Құқықтың пайда болуы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1-бөлім:Құқықтың пайда болуы
1. 1Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері . . . 5
1. 2Құқықтың пайда болу теориялары . . . 8
2-бөлім:Құқықтың түсінігі мен мәні
2. 1Құқықтың түсінігі және белгілері . . . 16
2. 2Құқықтың функциялары, қағидалары . . . 22
2. 3Құқықтың типологиясы . . . 28
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Құқықтың түсінігі, мәні» болып табылады. Бұл курстық жұмысымда мен құқықтың пайда болуы, құқықтың түсінігі, белгілері, функциялары, принциптері мен типологиясы жайлы қарастырамын. Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тұлғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-әсілдері бар. Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: құқық нормаларының мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары.
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі, құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану, құқық пен заңдарды бөлу. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары - оның мән-маңызын айқындайтын және білдіретін негізгі бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады. Құқық функциясы - дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі бағыттары. Құқық функциялары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді.
Мораль нормалары дегеніміз - ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т. б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері.
Корпоративтік нормалар дегеніміз - мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар - тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау. Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.
1-бөлім:Құқықтың пайда болуы
1. 1Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетісіктеріне талдау жасап қарасақ алғашқы адамдардың ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырған. Ол қандай нормалар? Тарихи құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікрі бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностың тарихи даму барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалар жиынтығы. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болған ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктелді деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді 1 . Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылысты қалыптастырған мононорма туралы қатаң
1 Теория государство и право. М., 1985. 25 бет.
сын пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді:
«Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық қоғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы, ақиқатқа жататындық емес» 1 . Осындай қорытындыдан кейін Т. В. Кашанина алғашқы қауымдық құрылыста салт жоралар, мифтер, ырымдар, әдет-ғұрып, діни, этикет сияқты әлеуметтік нормалардың барылығы болғаны туралы пікірін білдіреді. Ал, 1987 жылы жарық көрген оқулықта аталмыш мәселеге басқаша пікірін білдірілген. «Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың мінез-құлық нормалары әдет- ғұрып болды, сонымен қатар олар қоғам тұрмысы ережелері және діни сипаттағы талаптар еді. Бұл жазылмаған әлеуметтік нормалар өз еріктерімен жүзеге асырылып отырды» 2 . Әдет-ғұрып біздің ойымызша тыйым салу, табу сияқты нормаларды енгізуден қалыптасты. Ру ішіндегі қалыптасқан қатынастарға жат мінез-құлықтар мен әрекеттер таныту қауымның тыныс-
тіршілігіне, өмір сүруіне жат қылықтарға тыйым салу арқылы болды. Бірте-
бірте тыйым салынған әрекеттер күнделікті өмірде сан алуан рет
қайталанғандықтан даму барысында біртіндеп әдет-ғұрыптық нормаға
айналды. Алғашқы қауымдық құрылыстың эволюциялық өсуі мен дамуы жүздеген мыңжылдар бойы тыйым салынатын әдет-ғұрып нормаларымен қатар табиғи күштерге қарсы тұра алмағандықтарына байланысты табыну нормалары да қалыптасады, салт жоралар пайда болады. Келе келе бұлардың барлығы бір жүйелік әдет-ғұрып нормаларына айналады және қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын атқарады. Зигмунд Фрейдтің пікірі бойынша құқықтың пайда болуының алғашқы формасына тотемизм мен шаманизм сияқты діни сезімдермен тығыз байланыста қалыптасқан табу жатады 3 .
1 Т. В. Кашанина. Присхождение государство и право. М., 1999. 215 бет.
2 Теория государство и право. Л., 1987. 37 бет.
3 Фрейд З. Я и Оно. Тбилиси, 1991. Кн 1, 193-350 бет.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларына мынадай сипаттар тән:
1. Әдет-ғұрыптың пайда болуы, қалыптасуы негізінде шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға байланысты қалыптасады.
2. Әдет-ғұрыптар аумақтық кеңістікте пайда болған алғашқы адамдардың, ру мүшелерінің еріктерін білдіреді, бәріне бірдей қолданылды. Ешкімге ерекше рұхсаттағы әлеуметтік артықшылық берілмейді. Қалыптасқан әдет-ғұрып нормалары әрқайсысын бәрінің қамқорлығына алады.
3. Әдет-ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды орындау, іс жүзіне асыру алғашқы адамдардың санасына сіңірген дағды.
4. Әдет-ғұрып нормаларының мәні мен талаптары ру мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып, күн көруді қамтамасыз етті. Қабылданған ногрмаларды орындамау қауымның тыныс тіршілігіне, оның өмір сүруіне орны толмас нұқсан келтірді.
5. Әдет-ғұрып нормаларды орындау санаға сіңген және мінез құлық арқылы көрініс беретін жүйелі дағды арқылы іс жүзіне асырылып отырады. Дағды алғашқы адамдардың әрекеттернің өлшемі нормалардың жиынтығы, оларды орындау барлық ру мүшелерінің міндеттері және құқықтары болып табылады.
Қоғамның дамуы заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеліп соқтырды. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың пайда болуының жолдары мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің пайда болуының себептері құқықтың шығуына да әкеп соғады. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамдық қатынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарына шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын байқатады. Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге басқа әлеуметтік нормалар қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінен үш жолмен пайда болды:
Біріншіден , алғашқы қоғамдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі уақытта ол күшпен қамтамасыз етілді.
Екіншіден , шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік құқықтық келісімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары пайда болады.
Үшіншіден , жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды. Мысалы, хандық дәуірдегі көшпелі қазақ өркениетінде «істі шешкен қағида, нақтылы сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, болашақта осыған ұқсас іс, дау жанжал болғанда қолданылып отырған» 1 .
1. 2Құқықтың пайда болу теориялары
Саяси құқықтық ілімдер тарихында құқықтың пайда болуы туралы көптеген тұжырымдамалар қалыптасқан. Олардың барлығы құқықтың пайда болуының себептерін, жолдарын әр түрлі мағынады түсіндіреді. Осы күнге дейін қалыптасқан теориялардың мәні, мазмұндық сипаттары әр түрлі, тіпті бір-біріне қарама-қайшы келеді. Оларды салыстырмалы түрде зерттеп, ақиқатын анықтау мемлекет пен құқық теориясы ғылымының басты мақсаттарының бірі. Қазіргі кезде мынадай теориялар қалыптасқан:
- Нормативтік теория
- Табиғи құқықтық теория
- Діни теория
1 Сәкен Өзбекұлы. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Алматы, 2002. 39 бет.
- Тарихи құқықтық теория
- Психологиялық теория
- Әлеуметтік теория
- Марксистік теория
- Адхократиялық теория
- Идеяциялық теория
10) Экзистенциялық теория
11) Экзегездік теория
1. Нормативтік теория. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Новогородцев, Кельзен т. б. ) құқыққа мемлекетпен қорғалатын нормалар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізігі норма тұрады, және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғарғы нормадан алады. Кельзенніңның ойынша
«құқық теориясы» негізінде құқықтық экономикалық, әлеуметтік
қатынастардан мүлдем бөліп қарайды. Кеңес мемлекетінің құқық теориясының негізін қалыптастырған заңгерлердің бірі Е. Б. Пашуканис нормативизм туралы мынадай пікір білдірді: «Құқықытың мұндай жалпы теориясы ешнәрсеге түсінік беруге ынта білдірмейді, нақтылы фактілерге, былайша айтқанда әлеуметтік өмірге күні бұрын теріс айналады және нормалармен ісі болып, олардың пайда болуымен, қандай да болмасын материалдық мүдделермен байланыссыз шахмат ойынындағы теория есебінде айтылғандай болады. Мұндай теория ғылыммен ешқандай байланысты емес» 1 .
Нормативтік теория былайша айтқанда «таза құқық теориясы» әлеуметтік тәжербие мен саясаттың құқыққа үлкен әсері бар екенін жоққа шығарады.
2. Табиғи құқықтық теория. Бұл құқық теориясын жақтаушылар (Лао Цзы, Конфуций, Аристотель, Г. Гроций, Т. Гоббс, Д. Локк, А. Радищев және т. б. )
1 Пашуканис Е. Б. Общая права и марксизм. М., 1925. 15 бет.
мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл - өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке,
меншікке және т. б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табииғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) - қолданыстағы құқыққа қарағанда
жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң бөліп қарастырылады, яғни, позитивтік құқықпен қатар адамға туған сәтінен тиесілі жоғары, шынайы, табиғи құқық та болады.
Табиғи құқық идеясы Еуропада 17-18 ғасырлар аралығында кең көлемде дамып буржуазия идеологтерінің шығармаларынан өзінің шешімін тапты. Табиғи құқық адамдардың табиғаты мен саналық талаптары мемлекетте қабылданған заңдар мен басқа нормативтік құқықтық кесімдерден міндетті түрде өзінің көрінісін табу керек. Табиғи құқыққа сай келмей қабылданған заңдар адам құқықтарының аяққа тапталуына жол ашады, тоталитарлық жүйені қалыптастыру мүмкін. Бірақ табиғи құқықтық теорияда көп жағдайда құқық пен құлықтылқты шатастырады және мемлекет шығарған заңнамаға жазылмаған идеяларды қарсы қояды.
3. Діни теория. Құқықты түсіндіруде құдай кітаптарына, ең алдамен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский және т. б. ) егер адамға табиғи құқықтар туған сәтінен берілсе, оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған. Мемлекетте қабылданған барлық заңдар құдай еркін және діни кітаптарға сәйкес болулары тиіс. Фома Аквинский «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы ұсынып, құқықты танытатын заңдарды төрт түрге бөліп қарады:
1. Мәңгілік - заң құдайдың саналық қабілеті арқылы бүкіл әлемге басқару жүргізетін заң. Бұл заң негізінде табиғат пен қоғамның барлық дамуының негізін қалайды.
2. Табиғи заң - мәңгілік заңның адамның санасында орын теуіп, тұқым жалғастыру, өзін-өзі сақтау сияқты қатынастарды дамыту.
3. Адамдардың заңдары - қағаз бетіне түскен, жазылған заңнама, ол мәңгілік заң мен табиғи заңдарды қамтуы тиіс. Құқық табиғи заңның талабы ретінде бағаланады.
4. Құдай заңы - Інжіл болып саналады. Оның мазмұны құдай сөзі болғандықтан мәңгілік ақиқатты түсінуге тікелей жол ашады. Адамдар құдай заңын сақтау, орындау арқылы барлық гармонияға жетеді, қоғамдық қатынастар тиімді реттеледі.
4. Тарихи теория. Оның өкілдері (Ф. Савиньи, Гуго, Г. Пухта және т. б. ) құқықты заң шығарушы қалыптастырмайды, ол халықтық рухтың, дамуы нәтижесінде тіл сияқты өз бетімен қалыптасады деп санаған. Құқықтанушы-ғалымдар халықтық құқықтың рухтың көріністерін дәл тауып, оның ережелерін заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заң шығарушы дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.
5. Психологиялық теория. (Л. И. Петражицкий, Росс, И. М. Рейснер т. б. ) Бұл теория негізінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде және Батыс Европада кеңінен насихатталды. Ресейде оның негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург университетінің профессоры Л. И. Петражицкий болды. Оның тұжырымдамасы бойынша құқықтың объективтік шындық екені жоққа шығарылады. Оның ойынша құқық деген «психологиялық әсерленушілік, сезімнің билеушілігі - эмоция». Бұл теорияның өкілдерінің ойларынша кодекстерді жойғанның өзінде құқық адамдардың саналарында құқықтық сезім ретінде мәңгіге орын тебеді. Құқық бұл тұжырым бойынша қоғамның дамуының нәтижесі емес, ол жеке адамның психикасының жемісі. Құқықтық норма психикалық әсерленушілік, сезімнің билеушілігі ретінде бағаланады және қабылданады.
Л. И. Петражицкий былай деп жазады: «Бүгінде құқықтың ұғымы заңгерлердің пікірі бойынша шындықты, құқық аймағында тіршілік ететін жоққа шығарудан басталады. Құқықтық құбылыстар - бұл индивиттің психика өрісінде болатын ерекше түрдегі күрделі эмоционалдық
интеллектуалдық психикалық процестер» 1 .
6. Әлеуметтік теория. (П. Эрлих, О. Холмс, С. И. Мурмоцев, Р. Паунд, Г. Канторович) Бұл теория негізінде прагматизм (пайдалы істер мен қолайлылыққа ұмытылу) идиологиясының құқықтану саласындағы бір ағымы ретінде бағаланады. Оның негізгі мазмұны құқықтың мәнін танудан бас тартады. Мысалы, бұл теорияның ірі өкілдерінің бірі О. Холмс (1841-1935) өзінің зерттеулерінде «құқықтың өмірі логикада емес, тәжірбиеде», «қоғам нені пайдалы деп тапса, сол құқық» дегепн қағидаларды ұсынып, жалпы құқықтың мәнін сенімсіздікпен қарады, пайдалы істердің бәрі құқық деп бағалады. Р. Паунд құқықты өмірдің дамуы мен үнемі өзгеріп отыратынын дәлелдей келе, ол нормаларда бекітіліп, қатып қалған, «құқық кітаптағы емес», керісінше өзгеріске ұшырап отыратын «құқық әрекетінде», қозғалыстағы құбылыс деп бағалайды.
7. Марксистік теория. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс, Энгельс, Ленин және т. б. ) құқықты экономикалық үстемдік құрушы таптың заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Құқықтың мазмұнын 2 элементтен тұрады - деп түсіндірді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.
Бұл теорияның терихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең - құқықтың мазмұнын түсіну үшін және оның қоғам дамуындағы маңызы; екінші каезең - құқықтың болашағына көзқарас; үшінші кезең - марксистік көзқарасты бұрмалау.
Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түсінуі дұрыс еді- құқықтың экономикалық және таптық күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекет пен құқықы теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның прогрестік рөлін, маңызын дұрыс түсінбеді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезеңде - кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап
өздерінің әкімшілік - әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін
1 Л. И. Петражицкий Теория право и государства в связи с теорией нравственности. Спб, 1907. 1-том. 84 бет.
пайдаланды.
8. Адхократиялық теория (Э. Тоффлер) . Бұл теория ХХ ғасырдың 70-жылдары Англияда дүниеге келген. Тұжырымдаманы жасаушылардың бірі футуролог Э. Троффлер «заңдылық» ұғымының жалпы дағдарысқа ұшырауын айта келе, постиндустриялық қоғамға адамдардың барлық мінез-құлықтарын заңмен реттеу олардың барлық әрекеттеріне тыйым салу мүмкін емес. Қоғамдық қатынастардың күрделенуі күнделікті өмірдің, адамдардың санасына кірмейтін оқиғалар мен сәттерді енгізуде. Сондықтан құқық барлық әрекеттерді реттей алмайды. Э. Троффлер қажеттіліктен туындайтын сәттік дау-дамайды адамдар өздері ереже жасап шешулері қажет деген пікірді алға тартады. «Заңдылықтың алтын ғасыры артта қалды, ол күрделі урванизацияланған қоғамның пайда болуымен байланысты болды және тарихтан мемлекеттің орталықтан басқару институттармепн, өкілетті демократиямен бірге кетеді, бостандық келісімі мен шарт топтардың аралық қатынастарының негізі болады. Классикалық құқықты қайта жандандыру философия, этика, адамның дүниедегі жәгне ғарыштағы орынын қайта ұғыну, құқықтың түсінігіне қайта оралу арқылы болмақ. Құқықтың іргетасы адамгершілік болып табылады. Болашақта құқықты жандандыру үшін космизм бастауларын мойындау арқылы метакфизика, ироциональдық (ақылға симайтын), мистикалық(жұмбақ) білім, тірі көзқарас керек, бірақ құқық туралы болымды білімнің орнына емес, онымен бірге» 1 . Бұл жерде теорияның негізін қалаушылар келісімшарт жасау арқылы әділетсіздіктің кең етек жаятынын мүлдем ескермейді.
9. Идеяциялық теория (П. А. Сорокин) . Теорияның негізгі қағидасы қоғамды құқықтың сананың дағдарысқа ұшырап, адамдардың гуманистік, адамгершілік құндылықтардың күйреуі және адам саналарында информациялық атқылаудан, тек прагматикалық ой-сананың үстемдік етуі
құқық қағидаларының аяққа тапталғанын ашына жариялалды. П. А. Сорокин
1 Тоффлер Э. Третья волна. // Иностарнная литература. 1982. №7
. құқыққа деген көзқарасты қалыптастыру адамдардың барлық сезімдерін,
қимыл-әрекетін құдай ісіне, діни сезімдерге баулау қажет.
Себебі, постиндустриялық қоғамда кең етек жайған қатігездік, айуандық
әрекеттердің кеңінен насихатталуы адам санасына антигуманистік қасиеттермен ластауда. Сана дағдарысы барлық құқықтық нигилизмді, немқұрайлық пен жағымсыз әрекеттерді қалыптастыруда. Оны шешудің жолы - құдай, жаратушы сөзімен санадығы жараларды емдеу. Жаратушы -
Алла алдында жауап беруге сендіру, соның нәтижесінде құқықтық тәртіп орнату барлық қатынастарды үйлесімділікті орнатудың қайнар көзі. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанды: «иманның тазалығы жақсы ұқтырмай, сыртын қанша жусада іші оңбаған».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz