Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі



Жоспары

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан . Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол - қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Ал, қоғам өзегі - адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен тұрпатын тану өз өзіңді танумен тең.
«Адамды танимын десең қолына билік бер» деп халық даналығында айтылғандай, билікті жүзеге асыра білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол шығара білу әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, біз қоғамды құраушы негіз ретінде биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында тек кемшіліктерді көре білмей, керісінше екі жақты салыстырып, сараптай алатын дәрежеде болуымыз керек.
Аталған жұмыс осындай міндеттердің біріне бағытталған. Берілген жұмыс кіріспе, негізгі екі бөлімнен, оларды толығырақ ашатын бөлімшелерден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ақты білгеніміз нұр үстіне нұр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995
2. Зиманов С. Конституция и парламент РК. Алматы. 1996
3. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А., Мемлекет және құқық Аламаты 1989
4. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері Алматы 1998
5. Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы мемлекеттік құқық Алматы 2000
6. ҚР - ның мемлекеті мен құқығының негіздері Алматы 2003
7. Ибраева А С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы 1999
8. Зиманов С. Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері Алматы 1997
9. Баймаханов М.Т. Қазақстан Республика егемендігінің қалыптасуы, Алматы 1994
10. Котов А К Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ Алматы 1997

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе

Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл
ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз
былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге
елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды
елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын
жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл
идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын
күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер
қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін
нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір
тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың
алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да
бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан
белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал
ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа
түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-
қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі
туып отыр.
Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған
ұйымдардың бірі болып табылады. Ол - қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі
нәтижесі. Ал, қоғам өзегі - адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен
тұрпатын тану өз өзіңді танумен тең.
Адамды танимын десең қолына билік бер деп халық даналығында
айтылғандай, билікті жүзеге асыра білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол
шығара білу әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, біз қоғамды
құраушы негіз ретінде биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында тек
кемшіліктерді көре білмей, керісінше екі жақты салыстырып, сараптай алатын
дәрежеде болуымыз керек.
Аталған жұмыс осындай міндеттердің біріне бағытталған. Берілген жұмыс
кіріспе, негізгі екі бөлімнен, оларды толығырақ ашатын бөлімшелерден,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі

1.1 Мемлекеттің басқару нысаны

Басқару нысанының ұғымы. Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің
анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол
биліктің жоғары органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу
мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны
мемлекет сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау
мен мемлекеттік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне,
биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті болуына
айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:
Мемлекетте қандай органдар мен лауазымды тұлғалар жоғары билікті
бейнелейді;
Олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың
арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе-теңдік механизмі
қолданылады ма;
Олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару
жөніндегі құзырет қалай бөліседі;
Жоғарғы биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық
дәрежесі қандай;
Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және
республикалық нысан екендігін айырады.
Монархиялық басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның -
монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен немесе жоғары
прерогативтің (шексіз құқықтың) тек нақтылы тиістілігімен сипатталады.
Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда
мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен
келетіндігі жатады, монархтың міндетті атқаруының белгілі бір мерзімі жоқ,
ол өмір бойы атқарылады.
Монархия мемлекеттіліктің дамуының пайда болған кезінен күні бүгінге
дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса, алғашқы қауымдық-рулық
басқару жүйесінің негізінде құрылған көптеген мемлекеттерде монархияның
нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің
өміршеңдігін, белгілі бір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бейімділігін танытты.
Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір-біріне онша ұқсас еместігін
ескере отырып, нақты тарихи жағынан келу керек,
Ежелгі монархиялар (шығыс деспотиясы, ежелгі рим монархиясы) бір басқа
да, ортағасырлық монархиялар және, ақырында, олардың мүлдем басқаша бүгінгі
күннің монархиясы - бір басқа. Тіпті ежелгі рим монархиясының әр кезеңде әр
түрлі айырмашылықтары болды: принципат кезеңіне тән республикалық және
монархиялық институттардың үйлесімділігі монархтың шексіз билігі үстемдік
құрған кезде, доминат кезеңінде толық жойылды. Ортағасырлық монархиялар
үшін абсолютті және шектеулі деп бөлу дәлірек келеді. Абсолютті монархтың
ролі басшылық ету болды, көбінесе шектен тыс, тіпті қалыптан тыс басшылық
деуге болады: өзі жүзеге асырған жоғары биліктің шексіз құқығы мен
өкілеттігін ешкіммен бөліспей, жеке дара иемденді. Мемлекет өмірінің
түбірлі мәселелері соның қарауына жататын еді. Барлық басқа мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалар оған сөзсіз бағынды, оның жарлықтарын
орындауға міндетті болды. Ортағасырлық шектеулі монархиялар (мысалы,
сословиелік-өкілдік) монархтың билігі шексіз емес, белгілі бір органмен
(мысалы, сословиелік-өкілдік жиналыспен) шектелетіндігімен ерекшеленеді,
оған бұрын монархтың құзыретіне кіретін жекелеген өкілеттіліктер ауысқан.
Қазіргі кезеңде басқарудың монархиялық нысаны кеңінен тараған. Англия,
Швеция, Жапония, Бельгия, Нидерланды, Норвегия сынды алдыңғы қатарлы елдер
монархиялық мемлекеттер қатарында саналады. Оларда конституциялық монархия
жұмыс істейді, ол монархтың билігі шынайы емес, номинальды болып
табылатындығымен ерекшеленеді. Монархтың мемлекеттік саясатты жасап, оны
жүзеге асыруға, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға әсері әлсіз.
Монархтың қызметін маңызды дегеннен гөрі құрметті деген лайық. Көбіне олар
қажеттіліктен гөрі дәстүрге адалдығын танытуға тырысады. Парламент
монархтың пікірін ескере алады, бірақ елемеуге де хақылы. Монархтың алдында
емес, парламенттің алдында жауапты болатын үкімет сайлауда сайлаушылардың
көпшілік дауысын алған партияның өкілдерінен құралады, ал оның көшбасшысы
(лидері) үкімет басшысы болады.
Бүгінгі күндері монархиялық басқару нысанын кеңінен пайдалану,
басқарудың осы нысанындағы көптеген елдердің демократияны дамытудағы
табыстары монархияның пайдалы потенциалы әлі де бар екендігін және ол
халықтың белгілі бір тобының қолдауына ие болып келе жатқандығын
дәлелдейді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе басқару нысаны ретінде
монархияға мына төмендегідей қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық
ерекшеліктер тән деп қорытынды жасауға болады:
Монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде мемлекеттің
дара басшысының болуы;
Монарх өзінің функциясын мұралық жолмен, туыстық құқығы жолымен, кейде
сайлау жолымен алуы;
Монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы;
Монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік (мандат)
бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі;
Монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген жауаптылығының
болмауы;
Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің
заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау
органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы
(парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент,
төраға, кейде алқалы президиум) болып табылады.
Республиканың, тұтастай алғанда мемлекеттіліктің өзі сияқты тұтастай
алғанда тарихы ұзақ, алайда ол мемлекеттік ұйымдасқан қоғамның алғашқы
кезеңдерінде кең тарала алмады, басқарудың басқа нысаны монархияға жол
берді. Ежелгі Грецияда республикалық мемлекеттіліктің неғұрлым жарқын
тәжірибесі Афина мен Спартада жинақталған. Афина республикасы демократиялық
болды, оның кейбір институттары (мысалы, ареопаг қызметі, алқа билер соты)
демократиялық дәстүрлерді жетілдіру үшін пайдалы болғандықтан дамудың
келесі кезеңдерінде қызығушылық туғызды. Спартада аристократиялық
республика нығайды. Бағыты бойынша (құрылымы бойынша емес) оған Рим
аристократиялық республикасы жақын еді. Ортағасыр қала-республикалар
(Венеция, Генуя, Флоренция, Новгород) сияқты мемлекеттілік нысанын туғызды.
Капитализмға өтуіне байланысты республиканың танымалдығы мен беделі тез
өсіп, ол монархияны ығыстыра бастайды, оның позицияларын бірінен кейін
бірін ала бастайды. Біртіндеп алға жылжып, мемлекеттің ең көп тараған
нысаны болып алады. Капитализм оның теңдік және бауырластық идеяларымен,
халықтық егемендігімен және билікті бөлісуімен, бостандығымен,
әділеттігімен республика үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды, жаңа өмірге
талпындырған сияқты.
Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру процестерінде
мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін
жүзеге асыруда басты арена болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, дамудың ұзақ жолынан өте отырып, республика
түрленді, өзгерді, жетілді. Ежелгі Грек республикалары мен бүгінгі
республиканың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Олардың дамуындағы
кейбір сабақтастықтың болуы қазіргі республикалар мен бұрынғы
республикаларға белгісіз жаңа белгілер мен сипаттарды жоққа шығармайды.
Даму процесінде республикаға тән институттар жиі-жиі демократияландырылатын
немесе либералдандырылатын, кейде консервативті- мешеу және тіпті
реакциялық сипат алатын.
Қазіргі республикаларды парламенттік және президенттік деп бөледі.
Аталған республикаларда жоғарғы билік эшелондары арасындағы күштердің
шынайы қатынастары мен құзыретті бөлісуі, олардың өзара қарым-қатынасының
ұйымдастыру-құқықтық механизмі әртүрлі.
Парламенттік республикада жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді
орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы
мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін
бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады.
Егер парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығаратын болса, соңғысы
отставкаға кетеді (Үндістан, Италия). Кейбір елдерде парламент (өзі немесе
жергілікті билік органдарының өкілдерімен бірге, ал федеративтік
мемлекеттерде штат, жер және басқа мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен
бірге), сондай-ақ мемлекет басшысын сайлайды (Италия, Германия), алайда бұл
үнемі бола бермейді мысалға, Австрияда президент жалпыға бірдей сайлау
құқығы негізінде сайланады. Сөйте тұра, көпшілік парламенттік
республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның парламентті
таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас
қолбасшысы болып табылады.
Президенттік республиканың айрықша ерекшелігі - мемлекет басшысының
өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-
министрді (кейде үкіметтің басқа кейбір мүшелерін) тағайындауға келісім ала
отырып үкіметті тағайындайды. Сондықтан үкіметтің парламент алдындағы
бақылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында
парламенттік республикаға қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне
президенттік республика үшін мемлекет басшысының функциясымен толық қосып
жіберу (АҚШ), немесе мемлекет басшысының үкіметтің қалыптасу немесе қызмет
істеу процесіне шешуші ықпалы (Франция, Ресей Федерациясы, Қазақстан,
Өзбекстан) тән. Соның арқасында атқарушы биліктің маңызы арта түседі. Мұның
заң және сот биліктерінің қызметіне зияны тимес үшін конституцияда биліктің
барлық тармақтарының іс-әрекетінің келісіп істелуін және балансын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тежемелік және тепе-теңдік жүйесі
көзделген. Президенттік республикада мемлекет басшысын әдетте халық
(тікелей) немесе жанама (сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды.
Жоғарыда аталған өкілеттіліктерден басқа мемлекет басшысының, сондай-ақ
парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы, мемлекетте маңызды лауазымды
тұлғаларды тағайындау (басқа мемлекеттердегі елдің дипломатиялық өкілдерін
және судьяларды қоса есептегенде), кешірім жасау құқығы, қарулы күштердің
жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттігі және т.б. құқықтары бар. Үкіметті құру
кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар үшін міндетті болып
саналатын, оған тек парламент басым болған партия өкілдері ғана кіретін
ережелерді сақтамайды.
Осылайша республиканың қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық
ерекшеліктерімен мына төмендегі жағдайлар басқару нысаны болып табылады:
Мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы;
Бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен (мерзіммен)
шектелуі:
Мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік белгілеу;
Мемлекеттің жоғарғы органдарындағы билікті жеке құқығы бойынша емес,
халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыру;
Азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы
екі жақты жауапкершілік.

1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны

Мемлекеттік құрылым нысанының ұғымы. Мемлекеттік құрылым нысанын
қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет нысанының тағы бір
компоненті (жоғарыда айтылған басқару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік
саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға
асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі құрылымын ондағы ұлттық-мемлекеттік,
аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік-аумақтық бірліктің болуы
тұрғысынан ашатындығында болып отыр, орталық мемлекеттік билік пен жаңа
ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері
арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Мемлекеттің құрылым нысанының маңызы
орасан зор: оны қарамайынша орталық пен жергілікті органдардың қарым-
қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі
орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін
анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін
анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау қиынға соғады.
Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттің құрылым нысанын алатын болсақ,
онда барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып
бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің
түрлі қабаттарының арасындағы құзыреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге
асыратын ұйымдық-құқықтық институттарға, сондай-ақ халықты басқару ісіне
тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы
айырмашылық айтарлықтай.
Унитарлық (латынның - бірлік, біртұтас деген сөздерінен шыққан)
мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономды-мемлекеттік құрылымдар
жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшіл-аумақтық бөліністерден тұратын
мемлекеттер. Осыған қарай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел
үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы
мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық
мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады.
Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары
унитарлық мемлекеттің жоғары органдарына бағынады. Олар унитарлық мемлекет
айналысатын сыртқы қатынастарға қатыспайды. Олар унитарлық мемлекеттің
жоғары билік органдарының нұсқауларын орындайды, оның актілерін іс жүзіне
асырады, ел үшін біртұтас болып табылатын қаржы, салық, несие-ақша, кеден
саясатын басшылыққа алады.
Унитаризм мемлекеттің құрылым нысаны ретінде мемлекеттіліктің пайда
болу кезеңінде және оның дамуының көптеген кезеңдерінде басымдық танытты.
Ауқымды аймақты алып жатқан және қайта-қайта бытыраңқылыққа ұшыраған
көптеген бөліктерден тұратын, басқыншылық соғыстың нәтижесінде пайда болған
ірі мемлекеттердің өзі унитаризм шеңберіне келіп кірген. Содан кейін ғана
көптеген елдердің мемлекеттік құрылысында федерализмді пайдалану практикасы
дами бастады. Унитаризм қазір де әлемдік аренада кең тараған. Унитарлық
мемлекеттердің қатарына Франция, Жапония, Финляндия, Түркия, Венгрия,
Украина, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және басқалар жатады.
Федеративтік (латынның — одақпен нығайту деген сөзінен шыққан)
мемлекеттер - бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе
бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас
мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федерацияға
бірігуі (кіруі, қосылуы) олардың шексіз құқығының кейбіреуінен айрылуына
әкеліп соғады, ол құқықтар федерациям көшеді. Федеративтік мемлекеттегі
тәуелсіздік федерация мен оның мүшелері арасында бөлініп қойылады. Оған
толық көлемінде жоғары жалпыфедералдық органдар ие болады; бұдан басқа оны
белгілі бір мөлшерде федерацияның құрамына кіретін мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдардың жоғары органдары да пайдалана алады.
Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек қана жоғары
жалпыфедералдық органдар (мемлекет басшысы, парламент, үкімет, жоғарғы сот,
министрліктер, ведомстволар) ғана жұмыс істеп қоймайды, сондай-ақ одақтық
армия құрылады, одақтық азаматтылық белгіленеді, олар болмаса федерация да
болмайтын басқа да институттар жұмыс істейді.
Бірақ, федерацияның субъектісі болып табылатын мемлекеттер мен
мемлекеттік құрылымдар соның шеңберінде белгілі бір (кейде — айтарлықтай)
дербестігін сақтайды. Олардың сондай-ақ, өздерінің жоғары заң шығару,
атқару және сот органдары бар, кейбір жағдайларда шағын әскер құрамасын
құрады, кейде өзінің азаматтығын енгізеді. Федералдық конституциямен және
федералдық заңмен қатар федерация субъектілерінің конституциясы мен олардың
заңдары да бар.
Басқа сөзбен айтқанда, федерациядағы көптеген мемлекеттік
мекемелердің, сондай-ақ саяси-құқықтық институтардың екі деңгейлі немесе
екі қабатты құрылымы бар.
Федерация мүшелерінің құқықтарына қосымша кепілдікті қамтамасыз ету
үшін, әдетте федералдық парламентте олардың өкілдерінен палаталар болады.
Кейде федералдық органдардың жанынан олардың арасындағы байланысты реттеп
және қолдап отыру үшін федерация мүшелерінің тұрақты өкілдіктері құрылады.
Федерацияның оның мүшелеріне ықпал етуінің нысандары жеткілікті. Оған
федералдық конституция мен заңдарының сәйкес келу принципі, кадрлық-
ұйымдастырушылық, бақылау-басқару, бюджет-қаржы, ақша-несие және басқа да
тетіктер жатады.
Көпұлтты мемлекеттерде федерация ұлттық мәселелерді шешу және
ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Оның
шеңберінде жұмыс істейтін ұлттық мемлекеттілік федерацияның субъектісі
болады, ұлттар мен ұлыстарды мемлекеттік құрылыс пен басқаруға қатыстыруға
мүмкіндік береді. Унитарлы нысандағы көпұлтты мемлекеттің ұлт мәселесін
әділ шешуді қамтамасыз ете алмады деп танылған және федеративті нысанға
өзінің орнын беруге кейін мәжбүр болған жағдайлары тарихтан белгілі
(мысалы, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және одан кейінгі кезеңде де
унитарлық мемлекет нысанында болған Чехословакия, ұлтаралық қарым-
қатынастың шиеленісуіне байланысты федерация болып қайта құрылды; кейіннен
ол дербес екі мемлекетке - Чехия мен Словакияға бөлінді). Федерацияның
қаралып отырған түрлерінің субъектілерінде шектеулі мемлекеттік егемендігі
немесе оның элементтері бар, кейбір сыртқы қатынастарға қатыса алады, ішкі
мәселелерді шешуде елеулі дәрежеде дербестігі болады. Олардың федерация
құрамынан шығып, дербес мемлекет құру құқығы жиі жарияланып жатады.
Алайда федерация құрылыс нысаны тек көпұлтты мемлекетке тән емес.
Моноұлттық мемлекеттердегі (АҚШ, Германия, Бразилия, Үндістан, Мексика)
көптеген федерациялар белгілі. Олардың субъектісіне халықтың айрықша ұлттық
құрамымен ерекшеленбейтін, басқа құрылымдармен біртектес болып табылатын
аумақтық-мемлекеттік құрылымдар (штаттар, жерлер, кантондар) жатады. Әдетте
федерацияның қаралып отырған түрлерінде орталықтың өкілеттігі көпұлтты
негізде құрылған федерацияға қарағанда әлдеқайда кең. Мұндай
федерациялардың аумақтық-мемлекеттік құрылымдары субъект ретінде
мемлекеттік егемендікке ие бола алмайды, көбінесе сыртқы қатынастарға
қатыспайды, федералды органдардың келісімімен кейде жекелеген сыртқы саяси
жұмыстарды орындайды (мұндай жағдай Германияда орын алған). Армияны құру
және жасақтау мәселелері, оны қаржыландыру, пайдалану мен басқару
федералдық органдардың қарауында болады; федерация субъектілері әскер
құрамаларын ұстауға қақылы емес. Федерацияның өзінің, сондай-ақ оның
құрамындағы аумақтық құрылымдардың конституцияларында штаттардың,
жерлердің, кантондардың және басқа субъектілердің федерациядан шығу құқығы
қарастырылмаған. Сонымен қатар, федерация мен оның субъектілерінің
арасындағы құқықшығармашылығы өкілеттігі тең дәрежеде емес, субъектінің
ролі барлық көрсеткіштер бойынша федерациядан кем түсіп жатады.
Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың ұлттық-мемлекеттік және аумақтық-
мемлекеттік федерацияның белгілерің қатар алып жүрген аралық нысаны туралы
да айта кеткен жөн болады. Мұндай нысанның айқын мысалы қазіргі Ресей
федерациясы болып табылады. 1993 жылғы Конституция Ресей федерациясының тең
құқылы субъектісі қатарында тек республикаларды, автономиялы округтарды
ғана емес, сондай-ақ өлкелерді, облыстарды және федералдық маңызы бар
қалаларды да атайды. Аталған субъектілердің алғашқысы - бұл ұлттық
мемлекеттер ұлттық-мемлекеттік құрылымдар, екіншісі енді аумақтық-
мемлекеттік құрылымдар деңгейіне (Ресейдің бұрынғы конституциялары бойынша
олар федерацияның субъектісі болып танылмаса да) жеткізілді.
Әкімшілік-аумақтық бөліністердің тұтас алғанда мемлекетпен ара қатысы
туралы мәселе, жергілікті және орталық билік және басқару органдарының
нысандары унитарлық мемлекет сияқты федеративтік мемлекетке де қатысы бар
мемлекеттік құрылыстың проблемасының маңызды аспектісі болып табылады.
Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, орталық пен жергілікті жердің негізгі
мақсаттары кейде сәйкес келгенімен, кейде алшақ кетіп жатады. Соңғысы, атап
айтқанда, жергілікті жерлер дербестікті армандап отырғанда орталықтың берсе
қолынан, бермесе жолынан дегендей, билікті уысынан шығарғысы
келмейтіндігіне байланысты. Бұл тенденциялардың бірде біреуі үстем болса,
бірде екіншісі үстем болып жатады. Іс жүзінде орталық пен жергілікті жердің
ара қатынасының неғұрлым жиі кездесетін варианты жергілікті органдардың
қалыптасуына, сондай-ақ оның бүкіл қызметіне елеулі ықпал ететін біріншінің
үстемдік етуші ролі болып табылады. Кейбір елдерде орталық жергілікті
жерлерге ең алдымен өзінің жалпымемлекеттік саясатты жүргізумен айналысатын
өкілдіктерін тағайындайды. Жергілікті органдардың ролі төмендеп кетуі, ал
жергілікті өзін-өзі басқару қызметі екінші дәрежедегі және ұсақ-түйек
мәселелермен шектеліп қалуы дұрыс емес. Керісінше, жергілікті органдардың
жергілікті істерді шешу кезінде билікті толық қолдануына, орталық биліктің
жергілікті органдардың белсенділігі мен өздігінен әрекет етуін дамытуға
мүдделі болуына және олардың арасындағы қарсы тұру элементтерін жоюға
тырысу керек.
Бірнеше (бір емес!) мемлекеттердің құрылыс нысаны конфедерация
(латынның - одақ, қоғамдастық бірлестік деген сөзінен алынған) болып
табылады. Ол белгілі бір мақсаттар үшін (әскери, экономикалық,
дипломатиялық, этникалық және т.б.) құрылған мемлекеттер одағы. Алайда,
конфедерацияға біріге отырып, мемлекеттер оның мүшелері ішкі және сыртқы
істерде толық дербес және тәуелсіз мемлекеттер болып қалады, өзінің
егемендігін жоймайды. Конфедерацияның құрылуына себепкер болған белгілі бір
міндетті шешуге бағытталған бір немесе бірнеше орган олардың барлығы үшін
ортақ болып табылады. Бұл органда конфедерацияның барлық мүшелерінің
өкілдігі тең негізде немесе (өздерінің келісімі бойынша) басқаша қамтамасыз
етілген. Федерациядан ерекшелігі, мұнда қызмет көрсететін аппаратымен қоса
жоғары заң, атқару және сот органдарының бірыңғай, тұтас жүйесі құрылмайды,
біртұтас армия жасақталмайды. Конфедерацияда бірыңғай бюджет және салықтың
бірыңғай жүйесі жоқ, бірақ кейде конфедерация мүшелері өздерінің
аумақтарында бірыңғай валютаны енгізу туралы келісе алады. Конфедерацияның
айрықша азаматтығы жоқ, ал онда тұрақты тұратын тұлғалар өз мемлекетінің
азаматы болып қала береді.
Конфедерацияны құрған кездегі алға қойған мақсаттары орындалған соң,
оған кірген мемлекеттер - конфедерацияны тарата ма, әлде оны федерацияға
қайта құра ма - оның бұдан кейінгі тағдырының мәселесін шешеді. Мысалы АҚШ-
та алғашында конфедерация болған (1781 жылдан бастап), сосын федерацияға
айналды (1787 жылдан бастап). Швейцария да осындай жолдан өтті: 1815-1848
жж. ол Швейцар одағы атауымен конфедерация болды. Ыдыраған
конфедерациялардың қатарында 1815 жылдан 1867 жылға дейін өз қызметін
атқарған Герман одағын, 1867 жылдан 1918 жылға дейін қызмет атқарған Австро-
Венгрияны атауға болады.

1.3 Мемлекеттік саяси режим

Мемлекеттік-саяси режимнің ұғымы. Ең алдымен мемлекеттік-саяси режим
дегеніміз (басқарудың және мемлекеттік құрылыстың жоғарыда қаралған
нысандары сияқты) оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын
және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі
мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік-саяси режим
мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдістерінің
жиынтығын айтады. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы,
мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастары және
бір жағынан, олардың арасындағы да, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық
бірлестіктер мен халықтың арасындағы өзара қарым-қатынастың моральдық-
психологиялық ахуалы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік
билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы
және мемлекеттегі басқа субъектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары
мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз етушілік деңгейі туралы түсінік
алуға болады.
Оқулықтарда және монографиялық еңбектерде мемлекеттік-саяси режимді
көбінесе саяси деп айтады. Бұл, біздің ойымызша, дәл емес: өйткені соңғысы
мемлекеттік қызмет әдістерінен басқа, саяси партиялар қызметінің, қоғамдық
бірлестіктер мен бұқаралық қозғалыс әдістерін де қамтиды. Егер мұндай
терминологияға сүйенетін болсақ, онда режимнің не екендігін түсіндіру
мемлекеттік проблематика шеңберінен шығып кетейін деп тұр.
Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу,
жалаң әкімшілік ету, командалық-бұйрықты әдістерді атауға болады. Оларға
қарама-қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру-тәжірибелеу әдістері бар. Осы
екі әдістің арасында екеуінің де сипаты бар аралық әдістер шығады. Мемлекет
өзінің күнделікті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын
таңдайды, - ол оның қоғамдық-саяси мәні мен табиғатына байланысты. Басып-
жаншу, зорлау, қуғын-сүргін және мәжбүрлеу әдістерін басым бағыт етіп
алған, жұрттың бәріне өзінің күші мен қуатын әр жолы көрсетуге құштар,
диалог және келісім тілін мойындамайтын, адамды; оның құқықтары мен
бостандықтарын көзге де ілмейтін мемлекеттерді - жалпы адамға тән
құндылықтар басымдығын мойындайтын, демократиялық дәстүрлерді сақтайтын,
азаматтар мен басқа субъектілерге мемлекет жарлығын орындау қажеттілігін
алдымен айтып түсіндіруге тырысатын, оларға мемлекеттік саясаттың маңызын
түсіндіріп, тек содан кейін ғана оларға қандай да бір мәжбүрлеу шарттарын
қолдануға жол беретін мемлекеттермен бір қатарға қоюға болар ма екен.
Басқаша сөзбен айтқанда, мемлекеттік билік ету әдістері мемлекетті
тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық мемлекеттерді қамтитын
классификациялауға мүмкіндік бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.
Тоталитарлық мемлекеттер тобы әр тектес болады. Бұл топқа ең алдымен
әскери-полицейлік табиғаты ашық та айқын көрінетін фашистік мемлекеттер
жатады. Фашизм - басқарушы элитаның неғұрлым реакциялық бөлігінің халыққа
жасап отырған зорлық-зомбылығының, заңсыздығының және тіпті террорының анық
бейнесі. Ол қарапайым демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жойып, іс
жүзінде жоққа шығарады, оппозицияны сотсыз жазалауды әдетке айналдырған,
халықтың бостандық сүйгіш күштерін басып-жаншып, қудалайды. ХХ ғасырдың
бірінші жартысында Германияның, Италияның, Жапонияның, Испаниянын,
Португалияның мемлекеттік-құқықтық практикасында фашизм толық көрініс
тапса, қазіргі күні сыртқы демократиялық және либералдық мемлекеттік
нысандар арасынан фашистік тенденциялар түрінде ғана көрініп қалады.
Социалистік елдердегі мемлекеттік-саяси режим тоталитаризмнің басқа бір
түріне жатады:
Оларды пролетариат диктатурасы жекелеген сыртқы демократиялық
институттардың көлеңкесінде қалса, алайда соңғысынан мемлекеттік зорлау-
мәжбүрлеу табиғаты көрініп қалатын еді. Қанаушы таптар мен оның қалдықтарын
жою функциясын жариялау жаппай қуғын-сүргінді, зорлық пен мәжбүрлеуді
кеңінен қолдануға бағыт береді. Жеке адамның мүддесі мемлекет мүддесімен
салыстырғанда кейінге ысырылып қалады. Оппозицияға жол берілмеді, пікір
алуандығы (плюрализм) жоққа шығарылды, бір партияның диктатымен әкімшілдік-
әміршілдік жүйе билік құрды. Мемлекеттік-саяси режимнің алуан түрлілігі
ретінде тоталитаризмнің мынадай да ерекшеліктерін (жоғарыда айтылғандардан
басқа) атауға болады:
- Қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына
айналдыру;
- Барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға
қазыналық қызмет бағытын таңу;
- Мемлекеттің құқыққа шектен тыс ие болу ролі.
Демократиялық мемлекеттік-саяси режим батыс пен шығыстың алдыңғы
қатарлы елдерінде орнаған. Онда конституционализм идеялары, билікті бөлісу,
құқықтық мемлекет идеялары жүзеге асырылуда, халықтың пікірін ескеру
бағдарға алынған, құқықты жүзеге асыру процесі кезінде орындаушылармен
құқықтың ұйғарымының мазмұнын түсіндіру және оны сақтаудың қажеттігіне
иландыру жөнінде жұмыс жүргізіледі, мәжбүрлеумен байланысты органдар мен
лауазымды тұлғалардың қызметі бақылауда болады. Мемлекет пайдаланып отырған
басқарудың демократиялық әдістері, реттеу және ықпал ету оның қызметіне
бақылау жасауға, сондай-ақ мемлекет өмірінің негізгі мәселелері бойынша
ұсыныстарымен тікелей шығуға мүмкіндік алып отырған халықтың өзіне деген
сенімін арттырады. Қара күшке, зорлық пен қысымға емес, керісінше халықпен
диалогқа келіп, олармен ақылдаса отырып, демократиялық режим басқарудың
неғұрлым тиімді стилін көрсетеді. Демократиялық мемлекеттік-саяси режимнің
жоғарыда аталғандардан басқа, мына төмендегі сипаттарын да тануға болады:
Қоғамдық өмірдің барлық салаларында - экономикалық, әлеуметтік-саяси,
жеке бастың - жеке адамның шынайы бостандығын қамтамасыз етуге шаралар
қабылдануда;
Жеке адамды шенеуніктің тәлкегінен құқықтық қорғауды күшейтуге
бағытталған институттар жүйесін іске қосу енгізілді;
Жеке адамның демократиялық құқығы мен бостандығы жариялаумен қатар,
осы құқықтар мен бостандықтар жүзеге асырылуы үшін жұмыстар жүргізілуде;
Мемлекеттің алдына қойған мақсаттары аз шығынмен халықтың
наразылығынсыз, керісінше халықтың ниеті түзу немесе тіпті қолдауы
жағдайында орындалуда;
Тоталитаризмге белгісіз, конституциялық бақылау, құқық қорғау қызметі,
экологиялық сараптама сияқты институттар құрылуда.
Авторитарлық мемлекеттік-саяси режим бүкіл билік бір органның немесе
бір лауазымды тұлғаның қолында болуымен және басқа жоғары мемлекеттік
органдардың (ең алдымен заң және өкілдік) ролін төмендете отыруымен өзгеше
болып табылады. Қолында билігі бар, өзінің мәртебесін сақтап қалуға немесе
қолбасшылық жағдайын одан әрі нығайтуға тырысқан орган немесе лауазымды
тұлға халық жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектеу немесе
болғызбай отырып қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған
демократия біржола жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны
толығымен жоққа шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама-қарсы
жағына айналып та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмға мына
төмендегі белгілер де тән:
— Жоғарғы және жергілікті биліктің (сыртқы атрибуттарын сақтай отырып)
қалыптасып және қызмет істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі;
- Жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі
өкілеттіктерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту;
- Сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың
әкімшілдік-әміршілдік стиліне әуестену;
Этатистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық
құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі:
Оппозициялық қызметтің жария мүмкіндіктерінің біртіндеп тарылып, минимумға
жетуі. Авторитарлық мемлекеттік-саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол
қоғамдағы саяси күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм
жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер

2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары

Мемлекеттік тәуелсіздік және оның атрибутикасы. Әрбір дербес
мемлекеттің оған айрықша сапа беретін және оны тәуелді мемлекеттерден,
автономды мемлекеттік құрылымдардан және кәдімгі әкімшілік-аумақтық
бірліктерден айырып тұратын белгілі бір атрибуттар жиынтығы болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қадам басқан сайын кемелденіп,
өзін осы атрибуттар аясында соған лайық көрсете бастаған осы айрықша сапаға
ие болады. Бұл атрибуттардың генезисі әр алуан. Олардың бір бөлігінің
тамыры Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алу фактісімен тікелей
байланысты және өзінің тарихын да содан бастайды. Бұған дейінгі кезеңдерде
Қазақстанда олар болған жоқ, олар көрсетілген сәттен бастап алғаш рет
құрылған сияқты болып, қалыптаса бастады. Алайда бұл барлық атрибуттарға
қатысты емес. Олардың кейбіреуі, дәлірек айтқанда, олардың нышаны немесе
элементі республикада мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бұрын-ақ болған
еді. Кеңестер Одағының құрамында болған кезде Қазақстан одақтас
республиканың мәртебесін пайдаланды, ол кездегі конституция бойынша одақтас
республика жекелеген шектеулері бар немесе толық емес деуге боларлық
егемендігі бар мемлекет ретінде жарияланатын. Ресми доктрина республиканы
тәуелсіз, дербес деп көрсетуге тырысты және оны дербестіктің сыртқы
атрибуттарымен бекітті.
Сондықтан Қазақстанның оның КСРО құрамында болған кезіндегі кейбір
бұрынғы мемлекеттік атрибуттары сақталды және қазірде де пайдаланылуда,
бірақ олардың мәні принципті түрде өзгерді, олар жаңа мазмұнмен толықты.
Олар бұрынғы сәндік түрінен өзгеріп, өмірде бар шындықты бейнелейтін реалды
атрибуттарға айналуда. Кеңестік және кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның
сабақтастығы бар, бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет пен құқық теория негізі
ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАН РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Құқық теориясы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Саяси тәртiп туралы
Пәндер