Негізгі өндіріс шығындарының есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Негізгі өндіріс мәні,шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы және шығындар есебі
1.1 Негізгі өндіріс мәні және негізгі өндіріс шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2Материалдық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Еңбек шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Үстеме өндірістік шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері
2.1 Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жартылай фабрикаттық тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: Негізгі өндіріс мәні және негізгі өндіріс шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы, материалдық шығындар,еңбек шығындары, үстеме өндірістік шығындар, өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері,
шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жартылай фабрикаттық тәсілі.
Курстық жұмыстың мақсаты:негізгі өндіріс шығындарының есебінің мәнін ашу және талдау болып табылады.
1«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Радостовец В. К, Ғабдуллин Т. Ғ, Радостовец В. В, Шмидт О. И.
2. «Басқару есебі оқулық» - В. Л. Назарова, М. С. Жапбарханова, Д. А. Фурсов, С. Д. Фурсова.
3. «Бухгалтер бюллетені»,журналы.
4. «Басқару есебі» - Р.С. Әбдішүкіров , Б.С. Мырзаалиев 5. «Басқару есебі» - К.Т Тайгашинова

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Негізгі өндіріс мәні,шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы және шығындар есебі
1.1 Негізгі өндіріс мәні және негізгі өндіріс шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2Материалдық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Еңбек шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.4 Үстеме өндірістік шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері
2.1 Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жартылай фабрикаттық тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: Негізгі өндіріс мәні және негізгі өндіріс шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы, материалдық шығындар,еңбек шығындары, үстеме өндірістік шығындар, өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілдері,
шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің жартылай фабрикаттық тәсілі.
Курстық жұмыстың мақсаты:негізгі өндіріс шығындарының есебінің мәнін ашу және талдау болып табылады.

1.Негізгі өндіріс мәні және оның шоттар корреспонденциясы
1.1 Негізгі өндіріс мәні және негізгі өндіріс шығындар есебінің шоттар корреспонденциясы
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорының жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндіретін өніміне, атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және көмекші өндірістер болып бөлінеді. Менің курстық жұмысым негізгі өндірске арналғандықтан негізгі өндіріс шыығындарына көбірек көңіл бөлемін.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдеркәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай - ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу- машина жасау зауттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Кәсіпорынның өнімді шығару үшін құрылған себебіне байланысты сол өнімді шығаруға арналған өндіріс, сондай - ақ өткізу үшін және зауыт ішінде тұтыну үшін арналған жартылай фабрикаттар негізгі өндіріске жатады.
Негізгі өндіріс шығындарының есебі Негізгі өндіріс 8100 бөлімшенің шоттарында есептелінеді:
8110 Негізгі өндіріс
8111 Негізгі өндірістің тура жұмсалатын материалдары
8112 Өндірістік жұмысшылардың тура еңбекақысы
8113 Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақы қорынан ұсталынатын аударымдар
8114 Өндірістік үстеме шығындар
Аналитикалық есептің көрсеткіштері ішкі есепті құрастыру барысында құрылады. Ішкі есеп беру шығарылған өнімнің түрлері, өлшем бірлігі, құрылым бөлімшелер шығындар баптары туралы ақпараттар негізінде құрастырылады.
Аналитикалық есеп өндіріс шығындар есебі бойынша барлық шоттар көрсеткіштерін тәптәштеу үшін жүргізіледі. Аналитикалық есептің деңгейі бақылау және басқару үшін ұйымға қажетті көрсеткіштермен аңықталады . Мысалы, менеджерлерді нақты сенімді ақпаратпен жедел түрде қамтамасыз ету мақсатында Негізгі өндіріс 8100 бөлімшенің шоты үшін аналитикалық есепте калькуляция баптары және жұмыстың орындалу орны шамада өнімнің түрі бойынша, жұмыстын түрі бойынша және әр тапсырма бойынша бөлек іске асырылады. Аналитикалық есеп айдың басындағы және айдын соныңдағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары бойынша, есептеу ай ішіндегі шығындар бойынша, ақау шығындар түрінде есептен шығарылған сомалар бойынша, сондай- ақ өндірісте үнемделген материалдардың құнына және шығарылған өнімнің ,орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің өзіндік құнына ақпараттың топтастырылуын қамтамасыз етуі керек.
Өндіріс шығындар есебін элементтері және баптары бойынша қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістің барлық шығындарын шығарылған өнімнің түрлері бойынша Негізгі өндіріс 8100 бөлімшенің шоттарында топтастырады. Бұл шот міндеті бойынша калькуляциялық болып табылады, экономикалық маңызы бойынша шаруашылық процестердің жағдайын сипаттайды.
Төменде 1 кестеде негізгі өндірістегі шығындар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген.

1- Кесте. 8110 Негізгі өндіріс шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық
операциялардың мазмұны
Шоттар кореспонденциясы

Дт
Кт
Есепті кезеңнің басына аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар көшіріледі
8110
1340
Қоймаға тапсырылған дайын өнімнің өзіндік құны
1340
8110
Негізгі өндіріс қажетіне жұмсалған шикізат пен материалдарды есептен шығару
8110
1310
Негізгі өндіріс қажетіне жұмсалған өзге қорларды есептен шығару
8110
1350
Негізгі өндіріс қажетіне жұмсалған көмекші өндіріс шығындарын есептен шығару (көмекші өндіріс цехтары өндірген будың ыстық,суық судың және т.б құны)
8110

8310
Негізгі өндіріс қажетіне жұмсалған өздері өндірген жартылай фабрикаттардың құнын есептен шығару
8110
8210
Негізгі өндірісте технологиялық мақсаттарға жатқызылған сыртқы ұйымдар қызметінің құны (электроқуаты, жылу, ыстық және суық су,газ, көлік қызметі және т.б қызметтер):
oo Жеткізушілер мен тапсырысшылар бойынша
oo Еншілес ұйымдар бойынша
oo Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдар бойынша
oo Өзге ұйымдар мен жеке тұлғалар бойынша

8110
8110
8110

8110

3310
3320
3330

3390
Негізгі өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы есептеу
8110
3350
Негізгі өндіріс қызметкерлерінің табысына есептелген әлеуметтік салық
8110
3150
Сол сияқты, әлеуметтік аударымдар
8110
3220
Негізгі өндіріске қатысты жүкқұжат шығындарын есептен шығару
8110
8410
Негізгі өндіріс қызметкерлерінің еңбек демалысына есептелген резерв
8110
3430
Есепті кезең (жыл) соңында, еңбек демалысы үшін артық құрылған резервті қалпына келтіру:
Ескерту: Бұл операцияны екі тәсілмен жүргізуге болады: қызыл сторно тәсілімен , теріс проводка тәсілімен
oo Қызыл сторно тәсілімен
oo Теріс проводка тәсілімен

8110
3430

3430
8110
Дайын өнімді кірістеу
1320
8110
Есепті кезең сонында аяқталмаған өндіріс қалдығын есептен шығару
1340
8110
Қолдануға жарамды негізгі өндіріс қалдықтарын пайдалануға болатын бағамен кіріске алу
1350
8110
Өнімді мал мен күш көлігі ретіндегі жас малдардың есебің көрсету
2520
8110
Аяқталмаған өндірістің төтенше апатқа байланысты пайда болған шығындары
7470
8110
Аяқталмаған өндірістің кем шыққан шығындарын көрсету:
oo Материалдық шығынды кінәлі тұлғаға жатқызу
oo Егер кінәлі аңықталмаса немесе шығынды өндіру мүмкін болмаса

1250
7470

8110
8110
Аяқталмаған өндіріс қызметінің қысқартуларына байланысты шығындар
7510
8110
Орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің шынайы өзіндік құны
7010
8110
Үстеме шығындарды есептен шығару
8100
8400

1.2 Материалдық шығындардың есебі
Өндірістік шығындар шығындардың элементтерңнен құралады. Өнім өндіру үшін шикізат пен материал қажет. Осыған орай материалдар шығындардың басты элементі болып табылады. Материалдық шығындары басқару - бұл басқару есебінің негізі. Қоймадан босатылған материалдардың бастапқы құжаттарының негізінде, Материалда шығындарының элементтерін басқару үшін ақпараттар аламыз. Өндірістік цехтарға материалдар бастапқы құжаттардың негізінде қоймадн босатылады. Басты талап құжаттар уақытында толтырылып, ондағы қажетті мәліметтер толық көрсетілуге тиісті.
Өндірісте тұраақты түрде қолданылатын қорларды босатуды хаттау үшін лимиттік - алым картасы (кесте 2) пайдаланылады. Бұл құжат норматив бойынша материалдарды босату кезінде қолданылады және өндірістік өажеттілік үшін қорлар мен материалдардың бекітілген лимитін сақтауды қамтамасыз етеді, әрі материалдық қорларды қоймадан есептен шығару үшін заңды құжат болып табылады. Лимиттік - алым карталары (ЛАК) жабдықтау немесе жоспарлау бөлімі қордың бір түрі бойынша 2 дана етіп жазып береді. ЛАК-ң бір данасы ай басталмай тұрып цехқа - қорды пайдаланушыға, ал екінші данасы - орталық қоймаға немесе цех қоймасына беріледі. Цех өкілі лимиттік - алым картасының өзіндегі данасын ұсынғанда, қоймадағы қорлар өндіріске босатылады. Қойма меңгерушісі екі данаға да босатылған күн мен босатылған қорлардың санын көрсетеді, одан кейін лимит қалдығын есептен шығарады. Цехтың лимиттік - алым картасына қойма маеңгерушісі, ал қойманың ЛАК- на цех өкілі қол қояды.
Бастапқы құжаттар санын азайту үшін, ыңғайы келген жерде, қорларды босатуды материалдық есеп карточкасы бойынша хаттау ұсынылады. Қорларды осылайша босатқан кезде шығыс құжаттары хатталмайды, ал жазба бір дана етіп жасалған лимиттік картаның негізінде жүргізіледі.Цехтың өкілі қорларды алған кезде материалдардың қоймалық есеп карточкасына тікелей қол қояды, ал лимиттік - алым картасына қоймашы қол қояды.
Лимиттен тыс қорлардың бір түрін екінші түрімен айырбастау тек қана фирма басшысының немесе уәкілетті тұлғаның рұқсаты бойынша іске асырылады. Лимиттен тыс қорларды өндіріске босату және айырбастау үшін талап - актісі жасалады, лимитті бекіткен тұлға ғана оны өзгертуге құқылы. Материалдық қорлар лимиттік - алым картасында көрсетілген қоймадан ғана босатылады. Қойма меңгерушісі лимиттік -алым картасында қорлардың босатылған күнін, көлемін көрсетіп, одан соң әрбір номенклатуралық нөмір бойынша лимит қалдығын есептеп шығарады.
2 кесте. Лимиттік алым картасы
( кәсіпорын, ұйым)____________________________
№ ____ Лимиттік алым картасы
Ақпан айы 2013 ж.
Операцияның түрі
қойма
алушы
Корреспонденциланатын шот

цех

Шот,субшот
Аналитикалық шоттың коды
Өндіріске босатылды
1
1

8010

Аты, сұрпы, көлемі, маркасы
Жайма фанер

Коды (номенклатуралық нөмірі)
0218

Өлшем бірлігі, өлшем бірлігінің коды
т

Лимит
163,5

Қойма картотекасы бойынша жазба нөмірі
26

Қайтарылуы ескеріле отырылып барлық босатылғаны
Саны
163,5
Саны

Саны

Бағасы
10000
Бағасы

Бағасы

Сомасы
1635000
Сомасы

Сомасы

Босатылды
уақыты
Қойма меңгерушісінің немесе алушының қолы
саны
Лимит қалдығы
саны
Лимит қалдығы
саны
Лимит қалдығы

1
2
3
4
5
6
7
8

12,01

80,0
83,5

15,01

40,0
43,5

17,01

23,0
20,5

19,01

10,5
10,5

21,01

10

(2 кесте. Лимиттік алым картасының екінші беті)
Босатылды
уақыты
Қойма меңгерушісінің немесе алушының қолы
саны
Лимит қалдығы
саны
Лимит қалдығы
саны
Лимит қалдығы

1
2
3
4
5
6
7
8

Қайтары лдыды

Бастығы____________________ Бастығы___________________
Лимитті бекіткен бөлімнің аты материалдық құндылықтарды алған бөлімшенің аты Қойма меңгерушісі____________________ ____________________
Қазіргі кездегі өндірістік ортада шаруашылық етуші субъектілер көп бөлшектер мен өлшеуіштерді қажет ететін, кең ассортиментті өнімдер өндіреді. Сондықтан, мұндай шаруашылық субъектілері де материалдарды басқару және жоспарлау мәселелері кешенді мәселелер болып табылады.
Ол үшін алдымен шаруашылық субъектілері де материалдарды босату және алу, тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлаудың бірінші сатысы - қорлардың оптимальды деңгейін анықтау.
Қорларды басқарудың басты мақсаты: шикізаттан дайын өнімге дейін -- қорлардың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады. Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар сұраныс пен өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейді тұрақты түрде қадағалап отыру керек.
Осымен қатар, онда шамадан тыс қорларды болдырмауын, әр заматта қорларға жұмсалған қаражаттардын тиімділігін және олардың басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестірген жөн.
Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу, сол қорларды бақылау үшін керек, бірақ біздің басты мақсатымыз - шикізат пен материаддар есебінің процедурасын карастыру: сондықтан бұл арада біз қорлардың оптимальды деңгейін қалай белгілеуге болатындығы жөніндегі мәселені қозғамаймыз.
Бәрімізге белгілі, материалдардың қорлану деңгейі олардың кірісімен тәуелді болады. Сақгауда жатқан материалдардың әрқайсысы бойынша оптимальды қорды қамтамасыз етуге қойма меңгерушісі жауапты. Ол қойма есебі (форма М-15) карточкасында қолдағы бар материалдар санының оперативтік немесе жедел есебін жүргізеді. Егер оның есебі компьютерде жасалатын болса, онда есеп карточкасының орнына тапсырыс орындары мен материалдардың қалдықтары жазылған дисплейі жеткілікті болады. Өндіріс сұранысы мен қойма ұсынысы арасындағы сәйкессіздік жабдықтау бөліміне белгілі бір мөлшерде кайтадан тапсырыс беру арқылы жойылады. Егер компьютерленген жүйе әрекет етсе, онда компьютер, қор деңгейін тапсырыс орнына (нүктесіне) жеткенде, тапсырысты автоматты түрде басады.
Жүйенің маңызы босалқылар қос бункерлік сақтаумен қорытындыланады. Бұл кезде қоймашы материалдың әрбір атауы екі негізін карточкамен көрсетілетін негізгі картотеканы енгізуі тиіс. Бұдан басқа, пайдаланылмаған запастар пакетіне салынған қайталама тапсырыс карточкасы болады. Пакетте сенімді сақталған материалдар тобы көрсетіледі. Пакеттер негізгі запас таусылғанша тиісуге болмайды. Ал негізгі материал босалқасы таусылып, пакет ашылған кезде, қайтадан тапсырыс берілуі тиіс.
Қосбункерлік сақтау жүйесін енгізгенге дейін материалдарды жылдам сатып алу тапсырмасының санын және жылдам сатып алумен байланысты шығындары ескеріледі.
Ұсынылған жүйе материалдар тапшылығын 0,5-0,75 пайызға айына төмендете алады. Жұмсалатын материалдардың жетіспеу себептері болып саналатыны:
oo қысқа уақыт аралығында күтпеген сұраныс;
oo өндірісте дайын тетіктердің ұзақ ұсталынуы;
oo бекітілген мерзімде жеткізу туралы келісімді орындаудың жеткізілуі үшін қиындығы;
oo тексеру кезінде анықталмаған ақау.
Материалдарды сатып алу. Жабдықтау бөлімі тапсырыс көшірмесін алған кезде, сатып алу сұрақтарымен айналысатын қызметкер бөлімдегі сарапшылардың (агенттер) ақпаратына сүйене отырып, материалдарды жеткізушіге өтініш жазылады. Тапсырыстың көшірмесі осы құжаттың мәлеметтерін, тауарлар келген кезде тексеру үшін қоймаға жіберіледі.
Материалдарды қабылдау. Қоймаға материалдарды қабылдау кезінде оларды жеткізуші толтырылған жүк накладнойының және жеткізуге тапсырыс көшірмесінің мәліметтерімен салыстырып қарайды.
Қойма алынған тауарларды кіріс ордеріне немесе басқадай кіріс құжаттарға енгізеді және қойма карточкасының (қабылданды) бағанасына қажетті жазуларды жасайды. Тауардың алынғаны туралы құжаттар жабдықтар бөлімі және бухгалтерияға беріледі. Жабдықтау бөлімінде тапсырыстың орындалғаны белгіленеді, ал бухгалтерияда тек нақты алынған тауарлар үшін ғана төлем жасау үшін бұл құжат жеткізушінің шотымен салыстырылады. Жеткізушіден шот әдетте тауарлар алынғаннан кейін бірнеше күннен кейін тапсырылады, бухгалтерия материалдың әрбір түрін бағалау үшін осы шоттың мәліметтерін пайдаланады. Сосын алынған тауарлар туралы жазулар материал босалқыларының мәліметтері көрсетілетін жиынтық ведомстің сәйкесінше бағанасына енгізіледі. Мұндай ведомстің мысалы 3 кестеде көрсетілген.

3 кесте. Босқалқылар есебінің кітабы
Материал
Код
Ең жоғарғы мөлшері
Ең аз мөлшері

Алынғаны
Босатылғаны
Қалғаны
Мерзім
ИТП №
Мөлшері
бағасы
сомасы
талаптары
Мөлшері
бағасы
сомасы
Мөлшері
бағасы
сомасы

Бұл құжатта нақты бар материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің мөлшері мен құны белгіленеді. Кәсіпорындарда мұндай есепті жүргізу үшін есептеу техникасы пайдалануы тиіс.
Материалдарды босату. Жоспарлы-өндірістік бөлім өндірістік жоспармен жоспарланған босалқы деңгейіне сәйкес өндірістік процестің жүзеге асуына жауап береді. өндіруге кірісу үшін құжатты негіздеме болып жоспарлы-өндірістік бөлімнің белгілі бір өндірістік бөлімшеге (цехқа) берілген өндірістік тапсырыс болып саналады.
Жоспарлы-өндірістік бөлім сондай-ақ тапсырысты орындау үшін қажетті материалдардың мөлшерін анықтап, өндірістік тапсырысқа қоса тіркелетін қажетті материалдарды қоймадан босатуға талаптаманы (ҚБТ) 4 кесте аударады.

4 кесте. Қоймадан босатуға талаптама
Талап ететін материалдар (үстеме шығындардың тапсырысы немесе ведомосы) цех
№ мерзімі
Мөлшері
түрі
Код №
салмағы
бағасы
сомасы
Ескерту

Шебер

Цех бастығы осы тапсырысты алғаннан кейін құжаттарды сәйкесінше материалдармен алмастыру үшін қойма меңгерушісіне береді. Осыдан кейін қойма меңгерушісі қойма карточкасының босатылды бағанасына құжаттарда жазылған мәліметтерді түсіреді. Сосын ол талаптаманы бухгалтерияға немесе есептеу орталығына жібереді.
Көптеген кәсіпорындар бұл талаптаманың орнына тәжірибеде материалдарды босатудың шекті ведомосын немесе шекті картасын пайдаланады.
Бухгалтерия қоймадан босатуға талаптама құжатын алғанда онда көрсетілген материалдардың әрбір түрі бойынша бағасы мен сомасын қояды. Бұл мәліметтер әрбір босатылған материалдар үшін алынды бағанасынан, ал бағасы-сәйкесінше сол материалдардың айналым ведомосынан алынады.Қоймадан босату талаптама құжаттарындағы ақпарат айналым ведомосын мөлшері және сомасы бағаналарына көшіріп, әрбір материалдардың нақты түрінің мөлшерінің балансы мен жиынтығы есептелінеді. Осы операциялар компьютердің көмегімен орындалатын кәсіпорындарда кейбір тіркелімдердің қажеті жоқ. Мысалы, компьютерге алынған және босатылған материалдардың мәліметтері енгізілуі мџмкін, бұл кезде қойма карточкасы мен материалдар босалқысы есебінің кітабын пайдаланудың қажеттігі жоқ.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі. әрбір босатылған материалдың құны бағалау әдісін таңдауға тәуелді түрде тапсырыс нөмірі бойынша шығындарға немесе сәйкесінше үстеме шығындарға енгізілуі тиіс, бұл қажетті ақпарат алғашқы құжаттан алынады.
Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі төмендегі 1 суретте сызбамен көрсетілген.

1 сурет. Материалдар есебін жүргізу тәртібі
Қоймадан босату құжаттары
Қоймадан босату құжаттары
Тауардың
алынғаны жөнінде ескерту
Тауардың
алынғаны жөнінде ескерту

Қойма есебінің карточкасы
Алынды Босатылды
Алынды Босатылды

Жазу Жазу
Жазу Жазу

Шот фактураның мәліметтері бойынша бағалау
Шот фактураның мәліметтері бойынша бағалау
Айналым ведомосының мәліметтері бойынша бағалау
Айналым ведомосының мәліметтері бойынша бағалау

Айналым ведомосы
Алынды (дебет) Босатылды (кредит)
Алынды (дебет) Босатылды (кредит)
Жазу Жазу
Жазу Жазу

Үстеме шығындар
шоттары
Үстеме шығындар
шоттары
Тапсырыс
шоттары
Тапсырыс
шоттары

Жазу
Жазу
Жазу
Жазу

Өнім өндірудің барлық салаларында материалдық шығындар жалпы шығынның басты бөлігін құрайды ( яғни 50% деңгейінде) . Осыған байланысты материалдардың нықты жұмсалу көлемін барлық цехтар, бригадалар бойынша бақылау маңызды рөл атқарады. Сондықтан цех қоймаларындағы материалдардың аналитикалық есебіне аса зор мән беріледі.

1.3. Еңбек шығындар есебі

Жұмыс күшіне арналған шығындардың есебі мынадай мақсаттан тұрады - кызметтің түрлері бойынша жүмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жүмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу; жалақы қорының пайдалануьш бақылау т. б.
Еңбек шығындары - өзіндік құнды қалыптастыратын басты көрсеткіш, алайда, жұмыскерлерді оқытуға, жалдауға, таңдауға, еңбек ету жағдайын жасауға, қажет болғанда жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиян шығын өтеуге, ақылы демалыс төлемақыларын төлеуге және т.б толып жатқан шығын түрлерін жұмыс берушінің жұмсайтынын естен шығаруға болмайды.
Еңбек ақы шығындары бірыңғай болып келмейді, сондықтан басқарудың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды жіктейді. Кез келген жіктеменің негізінде біртектес күбылыстарды сипаттайтын қағидалар жату керек. Еңбек шығындар тәжірибесінде жүмыс күшінің шығындарын есептеу үшін келесі топтамасы қолданады:
oo жалақының түрлері бойынша -- негізгі және қосымша;
oo элементтері бойынша -- кесімді істелген жүмысына карап төленетін,
сыйақылар, сыртқы себептердің салдарынан болған еріксіз тоқтауларға
төлеу, т. б.;
oo кызметкерлердің қүрамы бойынша -- тізімді-штаттық, келісім-
шарт бойынша жүмыс істейтінтіндер және т.б.;
oo қызметкерлердіц категориялары бойынша -- жүмысшылар,
қызметкерлер, оның ішіндегі басшылар, бас мамандар.
Еңбек ақы бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
oo кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
oo ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйлық ақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлық ақыларға қосылатын үстемақылары;
oo жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімінен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды немесе ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшінзаңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық - түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім- кешекті қоса алғанда) құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
oo заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындармен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттылардың қысқартуына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
oo қолданып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы бойынша үстемақылар) төлеу;
oo қолданып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер бойынша шөлейтті,сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген коэффиценттер үшін төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңмен бекітілген үстемақыларды қосу;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар төлеу;
oo кәсіптік- техникалық учелищені бітірген түлектерге немесе жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;
oo заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу,уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда бекітілген қосымша ақыларды төлеу;
oo бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес ) басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан , сондай - ақ, уақытша басқа жұмысын атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
oo егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса , кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық - құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) және негізге алына отрып белгіленеді;
oo қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбеқ ақысы төмен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу;
oo уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда бе,лгіленген қосымша ақы төлеу;жұмысшы- донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар, Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (11% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып, жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.
Жұмыс күші өндірістік қызметте негізгі орынды алады және өндірістік ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады. Тек жұмыс күші, нақты еңбек қана қосымша құнды құрады. Осы себеп қана еңбек ресурстарын тиімді пайдалану қатынасын анықтайды немесе адамдарсыз, ұжымсыз ұйымдар өз мақсатына қол жеткізе алмайды.
Басқару есебі жүйесінде жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі негізгі орындардың бірін алады және өндіріс шығыны есебінің бөлігі ретінде көрініс табады.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі келесі бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс:
1. Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебі жіктелу топтары бойынша-технологиялық операцияларда жұмыс атқаратын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы; үстеме шығындардың құрамына енетін еңбек ақы.
2. Әрбір жұмысшыға келетін еңбек ақыны есептеулер мен ұсталымдар есебі; жекеленген қорлар мен бюджеттен тыс ұйымдар әртүрлі аударымдар есебі.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебінің мақсаты-әрбір қызмет түрі бойынша еңбек уақытының шығынын анықтау; ауысымдық тапсырысты орындау деңгейінің шамасын анықтау; еңбек ақыны шынайы есептеу; еңбекке ақы төлеу бойынша жұмысшылармен есеп айырысу; еңбек ақы қорын пайдалануды талдау.
Еңбек ақы шығындары біртектес болмайды, сондықтан басқару талаптарын қанағаттандыру мақсатында оларды жіктейді. Кез келген жіктеудің негізіне біртектес құбылыстарды сипаттайтын принциптер енгізілуі тиіс.Мысалы, 2 суретте тікелей еңбек ресурстарын басқарумен байланысты қызметкерлер, соның жоспарлау мен нормалау процестерімен байланысты шығындар, жұмысшылар санын жинақтау, іріктеу және қысқарту шығындары секілді басқару процестері бойынша шығындар туралы ақпараттар болмайды .

2 сурет. Еңбек ресурстарын басқару жүйесінің элементтері
Жұмыс күшін жинақтау және іріктеу
Жұмыс күшін жинақтау және іріктеу

Еңбек
ресурстарын
жоспарлау
Еңбек
ресурстарын
жоспарлау
Жұмысшы санын нормалау
Жұмысшы санын нормалау
Жұмыс күшіне
жұмсалған
шығындар есебі
Жұмыс күшіне
жұмсалған
шығындар есебі

Кәсіби
бағдар және
оқу
Кәсіби
бағдар және
оқу
Жұмыс күшін
пайдалануды бақылау.
Шығындарды бақылау

Жұмыс күшін
пайдалануды бақылау.
Шығындарды бақылау

Жетекші
кадрларды дайындау
Жетекші
кадрларды дайындау
Еңбек әрекетін бағалау шығарылым есебі
Еңбек әрекетін бағалау шығарылым есебі

Реттеу:көтеру, төмендеу, ауыстыру,
шығару
Реттеу:көтеру, төмендеу, ауыстыру,
шығару

Шығындарды нақты жіктеу ең алдымен олардың туындау себептерін анықтау үшін қажет. Бұдан басқа нарыққа көшуге сәйкес кәсіпорындарға еңбек ақының мөлшері мен төлеу тәртібін анықтау құқығы берілген. Осы жағдайда жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың шектеулі саралау басқару мақсатын қанағаттандыра алмайды.
Басқару есебінің негізгі мақсаттарын жетекшілікке ала отырып, өнімнің өзіндік құнына енетін еңбек ақыны еңбекке ақы төлеу қорынан бөліп алу керек.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды жіктегенде, біздің ойымызша, басты назарды келесі баптарға аударған жөн;
1. Өнім өндірісі процесімен тікелей айналысатын өндірістік жұмысшыларға еңбек ақы төлеу шығындары. Мұнда атқарылатын норма және үстеме бағалар бойынша жұмысқа төлемдер, уақытша төленетін жұмыстар бойынша төлемдер енгізіледі.
2. Ынталандырушылық сипаттағы төлемдер-жұмыс сапасына және шеберлікке қосымша ақы, жұмыс стажы, ұзақ жыл еңбек еткені үшін сый ақы, әртүрлі сыйлықтар.
3. өндірістік емес төлемдер-заңға сәйкес атқарылмаған уақыт үшін төлемдер; жұмысшының кінәсі болып табылмайтын ақауға төлемдер; қалыпты еңбек жағдайынан ауытқулар үшін төлемдер, түнгі жұмыс үшін қосымша ақылар, жұмысшының біліктілігі сәйкес болмағаны үшін басқа жұмысқа ауыстыру және т.б.
4. Жұмыс күшін жалдау, іріктеу бойынша шығындар.
5. Саны мен еңбекті нормалау мен жоспарлау бойынша шығындар.
6. Кәсіби бағдар, оқыту және қайта оқытумен байланысты шығындар.
7. Құралдарды және көмекші құралдарын жөндеу, жұмыс орындарын дайындау және қызмет көрсетумен айналысатын көмекші жұмысшыларға еңбек ақы төлеу шығындары.
8. Жалпы өндірістік шығындар құрамына енетін өндірістік бөлімшелерді басқарумен байланысты жұмысшыларға еңбек ақы төлеу шығындары.
9. Жетекші кадрларды дайындау шығындары.
10. Жалпы өндірістік шығындар құрамына енетін, кәсіпорындарды басқарумен айналысатын мамандар мен жетекшілерге еңбек ақы төлеу шығындары.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың ұсынылған топтастырылуы көп жағдайда өзіндік құн есебі мен пайданы есептеу мақсатына, сондай-ақ жекелеп алғанда шығындарды бақылау және реттеу мақсатына жауап береді. Ал шешім қабылдауға келсек, онда есепте болашақтағы жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды бөліп көрсету мәселесін есте ұстау керек.
Жұмыс күшіне жұмсалған шығындар есебін жүргізу тәртібі сәйкесінше еңбек ресурстары мен жұмыс күшіне жұмсалған шығындарды басқару процестерін сипаттайды.
Келісімді еңбекке ақы төлеу шығындарын жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік құнына тікелей қосуды қарастырады. Бұл жағдайда шығындарға өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын, өндірісте қосымша операциялармен айналысатын қосалқы өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын, бригада да жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін бригадирлердің қосымша ақысын жатқызуға болмайды.
Мұндай шығындардың бір бөлігін жалпы өндірістік және жалпышаруашылық үстеме шығындарға жатқызады және кәсіпорында қабылданған әдістемемен оларды бөледі. Шығынның бөлігін жекелеген топтарға бөледі және өнімнің нақты түрлері арасында, дайын өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында бөледі.
Осы тұрғыдан бұйымдар түрлері бойынша сметалық (нормативтік) ставканы жасайды. Ставканы есептеу шамасының базасы ретінде уақытша еңбек ақылы жұмыс орнының саны, қызмет көрсету нормасы және жұмыс уақытыныњ бюджеті, тарифтік ставкалар мен сыйақылар жатқызылады.
Ставкалар шамасының есептесу базаларын жиі өзгерту салдарынан көптеген кәсіпорындар осындай шығындардың жұмысшылардың үйлесімді тікелей еңбек ақыларына есепті кезеңде қалыптасқан пайыз бойынша бөлінеді.
Еңбек шығындарынан өзге, жұмыс беруші жұмыс кџшімен байланысты бірқатар шығындарды, оқыту бойынша, жалдау, іріктеу, еңбек жағдайын жақсарту, залалды қайтару, демалыс, зейнетақы қорына жарналар еңбекпен қамту қорына жарналар қамтиды. Шығындардың бұл тобы жіктеу баптары бойынша жинақталып, не үстеме шығындармен бірге, не үйлесімді есептеу мақсатында өндірістің бухгалтерияда шығындар сметасының орындалуы туралы жинақтау ведомосын жасайды, онда нақты шығындарды сметалықпен салыстырады. Жекелеген жинақтаулар ақау, жұмыс күшінің қозғалысы, жұмыс уақытының орындалуы туралы ақпараттарлы жинақтайды.

1.4. Үстеме шығындар есебі

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастырумен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар,әдетте,біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты-шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі,демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар,олар кешендік сипатқа ие болады.Олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8114-Үстеме шығындар шотында көрініс табады.Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша жүргізіледі.Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8110 шоты дебеттеліп және 8114 шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында Өндірісті дайындау және игеру шығыстарыдеген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу
ұзақтығы және басқада жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен аңықтайды.Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек , өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілген объектінің өндірістік қуаттылығын және нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп аңықтайды.
Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашында шығыстын жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өзгереді.
Егерде кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті игеру шығындары олардың арасына таратылады, ал тарату процессі әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және құрал жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығыстарына пара - пар етіп жасалынады.
Үстеме шығыстар- бұл өнімді өндіруге жанама байланысты шығындар, бір өнімге тікелей апаруға мүмкіндігі жоқ.
Үстеме шығындардың ерекшелігі:
1) Бұл шығындар комплексті шығындар: себебі, олардың құрамында шығындардың барлық экономикалық элементтері қатынасады;
2) Бірнеше өнім түрлерін шығарған жағдайда бұл шығындарды белгілі бір өнімге апару мүмкіндігі болмайды. Сондықтан бұл шығындар дайын өнімдер мен аяқталмаған өндірістерге жанама түрде бөлінеді.
Шығыстарды негізгі және үстемеге бөлу бөлімше қызметін баѓалау үшін негіз болып саналады, әрі жоспарлау, есепке алу, талдау, бақылау және өндіріс қызметін реттеу процестеріне тығыз байланысты.
Үстеме шығындарға, тікелей жалақыдан және тікелей материалдық шыыннан өзге, кәсіпорынның барлық шығындары жатады. Оның өзі әзірлеуге, ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға қатысты. Үстеме шығындар екі топқа бөлінеді: жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтық.
Өндірістік үстеме шығындар - бұл өндірісті ұйымдасатыруға, қызмет көрсетуге және басқаруға байланысты шығындар. Олар өндірістік бөлімшелерде-учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, қайта бөлісуде пайда болады. Осы шығындардың мақсаты, сипаты мен атқарымдық рөлі тікелей өндіріспен байланысты. өндірістік үстеме шығындар құрамына енетіні-жабдықтарды күтіп ұстау, пайдалану шығындары, өндірістік мақсаттағы құрылысты, ғимараттарды басқару және күтіп ұстаудың цехтық шығындары т.б. өндіріске қатыстылығы бойынша жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану шығындары негізгісі болып саналады, өйткені машиналар мен жабдықтарсыз өндіріс процесі мүмкін емес. Алайда олар өнімнің, өндірістік процестің, тапсырыстың тікелей шығынына жатқызылмайды. Мәселен, жабдықтарды алдын ала қарау, жабдықтарды күнделікті жөндеу. Алайда, егер объект есебі тапсырыс болып саналса, осы шығындардың кейбір баптары тікелей шығынға жатқызылуы мүмкін, оны орындауға аталған өндірістік бөлімшедегі немесе учаскедегі жабдықтар түгелдей қатысты болады.
Жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарына майлау, сүртетін және жабдықтардың күнделікті күтімі мен жөндеуі үшін материалдардың басқа да түрлері; жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы (зауыт ішіндегі көліктер); жұмысшылардың жалақысы, сонымен қоса әлеуметтік қажеттілікке аударымдар; энергияның, будың, сығылған ауаның, судың барлық шығындары; дайын өнімдер; құндылығы шамалы және тез тозатын құралдар мен бұйымдар, жабдықтармен жұмыс істеуге байланысты өзге де шығындар жатады.
Өндірісті басқару шығындары жалақыны және өндірістік-диспетчерлік аппарат пен цехтардың әкімшілік-басқару аппаратын, өндірістік бөлімшелердің әлеуметтік қажеттілігіне аударымдарды; өндірісті дайындау және ұйымдастыру шығындарын; өндіріс қажеті үшін пайдаланатын үйлерді, ғимараттарды, мүліктерді күтіп ұстау мен жөндеу, амортизация; қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, кадрларды кәсіби бейімдеу және даярлау шығындары; құны арзан және тез тозатын мүліктердің тозуы, өндірістік бөлімшелерді басқарудың басқа да шығындары.
Жалпы өндірістік үстеме шығындар болып саналатыны-екі топ та жиынтық баптардан тұрады, көбінесе өндрістік бөлімшелерде туындайды, пайда болған орны бойынша жоспарлайды және ескереді, бюджеттік-сметалық әдіспен бақыланады, өнім түрлері арасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар аудиті
Кезең шығындарының экономикалық маңызы
Кезең шығындарының есебі
Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Өндірістің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебі
Өндіріс шығындары және оларды басқару
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Өндірістік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорынның негізгі өндіріс шығындарының есебі мен аудиті
Пәндер