Жеке меншік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1. Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Жеке меншіктің түсінігі және формалары . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .: 2. Жеке меншік құқығы мен жекешелендіру . . .
3: 13
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы . . .
3: 14
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және жеке меншіктің даму жағдайлары . . .
3: 20
КІРІСПЕ . . .: 3. Жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі . . .
3: 25
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Өндіріс саласындағы жеке меншік . . .
3: 28
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Жеке меншікті қорғаудың қауіпсіздік мәселелері . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды . . .
3: 35
КІРІСПЕ . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 36

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Меншік экономикалық ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді иелену үшін экономикалық агенттердің қатынастары болып табылады. Нақты анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға ие болады. Осы заманғы экономикалық әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы мен тұрақтылығы экономикалық өсудің басты факторы ретінде қаралады және тікелей сәтті экономикалық дамуымен байланыстырылады. Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген. Жеке меншік - қоғамда іске асырылатын, жеке адамдар мен компаниялардың экономикалық ресурстардың кез-келген түрін иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Жеке меншікке ие болу құқығы нарықтық экономикалы елдердің негізін қалаушы принцип болып табылады. Қазақстан азаматтары да жеке меншікке қожалық ете алады, табыс табу жолымен оны қалай пайдаланғылары келсе де құқылары бар.

Біз қажет ететін өмірлік игіліктер шексіз емес. Сондай-ақ, осы игіліктердің өндірісі үшін қажетті экономикалық ресурстар да шектеулі. Әр қоғамда экономикалық ресурстар мен түпкілікті тауарлардың үйлестірілуі белгілі тәртіп бойынша тағайындалады.

Қазіргі экономикада бұл функцияны сәйкес міндеттерімен белгілі тәсіл бойынша бір бірімен бөліскен нарық пен мемлекет орындайды.

Өмірлік игіліктерінің және экономикалық ресурстарының шектеулік факторы олардың үйлестіруінің белгілі тәртібінің дайындалуын ғана емес, сонымен қатар оларды бақылайтын ережелерді тағайындауын қажет етеді.

Түпкілікті тауарлар және экономикалық ресурстар, егер олар шектеулі болса, барлық қоғам мүшелері үшін иелік етуіне, қолдануына тең жетімді болуы мүмкін емес. Егер де олай болса, онда қоғамда аласапырандық пайда болушы еді. Көз алдына келесіні елестетіңіз: сіз үйді сатып алдыңыз немесе үй салдыңыз; егер де қоғамда өмірлік игіліктерді қадағалайтын тәртіптер жоқ болса, онда сіздің үйіңізге әрдайым демалуға, жылынуға, ұйықтауға, теледидар көруге барлық қалаушылар келуші еді дегенді білдіреді. Сізге ондай тәртіп ұнайды ма, өмірлік игілікпен осындай «демократиялық» қолдану тәсілі қанағаттандырады ма? Әрине, жоқ. Демек, нарықтық немесе мемлекеттік үйлестіруінің нәтижесінде алынған түпкілікті тауарлар мен экономикалық ресурстарды белгілі бір экономикалық өмір мүшелерінің бақылау құқығы қандай нормалармен қорғана алатының қоғам міндетті түрде шешу керек. Бұл олардың тиімді пайдалану және ұдайы өндіру шарттарының бірі болып табылады.

Бұл мәселені шешу мақсатында қазіргі қоғамда мекшік нормалары қолданылады.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал - жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді.

Жеке меншік, еркіндікпен қатар, әріптестерді заңды келісім-шарт жасауға міндеттейді, жеке адамдарға немесе кәсіпорындарға өз қалауларынша материалдық ресурстарды иемденуге, бақылауға, қолдануға және іске жаратуға мүмкіндік береді.

Жеке меншік иелері табиғи ресурстарды және капиталды мейлінше тиімді қолданады. Себебі, олар табыс табу үшін тұтынушыға қажетті тауарды өндіріп, мүмкін бағаға сату керек. Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынған болатын, яғни жеке меншік иесі болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.

Қазақстанның социалистік кезеңінде мемлекеттік меншік тиімді болған жоқ. Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекеттен алу жолдарымен жүзеге асырылды.

Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, кәсіпорындардың акцияларының барлығын немесе бір бөлігін жеке меншікке алуы болып табылады.

Кәсіпорындарға байланысты үкіметтің негізгі стратегиясы мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай жеке меншік фирмаларға айналдыру. Мұны жаңа фирмаларды құру, сондай-ақ бұрыннан барларын жекешелендіру арқылы жүзеге асыру жобаланған еді. Жеке меншік секторын дамытуды ынталандыру істері мен кеңмасштабты құқылық реформа қабылданды.

Жеке меншіктің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясына ендірілген, сондай-ақ ол құқық жеке меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс 3 тараудан құрылған. Бірінші тарауда жеке менщіктің экономикалық категория ретіндегі мазмұны қарастырылған. Екінші тарауда жеке меншік құқығы және Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен жеке меншіктің даму жағдайлары көрсетілген. Үшінші тарауда жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі анықталған.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика негізі ретіндегі жеке меншіктің маңызын көрсету, оның мазмұнын, түрлерін, мемлекеттік экономикадағы орнын және рөлін анықтау.

1. Экономикалық категория ретінде жеке меншіктің мазмұны

1. 1 Жеке меншіктің түсінігі және формалары

Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке қүн көрінісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен мұндай шарттар қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болды.

Жеке меншік - бұл иемдену тетіктерін жүзеге асыратын меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған экономикалық тұлға ерекшеленген жағдайдағы меншікті қатынас.

Жеке меншіктің дамуы XIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.

Қор жинақтау сипаты бойынша жеке меншік екіге бөлінеді: еңбек және еңбектік емес. Еңбек меншігі кәсіпкерліктен түскен пайдадан, жалақыдан қалыптасады.

Еңбектік емес меншігі мұрагерліктен қалған мүліктен, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т. б. түскен пайдадан құрылады.

Жеке меншіктің даму кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалған болатын: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төстеушінің ешкім шектемейтін иегердің меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болып табылады.

Жеке меншіктің негізгі формалары болып жеке-дара, ұжымдық және қоғамдық меншік саналады.

Жеке-дара меншік өндіріс нәтижелері мен қорлары жеке тұлғаларға тиесілі болған жағдайда көрініс табады. Ол жеке тұлғаларға өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табу қызуғышылығын тудырады.

Ұжымдық меншік өндіріс нәтижелері мен қорларының жеке тұлғалардың біріккен тобына тиесілі болуымен сипатталады. Сол топтың әр мүшесі өндіріс факторлары мен өндірілетін өнімнің иесі болады. Ұжымдық меншікке отбасылық, кооперативтік, еңбек ұжымының меншіктері жатады.

Қоғамдық меншік белгілі бір объектілердің барлық қоғамға тиесілі екендігін көрсетеді.

Жеке меншіктің базалық формаларынаның негізінде оның акционерлік, кооперациялық, бірікккен түрлері пайда болады. Бұндай кәсіпорындардың мүлкі үлестік негізде бірге басшылық жасайтын әріптестерінің қосқан ақша қаражатының мен басқа да қаржыландыруларының негізінде пайда болады.

Шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.

Толық және сенім серіктестігінен басқа шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.

Толық және сенім серіктестігінің қатысушылары азаматтар ғана бола алады.

Акционерлік қоғам. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады.

Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа заңды тұлғаның қолында болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.

Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестікті өндірістік кооператив деп танылады.

1. 2 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы

Меншікті зерттеудегі маңызды қадамды өткен ғасырларда жасады. Ұсақ буржуаздық социализм идеологы Пьер Жозеф Прудон (1809-1865) мына әйгілі нақыл сөздің иесі: «Меншік - бұл тонау». Мұндай анықтаманы көпшілік мойындады және негізделген сынға тап болды, бірақ Прутонның бағытында маңызды бөлшек бар еді. Егер бір тұлға затты иеленсе, басқа тұлға ондай мүмкіндіктен айырылған. Яғни, меншіктің негізінде табиғат емес, қоғамдық қатынастар жатыр деген сөз.

Адам өмір сүреді, өндіреді және өз еңбегінің нәтижесін басқа адамдармен тығыз өзара байланыста пайдаланады. Осыған сәйкес, меншік - бұл қандай да бір матералдық игіліктерді иелену, соның ішінде өндіріс құралдарын иеленуді көрсететін адамдардың арасындағы қатынастар деп айтуға болады.

Меншік туралы көзқарасты толықтыру үшін оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнын анықтауымыз керек.

Біріншіден, меншік - бұл негіз, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің іргетасы. Бекітілген меншік түрлерінің сипатына бөлу, айырбас және тұтыну формалары тәуелді болып келеді. Осылайша, нарықтық экономикада жеке меншік үстем болды.

Екіншіден, қоғамдағы әр түрлі топтардың жағдайы мен өндірістің барлық факторларын пайдалану мүмкіндігі меншікке байланысты болып келеді.

Үшіншіден, меншік тарихи дамудың нәтижесі. Оның формалары өндіріс тәсілдерінің өзгеруімен ауысып отырады. Сонымен қатар мұндай өзгерістердің қозғаушы күші өндірістік күштердің дамуы болып табылады.

Төртіншіден, әр экономикалық жүйе шеңберінде өзіне ғана тән меншік формасы болады, бұл меншіктің алдыңғы экономикалық жүйеден келген басқа ескі формаларымен қатар, жаңа жүйеге көшу кезіндегі жаңа формаларының болуына шек қоймайды. Меншіктің барлық формаларының өзара байланысы қоғамның даму барысына оң ықпал жасайды.

Бесіншіден, меншік формасының бір түрінен екіншісіне көшу эволюциялық жолмен жүргізілуі мүмкін. Яғни, өмір сүру үшін бәсекелестік күрес негізінде күресе алмағандар жойылып, сәйкес жағдайларда өмір сүру қабілеттілігі жоғары болатындар одан ары дамиды. Дәл осы уақытта меншіктің жаңа формалары өз билігін жүргізген кезде формаларын ауысуының революциялық жолы мен орны болады.

Нарықтық экономикаға көшу және КСРО-ның таратылуымен өндіруші тез шешім қабылдауды қажет ететін бір топ проблемалармен кездеседі: өнім өткізудің күрделілігі, орын алған өндіріс байланыстарының үзілуі жәна тағы басқалары. Алайда өндіріс салаларында бой алған экономикалық дағдарыстан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызмет ету жүйесін толық зерттеу қажет, оның экономикалық ортадағы тәртібі мен ықпалын қарастырып, қызметінің мақсаттары мен қиындықтарын түсіну маңызды болып келеді.

1992 жылдың күзінде қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу кұрделі мәселе екендігі анық көрінді. Үкімет қатаң саясатты ауыстырып, келісімге көшті. 1994 жылы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының қабылдаған экономикалық шешімдер кәсіпорынның экономикалық ортасының келесідей ерекшеліктерін анықтады:

• Кейбір салалардың, аймақтардың, ірі кәсіпорындардың жасырын мемлекеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту: дотация, жеңілдікпен несиелендіру, салық және кедендік жеңілдіктер;

• Инфляцияның жалғасуы, несиенің тұрақты қымбаттауына, ұзақ мерзімді несиенің бұрмалануына және рубль бағаманың төмендеуіне ( орнықты валюталарға байланысты) оның үнемі құнсыздауымен, ұлттық валютаны енгізуіне әкеледі;

• Мемлекеттік және аумақтық деңгейде экономиканы қалыпқа келтіруді жалғастыру, бұнда жергілікті басшылар бағаларды қалпына келтіру және салық салуды өзгерту шаралырын кең қолданған, сонымен қатар кәсіпорындарға тікелей әкімшілік ықпал еткен

1995 жылдың бірінші жартысында инфляцияның баяулауы байқалса да, директорлар макроэкономикалық жағдайды қолайсыз деп таныды. Алайда көптеген тауарлар нарығындағы ұлғайып жатқан бәсекелестікпен қоса қатаң несиелік саясат импорттық өнім жағынан өткізу дағдарысының шиеленісуіне алып келді.

Трансформациялық экономикалық жағдай кәсіпорын басшыларының алдында тұрған жаңа проблемаларды алдын ала болжады және ол әр түрлі зерттеулерді растайды. Кәсіпорын жұмысындағы басты қиыншылық, шаруашылық жүйесінің бүлінуі. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ең дағдарыстық басқару аймағы болды. Сондай-ақ директорлардың 10-20% қаржылық, кадрлық, ұйымдастырушылық проблемалар тиімсіз деп санады. Алғашқы айлардан бастап жағдай күрт өзгерді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуі басталды, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қаржылық проблемалар кешені бірінші орынға шықты.

Эксперттік институт мәліметтері бойынша, 1993 және 1994 жылдары ең маңызды проблема деп басшылардың 61% - қаржы, 13%- өткізім, ал 7% жабдықтау деп есептеді. Кәсіпорын басшыларының шағымдары қаржылық салаға бағытталды, сонымен қатар басқа да проблемалар қаржылық қиындықтардан туындады. Соның ішінде кәсіпорынның экономикалық жағдайын ауырлататын ең қиын проблемалардың ішінен бірінші орынға салықтар шықса, ал екінші орында - шикізатқа, материалдарға баға өсуінің жалғастырылуы. Үшінші орында - шаруашылық байланыстардың бұзылу проблемасы.

Шаруашылық байланыстардың бұзылуы бір-бірімен өзара байланысты фактордың екі тобымен түсіндірілген. Бірінішісі - бұл берілген салалардың өзіндік факторлары: ТМД-да шаруашылық байланыстардың бұзылуы, салалардағы және бірлестіктердегі технологиялық байланыстардың үзілуі, дәстүрлі жеткізушілерді жоғалтуы, шикізаттың кейбір түрлеріне тапшылықтың болуы. Екінші тобы - қаржы саласындағы факторлар: жеткізілімдер ақысын төлеуге қаражаттың болмауы, есеп айырысу мен төлемдердің кешігуі, соңғы өнімін жүзеге асыру үшін шарттары бойынша қол жетпейтін шикізаттың және жинақтамалардың бағалары. Өткізімдерге байланысты көптеген қиындықтарды басшылар тәртіпті өзгерту белгісі ретінде қабылдамайтыны өте қызық.

Директорлардың санасында «сұраным» және «төлем төлеуге қабілетті сұраным» деген екі ұғым бөлінген, яғни тұтынушыларға бүгін өнім керек, бірақ соңғыларының оны төлеуге қаражаты жоқ.

Сонымен, сарапшылар кәсіпорын қызметін, еңбек ұжымының сақталуымен байланысты жағдайларды және өзінің тіршілік етуін қолдауға тырысу ретінде қарастырады. Кәсіпорынның 58% үшін бұл негізгі мақсаттардың бірі болып қалды. Сонымен қатар көптеген басшылар үшін басқа да мақсаттар маңызды болып табылады. Жекелей алғанда, кәсіпорынның пайдалылығын көбейту сияқты классикалық нарықтық уәждемені басшының 27% атап өткен. Нарықтық қатынастың 1/3 субъектісі негізгі міндет ретінде кәсіпорынның пайдалылығын көбейту, жалақының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету. Кейбіреулері мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуді негізгі мақсат ретінде көздейді.

2. Жеке меншік құқығы мен жекешелендіру

2. 1 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы

Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке меншік бірнеше нормаларда көрсетілген. Салыстыру үшін: 28. 01. 1993 жылы ҚР Конституциясының 45 бабында тек «меншіктің көпүлгілік формалары» туралы еш түсіндірілусіз айтылған.

Азаматтық айналымды нарықтық шаруашылық дәуірінде әділетті құқықтық реттеудің алғашқы шарты болып меншіктің әртүрлі формаларының тең қорғанысы табылады. Маңызды тепе-теңдік Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабының 1 тармағында бекітілген. Мемлекеттік және жеке меншігінің құқықтық тәртіптемесін теңестіре отырып, заң шығарушы меншіктің қатысты формаларын қарсы қояды. Қарсы қоюшылықтан априори туындайды: егер азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне ҚР Конституциялық кеңесінде көрсетілгендей өз қызығушылықтарын сотта қорғаудың бірдей процессуалды мүмкіндіктері және міндеттемелер бойынша меншіктік жауапкершіліктің ұқсастығының шаралары танылады. Осы қағиданың трактовкасы түсіндіруді қажет етеді, 03. 11. 1999ж № 19/2 берілген ҚР Конституциялық үкімінің уәждемелік бөлінеді: «Мемлекеттік және жеке меншіктің тең қорғануының конституциялық талабының шарты, сонымен қатар мемлекеттік және жеке меншіктің оларға заңнамамен рұқсат етілген және қол жетімділігінде қорытындыланады, бір құқықтық тәртіптемеге жариялылықта да (салықтар, т. б. ), жекеде де (келісімдік қарым-қатынас, т. б. ) салаларда бағынады». «Бір құқықтық тәртіптеме» тұжырымдамасы екі мүмкін болатын нәтижелік мағына береді.

Біріншіден, жеке және мемлекеттік меншікті қорғаудың «бір құқықтық тәртіптемесі». «Қорғаныс» сөзі, нормативті үнемдеу ойынан өткізілуі мүмкін, бірақ мағынасына қарай шешілуі және дәйектелген фрагментте тұспалдануы тиіс. А. С. Пиголкин және Е. М. Сморгунова жазады: «Нормативті-құқықтық нұсқаманы мазмұндаудың нақты талаптарында, әрине нормативтік актілердің мәтінінде тілдер құралын пайдаланудың үнемділік қажеттілігі туындайды. Бос сөз, шыншыл емес қайталаулар, заттарды сипаттау және түсіндіру кезіндегі көпсөздік - осының бәрінен заң шығарушы қашқақтау керек».

Екіншіден, «құқықтық режим» терминін жеке және арнайы ретінде жеке мемлекетке қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәртібі ретінде немесе егер қаулыда ұлттық заңды жүйе ретінде оңайлатылған түзетуге толық жол берілген болса шартты түрде түсінуге болады. Яғни, заңдылықтың нормалары азаматтық айналымның барлық қатысушыларына активтерінің көлеміне, әлеуметтік беделіне, қызметтерінің мақсаттары мен басқа да жеке белгісіне қарамай бір деңгейде таралады. Қазақстанның заңдылық жүйе шеңберіндегі құқықтың барлық салалары үшін осыған ұқсас қағиданың түжырымы өзекті болып келеді. Бұл субъектілердің өздерінің қорғалғанына деген сенімділікті нығайтады, мемлекеттік мүдде маңызды болып жарияланған кезде, бұған негіздеме болмаса да, жеке қатынастарда қоғамдық биліктің жойылуына тежеу жасайды.

Жоғарыдағы постулат бойынша басқа тұрғыдан талқылау абсолютті түрде жалған қорытындыға әкеледі (алогизм) : жария (салық) құқығы мен жеке (шартты өзарақатынастар және т. с. с. ) құқықтық режим арасында ерекшелік жоқ. Бұл нәтиже дұрыс емес, бұдан шығатыны осыған ұқсас ҚР Конституциялық кеңестің 03. 11. 1999 ж. № 19/2 қаулысының тұсінігі анық. Өйткені «құқықтың бірлігінде қандай да болмасын елдің біртұтас әлеуметтік ағзасы сияқты жария құқық және жеке құқық - елдің әлеуметтік өміріндегі орны мен дамуының айрықша заңдарымен ерекшеленетін екі түрлі заңды әлем, екі «заңи ғаламшар».

Яғни, жоғарыда айтылған теңдестік мәні- жеке меншікке қатысты заңды шешімді қабылдауда қандай да бір артықшылықтардың болмауы, басқа жағдайларда берілген формалар өзіндік сипатта болады. Дәлелденіп жатқан жағдай Ресейдің Конституциялық Сотының судьясы Г. А. Гаджиевтің «мемлекет меншіктің алуан түрлі формаларының дамуына жағдай жасауы қажет» деген әділ пайымдауымен дәл келеді. Автор бұл жерде қандай «жағдай» екенін нақтыламағандықтан, кең мағынада құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар деп түсінуге болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында бекітілген ұйғарымды анықтылықтың толық талдамасы берілген тақырып шеңберінен шығып кетеді. Оның болашағы бар және жеке меншік құқығының қағидаларын талқылау кезінде қажет болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке меншікке жалпы түсініктеме
Жеке меншіктің теоретикалық негіздері
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Нарықтық экономикадағы меншік
Азаматтық құқық бойынша меншіктің нысандары мен түрлері туралы
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Меншікті азаматтық- құқықтық қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz