Сақтандыру шарты



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. бөлім: Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1 Сақтандыру ұғымы, мәні, түсінігі ... ... ... ... ..5
1.2 Сақтандыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Сақтандыру шартының сипаттамасы ... ... ... ..14
1.4 Сақтандыру шартының элементтері ... ... ... ... 17
1.5 Сақтандыру шартының міндеттері ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттері ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерінен қорғау әмдістерінің бірі.
Адамдар жие өрттерден,су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұнадай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүлік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Призидентінің Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген. Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.
Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік –экономикалық қызыметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау – қаражат сақтау міндеттерін де атқаруы қажет.
Қолдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Конститутциясы.
2. Қазақстан Республикасының Аазаматтық Кодексі. (Жалпы және Ерекше бөлім).
3. Е.Баянов, Ғ.Жәкішов, Ж.Кенжіғалиев. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы. «Жеті жарғы». 2001ж.
4. Азаматтық құқық. I-том.-Алматы. 2003ж.
5. Алексеев С. Теория права. М.: БЕК. 1993г.
6. Венгерев А. Теория государства и права. М.:1994г.
7. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері.-Алматы. 2004ж.
8. Дулатбеков Н., Амандықов С., Тұрлаев А. Мемлекет жәнеқұқық негіздері.-Астана. 2001ж.
9. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы. 2005ж.
10. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.-Астана. 2007ж.
11. Сапарғалиев Ғ. Қазақстанның мемлекеті мен құқық негіздері.-Алматы. 2003ж.
12. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. I-том. –Алматы. 2001ж.
13. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Выпуск1-8. –Алматы. ВШП «Адилет». 1993г.
14. Гражданское права. Словарь справочник.-М. 1996г.
15. А.Ғ. Жайлин. Азаматтық құқық. (Ерекше бөлім). I-том.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе____________________________ ________________3

1- бөлім: Сақтандыру туралы жалпы ережелер
1.1 Сақтандыру ұғымы, мәні, түсінігі._________________5
1.2 Сақтандыру түрлері.___________________________ __7
1.3 Сақтандыру шартының сипаттамасы______________14
1.4 Сақтандыру шартының элементтері._______________17
1.5 Сақтандыру шартының міндеттері._________________25
Қорытынды__________________________ _______________27
Пайдаланылған әдебиеттері________________________ ___29

Кіріспе

Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерінен қорғау әмдістерінің бірі.
Адамдар жие өрттерден,су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұнадай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүлік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Призидентінің Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген. Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қоса сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек.
Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызыметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау - қаражат сақтау міндеттерін де атқаруы қажет.
Сақтандырудың мәні бір қватар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар,и әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктерімен обьективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюды тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдіруіне, кәсіпкерлік қызыметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізгі қүруға, азаматтар мен шаруашылық субьектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.
Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғанда әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке келесі міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:
1) табиғи-техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;
2) нарықтық экономика қағидаларына сай сақтандыру жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеуге, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақылдарды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орнын толтыруға;
3) халық пен ұйымдардың қаражатын ұзақ мерізімде негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға.

І.1 Сақтандыру ұғымы, мәні, түсінігі.

Осыған дейін біршама уақыт бұрын сақтандыру қатынастарын кешенді реттейтін заң актісі болып Қазақстан Республикасы Призидентінің 1995 жылдың 3 қазанынан Сақтандыру туралы заң күші бар Жарлығы саналды. 2000 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызыметі туралы жаңа Заңы қабылданды, қазір ол заңгерлер тарапынан жоғары бағаланады. Онда сақтандыру ісін ұйымдастыруды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылған. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 803-845 - баптарын қамтитын 40-шы Сақтандыру деп аталатын тарауында мазмұндалған. Сақтандырудың жекелеген түрлерін реттейтін бөлек нормативтік актілердің де бірқатар саны бар, мысалы 1996 жылдың 31 қазанынан № 1319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 460 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және т.б.
Сақтандыру қызыметіне бақылау жүргізу туралы ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылдығың 30 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңында мазмұндалған. Сонымен бірге сақтандыру туралы жекелеген нормалар Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызынан Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызыметі туралы Заңында да бекітілген.
Сақтандыру құқығының негізгі түсініктер. Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктер қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әртүрлі түсіну қауіпімен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бұл қазіргі құқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы қөзқарасынан жіктеу қылуға мүмкіншілік береді. Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызыметі туралы Заңның 3,4- баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820- баптарында жне т.б. ашылады.
Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке акитивтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын саұқтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызуғушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және тұлғалардың заңды қызығушылығын мүлік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру қызыметі- Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыпткасатын сақтандыру шартарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызыметі.
Сақтндыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кздейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдығы мен кездейсоқтығының талаптарды жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге қолданылмайды.

І.2 Сақтандыру түрлері.

Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен және шарттарымен анықталады.
Актуарий - сақтандыру ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асырыға байланысты қызыметті атқаратын жеке тұлға;
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерізімімен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері - белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандырушы -өзі қабылдаған сақтандыру тәуеклдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейінен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызымет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы - сақтандырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылы сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеуі көлемін ұсыннатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі - жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.
Келтірілген түсініктер тізімі аяқты болып табылмайды, бірақ олардың кейбіреулерін сақтандыру қатынастарын одан әрі қарастыру жүрісінде ашу орынды болып келді.
Күшіндегі сақтандыру турлы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелуінің күрделенуі ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызыметі туралы Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға, кластарға, түрлерге жіктеледі.
ІІ Сақтандыруды салаларға бөлу сақтандырудың әртүллі обьектілрмен байланысты. Сақтандырудың барлық түрлерін екі сомаға бөлу қарастырылған, олар:
oo өмірді сақтандыру;
oo жалпы сақтандыру;
Аталған сақтандыру саласының біріншісі заңмен қорғалатын игіліктердің арасындағы ең жоғарғы құндылық болып табылатын азаматтар өміріне қатысты болып келді. Өмірді сақтандыру саласы бірқатар болмай қоймайтын обьективтік сипаты бар өмірлік жағдайларда сақтандырылған тұлғаға ақша төленуі қарастырады.
Бұл тұлғаның қартайған шағында мүліктік мүдделерін кешенді қамтамасыз етуге, адамды жерлеуге шығындарды өтеуге мүмкіншілік береді. Осы себептен өмірді сақтандыру өмірді азаматтық құқықтық тәсілдермен қорғаудың бір жолы болып келетінін айтуға болады.
Ерікті нысанда сақтандыру өмірді сақтандыру саласына өз кезегінде кластарды еңгізеді. Ерікті өмірді сақтандыруда екі класс қарастырылған, олар: 1) өмірді сақтандыру; 2) аннуитетті сақтандыру. Жалпы сақтандыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарын орнын төлеуді қамтамасыз етуде дәстурлі жолда болып келді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық-құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтарын қамтамасызи етуде сақтандырудың мәні бұрынғыға қарағанда салыстырамыз жоғары болып келді деген пікірге орнығуымыз мүмкін. Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:
1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқық жауапкершілігін сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасмалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық - құқық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір кластың мазмұны және оны оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты занама заңды нормативтік актілер бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.
Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы жағдайлар көбіне императитік болып анықталатынын айтуға болады. Бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызыметін пайдаланатын субьектілерінің мүделерін ескеруіне мүмкіндік береді.
Заңда берілген анықтамаға сәйкес, сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы әзірлейтін және ұсынатын сақтандыру өнімі болып табылады. Өнім деген түсінікті қолдану интеллектуалдық меншік котерияларын ойға шақырады. Мұндай шарттарда коммерциялық құпиялы болып келетін мәліметтердің болуы мүмкін. Бірақ, өнім деген т үсінікті біз басқа да позицияда бағалай аламыз. Сапқтандыру түрі сақтандырушының да сақтанушының да мүдделерін ескеруді қамтамасыз ететін заңныңміндетті нормаларына қайшы келмейтін және онда сақтандырудың барлық керекті жағдайлары ескерілген шарт борлып келді.
Заңда сақтандыру нысаныеың түсінігі де қарастырылған. Ол сақтандыру түрлері деген бұрын күшіне болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі.
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті болады. Сонғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери қызыметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызыметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және суьялардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін, міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-құқытық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъетілердің азаматтық-ұқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес, банктердегі салымдарды ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.
Міндетті сақтандырдың түрлері тәртібі мен талаптары заң актілерімен беліленеді. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтан-дыру міндетін азаматқа заң актілермен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен, өмірді жәнеденсаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтадыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек -қызыметтік қатынаста түратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтаушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру обьектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемінің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді.
Ерікті сақтандырудың міндеті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен тараптардың еркін білдіруіне негізделеді.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Обьекті бойынша сақтандыру: а) жеке; б) мүліктік болып бөлінеді. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады, мысалы, олардың белгілі жасқа келгенін сақтандыру. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық - құқықтық жауапкершілігті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі сақтандырылады. Азаматтық - құқықтық шартардан және басқа да негіздерінен пайда болатын міндеттемелерді бұзуға байланысты пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.
ІІІ Сақтандыру шарты бойынша бір тарап сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызыметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушыныңқызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңының бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия бермеудің негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс.
Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру обьектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдері;
4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;
5) сақтандыру шарты қолдануының мерзімі мен орнын;
6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттерін ;
8) сақтақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы жаттар тізімін;
9) сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
10) сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерізімін;
12) сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;
13) дауларды шешудің тәртібін;
14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
15) ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақьандырудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабының 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін.
Қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпке сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжрибесінің бөлігі ретінде қарастырылады.
Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. I-том. - Алматы. 2001ж.
Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи
І.3 Сақтандыру шартының сипаттамасы

Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастыратын болсақ заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-б. сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шартта реалды болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтаушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындауын талап ете алады.
Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүлік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтаунушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың тиетімен қамтылады.
ІІІІСақтандыру шартының нысаны. Сақтандыру шартоы жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.
Тараптар шартының барлық жағдайлары көрсетілетін бір құжатты жасап оған қолдарын қоя алады. Мұндай шартты жасау жеке келісілген жағдайларға, бір - біріне сай келмейтін тәуекелдерге байланысты сақтандыру жасалғанда қолданымырақ болып келеді.
Сақтандыру сақтанушының бір жақты тәртіпке сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттарға қосылу жолымен де жасалады. Мұндай шарт өзінің заңды табиғаты бойынша қосылу шарты болып келді.
Азаматтардың мүддесіне қарай сақтандыру жүргізілсе онда шартты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін беру жолымен жасау жиі кездеседі. Сақтандыру шарты, шартты жасауға тараптардың ерік білдіруін дәлелдеуге және олар барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келгенін білдіретін жазбаша құжаттармен айырбас жасау арқылы да жасалуы мүмкін. Шарттың бір немечсе өзге жазбаша нысанының арасында таңдау тараптардың келісімімен немесе сақтандырушымен жүргізіледі.
Қазіргі азаматтық заңнама шартты жалпы полис беру арқылы жасасу мүмкіншілігін де қарастырады. Шарттың мұндай нысаны сөз бір текті мүліктердің әртүрлі партиясын белгілі кезең ішінде негізінен бірдей жағдайлармен жүйелі сақтандыру жөнінде жүрген жағдайда қолданылады. Содан басқа, жалпы полис бойынша сақтандыруды жүзеге асырудың міндетті талабы болып сақтаушы мен сақтандырушының арасында келісімнің болуы келеді. Сақтаушының талабы бойынша сақтандырушы оған жалпы полис әсер ететін мүліктің жеке партияларына бөлек сақтандыру полистерін беріп тұруға міндетті. Жалпы полиске сақтандыру полисінің мазмұнына сәйкес келмеген жағдайларда артықшылық сақтандыру полисінде болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 826-бабында сақтандыру шартының мазмұны анықталады. Онда мыналар болуға тиіс: 1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 2) сақтанушының және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері; 3) сақтандыру обьектісі; 4) сақтандыру жағдайы; 5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерізімдері; 6) сақтандыру сыйлық ақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерізімдері; 7) шарттың жасалу күні және қолдану мерізімі; 8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету; 9) шарттың номері, сериясы; 10) шартың жағдайларына өзгерістер енгізілетін кездер мен оларды енгізу тәртібі; 11) сатып алу сомасы төлеудің шарттары мен оның мөлшері.
Айтылғаннан сақтандыру шартының елеулі жағдайларына мыналар жататындығы туралы қортынды жасауға болады, олар:
1) сақтандыру обьектісі;
2) мүмкін болатын сақтандыру жағдайы;
3) сақтандыру сомасы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру шарты жайында
Сақтандыру шарты туралы ақпарат
Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Сақтандыру. Сақтандыру шарты
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шарты туралы
Ұлттық сақтандыру рыногының қалыптасуы
Сақтандыру шартының жекелеген түрлері
Пәндер