Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы


Мазмұны
Кіріспе2
Негізгі бөлім3
1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы4
2 ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті8
2. 1 Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері8
2. 2 Сайлау органдары11
2. 3 Сайлау округтерi мен учаскелерi15
2. 4 Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi17
2. 6 Дауыс беру қорытындыларын анықтау24
Қорытынды26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі28
Кіріспе
Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140 елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды, қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек деп ұсыныс жасалынды.
Көп социалистік мемлекеттерде демократия тәжірибесі социализмнен бұрын болған, ал біздің еліміз он сегізінші ғасырда тәуелсіздікті жоғалтқан соң тоталитарлық режимнен басқа режимді білмеді. Халықтың демократиялық салты имперлік ықпалмен ығыстырылды. Бірақ, тәуелсіздік алып, еліміз демократиялық қайта құру рельсіне тұрып өркениеттік, нарықтық экономикалық күшті мемлекет құруда маңызды қадамдар жасады.
Біздің қоғам бірінші қадамдар жасап қатаң әкімшілік регламентациядан демократиялық билік құруға кірісті. Әр сайлауда қазақстандық сайлаушылар еркін дауыс беру тәжірибесін алып, саяси үрдістерге қатысады. Еліміз электоралдық циклді аяқтап келеді деп айтуға болады, қазір біз жаңа кезең алдында тұрмыз. Табысты ілгері даму едәуір шамада сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау туралы заң сапасын арттырумен байланысты.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы жалпы сайлау ерекшеліктері қамтылып ашылған.
Негізгі бөлім
1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Сайлау құқығы термині заң әдебиетінде субъективті және объективті мағынада қолданылады. Субъективті мағынада сайлау құқығы жеке азаматтың мемлекеттік орган немесе қызмет иесіндегі адамның сайлауға қатысуын білдіреді. Ал объективті мағынасын алсақ, ол Ата-заң құқығының маңызды институттарының бірі болып саналады. Бұл институт мемлекеттің өкілдік органдар мен қызмет иесі адамдарды сайлауға қатысуды, бұл сайлауды ұйымдастыруды және де сайлаушылар мен депутаттар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан құралады.
Сайлау құқығы екі түрлі субъективтік құқықтарға бөлінеді:
-біріншіден, сайлауға қатысу құқығы (дауыс құқығы, сайлау құқығы), яғни белсенді сайлау құқығы;
−екіншіден, мемлекет азаматтарының қандай да бір өкілдік органына мүше болып сайлану құқығы, яғни бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, ҚР Парламентінің, мәслихатының депутуты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органыны мүше болып сайлану құқығы (ҚР сайлау туралы заң 1999 ж. 4-бап, 2- пункт) .
Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 4-бап 1-пунктіде жазылған: «Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы».
Француз ғалымы М. Дюверженің пікірі бойынша «жалпыға бірдей сайлау құқығы - бұл қабілеттіліктер мен мүлікке байланысты шарттарға шек қойылмаған сайлау жүйесі»[ Duverjer M Institutions Politiques et Droit Constitutionnel. Paris. 1970. P. 89. ] . Бірақ та бұл идеалистік түсінік мемлекеттердің көбісі қолдамайды. Өйткені кез келген мемлекетте сайлау бойынша қандай да бір шектеулер бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес 18 жасқа толмаған, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Демократияны құру жолындағы мемлекеттер азаматтардың сайлау құқығын шектейтін әр түрлі цензалар кеңінен қолданады. Бұл цензалардың көбісі тарихи, дәстүрлі түрінде қалыптасты.
Тұрғылықты жер цензасы бойынша АҚШ және Австралияда белсенді сайлау құқығын алу үшін бір ай бойы сайлау округінде тұру жеткілікті болса, Индияда - 180 күн, Канадада - бір жыл, Норвегияда - бес жыл, Тайландта - 20 жылдан кем емес тұру қажет.
Қазіргі кезде жыныс цензі өте сирек кездеседі (Кувейтте ғана әйелдерде дауыс беру құқығы жоқ), бірақ Еуропада кейбір оқиғалар кездеседі, әйел адам сайлау құқықтарын жүзеге асыра алмайды. Мысалы, 1991 жылы Швейцария Жоғары Соты Аппенцель - Иннерроден деген жартылай кантонды, яғни кантон деңгейінде әйелдерге сайлау құқығын беру туралы шешім қабылдады. Тек 2002 жылы ғана әйелдер жергілікті сайлауға қатыса алды.
Біздің мемлекетіміздің заңында бәсең сайлау құқығының да шектеулері бар:
- ҚР Ата-заңының 41-бап 2-пунктіге сәйкес Қазақстанда 15 жылдан кем емес тұратын және мемлекеттік тілді жетік білетін, 40 жастан аспайтын, Республика азаматы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады; ҚР Ата-заңының 51-бап 2-пунктіге сәйкес кемінде 3 жыл республикалық мәні бар қалада немесе республиканың астанасында тұрған, тиісті облыстың аймағында әрдайым тұратын, жоғары білімі және ең кемінде 5 жыл қызмет істеу стажы бар, отыз жылға толған, бес жылдан кем емес азаматтықта болатын Қазақстан Республикасы азаматы Сенаттың депутаты бола алады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы 4-бап 4-пунктіге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде:
- Тіркелу алдындағы бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған;
- тіркелу алдындағы бір жыл ішінде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
- тіркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша алып тасталмаған адамды тіркеуге болмайды.
Қазақстанда орнатылған бәсең сайлау құқығының жас бойынша шектеулер антидемократиялық шаралар емес. Мұндай шектеулер әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданыс табуда. Сайланған кандидат мемлекеттік масштабында шешімдерді қабылдауға нақты әсерін тигізу қажет.
Тең сайлау құқығы сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына, сондай-ақ Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады дегенді білдіреді.
Төте сайлау құқығы бойынша Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.
Жасырын дауыс беру принципі Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандайда болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді дегенді білдіреді. Сондықтан кейбір елдерде жасырын дауыс беруді қамтамасыз етудің әр түрлі әдістері болады. Мысалы, ең көп таралатын әдіс - бюллетень арқылы дауыс беру; сайлаушы арнайы бөлінген үй-жайда бюллетеньде белгілеп сайлау жәшігіне салады.
Көп елдерде жасырын дауыс беру принципін бірден танымамады. Францияда бұл принципті 1789 жылы орнатты, бірақ іс-жүзінде 1871 жылдан бастап қолдана бастады. Англияда жасырын дауыс беруге 1872 жылы Гладстон реформасынан кейін ғана көшті, ал сол уақытқа дейін ашық немесе ауызша дауыс беру сайлауы өткізілді.
Біздің елімізге келсек, қазақ хандарды, билерді және әскери басшыларын сайлау процедурасы көп зерттелмеді, бірақ орта ғасырларда жоғары қызметтік адамдарды сайлау кезінде арнайы белгіленген жауынгерлер иыққа салатын дорбалармен бірге ауылдарды аралап шығып сол дорбаларға таңдаушылар өзінің таңдаған адамдарының белгілерін салды. Бұны біз бізге жеткен ақсақалдардың әңгімелерінен білеміз. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз да сайлау құқығының жалпы демократиялық принциптерін пайдаланғанын көруге болады .
2 ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті
2. 1 Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері
Мемлекетіміздің сайлау жүйелеріне тоқталмас бұрын алдымен жалпы сайлау жүйесінің түсінігіне тоқталып өтелік.
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны - сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
- берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутатық мандатты беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция ), аралас жүйе түрінде қолданылады [Ковлер Л. И. Политический маркетинг во Франции. Техология и организация выборных кампаний. Зарубежный и отечественный опыт. М., 1993. С. 32. ] .
Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне ие болған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйе қолданылатын сайлау округтері бір мандатты болып келеді, яғни әрбір партия округтан тек бір үміткер ұсынады, ал сайлаушы үміткерге дауыс беру арқылы партияны қолдайды.
Пропорционалды сайлау жүйесі әлемде өте кең таралған. Оның шарты бойынша сайлауға қатысқан әрбір саяси партия Парламентте депутаттық мандат санын алады, ол дауыс санына тура пропорционалды болмақ.
Бұл жүйе өазіргі күні әлемнің 60 елінде қолданыста [Избирательные системы стран мира. М., 1961. с. 46] .
Ол бір мақсатқа - дауыс пен мандат саны мөлшерін сәйкестендіруге бағытталған.
Сайлау процесінде жекелеген үміткерлер емес, партиялық тізіммен сайысқа түседі. Сол себепті де әр округтен бірнеше үміткер шығады.
Аралас жүйе жоғарыдағы екеуінің қоспасынан келіп шығады. Бір палаталы Парламент сайлауы немесе қос палаталы Парламенттің бір палатасына сайлау кезінде депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша, екіншісі - өздігінен, бір мандатты округтерден сайланады. Қазіргі уақытта бұл сайлау жүйесін Қазақстанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде мынадай сайлау жүйесі қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу пайыздан астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат болып сайланады;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады;
-егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу пайызы дауыс берсе, ол сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
-басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
2. 2 Сайлау органдары
Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
Сайлау комиссияларға Республиканың Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, округтiк сайлау комиссиялары, учаскелiк сайлау комиссиялары кіреді.
Сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бес жыл. Әрбір сайлау органының өз өкілеттілігі бар. Біз тек қана Республиканың Орталық сайлау комиссиясының өкілеттігіне тоқталып өтейік.
Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Ол Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 12-бапқа сәйкес Орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктері:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарының сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн құрып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау қҗжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған жәшiктер мен сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдары мен бастамашыл топтарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат қҗралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды;
17) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. 3 Сайлау округтерi мен учаскелерi
Қазақстан Республикасында Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланады. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасындағы сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының айырмасы жиырма бес проценттен аспауға тиiс.
Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады. Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi құрылады. Ал Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Сайлау округтерiн тиiсiнше Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар ескеріле отырып құрылады:
1) Әрбiр сайлау учаскесiнде сайлаушылардың үш мыңнан аспауы керек;
2) Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы қажет;
3) сайлау округтерiнiң шекаралары мен сайлау учаскелерi шекараларының қиылысып кетуiне жол берiлмеуi ескерiле отырып құрылады.
2. 4 Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сайлаушылар тiзiмiн учаскелiк сайлау комиссиялары әрбiр сайлау учаскесi бойынша жасап, оған учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18 жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы көрсетiледi.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 25-бап 1-пунктіге сәйкес:
1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:
1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;
2) тұрғылықты жерi бойынша тiзiмдердi жасаған кезде тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтар;
3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторы мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бірi;
4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;
5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген ірi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шетелдерде жеке шақыру бойынша қызметтiк, iскерлiк және туристiк сапарларда жүрген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссияларына өтiнiш айтқан ірi Республика азаматының жарамды шетелдiк паспорты болған жағдайда сайлаушылардың қосымша тiзiмiне енгiзiледi.
2. 6 Дауыс беру тәртiбi
Қазақстан Республикасында кандидатты сайлау бюллетень арқылы іске асырылады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сайлау бюллетенi - жасырын дауыс берудің бір әдісі. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 37-бапқа сәйкес:
1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сайлау бюллетеньдерi қазақ тiлiнде және орыс тiлiнде не округтiң аумағында жинақы тұратын көпшiлiк халықтың тiлiнде басылады.
3. Сайлау бюллетеньдерi учаскелiк сайлау комиссияларына сайлауға жетi күн қалғанға дейiн жеткiзiледi.
4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде учаскелiк сайлау комиссияларына тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлауға үш күн қалғанда сайлау бюллетеньдерiн жеткiзiп бередi.
5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz