонып жатады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық
объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын
ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар,
ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе
олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі
керек болды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және
өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе
алатын. Олар, негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтық (қағанат,
халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның
мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік
етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен
тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал
қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда
болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу пәні: мемлекет пен құқықтың даму процесі
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта мемлекет пен құқықтың
пайда болу ерекшеліктерін қарастыру және қазіргі заманғы құқық ұғымы мен
белгілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де
мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы сипаттамасына бағытталған
бірінші бөлімнен, Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуына
бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының
алғы шарттары

Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету
салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын
ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік
деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп
шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-
әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалыптасуына мүмкіндік жасай алмады:
ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек — қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның
мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар
ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек
болды:
- сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік
беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ
шаруашылығы жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым
мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;
- туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы
мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық
көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы
керек.
Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі
мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы
жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық
міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды
сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық
қоғамдық міндеттердің ақылсыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес
және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын
атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-
қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру
ұйымы білген емес [4,б.49].
Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы
ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ — ол небәрі осы
жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше
фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де
кездестіруге болады. Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің
шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен
бірдей негізде жүргізілді.
Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер
оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында
болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен-күнге өндіргіш күштер
жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды
жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар,
мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан,
ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар
қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артынан қалуы
ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының
негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір
өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы
кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар
тайпасынан бөлініп шығуы; қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; көпестер
тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.
Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан
тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне
жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген
жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға — мемлекетке жол беруі керек болды
[4,б.52].
Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа
шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды.
Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың
сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген
институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты
жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы
басқасымен алмастырылды.
Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери
басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап,
қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын,
функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды.
Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан алуан,
антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-
бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы,
апробациялануы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.
Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының
өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың — объективті және субъективті,
ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі—жиынтығы мемлекеттің пайда
болуына алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық
келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.

2. Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері

Әр халықтың нақтылы-тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық
жүйесінің ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға
әсер етей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан
жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің
нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме
етудің өзі артық. Жалпы түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және
шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі модельдің бір-бірінен елеулі
айырмашылығы бар.
Батыстық модель туралы Ф. Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығу тегі деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық
және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың
әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.
Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын
ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинаның тәжірибесі ерекше қызығушылық
туғызады; мұнда мемлекет, Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда, тікелей рулық
қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-қайшылықтардан пайда болған.
Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала
анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін
алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және
тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды.
Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу, тайпааралық қайшылықтар және соғыс)
бұл жерде елеулі әсері болған жоқ; олар экономикалық және әлеуметтік-таптық
факторлардың басымдық роліне көлеңке түсіре алған жоқ.
Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық
қоғамда біртіндеп келімсектер (плебстер) көбейе берді де, римдіктер оларға
араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір тұйық аристократияға айналды.
Римге келіп жатқан плебстердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс
көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын
туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі. Күрестің
нәтижесі плебстердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен аяқталды
[6,б.149].
Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал
етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы
Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим
империясынан көп аумақты жаулап алған олар басқаруды соңғы болып
ұйымдастыруы, олардың өздеріне сөзсіз бағынуын, алым-салық пен басқа да
төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап
отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдары бұл міндеттерді шешуге
бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлекет құру
қажеттігі туды.
Әрине, жоғарыда аталған фактор (бөтен аумақты жаулап алу және оларды
басқарудың қажеттігі) өзінен-өзі емес, басқа да бірқатар ішкі факторлармен
(қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы, герман
жұртшылығының байлар мен кедейлер болып бөлініп, жіктелуі) бірлесіп әрекет
етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен жеделдеткіштің
ролін атқарды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілерге
азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да
табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы
массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа
да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды.
Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын
еді; бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар,
мемлекет деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді.
Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді,
ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланылып жүргеніне
қарамастан жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне
жататын елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады.
Мемлекеттің ролінің артуына байланысты кездескен объективті
қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік көбінесе деспоттық бағытты ұстанды.
Ол мәжбүрлеу-жазалау аппаратына, қарулы күштерге, бюрократиялық
шенеуліктікке сүйенді, бұлардың алдында кез келген адам өзін құқықсыз
сезінетін, олардың тағдыры түгелімен мемлекетке тәуелді еді, заң жүзінде
де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және
екіжүзділік билік жұмыс өзінің ізін қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сырлы
әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды: басқа елдермен ақпараттар
алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір режим өз бетінше, ешкіммен
араласпай әрекет етті, кейде жалпы прогресте де хабардар болмайтын еді
[6,б.150].

3. Мемлекеттің пайда болу теориялары

Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы
қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар
мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір
бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса
олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың
мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз,
олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр
түрлі. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің
жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық
шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын
түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі
ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау
жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың
адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор
[2,б.123].
Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең
ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар
мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары
мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы
бойынша, құдай адамдарды жаратқанда оларды қоғамға және мемлекетке
біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны
ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті
өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де
көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып
түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі
аналогы саналды.
Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік
биліктің отбасы әкесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді.
Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады
және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста
отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады. Әсіресе,
әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған
сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың
отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда, оның
ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы
әкесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу — міне
осының бәрі патернализмнің осал жері еді [2,б.132].
Белгілі бір мөлшерде оған бір жақтан—мемлекеттік құрылым, екінші
жағынан—тірі организмнің (атап айтқанда — адамның) арасында параллель
жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің
басы, денесі, қолы және т.б. дене мүшелері болатыны және олардың
әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір
мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік
құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара
матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап,
бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздерінше бір бірлік
құрады. Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторға акцент жасаған
ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің
ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты,
адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды. Одан әлдеқайда кейін пайда
болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардың
пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам өзінің тіршілік
етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер организм (мемлекет)
жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері де сау болады деген
ойды түйіндейді [ 2,б.134].
Бастауында Г. Гроций, Д. Локк, П. Гольбах, Ж. Ж. Руссо, А.Н.Радищев
секілді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас
Мемлекет және құқықтың пайда болу
Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Мүліктік емес жеке құқықтар
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
Пәндер