Мемлекеттің пайда болу себептері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.бөлім.Мемлекеттің пайда болу себептері
1.1Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Мемлекеттің пайда болу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.бөлім.Мемлекет ұғымының мәні
2.1.Мемлекеттің ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2.Мемлекет типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3.Мемлекет функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
КІРІСПЕ
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы қонып жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1998, 2007, 2011 жылғы өзгертулермен бірге) –Алматы:Елорда,2011
2. Баянов Е. “Мемлекет және құқық негіздері”. “Жеті жарғы” баспасы, Алматы, 2001
3. Ибраева А., Ибраева Н. “Теория государства и права”- Алматы: “Жеті жарғы ” 2000
4. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. “Мемлекет және құқық теориясы” - Алматы:“Эверо”,2004
5. Сапарғалиев Ғ. “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi” – Алматы: “Атамұра” 2003
6. Сапарғалиев Қ., Ибраева А. “Мемлекет және құқық теориясы” – Алматы: “Жеті жарғы”, 1998-2004
7. Малько А. В. “Теория государства и права” - Москва: “Юрист”, 2000
8. Хропанюк В. Н. «Теория государства и права» - Москва: Интерстиль, 1997
9. Сәкен Өзбекұлы.Өмірәлі Қопабаев “Мемлекет және құқық теориясы” – Алматы: “Жеті жарғы”, 2006
10. “Құқық негіздері”.С.Д.Баққұлов – Алматы, 2006
11. “Құқық негіздері”.Қ.И.Оспанов.-Алматы:“Жеті жарғы”, 2006
12. “Құқықнегіздері”.Т.Ағдарбеков,А.Әлайдар,А.Алайдаров –Алматы, 2008
13. Война за независимость и образование США .М.,1976.
14. Маркс К.,Энгельс Ф.Таңдамалы шығармалар-Алматы,1986.4-том.
15. Рыскулов. Т.Революция и коренное население Туркестана – Ташкент,1925.
16. ТәтімовМ.,Әлиев.Ж .Дербестігіміз –демографияда-Алматы,1999
17. Тоинби А.Постижение истории . М.,1990
18. Карл Ясперс.Смысл и значение истории.М., . 1994
19. Зиманов С.З.Общественной строй казахов первой половины XIXвека.Алма-Ата,1958
20. Кычанов Е.И.Кочевые государства от гунов до маньчжуров.М.,1997
21. Масанов Н.Э.Кочевая цивилизацяия казахов.М.,Алматы,1995

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3
1-бөлім.Мемлекеттің пайда болу себептері
1.1Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
1.2. Мемлекеттің пайда болу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .8
1.3. Мемлекеттің пайда болу
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..10
2-бөлім.Мемлекет ұғымының мәні
2.1.Мемлекеттің ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2.Мемлекет
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3.Мемлекет
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...38
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..40

КІРІСПЕ
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда
әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын,
оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз
кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да
қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды
институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен
негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының
мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал
ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген
теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі
саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып
қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды,
әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік
генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа
ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен
қоңсы қонып жатады.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және
өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе
алатын. Олар, негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтық (қағанат,
халифат, хандық, сұлтанат) еді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның
мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік
етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің
мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына,
саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен
тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал
қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Сондықтан да мемлекет пен құқықтың пайда
болуын зерттеу өте маңызды.
Зерттеу пәні: мемлекеттің ұғымының даму процестері
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекеттің пайда болуын зерттеу
Зерттеу нысаны: мемлекеттің пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттарына шолу жасау, әр халықта пайда болған әр түрлі
теориялардың ерекшеліктерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылысы: бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және де
мемлекеттің пайда болу себептерін жалпы сипаттамасына бағытталған бірінші
бөлімнен, Қазақстанда мемлекеттің ұғымы мен белгілерінің пайда болуына
бағытталған екінші бөлімнен, кейін қорытынды бөліммен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім.Мемлекеттің пайда болу себептері
1.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының
алғы шарттары
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне
сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа
нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері
тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының
өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала
қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік
деңгейіне дейін өсуі керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп
шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып
қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-
әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың
жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек
өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалыптасуына мүмкіндік жасай алмады:
ол қалдықсыз пайдаланылды.
Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында
шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек — қауымның құрамы бойынша
одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен
туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның
мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар
ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары
бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек
болды:
- сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік
беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ
шаруашылығы жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым
мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;
- туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы
мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық
көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы
керек.
Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі
мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы
жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық
міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды
сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық
қоғамдық міндеттердің ақылсыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес
және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын
атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-
қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру
ұйымы білген емес.
Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы
ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ — ол небәрі осы
жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше
фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де
кездестіруге болады. Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің
шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен
бірдей негізде жүргізілді.
Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер
оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында
болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен-күнге өндіргіш күштер
жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды
жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар,
мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан,
ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар
қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артынан қалуы
ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының
негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір
өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топқа бөліп берді. Осы
кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар
тайпасынан бөлініп шығуы; қолөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; көпестер
тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.
Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан
тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне
жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген
жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға — мемлекетке жол беруі керек болды .
Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа
шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды.
Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір институттардың
сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген
институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты
жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы
басқасымен алмастырылды.
Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери
басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап,
қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын,
функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды.
Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан алуан,
антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-
бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жаңа институттардың қалыптасуы,
апробациялануы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.
Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының
өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың — объективті және субъективті,
ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі—жиынтығы мемлекеттің пайда
болуына алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық
келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.
1.2. Мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері
Әр халықтың нақтылы-тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық жүйесінің
ыдырау процесіне және мемлекеттің пайда болуы мен оны басқаруға әсер етей
қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық жағынан жақын
халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын процестердің
нысанының, қарқынының және соның салдарының бірдей болуы туралы әңгіме
етудің өзі артық. Жалпы түрде мемлекеттің пайда болуының батыстық және
шығыстық моделі деп бөлуге болады. Бұл екі модельдің бір-бірінен елеулі
айырмашылығы бар.
Батыстық модель туралы Ф. Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығу тегі деген еңбегінде, сондай-ақ көлемді монографиялық
және оқу әдебиеттерінде толық жазылған, оның бірнеше варианты бар, олардың
әрқайсысында осы процеске шешуші ықпал ететін түрлі факторлар басым.
Тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын анықтайтын
ықпалы тұрғысынан қарағанда Афинаның тәжірибесі ерекше қызығушылық
туғызады; мұнда мемлекет, Ф. Энгельстің сөзімен айтқанда, тікелей рулық
қоғамның өз ішінен өрбіген таптық қарама-қайшылықтардан пайда болған.
Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтарды алдын ала
анықтап алып, сосын жіктеді, одан кейбіреулер басқаларды қанау мүмкіндігін
алды. Аталған топтардың басқаларға экономикалық үстемдігі сенімді, нық және
тұрақты болуы үшін оны мемлекет құрып, саяси үстемдікпен нығайтып қойды.
Басқа факторлардың (сырттан жаулап алу, тайпааралық қайшылықтар және соғыс)
бұл жерде елеулі әсері болған жоқ; олар экономикалық және әлеуметтік-таптық
факторлардың басымдық роліне көлеңке түсіре алған жоқ.
Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Мұнда рулық
қоғамда біртіндеп келімсектер (плебстер) көбейе берді де, римдіктер оларға
араласып, сіңіп кетуден сақтанып, жеке бір тұйық аристократияға айналды.
Римге келіп жатқан плебстердің саны қаншалықты көп болса да, ауқымды жұмыс
көлемін орындаса да құқықсыз еді. Осының барлығы олардың наразылығын
туғызып, құқығы мен артықшылықтары үшін күресуге итермеледі. Күрестің
нәтижесі плебстердің рулық құрылысты бұзып, мемлекет құруымен аяқталды .
Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал
етті. Дамудың мемлекетке дейінгі сатысында тұрған бұл тайпа ұзақ уақыт бойы
Рим империясына қарсы басқыншылық соғысын табысты жүргізді. Рим
империясынан көп аумақты жаулап алған олар басқаруды соңғы болып
ұйымдастыруы, олардың өздеріне сөзсіз бағынуын, алым-салық пен басқа да
төлемдердің дер кезінде төленуін, өздеріне қажетті тәртіпті қадағалап
отыруы керек еді. Алайда олардың рулық органдары бұл міндеттерді шешуге
бейімделмеген болып шықты, сөйтіп өздерінің шамасы келетін мемлекет құру
қажеттігі туды.
Әрине, жоғарыда аталған фактор (бөтен аумақты жаулап алу және оларды
басқарудың қажеттігі) өзінен-өзі емес, басқа да бірқатар ішкі факторлармен
(қауымдық меншіктің ыдырап, жеке меншіктің пайда болуы, герман
жұртшылығының байлар мен кедейлер болып бөлініп, жіктелуі) бірлесіп әрекет
етті, алайда соңғысына қатысты ол қуатты катализатор мен жеделдеткіштің
ролін атқарды.
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілерге
азиялық және африкалық тайпалар мен ұлыстарға тән климаттық және басқа да
табиғи жағдайлармен сипатталады. Мұнда орасан көп егін шаруашылығы
массивтерін игеруге деген қажеттілік, суару каналдарының құрылысы мен басқа
да ирригациялық жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі анық сезіліп тұрды.
Мұндай жұмыс көлемін жекелеген отбасы, тіпті кейде қауым да атқара алмайтын
еді; бұл тек орасан зор материалдық, кадр және басқа да ресурстары бар,
мемлекет деп аталатын қуатты да ықпалды ұйымның ғана қолынан келетін еді.
Сол себепті де мұнда ұзақ уақыт бойы жерге қоғамдық меншік сақталып келді,
ол кейіннен мемлекеттің меншігіне айналды. Пайдаланылып жүргеніне
қарамастан жеке меншіктің, мемлекеттің пайда болуының батыстық моделіне
жататын елдердегі сияқты, басымдық жағдайы болмады.
Мемлекеттің ролінің артуына байланысты кездескен объективті
қиындықтарды жеңуде мемлекеттік билік көбінесе деспоттық бағытты ұстанды.
Ол мәжбүрлеу-жазалау аппаратына, қарулы күштерге, бюрократиялық
шенеуліктікке сүйенді, бұлардың алдында кез келген адам өзін құқықсыз
сезінетін, олардың тағдыры түгелімен мемлекетке тәуелді еді, заң жүзінде
де, іс жүзінде де соның қолында болды. Қатыгездік, шығыстың жауыздығы және
екіжүзділік билік жұмыс өзінің ізін қалдырды. Сөйте тұра мемлекет сырлы
әлемнен тұйықталып, бөлектену бағытын ұстанды: басқа елдермен ақпараттар
алмасу жоққа тән еді, соның нәтижесінде әрбір режим өз бетінше, ешкіммен
араласпай әрекет етті, кейде жалпы прогресте де хабардар болмайтын еді.
1.3. Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ
адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы
қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын
беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың
динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты
әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар
мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың
тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір
бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса
олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың
мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз,
олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр
түрлі. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің
жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық
шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын
түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі
ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау
жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың
адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы
зор.
Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең
ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар
мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары
мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы
бойынша, құдай адамдарды жаратқанда оларды қоғамға және мемлекетке
біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны
ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті
өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де
көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып
түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі
аналогы саналды.
Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік
биліктің отбасы әкесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді.
Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады
және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста
отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады. Әсіресе,
әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған
сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың
отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда, оның
ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы
әкесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу — міне
осының бәрі патернализмнің осал жері еді .
Белгілі бір мөлшерде оған бір жақтан—мемлекеттік құрылым, екінші
жағынан—тірі организмнің (атап айтқанда — адамның) арасында параллель
жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің
басы, денесі, қолы және т.б. дене мүшелері болатыны және олардың
әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір
мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа мемлекеттік
құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың бәрі өзара
матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін анықтап,
бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздерінше бір бірлік
құрады. Органикалық теория шеңберінде әр түрлі факторға акцент жасаған
ағымдар бөлініп шықты. Алғашқы ағымның өкілдері Платон мен Аристотельдің
ойы бойынша, дене болмаса қолдың өз бетінше әрекет ете алмайтыны сияқты,
адам да мемлекеттен тыс тіршілік ете алмайды. Одан әлдеқайда кейін пайда
болған ағымның өкілдері Герберт Спенсер және оның ізбасарлары, адамдардың
пайда болуымен бірге пайда болған мемлекет қашан қоғам өзінің тіршілік
етуін тоқтатқанға дейін өмір сүре береді және егер организм (мемлекет)
жалпы алғанда сау болса, онда оның құрамдас бөліктері де сау болады деген
ойды түйіндейді.
Бастауында Г. Гроций, Д. Локк, П. Гольбах, Ж. Ж. Руссо, А.Н.Радищев
секілді көрнекті ойшылдар тұрған қоғамдық келісім теориясы кеңінен тарады.
Бұл теория бойынша, мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың
келісімі мен олардың келісіп іс істеу факторы жатыр. Бұл теорияны
жақтаушылардың пікірі бойынша, адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде
қалыпты жағдайды қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол
сұғушылықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін беріп, мемлекетке
бірігуді шешті-мыс. Бұл мәселені шешкенде олар адамдардың саналы түрде
көңіл білдіруі мемлекет түрдегі келісімі негізінде әрекет етті. Халықтан
басқаруға деген мандатты алғаннан кейін мемлекет әрбір адамның мүддесін
қанағаттандыратын және барлығының игілігі үшін әрекет ететін бірден бір
ұйымға айналады. Егер де ол өзінің бұл миссиясын нашар орындаса немесе
мүлдем орындамаса, онда Ж.Ж.Руссо мен А. Н. Радищев ұсынған келісімді
теорияның радикалды ағымына сәйкес, халықтың оны өзінің сенімінен айырып,
тіпті көтеріліс жасау арқылы өкіметті толық ауыстыруға қол жеткізуге құқығы
бар.
Күштеу теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және
даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. Сонымен, бұл теорияның
кейбір өкілдері (Е. Дюринг) ішкі күштеуге баса көңіл бөлсе, басқалары (Л.
Гумплович, К. Каутский) — сыртқы күштеуге назар аударды. Ішкі күштеу
жағдайында халықтың қолы билікке жеткен бір бөлігі басқаларға өзіне қолайлы
шешімді таңдай бастайды. Осындай жолмен (еркін күштеп таңу жолымен) билік
институттары, жеке меншік институттары, мемлекет құрылды. Сыртқы күштеу
жағдайында бір аумақта тұратын халық келесі бір аумақта тұратын халықты
жаулап ала бастады; жауланып алынғандар құл болды, байлық пен жеке меншікті
еселеп көбейту үшін пайдаланылды, ал бұл шаруаны мемлекет сияқты мәжбүрлеу
ұйымынсыз жүзеге асыру мүмкін емес еді. Күштеу теориясына баға бере келіп,
күштеу, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болу процестеріне қатысқанымен, аталған
теорияда олардың абсолюттендіріліп, шектен тыс өсіріңкіреп кеткендігін айта
кету керек. Ал бұл, шындыққа жанаспайды.
Шарт теориясы.(Б.Спиноза,Д.Локк,Т.Гоббс, Г.Гроций,Ж.Ж.Руссо,Д.Дид
ро,Ш.Л.Монтескье,П.А.Гольбах,А.Ращи дов).Бұл тоерия XVII-XVIII ғасырда
феодалдық мемлекеттік –құқықтық институттар мен жүйеге қарсы кезеңінде
қалыптасып дами келе көптеген елднрде кеңінен тарады.Теорияның тұжырымы
бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін
ашпаған.Оларды болдырмай ,өздерін сақтап қалу мақсатында саналы,әділетті
түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап,билікті өздері қалаған
адамдарына берген.Содан бері қарай мемлекет жасалған шарт негізінде өз
міндетін атқаруда.Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмаланған жағдайда
халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы.Шарт теориясы на қарсы
пікір білдіретіндер негізінде шарттың тарихта мүлдем болмағанын
,жасалынғаны туралы ешқандай сақталған мәлімет жоқ екенін алға
тартады.Бірақ,теорияның негізгі қағидалары феодализмге қарсы күресуде
прогресивтік рөл атқарады,буржуазиялық қатынастардың өркендеуіне ықпал
етті.Сонымен қатар шарт теориясының негізгі қағидалары мен талаптары АҚШ-
тың тәуелсіздік декларациясында (1776),Францияның адам және азамат
құқықтарында (1789),және басқа да құжаттарда бекітіледі.Мысалы,АҚШ –тың
аталмыш декларациясында мынандай норма жарияланған:Біз мынандай өзінен-өзі
анық әділеттікті мойындаймыз:барлық адамдар тең және олар жаратушымен
арнайы ажыратылмайтын өмір сүру ,бостандық және бақытқа ұмтылу құқықтарымен
қамтамасыз ету үшін басқарылатындардың келісімімен адамдар өз мойнына
әділетті билікті алатын үкімет құрды.Әр жолы қандай да болмасын басқару
формасы осы қағидаларды бұзуға әкеліп соқтыратын болса,халық оны
жойып,халықтың қауіпсіздігі мен бақытын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
жаңа үкімет құруға құқы бар.1Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-
бабы аталмыш қағидаларды мына мағанада бекітті:Мемлекеттік биліктің бірден-
бірі бастауы-халық ... өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарга
береді ... .билікті ешкім де иемденіп кете алмайды.Билікті иемденіп кету
заң бойынша қудаланады.
Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи
себептермен—өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа
бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар
тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен
түсіндіреді. Осы мақсатпен ол саяси билікті қолға алып, соның көмегімен
өзінің еркін бүкіл қоғамға таңады. Сөйтіп ол қоғамда өзінің диктатурасын,
яғни саяси билігін орнатады. Бұл көзқарас Ф. Энгельстің Семьяның, жеке
меншіктің және мемлекеттің шығу тегі деген еңбегінде Мемлекет туралы
деген лекциясында кең түрде негізделді.
Оларда, сондай-ақ, К. Маркстің кейбір еңбектерінде мемлекеттің пайда
болуының күрделі процесінің көптеген сипаттары дұрыс көрсетілген. Алайда
оларды түсіндіру кезінде бұл процестегі таптық фактордың ролінің дабырайтып
көрсетілетіндігін ескермеуге болмайды, өйткені шын мәнінде мемлекет билік
етуші таптың қарсыластарын басып-жаншып, қанап, қысым көрсету үшін ғана
құрылған жоқ, сондай-
ақ тұтас алғанда қоғамды басқарып, оның қалыпты жұмыс істеуі және үдемелі
дамуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін және құқық тәртібін
қалыптастырып, сақтау үшін де құрылды.
Нәсілдік теория. (Шыңғысхан,Наполеон,Ф.Ницше,А.Гитле р,Ж.Габино).Бұл
теорияның
1Война за независимость и образование США .М.,1976.141-бет
концепуальдық мазмұны бойынша күшті мемлекет құру тек жоғарғы нәсілдерге
ғана тән қасиет.Олар ғана басқа төменгі (екінші,үшінші сорттағы
)нәсілдермен ұлттарға билік жүргізуге құқылы.Жаратылысынан төменгі санатта
тұрған этнос өкілдері жоғарғы нәсілдер ұйымдастырған ,құрған мемлекеттік
билікке тырп етпей бағынулары тиіс және олар орнатқан тәртіп бәріне
міндетті.Аталмыш теория Рим империясынан бастау алды.Мысалы,Шыңғыс хан
өзінің жауыздық ниетін былай деп жариялады:Адамның ләззаты мен рахаты
–зығырданы қайнағандарды басып жаншу,оның тамырына балта шабу жеңілгендерді
алдыңа салып алып қуу,олардың иеленгендерін тартып алу ,оларға қымбат
болғандардың көздерін жас сорғалату ... құшағыңа олардың қыздары мен
әйелдерін қысу ... Фашистік Германия да бұл тұжырымдаманы өзінің
идеологиясы ретінде қабылдады.А.Гитлер өзінің нәсілдік теориясы туралы
Менің күресім деген еңбегінде былай деп атап көрсетті:Адамзаттың барлық
мәдениеті мен өркениеті біздің жерімізде артилардың тіршілік етуімен
тікелей байланысты.Егер Артилықтар біртіндеп қырылып ,немесе бірден
өлсе,бүкіл жер шары жаппай мәдениетсіздіке душар болғанын байқатқан болар
еді.Наполеон Бүкіл Еуропаны ,тіпті кейін дүние жүзін француздардың
басқаруымен болатынын одақтастық деп түсінді және Францияның барлық елдерге
билік жүргізуін ерекше мәртебе деп бағалады.

2-бөлім.Мемлекет ұғымының мәні.
2.1.Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік тынысын қамтамасыз ететін,оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны .Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне ,сондай -ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың әлеуметтік- саяси ,рухани ,ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып ,қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете
алады.Мемлекет өзіне ғана тән функциялары ,әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.Соның арқасында оны қоғамда ,ұйымда
,құрлымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен
көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және
мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек .Өзінің көріністерін
тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты
болуы мүмкін емес және бірнеше қабатты қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл -адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а)қоғамды басқару міндетін атқару ,адамдардың ,топтардың және басқа да
әлеуметтік субъектілердің қарым -қатынасын реттеп,бағыттау,олардың
бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б)оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
жіне биліктің ұйымдастырушылық – күш құралдаы бар;
в)тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік – мәжбүрлеу өкілеттігін берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып,нақтылай отырып,әрбір белгі
соғылған белгілерге егжей- тегжейлі тоқталып оның мазмұнды және мәнді
сипаттамасына тереңірек үңіліп ,әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері .Мемлекеттің рулық басқару
ұйымынан басты айырмашылығы сол,онда арнаулы кәсіби басқару мен мәжбүрлеу
аппараттының болуымен немесе ,оқу және монографиялық әдебиеттерде
атайтынындай жария биліктін болуы тән.Бұл жердегі әнгіме қоғамнан бөлініп
шыққан, басқару негізгі жұмысына ,кәсібіне ,мамандығына айналған қатары
біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы .Басқарушы –адамдардың мұндай
ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес.Ол тек қана басқарудың
мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе ;олар мемлекеттің рабайсыз үлкен рабайсыз
үлкен механизімін іске қосады.Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір
жағынан басқарылатындарға ,екінші жағынан басқаратындар мен басқару
жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты .Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне
қатысты тек қана басқару функцияларын емес,сондай – ақ кейбір мәжбүрлеп
ықпал ету шараларында ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа да бір ерекше белгісі,өзінің өмір сүруі үшін
халықтан салық жинауға мәжбүр болуы.Салық – бұл мемлекеттің өмір
сүріп,тіршілік етуінің экономикалық негізі.салықсыз ол өмір сүре
алмайды,өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл
тіршілігі қиындайды.Салықты мемлекеттің барлық азаматтары ,соларға қоса
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтарда төлейді;халықтың шамалы бөлігі
ғана салық төлеуден босатылады.Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару
және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға ,мемлекеттін
жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға
,медицинаны,білім беру ,ғылым,мәдениет,салаларын қолдауға экономиканың
маңызды салаларын ынталандыруға ,қоғамдық қауіпсіздікті ,құқық тәртібін
және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады,ғал алғашқы –қандай туысқандардың
байланысы мен қарым –қатынасынан құралады.Енді соңғысы бұрынғы маңызын
жойды,басқару ісінде басым болудан қалды.Керісінше,мемлекет азаматтарға
өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп,оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені
шешкен кезде ,оларды басқару ,ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту
кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиесілігін,тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар
мемлекеттік –құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс
орната алады,ол оны нақтылай түсуге ,тереңдетуге ,айқын мазмұнмен
толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекет тиесілігі бекітілген азаматтық
институты ерекшеленеді.Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы
жоқ азаматтар болып табылады.Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтардың
,сондай-ақ шетелдіктермен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет
халықты өзіміздікі және өзіміздікі емес деп дефференцияланады.Сыртқы
мемлекеттер арасындағы және ішкі автономиялық және әкімшілік –аумақтық
бөліністер арасындағы шекаралар институтының маңызы айтарлықтай.олардың
көмегімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл
Қоғамды басқаратын аппарат
Мемлекеттің дамуы. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы және дамуы
Мемлекет түсінігі мен нысаны
Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы
Мемлекеттің пайда болу себептері туралы
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Мемлекет және құқық
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері
Пәндер