Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 Нарықтық экономиканың мазмұны мен мәні
1.1 Нарықтық экономиканың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Нарық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты
2.1 Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Жұмыссыздық және оның шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік . экономикалық саясатты қолдау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Кіріспе
Нарықтық экономика құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы — нарықтық эко-номиканың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне бі-лудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұр-лым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білу-дің маңызы зор.
Экономика адамзат қоғамының тарихын даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында, ал-дымен адамдар еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайдаланыс болуына сәйкес тайпалар арасында тіке-лей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономика-да тауар – ақша қатынасы пайда болды.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланым-дарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өн-дірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттан-дыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қар-жының мән-мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстарын мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қар-жының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мем-лекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфералары-ның сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъек-тілері болып табылады.
Экономикалық саясат дегеніміз, ол белгіленген бір мақсаттарды анық-тау және оларды іске асыру. Қоғамның дамуына көптеген міндеттер мен мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар-ды шешудің алғы шарты, оларды алдын-ала анықтап бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелердің мынадай шешу тәртібі ұсынылады. Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсаты анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты қоғамның тұрмыстық дең-гейін максималдау деп анықталады.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер шы-ғады. Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады.
Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функцияларын мақсат-тық қызметтері ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынандай әдістемелік жағдайға назар аудару жөн болады, әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық байланыста болады. Бұл жерде төменгі деңгейдегі міндет-терді орындау түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен жолы.
Еркіндік ұғымын бірқалыпты түрде сипаттап беру мүмкін емес. Мұн-да көп нәрсе қоғам топтарының мүдделеріне байланысты. Бұл ұғымның мазмұнын философиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретін-де тұтас қарастырып анықтауға болады. Қоғамда жеке адамның еркінділігі қаншама жоғары бағаланатын болса, соншама мемлекетте экономикалық еркіндік маңызды даму факторы ретінде қабылданады. Осыдан «нарықтық экономиканың дамуына мемлекеттің кез-келген араласуы экономикалық еркіндікті шектейді», – деген пікір қалыптасқан. Экономикада еркіндіктің нақты деңгейі әрбір кезде саяси ымыраға келудің нәтижесі ретінде көріне-ді. Экономикалық еркіндік туралы түсінік әр елде, ондағы қалыптасқан экономикалық жағдайға және экономикалық мүмкіншілікке байланысты. Экономикалық еркіндік құқығы заң түрінде анықталғанымен, оның нақты іске асуы үшін экономикалық мүмкіншілік және жағдай қажет болады. Ер-кіндіктің экономикалық мүмкіншілігі жеке адамның қолындағы ресурсына байланысты келеді, немесе мемлекеттің экономикалық мүмкіншілігіне ке-
Әдебиеттер тізімі
1.Саяси экономия - Алматы, Ана тілі, 1991 ж.,
2.Қазіргі заманғы нарық: табиғаты және дамуы , МГУ, 1992 ж, 81 б.)
3. Экономическая теория. Под ред. В.Д. Камаева. М.:1999.
4. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995
5.Мировая экономика. М. 2005 г.
6. Булатов Р. Экономика. М. 2005 г.
7.Сахариев С. Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.
8.Сахариев С. Жаңа кезең экономикасы. Алматы, 2005 ж.
9.Шеденов Г. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 2005 ж.
10.Мәуленова Г. Экономика. Алматы, 2005 ж.
11.Осипова О. Экономикалық теория. Алматы, 2005 г.
12.Экономика. М., 2005 г.
13.Әлем экономикасы. Алматы, 2006 ж.
14. Жүнісов. Б «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994
15. Исқалиев М. Д. Экономикалық теория негіздері (оқу құралы) Алматы: “Ақыл кітабы”, 1998. – б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1 Нарықтық экономиканың мазмұны мен мәні
1.1 Нарықтық экономиканың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Нарық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...12

2 Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты
2.1 Еңбек нарығы және оның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ...17
2.2 Жұмыссыздық және оның шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік - экономикалық саясатты
қолдау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...36

Кіріспе
Нарықтық экономика құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор рол атқарады. Қаржы — нарықтық эко-номиканың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне бі-лудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұр-лым толық және ұтымды
пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білу-дің маңызы зор.
Экономика адамзат қоғамының тарихын даму сатыларында ерекше орын алады.
Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі
қажет. Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында, ал-дымен адамдар еңбекке
қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім
пайдаланыс болуына сәйкес тайпалар арасында тіке-лей өнім айырбасы,
кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономика-да тауар – ақша қатынасы
пайда болды.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланым-дарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өн-дірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттан-дыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қар-жының мән-
мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстарын мен мақсатты ақша қорлары,
олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қар-жының объектісі, ал
қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мем-лекетті қоса алғанда
қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфералары-ның сан алуан
шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъек-тілері болып табылады.
Экономикалық саясат дегеніміз, ол белгіленген бір мақсаттарды анық-тау
және оларды іске асыру. Қоғамның дамуына көптеген міндеттер мен мәселелерді
қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемалар-ды шешудің алғы
шарты, оларды алдын-ала анықтап бір жүйеге түсіру. Ғылымда мәселелердің
мынадай шешу тәртібі ұсынылады. Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық
дамудың түпкі мақсаты анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі
мақсаты қоғамның тұрмыстық дең-гейін максималдау деп анықталады.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтау деңгейіндегі міндеттер шы-
ғады. Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады.
Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функцияларын мақсат-тық
қызметтері ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынандай әдістемелік жағдайға
назар аудару жөн болады, әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық
байланыста болады. Бұл жерде төменгі деңгейдегі міндет-терді орындау
түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің әдісі мен
жолы.
Еркіндік ұғымын бірқалыпты түрде сипаттап беру мүмкін емес. Мұн-да көп
нәрсе қоғам топтарының мүдделеріне байланысты. Бұл ұғымның мазмұнын
философиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретін-де тұтас
қарастырып анықтауға болады. Қоғамда жеке адамның еркінділігі қаншама
жоғары бағаланатын болса, соншама мемлекетте экономикалық еркіндік маңызды
даму факторы ретінде қабылданады. Осыдан нарықтық экономиканың дамуына
мемлекеттің кез-келген араласуы экономикалық еркіндікті шектейді, – деген
пікір қалыптасқан. Экономикада еркіндіктің нақты деңгейі әрбір кезде саяси
ымыраға келудің нәтижесі ретінде көріне-ді. Экономикалық еркіндік туралы
түсінік әр елде, ондағы қалыптасқан экономикалық жағдайға және экономикалық
мүмкіншілікке байланысты. Экономикалық еркіндік құқығы заң түрінде
анықталғанымен, оның нақты іске асуы үшін экономикалық мүмкіншілік және
жағдай қажет болады. Ер-кіндіктің экономикалық мүмкіншілігі жеке адамның
қолындағы ресурсына байланысты келеді, немесе мемлекеттің экономикалық
мүмкіншілігіне ке-ліп тіреледі.
1 Нарықтық экономиканың мазмұны мен мәні
1.1 Нарықтық экономиканың мәні
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен жеке
адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық
механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал
бұл меншіктің алуан түрлі формалары жеке әртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін, мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары
да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе
банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады.
Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат
ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан
мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқын
реттеп отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді.
Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.
Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу,
бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем
ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың
қысымын жұмсартады. Мұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты
саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пай-далануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін анық жаңа бағыттарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-
техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен
бірлестіктердін қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-
соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну
қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне
негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми
зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің
идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың
маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан
ғылыми-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы эконо-микалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысгы қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарды өткізуге байланысты
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып
табылады. Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жсткілікті түрде
дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ
нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық
қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және
сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша нарықтық байланыстар
сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті
болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға
айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда
болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты
маңызды қасиеттерімен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар
айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән
қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың
экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты
әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушы-лардың арасында болатын экономикалық
байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.

Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен
қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы тұтынушылардың,
тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып
отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-
теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық
серіктестерінің қатынас субьектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді.
Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы
өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен
тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары
бәсеке өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық
байланыс-тардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз
өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар
өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс
экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен
тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық
субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның
мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

1.2 Нарық құрылымы
Адамдардың әрекет ету ортасына (өндірістік, әлеуметтік, қаржы рухани)
және сатып алу, сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде
бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық
нарықтың жеке мемлекеттерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және
өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес
(әлеуметтік) салалар-өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші
нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең
құрылым жасау факторы - нарық қатынастары объектілерінің экономикалық
бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары,
тұтыну және қызмет көрсету, қаржы (бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал)
еңбек ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып
бөлінеді.
Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі – оның инфрақұрылымы.
Ол нарықтың даму және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін
институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді
Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек
биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер,
коммерциялық банктер, көтерме сара орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер
жатады.
Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі-жоғары
талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс
құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен
шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің елміздің ішінде, көптеген
әдеттегі шаруашылық байланыстар, жолдардың болмауынан және әртүрлі көлік
құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен
жеткілікті түрде өткізілмей отыр. Байланыс құралдарынсыз, қажетті
ақпараттық құрылымдарды да құру мүмкін емес. Нарықты экономика, қалааралық
және халықаралық байланысты, телефаксты, автоматты жүйелерді және байланыс
саласындағы басқа да ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды дамыған
жақсартатын, жаңа техникалық негізде қайта құрылған байланыс жүйесін талап
етеді.

Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары
мен нысандарын іздеуді, едәуір жеңілдетеді. Мұндай инфрақұрылым әртүрлі
субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін
сонымен бірге Кұрылтайшылардың қаржыларында тарта отырып құрылады.
Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы
пропорция және осы салалар бүкіл ұдайы өндіріс процестің дамуының
объективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында
ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.

Қазақстанның "Дағдарысқа қарсы шұғыл және әлеуметтік-эконо-микалық
реформаларды тереңдету бағдарламасында" нарықтық инфрақұ-рылымның
инвестиция мен қорлары және холдингілері, сақтандыру компаниялары мен
қорлары, аудиторлық фирмалар, консультация орталықтары мен фирмалар, сауда-
өнеркәсіп палаталары, көлік-экспедиция, заң, консалтинг орталықтары мен
фирмалары сияқты қызмет салаларын ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл
құрамалар бәсеке негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге алуан түрлі
қызмет көрсету нарығын қалыптастырмақ.
Нарықтық экономиканың субьектілері
Нарықты экономиканы негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы,
фирмалар (кәсіпорындар) және үкімет жатады. Бұл субьектілердің бәрі
ресурстар, қаржы және тұтыну нарықтарында бір-бірімен өзара әрекет етеді,
сөйтіп көрсетілгендей шығындар мен табыстардың айналып жүруін құрайды.
Үй шаруашылығы, материалдық (жер және капитал) және адам (еңбек және
іскерлік) ресурстарын өткізе отырып, оларды фирмаларға ресурстар нарығы
арқылы ұсынады. Фирмалар тауарлар өндіру үшін қажетті ресурстарға сұранымды
қояды. Сұраным мен ұсыныстың өзара әсері ресурстардың әрбір түріне нарықтық
бағаны орнықтырады. Тұтыну нарығында үй шаруашылығы тауарларға сұранымын
жариялайды және ресурстарды сатудан түскен табысын қажетті өнімдер мен
қызметтерді сатып алу үшін жұмсайды, ал фирмалар өздерінің өнімін өткізе
отырып ақшалай табыс табады. Үй шаруашылығы өнім сатып алу үшін барлық
табысын пайдаланбай-ды, оның белгілі бір бөлігін қор жасауға, сонымен бірге
салық төлеуге және ресурс-тарды өтеуге жұмсай-ды. Фирмалар, өндіріс-тік
ресурстарды қосып және қимылға келтіре отырып өнім шығара-ды, қызмет
көрсетеді, сөйтіп тауарларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Ал оларды на-рықта
сату фирмалар-дың ақшалай табысын құрады. Фирмалар, үй шаруашылығы сияқты
тапқан табыстарын шығынмен ресурстар үшін ақы төлеуге пайдаланбайды оның
бір бөлігін салық төлеуге, қарыз процестін өтеуге, басқа бөлігін
инвестициялық мақсатқа жұмсайды. Табыстарын шығындардың айналып жүруіне
жалпы мемлекеттік деңгейден аймақтық деңгейге дейін елді басқару және
экономикалық реттеу қызметін атқаратын үкімет елеулі түрде әсер етеді.
Үкімет фирмалардан салық алады, жекелеген кәсіпорындарға жәрдем қаржы,
жәрдем ақша береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.
Сонымен бірге үкімет еңбекпен қамту саясатын жүргізеді, ұлттық өнімнің
динамикасына және құрылымына, инфлияция деңгейіне, табыстарды қайта бөлуге
әсер етеді. Салықтан түскен ақша құралдарын шоғырлай отырып, үкімет жалақы
төлейді, трансферттік төлемдер (мемлекеттік зейнетақы, табысы аз адамдарға
төленетін қаражат, жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша) жасайды және
экономиканың тиімді дамуы үшім мемлекеттік қызмет көрсетеді. Табыстар мен
шығындардың шеңбер айналымы барлық уақытта қозғалыста және баланстанған
жағдайда бо
лады, түптеп келгенде, ол өндірістің, табыстың және жұмыспен қамтудың
жалпы көлемін көрсетеді.

2 Нарық жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты
2.1 Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметтері
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған
еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді.
Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны
мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көзін
бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда
еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілденген ең қысқа күнелту
деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен,
шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты. Еңбек қатынастарын
реттеудің нормасы болып тарифтікі келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың
негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы,
жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-
шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив
тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең
төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік
факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және
жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдануды білдіреді.
1992 жылдан бастан экономиканың барлық салаларына бірыңғай тарифтік тор
енгізу керек туралы еңбекақыны төлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса
да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және
нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине, мұнымен барлық мәселе
шешіле қоймайды, сондықтан еңбектің мәртебесін көтеретін, мамандардың және
ғалымдардың бірлескен күштерінің көмегімен еңбекақының жолдарын дұрыс
анықтай аламыз.
Еңбекшілер табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын
бірыңғай тарифтік тор еңбекақы төлеу реформасының негізі болып табылады.
Осының нәтижесінде, оның базалық бөлігі болып, халық, шаруашылығының
саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады.
Еңбекақының екінші бөлігі (бонустар, өтемдік және тағы да басқа төлемдер)
ұйымдарда, кәсіпорындарда және салаларда балдық жүйемен бағаланатын,
разрядқа, біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге байланысты, жұмысшылардың
еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қабілеттіліктеріне және қолда бар
ақшалардың мөлшеріне байланысты төленеді.
1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық
шаруашылығындағы кызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.
Бірыңғай тарифтік тордағы бірінші разрядтағы жұмысшылардан бастап,
басшылардан аяқталады, қызметкерлерінің разрядтарының тарифтік
коэффициенттерінің мәтіні көрсетіледі.

Еңбекақы төлеудің Тарифтік
разрядтары коэффициенттер
1 1,0
2 1,07
3 1,15
4 1,24
5 1,33
6 1,43
7 1,54
8 1,66
9 1,78
10 1,91
11 2,05
12 2,20
13 2,37
14 2,55
15 2,74
16 2,95
17 3,17
18 3,41
19 3,67
20 3,94
21 4,24

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд
халық шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге таратылады. 21
тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нысанына, меншік нысанына және
бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
♦ 1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлем;
♦ 6-15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;
♦ 4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;
♦ 7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар
♦ 10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің,
функционалдық қызметтердің басшылары;
♦ 9-21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.
Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек
процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң,
жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің
еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін,
міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік
коэффициенттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің
еңбекақысындағы ара-қатынастардың мәтінін көрсетеді.
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттердің абсолюттік және салыстырмалы
өсуі, разрядтардың саны және диапазон (ауқым) жатады.
Қазақстанда экономикалық реформаны жүргізу кезінде, кәсіпорын-дарға
еңбекақы төлемдерін өздері еркін реттеген. Мемлекеттің бюджет саласындағы
қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша бірыңғай тарифтік тор көрсетілген.
Еңбекақы күрделі еңбекті жақсы ынталандыру үшін, кәсіпорындарда
жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, қызметкердің
біліктілігі және еңбекақының деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды
орнатқан.
Сонымен Қазақстанның қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және
жоспарлаудың сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл аударылуы қажет:
■ Кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
■ Кәсіпорынның кадрлық саясатының есебі;
■ Мамандыққа байланысты қызметкерлердің, арасындағы, облыстар, аймақтар
арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі;
■ Кәсіподақтардың бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;
■ Байланыс саласындағы кәсіпорындардың саясаттары және т.б.
Кәсіпорындарды еңбекақыны төлеуді оңтайлы ұйымдастыру қызметкерлердің
қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельділігін
және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге кабілеттілігін
қамтуға мүмкіндік береді.
Еңбекақы төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының мақсаты — кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің, нәтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен
еңбекақы төлеу шамасының арасындағы сәйкестілікті қамтамасыз ету, яғни
тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту.
Көптеген қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұйымдас-тыруының
негізіне мынадай басты қағидалар тиісті:
♦ Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
♦ Кәсіпорынның салалық және аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына,
қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
♦ Нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақы-ның өсу
қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі;
♦ Еңбек өнімділігі өсу қарқынының орташа, еңбекақының өсу қарқынынан
артып кетуі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"
Заңы 2000 жылдық 1 қаңтарынан бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес,
жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбектік арақатынастары нормативтік құқықтық
актілермен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек
заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен
реттеледі.
Жеке еңбек шартының мазмұны
Жеке еңбек шартында:
■ Тараптардың реквизиттері:
Жұмыс беруші — заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері, жұмыс
беруші заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен
уақыты;
Жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші жеке
тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, басын
куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні;
Қызметкердің есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген
күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі
(СТН);
♦ Еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық кәсіп бойынша жұмыс);
♦ Жеке еңбек шартының мерзімі;
♦ Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
♦ Еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын
немесе зиянды қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер
мен өтемақылар;
♦ Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
♦ Еңбекақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
♦ Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
♦ Қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
♦ Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
♦ Өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
♦ Тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
Еңбекақы
■ Жұмыс беруші осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес
еңбеккердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
■ Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке
ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке
және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
■ Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына,
күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасына арттыруға ма-
териалдық мүдделілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы
бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да
нысандары ендірілуі мүмкін.
❖ Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі жылдық шарттармен немесе
жұмыс берушінің актілермен белгіленеді.
❖ Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыс-тардың
белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар
кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының
біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған
анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды
белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге
біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен
жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалы-ғының және
қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес
жүргізеді.
Еңбекақының мөлшері
Еңбекақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан
Республикасының Заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем
болмауы керек.
Қызметтерді қоса атқару (қызмет көрсету аймақтарын кеңейту) және
жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезіндегі жалақы:

♦ Белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шартымен келісілген негізгі
жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе
уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты орындайтын
қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
♦ Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені)
немесе жұмысты уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін
қосымша ақылардың мөлшерін қызметкермен келісім бойынша жұмыс беруші
белгілейді.
Мерзімнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға
ақы төлеу. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу:
Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерінен кем
төленбейді.
Мереке және демалыс күндеріндегі еңбекақы екі еседен төмен
болмайтын мөлшерде төленеді.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Әлеуметтік саясат туралы
Астыртын экономика нарығы
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Нарықтағы еңбекақы
Қаржы менеджментінің теориялық негіздері
Құқық және экономика қайсысы маңыздырақ
Пәндер