Әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу процесінің түсінігі, мазмұны және белгілері
2. Процестердің құрылымы және олардың классификациясының принциптері
Қорытынды
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.
ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.
ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы ғалымдардың процесс түрлеріне, оның ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады. 1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде сипатталған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен қатар, әкімшілік процесс түсінігін тар мағынада анықтау үшін оның юрисдикциялық сипатының алынуына да байланысты. Әкімшілік процесті түсіндірудің осы түрдегі тәсілінің тиімсіздігін біз төмендегідей
Норматитік актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі. // 2001 жыл 30 қаңтар. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

Негізгі әдебиеттер
1. Агеева Е.А. Юридическая ответственность в государственном управлении. –Л., ЛГУ, 1990.
2. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Административное право РФ, ч.1.2. М.: 1994, 1995 гг.
3. Бахрах Д.Н. Административная ответственность. Екатеринбург, 1996 г., ч. 1.2.
4. Веремеенко И.Н. Административно-правовые санкции. -М., Юридическая литература. 1977.
5. Григорьев В.И. Административная ответственность за нарушение налогового законодательства. –Алматы. 1997.
6. Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в РК: Учебное пособие /Жетписбаев Б.А. Ред.Сартаев С.С. –Алматы: Данекер 2000.
7. Медведев А.М. Разграничение преступлений и административных проступков./СГП. 1990. № 6.
8. Студиникина М.К. Что такое административная ответственность? М.1980 г.
9. Таранов А.А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Оқулық. Алматы 2003.
10. Баянов А. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Оқулық. -Алматы. -2003.
11. Худяков А.И. Налоговая система. Налоговые правонарушения. –Алматы. 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның Негізгі заңы бойынша адам
құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп
танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің
халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік
қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге
байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу
саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.
ХХ ғ 60 ж ортасына дейін іргелі құқықтық санат ретіндегі процестің
мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық
процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің
юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және
мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және
қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық
юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың
әлеуметтік бағытынан шығады.
ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы ғалымдардың процесс түрлеріне, оның
ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады.
1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде
әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде
сипатталған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен қатар, әкімшілік процесс
түсінігін тар мағынада анықтау үшін оның юрисдикциялық сипатының алынуына
да байланысты. Әкімшілік процесті түсіндірудің осы түрдегі тәсілінің
тиімсіздігін біз төмендегідей мәселелерден байқаймыз:
Біріншіден, юрисдикциялық қызмет, мемлекеттік органдар және ұйымдар
жүргізетін атқарушы әкімшілік қызметінің тек бір бөлігін ғана білдіреді.
Екіншіден, әкімшілік процесс шеңберінде юрисдикциялық сипаттағы
істердің санаттарын ғана қарастыру, мемлекеттік басқару органдарының
көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын
жоққа шығару болып табылады.
Үшіншіден, әкімшілік процесс функцияларын юрисдикциялық сипатта ғана
қарастыру барысында, оның шеңберінде көптеген жеке істерді шешу мәселелері
елеусіз қалады.
Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу,
оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп
айту қиынға соқтырады.
Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп
бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық
тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу
процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара
қатынаста болады.
Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін
қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен
қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды.
Зерттеу объектісі – әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс
деңгейінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің пәні. Тақырыпқа байланысты әкімшілік-іс жүргізу құқығының
теориясын, тәжірибелері мен әкімшілік процестің ҚР заңнамасындағы алатын
орны.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті – әкімшілік-іс жүргізу құқығының теориясы
мен тәжірибелерін жетілдіру және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік
процесс ролін арттыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмысы алдына қойылған мақсат пен
міндеттерімен анықталынған. зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі төрт
тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі берілген.

1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу процесінің түсінігі,
мазмұны және белгілері

Ел дамуының бағдарламалық құжаты – Қазақстан – 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп–өркендеуі, қауіпсіздігі және әл–ауқатының артуы
атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз,
гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық
бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы
жағдайын қарастырумен байланысты [1], деп айрықша атап өткен. Осы орайда,
Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, биліктің әрбір
тармағын, ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына етене жақын, азаматтың құқығы
мен бостандығын қамтитын атқарушы билікті зерттеудің жаңа әдістерін қажет
етеді. Осы мәселеге байланысты, мемлекетіміздің қазіргі таңдағы даму
кезеңінде, арнайы іс жүргізу нормалары арқылы әкімшілік-құқықтық дауларды
қарастыратын әкімшілік соттар жүйесін құрудың қажеттілігі туралы мәселе
өзекті болып отыр.
Біріншіден, 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуіне
байланысты, Еуропа Кеңес мүшелігіне үміткер Қазақ елі үшін адамның
құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін еуропалық және әлемдік
талаптарға, стандарттарға сәйкестендіру аса маңызды. Бұл ең алдымен, қазақ
халқының ұлттық ерекшелігін ескере отырып дербес әкімшілік сот ісін
жүргізуге қатысты мәселе.
Екіншіден, қазіргі кезеңде жария-құқықтық қайшылықтарды реттейтін
нормалар шашыраңқы түрде, бұл әрине оларды қолдануда және бірыңғай құқықтық
саясатты қамтамасыз етуде қиындық тудыруда.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасында дербес, мамандандырылған
әкімшілік сот ісін жүргізуді құру, мемлекеттің саяси идеяларына және
азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін шенеуніктердің қияндықтарынан
қорғаудың тиімді механизмдерін құруға бағытталған қайта құруларға сәйкес
келеді.
Қазіргі таңдағы заң доктриналарындағы әкімшілік іс және әкімшілік-
құқықтық дау терминдері күрделі және талас тудырып отырған ұғымдар екенін
ескерте кеткен жөн. Бірқатар ғалымдардың осы заң санаттарын түбегейлі түрде
зерттеуге ұмтылып отырғанына қарамастан, әлі күнге дейін олардың ара-
қатынасы және өзара байланысына қатысты ортақ тәсілі болмай отыр. Барлық
құқықтанушылардың, әкімшілік-құқықтық дау және әкімшілік іс ұғымдары
өзара байланысты болуы керек деген көзқарастарына қарамастан, олар ұқсас
болмай отыр. Берілген термин, атқарушы билік органдары қызметінің саласымен
қатар, әкімшілік әділеттің мамандандырылған сот органдарында немесе
арбитражды соттар және әкімшілік-құқықтық дауларды шешетін жалпы
юрисдикциядағы соттар қызметінде де қолданыла алады. Бүгінгі таңда заң
ғылымында, әкімшілік дауларды әкімшілік юрисдикция арқылы шешу керек деген
пікірлер айтылуда. Алайда, әкімшілік дау түсінігін тек сот ісін жүргізумен
шектеп қана қарастыруға болмайды, себебі әкімшілік-құқықтық даудың, яғни
әкімшілік істің сипаты бірыңғай және даулы құқықтық қатынастарды шешудің
тәртібі оны өзгерте алмайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қазіргі таңда әкімшілік істердің, сот
органдарының және басқа да биліктік уәкілеттік органдарының юрисдикциялық
өкілеттіктерін жүзеге асыру арқылы шешіле алатындығын ерекше атап өтеміз.
Заң әдебиеттерінде біздің зерттеп отырған мәселелеріміз Абросимова Е.,
Аверков Н.О., Алехин А.Н., Афанасьев Н.К., Бахрах Д.Н., Воробьев Е.В.,
Горшнева В.М., Измайлов А., Ильичев А.Н., Кикотя В.Я., Клюшниченко А.П.,
Козлов Ю.М., Кононов П.И., Манахина С.Н. Масленников М.Я., Петухов А.Н.,
Панова И.В., Попова Л.Л., Салищева Н.Г., Сальникова В.П., Самойленко А.В.,
Сорокин В.Д., Сорочевский Б.Д., Старилов Ю.Н., Студенкин С.С., Хаманев
Н.Ю., Ядвинов К.Е. еңбектерінде қарастырылған.
Заңның басқа да салаларын зерттеп жүрген заңтанушы ғалымдар әкімшілік-
іс жүргізу құқығы және әкімшілік процеске де назарын аударуда. Ғалымдардың
осы тобының ішінен Е.Н. Губанов, Г.Н. Кирько, Г.П. Евгеньев, Ш.Ш. Алимов,
К.Тулеевтерді ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, зерттеу тақырыбына
қатысты бірқатар мәселелер әлі күнге дейін пікірталастар тудырып келеді
және толық зерттеле қоймаған. Әкімшілік процесті жетілдірудің жаңа жолдарын
қарастырып, оны қазіргі тарихи жағдайларға және жаңа заңнамаға бейімдеу аса
қажет дүние.
Қазақстандық зерттеушілер қатарында соңғы жылдары әкімшілік құқық
саласындағы қарқынды зерттеулерімен танылып жүрген, әкімшілік құқықтық
мәжбүрлеудің теориялық мәселелерін зерттеген Б.А. Жетпісбаев [2], әкімшілік
құқықтағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеген А.Е. Жатқанбаева
[3], кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігінің ерекшеліктерін
зерттеген А.С. Бахралинов [4], ҚР ішкі істер қолданатын әкімшілік-
процессуалдық шараларға қатысты зерттеу жүргізген Қ.К. Шағатаев [5] сияқты
зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлері мен қорытындылары басшылыққа
алынды.
Қазіргі таңдағы әкімшілік-құқықтық қатынастардың, құқықтық нормалармен
бекітілген және қамтамасыз етілген, құқық пен міндеттердің жеткізушісі
ретінде өзара байланысты бірнеше жақтары бар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар
әрқашанда мемлекеттің мүддесін білдіретін болғандықтан, мемлекеттің даму
жолындағы өзгерістерге байланысты әкімшілік-құқықтық реттеу нормалары да
өзгереді. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, шынайы әкімшілік тәжірибесіндегі
осы түрдегі реттеу әкімшілік-құқықтық даулар түрінде іске асырылады.
Әкімшілік процесті заңды іс жүргізу түрі теориясы тұрғысынан қарастыра
және Қазақстан Республикасындағы құқықтың басқа да іс жүргізу салаларындағы
қалыптасқан түсініктерді ескере отыра, іс жүргізу түрін қолдана отырып,
әкімшілік іс жүргізу түрін сот ісін жүргізу сипаттамасымен қатар,
мемлекеттік-билік қызметінің әдістері сипаттамасымен байланыстыру керектігі
туралы қорытынды жасауға болады.
Әкімшілік процесс – бұл ең алдымен, құқықпен реттелген, мемлекеттік-
биліктік басқару өкілеттілігі берілген, субъектілердің құзыретін іске асыру
барысында пайда болатын әкімшілік – құқықтық дауларды шешуге бағытталған,
ерекше түрде жүзеге асырылатын және әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша
қызмет. Кең мағынадағы құқық шығармашылық қызметі әкімшілік процесс
түсінігіне кіргенімен, позитивті басқару іс әрекеттерін әкімшілік процестен
айрықшалап, басқару процессі шеңберіне біріктіруге болады. Мұндай жағдайда,
әкімшілік процесс әкімшілік – юрисдикциялық қызмет түріне айналады.
Көптеген авторлар, барлық мағынада әкімшілік–құқықтық дауды әкімшілік
процесс құрылымына жатқызады, дегенмен процесті түсіндіру тәсілдерінің
шеңбері әкімшілік-құқықтық дау түсінігінің ауқымына да әсерін тигізеді.
Біздің пікірімізше, әкімшілік құқықтың мәні, әкімшілік процестің мәнін
анықтауы тиіс.
Әкімшілік әділеттің барлық жүйесіне, бір жағынан азаматтар мен заңды
тұлғалар және екінші жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар
арасындағы әкімшілік басқару саласындағы дауларды қарастыру тән. Кейбір
жағдайларда әкімшілік-құқықтық дауларды шешу функциясын, әкімшілік
даулардан басқасын да шеше алатын, әкімшіліктен тәуелсіз жалпы соттар
атқарады. Келесі бір жағдайларда юрисдикциялық функциялар, жалпы соттар
жүйесінен және әкімшілік органдардан тыс құрылатын арнайы әкімшілік
соттарына жүктеледі. Қазақстан Республикасында осы екінші үлгі әкімшілік
реформалар шеңберінде іске асырылған. Алайда, әкімшілік соттар жүйесін
қалыптастырудың толық аяқталмауына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істер бойынша іс жүргізу шеңберінен тыс әкімшілік құқықтың іс жүргізу
нормаларының кодификацияланған құқық көздерінің болмауына байланысты,
берілген жүйенің тиімділігі туралы сөз қозғау ерте болып отыр.
Әкімшілік құқық ғылымында, әкімшілік әділет ретінде азаматтар мен
мемлекеттік басқару органдары, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары
арасындағы (оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару) әкімшілік – құқықтық
дауларды ерекше іс жүргізу тәртібінде (қарапайым іс жүргізу түрінен ерекше
түрде) шешетін арнайы әкімшілік соттардың қызметі қарастырылады.
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық дамуында, басқа да
биліктік әкімшілік құқық қолдану түрлеріне қарағанда жоғарғы соттың үстем
ролін арттыратын үрдіс байқалады. Нәтижесінде қазіргі таңдағы Қазақстандағы
әкімшілік әділет, әкімшілік құқық туралы даулар (кең мағынадағы) сот
қарастыруының нысаны болып табылатын даулы істерді шешуге бағытталған.
Біздің ойымызша, әкімшілік-құқықтық даулардың басым бөлігі соттан тыс
тәртіпте шешіле алады және шешілуі тиіс. Ең алдымен бұл биліктік
(субординациялық) қатынастар шеңберіндегі, сонымен қатар бірқатар
жағдайларда өзара іс әрекет қатынастары шеңберіндегі әкімшілік-құқықтық
дауларға қатысты. Маңыздысы, мұндай дауларды шешу механизмдерін таңдауда
басымдық императивтікке қарағанда консенсуалды тәсілге беріліп, әкімшілік
келісім-шарттар және соттан тыс әкімшілік процедуралардың бірыңғайлылығы
негізінде іске асырылуы керек.
Соңғы жылдары әкімшілік соттар Қазақстан Республикасы сот жүйесінің
ажырамас бөлігіне айналып отыруына байланысты, тиісті соттар қызметінің іс
жүргізу түрлерін реттеу мәселесі туындады. Біздің көзқарасымыз бойынша осы
мәселені шешудің тиімді жолы- Әкімшілік-іс жүргізу кодексін дайындау және
шығару болып табылады.
Әкімшілік процесс – бұл ведомстволық бағыныстылыққа кіретін істер
бойынша әкімшілік органдардың биліктік құқық қолдану қызметі, ал әкімшілік
сот ісін жүргізу, ағымдық әкімшілік істерді әкімшілік органдардың бастапқы
шешуі негізінде қозғалған істерді қарастыру бойынша соттардың биліктік
құқық қолдану қызметін білдіреді. Мұнда айрықша ескере кететін жәй, біз заң
процесстерінің аталған түрлерін өзара қайшы келеді деп отырғанымыз жоқ,
керісінше олар бірін бірі толықтыра отырып, жүйеде атқарушы биліктің өз
құқықтарын іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз етеді. Әкімшілік
процесті және әкімшілік сот ісін жүргізуді қандай түрде реттеуге болады?
деген орынды мәселе көтеріледі. Біздің ойымызша бұл мәселені шешудің тиімді
жолы екі түрдегі іс жүргізу кодекстерін қабылдаудан көрінеді. Яғни,
әкімшілік органдардың әкімшілік процестің жалпы құқықтық негіздерін және
әкімшілік іс жүргізудің жекелеген түрлерін іске асыруының құқықтық
негіздерін реттеуге басты назар аударатын Қазақстан Республикасының
әкімшілік- іс жүргізу Кодексін және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін,
яғни әкімшілік құқық бұзушылықтан шығатын істерді соттардың қарастыру
тәртібін реттейтін іс жүргізу нормалары қамтылған Қазақстан республикасының
әкімшілік сот ісін жүргізу Кодексін қабылдау қажет.
Әкімшілік – іс жүргізу қызметінің және Қазақстан Республикасындағы
барлық деңгейдегі басқару жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі әкімшілік-
құқықтық дауларды шешудегі бірыңғай механизмінің болмауы. Сот тәртібінде
қарастырылатын осы түрдегі даулардың үлес салмағының өсуі, осы дауларды
шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-құқықтық қатынастар
шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану мүмкіндіктерін жоққа
шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін реттейтін тәртіпті
нормативтік – құқықтық негізде бекіту қажеттігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы және көпшілік посткеңестік республикалардағы
барлық деңгейдегі басқару жүйесінің ортақ мәселелерінің бірі, Германия,
Франция және басқа да континенталдық құқық елдерінің құқықтық жүйесінде заң
түрінде бекітілгендей, әкімшілік – құқықтық дауларды шешудің бірыңғай
механизмінің болмауы болып табылады. Осы түрдегі даулар үлесінің артуы
әкімшілік соттар жүйесін қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Мұнда,
Қазақстан Республикасы және Украинаның осы саладағы тәжірибесін қолдана
отырып, осы дауларды шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-
құқықтық қатынастар шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану
мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін
реттейтін тәртіпті нормативтік – құқықтық негізде бекіту қажет.
Осы мәселе бойынша Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясы
арасындағы құқықтық ынтымақтастық өзара тиімді және жемісті болмақ.
Өйткені, бұрыннан қалыптасқан және теориялық негізі жетілдірілген әкімшілік
құқықтың ресейлік бағытын және әкімшілік соттарды қалыптастырудың
қазақстандық тәжірибесін ұштастыру арқылы, екі елдің мемлекеттік құрылымын
ескере отыра, бірлескен әкімшілік – іс жүргізу және сонымен қатар әмбебап
соттық кодексін қалыптастыруға жағдай жасар еді.

2. Процестердің құрылымы және олардың классификациясының принциптері

Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық және
әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі әкімшілік іс жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы
танылған принциптері мен нормаларына негізделген конституциялық заңдарда,
осы кодексте айқындалады. Әкімшілік іс жүргізудің тәртібін реттейтін өзге
де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ
әкімшілік іс жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік іс жүргізу
құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Егер Әкімшілік іс жүргізудің барысында азаматтық немесе қылмыстық
құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажеттігі пайда болса, ол
азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада:
оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi
жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң
күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп
тануға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 10-20-
баптарында бекітілген қағидаттар әкімшілік іс жүргізудің барлық түрлеріне,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 23-30-баптарында
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 31, 31-1, 31-2-баптарында
осы бапта көрсетілгенге байланысты әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс
жүргізуге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс
жүргізуге қолданылады.

 
Заңдылық қағидаты. Соттар, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар)
әкімшілік іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы
Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-
дәл сақтауға міндетті. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де
нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні
конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот
Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта
басталады. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол
заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі
судья заңда белгіленгендей жауапты болады. Сот, әкімшілік даулар туралы
істер бойынша іс жүргізген кезде, істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге
органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра
пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық
актілерді қолданады. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары
болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы
негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
 Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау.
Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.
Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi
бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген
тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Сот, мемлекеттік органдар (лауазымды
адамдар) әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, оны іске асыру үшін
Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген
жағдайларды жасауға, олардың заңды талаптарын қанағаттандыру жөніндегі
шараларды уақытында қолдануға міндетті. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген
соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес. Мемлекеттік органның
(лауазымды тұлғаның) заңсыз іс-әрекеттерімен азаматтарға, заңды тұлғаларға
мүліктік зиян келтірілген жағдайда, әкімшілік істі жүргізетін сот оның
орнын толтыру шараларын қолдануға міндетті. Әкімшілік іс жүргізу кезінде
адамға оның құқықтары мен бостандықтарын бұзудың нәтижесінде келтiрiлген
зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен өтелуге
тиiс.
 Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, іскерлік беделін құрметтеу.
Әкімшілік іс жүргізу кезінде жеке немесе заңды тұлғаның ар-ожданын
қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн, немесе іскерлік беделін
қаралайтын, немесе әкімшілік iс жүргiзу кезiнде iске қатысушылардың өмірі
мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін iс-әрекеттер мен шешiмдерге тыйым
салынады. Әкімшілік істі жүргізетін судьяның, мемлекеттік органның
(лауазымды адамның) заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық
залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
Судьялардың тәуелсiздiгi. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде
тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға
бағынады. Судьялар мен соттар әкімшілік даулар туралы, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi.
Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын
араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Судья тәуелсiздiгiнiң
кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен
белгiленген.
 Iс жүргiзу барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік процесте
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Әкімшілік процесс және әкімшілік іс жүргізу
Әкімшілік сот ісін жүргізу
Әкімшілік процесс субьектілері
Әкімшілік процесс түсінігі, түрлері және қағидалары
Ерекше талап өндiрiсi
Заң шығарушы, атқарушы және сот
Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары
Пәндер