Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.

Орындаған

Тексерген:

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I-бөлім. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі.

I. 1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты . . . 7

I. 2. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері. 11

I. 3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар . . . 14

II-бөлім. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.

II. 1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза . . . 22

II. 2. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары және оның мазмұны . . . 29

II. 3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату мәселелері . . . 33

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе.

Мен өз курстық жұмысымды «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама» атты тақырыпты ала отырып, бұл тақырыптың қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі екендігін көрсеткім келеді. Қылмыстардың жастармен жасалу көптеп байқалуда, атқарылып жатқан шараларға қарамастан қылмыстардың қайталануы, солардың ішінде ауыр және өте ауыр түрлерінің жасалу, қылмыскерлердің қылмыстық іс-әрекеттер жасауға ұйымдаса отырып ақыл тоқтатпаған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қатыстыру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Кәмелетке толмағандардың орындалуымен, олардың қатысуымен байланысты қылмыстар біздің елімізде көптеп кездесуде. Олардың алдын алып, ескерту сияқты профилактикалық шаралар атқарылуда. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары дер кезінде ашылып, кінәлілерді жауапкершілікке тартудың қылмысқа қарсы күресте өзіндік орны бар. Осыған орай, жалпы қылмысқа қарсы күрестің маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары және халыққа жолдауында, қылмысқа қарсы күрестің соның ішінде, құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру» басты мәселелердің бірі болды.

Бұл жұмысты жазуда алдымен қойған мақсатым, мемлекет тарапынан қылмысқа қарсы күреске көптеген қаражат жұмсалып, құқық қорғау органдарының материалдық базалары нығайтылуда. Атап айтқанда, жаңа көлік-техникалары, компютерлік-электрондық жүйелері күшейтіліп хабарлағыш құралдарымен жабдықталуда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қаруландыру күшейтілді. Жоғары білімді шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан тәжірибе алған мамандармен толықтыруда. Соңғы жылдары құқық қорғау салаларында елеулі өзгерістер енгізілді. Мысалы, қылмысты атқару жүйесі толықтай әділет министрлігінің құзіретіне аударылды. Осы мән-жайларға қарамастан соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен аса қауіпті қылмыстардың жасалу өмірде кездесуде. Бұл жайлар құқық қорғау органдарының, атап айтқанда тергеу мен анықтау органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын қажет етеді. Олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдері жан-жақты пайдалануын талап етеді. Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады. Әсіресе ұйымдасқан топпен немесе лауазымды мемлекеттік қызметті атқара отырып, сыбайлас жемқорлық топтардың жасөспірімдерді қатыстырып жасаған қылмыстарды ашудың маңызы зор. Себебі бұл қылмыстармен қоғамымызға күрделі түрде зиян келтіріледі. Бұндай қылмыстарды ашу, ескерту, алдын-алу қылмыс жасаудан кейбіп адамадарды сақтандырады. Жас қылмыскерлердің өсіп жетілуіне жол бермейді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көптеген басақа мемелекеттердікі сияқты гуманистік принциптерді сақтай отырылып кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындау барасында, қылмыстық жазалдарды орындау барысында көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипатттамасы атты тақырыпты таңдағандағы міндетім. Қазіргі заманда еліміздің жастары тарапынан көптеп қылмыс жасалуда. Статистикалық мәліметтер бойынша жас сотталған адамадардың саны жоғары болып тұр. Бұған байланысты мемлекетіміз тарапынан көптеген шаралар қарастырылуда.

Қылмысқа қарсы күресте оның сапалығын арттыру мақсатында заң актілеріне де өзгерістер жүйелі түрде өзгертілуде. Мысалы, осы шараларды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері өз күштеріне енді. Бұл заңдар көптеген қылмысқа қарсы әсереін тигізгеніне қарамастан 2002 жылдың 29-желтоқсанында Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмысты атқару заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Міне, осы заңдарды қабылдауға негіз берген - Қазақстан Республикасындағы Конститутциясындағы, елімізді құқылық реформалаудың мемлекеттік бағдарламасындағы, «Қазақстан - 2030», атты елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы егеменділік, демократиялық, құқықтық мемлекеттің идеялары мен қағидалары. Конститутциялық тарихи теориялық, құқықтық практикалық мән-маңызы егемен Қазақстанның негізгі заңы ретінде әлдеқайда зор екендігінде сөз жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай Қазақстан бұрынғы империя көлеңкесіндегі құқықсыз өмірден қайтып оралмастай бас тартты да, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастары бар күшті егемен ел жасақтауға кірісті. Осындай жаңа мемлекет құрып елеулі өзгерістер болып жатқанда елімізде қылмыстардың жасалуы, соның ішінде қылмыстардың жасөспірімдермен, кәмелетке толмағандармен жасалу елең еткізер жай болып табылады.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлері және одан босату атты тақырыпты алғандағы міндетім, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде халықаралық қауымдастықтың мүшесі болғандықтан басқа шет елдермен, оның кеңес одағынан бөлініп шыққан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдермен де бірігіп қылымыстылықпен күресу мақсатында өзара байланысып әрекеттенуі үшін жаңа, осы жағдайлар ойластырылған. Мемлекет тарапынан көптеген шаралар өткізгеніне қарамастан, қоғамға жат әрекет қылмыс, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалуы бүгінге дейін азаймай отыр. Қазір біз құқықтық мемлекет құру үстіндеміз. Қылмысқа қарсы күрес жалғыз ғана біздің республикада емес, сонымен қатар бүкіл жүние жүзінің көптеген мемелекеттердің проблемалары. Қылмыстардың сан алуан түрлері жасалуда солардың ішінде кәмелетке толмағандар жасөапірімдер қылмысы болып отыр.

Жалпы қылмыстың ақырғы, мүлдем жойылатын мезгілін әлі ешкім нақтылап айта қрйған жоқ. Бірақ та қылмыстардың болу себептеріне ғалымдар көптеген жобаларды дүниеге әкелді. Олардың ішінде еліміздің экономикалық, халықтың әлеуметтік жағдайының өсуінің қажеттілігін, халықтың, қоғамның жоғары деңгейде даму қажеттігін, білімділікті арттыруды және тағы басқа дәлелді себептер айтылуда.

Қазіргі заманда, егеменді елімізде қылмысқа қарсы күресте, соның ішінде олардың алдын-алуда қылмыстық істерді жүргізуде әсіресе кәмелетке толмаған адамдармен жасалған қылмыстарды тергеуде, оларға әділ жаза тағайындаудың өзіндік қажетті орны бар. Ол жөнінде дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде тоқталдым. «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама» атты курстық жұмысты жазу барысында көптеген біздің еліміздің, Ресей мемлекетінің атақты заң ғалымдарының еңбектерін және газет журналдардағы мақаларды пайдаландым.

I-бөлім. Кәмелетке толмаған қылмыскермен жасалатын қылмыстардың мәні және мінездемесі.

I. 1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың сипаты.

Өзінің тәелсіздідгімен мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы ең алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы интеграциялық процестерге жай ғана қатысушы болып келе жатқан жоқ, сонымен бірге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында елдерді біріктірудің бас инициаторларының бірі ретінде танылып келеді. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңесін құрудың инициаторы болып табылады және Шанхай ынтымақтастық Ұйымын құру процесінде де негізгі рөлге ие.

Осындай әлемдік ауқымды мәселелерде сан-алуан қылмыстардың жасалуы, соның ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы қоғаммымыздағы елең еткізер өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр.

Жастар ісі бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар көптің ісі болып қоғамда қзінің орнын алуы тиіс. Мемлекет тарапынан бұл іске қаражат бөлінбек, ол ендігі жерде жоспарлы түрде жұмсалып, жетімдерге, жағдайы нашар отбасына, көп балалы аналарға және аула клубтарын ашуға және басқа да жастарға арналған тәрбиелік шараларға бағытталуы тиіс.

Қазір қаңғыбас балалардың кездесуі жаңалық болмай қалды. Сонда бұлар кім? Жастайынан тағдыр тәлкегіне қалай ұшырайды?

Көшеде тентіреп, бұрыш-бұрышты сағалап, жылу жүйелерінің қуысына түнеген қаңғыбас қамқорсыз қалған балалар кездеседі. Олардың бірі тұл жетім болса, бірі нарық қасапғына шыдамай арақтың арбауына түскен ата-анасынан жеріген балалар немесе үйінен, балалар үйінен қашқан қиын жасөспірімдер. Жұмасына екі рет осындай жасөспірімдерді жинап, аудандық ішкі сітер бөліміне әкеліп, тексеріп, мектептерден мінездеме аламыз. Егер олардың ата-аналары ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігінен ауытқып, азғындық жолға түскен жағдайда ата-ана құқығынан айырып, ал жасөапірімдерді балалар үйіне тапсыруға тура келеді. Ұсталған жасөапірімдердің бір бөлігін қамқорлау орталығына тапсырамыз. Басқа жерден келген жасөспірімдер болса, ата-аналарымен хабарласып, анықтау жұмысы жүргізіледі, жетім болса мектеп интернаттарға жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 27-бабына сәйкес елімізде Неке және отбасы, ана мен әке, және бала мемлекеттің қорғауында болады. Баларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы.

Бұл - басты қағида. Алайда жеке адамның өмірі кейде тек сол Негізгі Заңда жазылған қағидаларға сәйкес келе бермейді. Ұрпақты өмірге

келтіргенмен, оны өсіріп тәрбиелемек түгелі, өзінің қара басын алып жүре алмайтын ата-аналардың бары ащы шындық. Мұндайда мемлекет конститутциялық міндеттемесін анықтауға кіріседі.

Азғындық жолға түсіп, балаларды тағдыр тәлкегіне салған ересектерді ата-ана құқығына сот арқылы айырып, баланы заңды түрде туысқандарының тәрбиесіне көшіруге, немесе мемлекеттің қамқоршылық органдарының қарамағына алуға тура келеді.

Өйткені, бізде қазір қамқорлыққа алу комитеті бар. Аталған комитет жасөспірімдердің болашығын ойлап, жетім қалған жасөспірімнің, ең алдымен үй мүлкін тексереді. Егер үйі бар болса, прокурорға қатынас қағазымен шығып, әлгі үй заңдастырлады. Үй мүлік жағдайы шешілгеннен кейін ғана бала комиссия арқылы балалар үйіне тапсырылады. Бұрын жетім қалған көптеген баланы үй мүлік талай ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткені жасырын емес. Өйткені, оны кезінде ешкім тіркемеген, ондай жасөапірімдердің ертең басында баспанасы, не барар жері жоқ болатыны тағы түсінікті.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2001ж.

А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Алматы. «Жеті жарғы». 1998ж.

Мемлекетің болашағы, тірегі жасөапірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақта тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай кәмелетке толмаған жасөапірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды екен.

Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келегн сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар.

Ересек субъектілердің қылмыс жасауы кәмелетке толмағандарға белгілі болған жағдай мұндай мән-жайлар кері өнеге алуға кәмелетке толмағандарды баулайды. Ересек қылмыскерлердің қылмыс жасауы туралы әңгімелерді суреттеп, көркемдеп айтуы жастар психологиясында қылмыс жасауға деген құштарлық сезім оятады. Сондықтан кәмелетке толмағандардың ересек қылмыскерлермен, соның ішінде бұрын сотталғанмен жиі араласуы оларға қылмыстық тәжірибе және қылмысқа деген құштарлық әкеледі. Ал, Қазақстан республикасының қылмыстық кодекстің 131, 132-ші баптары бойынша кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге тартумен байланысты қылмыстардың жасалуы өмірімізде кездесіп жатады. Кәмелетке толмағандарды алдау, қызықтыру, қорқыту, күш қолдану, есірткі немесе ішімдік заттар қолдану арқылы оларды қылмысқа тарту қоғамға қауіпті қылмыстық жасауға ата-аналарының қылмысқа тартуы ерекше жоғары көлемде зардаптар әкеледі. Бұндай қылмыстар жасауда кәмелетке толмағандар ерекше құштарлықпен, ынтамен, сенімділікпен қылмыстық іс-әрекеттерге барады. Жоғары көрсетілген субъектілерге бұндай қылмыстар жасағаны үшін қатаң жаза қолдану белгіленгенімен бұндай қылмыстардың ерекше зардаптары бар. Әрине бұндай қылмыстарды болдырмау қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі.

Бірақ, өкінішке орай, сол кешегі кішкентай ғана балақай бүгін аса қауіпті баскесерге айналып жатады. Бұл біздің балаға жеткілікті мән бермейтінімізді, өз дәрежесінде тәрбиелемейтінімізді айғақтайды.

Құқықтық тәрбие жасөапірімдердің бойында құқықтық талартар құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сездіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, әсіресе жасөапірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді алдын алуы мүмкіндік туғызады. Десек те, бүгінде жасөспірімдерге жан-жақты құқықтық тәрбие беретін жеткіншектерді дер кезінде тәптіпке шақырып, толыққанды тәлім-тәрбие беріп отыратын мектептер азайып барады, бұрынғыдан балардың басын қосатын себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары еүрт көбейіп кетті.

Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасындағы криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелекетке толмағандар арасында қылымыстықлықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда, тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.

Кәмелетке жасы толмағандар қылмысты жекелей де топ болып ұйымдасып та жасайды. Мұның өзі қоғам және оның болашағы үшін үлкен қатер.

Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес қоғамға өзотандастарының мүддесіне, өзінің туған туысқандарына үлкен зиян жасайды. Жасөапірім - қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады. Оларды қылмыстық жолға түсірмеу халықтық іс, себебі болашақта дұрыс азаматтар тәрбиелеу алдымызға қойылған талаптардың маңызыдысы.

I. 2. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың негізгі себептері.

Біздің өзімізді қоршаған қоғамның қалай өзгеретінін көріп-білуге қабілетіміз кәміл жетеді, оның есесіне, кейде өзіміздің қалай өзгеретінімізді аңғара бермейміз. Біз өзімізше мынау жаңадан пайда болып немесе бұрынғылар көзден ғайып болды ғой дейтініміз бар. Себебі, еліміздегі әр түрлі жан түршігенлік қылмыстық оқиғалар болып жатқандығын ақпарат беттерінен көріп жатамыз. Соынң ішінде қылмыстардың кәмелетке толмағандармен жасалуы олардың жасалу себептеріне түпкіліктіғ анығырақ зеріктеу қажеттілігі керекті деген ой тудырады.

Қылмыс жасау тәсілі қылмыстық криминалдық сипаттамасының негізгі элементі ретінде екі түрлі - ішкі және сыртқы факторлар арқылы анықталатыны белгілі. Жалпы қоғамдағы және қылмыс құрамы мен дамуындағы өзгерістер жекелеген қылмыс түрлерін жүзеге асыру тәсілдеріне енген өзгерістер туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін сияқты.

Балалар, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар көбіне-көп уақыттарын үйде, ата-аналармен бірге өткізеді. Жанұя олар ұшып шығатын алтын ұясы іспеттес. Әдетте балалар мен жасөапірімдер ата-аналарының бойындағы қасиеттерді бойына дарыта, соларға еліктейді. Ата-аналары бірін-бірін сыйлай біле ме, көршілермен ағайын-тумалармен тату ма, жұмыс орында беделі қандай? Міне, бала осының бәрін көріп, біліп өседі.

Өкінішке орай, әрбір жанұя және ата-ана осы бір маңызды мәселе - балалар тәрбиелеу ісіне көп көңіл бөле бермейді. Балаларға жайлы өмір жасаймыз, олардың бетінен қақпаймыз, солар балалық шақтарын қызықты өткізсін деген мақсатпен көпшілік ата-аналар қателікке ұрынады. Осы қателіктің салдарынан ата-аналар опық жейді. Сондықтан осындай ата-аналардың «Баланы бастан тәрбиеле» деген аталы сөзді жадыларында ұстанғаны абзал.

Ата-аналардың осындай қамқорлығына сүйеніп, көптеген кәмелетке толмағандар түрлі қылмыстарға барады. Ал, ата-аналар ше? Олар болса өз балаларын қызғыштай қорып, кінәні басқа біреуге аударуға бейім тұрады. Бұл секілді орынсыз қорғаштаудың баланың мінез-құлқына кері әсері ететіндігі сөзсіз. Жекелеген ата-аналар өз балаларына шамадан тыс еркіндік беріп қояды, олардың бос уақыттарын қалай өткізіп жүретіндіктеріне, түнделетіп көше жүретіндіктеріне, араласып жүрген достарымен, ортасының қандай екендігіне оншалық мән бермейді. Бұл секілді жанұяда балалар ешқандай бақылаусыз, өз бетімен жіберіледі. Енді бір ата-аналар қатал ұстау, ұру, таяқтау, ұрыс дұрыс теп түсінеді.

Сот-тергеу тәжірибесінде көп жағдайда мұндай жанұяларда балалардың үйден қашып кетіп, кезбелікке салынып, түрлі қылмыс жасайтындықтары анықталды.

Жанұяның тұрақсыз болуы, ата-аналардың аяқ астынан ажырасуы да
балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Олардың көңілін мұң торлап, ата-анаға деген сенімсіздігі арта түседі. Жанұяның шырқы бұзылған соң баланың бақылаусыз қалатындығы белгілі. Нәтижесінде олар теріс жүріске бой алдырып, түрлі қылмыстар жасауға дейін барады. Жанұя берекетсіздігінің, оның шаңырағының шайқалуының әкелетін зияны осындай. Өмірде келтірілген қылмыстық оқиғаларға жүгінсек, жазаға тартылған кәмелетке толмағандардың ата-аналар ажырасып, от басы шырқы бұзылған.

«Бала тәрбиесі - бесіктен» -деген ұлағатты сөз бар халқымызда жас ұрпақтар тәрбиелеуде ең алдымен олардың бойына адамгершілік заң силап, құрмет тұту, адалдық, шындыққа баулау сияқты ізгі қасиеттерді дарыта білу қажет.

Кәмелетке толмағандар көбіне тонау және қарақшылық шабуыл жасау тәсілдерін қолданады. Қылмыстық істерді зерттеу барысында мынадай жалпы тенденция анықталды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 2001ж.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Алматы. 2001ж.

Ол - кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс түрлері көп жағдайларда азаматтардың жеке меншігіне бағытталады екен.

Сонымен кәмелетке толмағандар жасайтын тонау және қарақшылық шабуыл әрекеттерін ең әйгілісі, былайша айтқанда «классикалық» түрі - жұлып алып кету. Сондай-ақ азаматтардың пәтерлері мен саяжайларын тонау да өз қарқынын беруде.

Тағы да бір басты проблема - бұл жасөспірімдердің еңбек қамтылуы. Кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссия мен еңбекпен қамту орталығы бұл мәселені әзірше шеше алмай отыр. Әсіресе еңбекке бас бостандығынан айыру мекемесіне оралған жасөспірімдер мұқтаж. Оларға өмір сүру үшін қаражат керек. Осындай түпкілікті жағдайда олар тағы да қылмыс істеу жолына түсуі мүмкін. Кездесетін қиыншылықтарға қарамастан кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін нақты және толық көлемде орындауға тырысады.

Құқық қорғау органдарында тергеушілердің профилактикалық жұмысы қылмыстың алдын алуда бірегей әлеуметтік процестің құрамды бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, жастар арасында тәртіп бұзуға, қылмыс жасауға қрасы профилактикалық жұмыс мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың еңбек ұжымдары және оқу орындарымен, сондай-ақ бұқарамен бірлесе отырып бұзақылықтың себептерін жоюға, қылмыскерлікті азайтуға, оларды барынша әділетті жолмен, зор жауапкершілікпен түзеуге бағытталған шаралар кешені ретінде көрінеді.

Тергеуші қызметінде тергеу сипаты тән немесе жай профилактикалық шараларды жүргізумен бірге жасөспірімдердің санасына қылмысты ашу туралы тергеу органдарының жұмысындағы құқықтық нормалардың, негізгі мүддеден ауытқымаушылықтың тиімділігі жөнінде жалпы мағлұмат қалыптастыру маңызды орын алады. Б ұл тұрғыда И. И. Карпецтің: «жеткіншектер мен жастар арасындағы қылмысты қандай да бір жағымсыз адамдармен бейнеленгеннен гөрі онымен күресті тәрбиелік шаралар мен ескерту сипатындағы әрекеттермен жүргізу әлдеқайда тиімділік танытпау» дейтін қағидасы көңілге әбден қанады.

Психологтардың және педагогтардың сипаттауы бойына он төрт жас пен он сегіз жасқа дейінгі жас ерекшелік балалық шақтан ересектік шққа өту кезеңі болып атбылады, яғни осы кезде организмде психологиялық және физиологиялық өзгерістердің болуы үлкен әсерін тигізеді.

Енді бір мәселе, заң әдебиетінің тапшылығы, әсіресе мемлекеттік тілде жазылған әдебиеттердің жоқтығы. Сондықтан әдебиеттен гөрі, газет-журналдарды пайдалануға тура келеді. Өйткені, шыққан заңдар мен жаңалықтар газет-журналдардан жарияланады.

Осы сұрақты қорытындылайтын болсақ кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері сан алуан, дұрыс тәрбие бермеу, ата-аналар тарапынан қадағалаудық болмауы, қоршаған ортаның әсері, нашақорлық, ішімдікке салыну, жұмыссыздық және тағы басқа.

I. 3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын-алуға бағытталған шаралар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есiнiң дұрыстығы мен дұрыс еместiгi
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Жасөспірім және Заң
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстары
Меншік құқығы туралы түсінік
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жайында
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың жас және психологиялық ерекшеліктері
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz