Әкімшілік жаза



Кіріспе
Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері
Әкімшілік жазаны салу ережелері
Әкімшілік кұқық бұзушылық. Әкімшік құқық бұзушылық ұғымы
Қорытынды
Әкімшілік жаза - әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалаудың мақсаттары:
> әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
> құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
> әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту.
Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы, лицензиядан айыру және т.б.
Әкімшілік құқык бұзушылық үшін жаза әкімшілік құқык бұзушылык туралы заңнамалардың қатаң сақталуы негізінде жүзеге асады.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құкық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі.
Бір тұлғаның екі не одан да көп әкімшілік құкық бұзушылық жасағанында, әрқайсысы үшін жеке-жеке жаза қолданылады.
Егер тұлға бірнеше әкімшілік құкық бұзушылық жасаған болса, онда іс бір-ақ сотта, органда (лауазымды тұлғада қаралады, тұлғаға бір текті жаза қолданылған жағдайда ең жоғарғы мөлшердің үш есесінен аспауы тиіс.
Әкімшілік жазаны тағайындау (осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқык бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік терісқылық) табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі. // 2001 жыл 30 қаңтар. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

Негізгі әдебиеттер
1. Агеева Е.А. Юридическая ответственность в государственном управлении. –Л., ЛГУ, 1990.
2. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Административное право РФ, ч.1.2. М.: 1994, 1995 гг.
3. Бахрах Д.Н. Административная ответственность. Екатеринбург, 1996 г., ч. 1.2.
4. Веремеенко И.Н. Административно-правовые санкции. -М., Юридическая литература. 1977.
5. Григорьев В.И. Административная ответственность за нарушение налогового законодательства. –Алматы. 1997.
6. Жетписбаев Б.А. Административная ответственность в РК: Учебное пособие /Жетписбаев Б.А. Ред.Сартаев С.С. –Алматы: Данекер 2000.
7. Медведев А.М. Разграничение преступлений и административных проступков./СГП. 1990. № 6.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Әкімшілік жаза 

Кіріспе
Әкімшілік жаза - әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде
судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің
мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалаудың мақсаттары:
әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту.
Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан
келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені
әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң
арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы,
лицензиядан айыру және т.б.
Әкімшілік құқык бұзушылық үшін жаза әкімшілік құқык бұзушылык туралы
заңнамалардың қатаң сақталуы негізінде жүзеге асады.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құкық
бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы,
жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі.
Бір тұлғаның екі не одан да көп әкімшілік құкық бұзушылық жасағанында,
әрқайсысы үшін жеке-жеке жаза қолданылады.
Егер тұлға бірнеше әкімшілік құкық бұзушылық жасаған болса, онда іс бір-ақ
сотта, органда (лауазымды тұлғада қаралады, тұлғаға бір текті жаза
қолданылған жағдайда ең жоғарғы мөлшердің үш есесінен аспауы тиіс.
Әкімшілік жазаны тағайындау (осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқык
бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды.
Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылық
(әкімшілік терісқылық) табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық - жеке және заңды тұлғаның әкімшілік-
құқықтық норманы бұзатын және әкімшілік жауапкершілікті тудыратын құқыққа
қарсы, кінәлі іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.

Әкімшілік жаза  түсінігі мен түрлері

ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл 
әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды
тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған 
тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген
мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып
келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы
біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты -  жаңа
құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік
бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең
бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық
бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне
бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза
шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жаза  әкімшішілік 
құқық бұзушылық  істегені үшін заң бойынша осыған өкілетті судьялармен,
органдармен (лауазымды тұлғалармен) қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу 
шарасы болып табылады,  және  әккімшілік құқық бұзушылық  жасаған тұлғаның 
құқықтары мен  бостандықтарынан айыруды немесе шектеуді білдіреді.
Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай
әкімшілік жазалар  қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан
алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) 
айыру немесе  оның әрекет  қызметтің
қандайда бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;
7) жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты 
мәжбүрлеп бұзу;
9) әкімшілік қамау;
10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны  ҚР шегінен тыс
әкімшілік қуып шығару;
Әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған заңды тұлғаларға мынадай
әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі
болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан
алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) 
айыру немесе  оның әрекет  қызметтің  қандай – да бір түріне немесе  нақты
әрекеттерді істеуді доғару;
7)  жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты 
мәжбүрлеп бұзу.
Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 60-66 баптарымен  реттеледі.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 647-бабы 1-бөлігінде әкімшілік
құқықбұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері көрсетілген. Істі қарауға
құқылы судья, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы және басқа
құжаттарды алған күннен бастап он бес күн мерзім ішінде қарап шешуге
тиісті.
Аталған баптың 2-бөлігінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс
жүргізуге қатысушылардан өтініштер түскен жағдайда немесе істің мән-
жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде істің қаралу мерзімін судья
ұзартуы мүмкін, бірақ, ол бір айдан аспауға тиіс. Ал, салық міндеттемесін
орындауға байланысты істер шағым беру мерзімінің кезеңіне ұзартылады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарын нұсқауларды,
қаулыларды орындамаған жағдайда уәкілетті органдармен құқық бұзушы жеке
және заңды тұлғаларға ӘҚБтК-тің 356-бабы 3-бөлігімен әкімшілік
құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, іс соттың қарауына жолданады.
Істерді сотқа қарауға әзірлеу кезінде әкімшілік жауаптылыққа тартылушы
тұлғалардан уәкілетті органның нұсқамасымен келіспей сотқа талап-арызбен
жүгінгені көрсетіліп, істің қарау мерзімін ұзарту туралы өтініштері түседі.
Бұл орайда істің қаралу мерзімі бір ай мерзімге ұзартылады. Яғни, іс сот
өндірісіне түскен кезден бастап қырық бес күнде қаралып шешілуге тиісті.
Азаматтық сот ісін жүргізуде қаралып жатқан жеке және заңды тұлғалардың
талап арыздары шешімін тапқанша, сотпен істер уәкілетті органдарға
әкімшілік істерге жаңадан мерзім белгілеу үшін бірнеше рет кері қайтарылып,
сот өндірісіне қайтадан түсіп жатады. Бұл өз кезегінде сотпен кері
қайтарылған істердің статистикалық санының өсуіне ықпалын тигізеді. Аталған
мән-жайлар ӘҚБтК-тің 468-бабы 1-бөлігінде қамтылған көлік құралдарын
жүргізушілердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген
ережелерін бұзған жағдайда қаралатын әкімшілік істер бойынша іске
қатысушылардан сот – автотехникалық  сараптама тағайындау туралы өтініштері
түсіп, сотпен сараптама тағайындау барысында, сонымен қатар, аталған
кодекстің 467-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер
бойынша іске қатысушылардан сотқа алкогольді жағдайды анықтау туралы
медициналық куәландыру қорытындысымен келіспей талап арызбен басқа сотқа
жүгінген жағдайларда да орын алуда. 
АІЖК-де іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері толық түрде көрсетілген.
Сондықтан, әкімшілік істерді тоқтата тұру мерзімдері  кодекстің 647-бабында
нақты көрсетіліп бекітілуге тиісті. Ұсақ бұзақылықтар қоғамдық орындарда
былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу жөнінде әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттерде он бес
тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады. ӘҚБтК-тің
55-бабы 3-бөлігінің талабы бойынша жүкті және он төрт жасқа дейінгі
балалары бар әйелдерге, сондай-ақ, он сегіз жасқа толмағандарға, бірінші
және екінші топтағы мүгедектерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс
үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды. Осы
көрсетілген әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайтын адамдар ӘҚБтК-тің
330-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық іс-әрекеттерді
жасаған жағдайда сотпен оларға жаза қолдануда қиыншылық туындауда.
Сондықтан, ӘҚБтК-тің 330-бабы 2-бөлігінің санкциясына әкімшілік қамау
жазасын қолданумен қатар, белгіленген әкімшілік айыппұл жазасымен
толықтырылуы қажет.
 

Әкімшілік жазаны салу ережелері

Әкімшілік жазаларды  салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген. 
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге
сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын 
нормативті  актілерде  белгіленген шекетерде салынады.
Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:
1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы
шегінде;
2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде  әкімшілік теріс қылықтың 
құрамы болса;
3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды
реттейтін өзге де  нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген
болса;
4) егерде осы баптың санкциясы  жасалған құқық бұзушылық үшін 
жауапкершілік қарастыратын болса;
5) жасалған құқық бұзушылықтың  сипатын, құқық бұзушының жеке басын,
кінәлілік деңгейін,  мүліктік жағдайын,  сонымен қатар жауапкершілікті
жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып  салынады.
Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар
қолдану (63 бап). Бір 2 немесе одан да көп  әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке  әкімшілік
жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік  әкімшілік құқық бұзушылық
жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі  бір жазалар
қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін
осы Кодексте белгіленген 3 еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды.
Әкімшілік қамауға лудың ең  ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда – 30 тәуліктен,
ал төтенше жағдайлар кезінде – 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар
актілерде белгіленген міндеттемелерінің  орындалмаған немесе тиісінше
орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше 
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл  әрбір
әкімшілік құқық бұзушылық үшін  бөлек өндіріліп алынады.
Әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік залалды өтеу. Егер
әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік
залал келтірілсе, судья  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе,
дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде  бір мезгілде
мүліктік залалды өтеу  туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті 
органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік
залалды  өтеу,  залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда , азаматтық
сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін  әкімшілік жаза қолданылған адам 
әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1
жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату.
Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін,
ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін
– оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, осы Кодексте көзделген
жағдйларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке
тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас  жепқорлықпен  әкімшілік
құқық бұзушылық, сондай-ақ   құқық бұзушылық жасағаны үшін  оны жасаған
күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа  тартылуға тиіс
емес, ал заңды тұлға салық салу саласында  әкімшілік құқық бұзушылық
жасағаны үшін  оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік
жауаптылыққа  тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық
кезінде адам  әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай
өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.
Әкімшілік жазалардың үғымы және түрлері
Әкімшілік жаза — әкімшілік кұқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол:
а) әкімшілік құкық бұзушылық жасаған адамды зандарды сақтау және құқықтыќ
тәртіпті қүрметтеу рухында тәрбиелеу;
б) құкык бұзушьшың да, баска адамдардың да жаңа ќұкыќ бұзушылық
жасауының алдын алу максатында қолданылады . Әкімшілік жазалар белгілі
межеде қылмыстың алдын алу функциясын орындайды.
Әкімшілік жазалар, әдетте, құќыќ б±зушыға иә моральдыќ, иә материалдыќ
ыкпал жасаудан көрінісін табады. Кейбір әкімшілік жазалар өзіне бір
мезгілде әрі моральдық айыптауды, әрі материалдык ықпалды, әрі бұзушының
құқығын уакытша шектеуді біріктіреді (мысалы, әкімшілік камауға алу, ар-
найы қүкығынан айыру және басқалар).
Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудыњ негіздерімен
және мақсаттарымен, оларды бірімен бірін ауыстырудың мүмкіндігімен
айырылатын үйлесімді жүйе к±рады.
ӘПБтК-тін 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар белгіленіп, бекітілген:
1) ескерту; 2) затты құнын өтеп алып қою; 4) затты тәркілеу; 5) арнайы
кұкығынан айыру; 6) әкімшілік камауға алу; 7) кәсіпкерлік қызметке
қадағалау тағайындау; 8) белгілі бір қызмет түрінін лицензиясынан
(патентінен) айыру.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Казакстан Республикасынын
аумағынан аласталуы мүімкін.
Занда әкімшілік жазалар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Заттарды
құнын өтеп алып қою және тәркілеу негізгі және косымша әкімшілік жазалар
ретінде колданылуы мүмкін, қалғандары — тек кана негізгілер ретінде.
Қосымша жазалар жеке түрінде қолданылмайды.
Ескерту — моральдык сипаты бар жаза. Ол жазбаша түрде беріледі немесе
өзге әдіспен де жасалады. Ауызша ескерту әкімшілік жаза болып табылмайды.
Барлыќ баска негізгі әкімшілік жазалар сияқты ескерту де сондай зандык
салдарлар туғызады. Мысалы, тиісті салдарлар туғызатын күкык бұзушьлықтьњ
қайталанғандығын аныктау үшін оның маңызы болуы мүмкін.
Айыпп±л — Қазақстан Республикасы зандарында белгіленген ай сайынғы
есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінің санына сәйкес келетін тенге түрінде
ӘК-те қаралған жағдайлар мен шењберде алынатын акшалай төлем.
Ол әкімшілік құкык бұзушылыктың негізінен барлык түрлері үшін қаралған
ең көп өріс алған жаза. Бұл зањды бүзған адамдарға ықпал жасаудыњ неғұрлым
тиімді тәсілі екендігін әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр.
Азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұл, әдетте,
ай сайынғы есеп айырысу көрсеткіштерінің жиырма есе мөлшерінен, ал
лауазымды адамдарға — елу есе мөлшерінен аспауы керек (ӘПБтК-тің 26-бабы).
Айрыкша жағдайларда әкімшілік жауапкершілікті ерекше күшейтудіњ
қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасыньњ зан актілерімен осы
бапта көзделгеннен көп мөлшерде айыппұл белгіленуі мүмкін.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылык
туралы кодексі жаңа редакцияда кабылданғанға дейін тұрақты сомада
көрсетілген айыппұлдар мөлшерін қайта есептеудің тәртібі Қазақстан
Республикасынын 1993 жылғы 26 қазандағы занымен белгіленген.
Бұл заң бойынша егер айьшпұлдың жоғарғы шегі 1964 жыл-ғы ӘПБтК-те
белгіленген он сомнан аспаса, ол құкық бұзу жасалған кезде белгіленген ең
төмен жалакы мөлшерінін оннан біріне тең деп, бірақ салынатын айыппұлдың
мөлшері елу сомнан төмен болмауы тиіс; отыз мыңнан аспаса — ол ең төмен
жиырма жалақы мөлшеріне тең деп есептелінеді, бұл орайда салынатын
айыппұлдың мөлшері ең төмен он, он бес жалакы мөлшерінен темен болмауға
тиіс.
1993 жылғы 28 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Әкімшілік жазаларды қолдану
Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
Әкімшілік жазалардың түрлері
Әкімшілік жазаны салу ережелері
Әкімшілік жаза түсінігі
Әкімшілік жазалар
Әкімшілік жазалардың мақсаты
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Пәндер