ҚР 2013 жылдағы экономикалық дамуы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
1. 2013 жылдағы Қазақстан Республикасыдағы экономикалық негізгі оқиғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Банктік сектор жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Жылжымайтын мүлік нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қолданылған ақпарат көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Кіріспе

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (ЭБЖМ) бағалауынша, 2013 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,6%-дықұрады, бұл мақсатты индикатордан 1,4% төмен. Әлемдік экономиканың өсімі әлсіз болуына орайЖІӨ өсімінің қарқыны жоспарланған өлшемдерден біршама төмен болып отыр. Негізгі себеп – сыртқы сұраныстың азаюы, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылық өнімін өндірудің 87,7%-дан 82,5%-ға дейін құлдырауы, оның ішінде өсімдік шаруашылығының 27,7%-ға және мұнай өндірудің жоспарлы 81 млн. тоннадан 79,2 млн. тоннаға төмендеуі. Сонымен, құлдырау металлургияда жоспарланған деңгейден 6,6 п.п., химиялық өнеркәсіпте 3,4 п.п.және азық-түлік өндіруде 11,7%болып отыр. Сонымен қатар табиғи газ өндіруде10,7%, түсті металдар кенінде 9,9%, машина жасауда 21,3% оң қарқын байқалып отыр. Былтырғы жылғы құлдырауға орай маусымдық факторлар ескерілген бірінші тоқсандағы өсімнің үдеу тенденциясы сақталатын болса 2013 жылы нақты ЖІӨ өсімі жоспарланған 6% деңгейінде жоспарланып отыр. Бүкіләлемдік банк болжамдары бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі тұрақты 5%-ды құрайды, бұл ЭБЖМ болжамынан 1% төмен.
2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы құнсызданудеңгейі жыл басынан бері 2,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға өсімі – 1,7%, азық-түлік емес тауарлар – 1,1% және ақылы қызметтер – 5,4%. Ал құнсыздану 2012 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 6,5% болып отыр, тұтынушылық бағалардың артуы азық-түлік тауарларында – 4,8%, азық-түлік емес тауарларда – 3,1% және ақылы қызметтерде – 12%. Экономикалық даму және сауда-саттық министрлігінің болжамдары бойынша Қазақстандағықұнсызданудың жылдық деңгейі 2013-2017 жылдары 6-8% деңгейінде болады деп күтілуде.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 17,0 млн. адам,жыл басынан бергі өсім – 100,8 мың адам. Бұл уақытта ҚР-ның экономикалық белсенді халқы жыл басынан бері 20 мың адамға артып, 2013 жылғы 01 маусымда 9 031,8 мың адамға жетті. Жоғарыда аталған кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрап, 2013 жылдың 01 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ҚР-дағыатаулы ақшалай кіріс 267 972 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8%-ға артық. Ал нақты ақшалай кіріс жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде 7%-ға төмендеді. 2013 жылғы 01 маусымда ҚР-дағы орташа айлық еңбекақы 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7 311 теңгеге немесе 7%-ға артып, 103 023 теңгені құрады.
Ғаламдық экономикалық өсім 2013 жылы 2,3%-ды құрайды. «Алдын ала болжамдар бойынша ғаламдық экономикалық өсім 2013 жылы былтырғы жылдың деңгейінде қалады», - деп хабарлады Сауда-саттық және даму бойынша БҰҰ конференциясының бас хатшысы Супачаи Панитчпакди
Қолданылған ақпарат көзі:
1. www.prodengi.kz. - Қазақстан Республикасыңы қаржылық қызметтері туралы ақпараттық фортал
2. www.bnews.kz. – Қазақстан Республикасының экономикалық жаңалықтары туралы ақпаратттық фортал
3. www.Tengrinews.kz. – Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің порталы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. 2013 жылдағы Қазақстан Республикасыдағы экономикалық негізгі оқиғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Банктік сектор жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Жылжымайтын мүлік нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қолданылған ақпарат көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Кіріспе

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (ЭБЖМ) бағалауынша, 2013 жылдың 1-тоқсанындағы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,6%-дықұрады, бұл мақсатты индикатордан 1,4% төмен. Әлемдік экономиканың өсімі әлсіз болуына орайЖІӨ өсімінің қарқыны жоспарланған өлшемдерден біршама төмен болып отыр. Негізгі себеп - сыртқы сұраныстың азаюы, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылық өнімін өндірудің 87,7%-дан 82,5%-ға дейін құлдырауы, оның ішінде өсімдік шаруашылығының 27,7%-ға және мұнай өндірудің жоспарлы 81 млн. тоннадан 79,2 млн. тоннаға төмендеуі. Сонымен, құлдырау металлургияда жоспарланған деңгейден 6,6 п.п., химиялық өнеркәсіпте 3,4 п.п.және азық-түлік өндіруде 11,7%болып отыр. Сонымен қатар табиғи газ өндіруде10,7%, түсті металдар кенінде 9,9%, машина жасауда 21,3% оң қарқын байқалып отыр. Былтырғы жылғы құлдырауға орай маусымдық факторлар ескерілген бірінші тоқсандағы өсімнің үдеу тенденциясы сақталатын болса 2013 жылы нақты ЖІӨ өсімі жоспарланған 6% деңгейінде жоспарланып отыр. Бүкіләлемдік банк болжамдары бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі тұрақты 5%-ды құрайды, бұл ЭБЖМ болжамынан 1% төмен.
2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы құнсызданудеңгейі жыл басынан бері 2,7%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға өсімі - 1,7%, азық-түлік емес тауарлар - 1,1% және ақылы қызметтер - 5,4%. Ал құнсыздану 2012 жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 6,5% болып отыр, тұтынушылық бағалардың артуы азық-түлік тауарларында - 4,8%, азық-түлік емес тауарларда - 3,1% және ақылы қызметтерде - 12%. Экономикалық даму және сауда-саттық министрлігінің болжамдары бойынша Қазақстандағықұнсызданудың жылдық деңгейі 2013-2017 жылдары 6-8% деңгейінде болады деп күтілуде.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша халық саны - 17,0 млн. адам,жыл басынан бергі өсім - 100,8 мың адам. Бұл уақытта ҚР-ның экономикалық белсенді халқы жыл басынан бері 20 мың адамға артып, 2013 жылғы 01 маусымда 9 031,8 мың адамға жетті. Жоғарыда аталған кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрап, 2013 жылдың 01 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ҚР-дағыатаулы ақшалай кіріс 267 972 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8%-ға артық. Ал нақты ақшалай кіріс жоғарыда көрсетілген уақыт кезеңінде 7%-ға төмендеді. 2013 жылғы 01 маусымда ҚР-дағы орташа айлық еңбекақы 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 7 311 теңгеге немесе 7%-ға артып, 103 023 теңгені құрады.
Ғаламдық экономикалық өсім 2013 жылы 2,3%-ды құрайды. Алдын ала болжамдар бойынша ғаламдық экономикалық өсім 2013 жылы былтырғы жылдың деңгейінде қалады, - деп хабарлады Сауда-саттық және даму бойынша БҰҰ конференциясының бас хатшысы Супачаи Панитчпакди Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы конференцияның кеңейтілген отырысының және VI Астана экономикалық форумының ашылу салтанатында (www.Primeminister.kz).Әлемдік экономиканың толық қалпына келгені байқалмайды. Бұл жағдайдың негізгі себебі - экономикасы дамыған елдерде стагнацияның жалғасуы, бұл әлемнің басқа өңірлеріндегі экономикалық жағдайға теріс әсерін тигізуде. Сонымен қатар ғаламдық экономикадағы экономикасы дамыған елдер өсімі былтырғы жылғы 1,2%-дан 2013 жылы 0,8%-ға төмендеуі мүмкін.

1. 2013 жылдағы Қазақстан Республикасыдағы экономикалық негізгі оқиғалар
Әлемдік экономика кезекті дағдарыс табалдырығында, -деп куәландыруда сарапшылардың болжамдары мен БАҚ-тағы жарияланымдар(www.bnews.kz).Әлемдік экономика дәл қазір сенімді түрде бұрынғы қалпына келе алатын жағдайда емес, кез келген уақытта кезекті істен шығуға бой алдыруы мүмкін, мұндай деректер Financial Times газеті мен америкалық Брукингс институтының ортақ зерттеуінде келтірілген. Әлсіз әрі төмендеп бара жатқан динамика байқалып отырған көптеген дамыған елдермен салыстырғанда Құрама штаттардың нәтижесі жаман емес. Алайда тіпті әлемнің ірі экономикасы АҚШ-та да нақты сектордағы белсенділік пен экономикаға деген сенім индикаторлары қалпына келу кезеңдеріндегі дағдылы деңгейлерден әлдеқайда төмен күйде қалып отыр.
Еуропаның 13 мәселесі. Макроэкономикалық мәселелері аса шиеленскен 13 Еуроодақ елінің тізімін Испания мен Словения бастап тұр. Испанияда елдің ЖІӨ-сінің 90%-ынан асатын мемлекеттік борышының өте жоғары деңгейі мен еңбекке жарамды тұрғындардың төрттен бір бөлігінен көбін жұмыспен қамтамасыз ете алмай отырған еңбек нарығының өткір мәселелері алаңдатып отыр. Ал қайтарылмаған кредиттерден аяқ алып жүре алмайтын банктік сектордағы жағдайға байланысты Кипрді ескеру күні бұрын болжанған Словенияда жағдай одан да күрделі. Словенияның банктік жүйесіндегі жаман кредиттер көлемі 7 млрд еуроға жетіп жығылған.Еурокомиссия Франция мен Италия экономикаларындағы құрылымдық қиындықтарды, оның ішінде бәсекеге қабілеттіліктің төменгі деңгейі мен мемлекеттік борыштың жоғары деңгейін атап көрсетті. Еурокомиссия экономикасындағы қаржылық қызметтер секторының шектен тыс көлемінен Мальта, Нидерланды, Голландия және Швециядағы ипотекалық кредит беру жүйесінің қызып кеткені туралы хабарлап отыр. 2011 жылы Грецияға үлкен еуропалық үштік 3,5%-бен 15 жылға дейінгі мерзімге төтенше кредит берді. 2012 жыл соңында Грецияның бұл пайызын шамамен 2,5%-ға дейін төмендетуге тура келді, ал мерзімін ұзартады.
Кипрге қатысты айтылып отырған болжамдар да жайлы емес. Екі жетекші банкті қайта құрылымдауға айырбас ретінде көмекке берілген 10 млрд еуро мен дағдарысқа қарсы шараларға қарамастан, ел басынатөнген тақырға отыру мен еуроаймақтан шығу қаупі сейілмей тұр, - деп бағалады Moody's халықаралық рейтинг агенттігі.
Жағдайды алтын мен мұнайдың бағасына әсер еткен Қытайдың статистикалық деректері де ушықтырып жіберді. Бұрын Қытайдың мемлекеттік статистикалық басқармасы елдің ЖІӨ өсімі 2013 жылдың бірінші тоқсанында жылдық есеппен бір тоқсан бұрынғы 7,8%-ға қарсы 7,7%-ды құрады деп хабарлаған.
Әлемдік дағдарыс күннен күнге қауіпті сипат алып келеді, бұл Ресей Федерациясына да кесірін тигізуде, - деді Ресей Президенті Владимир Путин 2013 жылғы 15 сәуірде премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесу барысында. Ресейдің экономикалық даму министрі Андрей Белоусов ресей экономикасы биылғы жылдың күзінен бастап құлдырай бастауы мүмкін деп мәлімдеді.
Орталық банктер доллардың күйреуін күтіп, алтын сатып алуда. 2012 жылытүрлі елдердің Орталық банктері 15 млн троялық унций дерлік алтын сатып алған. Асыл металға бәрінен де ресейлік ОБ және Қытайдың Халық банкі ден қойып отыр. Бір есептер бойынша көшбасшы - Ресей, екіншісінде - Қытай.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасады. Ол Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңарту бойынша заң жобасын пысықтап, зейнет жасын кезеңді көтеруді 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастауды тапсырды. Сонымен қатарҚазақстан Президенті азаматтардың зейнетақы аударымдарын5%-ға көбейтуді тапсырып отыр (www.prodengi.kz).
Қазақстан 2013 жылы бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 34 орын алды,-деген пікірдешвейцарияның Халықаралық менеджментті дамыту институтының мамандары (www.bnews.kz).The World Competiveness Scoreboard-2013 рейтингіне 60 ел қатысады. АҚШ бірінші орында (2012 жылы екінші болған). Екінші орында Швейцария (былтырғы жылмен салыстырғанда көтерілген). Былтырғы жылғы рейтингінің көшбасшысы - Гонконг үшінші орында. Сонымен қатар көшбасшылар ондығына Швеция (2012 жылы 5орын), Сингапур (2012 жылы 4орын), Норвегия (2012 жылы 8орын), Канада (2012 жылы 6орын), Біріккен Араб әмірліктері (2012 жылы 16орын), Германия (2012 жылы 9орын) және Катар (2012 жылы 10орын) кірді.
Қазақстан 2013 жылы рейтингінің 34 орнын алып отыр, 6 орынға көтеріліп, 42 орынға тұрақтаған Ресейді және 49 орындағы Украинаны басып озды. 16 орыннан 8 орынға көтерілген Біріккен Араб әмірліктері жыл оқиғасына айналды. Греция 58 орыннан 54 орынға көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Мәлімет үшін, 2012 жылғы қыркүйекте Бүкіләлемдік экономикалық форум Қазақстанға жыл сайынғы әлемдік экономикалардың бәсекеге қабілеттілік рейтингінен 51 орын берді.
Өнеркәсіп пен құрылыс қызметкерлері 2013 жылы Қазақстанда сұранысқа ие болып отыр (www.s1.i-news.kz, Қазақстан Статистика агенттігінің деректері негізінде).Ең көп кадржетіспеушілігі өнеркәсіпте (9 897 адам), құрылыста (5 278 адам) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер саласында (3 041 адам) байқалып отыр. Олардың жалпы күтілетін қызметкерлерге қажеттіліктегі үлесі - 60,7%.Статистика агенттігінің деректері бойынша ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылықтарының және балық аулаудың білікті қызметкерлеріне сұраныс аздау - 303 адам. Мегаполистерге (Алматы қ. және Астана қ.) халықтың көптеп келуі бизнестің дамуын тоқтатады (www. Kapital.kz). Kapital.kz іскери порталы сұрастырғандардың 67%-ының пікірінше, Қазақстан халқының Астана және Алматы қалаларына ағылуын тоқтату өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашып, облыстарда шағын бизнесті дамытуға көмектеседі. Сұралған респонденттердің 19,4%-ы өңірлік орталықтарды дамыту үшін облыстардаірі компаниялардың филиалдарын ашу керек деп есептейді. 6,5%-дан көп емесі елорда мен Алматы қаласына халықтың ағылуы өңірлік тұрғындар үшін ипотека бойынша талаптардың жұмсартылуын қалдыруы мүмкін деп санайды. Kapital.kz іскери порталында сұрастырылғандардың 3,8%-ының пікірінше, өңірлердің тұрғындарының ел орталықтарына көшуін бөгеу үшін дамуы кемшін облыстардың тұрғындары үшін әлеуметтік жәрдемақыны көбейту керек. 3,3%-ға жуық респондент бұл мақсатқа жету үшін өңірлердебеделді жоғарғы оқу орындарының филиалдарын ашу керек деп есептейді.
Қазақстан Президенті үкімет мен қалалық әкімдікке Астана қаласына халықтың ағылуын шектеуді тапсырды.
Қазақстанның $3,7 трлн. дерлік мұнайы мен газы бар. РИА-Рейтинг агенттігінің сарапшыларыәлем елдерінің мұнай-газ қорларымен қамтамасыз етілу рейтингін жасады, -рейтинг елдерді мұнай-газ қорлары бөлігіндегі ұлттық байлықты бағалай отырып, адам басына шаққандағы ақшалай мәндегі энергоресурстардың қорлары бойынша ранжирлейді (www.kapital.kz).
Мұнайгаз ресурстарына ең бай елдер - Катар мен Кувейт, адам басына тиісінше 6,01 және 4,14 млн. долларлық мұнайгаз байлығы тиеді. Рейтингіде көш бастап тұрған Катардың қазіргі бағамен 10 трлн. долларға бағаланатын мұнай-газ қоры бар, бұл Сауд Аравиясы, Венесуэла, Иран және Ресейдегіден екі есе аз. Бірінші орынды Катар халқының саны аз болғандықтан алып отыр, барлығы - 1,76 млн. адам. Дәл осы себеппен Қазақстан да Ресейден бір орын жоғары 16 орында тұр. ҚР-да әрбір Қазақстан тұрғынының 235 911 долларлық мұнайгаз ресурсы болса, Ресейде - 164 580 доллар. Катар мен Кувейттен кейін рейтингіде Біріккен Араб Әмірліктері, Түркмения және Сауд Аравиясы орналасқан, оларда адам басына тиісінше 1,6 млн., 1,5 млн. және 1,1 млн. доллар. Қазақстандық мұнай-газдың коммерциялық қорын шамамен 3,7 трлн. долларға бағалауға болады. Батыс елдерінің ішінде көмірсутекке ең бай ел - Канада. Альбертпровинциясындағы битуминоздық құмның орасан қоры Канадаға мұнай қоры бойынша әлемдегі үшінші орынды алып беріп отыр. Орта есеппен бір канадалықтың үлесіне 565 мыңнан астам доллар тиеді, бұл рейтингідегі 8 орынға сәйкес. Сонымен қатар дамыған елдер арасында Норвегия үлкен қорға ие, онда бір тұрғынға шамамен 280 000 долларлық қор тиеді.



2.Банктік сектор жағдайы

ҚР Ұлттық банкінің ақпаратына сай 2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның банктік секторы - 38 екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - ЕДБ). ЕДБ жиынтық активіжыл басынан бері6%-ға артып, 14 788,4 млрд.теңгені құрады. Негізгі өсім көзі - клиенттер алдындағы міндеттемелердің 1 048,7 млрд. теңгеге артуы. Он ірі банк үшін ЕДБ арасындағы активтер көлемінің үлесі және орны бойынша ақпарат төменде көрсетілген кестеде келтірілді.10 ірі ЕДБ үлесі 2013 жылғы 01 наурыздан бастап 2013 жылғы 01 маусымға дейін 1,4%-ға79,6%-ға дейін, ал ірі 5 банктің үлесі 1,9%-ға 57,3%-ға дейін азайды, бұл - ҚР банктік секторы активтерінің шоғырлану деңгейінің төмендеуінің айғағы. Жоғарыда көрсетілген кезеңде активтер көлемі анағұрлым артқандар: активтер рейтингіндегі 2 орнынан 1 орынға көтерілген Қазақстан Халық Банкі" АҚ (258,5 млрд. теңгеге).
ЕДБ несиелік қоржыны 2013 жылғы 01 наурыз бен 2013 жылғы 01 маусым аралығында 3,6%-ға 12 083,2 млрд. теңгеге дейін артты. Кредит қоржынының ең көп өсімі Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да (76 млрд. теңге) және "Жинақ банкі" АҚ ЕБ-де (64 млрд. теңге) тіркелді.
Несиелік қоржын бойынша құрылған провизиялар жоғарыда аталған уақыт кезеңінде 8,5%-ға 4 081,5 млрд.теңгеге дейін артты, "ҚАЗКОМ" АҚ провизиясы 195,3 млрд. теңгеге немесе 21%-ға көбейді (ҚР ЕДБ жиынтық несиелік қоржыны бойынша құрылған провизиядағы "ҚАЗКОМ" АҚ үлесі - 23%). ҚР ЕДБ жиынтық несиелік қоржыны бойынша құрылған провизиядағы ең үлкен үлес "БТА Банк" АҚ-да (44%).
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ЕДБ жиынтық міндеттемелері 2013 жылғы 01 наурыздан бастап 6%-ға артып, 12 875,9 млрд. теңгені құрады. Клиенттер алдындағы міндеттемелердің артуымен қатар жедел салымдар бойынша да 76,4 млрд. теңгеге өсу байқалып отыр. Дегенмен, айналымға шығарылған бағалы қағаздар бойынша 74,5 млрд. теңгеге және басқа банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған заемдар бойынша 38,1 млрд. теңгеге азайғаны байқалды.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ЕДБ жиынтық кірісі 2012 жылдың ұқсас көрсеткішінен 4,6%-ға аз 1 633,0 млрд. теңгені құрады. ҚР банктік секторының жиынтық шығысы 2012 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 37% кем түсіп, 1 535,7 млрд.теңгені құрады.
2013 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ЕДБ қаржылық нәтижесі 2012 жылдың ұқсас кезеңіне (2012 жылғы 01 маусымда ҚР ЕДБ қаржылық нәтижесі-872,6 млрд.теңге) қарағанда жақсарып, 97,3 млрд.теңгені құрады.
Moody's рейтингагенттігінің Қазақстан банктік жүйесі бойынша болжамы 2008 жылдың қазанынан бері теріс болып қалып отыр (www.tengrinews.kz).
Болжам қазақстандық банктік жүйенің проблемалы кредитттерден құралған үлкен жүгін, шығын бола қалса, резервтердің жеткіліксіздігін, оның төменгі өтімділігін және капиталдың жеткіліктілік деңгейін және кредиттердің шекті өсімін көрсетеді. Нәтижесінде Moody's шикізат емес компаниялардан кредиттерге шекті сұраныс қысымымен 2013 жылы кредит орташа 5%-ға өседі деп күтуде. Сонымен қатар Moody's қазақстандық банктердің өсіп келе жатқан экономикадан аз пайда алатынын хабарлады, себебі анағұрлым тиімді салалар (ірі мемлекеттік энергетикалық және кен өндіретін компаниялар) отандық банктерден қарыз алмайды.
Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтың сөзіне сүйенсек, жаман кредиттер үлесі үш жылдан артық уақыт қатарынан 33-37% шегінде құбылып отырғандықтан,Moody'sберген баға дұрыс. Әрине, банктер провизиялардың тиісті көлемін дайындап қойған, алайда жаман кредиттердің нақты көлемінің ресми мәлімделгеннен әлдеқайда көп екенін түсіну керек, - деді Олжас Құдайбергенов.
Сонымен қатар экономист банктік жүйенің тағы бір мәселесін атап көрсетті, ол - есебінен кредит беруді өсіруге, соған орай банктің тиімділігін көтеруге болатын тиімді жобалардың жеткіліксіздігі. Бірақ бұл банктік саланы бизнес үшін орташа мөлшерлемелі ұзақ ақшамен қамтамасыз етпейтін Ұлттық банктің ақшалай-кредиттік саясатымен түсінідіріледі. Кредит мөлшерлемесі төмен және кредит мерзімі жоғарыболған сайын, инвестициялық жобалар көптеп тиімді бола түсетінін түсіну керек. Керісінше жағдайда, қазіргі жағдай сол қалпында тұра береді, - деп түсіндірді Құдайбергенов.
Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстан экономикалық тұрғыдан өскен жылдар ішінде ақшалай-кредиттік саясат банктік саланың ұзақ мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуді көздемеген. Осындай жағдайда ақшалай-кредиттік саясат банктер мен ірі компанияларды қаражатты шетелден іздеуге мәжбүрлеген, өкінішке орай, бұл тәжірибе әлі күнге дейін сақталып отыр. Тіптен, экономика валюталық тәуекелден қатты зардап шеккен дағдарыс та көмектескен жоқ. Қазір банктер тағы да шетелден ақша іздеуге ынталы, оның үстіне мемлекет бір миллиарл доллар қарыз алуға тырысып, үлгі болмақшы, - деп түсініктеме берді спикер.
Алайда экономистің айтуынша, сәуір-мамыр айларының өзінде ғана ел резервтері 5-6 миллиард долларға өскен. Құдайбергенов атап көрсеткендей, парадокстық жағдай орын алып тұр, орасан артық ақша резервтерде жиналып, төмен пайызбен шетелге жіберілуде, ал отандық банктер мен компаниялар шетелден жоғары пайызбен ақша алуда. Бұл жердегі тағы бір мәселе - шындығындамемлекетке қарағанда шетелдік кредитордың қазақстандық банктер мен компанияларға деген сенімі көбірек, - деп қосты ол.
Өз кезегінде, ресейлік ФИНАМ инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон СорокоMoody's болжадарымен келісе отырып, Қазақстанның банктік жүйесінде расында да ірі корпорациялар тарапынан сұраныстың жеткіліксіздігінен активтер құрылымына қатысты бірқатар проблемалар бар деп есептейді, бұл кредиттердің әдетте банктер үшін тәуекелі ең аз болатындықтан соның кесірінен дисбаланс туындайды. Оның айтуынша, активтердің жалпы өсімін қамтамасыз ету үшін банктерге басқа секторлардағы қатысуын күшейтуге тура келеді.
Егер капитал жеткіліктілігі 12,5%-ға дейін жететін болса, мұндай жағдай бүкіл секторға елеулі тәуекелдер төндіретін болады, себебі кез келген қатты шок кредиттік ұйымдардың төлем қабілетіне қауіп төндіре алады, - деп түсіндірді ресейлік сарапшы.Дегенмен, екінші жағынан сарапшының пікірінше, банктердің өзінің банктік инфрақұрылымын дамытуға деген ынтасы болмай қалуы мүмкін. Себебі біртіндеп бәсекелестік жоғалады. Бірақ жағдай насырға шапса, мемлекеттік іске араласып, банктерге көмек көрсететініне өз басым күмәнданбаймын, - деп есептейді Сороко А.
Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігінің (ИТЗА) аға сарапшысы Талғат Мұсабековтің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда бюджет тапшылығы өсіп, мемлекеттік бюджет кірісі стагнациялануда.Ұлтық қордан трансферттерге қатаң регламент белгіленген. Ал әлеуметтік міндеттемелер өскен үстіне өсе түсуде, - деді ол.
Сонымен қатар ИТЗА сарапшысы банктер өсіп келе жатқан экономикадан аз пайда алады деп санайды. Оның пікірінше,себеп банктік сектор өсімі көрсеткіштерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджеттің әсерін талдау (Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мысалында)
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы
Елдің экономикалық өсу ерекшеліктері
БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
ҚР-дағы экономикалық өсу
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
Инфляция және онымен күрес
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Еңбек нарығы туралы
Пәндер