Көлік кешенін және байланысты басқару



Кіріспе
1. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
2. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
3. Көлiк құралдарын басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген теміржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлiгi.
Көлiк кәсiпорны - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiнде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iс-әрекет жасайды.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы немесе рµқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi заңды немесе жеке тұлға.
Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын заңды тұлға немесе жеке тұлға, немесе мемлекет.
Тiкелей аралас қатынас - бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрiмен жүктердi, жолаушылар мен теңдеме жүктердi тасымалдау.
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы ЖШС «Баспа», 1995-64б
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 7 қазандағы 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. – 1998. - №20.
3. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 21.09.1994 ж.

Қосымша әдебиеттер
1. Е. Кенжетаев. Транспортная прокуратура нацелена на дальнейшее укрепление законности.//Заң және заман. 2003. № 6. –С.44-48.
2. Шокатаев С. Некоторые проблемы, связанные с обеспечением безопасности движения на транспорте. //Заң және заман. 2003. № 6. –С.108-112.
Электрондық оқулықтар
1. Жетписбаев Б.А. Административное право. (электронный ресурс) Учебник /Жетписбаев Б.А.:Алматы. Юрид.лит., 2003. –1электр.опт.диск. (CD ROM) электронная книга.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
„Көлік кешенін және байланысты басқару“

Жоспар:

Кіріспе
1. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
2. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
3. Көлiк құралдарын басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасының көлiгi - оның аумағында тiркелген теміржол,
автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр, соның iшiнде метрополитен,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр
көлiгi. 
Көлiк кәсiпорны - жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдау,
көлiк құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды
жөндеу жөнiнде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға,
ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iс-әрекет жасайды. 
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүктi,
жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн
әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген лицензиясы немесе рµқсаты бар,
меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралдарын иеленушi
заңды немесе жеке тұлға. 
Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы) - тасымалдаушымен жасалған
шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын заңды тұлға немесе жеке тұлға, немесе
мемлекет. 
Тiкелей аралас қатынас - бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк
түрiмен жүктердi, жолаушылар мен теңдеме жүктердi тасымалдау. 
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты
iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен
реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

1. Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесi
 

Көлiк қызметiн мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау,
техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу,
инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу,
Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына
бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде
мемлекеттік органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне
араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа
жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
 Көлiктi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің
шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiткен Ережеге
сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттік органның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;

көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк
құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттік стандарттарды
әзiрлеуге қатысу;
көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын
әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты
қалыптастыру және жүргiзу;
республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты
қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және
қадағалау;
мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және
мемлекеттік реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
 Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актілерімен
белгiленедi.
Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға
лицензия беру кезiнде әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын
құжат ресiмделедi.
 Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы
өкiлеттiгi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге
асырылады.
Қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты маршруттарында жолаушылар
тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы
органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген
органдармен шарт жасасуға тиiс.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан
Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, қозғалыс
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, еңбектi қорғау, өртке қарсы қауiпсiздiк,
техникалық-технологиялық және санитарлық қалыптар ережелерiн сақтау тәртiбi
белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарына қатысушылардың
бәрiне мiндеттi болып табылатын көлiктiң тиiстi түрлерiнде қолданылып
жүрген қалыптық құжаттармен айқындалады.
Мемлекеттiк халықаралық маршруттар желiсiне белгiленген тәртiппен
енгiзiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге
сәйкес қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы магистральдық темiр жол
желiлерi, республикалық автомобиль жолдары, олардың бойындағы инженерлiк
құрылыстарды қоса, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, сондай-ақ
кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар
мен навигациялық белгiлер, әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң
аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуге байланысты телекоммуникациялар желiлерi, инженерлiк желiлер, сондай-
ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады.
Аталғандарды қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлерi, сондай-
ақ автомобиль жолдары мемлекеттiк меншiкте де, жеке меншiкте де болуы
мүмкiн.
Республикадағы көлiк жерлерi болып:
- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер; 
- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын
көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне
арналған жерлер танылады. 
Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер
және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк
заңдарымен реттеледi. 
Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға
және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк
құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз
ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi
оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң
табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан
экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу қµқықтық қамтамасыз ету,
лицензиялау, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу,
инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу,
Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына
бақылау жасау жолымен жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде
мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне
араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа
жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң
шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге
сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. 
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi: 
Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi
қорғау; 
көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 
Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк
құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды
әзiрлеуге қатысу;
көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын
әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты
қалыптастыру және жүргiзу; 
республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға
байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар
жасау; 
көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау;
мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу; 

2. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және
мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң
актiлерiмен белгiленедi.
Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға
лицензия беру кезiнде әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын
құжат ресiмделедi.
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы
өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 
Қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты маршруттарында жолаушылар
тасымалдауды µйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы
органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген
органдармен шарт жасасуға тиiс. 
Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк
қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады. 
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық
негiзде жүзеге асырады. 
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi,
клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар
жасасады. 
Тиiмдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз
етiлмейтiн жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жөнiндегi шешiм қабылдаған
жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттен: 
қала iшiндегi, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық
бюджеттерден; 
ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi
қамтамасыз етедi. 
Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын
инспекцияларды ұстау республикалық бюджет қаражаттары есебiнен
жүргiзiледi. 
Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр
жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен
аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның
iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы
түрде жүзеге асырылады. 
Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке
есептеу және төлеу тәртiбi өазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес
белгiленедi. 
Кеме жүретiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктi бақылау мәселелерi
жөнiндегi уәкiлеттi орган әр күнтiзбелiк жылға беретiн рұқсаттық құжатпен
берiледi. 
Кеме иеленушi техникалық ақаулық себептермен немесе өзгедей
себептермен кеменi пайдаланбаған жағдайда, ол мұндай фактiлердi растау үшiн
уәкiлеттi мемлекеттiк органға бұл туралы хабарлайды. Бұл ретте уәкiлеттi
мемлекеттiк орган мұндай фактiлердi тексергеннен және анықтағаннан кейiн
рұқсаттық құжатқа тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және
тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi
(шарттық) тарифтер (Зағның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа
реттерде) белгiленедi. 
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк
саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою
құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп
отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн. 
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн 
тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру
кезiнде тасымалдаушы: 
- тасымалдау құқығын қамтамасыз ететiн лицензия алуға; 
- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға; 
- сертификаты бар көлiк құралдарын беруге; 
- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая
жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге; 
- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және
қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген
ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын
қамтамасыз етуге; 
- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге; 
- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз
етуге; 
- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын
құжаттарды алуға; 
- мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдардың
әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыру жөнiндегi
талаптарын орындауға (егер бұл тасымалдар бағасы көлiк шығындарын өтемеген
жағдайларда, тиiстi өтем дотациясы берiлуге тиiс);
- Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң
актілерінде  белгіленген  тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.
Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу
ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар. 
Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде
көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас
тартуға құқылы емес. 
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн
тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде
клиенттiң:
- өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап
етуге;
- тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген
тәртiппен дауласуға;
- келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың  ақшалай
өтелуiн талап етуге құқығы бар.
Клиент:
- тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;
- жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға
беруге;
- тасымалдау ережелерiн орындауға;
- жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс етуге
мiндеттi.
Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi
тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн
тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары,
тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi
жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау
шарттарымен белгiленедi. 
Темiржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiктерi тiкелей аралас
қатынастар жүйесiн ұйымдастырады.
Тiкелей аралас қатынас кезiндегi көлiк ұйымдарының өзара қатынастары,
сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнiң
ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк
орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келiсiмдерде белгiленедi.
Жолаушының мынадай құқықтары бар:
- кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез
келген бағытына билет сатып алуға;
- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
- өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа
дейiнгi бiр баланы әуе, темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде,
қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала
маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге; 
- билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық
тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға; 
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау
кезiнде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа
дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға; 
      Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен
әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл
құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы
тасымалдаған кезде берiледi: 
- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа,
барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға
құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн
ұлғайтуға құқылы; 
- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi
тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы
қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган
белгiлейдi. 
әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн
алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын
болып белгiленедi. 
Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық
автобустарда тегiн алып жүретiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Көлік кешенін муниципалды басқару
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының экономикалық проблемалары, мәселелері, ұсыныстар мен оларды шешу жолдары
Коммуналдық қызметтер мен аумақтық ұйымдар
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Пәндер