Қоғамның әлеуметтік нормалары.



Жоспар

Кіріспе
1 бөлім. Қоғамның әлеуметтік нормалары.
1.1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі.нышандары.
1.2. Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні.
2 бөлім. Әлеуметтік нормалардың саралануы.
2.1. Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет.ғұрып нормалары.
Салт.дәстүр және саяси нормалар.
2.2. Құқықтық нормалар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.

«Әлеуметтік нормалар» тақырыбындағы курстық жұмыста, белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі, яғни нормалар ұғымы, сипаты және белгі-нышандары қарастырылған. Сонымен қатар норма түрлері, саралануы да кеңінен қаралады.
Курстық жүмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғамның әлеуметтік нормалары, олардың түсінігі, сипаттары мен түрлері ашып жазылды. Екінші бөлімде әлеуметтік нормалардың саралануы мен олардың түрлеріне анықтама беріліп, мысалдар қаралды. Ал, қорытынды бөлімінде жоғарыда жазылған бөлімдерге талдау жасалынды.
Әлеуметтік норма, оның ішінде азаматтық өмірде жие кездесетін әдет- ғұрып, діни нормаларды біз сияқты жастар көңілге тоқып, оқып, өмірде қолданып жүрсе, келеңсіз жағдайларға кездеспес еді деп ойлаймын. Сондықтан «Әлеуметтік нормалар» тақырыбына жазылған курстық жұмыс өмірде керекті тақырып болғандықтан, барынша ашып, мазмұнын, анықтамасын толық жазуға тырыстым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы 2004 жыл
2.Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2003 жыл.
3.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы 2003жыл.
4.Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы, 2003 жыл.
5.Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы,2003 жыл.
6.Жоламанов К.Д. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы: Эверо 2004.
7.Н.И.Матузов.А.В.Малько Теория государства и право .-Москва. Юристь 2005.
8.Т.Н.Радько.Теория государства и право.-Москва.Академический Проект 2005.
9.М.И.Абдулаев. Теория государства и право.-Питер 2003
10. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы А,98.
11. Қайрат Сапарғалиев Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi А, 94.
12. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А, 2000.
13. Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы,2008.
14. А. В. Малько Теория государства и права М., 2000, Юристъ.
15. Лзарев В.В Теория государства и права М,1992га.
16.Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы, 2001.
17.Баймаханов М.Т. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы, 2000 жыл.
18.Жоламан Қ.Д. Мұхтарова А.Қ. Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –Адматы: Эверо, 2004 жыл.
19.Табанов С.А Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы: Жеті Жарғы,2003.
20.Хропанюк В.Н. Теория государства и права.- Москва: Интерстиль, 1997 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 бөлім. Қоғамның әлеуметтік нормалары.

1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі-нышандары.

2. Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні.

2 бөлім. Әлеуметтік нормалардың саралануы.

2.1. Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрып нормалары.
Салт-дәстүр және саяси нормалар.
2.2. Құқықтық нормалар.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Әлеуметтік нормалар тақырыбындағы курстық жұмыста, белгілі бір
нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі, яғни
нормалар ұғымы, сипаты және белгі-нышандары қарастырылған. Сонымен қатар
норма түрлері, саралануы да кеңінен қаралады.
Курстық жүмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғамның әлеуметтік
нормалары, олардың түсінігі, сипаттары мен түрлері ашып жазылды. Екінші
бөлімде әлеуметтік нормалардың саралануы мен олардың түрлеріне анықтама
беріліп, мысалдар қаралды. Ал, қорытынды бөлімінде жоғарыда жазылған
бөлімдерге талдау жасалынды.

Әлеуметтік норма, оның ішінде азаматтық өмірде жие кездесетін әдет-
ғұрып, діни нормаларды біз сияқты жастар көңілге тоқып, оқып, өмірде
қолданып жүрсе, келеңсіз жағдайларға кездеспес еді деп ойлаймын. Сондықтан
Әлеуметтік нормалар тақырыбына жазылған курстық жұмыс өмірде керекті
тақырып болғандықтан, барынша ашып, мазмұнын, анықтамасын толық жазуға
тырыстым.

1. бөлім. Қоғамның әлеуметтік нормалары.

1. Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі-нышандары.

Өркениетте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде
қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады.
Соның ішінде: моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік,а
дамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып.
Норма - бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-
әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер
көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. [1]Барлық нормалар бір-бірімен
тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен
салыстырып отырады.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық
қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-
әрекеттерін реттейтін талаптар.
Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:
1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады мақсат, ой-
арман, рухани құндылық т.б.
2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын
тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3) қоғамдық ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.
Заң ғылымы қоғамдағы нормаларды екі үлкен топқа бөледі: әлеуметтік
және техникалық. Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар. Екі топтыңда өздеріне
тән ерекшеліктері, негіздері болады. Құқықтанушылар техникалық нормаларды
зерттеумен көп шұғылданбайды - бұл олардың қызметі емес. Олар тек өздерінің
мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және техникалық норманы
әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет. Бір - бірінің объективтік
критериялары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды. Техникалық норма
мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.
Әлеуметтік норма - адамдардың бір-бірінің, адамдардың бірлестіктермен
қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе, ал техникалық
нормалар адамдардың ішкі ортамен, табиғатпен, техникамен қарым-қатынастарын
реттейді. Бұл қарым-қатынас ״адам және машина, адам және еңбек құралы,
адам және өнеркәсіп типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың
ерекшелігі - екінші бір жағында жансыз заттар болады. Сондықтан оларды
жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады. Техникалық нормалар
ғылыми әдістерді, техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін
анықтап отырады. Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен,
заңдарымен салыстыруға болмайды. Біріншісі адамдар қолымен құрылса,
екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес. Әлеуметтік және техникалық
нормалар мазмұны, құрылымы жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді. Техникалық
норма мен әлеуметтік норманың ұқсастығы - екеуіде адамдардың қызметімен
тығыз байланысты, ал ерекшелігі - олардың зерттеу объектісі мен
тәсілдерінің әр түрлілігі.
Техникалық нормалардың арасында құқықтық актілермен бекітілетін,
осының арқасында заңды күшке ие болатын нормаларда бар. Оларды техникалық
құқық деп атауға болады. Бұл материалдық, өндірістік және басқару
сферасында (өрт қауіпсіздігінде, құрылыс жұмыстарында болатын ережелер,
қаруды пайдалануда) болатын ережелер. Кейде оны әлеуметтік норманың негізі
депте атайды. Мұндай нормалар өздерінің ұйымдастырушылық - техникалық
маңызын жоймай құқықтық норманың сапалы белгілерін алады. Олар мемлекетпен
шығарылады, оның еркіндігін білдіреді, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз
етіледі, арнайы нормативтік актілермен бекітіледі, реттеледі. Өздерінің
реттеуші қызметін басқа құқық нормаларымен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Әсіресе, бланкеттік нормамен тығыз байланысты. Басқа тұрмыстық салада
болатын техникалық нормалар құқық пен байланысты емес және бұзған жағдайда
жауаптылыққа тартылмайды (мысалы: әртүрлі тұрмыстық заттармен
теледидармен, тоңазтқышпен, магнитафонмен жұмыс жасағанда немесе дәрі ішу
ережесі).
Экологиялық жағдайларды және теңдікті бұзған кезде жауаптылық шаралары
қолданылады. Табиғи балансқа жасанды араласу, эволюциялық өсу адам өміріне
өте қауіпті. Ғылыми техникалық прогресс кезеңінде техникалық нормалардың
рөлі арта түсуде. Бұл нормаларды сақтау, сақтамаудың нәтижесі адам
денсаулығы мен тағдырына зор әсерін тигізеді. Осындай ережелерді сақтамау
салдарынан әртүрлі апаттар, авариялар, басқада жағдайлар болуы мүмкін. Жай
ғана бір қателік, немқұрайлылық, техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау
орны толмас өкінішке әкеледі. Бұл азаматтық салада да, әскери салада да
болады. Техника күрделенген сайын оны басқаруда күрделене түспек.
Енді адамдардың жануарларға: жабайы, үй жануарларына, жалпы жануарлар
әлеміне деген қарым-қатынасын реттейтін нормаларға тоқталып кетейік. Бұл
нормалардың көбі сәйкесінше актілерде бекітілген. Мысалы: итті, жылқыны
ұстау ережелерінде, аңға шығуға рұқсат ету және етпеу, асырау жағдайындағы
санитарлық ережелерінде көрініс табады. Бұл ережелер сақталмаған кезде
жауаптылық белгіленген. Бұл нормаларды қалай бөлуге болады? Техникалық
сипаттама ? Бірақ бұл жерде техника туралы сөз болып отырған жоқ қой.
Әлеуметтік сипаттама? Алайда жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
қоғамдық маңызға ие болсада, әлеуметтік емес. Мүмкін оларды типі бойынша,
табиғи – құқықтық норма деген жөн шығар.
Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің
ережелерін және олардың қарым-қатынастарын реттейтін кеңінен таралған құрал
болып табылады. Олар қоғамдық өмірді қатерден қорғап, қажетті бағытқа
бағыттайды. Әрине әлеуметтік нормалар құрамына құқықтық нормалар да кіреді.
Әлеуметтік норма – бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны
көрсететін объективті маңызды ереже. [2]Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда
әртүрлі заңдылықта көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар
норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар қоғамымен,
әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді. Біреулері уақыты келгенде жойылады,
басқалары пайда болып, өзгереді, ал үшіншілері белгілі топ немесе билік деп
аталады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік норманың пайда болуы, қалыптасуы
субъективті фактор болып табылады. Олар адамдармен жасалады және объективті
қажеттілік деп түсіндіріледі. Мысалы: құқықтық норманың пайда болуы туралы
Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын
өнеркәсіп актісі, азық-түлікті бөлу немесе айырбастау, өнеркәсіп туралы
жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл
ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады. Содан соң заң болып
қалыптасады.
Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде
қалыптасады. Ол экономикалық, басқада қатынастарды қатаң және мақсатты
бағытта реттей бастады. Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір
аппаратқа сүйенетін, белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу
шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды. Әлеуметтік нормалардың
пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену процесімен, адамадардың ерекше
табиғи-биологиялық және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты
болды. Норма, ереже ұғымдары тең және ауыспалы мағынада қолданылды.
Әдетте олар әдебиеттерде, анықтамалық баспаларда бірінен соң бірі
анықталады: норма-бұл ереже, ереже - бұл норма. Алайда мұқият зерделеп
қараса, норма ұғымына қарағанда, ереже өте тар термин. Соған байланысты
бір - бірімен сәйкес келе бермейді. Құқықтық нормалар өзінің құрылымы
жағынан өте күрделі. Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс
табады. Ал, нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.
Әлеуметтік норма - жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес. Ол
сонымен қатар өмірде, тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді
білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.
Норма - бұл белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық
пайдалы іс-әрекеттің өлшемі. Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес,
кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ
байланыстар,әрекеттер нормада көрініс таппайды. Норма үнемі сыртқы және
ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен,
оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі
адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың
өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық
өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі
қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары
қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында
ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық - экономикалық формацияның қалыптасуына
сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына
қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде
қабылдап, болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір
қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы
әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар
шеңберімен шектелген. Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары
адамды бір қалыпта, тәртіп, талаптар көлемінде, өзінің мінез-құлқын
қалыптастыруды талап етеді. Әр индивид, қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған
нормаларға өзінің қимыл әрекетін бейімдейді. Керісінше, қоғамның санасына,
оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі
ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Жеке адамның мінез-құлықтары
қоғамдық қатынастарда пайда болып, қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы
қажет. Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы
ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді
қалыптастырады. Әрекеттер құлық тарапына сай немесе қарсы болуы мүмкін. Ал,
әлеуметтік нормалар адам санасына жат, оның табиғаты қабылдамайтын
әрекеттерді жасауға тыйым салады, айыптайды. Жеке адамның санасы қоғамдық
қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға
тәуелді. Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық
қатынасты реттейтін, қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.
Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады, бірақ бәріне
бірдей міндетті емес. Мысалы, әдет-ғұрып нормаларындағы қалыңмал
төлеу, кит кигізу, автобуста қарт адамдарға орын беру.
2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады. Мысалы, жасы
үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне
жатқызған болса, қазір дағдарысқа ұшырауда.
3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан
қалыптасады.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін,
олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес
келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік
норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік
болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың
күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік
нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және құқықтық нормалар, саяси,
діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастрыу-техникалық ережелер жатады.
Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке
адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы -
қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.
Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі-нормаларды
саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы- сол нормаларды
сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына
айналдыру.Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды
жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан-қырлы құбылыстар
мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа
бөлуге болады:

- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері:
демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір
сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы.
Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір
сүрудің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Норма дегеніміз - бір қатынасты
реттеп, басқаратын ереже.

Қоғамдағы қатынастарды реттеп басқаратын нормаларды төрт топқа бөлуге
болады:

- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен
ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми норамлар деп те атайды;
- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи
ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
- құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп басқарып отыратын негізгі
құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі
дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік
нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық
процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы
қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы
қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.
Әлеуметтік нормалар – қоғадық қатынастарды реттеуде қолданылатын
жүріс-тұрыс ережелері. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие:
а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол қоғамдық
қатынастар;
ә) субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен
ғана байланысты.
Әлеуметтік нормалардың белгі –нышандары:
1) Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің,тәртібінің
қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар
осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.[3]
2) Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс,
жақсы орындау бар азаматтардың,барлық ұйымдардың негізгі міндеті,
орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке
тартылады.
3) Әлеуметтік нормалар - жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі
ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл
қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп,
сарапталып, қалыптасқан нормалар.
Міне осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік
нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына
айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
- құқық нормасы;
- моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-
әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік
т.б қасиеттер;
- саяси нормалар;
- эстетикалық нормалар;
- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
- адамгершілік нормалары - олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа,
парасаттылыққа, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
- әдет-ғұрып нормалары: адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы
қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
- салт-дәстүр нормалары: әр ұлттың, әр халықтың өздерінің
ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу,
үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір
сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың,
ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің
ережесі. Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз
байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық
саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде - мақсатты
қорғап, дамытады. Сонымен, әлеуметтік нормаларды әдет - ғұрып, діни
нормаларының, қоғамдық, корпоративтік ұйымдардың нормаларының, мораль
нормаларының, құқық нормаларының жиынтығы құрайды.
Әлеуметтік нормалар - бұл адамдардың арасындағы қатынастарды
реттейтін мінез-құлық ережесі болса, техникалық нормалар адамдардың
табиғатқа, техникаға, өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипаттайтын
ереже. Ал, техникалық - құқықтық нормалар, заңдарда бекітілген техникалық
нормалар болып табылады. Әлеуметтік нормалардың белгілері болып
табылатындар:
1. Бұл мінез-құлық ережелері;
2. Ортақ және жалпы міндеттілік мәнділігі;
3. Адамдардың саналы - ерікті қызметі нәтижесінде пайда болуы;
4. Адамдардың бірлестігімен және тиісті құралдармен қамтамасыз етілуі;
5. Қоғамның даму деңгейі мен шарттасуы;
6. Қоғамдық қатынастарды реттеуі.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек:
біріншісі - қоғамдық мүдде - мақсатты орындау, іске асыру бағыты;
екіншісі - жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты.
Бұл объективтік бірлестік. Өмірде бір жақты әлеуметтік норма болмайды.
Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму
процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптасады. Бұл объективтік процесс. Сол
арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.
Әлеуметтік норма көп және әр түрлі. Бұл оның реттеу объектісі қоғамдық
қатынастардың болуымен байланысты. Әлеуметтануда олар әртүрлі негіздер
бойынша түрлерге, топтарға (жай және күрделі, интенсивті және экстенсивті,
тірі және өлі) деп бөледі. Ал заң ғылымдары бұл норманы қалыптасу
тәсілі, қызмет ету сферасы, әлеуметтік бағыты бойынша бөледі.
Өмірде адамдар әр түрлі қатынастарда болып тұратыны бәрімізге мәлім,
айталық, отбасылық, тұрмыстық, еңбек, экономикалық. Осындай сан алуан
қатынастарды реттеу үшін құқық нормалары жеткіліксіз. Сондықтан, құқық
нормаларымен қатар қоғамда басқада әлеуметтік нормалар жұмыс істейді, олар:
адамгершілік, салт-дәстүр нормалары, қоғамдық ұйымдар нормалары,діни
рәсімдер, өсиеттер мен нұсқамалар. Олар да қоғамдық қатынастарды реттеуде
маңызды рөл атқарады. Олардың негізінде моральдық, діни құқықтар және
адамдардың міндеттері пайда болады. Алайда құқық нормалары қоғамдық
қатынастардың жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік реттеуші ретінде көріне
отырып, өзге әлеуметтік нормалардан (әдет-ғұрып, діни нормалары,
адамгершілік, қоғамдық ұйымдар нормалары( айтарлықтай ерекшеленеді. Заң
әдебиеттерінде құқықтың заңдық нормасы жалпы сипатта болады деп дұрыс
айтылады. Ол қандайда бір нақтылы оқиғаға немесе жағдайға емес,
оқиғалардың, жағдайлардың белгілі бір түріне және сол арқылы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір санатына (некеге тұру, шарт жасасу ережесі,
сайлау рәсімі, жұмысқа қабылдау не одан шығару тәртібі( есептелген. Онда
адамдар мінез - құлқының ортақ, типтік нұсқалары беріледі, олар қоғамда
басшылықты жүзеге асыратын әлеуметтік топтардың мүделеріне толық және
дәйекті түрде сай келеді.
Сонымен, әлеуметтік норма-қоғам қабылдаған адамдардың мінез-
құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелерімен оларды реттеп-басқару
нормалардың жиынтығы. Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын
және табиғи заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық
нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау
ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мелекеттік стандарттар, техникалық
жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл
жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы
тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен,
техникамен де байланысты. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс
уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланысты
қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелердің ең күрделісі.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта
болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет
пен құқық қолдайды, нәтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды
туындататын, жалпыға міндетті техникалық – заңды жүріс-тұрыс ережелеріне
айналады. Мысалы: қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:

1. Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, ауыл-шаруашылық, әскери, техникалық нормалар.

2. Технологиялық нормативтік актілер, мұның да бірнеше түрі бар.

3. Экологиялық техникалық нормалар.

4. Табиғат,адамды қоршаған ортаны қорғайтын техникалық нормалар.

5. Халықтың денсулығын сақтау бағытындағы техникалық нормалар.

6. Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар.

7. Мемлекеттік органдарда,қоғамдық ұйымдарда,ұжымдарда пайдаланатын
техникалық нормалар.

8. Адамның еңбегін жеңілдететін техникалық нормалар.

Құқықтың маңызы, рөлі, әсіресе нормативтік актілер арқылы ғылыми-
техникалық, технологиялық, экологиялық процестің сапасын көтеріп еліміздің
әлеуметтік,экономикалық жағдайын жақсарту. Бұл үшін мемлекет техникалық,
технологиялық, өндірістік, санитарлы-гигиеналық нормаларды, ережелерді
қабылдап, оларды жан-жақты тексерістен өркізіп стандартты сертификат беруі
керек. Стандарт - заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы
туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық
норманың сапасы тексеріліп отырады.
Техникалық норманың ең күрделі саласы-табиғатты қорғау нормалары.
Адамды қоршаған ортаны таза ұстау, оның табиғи дамуына, зиян келтірмеу,
экологияны жақсарту ғаламдық проблема. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық
мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп, осы бағыттағы нормативтік
актілерінің сапасын жақсартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы да бұл мәселені
қатаң бақылауға алып отыр.
Техникалық норманың екінші маңызды саласы - халықтың денсулығын сақтау.
Осы бағытта мемлекеттер көп жұмыс жасауда: адамдарға арналған азық-
түліктің, дәрі-дәрмектің, медицинада қолданылатын техниканың сапасын
жақсарту; еңбектің қауіпсіздігін, адамның рухани сана-сезімін, білімін
көтеру.
Қазіргі заманда техникалық, технологиялық, экологиялық процестерді
жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндеті емес, сонымен бірге бұл
ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы
барлық ғалымдар үлес қосуы керек.

2. Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні.

Мораль нормалары- қоғам өміріндегі процестерде табиғи жолдармен
қалыптасқан адамдардың қайырырымдылық пен зұлымдықтар, әділеттілік
пен әділетсіздіктер, ар-ожданы жөніндегі талаптардың жиынтық
ережесі.[4]

Осы жоғарыда көрсетілген нормалардың барлығына Қазақстан
Республикасының Конституциясы Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз,
демократиялық, егеменді қоғам құруды - негізгі міндетіміз деп жариялап
отыр.
Оқу тәжірибе мақсатында барлық әлеуметтік норма түрлерінің қарым-
қатынасын және қызметін бөліп көрсету өте маңызды. Әсіресе бұл заң
ғылымдарының қызығушылығын тудырып отырған құқық пен моральға қатысты
ежелгі философтар Платон, демокрит Аристотель, Цицеронның өздері екі
маңызды қоғамдық тәртіпті анықтаушылардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарын
көрсетіп кеткен. Құқықты моральдан айыра отырып, біздер оны басқа
әлеуметтік нормалардан айырмашылығын, жалпы құқықтық реттеу жүйесіндегі
орны мен рөлін көрсете аламыз. Заңгерлер ең алдымен құқықтық норманы оқиды,
талдайды, қолданады. Бұл олардың мамандығы. Бірақта олар құқықтық
қатынастардың субъектілерінің тәртібін бағалау үшін және туындаған
мәселелерді шешу мақсатында үнемі этикалық жағдайларға сүйенеді. Орыс
құқықтанушылары В.С.Соловьев, И.А.Ильин құқық кішкентай адамгершілік
немесе заңмен әшекейлеген мораль - деп көрсетті. Құқық қоғамның
адамгершілік - гуманистік қатынастарын реттейтін құрал. Мораль,
адамгершілік, этика жайлы сабақ болмай құқық мәнсіз. В.С.Соловьев мысалы
құқықты былай деп түсіндірді: Белгілі жамандықтың таралуына жол бермейтін
кішкентай жақсылық пен тәртіпті мәжбүрлеп талап ету.

Заман өзгерген сайын қоғамдағы лайықты мінез-құлқы жөніндегі талаптар
да өзгеріп отырады. Әр бір қоғамдық тап өзінің моральдық нормаларының
немесе қазыналарының жүйесін жасап алады, ал егер саяси үстемдік өзінің
қолында болса, онда ол, әрине үстемдік етуші ретінде өз моралын
орнықтырады. Бірақ мұның өзі мораль жүйелерінде жалпы адамгершілік мазмұн
болмайды деген сөз емес. Қоғамда адамдардың мінез-құлқының қарапайым
нормалары болады, оларсыз бірде-бір қоғамдық тәртіп өмір сүре алмас еді.
Моральды қолдап отырған күш - ең алдымен қоғамдық пікір. Бірақ мораль тек
қоғамдық пікірдің арасында өмір сүрмейді. Адамның өз мүдделері, оның
табиғи сезімі мен бейімділігі, ең алдымен өз борышын сезіне білетін
кемелденген санасы адамгершілік мінез-құлықтың жетілуіне тікелей қатысып
отырады. Моральдық норма немесе принцип адамның санасында: Өтірік айтпа
, Басына қиындық түскен адамға көмектес деп бұйыру райында әрекет етеді.
Бірақ олар әрқашанда адамның өз сезіміне байланысты, ол үшін қайдағы бір
бөгде нәрсе болып саналмайды, белгілі бір қоғамдық қажетті ғана емес,
сонымен бірге өз парызының, ар-ожданының саналы түрдегі талабын
бейнелейтіндіктен де мінез-құлқын реттеп отырады. Моральдың ішкі кепілдігі
- ар болып табылады. Моральдық нормалар-бұл жазбалы емес ереже, ол адамның
сана-сезіміне ұялаған, ұрпақтан-ұрпаққа таралған, әрине өмірге сай о да
өзгеріп тұруы ықтимал. Демек, моральдық нормаларды орындау - әр адамның
ішкі нанымына байланысты. Қоғамды реттеу қабілеті кең барлық индивидтерге
қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі –ниеттілік адамгершілік
сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың
жиынтығы. Моральдық нормаларға мынандай сипаттар тән:

1. Тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктеріне байланысты
қалыптасады. Құл иеленушілік мемлекеттегі моральдың талаптары қазіргі
заманның мораьдарымен сай келмейді. Мысалы, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ
қоғамында саудамен айналысу, алыпсатарлық ісімен шұғылдануды қоғамдық
көзқарас мүлдем басқа.

2. Моральдық нормаларды іс жүзіне асыру - тек сендіру арқылы болатын
құбылыс.

3. Реттеу шеңбері бойынша моральдық нормалар құқық нормаларына қарағанда
өмірдің барлық саласын қамтиды.

4. Моральдық нормаларының теориялық негізін этика құрайды.

5. Қоғамда қабылданған моральдық нормалар жеке адамдардың мінез-құлықтарын
бір қалып көзқарасымен қабылдайды. Одан тысқары қимыл әрекеттер қоғамдық
санамен айыпталады. Мысалы, автобуста қарт адамдарға орын беру немесе
бермеу басқада көптеген әрекеттер. Моральдық қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең
негізгі қағидаларының бірі. Г.Ф.Гегельдің пікірі бойынша моральдық дүниеде
мейірімділіктің үстемдік етуі. Мейірімділікті қалыптастыруда ислам дінінің
рөлі өлшеусіз және әліде тәрбиенің ең тиімді құралы.

Құқық пен моральдың бірлігі.

1) олар әлеуметтік норманың әртүрлігін көрсетеді және бірдей нормативтік
негізі бар.

2) құқық пен мораль бір мақсатты көздейді-қоамдағы тәртіпті сақтау,адам
құқықтарын қорғау,әділеттікті жақтайды.

3) құқық пен мораль әртүрлі көлемде бір объектіні реттейді-қоғамдыық
қатынастарды,ол бір адамға не топқа бағытталады. Олардың талаптары көбіне
бір-біріне сәйкес келеді.

4)құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субъектілердің рұқсат
етілетін не рұқсат етілмейтін шекараларын айқындайды.

5) құқық пен мораль философиялық жағдайда экономикалық, саяси, мәдени
категорияларға ие, яғни бұлар қоғамда оларды бір типті етеді.

6) құқық пен мораль жалпы құқықтық құндылықтардың негізі, қоғамның
әлеуметтік және мәдени дамуының көрсеткіші ретінде көрінеді.

7) әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді
нормалар болып табылады;

8) олардың реттеу объектісі біреу- қоғамдық қатынастар;

9) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Мораль құқық бұзушылықты әсіресе қылмысты жазалайды. Мұндай
жағдайларда құқық пен мораль бір. Кез-келген құқыққа қайшы әркеттер
моральғада қайшы әркеттер болып табылады. Құқық заңды сақтауды көздейді,
соны моральда жақтайды. Бұл таңқаларлық жағдай емес, құқық моральға
негізделеді. Ол адамгершіліксіз бола алмайды. Екі реттеушінің түпкілікті
мақсаты бір. Құқық заңмен бейнеленген адамгершілік бейнесінде көрінуі
кездейсоқтық емес. Құқық пен моральдың арақатынасы адамдардан азаматтық
сапаның көрініс табуын көздейді. Құқық пен мораль өздерінің функцияларын
жүзеге асыруда ортақ мақсатқа жету үшін бір-біріне көмектеседі.

Құқықтың мақсаты адам - адамның бірлесіп өмір сүруін
қалыптастыру,өзара қиыншылықтармен, күрестер, келіспеушіліктер болған
жағдайда рухани күшті азырақ жұмсау. Моральдың да негізі осы.

Негізгі ерекшеліктері:

Құқық пен мораль ең алдымен қалыптасу және құрылу тәсілдері бойынша
ерекшеленеді. Құқық тек қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік және техникалық нормалардың айырмашылығы
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Әлеуметтік нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Пәндер