Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік


Жоспар
Кіріспе 3
1 бөлім. Соттағы өкілдіктің түсінігі, және олардың түрлері мен пайда болуы
1. 1. Соттағы өкілдіктің түсінігі 5
1. 2. Өкілдердің түрлері және пайда болуы 10
1. 3. Соттағы өкілдікдің белгілері 13
2 бөлім. Соттағы өкілдіктің өзекті мәселелері.
2. 1. Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері 18
2. 2. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар 21
2. 3. ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру 24
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер 32
Кіріспе
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген. Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады ( тұрғын үйді сату-сатып алу, жалға беру, айырбастау, т. б. ) . Өкілдің уәкілетттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір жағдайларда заңның негізінде (мысалы, заңды өкіл ретінде ата-аналардың өз кәмелетке толмаған балаларының атынан өкілдік жасауы, қамқоршының қамқорындағы адамның өкілі болуы), әкімшілік акт негізінде (мысалы, әрекет ететін жағдайға байланысты сатушы, кассир, жүк қабылдаушы, т. б. лауазымдарды тағайындау) . Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттікке ие болу керек. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз өзімен мәміле жасай алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің арасында мәміле жасай алмайды. Өкіл беруші заңның (әрекет қабілеттігінің болмауы) немесе нақты бір өмірлік жағдайдың (адамның ауруы, командировка, қолының бос болмауы, т. б. ) негізінде өз құқықтары мен міндеттерін орындай алмайды, сондықтан өкілдің арнайы білімін және тәжірибесін пайдалану, уақытын үнемдеу үшін өкілдің қызметіне жүгінеді. Өкіл жасаған әрекеттердің өкіл беруші үшін заңды салдар туғызу үшін осы әрекеттер уәкілдік шегінде жасалу қажет. Бірақ кейін өкіл беруші уәкілеттіктің шегінде жасалуы қажет. Бірақ кейін өкіл беруші уәкілеттіктің шегінен шығатын өкілдің әрекеттерін қолдаса олар өкіл беруші үшін құқықтар мен міндетер туғызады. Заңи тұрғыдан сенімхат беру бұл біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Заңды тұлғалар өзінің тұрғылықты жерінен тыс орындарда заңмен көрсетілген тәртіпте өкілдік функцияларын орындау үшін арнайы бөлімдер ашуы мүмкін; өкілдік сәйкес заңды тұлғаның сенімхаты негізінде осындай бөлімдердің бастығы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам - сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар - үшінші жақ деп аталады. Іс-әрекеттің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әректтердің сипатынан тумаған жағдайлардың барлығында өкілдікке рұқсат беріледі. Мысалы, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазда өсиет қалдырушы өзі қол қою керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау сияқты жеке өзіндік міндеттерді орныдағанда арада өкілдік жүрмейді. Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасауға жол берілмейді. (АК-ң 163-бабының 5-тармағы) .
1 бөлім. Соттағы өкілдіктің түсінігі, және олардың түрлері мен пайда болуы
1. 1. Соттағы өкілдіктің түсінігі
Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар) .
Сотта өкілдік ету дегеніміз - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.
Сотта өкілдік ету - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.
Сотта аталған процессуалдың іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады. 1
Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлың сатыларында болады.
Сот шешімін (үкім және қаулы) орындау кезеңі. Бұл кезеңнін мақсаты мен міндеті - сот үкімін орындауға қатысты болып табылады. Үкімді орындау барысында заңда көрсетілген бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қолдануға мүмкіндігі туындап жатады.
- туған-туыстарын сот үкімінің мазмұнымен таныстыру және оларды сотталушымен жолықтыру;
- сотталушының сырқатына, жүкті болуына байланысты немесе кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты сот үкімін орындауды кейінге қалдыру.
Бұл кезеңнін субъектілері мыналар:
- сот төрағасы, прокурор, сотталушы, қылмыстық-атқарушы мекеме әкімшілігі, дәрігерлік комиссия, әскери бөлім тобы, т. б.
Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңі - бұл заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау ісі жөніндегі қылмыстық процестің ерекше кезеңі.
Бұл кезеңде прокурор мен сот төрағасы заңсыз және негізсіз деп танылған сот үкімі мен сот қаулысының заң күшіне енуі туралы шағымдарды, арыздарды қарастырады. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға қарсы қадағалау инстанциясына сәйкес апелляциялық шағым беруге құқығы бар процестің қатысушылары наразылық білдіріп, шағымдана алады. Наразылықты қабылдауға мыналар құқылы: облыстық және оған теңестірілген сот төрелігінің қадағалау коллегиясындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, сондай-ақ қадағалау коллегия-сындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, облыс прокурорлары және оларға тең келетін қадағалау коллегиясындағы прокурорлар.
Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңінің субъектілері: Қазақ¬стан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы, облыстық сот төрағалары мен оларға тең келетін сот төрағалары, Жоғарғы Соттың қадағалау коллегиясындағы сот төрағалары және облыстық соттың қадағалау коллегиясы, баяндаушы судья; ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға тең дәрежелі прокурорлар; сотталушы, ақталушы, қорғаушы, жәбірленуші, және оның өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері.
Шағымдар мен қарсы наразылықтар бойынша қылмыстық істерді жоғарыда аталған соттар мен осы іске қатысты прокуратуралар қарастырады. Олар үкім мен қаулыны өзгертуге не¬месе жоюға қатысты негіздеме тапқан жағдайда қадағалау тәртібімен наразылық білдіруі қажет. Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңінде мынадай міндеттер шешіледі: бірінші сатыдағы сот үкімі мен сот қаулысының негізділігі мен заңдылығын тексеру, заңды күшіне енген апелляциялық және қадағалау ісінен кейінгі қаулылардың негізділігі мен заңдылығын тексеру. Сот қателіктері деп мыналарды тануға болады: кінәсіз адамды соттау; кінәліні ақтау; орта, ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталушы тұлғаның ісін токтату; соттаалушының өзін-өзі қорғау құқығынан айыру
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т. б. ) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. 2Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:
а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын-ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:
1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
2) талап қоюмен іс жүргізу істері;
3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;
4) ерекше іс жүргізу істері.
Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша ңажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т. б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
Заң күшіне еңбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс) . Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғары-мымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай) .
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады .
-іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;
-заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
-заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;
-сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттың құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. 3Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т. б. ) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамның қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтың реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т. б. ), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
1. 2. Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- шартты;
- заңды;
- жарғысы бойынша;
- қоғамдық;
- ресми.
Шартты өкілдік ету - еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі) . Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК-і 187-бабының 5-бөлігі) .
Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖК-і 59-бабының 7-тармағы) . 4
Заңды өкілдік ету - заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету: әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке ңабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;
- хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша - мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;
- қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мүрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса - мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.
Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет - туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.
Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі) .
Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету - төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы.
Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.
Ресми өкілдік ету - тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотңа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.
Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады. ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т. б. ) оқып танысу керек. Оған қоса соттың прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.
Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-бөлігі) .
1. 3. Соттағы өкілдікдің белгілері
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 58 бабының 1 бөлігіне сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды деп көзделген. Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады. 5
Қазақстан мемлекетінің негізі заңында адам және оның құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілділік беріледі, сонымен қатар оларды іске асыруы мемлекеттің және қоғамның бастамалары үшін ең жоғарғы баға болып табылады. Алайда құқықтық бостандықты ресми түрде мәлімдеу олардың сақталуына және жүзеге асуына кепілдік бере алмайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы олардың жүзеге асырылуына зиянын тигізеді, сондықтан да оларды қорғау қажеттілігін жасауға мәжбүр болады. Азаматтар өздерінің құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау үшін өздері немесе өкілдері арқылы жүгінуге құқылы. Азаматтардың өз демократиялық-конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, сотқа әділдікке жүгінуі әділсоттың қолайлығымен сипатталады. Әділсотқа жүгіну жолын оңайлату үшін мемлекет міндетті түрде барлық әдістерді қолдануы қажет. Заң шығару мен заңдар әрдайым дамып отыруы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz