«ҚР Білім саласындағы лицензиялар беру мәселелері»



Кіріспе
1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
3. Білім беру қызметін лицензиялау
Қорытынды
ҚР білім туралы заңнамаларына сәйкес Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиістігі айтылған.
Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.
1. ҚР 1995 жылдың 17 сәуіріндегі №2200 «Лицензиялау туралы» Заңы (2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
3. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы (2010.18.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 Қаулысы (2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім саласындағы лицензиялар беру мәселелері

Кіріспе

ҚР білім туралы заңнамаларына сәйкес Заңды тұлғалардың білім беру
қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиістігі
айтылған.
Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс:
мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім
берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен
жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын
заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру,
оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім
беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім
беру қызметі;
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.

1. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
 
Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу
үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінішті;
2) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы
куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің
нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның
төленгенін растайтын құжатты;
6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.
Лицензиясы бар білім беру қызметі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу
үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Білім беру ұйымдарының филиалдары лицензияға қосымшаны алу үшін аталған
құжаттармен қатар Филиал туралы ережені және тіркеу құжаттарын ұсынады.
Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау үдерісінде білім беру
қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында сараптама
жүргізеді.
  Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен
жүзеге асырылады.
 

2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
 
Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары:
1) мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленушілердің жас шамасына және
санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтың толымдылығына сәйкес
қабылдауды жүзеге асыруы;
2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы
санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының белгіленген нормативтерге сәйкес
тәрбиеленушілердің дене бітімі, зияткерлік және жеке тұлғасының дамуы
үшін ойын материалдары мен жабдықтардың, балаларға арналған және
әдістемелік әдебиеттің болуы;
5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, жедел басқару
немесе мүліктік жалдау (жалға алу) құқығына тиесілі білім беру қызметінің
сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің
болуы.
Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы
санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу
цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының
болуы;
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және
материалдық емес активтердің болуы.
Негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы
санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу
цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының
болуы;
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және
материалдық емес активтердің болуы.
 Жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы
санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
4) білім алушылар контингентіне шаққанда, бір білім алушыға толық оқу
цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының
болуы;
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және
материалдық емес активтердің болуы.
Балаларға арналған қосымша білім беру, сондай-ақ балалар мен
жасөспірімдерге арналған спорт бағдарламаларын іске асыратын
ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі олардың жалпы
санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу
цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының
болуы;
4) балалар жасы - 6 жастан 18 жасқа дейін;
5) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және
материалдық емес активтердің болуы.
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкестігі;
2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем
болмауы;
3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының
30 пайызынан кем болмауы;
4) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
5) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу
цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының
болуы;
6) тиісті кәсіптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті компьютерлік сыныппен,
оқу-зертханалық жабдықпен, арнайы оқу жабдығымен және техникалық оқу
құралдарымен жарақтандырылуы;
7) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде
белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
10) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және
материалдық емес активтердің болуы.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын білім беру
ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем
болмауы;
3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі және (немесе)
магистрлар, ғылым кандидаттары, докторлары, ғылыми атақтарымен олардың
жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы;
4) оқушылар құрамына шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны
кемінде 40 бірлік басылымнан келетін оқу мен оқу-әдістемелік әдебиеті
қорының болуы;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі;
6) компьютерлік сыныппен, оқу-зертхана жабдығымен, арнайы оқу жабдығымен
және тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың
талаптарын орындау үшін қажетті техникалық оқу құралдарымен
жарақтандырылуы;
7) білім алушының бір жылғы оқуына ең төмен шығыстардың Қазақстан
Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған орта білімнен кейін
мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі
қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде
белгіленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
11) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі
орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын іске асыруға арналған жағдайларды
қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
Бакалавр академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары білім берудің
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне
қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) университеттер, институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін
ғылыми және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау; академиялар, консерваториялар үшін ғылыми-
зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау;
3) бір оқытушыға шаққанда студенттер контингентінің жоғары оқу
орындарының оқу-материалдық активтеріне қойылатын жалпы талаптарды
белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына
сәйкестігі;
4) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен
нормаларға сәйкестігі;
5) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының, оның ішінде
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері мен
бейінді пәндері бойынша: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер
үшін 50 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшін 60
пайыздан кем болмауы; университеттер үшін 70 пайыздан кем болмауы;
6) оқытушылар үлесі:
ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін
бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар, ал өнер және мәдени
білім беру ұйымдары үшін штаттағы оқытушылар санының Қазақстан
Республикасының құрметті атақтары бар оқытушылары, оның ішінде мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндер
бойынша оқытушылар: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін
35 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар, университеттер үшін
45 пайыздан кем болмауы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар
министрліктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылар үлесі: ғылым
докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша
докторлар, ғылыми атақтары бар, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, өрт
қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар салаларында әскери академияларды,
университеттерді бітіргені туралы дипломы бар оқытушылар, жедел
бөлімшелерде қызметтен өткен полковник әскери атағынан төмен емес
оқытушылар, штаттағы оқытушылар санынан спорт шебері және одан жоғары
атағы барлар, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының базалық және бейіндік пәндері бойынша 35 пайыздан кем болмауы;
7) студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне
саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қорының
болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері
бойынша оқушылар контингентіне бара бар болуы тиіс. Кітапхана қоры соңғы 5
жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы
жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша
негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Институттар, жоғары
мектептер, жоғары училищелер үшін электрондық және магниттік
жеткізгіштердегі оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі мамандықтың оқу
жоспарындағы пәндердің 10 пайызынан кем болмауы; академиялар,
консерваториялар үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 15 пайызынан кем
болмауы; университеттер үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 20
пайызынан кем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курорт
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
ҚР заңдарымен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Лицензиялық келісімдер
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастары, мәдени ынтымақтастығы, мемлекеттін сыртқы функциясы
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау
Лицензиялаудың негіздері. Лицензиялаудың негізгі ұстанымдары
Кәсіпкерлік қызметті қорғау және қолдау
Пәндер