Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ
КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АЛМАТЫ 2006 ж
“Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын
тергеу ерекшеліктері”
Криминалистика пәні бойынша
Бітіру жұмысы
Т Ү Й І Н І
Зерттеудің нысаны - жұмыс криминалистика пәні бойынша кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктеріне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін белгілеп, олардың қылмыстық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Криминалистік зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасына қысқаша сипаттама беру.
3. Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттерін сипаттап беру.
6. Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстары бойынша сот-психологиялық сараптамаларының шешетін мәселелерін белгілеу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - діалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу.
Зерттеудің нақты заты - тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу мәселелерінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі - дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады.
Мазмұны:
Кіріспе 1
-Бөлім
К
Кәмелеттік жасқ толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелеттік жасқ толмағандар қылмыстарыны криминалисті сипаттамас
- Тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасатын тергеулік аһуалдар мен тергеу әрекеттері
2
-Бөлім
Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасы
- Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасының құқықтық ерекшеліктері
- Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәні
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3
Кіріспе
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері - арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын тақырыптардың бірі. Бұл саланы зерттеуді - оқу барысының қорытындысы ретінде қарауға бола ма? Кәзіргі кез үшін оны қаншалықты актуалды (өзекті) және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу - криминалистика пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін қылмысты тергеу дегеніміз не? Біз - жас мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды*.
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
* Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Өнер, 1996.
4
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең қауіпті түрі - қылмыстылық.
Қазақстан Республикасында ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер көбеюде. Солардың ішінде жасы кәмілетке толмаған қылмыскерлердің іс-әрекеттері де аз емес.
Кәмілетке толмаған қылмыскер тұлғасын және сондай-ақ жасаған қылмыстарын тергеуді методологиялық және теориялық тұрғыдан анықтау, оның ерекшелік - қасиеттерін біліп, оларды қылмыстылықтың алдына алудағы жұмыста ерекше ескеру қажеттілігінің ең басты көрсеткіші болып танылады. Бұл біріншіден .
Екіншіден , кәмілетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін арнайы зерттеудің өзектілігі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңдарында орын альп отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 1998 жылдан күшіне енген Қылмыстық кодексінде жасы кәмелетке толмағандардың жауаптылығы мен жазалануы туралы, ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінде олардың ерекшеліктерін тексеріп - анықтаудың бұрынғы заңда көрсетілмеген жерлері айтылған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктерін белгілеп, олардың қылмыстық заң нормаларында орын тауып, нақтылы көрсетілуін анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Криминалистік зерттеулер тұрғысынан қылмысты тергеудегі негізгі мақсаттарын анықтау.
5
2. Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасына қысқаша сипаттама беру.
3. Қылмыстың алдын алудағы кәмелет жасына толмағандар тұлғасының мәнін ашу.
4. Анықтауға жататын мән-жайларды белгілеу.
5. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттерін сипаттап беру.
6. Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстары бойынша сот-психологиялық сараптамаларының шешетін мәселелерін белгілеу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі - діалектика заңдары, социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары, қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі - жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу.
Зерттеудің нақты заты - тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері, олардың жасы кәмелетке толмағандарға қатысты ерекшеліктері және оларды заң нормаларында және сот тәжірибесінде ескеру жолдары табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында тұңғыш рет арнайы түрде жасы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын тергеу мәселелерінің зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады.
6
- 1
- -БөлімК
- Кәмелеттік жасқ толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
- Кәмелеттік жасқ толмағандар қылмыстарыны криминалисті сипаттамас
Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстардың криминалистік тұрғыдан ерекшеліктері қылмыстың қай жағынан альп қарамасақта: түрінен, тобынан - үлкендер жасаған қымыстармен ажыратуға сондай-ақ ұқсастық белгілерді де табуға болады. Мәселен, олар жасаған қылмысының пәні болып, егер мүлікке қатысты жасалса - кіші-гірім әрі жеңіл заттар жатады (аяқ-киім, киім-кешек, видиокасеталар, магнитафондар, қазіргі таңда ұялы телефондар т. б. ) . Көбінесе қылмыс үлкендердің іс-қимылдарынан үлгі алумен жасалады, оған әсер ететін факторлар: әдеби шығармалар, кино, теледидар табылады. Сондай-ақ қылмыстың көбі жеңіл мінезден, ойланбастан, қылмыс іздерін жоймай әрі жоспарланбай жасалады.
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына: орын, уақыт және жағдайда әсерін тигізеді. Кешке қарай олар көбінесе бұзақылық, денеге жарақат келтіру, тонау, қарақшылық жасаса; күндіз-пәтерді тонау, жыныстық қылмыс т. б. құқықбұзушылықпен айналысады. Жасөспірімдер өз тұрғын жерінен алыс емес жерлерде қылмыс жасайды.
Кәмелет жасына толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмысына қатысты іздерді қалдыру ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың тарапынан материалдық іздер көп қалдырылады (қол іздері, аяқ, тіс іздері, қабырғадағы жазулар т. с. с. ) . *
Зерттеулердің көрсеткеніндей, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің көбі алкоголь немесе есіркі заттармен шұғылданғандар. Жасөспірімдердің
* Криминалистика. Под ред А. Г. Филиппова. 3-е изд., - Москва 2004.
7
көпшілік бөлігі құмарлық ойындарға әуес, мақсатсыз уақыт өткізумен жүретіндер, сондай-ақ мектепте үлгерімі нашар тұлғалардан болады екен. *
Олардың жасаған қылмыстарынан жәбірленуші ретінде үлкендерде сондай-ақ кәмелетке толмағандарда болуы мүмкін. Үлкендерге қатысты қылмысты кәмелет жасына толмаған қылмыскерлер топпен жасайды (адам өлтіру, бұзақылық, тонау т. б. ) . Өз құрдастарымен болған қылмыста -жыныстық қылмыстар, денеге жарақат келтіру, бұзақылық қылмыстар басым.
Қылмыстық істі қозғау және мән-жайларды анықтау ерекшеліктері
Кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша өндіріс тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексімен реттеледі. Ондағы нормалар 18 жасқа толмаған азаматтарға қатысты қолданылады. Кәмелет жасына толмағандардың кез келген ісінде міндетті түрде жасы (күні, айы, жылы) өмірі мен тәрбие деңгейі, психикалық дамуы, тұлғалық ерекшеліктері және тағы басқа мәліметтер анықталады. Анықтау барысында сондай-ақ психикалық кемістігі, мінез-құлқы, өзін-өзі ұстай білу ерекшеліктері бірге ескерілуі қажет. Бұл мәліметтерге қосымша ата-аналарынан, мұғалімдерінен, тәрбиешілерінен жауап алынады.
Кәмелет жасына толмағандар жасаған қылмыстың әр ісіне қатысты келесі болжамдарды тексеру қажет: үлкендер арасында арандатушылардың бар не жоқтығы; жасөспірімдер мен үлкендер арасында құрылған қылмыстық топтың бар не жоқтығы; кәмелет жасына толмағандар қайыршылықпен, ішімдікпен, құмар ойындарымен, есірткі заттарды пайдаланумен айналысады, оларға үлкендер әсерін тигізеді.
Сонымен, қорытындылай келгенде, заңға сәйкес кәмелет жасына толмағандар болып 14 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғалар саналады.
* Особенности расследования преступлений несовершеннолетних на современном этапе. - Волгоград, 1986
8
Көбінесе бұл тұлғалар үлкен, яғни жасы кәмелетке толып кеткен, әрекет қабілеттілігіне ие адамдар сияқты қылмыстарды істейді.
14 жастан қылмыстық жауаптылық пайда болған қылмыстарға мыналар жатады: кісі өлтіру (ҚР Қылмыстық кодексі 96 бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіретін (ҚР Қылмыстық кодексі 103 бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (ҚР Қылмыстық кодексі 104 бап), зорлау (ҚР Қылмыстық кодексі 120 бап), адамды ұрлау (ҚР Қылмыстық кодексі 125 бап), тонау (ҚР Қылмыстық кодексі 178 бап), ұрлық (ҚР Қылмыстық кодексі 175 бап), қорқытып алу (ҚР Қылмыстық кодексі 181 бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылық (ҚР Қылмыстық кодексі 257 бап), және басқа ҚР Қылмыстық кодексі 15 бабында белгіленген қылмыстар.
Жасөспірім-қылмыскер көңіл күйінің бірқалыпта болмауы, тітіркенушілер арқылы жоғары эмоционалды қозбалығымен сипатталады. Қылмыс істеуге шешілу - бұл ережеге сай оның жас ерекшеліктеріне емес, тұлғаның тәрбиелік, жасөспірімнің әлеуметтік дамуының кемістігінің себептерінен болады.
Тағы бір маңызды жәйт, берілген дәрежедегі істің ерекшелігі - Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген мынадай мән-жайларды бірге анықтау қажет: міндетті түрде жасы анықталады (туған жылы, күні, айы), жасөспірімді тәрбиелеу мен өмір сүруінің шарты; қылмыстың болуына ықпал тиген себептер, үлкен ұйымдастырушы адамдар мен басқа қатысушылардың болуы. Жасөспірімнің есі дұрыс еместік пен ақыл кемдігі тұралы деректердің болуы, сон дай-ақ оның әрекет кезіндегі өз ісін толық ұғынатындығы туралы анықтамалар болуы тиіс.
9
- Тергеудің бастапқы кезеңінде қалыптасатын тергеулік аһуалдар мен тергеу әрекеттері
Тергеушінің әрекеттері бұл кезде кәдімгі жасалған қылмыстарды тергеумен ұқсас негіздерде жүреді. Бірақта материалдарда кәмелет жасына толмаған тұлға жасағандығы келтіріледі. Тәжірибеге мән берсек, келесі тергеу жағдайлары кездеседі екен:
- жәбірленушілер немесе куә адамдар қылмыскерді білместен жатып түр-пішініне қарай кәмелет жасына толмағандар жасады деп есептейді;
- оқиға болған жерден табылған іздер, жасөспірімдер жасаған қылмысқа итермелейді;
- жәбірленуші мен куә адамдар қылмыскерлерді және олардың жастарын біледі.
Алғашқы екі жағдай міндетті түрде тексеріске түсуі қажет. Бірінші жағдайда келесі қадамдар жүргізіледі: оқиға болған жерді қарау; жәбірленушілер мен куәлардан жауап алу; жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу; қылмыскерді ұстау; кәмелет жасына толмаған қылмыскерді тінту мен жауап алу; сот экспертизасын тағайындау. Екінші жағдайда - қылмыскерді ұстау үшін қылмыс ізін суытпай полиция аппаратының жедел күшін қоса отырып ұстау; жеке тінту жүргізу; жауап алу мен сот экспертизасын тағайындау жүргізіледі. Үшінші жағдайда мыналар жүзеге асырылады: кәмелет жасына толмағандарды ұстау; оларды жеке тінту жүргізу; оқиға болған жерді қарау; ұсталғандардан жауап алу; есеп журналдарынан іздерін тексеру; сот экспертизасын тағайындау. *
Тергеу әрекеттерінің тактикасы келесі жағдайларға байланысты дұрыс шешім алуға әкеледі: жасы кәмелетке толмаған қылмысының
* Каневский Л. Л. тактика следственных действий по делам о преступлениях, совершенных несовершеннолетними. - Уфа, 2001. 1
- 0
ерекшелігі, әрекеттің тәсілі мен уақыты, қылмыстық істі қозғауға негізделген алғашқы көрсеткіштердің мазмұны т. б.
Сезекті немесе айыпты кәмелет жасына толмағанды ұстау - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті жасөспірімді, оның кінәсі анықталып, айып жарияланғанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, зайда көрсетілген тергеу әрекеті. Бұл кезде кәмелетке толмағанның жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет, әсіресе қылмыс жасаған соң оның мінез-құлқының өзгерісі, көбінесе психологиялық ерекшеліктері анықталады.
Кәмелетке толмағандарды ұстау алдын ала жоспарлану керек. Сонымен қатар ұстау кезінде қарсылық көрсету мен қару қолдану мүмкіндігін ескеру қажет. Көбінесе ұстау күндіз жүргізіледі. Ұсталғанға - не үшін ұсталғаны, бұл жағдайда құқығы мен міндеттері айтылады. Олардың ұсталғандығы жөнінде ата-аналары немесе заңды өкілдеріне хабардар етеді.
Оқиға болған жерді қарау - тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі, сол сенімді кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу - оқиға болған жерді қараудан басталады. Ол келесі белгілермен негізделеді.
- Қарау кезінде табылған іздер ерекшелігі. Қол ізінің көлемі арқылы қылмыскердің жасын анықтауға болады (бірақ бұл тәсіл көп жағдайда жере бермейді, мәселен ізді үлкен адамның да қалдыруы мүмкін немесе әйел адам қалдыруы мүмкін) .
Аяқ іздеріне келсек, оның кіші-гірімдігіне сәйкес кәмелетке толмағандығын білуге болады, қосымша жасаған қадамының ұзындығына байланысты бойын анықтауға болады.
- 2. Кәмелетке толмағандық әрекетінен көрінетін қылмыстардың іздері. Кәмелет жасына толмағандар қылмысқа дайындықсыз барады. Оқиға
1
- 1
болған жерді қарауда тек соларға қатысты іздер табылды. Мысалы, қылмыс жасаған жерлерінде конфет қағаздары (немесе тістерінің іздері, қалдықтары), сыр, шоколад табылады.
- Ұрланған заттардан байқауға болады, мәселен кәмелет жасына толмағандар видио немесе радиоаппаратураға, импорттық сағаттарға, ұялы телефондарға әуес.
Тінту . Қандай қылмыс жасалсада жас қылмыскер қылмыстың ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті - қалай болғанда да қылмысты ашуга керекті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез тауып алу. Осындай айғақ заттарды тез арада тауып альп, қылмысты ашуга көмектесетін тергеу әрекеттерінің бірі- тінту. Тінту үстінде тінтілетін кәмелет жасына толмаған адам үлкендерге қарағанда асып-сасады. Көбінесе заттың тығылған жерін өзі білдіріп қояды.
Кәмелет жасына толмағаннан жауап алу - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Кәмелет жасына толмағандардан жауап алу кезінде заңға сәйкес устаздың (мұғалімнің) қатысуымен жүзеге асырылады. Тергеушінің қалауымен жақын туыстары, заңды өкілдері қатысуы мүмкін.
Экспертиза тағайындау . Бұндай санаттарға жататын істерге сот-медициналық және сот-психологиялық экспертизалар тағайындалады. Алғашқысы, егер жасын дәлелдейтін құжаттардың жоқтығына байланысты жасын анықтау үшін қолданылады. Сот-медициналық сарапшы бойының, салмағының, бас қанқасы мен тістерді қараумен, шаш, жынысын тексеруімен жас мөлшерін анықтай алады.
1
- 2
Сот-психологиялық экспертиза ерекше жағдайларда тағайындалады. Мысалы сана-сезімнің қалып қоюына байланысты үлкендердің “балаша” сөйлеуі немесе жасөспірімнің үлкендерше “ойлауы” секілділер. *
Осындай дәрежедегі істерді тергеудің бастапқы кезеңінде келесі түрлі тергеу жағдайлары пайда болады:
а) қылмыскерді білмейтін жәбірленуші немесе куәгердің қылмыскердің сырт кейіпі, өзін ұстау өнері мен басқа белгілері бойынша шамамен жасөспірім екенін анықтауы. Бұл жағдайда, қылмыстың жеке іздері болғанымен материалдарды іздестіруді анықтауда кемшілік туады. Әдетте мұндай жағдайларда: оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіні, басқа көргендерді немесе материалды жауаптыларды жауаптау, суымаған қылмыс іздері бойынша қылмыскерді ұстау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары қылмыскерді ұстау, жасөспірімді жауаптау және тұрғын жайы, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту, сот сараптамалары жүргізіледі;
б) жәбірленуші мен куәгерлерді және оның жасын біледі. Бұл жағдайда әдетте мыналар жүзеге асады: жасөспірімдерді ұстау, оқиға болған жерді қарау, ұсталғандарды және көргендерді жауаптау, тануға көрсету, есепке алу бойынша іздерді тексеру, тұрақты жері, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту, жеке тінту, сот сараптамасын тағайындау.
Жасөспірімдердің қылмыстары бойынша сот-психологиялық сараптамамен шешілетін мәселелер тізімі:
- жасөспірімдердің санасының даму дәрежесі қандай (жасын есепке алу бойынша) ;
- жасөспірімнің ақыл-ой дамуы берілген жасқа сай қалыпты дәрежеден бұрылған сипаты қандай;
* Особенности расследования преступлений несовершеннолетних. - Москва, 1981.
Криминалистика. Под ред. Р. С. Белкина. - Москва, 1999.
1
- 3
- естерінің бұзылуының себептері қандай, олар жүйке ауруының салдары болып табыла ма;
- жасөспірім нақты мән-жайларды дұрыс қабылдап және өз көрсетпелерінде нақты айтуға мүмкіндігі бар ма;
- жасөспірім өз әрекеттерін толық түсіне алады ма;
- жасөспірім өз әрекеттерін толық басқара ала ма.
1
- 4
1
- 5
Оқиға болған жерді анықтауда табылған кәмелетке
толмағандар жасаған қылмыстарына тән белгілері
1
- 6
2
- -Бөлім1
Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасы
- Кәмелет жасына толмаған қылмыскер тұлғасының құқықтық ерекшеліктері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz