Азаматтық құқықтағы мердігерлік ұғымы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Мердігерлік түсінігі
1.1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Мердігерлік шартының элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Құрылыс мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3Жобалау және іздестіру жұмыстарындағы мердігерлік шарт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.4 Ғылыми.зерттеу, тәжірбие.конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Мердігерлік шарты». Бұл жұмыста мен мердігерлік шартына түсінік беріп, элементтерін жекелей талдап, тараптардың міндеттеріне тоқталамын. Сондай ақ мердігерлік шартының жекелеген түрлерін талдаймын.
Жалпы азаматтық құқықтың ерекше бөлімінде шарттардың жекелеген түрлері көрсетілген. Сол шарттардың бір түрі Мердігерлік шарты.
Мердігерлік экономикалық агенттіктердің құқықтық қатынасы. Мұнда бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді. Мердігерлік шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге (қайта өңдеуге) немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені меншіктену құқығын тапсырыс берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте мердігерлік жұмыс мердігердің материалдарынан жасалады, соның күшімен және қаражатымен орындалады. Тапсырыс беруші мердігердің өз міндеттерін орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа адамдарды тартуына рұхсат етуі мүмкін. Мұндай мердігер бас мердігер рөлін атқарады. Мердігер қосалқы мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағыны не жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді. Мердігерлік шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел былайша бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын материалдардың, жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ зақындануын оларды берген тараптар көтереді, ал эжұмыс нәтижелерінің тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ зақымдануын мердігер көтереді. Мердігерлік щартта жұмысты орындаудың басталуы мен аяқталуы кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда жұмыстыңжекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де көрсетіледі. Жұмыстың бағасы әдетте мердігерліктің
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.
2. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім және Ерекше бөлім)-2000ж.
3. Ғ.А.Жайлин Азаматтық құқық Ерекше бөлім. І том.- Алматы,2003/
4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. I-том.-Алматы, 2001.
5. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу-құралы.-С.К.Амандықова Астана: Фоллиант,2001
6. Круглов Н.Ю. Хозяйственное право М.,1997
7. И.М. Лифиц Стандиртизация, метрология и сертификация М.,2002
8. Богатых Е.А. Гражданское и трудовое право.-М.: ИНФРА-М,1996.
9. «Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
10. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы. 17 сәуір 1995 жыл.
11. Тархов В.А. Гражданское право Чебоксары: Чув.Кітап баспасы, 1997 ж.
12. Асцеулов А.Г., Жайлин Г.А Гражданское-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности.-Алматы: ИПУ КазГЮА 2000г.
13. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академичиский курс) Отв. Ред. М.К,Сулейманов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2000.
14. Римское частное право: Учебник/Под ред. Проф.И.Б.Новицкого и проф. И.С.Перетерского М.: Юрист, 1999г.
15. Гражданское право. Учебник. Часть ІІ Под.ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого.-М.: Проспект, 1997г.
16. Гражданский кодекс РК (особенная часть) Түсіндірме. Жауапты ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин, Алматы: Жеті жарғы 2000жыл
17. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право: Учеб.Пособие. –Алматы: ИПЦ КазГЮА
18. Гражданский кодекс РК (особенная часть) Түсіндірме. Жауапты ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин Жеті жарғы: 2000ж.
19. Отечественные законодательство ХІ-ХХ веков: Пособие для семинаров. Часть ІІ (ХХ в.) Под.ред. Проф. О.И. Чистяков.-М.: Юрист, 1999г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Мердігерлік түсінігі
1.1 Мердігерлік шарты туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мердігерлік шартының
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 11

2.Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық
мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .16
2.2 Құрылыс мердігерлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23
2.3Жобалау және іздестіру жұмыстарындағы мердігерлік
шарт ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірбие-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
мердігерлік
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Мердігерлік шарты. Бұл жұмыста мен
мердігерлік шартына түсінік беріп, элементтерін жекелей талдап, тараптардың
міндеттеріне тоқталамын. Сондай ақ мердігерлік шартының жекелеген түрлерін
талдаймын.
Жалпы азаматтық құқықтың ерекше бөлімінде шарттардың жекелеген
түрлері көрсетілген. Сол шарттардың бір түрі Мердігерлік шарты.
Мердігерлік экономикалық агенттіктердің құқықтық қатынасы. Мұнда бір
тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша
белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге
өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге
міндеттенеді. Мердігерлік шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге
(қайта өңдеуге) немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені
меншіктену құқығын тапсырыс берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте
мердігерлік жұмыс мердігердің материалдарынан жасалады, соның күшімен және
қаражатымен орындалады. Тапсырыс беруші мердігердің өз міндеттерін
орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа адамдарды тартуына рұхсат
етуі мүмкін. Мұндай мердігер бас мердігер рөлін атқарады. Мердігер қосалқы
мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін
тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағыны
не жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді.
Мердігерлік шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел
былайша бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын
материалдардың, жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ
зақындануын оларды берген тараптар көтереді, ал эжұмыс нәтижелерінің
тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ зақымдануын мердігер
көтереді. Мердігерлік щартта жұмысты орындаудың басталуы мен аяқталуы
кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда
жұмыстыңжекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де
көрсетіледі. Жұмыстың бағасы әдетте мердігерліктің сметасын жасау жолымен
айқындалады, бұл орайда мердігердің үнемдеген қаржысы орындалған жұмыстың
сапасына әсер етпейтін болса, оның өзінде қалды. Тапсырыс беруші
мердігерлік шартында көзделген мерзімде және тәртіппен мердігер орындаған
жұмыстың нәтижесін қарап қабылдауға, шарттан ауытқушылық байқалған жағдайда
мұны мердігерге дереу хабарлауға міндетті. Жұмысты тексірмей қабылдаған
тапсырыс беруші жұмысты қабылдаған кезде бірден байқауға болатын
кемістіктерді сылтау ету құқығынан айырылады. Егер мердігерлік шартта
өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін шартты
орындаудан бас тартуына болады, мұндай жағдайда ол мердігерге жұмыстың
орындалған бөлігінің ақысын мердігерлік баға бойынша төлейді.

Мердігерлік түсінігі
1.1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді(белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін. Бірақ, бұл
мердігерлік қатынастардың мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар, белгілі қызметтің өзі де(оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметтің негізінен жалпылама оңды пайдалы қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарда тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу егер ол заттық сипатта болса,
тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды.
Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген
қызметті реттеу бойынша ережелер мен елеулі ерекшеленсе де, жасалған
мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік
шартының тараптардың құққықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату
шартымен ортақ болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады
Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді. Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер)
екінші тара
птың (тапсырысының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті. Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара
шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт
бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз
кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын
мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және
жасалуы бір уақытта болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді. Одан басқа ҚР-да халыққа
тұрмыстық қызмет ету ҚР-ның Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996 ж. №9\7-
қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы
тәртіптерінде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін ерекше бөлімін қабылдағаннан
кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастардыа бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994ж. №5-5-өкімімен
бекітілген Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, ҚР-ның құрылыс министрлігінің 30.06.1994 ж.
№7-5 Қаулысымен бекітілген, бас мердігердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік
қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру; 4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік. Оларға Азам
аттық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында
жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы
ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де
қолданылады.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген
белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.Тапсырысшы ретінде азаматтық-
құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік
шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен
белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация
министрлігінің 18.01.1998ж. № 123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары
жайындағы конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер-шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті негізде мердігерлік жұмысты
кез-келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір
жағдайларда Лицензиялау туралы 17.04.1995 ж. Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес, мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін. Бүкіл жұмыстың мөлшерін
орындауға алғашқы шарт жасалған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас
мердігер деп аталады. Тартылған тұлға қосалқы мердігер болып табылады.
Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша
қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ.
Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан
орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс-әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етеді,
болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян
шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс
жүзінде ортақ борышкерлер болып келеді, себебі, олардың жасаған барлық
әрекеттеріне жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық
мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты емес құқықтық
қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасауы мүмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көбі орын алған бір міндеттемелік құқықтық қатынас
пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін, сондықтан мердігерлік,
кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себепті бірнеше борышкер
тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып табылады.
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша келісімдер жасауы мүмкін және
олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде
түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық
келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан,
өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуы
мүмкін. Ю.Г.Басин мынандай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде үш
жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты
орындауға келіскен соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты
келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей тапсырысшы, мердігерлердің біреуінің
қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа
мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен.
Мұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған
және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге
қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырып мұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады1. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы – бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізетін белгілі
заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнелеуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті
халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге
жұмыстар, мысалы көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің
тиісті күйін қалпына келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді.
Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға
міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бағалай алады, демек оларды
орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасамаса мердігер
жұмысты орындау талабынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы
мүмкін және мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі мүмкін.
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады.
Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін
тигізеді. Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек.
Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі
болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны
анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шарта мұндай нұсқаулар болмаған және
тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте
___________________________
1Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академичиский курс) Отв.
Ред. М.К,Сулейманов, Ю.Г.Басин. – Алматы, 2000. – 270бет
осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот
белгілейді. Бағаны есептеу үшін тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы
қажет. Егер шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни
сол жұмыстың өзі бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді
қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін.
Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын
жұмсалатын материалдарды анықтайтын құжат. Мердігер жұмыстың және
материалдардың құндары жөнінде біліктілеу болған соң смета көбінесе онымен
дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзінің де сметаны жасауына шек
қойылмайды. Мердігермен жасалған смета, тапсырысшымен бекітіледі және
шартың ажырамас бөлігіне айналады. Өз кезегінде тапсырысшы дайындаған смета
мердігердің келісімін талап етеді. Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты
жасацу тәртібімен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы шарт. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете
алмайды. Тұрақты сметаны біржақты өзгертуге құқық шартты жасау кезінде
орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті
шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін
мердігер беруге тиіс материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ, оған үшінші
тұлғалар көрсететін қызметтердің құны өскен кезде мердігердің өскен
бағаныкөбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Мердігерлік шарттың мерзімдері
мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға
байланысты қызметінің уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы
белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті.
Ең жоғарғы мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі
мердігерлік шарттарының орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады.
Сонымен қатар шартта жұмыстың жекелеген кезеңдері мен аяқталу мерзімдеріде
көрсетіледі.
1.3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігер шартта көрсетілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға
міндетті. Мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның жұмысты
орындамағанына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы
міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп
тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немесе
дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да
әсер етеді.
Егер жұмыстың сапасына қойылар талаптар да шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапаасына
қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген
жабдықтарды,итехникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде
қабылдап алуға жауапты болады. Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық
құжаттардың және өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе
сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы
үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3)орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктілігіне
қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге
қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу
ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген
сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті
қабылдау кезінде нықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен
босатылуы мүмкін. Егер жұмыс мердігердің материалдарынан орындалса,
мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі
материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы
немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады. Мердігер тапсырысшы берген
мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты
орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшы берген
материалдардың өзге мүліктік жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер
жауапты болады.
Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындалуына арналған мүлікке ғана
емес мердігердің иелігіне тұскен басқа да мүлікке қатысты болады.
Мердігерде үнемдеуге құқығы бар (ҚРАК 622-б). Оған қатысты норма заңнамада
және бұрын ҚКСР АСАК-да ол болмаған еді. Оны кірістіру мердігердің тиімді
шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолдануына байланысты
үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады. Үнемдеу материалдардың
жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын азайтуда болып келеді.
Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды
енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады.
Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу кезінде есептегеннен кем болған
жағдайда, егер тапсырысшы мерлдігер алған үнем, орындалған жұмыстың
сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта көздеген баға
бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды. Мердігер тапсырысшыға жұмыстың
нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеще іске асыру
үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті. ҚР-ның Азаматтық кодекс 638- бабы
әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың
мүліктік объектісімен1 иеленуіне байланысты мүдделердің қамтамасыз ету
міндеті жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың
арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер ткралы
ақпарат алса, сол ақпаратты үшінші тұлғаларға өзге тараптың келісімісіз
бере алмайды. Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібіне құқықтық қорғауы
болмайтын ақпарат және тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып
келетін ақпаратта қорғалады. Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты
қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да
көрсетілуі мүмкін.
Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер
шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі.
Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немесе
бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке
алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді.Орындалған
жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған
затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі. Тапсырысшы
жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемістіктерді
анықтаса, онда бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. Болашақта
тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап
қоймақ болса, онда кемістіктер
қабылдауды куәландыратын актіде немесе өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол
соларға сілтеме жасай алады. Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз
қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда
нықталуы мүмкін болған кемістіктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Егер тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қарап қабылдағаннан кейін қарапайым
қарағанда көрінбейтін кемістіктерді, сол сияқты мердігер қасақана жасырған
кемістіктерді анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды
мерзімде хабарлауға міндетті. Тапсырысшы мердігерге оның орындаған
жұмысының кемшіліктері туралы хабрлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер
табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесі қабылданғаннан кейін бір жылды
құрайды.Мердігерге ғимараттардың, құрылыстардың кемшіліктері туралы немесе
мердігер __________________
1Асцеулов А.Г., Жайлин Г.А Гражданское-правовая ответственность за вред,
причиненный преступлением против личности.-Алматы: ИПУ КазГЮА 2000-93,94 б.

қасақана жасырған кемшіліктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды
құрайды. Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдері ретінде қабылдауға
болады. Аталған мерзімдер заң актілерімен ұзартылуы мүмкін.
Сапа кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесінің
барлық құрамаларына тарайды.
Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері
немесе оның себептері туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы
бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін. Сараптау шығындарын мердігер өтейді.
Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса мердігер осы шығындардан
босатылады. Бұл жағдайларда шығындарды кім сараптау жүргізуді қаласа, сол
өтейді. Егер сараптауды тараптар келісіммен жүргізсе, онда екі жақ тең
шығынды өтейді.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу-тапсырысшының негізгі міндеті. Бұл міндет
жалпы тәртіп бойынша мердігер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң
орындлуы тиіс.Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс
кезеңдерінде ақы төлеу міндеті қарастырылуы мүмкін. Ақы төлену үшін жұмыс
уақытылы орындалуы керек. Егер жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда
немесе аванс төлемін жасау, сонымен қатар кепіл пұл беру осылар шарттарда
қарастырылған жағдайда ғана жүзеге асырылады және мөлшері заңнамамен немесе
шарттармен анықталады.
Мердігерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетімен қорғау құқығы
беріледі. (ҚР АК 9-бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып
келеді (ҚР АК 624-бап).
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесін қабылдаудан жалтарып, жұмыс үшін
төлемесе мердігер жұмыс нәтижесін өз бетімен сатуға құқылы. Бұл тапсырысшы
жұмысты қабылдау уақыты өтіп кеткеннен кейін бір айдан соң және
тапсырысшыға екі рет ескертілгеннен кейін жүзеге асады.
Мердігерлік шарты бойынша тарптарда тиісті көлемде тәуекелдер болып келеді.
Егер шртта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе мүліктің
кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелін шарт бойынша келісілген
жұмысты тапсырудың мерзімі келгенше мердігер көтереді. Егер мердігерлік
заты тапсырылғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкіндігі
болмаса, онда тараптар кінәсі болмаса, мердігердің жасалған жұмысқа ақы
төлеуді талап етуге құқығы болмайды.
Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердігерден:
1) қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жою;
2) жұмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге
құқылы.
Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктердің өзінің қаржаттарымен мысалы, басқа
мердігерді жалдау жолымен жоюы мүмкін. Римдік құқықта мердігерлік шарт
(locatio- conduction operus) жұмыстарды жалдау шарты болып аталды1. Бұл
үшін мердігерлік шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс-
әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек. Мердігерлік шарт бойынша
орындалған жұмыс спасының лайықсыз болуынан туған кемшіліктер туралы талап
бойынша талап қою мерзімі кемшіліктер анықталған күннен өз ағымын бастайды.

________________________
1Римское частное право: УчебникПод ред. Проф.И.Б.Новицкого и проф.
И.С.Перетерского М.:Юрист, 1999-446.

2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлігі
Тұрмыстық мердігерлік. Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету
аясындағы қтынстарды реттейді. Ол ақылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату
шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты
тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың мердігерлік шарты бойынша
олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика
салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі
осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-
сату шартына бір тарп болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік ҚР АК-нің 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен
бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың құқығын қорғау турлы заңы қолданылады.
Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20
қыркүйектегі № 9\7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға
тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі.
Тұрмыстық мердігерлік шарты боыйнша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық
немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға рнлған белгілі бір
жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап
алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл
шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады1. Жұмысты орындауға
берілген шартта немесе тапсырыста мыналар көрсетілуі тиіс:орындаушының
заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегі және аты-жөні, мекен-жайы және
телефоны, тапсырыс қабылданған мерзім, _____________________
1 Гражданское право. Учебник. Часть ІІ Под.ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого.-
М.: Проспект, 1997.-109б.
тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы,
тапсырысты қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету
түрлері, орындаушы мен тұтынушының материлдарының толық тізімі, бағасы және
саны, жөндеуге берілген заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін және жетон,
талон, кассалық түбіртек т.б. заттардың берілуімен расталуы мүмкін. Барлық
жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің
эскизі бойынша немесе үлгілері бойынш қабылданады. Оның қолымен расталтын
тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу
нәтижесінде үлгілерден жіне жұмыс орындау технологияларынан ауытқу болуы
мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне
және оның мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
ҚР АК 644-бабы бойынша мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға
дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері
туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді
ақпарат беруге, сондай-ақ, тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және
орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға
міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға
мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуі тиіс. Жоғарыда аталған
міндеттерді орындау үшін жұмысты орындайтын кәсіпорындардың қызметі туралы
маңдайшасы, заңды мекен-жайы мен атауы, жұмыс істеу режимі көрсетілген
маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің тіркелген органы туралы
ақпаратты, көрсетілген қызметтің міндеті талап-және жұмысы туралы
ақпаратты ұсынуға міндетті. Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат және
оның түрлері, ерекшеліктері, бағасы және төлеу нысаны туралы кәсіпорынның
тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы кақытша мекен-жайда, жылжымалы
пункттерде, орынға барып жұмыс істейтін бригадалармен қызмет көрсету
жүргізілген кезде де ұсынылады.
Тапсырысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға
керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-
пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия,
тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың үлгілері, типтік
шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың, талондар және
мердігер тапсырысты қабылдағанын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі
тиіс. Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез-келген
уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған
жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл
міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама
алғанға дейін орындалса ғана болып келеді. Ал негізінен тапсырысшының
әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық
мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.
Мердігердің негізгі міндеті- шарт талаптарына және міндетті талап
етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс
мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар
сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге
міндетті. Егер тұрмыстық мердігерлік шартында жұмысты
бөліп-бөліп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындлатын бөліктің
мерзімдері көрсетілуі тиіс.
Егер тапсырысшы берген материалды мердігер біршама немесе толығынан
жоғалтып алса, онда ол сол материалды түрі мен сапасы сондай болып келетін
өзге материалмен ауыстыруы тиіс. Сонымен бірге тұтынушы шеккен шығындар да
өтелуге тиіс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердігер оған
материалдардың бүлінуіне әкелуі мүмкін материалдар жағдайында мердігер
тұтынушының еркі бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзімде сондай
материалдан затты дайындауға міндетті.Тапсырысшыға мердігер материалдардың
олардың бүлінуіне әкелуі мүмкін айрықша қасиеттері туралы ескертсе, онда
мердігер материалдың біршама немесе толық бүлінуіне байланысты
жауапкершіліктен босатылады. Ал мердігердің материалдық айрықша қасиеттері
туралы білмегені оны жауапкершіліктен босатпайды.Мердігер, егер төтенше
және бой бермейтін күш жағдайлары орын алса, осының себебінен
материалдардың бүлінуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны үшін
жауапкершілікті көтермейді.
Қазқстан Республикасының Азаматтық кодексінде тапсырысшы-тұтынушының
мүддесін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды да қарастырады.
Мердігер тапсырысшыға дайындалған немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесін
тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін
қажетті талаптарды хабарлауға міндетті. Орындалған жұмыс нәтижесін
пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзі немесе өзге тұлғалар
үшін қолайсыз салдары да көрсетілуі керек. Жұмысты орындағаннан кейін
немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда, мердігер тұтынушыға жұмсалғаннан
қалған материалдарды, сонымен бірге ауыстырылған бөлшектерді қайтаруға
міндетті, сол сияқты олар үшін тапсырысшы төлеген материлдардың жұмсалуы
туралы есеп беруге міндетті.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесін қабылдауға және орындалған жұмысқа
ақы төлеуге міндетті. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы жұмыс
нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді. Тараптардың
келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс беру арқылы
төленуі мүмкін.Тұрмыстық қызмет көрсетудің ережелерінде жұмыстың кейбір
түрлеріне алдын ала ақы төлеу немесе аванс беру қарастырылған. Жекелеп
алғанда тұтынушының қатысуымен орындалатын жұмыстарға тұрмыстық мердігерлік
шартын жасау сәтінде жұмыстың ақысы толығымен төленеді.
Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, жұмыс мердігердің
материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезінде тапсырысшыматериал
үшін толық немесе ішінара тапсырысшы мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін
алған кезде түпкілікті есеп айырыса отырып, шартта көрсетілген бөлігі үшін
ақша төлейді. Мердігердің материалына өзге тәртіпте есептесу тараптардың
келісімімен қарастырылуы мүмкін. Шартқа сәйкес материалды мердігер
кредитке, оның ішінде тапсырысшының материалға ақыны бөліп-бөліп төлеуі
талабымен беруі мүмкін. Мердігер берген материал бағасының шарт жасалғаннан
кейін өзгеруі қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.Тапсырысшы орындалған жұмыс
нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған
жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен
күннен бастап екі ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады.
Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі барлық төлемдер шегеріп, қалғанын
тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің
таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе
тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жауапкершілігінің көрсетілген жағдайы жалпылама оның жиі орын
алмайтын жауапкершілігінің (көбінесе тұрмыстық мердігерлік шартында да
мердігерлік жауапкершілігі кездеседі) бір бөлек жағдай болып келеді. Тағы
да бір жағдайды атап көрсетейік. Егер тапсырысшы, мердігер материалдың
жарамсыздығын сапасыздығын уақытылы ескертіп немесе жұмыс нәтижесінің
беріктігіне әсер ететін жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай
шара қолданбаса, онда оған жауапкершілік жүктеледі. Бұл жағдайда мердігерді
шартты бұзуға және өзіне келген шығындарды өндіріп алуына құқығы бар.
Тапсырысшы мердігерді жауапкершілікке тарта алады, егер мердігердің жұмыс
(оның нәтижесі), мердігердің өзі жөнінде тиісті емес ақпарат беруі
тапсырысшыға қажетті қасиеттері жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен
бірге мердігердің жауапкершілігі тапсырысшының өміріне, денсаулығына,
мүлкіне зиян келтірген жағдайда да туындайды. Соңғы екі жағдайда шартты
бұзып,кел- тірілген шығынды өндіріп алуға құқық береді.
Мердігер тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайларының заңнама
талаптарына сәйкес қолданылуы үшін де жауапты болады. Егер де шарт
талаптарын қолдану кезінде тұтынушының құқығы шектеліп, оған зиян келсе
онда ол толық көлемде өтелуі тиіс. Бұған тұтынушының еркін жұмыс таңдау
құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз. Егер мердігер тапсырысшы
берген материалдардың жарамсыздығын, сапасыздығын тапсырысшының жұмысты
орындау тәсілі туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәтижелерінің
жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде
аяқталуына мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар
анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгіленген нысандағы
құжатта көрсетпесе, мердігер тапсырысты тиісінше орындамағаны үшін
жауапкершілік көтереді. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы міндеттемені
орындамаудағы кінәліліктің болжамы (презумпциясы) қолданылатыны айқын
көрінеді1. Орындалған жұмыс нәтижелеріндегі кемшіліктерді анықтаса
тапсырысшы мердігерлік қатынастарды реттейтін жалпы нормалар қарастырған
құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезінде немесе мердігерлік
нысанасын пайдалану кезінде кемшіліктерді анықтаса, онда тапсырысшы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында қарастырылған
жалпы мерзімдер шегінде мердігер талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта
кепілдік мерзімі қарастырылса, онда талаптар гарантиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Тұрмыстық мердігерлік шарты
«Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»
Шарт ұғымы және оның түрлері
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Мердігерлік шарты жайында
Пәндер