Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе 3

1 бөлім. Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы

1. 1. Сатып алу-сату шартының түсінігі және элементтері 5

1. 2. Сатып алу-сату шартының жекелеген түрлері 9

2 бөлім. Сатып алу-сату шарттары бойынша орындалатын бірқатар

құқықтар мен міндеттер

2. 1. Сатып алушының құқықтары мен міндеттері 29

2. 2. Сатушы тарабының құқықтары мен міндеттері 34

Қорытынды 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41


Кіріспе

«Сатып алу-сату шарты» тақырыбындағы курсттық жұмысымда стып алу-сату шартының түсінігі, оның жекелеген түрлері, тараптардың құқықтарымен міндеттері кенінең қаралады.

Курстық жүмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сатып алу-сату шартының түсінігі мен элементтері, және оның жекелеген түрлері туралы ашып жазылды. Ал екінші бөлімде сатушымен сатыпалушының құқықтарымен міндеттері туралы жәнеде оларға мысалдар қаралды. Ал, қорытынды бөлімінде жоғарыда жазылған бөлімдерге талдау жасалынды.

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Сатып алу-сату шартында сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру көзқарас дәстүрлі болып табылады.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел баскаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір акша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардьң қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. Шарт консенсуалды, екіжақты, ақылы. Сатып алу - сату шартының елеулі ережелері болып тауарлардың аты мен саны табылады. Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез-келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін. Сатып алу - сату шарты бойынша азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет тараптар бола алады.

Сатып алу-сату шартының түрлері болып мыналар табылады:1) Бөлшектеп сатып алу - сату шарты; 2) Кәсіпорынды сату шарты; 3) Тауар жеткізілімі шарты; 4) Келісім шарт жасасу шарты; 5) Энергиямен жабдықтау шарты;

Сатып-алу сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік қүқығының немесе заттық кұкықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтерін қарастыра отырып оның қүқықтық табиғатын ашу;

- сатып алу-сату шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін мәртебесіне сай көрсету;

- сатып алу-сату шартының жекелеген түрлерін олардьң маңыздылығына және қажеттілігіне қарай сипаттама жасау.

1 бөлім. Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы.

1. 1. Сатып алу-сату шартының түсінігі және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптьщ (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруыиа беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бүл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды түлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. 1

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік кұқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты белініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды түлға күру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты.

Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып-алу сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті кұқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді. 2

Бағалы қағаздарды және валюталық кұндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңыама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережслер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңдігі болып келмейді, бірак шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың кұкықтарын корғау негізінде болуы тиіс.

Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу - сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмүны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И. В. Елисеев және басқа да автор-лардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мүндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым түрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады.

Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтьш мүлікті сатып-алу сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады.

Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.

Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке түлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бүл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құкықтық қатынаста нақтылануы қажет.

Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі) . Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады. Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идеологиялық объектілеріне иемденеді.

Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез-келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін. Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатъш алу-сату шартыньщ нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып келгенде де орын алады. 3

Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасынң "Бағалы қағаздар рыногы туралы"; "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы" Заңдармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік бақылау туралы" Заңымен т. б. күшінде болып келетін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 406 бабының 4-ші тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген.

В. А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді.

Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық элементтерінен кұралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. 4

1. 2. Сатып алу-сату шартының жекелеген түрлері

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты. Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты құқықтық реттелуінің ерекшеліктері бар. Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 5 маусымындағы "Тұтынушылардың құқығын қорғау" туралы Заңы. Аталған ереже қолма қол шетелдік валютаны қолданып бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасасу тәртібін анықтайды. Бұл шартқа өзге де нормативтік актілер қолданымды болып келеді.

Құқықтық сипатымен бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мүмкіншілігі бола түрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады. 5

Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бүл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жарналы. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және оның қажеттілігі туралы кемінде бір торап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып саналады. Өзінің қалауы бойынша сатушы жарналы оферта жасалмай (онымен қатар) жеке офертасын да жасай алады. Жарналы офертаның негізінен бұл дегеніміз тұлғалардың белгісіз қатары (санына) бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс. Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша алуды ұсынатыны офертаның осы мінезіне әсер етпейді, сондай ұсыныстар негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатьтп алу-сату шарттары (тұтынушылық) болып кала береді.

Әдетте бөлшектеп сатьп алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, осымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жокқа шығармайды. Жазбаша нысаны тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқьлы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж. б.

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына, жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. 6

Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат келе алады. Және де, бөлшек сауда лицензияланатын жағдайларды қоспағанда, бұған қатысты аса шектеулер жоқ. Яғни, жалпы тәртіп бойынша бөлшек сауда лицензиясыз жүзеге асырылады. Бөлшек сауданы лицензиялау бөлек заң актілерімен қарастырылады. Мысалы, сырадан басқа алкогольдік өнімді лицензиясыз сатуға болмайды, осы талап шстел валютасына сауда жасауға, іпетел валютасын сатуға, қару жарақ т. б. тарайды.

Сатып алушы, әдетте жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды бөлшек сауда кәсіпкершілік қызмет үшін емес, өзге мақсатта пайдалану үшін сатып алады. Сонымен заңды тұлға осы сияқты келісімшарт қатынасына ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысшылардың дұрыс демалысын ұйымдастыру, олардың тұрмыс материалдық жағдайын қамтамасыз ету үшін кіріседі.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез-келген заттар болуы мүмкін. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса) . Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бүл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді.

Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар; алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің кұрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс.

Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымдарына (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі, пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті

Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанұя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде қауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетгі болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тыйым салынады.

Барлық азық-түлік өнімдері, бояулар мен лактар, шампунь, тіс жуатын ұнтақтар мен пасталарға екі тілде де тауардын тұтыну қасиеті, қоспасы тауар кұрамының консерванттары мен бояулары, пайдалану мерзімі, өндіруші туралы деректер берілуі қажет. Мұндай түсініктемелер мен нұсқаулар мұздатқыштарға, кір жуатын машиналарға, шаңсорғыштарға, теледидарға, ойыншықтарға берілуі қажет.

Бөлшектеп сатьп алу-сату шарты сатушының тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бүл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшек сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекен-жайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептелінеді.

Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі (меншік иесі болу шарт емес) сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек (аты, саны, әр бірліктің бағасы т. б. ) . Сонымен қатар тауар сатушы туралы ақпарат та автоматгы жүйеге енгізілуі қажет, оған сатушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады. Ақпарат автоматқа енгізуден өзге жолмен де берілуі мүмкін. Сатып алушының тауарды алу үшін жасалған әрекеттері аяқталғаннан кейін шарт жасалды деп есептелінеді.

Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы тауардың сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сатып алушы сатып алынған тауардың ақысын төлеуге міндетті. Шартқа отыру кезі мен ақы төлеу кезі сәйкес келген жағдайда сатып алушының жалғыз міндеті затты қабылдап алу.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берілген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жіберілген кемшіліктері туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша әрекеттері (затты қолма кол алу, накладнойға қол қою ж. б. ) маңызды болып келеді.

Тараптар сатып алушы тауарды белгілі уақытта қабылдап алатынын қарастыратын шартты жасай алады, сол мерзім ішінде тауар өзге сатып алушыға сатылуы мүмкін. Егер шартпен өзгеше қарастырылмаса белгіленген мерзімде сатып алушының тауарды қабылдамауы, әлде тауарды қабылдау үшін қажетті өзге әрекет-терді жасамауы сатьш алушыпың шарттан бас тартуы болып бағалануы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Сату жане сатып алу
Келісімшарттардың басқа шарттары
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар туралы
Мәміле түсінігі
Нарық және иерархия
Баға, баға белгілеу және баға жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz