Тану үшiн ұсынудың тактикасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

§ 1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері және міндеттері ... ... ... ... ... ... .
§ 2. Тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

§ 1. Тану үшін көрсету алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 2. Адамды, мәйітті және адамның фотосуреті бойынша тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 3. Заттарды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .
§ 4. Тұрғын үйлер мен жер учаскелерін тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 5. Ұрланған малды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ...
§ 6. Тану үшін көрсетудің барысы мен нәтижелерін бекіту ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Бітіру жұмысы криминалистика пәні бойынша маңызды институттардың бірі болып есептелетін - тану үшiн ұсынудың тактикасына арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Бітіру жұмысының құрылымы Кіріспеден, 2 тарау, қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады. Кіріспеде тану үшін ұсыну тактикасының ерекшеліктеріне жалпы шолу жасай отырып, мәселеге қатысты мақсаттар, зерттеу объектілері, криминалистика пәні үшін маңыздылығы, сондай-ақ жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі баян етіледі. 1 тарау - ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ деп аталады, онда тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері және міндеттері, сондай-ақ, тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері қарастырылған. 2 тарау - ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА арналған, мұнда тану үшін көрсету алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарының ерекшеліктері; адамды, мәйітті және адамның фотосуреті бойынша тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; заттарды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; тұрғын үйлер мен жер учаскелерін тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ; ұрланған малды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; тану үшін көрсетудің барысы мен нәтижелерін бекіту секілді мәселелер қарастырылған.
Зерттеу қорытындылары мына төмендегідей негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
Жұмыстың зерттеу барысы социологиялық, логикалық және салыстырмалы-құқықтық (криминология, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы) әдістемелері қолданғандықтан тақырыптың өзектiлiгiне бірінші бөлімінен бастап-ақ мән бердік.
Жұмысты жазу барысында өз алдыма келесi маңызды сұрақтарды қойдым.
1. Тану дегеніміз не, танудың криминалистiк ерекшелiктерi қандай?
2. Тануды жүргізуге қойылатын міндетті шарттарына нелер кiредi?.
3. Қандай обьектілер тануға жатады ?
4. Тану үшін көрсету тәртібін қалай ерекшелеуге болады?.
5. Тануды қандай тетіктердің және ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен жүргізуге болады ?
6. Бірегей заттарды, тірі мақұлықтарды немесе мәйітті тану үшін көрсетудің қандай ерекшеліктері бар ?
1. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.
2. ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексi. А: 2001
3. Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия – Москва, 1997
4. Криминалистика. Под ред А.Г. Филиппова. 3-е изд., - Москва 2004.
5. Криминалистика. Под ред. Р.С. Белкина. – Москва, 1999.
6. Юридический энциклопедический словарь. – Москва, 1984.
7. Безлепкин Б.Т. Уголовный процесс России: Курс лекции. – М., 1998.
8. Якупов Р.Х. Уголовный процесс: Учебник. – М., 1999.
9. Гинзбург А.Я., Белкин А.Р. Криминалистическая тактика: Учебник / под общ. ред. А.Ф. Аубакирова. – А., 1998.
10. Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс: Досудебное производство. – Астана, 2000.

Қосымша әдебиеттер:

11. Белкин Р.С. Курс криминалистики: В 3 т. т.1 Общая теория криминалистики. – Москва, 1997.
12. Тілеубергенов Е. Криминалистика. – А., 2002.
13. Юридический энциклопедический словарь / под общей ред. В.Е. Крутских. – М., 2001.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Тану үшiн ұсынудың тактикасы

АЛМАТЫ 20 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .

І ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

§ 1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері және міндеттері
... ... ... ... ... ... .
§ 2. Тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

§ 1. Тану үшін көрсету алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарының
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
§ 2. Адамды, мәйітті және адамның фотосуреті бойынша тану үшін көрсетудің
тактикалық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 3. Заттарды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері
... ... ... ... ... .
§ 4. Тұрғын үйлер мен жер учаскелерін тану үшін көрсетудің тактикалық
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
§ 5. Ұрланған малды тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ... ...
§ 6. Тану үшін көрсетудің барысы мен нәтижелерін бекіту
... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ТҮСІНІК ХАТ

Бітіру жұмысы криминалистика пәні бойынша маңызды институттардың бірі
болып есептелетін - тану үшiн ұсынудың тактикасына арналған. Зерттеу
тақырыбының көкейкестілігі, Қазақстанда берілген құқықтық институттың
жеткілікті ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.

Бітіру жұмысының құрылымы Кіріспеден, 2 тарау, қорытынды мен әдебиет
тізімдерінен тұрады. Кіріспеде тану үшін ұсыну тактикасының ерекшеліктеріне
жалпы шолу жасай отырып, мәселеге қатысты мақсаттар, зерттеу объектілері,
криминалистика пәні үшін маңыздылығы, сондай-ақ жұмыстың методологиясы мен
тәсілдемесі баян етіледі. 1 тарау - ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ деп аталады, онда тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері және
міндеттері, сондай-ақ, тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері
қарастырылған. 2 тарау - ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫНА арналған, мұнда тану үшін көрсету алдында жүргізілетін дайындық
жұмыстарының ерекшеліктері; адамды, мәйітті және адамның фотосуреті бойынша
тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; заттарды тану үшін
көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; тұрғын үйлер мен жер учаскелерін тану
үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері ; ұрланған малды тану үшін
көрсетудің тактикалық ерекшеліктері; тану үшін көрсетудің барысы мен
нәтижелерін бекіту секілді мәселелер қарастырылған.
Зерттеу қорытындылары мына төмендегідей негізгі тұжырымдар мен
ұсыныстарды көрсетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
Жұмыстың зерттеу барысы социологиялық, логикалық және салыстырмалы-
құқықтық (криминология, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы)
әдістемелері қолданғандықтан тақырыптың өзектiлiгiне бірінші бөлімінен
бастап-ақ мән бердік.
Жұмысты жазу барысында өз алдыма келесi маңызды сұрақтарды қойдым.
1. Тану дегеніміз не, танудың криминалистiк ерекшелiктерi қандай?
2. Тануды жүргізуге қойылатын міндетті шарттарына нелер кiредi?.
3. Қандай обьектілер тануға жатады ?
4. Тану үшін көрсету тәртібін қалай ерекшелеуге болады?.
5. Тануды қандай тетіктердің және ғылыми-техникалық құралдардың
көмегімен жүргізуге болады ?
6. Бірегей заттарды, тірі мақұлықтарды немесе мәйітті тану үшін
көрсетудің қандай ерекшеліктері бар ?
Бітіру жұмыста, тану үшiн көрсету деп – ол жәбiрленушiге, куәгерге,
сезiктi адамға немесе айыпкерге белгiлi бiр объектiнi көрсету арқылы, осы
объектiнi оның бұрын көргенне көрмегенiн анықтап, егер көрген болса қашан
және қандай жағдайда көргендiгiн, оны нақты қандай белгiлерi бойынша
танитындығын айырып, шешу үшiн жүргiзiлетiн заңда көрсетiлген тергеу
әрекетiн түсіну қажеттігін көрсеттім.

КІРІСПЕ

Тану үшiн ұсынудың тактикасы – арнайы сауалдар шеңберінде
криминалистика саласында өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын
тақырыптардың бірі. Бұл саланы зерттеуді – оқу барысының қорытындысы
ретінде қарауға бола ма? Кәзіргі кез үшін оны қаншалықты актуальды (өзекті)
және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз
керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: тану үшiн ұсынудың
тактикасы – криминалистика пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы
болып табылады.
Біз үшін бүгін қылмыстарды тергеу дегеніміз не? Біз – жас
мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын
сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз?
Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік
берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды[1].
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық
өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген
қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама
келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең
қауіпті түрі – қылмыстылық.
Қылмысты ашу және тергеу үстiнде жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерi әрине,
заңда көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiлуi керек. Бiрақ тергеу онымен ғана
шектелмейдi.
Қылмысты iстердi тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың,
бұйымдардың және басқа да объектiлердiң осы тергелiп жатқан қылмысқа
байланысты анықтау үшiн оларды жәбiрленушiге, куәгерге таныту мақсатымен
ұсынып, көрсетуге тура келедi. Бұл объектiлердi танытуға көрсету, тергеу
әрекетiнiң қылмысты ашуда, iске керектi дәлелдемелердi тауып, жинауда
маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – тану үшiн ұсыну тактикасының
ерекшеліктерін белгiлеп, олардың қылмыстық заң нормаларында орын тауып,
нақтылы көрсетілуін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
1. Криминалистік зерттеулер тұрғысынан тану үшiн ұсыну тактикасы
белгiлерiнiң негізгі мақсаттарын анықтау.
2. Криминалистiк сипатта тану үшiн ұсыну тактикасының маңызы мен мәнін ашу.
3. Зерттеу мәселесiне қатысты түрлерiне шолу жасау және әрқайсысына
тоқталып талқылама жасау.
4. Объектiлердi тану үшiн ұсыну алдында жүргiзiлетiн дайындық жұмыстарын
сипаттап беру.
5. Тану үшiн ұсыну барысы мен қорытындысын тiркеу мәселелеріне тоқталу.
Жұмыстың методологиясы мен тәсілдемесі
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі – диалектика заңдары,
социология, педагогика және психология ғылымдарының негізгі қағидалары,
қылмыстық құқық және криминология ғылымдарының басты-басты қағидалары мен
тұжырымдары болып табылады.
Зерттеудің объектісі – тану үшiн ұсыну тактикасының ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеудің нақты заты – объектiлердi тану үшiн ұсыну тактикасына қатысты
ерекшеліктерінiң тәжiрибеде жүзеге асырылуы және олардың заң нормаларында
және сот тәжірибесінде ескеру жолдары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасында тұңғыш
рет және арнайы түрде тану үшiн ұсыну тактикасы мәселесiн криминалистика
тұрғысында зерттелуінде жатыр.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі
Дипломдық жұмыстың құрылымы Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен
әдебиет тізімдерінен тұрады.
Тыңдаушы диплом жұмысын жазу барысында бағалы кеңестер бергені үшін
ғылыми жетекшісіне үлкен алғысын білдіреді.

І ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

§ 1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, түрлері және міндеттері

Тану үшiн көрсету – ҚIЖК-нiң 228 бабымен реттелетiн дербес тергеу iс-
әрекетi екенi белгiлi. Сонымен қатар, ҚIЖК-нiң 122 бабының 1 бөлiгiнiң
негiзiнде тану үшiн көрсетiлетiн хаттамаға түсiрiлген iс жүзiндегi
мағлұматтар дәлелдер болып табылады.

Энциклопедиялық тұрғыда алғанда, тану анықтау немесе алдын ала тергеу
барысында куәгерге (жәбiрленушiге, сезiктiге, айыпталушыға) заңда
белгiленген тәртiппен танушы адамның тергеп тексерiлетiн оқиғаға байланысты
байқап, ол туралы бұрын жауап берген жайларына ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтау мақсатында адамды немесе белгiлi бiр объектiнi көрсетуден тұратын
тергеу iс-әрекетi ретiнде анықталады[2].
Қылмысты iстердi тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың,
бұйымдардың және басқа да объектiлердiң осы тергелiп жатқан қылмысқа
байланысты анықтау үшiн оларды жәбiрленушiге, куәгерге таныту мақсатымен
ұсынып, көрсетуге тура келедi. Бұл объектiлердi танытуға көрсету, тергеу
әрекетiнiң қылмысты ашуда, iске керектi дәлелдемелердi тауып, жинауда
маңызы зор. Себебi осы әрекет арқылы қылмыс жасаған адамның кiм екенi
анықталады, iс бойынша керектi айғақ заттар табылады. Бұл тергеу әрекетiнiң
мағынасы – ол қылмысқа байланысты бұрын көрген объектiнi танушы адамның
өзiнiң ойында қалған осы объектiнiң белгiлерi бойынша танып, айыруы. Яғни,
психологиялық жағынан алғанда бұл да криминалистiк идентификациялау
процесiнiң бiр түрi. Мұнда да танушы адам өзiне көрсетiп отырған
объектiдегi белгiлердi, өзiнiң бұрын көрген объектiнiң ойында қалған
белгiлерiмен салыстырып, теңестiрiп, сол бойынша мына көрiп тұрған
объектiсi бұрын көрген объектiнiң нақ өзi немесе ол еместiгiн айырып, шешуi
керек.
Танытуға көрсетiлетiн объектiлер қатарына жататындар: адамдар, өлiк,
зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бiр жер де көрсетiлуi
мүмкiн.
Тану үшiн ұсыну дегенiмiз ол жәбiрленушiге, куәгерге, сезiктi адамға
немесе айыпкерге белгiлi бiр объектiнi көрсету арқылы, осы объектiнi оның
бұрын көргенне көрмегенiн анықтап, егер көрген болса қашан және қандай
жағдайда көргендiгiн, оны нақты қандай белгiлерi бойынша танитындығын
айырып, шешу үшiн жүргiзiлетiн заңда көрсетiлген тергеу әрекетi.
Бұл тергеу әрекетiн өткiзудiң қажеттiгi тергеу үстiнде алынған
жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетiнiң жауап алумен көп
ұқсастығы бар. Тiптi, бұрынырақ бұл тергеу әрекетi жауап алудың бiр түрi
есебiнде саналып жүрдi. Қылмысты iстер жүргiзу кодексiнде бұл тергеу
әрекетi адамның кiм екенiн не заттарды танытқанда жауап алу деп аталып,
жауап алудың бiр түрiне теңестiрiлдi. Бiрақ бұл тергеу әрекетiн өткiзудiң
психологиялық процесiне талдау жасасақ, ол криминалистiк идентификациялау
процесiнiң бiр түрi ретiнде идентификациялық принциптер тұрғысында
өткiзiледi. Бұл тергеу әрекетi объектiлерге тән белгiлердi теңестiруге
негiзделедi. Әдетте, көзбе- көз көрiп тұрған белгiлердi салыстыру арқылы
идентификациялық сұрақ шешiлмейдi. Салыстыруға негiз есебiнде алған
белгiлердiң бiр тобын танушы адам көзбе- көз көрiп тұрса, салыстыруға
қолданатын екiншi белгiлер, олардың бейнесi жаңағы танушы адамның ойында.
Сол ойында қалған белгiлердi көрiп тұрған белгiлермен салытыру арқылы
танушы адам осы салыстырып отырған объектiнi бұрын көрген не көрмегендiгiн
шешедi. Тануға байланысты мұндай психологиялық процеске әр түрлi факторлар,
себептер әсер етедi. Айталық, танушы адам осы танытуға көрсетiлiп отырған
объектiнi қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрдi, көргенiнен берi қанша
уақыт өттi, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық жағдайы
қандай болды, т.б. Осылардың бәрi тану мүмкiндiгiне көп әсер етедi.
Сондықтан таныту үстiнде осы жағдайлардың бәрi ескерiлуi керек.
Б.Т. Безлепкин атап көрсеткендей, тану үшін көрсету объектінің тек
өзіне тән белгілері, басқаша айтқанда, белгілі бір ерекшеліктері болғанда
ғана мағынаға ие болады. Бұл оны өзге де ұқсас объектілерден бөліп
көрсетуге және осы негізде ұқсастыруға мүмкіндік береді. Объектіні
дараландырып тұратын белгілер болғанда ғана оның танушы адам айғақ берген
объектімен ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы мәселе шешілуі мүмкін. Егер
объектіде мұндай белгілер болмаса, оны тану үшін көрсету мағынасыз болып
шығады. Мәселен, өте көп мөлшердегі тауарға қатысты болса, ұрланған
заттарды тану жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес[3].
Р.Х. Якуповтың анықтамасы бойынша, тану үшін көрсету – адамның бұрынғы
бақылауларының негізінде объектіні тану мүмкіндігін анықтау мақсатында
танушы адамнан бақылаудың шарттары, танылатын адамның (заттың) белгілері
мен ерекшеліктері туралы алдын ала жауап алудан кейін жүргізілетін тергеу
іс-әрекеті[4].
Сонымен, танудың мәні айыра білуші (немесе танушы) адам бұрын
байқаған қажетті объектіні белгілі бір белгілері бойынша айыра білуінде
болып табылады. Мұнда танушы адам объектіні оған ұқсас өзге объектілердің
ішінен айыра білетін белгілерді күні бұрын анықтаған немесе бөліп
көрсеткен. Күні бұрын айтылған белгілердің танылатын объектінің
белгілерімен сәйкес келуі оның танылғанын білдіреді. Ал бұл өз кезегінде,
бұрын өзара таныс адамдарға қатысты тірі адамды тану әрекетінің
жүргізілмейтінін білдіреді.
Сонымен, танудың міндеттері мыналарды анықтаудан тұрады:
- бұрын байқаған адаммен немесе объектімен ұқсастықтары;
- бұрын байқаған адамнан немесе объектіден айырмашылықтары.
Тану мынадай түрлерге бөлінеді:
- адамды тану;

- затты (немесе заттық әлем объектілерін) тану[5];
- мәйітті тану.
ҚІЖК-нің 228-бабында тірі мақұлықтарды (үй-жануарларын, құстарды және
т.т.) тану жөнінде еш нәрсе айтылмаған. Заңда тану объектілері ретінде
адам, зат және мәйіт қана сөз болады. Алайда ҚІЖК-нің 228-бабының кеңейте
түсіндіруі әбден орынды және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың
іс үшін айтарлықтай маңызы бар кез келген тірі мақұлықты тануды, сондай-ақ
бүтіннің бөліктерін (мәйітті, қылмыстың қаруларын бөлшектегенде, ұрланған
мүлікті ішінара жойғанда және т.т.) тануды қамтиды.
Танушыдан ол тиісті адамды немесе затты бақылаған кездегі мән-жайлар
туралы, ол тани алатын сыртқы түрі, белгілері мен ерекшеліктері туралы
алдын ала жауап алу танудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.
Танушылардан жауап алу куәгерден, жәбірленушіден, сезіктіден немесе
айыпталушыдан, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан жауап алуға қойылатын
талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Әдетте, тану айғақ адамдардың қатысуымен адамдарды және объектілерді
тануға қойылатын көру және есту түйсіктерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Осымен қатар, тәжірибеде затты иісі, дәмі, сезіну арқылы танитын жағдайлар
да белгілі.
Ұқсату процесін тануға ұсынылған адамдардың немесе объектілердің
әрқайсысын оның бұрын байқаудан жадында сақталып қалған бейнемен ойша
салыстыру ретінде түсінуге болады. Танылатын адамның немесе объектінің
танушы адам жауап беру кезінде атаған жеке белгілері үйлескенде тергеуші
көрсетілетін адамның немесе объектінің ұқсастығы жөніндегі қорытындыға
келеді.
Осы мәселемiзге қатысты ғылыми пікірсайыстарға келсек. А.Я. Гинзбург
пен А.Р. Белкин танудың тағы бір объектісін – жер телімін, тұрғын үйлерді
және басқа үй-жайларды атайды[6]. Олардың қорытындыларымен келісуге
болмайды, өйткені тұрғын үйлерді, жер телімін, және басқа үй-жайларды
тану айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау жауап алынған
адамның берген айғақтарының растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен
салыстыру арқылы анықтау үшін, яғни жер телімінде, тұрғын үйде және басқа
үй-жайларда жүргізіледі. Сонымен қатар, өзге де мән-жайлар нақтыланып, іс
жүзіндегі жаңа мағлұматтар анықталады.
Сонымен, бұл жағдайда оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен
нақтылаудың мақсаты танудан әлдеқайда кең және іс бойынша дәлелдерді едәуір
тиімді жинауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тану үшін көрсетудiң түсінігі, шарттары, түрлері және
міндеттеріне қатысты тұжырымдама жасайтын болсақ мына төмендегiдей
қорытындыға келемiз.
Тану үшін ұсыну – ҚР ҚІЖК-нің 228 бабында көзделген тәртіпкесәйкес
жүргізілетін және танушы тұлға бұрын көрген объектімен ұқсастығының немесе
айырмашылығының болуын шешу мақсатымен куәға, жәбірленушіге, сезіктіге
немесе айыптаушыға ұқсас объектілерді көрсетуден тұратын тергеу әрекеті.
Нақтырақ айтқанда, оның барысында бірдейлестірудің арнайы түрі – танушы
тұлғаның есінде қалған бейнені тануға ұсынылған объектінің белгілерімен
ойша салыстыру жүзеге асырылады.
Тану үшін ұсынудың түрлері:
Танылатын объектілер сипаты бойынша: а) адамдар; ә) мәйіттер; б)
аңдар; в) заттар (құжаттар) болып бөлінеді.
Объектінің өзі немесе бейнесі ұсынылған байланысты тікелей және бейне
арқылы (тікелей емес) тануды, ал адамның (аңның) сыртқы келбеті
белгілерінің сипаты бойынша статикалық және динамикалық белгілер бойынша
тануды ажыратады.
Тергеу әрекетіне тергеуші, танушы тұлға, оған көрсетілетін бүкіл
азаматтар, куәгерлер қатысуы тиіс. Қажетті жағдайда оған прокурор,
аудармашы (мылқау, саңырау адамдардың белгілерін түсінетін тұлға), заңды
өкіл және танушы кәмелетке толмаған тұлға болса, педагог қатыса алады.
Тану нәтижелерінің шүбәсіздігі криминалистикалық тактиканың
ұсыныстарымен және ҚР ҚІЖК-нің 229 бабында көзделген талаптардан шығатын
жалпы ережелерді сақтауымен қамтамасыз етіледі. Аталған ережелердің
негізгілері:
- тану объектісінің белгілерін анықтау мақсатымен танушы тұлғадан
алдын ала жауап алу. Тергеуші аталған тұлғадан объектіні көрген мән-
жайларды ғана емес, сонымен қатар оны ерекшелендіретін жеке белгілерін де
нақтылауы тиіс. Кейін ол өткізілген тану нәтижелерінің шүбәсіздігін
бағалауға мүмкіндік береді;
- танушы тұлғаға ұсынылатын объектімен алдын ала танысуға жол бермеу,
ол тану нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз етеді, қатерлерді және
шындықты әдейі бұрмалауды болдырмайды;
- танылатын объектіні өзіне ұқсас объектілер арасында көрсету. Тануға
қатыстырылатын адамға негізгі объектіден басқа айтарлықтай айырмасы жоқ
кемінде тағы екі объект көрсетілуі тиіс. Бұл ережеде мәйітті тануға, сондай-
ақ антикварлық көрекм шығармаларды (картиналар, иконалар, жәдігерлік
бұйымдары т.б.) тануда қолданылмайды;
- объект танылған белгілерді нақтылау. Тануға қатыстырылатын адамның
ұсынылған объектілердің біреуін танығанымен қанағаттануға болмайды.
Объектіні нақты қандай белгілері арқылы танығанын анықтап алған жөн;
- бұрынғы белгілері бойынша объектіні бұрын танылған тұлға қайтадан
танытуды болдырмау. Нәтижесі қандай болса да, әдетте тануды қайтадан
жүргізбейді, өйткені олай болса оның шүбәсіздігі күмән тудырады. Бірақ бұл
ереже үш жағдайда сақталмайды:
а) алғашқы тану фотосурет, бейнежазба немесе басқа бейне арқылы
жүргізілсе және сапасыз болса, объект табылғанда, оның өзін тану үшін
көрсетуге болады.
ә) тануға қатыстырылған адам объектіні қасақана танымаған туралы және
тануға қайтадан қатысуға дайын екені туралы жария еткенде.
б) бірінші танудың нәтиежелері бойынша күдік тудыратын мән-жайлар
болғанда, мәселен, танушы тұлға психологиялық немесе дене жарақатының
әсерінен объектіні дұрыс қабылдай алмағанда; танылуға тиіс тұлғаның түрі
қылмыстық оқиға кезіндегі түріне сәйкес болмағанда (сақалы бар танылуға
тиіс тұлға оны алып тастайды; фотосуретте мәйіттің бет-әлпеті бұзылған және
т.с.с.).
Тану үшін көрсету барысында келесі міндеттер орындалады:
а) тергеудегі қылмыстық іске қатысы бар дәл сол объект табылған-
табылмағаны тексеріледі;
ә) басқа жолмен мүмкін болмағанда, объект не болып танылатыны
анықталады;
б) жауап алуға алынған көрсетпелер, олар күдік туғызғанда
тексеріледі[7].
Тану үшін көрсетудің басқа тергеу әрекетінен басты айырмашылығы
ұқсастыруда, ал басқа тергеу әрекеттері үшін ұқсастыру - міндетті емес
элемент. Сондай-ақ, аталған процесс алынған мәліметтердің беріктігін
қамтамасыз ететін қатаң іс жүргізу шеңберде жүргізіледі. Басқа тергеу
әректтерде бұрын байқалған объектіні тану міндетті емес және оны бақылау
үшін арнайы шаралар көзделген.

§ 2. Тану үшін көрсетудің тактикалық ерекшеліктері

Тану үшін көрсету ҚІЖК-де көзделген тергеу әрекеті ретінде ойдағы үлгі
бойынша объектіні идентификациялаудың процессуалдық түрі.
Идентификацияланатын объект ретінде жәбірленуші, куәгер, сезікті,
айыпталушы болуы мүмкін[8].
Идентификацияланатын объект тану үшін ұсынылатын ұқсас процессуалдық
мәртебеге ие басқа адамдар, сондай-ақ жануарлар, құстар, фаунаның (кейде
флораның) өзге де өкілдері, адамдар мен жануарлардың мәйіті,
өзгешелендіретін (идентификациялық) белгілері мен ерекшеліктері бар тірі
және өлі табиғаттың өзге де объектілері болуы мүмкін.
Адамды таныту үшін ұсыну қажеттіліктері мына жағдайларда туындайды:
- жауап алынған адам (куәгер, жәбірленуші, сезікті не айыпталушы)
тергеуді қызықтырушы адаммен таныс еместігін, бірақ оны таный
алатынын, өйткені қандай да бір амалдар (көзбен көру, есту және
т.б.) арқылы көрсетпе бергенде айтылған белгілі бір мән-жайлардың
кезінде оны ойында сақтап қалғанын жарияласа;
- жауап алынған адам өзінің таныстарының бірі туралы көрсетпе берді,
бірақ көрсетпеде көрсетілген адам онымен өзінің таныс екенін қандай
да бір себептер бойынша теріске шығарса;
- құжаты жоқ адамның жеке басын анықтау керек болса;
- жауап алынған адам өзін шын мәнінде басқаның орынына қойып отыр деп
болжауға негіз болса.
Қандай да бір қозғалмалы не қозғалмайтын заттарды таныту үшін
ұсынуға қажеттілік объектінің қандай нәрсеге тиісті екенін анықтау керек
болған жағдайда, тергеліп отырған оқиғаға байланысты оның қылмыстық іс үшін
мәні бар белгілі бір қатынастардың жүйесіндегі орыны мен ролін анықтау
керек болған жағдайда пайда болады.
Белгісіз адамның мәйітін таныту үшін ұсыну кезінде көзделінетін басты
мақсат – оның жеке басын анықтау.
Тану үшін көрсетуге қойылатын шарттар:
- таныту үшін тек қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс оқиғаға қатысы
бар объект қана ұсынылады;
- таныту үшін тек белгілері әлеуетті танушының жадында көрініс
табатын объект қана ұсынылады;
- таныту тек танушының объектіні идентификациялауға шамасы болған
жағдайда ғана жүргізіледі;
- таныту үшін ұсыну процедурасы басталғанға дейін әлеуетті танушыдан
ұсынылатын объектіні өзгешелендіретін белгілер мен ерекшеліктер,
оны қабылдау кезіндегі мән-жайлар, жағдайлар туралы жауап алынуы
керек, сондай-ақ объектіні қабылдау сәтіндегі жауап алынушының
жағдайын сипаттайтын мән-жайлар (ол сол кезде мас болған жоқ па,
толқып тұрды ма әлде салқынқанды болды ма, аурып тұрған жоқ па және
т.б.) туралы сұралынуы тиіс;
- танушының танылатын объектімен алдын ала танысуына жол бермеу
керек;
- объект жалпы белгілері бойынша ұқсас, біртекті, кем дегенде екі
объектінің арасында таныту үшін ұсынылуы керек (тек мәйітті таныту
үшін ұсынуға ғана бұл ережелер қолданылмай, ерекшелікті құрайды);
- егер танушы оған ұсынылған бір адамды немесе бір затты көрсетсе,
оған оның бұл адамды немесе затты қандай белгілері мен
ерекшеліктері бойынша танығанын түсіндіру ұсынылады;
- бір данада таныту үшін ұсынуға және сол объектіні таныту үшін қайта
ұсынуға жол берілмейді (бірақ тану фото-, кино- немесе бейнені
бейнелеген құрал арқылы танылған жағдайда және кейін фотода, кинода
немесе бейнені бейнеленген құралда көрсетілген объектінің өзі
табылған кезде ол объектіні шынайы өз натурасында таныту үшін
ұсынуға жол беріледі);
- таныту үшін ұсыну мүмкіндігінше объект қабылданған жағдайларға
ұқсас жағдайларда жүргізілуі тиіс.
Объектіні таныту үшін ұсынуды бір қатар критерийлер бойынша әр
түрге жіктеуге болады. Объектіні өз натурасында немесе оның бейнесін таныту
үшін ұсынылуына байланысты таныту тікелей немесе жанама деп екіге бөлінеді.
Таныту, таныту үшін ұсынылатын объектілердің түрлері бойынша (адамдарды,
заттарды және т.б. тану), таныту үшін ұсынылатын объектілердің
ерекшелендіретін белгілерінің сипаттамасы мен түрлері бойынша (статикалық
және динамикалық белгілері және т.б. белгілері бойынша тану), объект тану
үшін ұсынылатын адамдардың белгілері бойынша (танушының жас шамасы,
процессуалдық мәртебесі және т.б.) және көптеген өзге де негіздер бойынша
саралануы мүмкін.
Таныту үшін ұсынуға танушыдан, танылатын адамнан және статистерден
(арасында танылушы адам ұсынылатын өзге адамдар) басқа, тергеушілер мен
айғақтар да таныту үшін ұсынудың қатысушысы болып табылады.
Бұл тергеу әрекетіне тергеуді қадағалайтын прокурор, ал заңдарда
көзделген реттерде өзге де адамдар (жәбірленушінің өкілдері, аудармашы және
т.б.) қатыса алады.
Егер танушы кәугер немесе жәбірленуші болатын болса, олар таныту
алдында жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені
үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертіледі, бұл жөнінде
хаттамаға жазылады.
Таныту үшін ұсынудың идентификациялық мағынасы мен технологиялық
кестесі келесілерден тұрады:
- адам бұрындары қандай да бір объектіні, оның ішінде басқа адамды
тікелей қабылдаған;
- объектінің белгілері қабылдау субъектісінің жадында түпнұсқаның
ойша үлгісі түрінде қалыптасып, көрініс тапқан;
- объектінің ойша үлгісі (түпнұсқа үлгісі), фотоколлекцияда
орналасқан фотография тәрізді, көптеген өзге де образдармен қатар
жадта сақталған;
- таныту үшін ұсынудың алдында болатын жауап алу кезінде объектінің
ойдағы образын алып жүруші оны жадыда сақталған өзге де образдардың
арасынан бөліп көрсетіп, және оның ерекшелендіретін белгілерін
сипаттады;
- таныту үшін ұсыну барысында ұсынылған объектілерді көріп, танушы
олардың белгілерін жадыда қалпына келтірілген белгілермен
салыстырып, осыған дейін өзі жауап берген жайттар бойынша
объектінің ойдағы образын есіне түсіреді;
- таныту үшін ұсынылған объектілердің арасынан шын объект болған
жағдайда ол танылуы (идентификациялануы) мүмкін, егер оның
белгілері жадыда бекітілген ойша үлгінің белгілерімен ұқсас болып
шықса;
- мұндай ойша идентификациялау кейін танушымен, тергеушінің түпнұсқа
қандай белгілері бойынша танылғанын көрсету жөніндегі сәйкес
ұсынысына жауап ретінде сөзбенен жарияланады;
Объектіні оның жадыда сақталған ойдағы образы бойынша танудың
психологиялық механизмінің өзі тек осы тергеу әрекеті үшін ғана тән болып
табылмайды. Тану жауап алу өндірісі кезінде де орын алуы мүмкін, егер жауап
алу барысында объектіні ұсынумен байланысты тактикалық амал қолданылған
болса. Тергеу қарауы мен экспериментінің өндірісі кезінде де тану процессі
орын алуы мүмкін[9].
Тану процессі кейбір жедел немесе іздестіру әрекеттерін жүзеге асыру
кезінде де орын алуы мүмкін. Процессуалдық таныту үшін ұсынудың басқа,
өзіне ұқсас тергеу әрекеттерінен принципалдық айырмашылығы таныту үшін
ұсыну жағдайында тану, бәрінен бұрын – ең басты, негізгі нәрсе, ал ол басқа
тергеу әрекеттері үшін тану – факультативті элемент.
Таныту үшін ұсыну кезінде тану процессінің өзі қатаң белгіленген
процессуалдық шектерде жүргізілетіндігі өте маңызды, себебі процессуалдық
тәртіп алынған мәліметтің шынайылығын қамтамасыз етуге арналған.
Тергеушінің өзге әрекеттері бойынша танудың шынайылығын қамтамасыз ету үшін
арнайы құқықтық шарттар көзделінбеген.
Таныту үшін ұсынуға жақынырақ тергеу әрекеті жауап алынушыға көру
үшін объектілерді ұсынумен байланысты тактикалық амалда жүзеге асырылатын
жауап алу болып табылады. Бірақ мұнда жауап алынушыға объектілерді көруге
ұсыну – жауап алудағы көптеген тактикалық амалдардың бірі екендігін назарда
ұстау керек. Бұл тактикалық амал тек келесідей жағдайларда, егер тергеушіде
ол туралы көрсетпе алу қажет объект болатын болса және ол объект жауап
алынушыға іс бойынша жадыда еске түсірілмеген не ұмытылып кеткен мән-
жайларды нақтылауға және қалпына келтіруге көмектесетін болса ғана
қолданылады. Жауап алу өндірісі кезінде қандай да бір объект жауап
алынушыға ұсынылуы мүмкін, егер жауап алынушының бұл объектіні бұрыннан
қабылдағаны туралы және оның ол қабылдауы күдік тудырмайтындығы жөнінде
факт болса, сондай-ақ ол объектінің іске қатысты екені нақ анықталған
болса.
Таныту үшін ұсынудың уақытына қатысты жалпы ереже бар: осы тергеу
әрекеті неғұрлым ертерек өткізілсе, соғұрлым шынайы ақпарат алу мүмкіндігі
молырақ, себебі адамның жады қандай да бір объект туралы қабылданған
образды ақырындап, уақыттың өтуімен ұмыта бастайды. Тергеуші таныту үшін
ұсынуды өзінің кабинетінде немесе өзге қызметтік бөлмеде жиі жүргізеді.
Кейбір жағдайларда бұл тергеу әрекеті танушының, ол туралы оның өзі
көрсетпе берген, объектіні қабылдаған жерінде жүргізіледі. Мұндай шешім,
мысалы, адамды динамикалық белгілері бойынша (дауысы, сөз сөйлеу мәнері,
жүрісі) тану қажеттілігі орын алған жағдайларда қабылдануы мүмкін. Бұл
дауыстың акустикалық қасиеттері мен оны қабылдауға бөлменің сипаты, жай-
күйі, жағдайы, сыртқы дыбыстық фонның айтарлықтай әсер ету мүмкіндіктерімен
байланысты. Адамды жүрісі бойынша, жестикуляциясы мен дене құрылымының
ерекшелігі бойынша тану объектінің оны қабылдау кезінде болған жарық
жағдайына, оның өзін қабылдаушымен арасындағы ара қашықтыққа өте тығыз
байланысты. Сондықтан мұндай кездердегі объектіні қабылдау жағдайларына
ұқсас жағдайды қайта қалпына келтіру, тек қана оқиға орын алған жерде болуы
мүмкін.
Тану үшін ұсынуға дейін тергеушінің осы тергеу әрекетін бекітетін
құралдарды алдын ала дайындап алуы қажет.
Әдетте таныту үшін ұсыну өндірісі кезінде фотоға түсіру қолданылады.
Динамикалық белгілері бойынша адамды таныту үшін ұсынған жағдайда киноға
түсіруді, дыбыс- немесе бейнежазбаны қолданған жөн.

ІІ ТАРАУ. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ АЛДЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

§ 1. Тану үшін көрсету алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарының
ерекшеліктері

Тану үшін ұсыну - өзіндік ерекшеліктері бар бірнеше түрден тұратын
күрделі тергеу әрекеті. Сонымен қатар оның барлық түрлеріне тарайтын ортақ
ережелер құрастырылған. Олар тану үшін ұсынудың өзін, оны дайындауды,
алынған нәтижелерді бекіту мен оларға баға беруді қамтиды.
Тану үшін ұсынуды дайындау тануға қатыстырылатын адамнан жауап алуды,
тиісті объектілерді іріктеуді, тергеу әрекетін жүргізу уақытымен орнын
анықтауды, техникалық құралдардың дайындығын тексеруді қамтиды[10].
Тануға қатыстырылатын адамнан алдын ала жауап алудың мақсаты-объектіні
кезінде қабылдау мән-жайларын, оны байқау жағдайларын және тану негізін
құрайтын белгілерді айқындау болып табылады. Ең алдымен жауап беруші
тұлғаның объектіні қабылдау мән-жайларын, ал қанша уақыт созылғанын:
жарықтану сипатын: объектіні қаншалықты есінде сақтағанын: оның психикалық
және физикалық жағдайының болғанын анықтаған жөн.
Содан есінде сақталып, тануға көмектесетін (объектінің) жалпы және
жеке белгілері анықталады.
Бірақ әдетте жауап алушы тұлға, объектіні танитынына сенсе де, оның
белгілерін нақты атап бере алмайды, себебі объктіні қабылдау әдейі емес
және тез болады. Сондықтан тануға жататын адамның сыртқы келбеті туралы
жауап алынушы тұлғаның еркін әңгімесін хаттамада бекіткеннен кейін ауызша
суреттеу әдістемесіне сәйкес детальдарды нақтылау қажет. Адамның сыртқы
бейнесінің белгілері орташа мағынада болып, бір қалыпта, әдеттегіде
түсініктерімен сипаталаттындықтан, көзге түсетін элементтер мен жеке
белгілерді (меңдерді, қалдарды, тыртықтарды т.б.) атап, нақтыланған жөн.
Сондай-ақ тергеуші немесе сарапшы-криминалист Сыртқы көрініс түрлері
мен элементтері арнайы альбом-құралын: Портрет криминалистік құралды,
ИКР-2 сәйкестендіру суреттер жиынтығын, Фоторобот құрылғысын пайдаланып
немесе компьюттердің бағдарламалар құралдарын қолданып қылмыскердің
субъективтік суретін құрастыра алады.
Ұсынылатын объектілерді іріктеу. Объект тануға қатыстырылатын адамға
көзге көрінетін айтарлықтай айырмасы жоқ басқа екі біртектес объектілермен
бірге көрсетіледі. Ол танудың шүбасіздігін жоғарлатады. Адамдар
көрсетілгенде, олардың нәсілдік қатыстылығы бойынша, жасы, бойы, шашының
түсі, бетінің нысаны мен түсі бойынша айырмашылығы болмауы тиіс. Сонымен
қатар киімдерінің түстері мен пішіні, тозу деңгейі, сыртқы көрінісінің
детальдары да ұқсас болуы қажет. Аталған талаптар заттарды көрсету үшін
іріктеуге де қойылады. Тануды көрсетілетін тұлғаларды шолып қарауды және
негізгі функционалды белгілерін көрсетуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті
көлемі бар жайда жүргізу қажет. Жарықтың түсуі объектіні (субъектіні)
алғашқы рет қабылдағандай болуы керек.
Функционалды белгілері бойынша (жүрісі, ымдауы, т.б.) тану үшін ұқсас
белгілері бар адамдарды таңдау керек.
Адамды жүрісі бойынша тануды танушы адам болған жерде және сол
жағдайларда өткізген тиімді болады. Танушы тұлға куәгерлермен бірге
танушыны тұлғаны бұрын көрген жерде орналасады, топ белгілі бір қашықтықта
бірнеше рет жүреді және оның ішіндегі танылушы тұлға орынын ауыстыра алады.

Тануды өткізу уақыты мен орынын анықтағанда тану – бірінші кезектегі
өткізілуі тиіс тергеу әрекетінің бірі екенін ұмытпаған жөн. Ол көзі көрген
тұлға қабылдаған, адамның сыртқы көрінісі туралы мәліметтерді толық
пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені аталған ақпарат тез ұмытылады.
Сонымен қатар стресс, дене жарақаттары қылмыскерді лезде тануды
қиындатады немесе болдырмайды. Ондай жағдайларда тергеуші дәрігермен
кеңесіп тануды жүргізудің тиімді уақытын белгілейді. Әдетте тану барысында
көрсетілетін тұлға мен танушы адам бір бөлмеде болып, бірін-бірі көреді.
Бірақ танылушы тұлға танушы адамға психологиялық әсер етуін болдырмау үшін
сондай-ақ соңғысы танылушы тұлғамен бетпе-бет кездесуден бас тартқан
жағдайда тануды арнайы жабдықталған жайда өткізу қажет. Аталған жай бір
жағынан ғана көрсететін айналы шынымен немесе телевизиялық жүйемен
жабдықталуы тиіс.
Техникалық құралдардың дайындығын тексеру олардың жарамдылығын
анықтаудан тұрады. Аталған тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелерін бекіту
үшін фото және бейне техника қажет. Суретке түсіру барысында қосымша жарық
көздері қолданылады, өйткені импульстық шамдар адамның сыртқы бейнесінің
белгілерін өзгертіп көрсетеді. Фото және бейне жазбаны маман жасағаны дұрыс
болады, өйткені аталған құралдар адамның сыртқы бейнесін бекіту үшін ғана
емес, тану актісінің өзін бекіту үшін қолданылады. Динамикалық белгілер
бойынша тануда бейне жазбаны қолдану тиімдірек болады[11].
Объектiлердi танытуға көрсетер алдында тергеушi бiраз әзiрлiк
жұмыстарын жүргiзу керек. Осы жұмыстардың ұқыпты, мұқият жүргiзiлуiне бұл
тергеу әрекетiнiң сапалылығы, нәтижелiгi, қорытындысының объективтiгi
тiкелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, объектiлердi тану үшiн ұсыну керектiгi бұдан
бұрын куәгерден, жәбiрленушiден, не айыпкерден алынған жауаптарынан
туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетiн өткiзу қажеттiгiн, оны өткiзу
мүмкiндiгiн шешер алдында тергеушi осы адамдардың объектiнi қандай жағдайда
көргендiгi, оның сол объектiнi қандай жеке белгiлерi, ерекшелiгi бойынша
тани алатындығы жөнiнде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетiн қашан
және қай жерде өткiзу керектiгiн, өткiзетiн жерiн, уақытын тағайындайды.
Бұл мәселелердi шешуде тергешiнiң объектiнi танытуға неғұрлым тезiрек
көрсету керектiгiн қатаң ескертуi тиiс. өйткенi уақыт өткен сайын куәгердiң
(жәбiрленушiнiң) ойында көрген объектiнiң бейнесi, белгiлерi ұмытылып,
көмескiленуi мүмкiн. Сонымен бiрге бұл жұмысты асығыс өткiзуге де болмайды.
Себебi дайындық езiндегi асығыстың тергеу әрекетiнiң сапасына керiсiнше
әсер етедi.
Тергеу әрекетi объектiлердi көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде
өткiзiлуi қажет.
Дайындық жұмыстарының ең бiр күрделiсi - көрсетiлетiн объектiге ұқсас
объектiлер табу.
Бұл тергеу әрекетiн жүргiзгенде бұған белгiлi бiр мамандарды
қатынастыруға тура келедi. Айталық, өлiктiң кiм екнiн таныту үшiн оны
көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы маманды, ал объектiнi танушы
жасы жетпеген куәгер, жас бала болса педагогты қатыстыру керек.
Дайындық үстiнде тергеушi керек құрал-саймандарды, ғылыми- техникалық
құралдарды әзiрлеп алуы керек. Суретке не кинотаспаға түсiру керек болса
фото-кинобейне аппаратын дайындап, оны қолданып, түсiретiн адамдарды
тағайындау қажет.
Танытуға көрсетiлетiн объектiлерге байланысты бұл тергеу әрекетi
бiрнеше түрге бөлiнедi. Атап айтқанда, адамның кiм екекнiн таныту, заттарды
танытуға көрсету, өлiктi кiм екенiн, оның аты- жөнiн бiлу үшiн танытуға
көрсету. Малдарды танытуға көрсету, белгiлi бiр жердi не бөлменi, тұрғын
үйдi танытуға көрсету. Объектiлердiң түрлерiне байланысты оларды көрсету
тактикасында да ерекшелiктерi бар.

§ 2. Адамды, мәйітті және адамның фотосуреті бойынша тану үшін көрсетудің
тактикалық ерекшеліктері

Таныту үшін дайындау мен оны ұсыну процедурасының ерекшеліктеріне әр
түрлі көптеген мән-жайлар өз әсерлерін тигізеді. Ондай мән-жайлардың
арасындағы негізгілері мыналар:
- таныту үшін ұсынылатын объектілердің сипаттары мен өзіндік
ерекшеліктері;
- объект туралы көрсетпе берген адамның объектіні қабылдау кезіндегі
мән-жайлар, жағдайлар және қабылдау амалдары.
Адамды тану үшін ұсыну. Тергеушілер көптеген жағдайларда
визуалдық амалдармен танушының жадында бекітілген, сыртқы белгілері бойынша
визуалды тану үшін адамдарды жиі ұсынады.
Визуалдық амалмен таныту үшін қандай да бір адамды ұсыну туралы шешім
қабылдап, тергеуші танылушы мен танушыны шақыруды және тану актісінің өзін
жүзеге асыру үшін танушы шақырылатын сәтке дейін шақырылған адамдардың
өзара кездесуін, сөйлесуін, бірін бірі бақылау мүмкіндігін болдырмайтындай
қылып орналастыруды қамтамасыз етуі керек[12].
Таныту үшін ұсынылатын адамның сыртқы келбеті (киімі, шашының үлгісі
және т.б.) танытудың алдында мүмкіндігінше оны танушының
іс бойынша зерттелініп отырған ситуация кезіндегі
қабылдау сәтіндегі күйге сәйкес келтірілуі керек. Таныту жағдайын танылатын
объект қабылданған кездегі жағдайларға сәйкес келтірген дұрыс (жарықтандыру
бойынша, объектінің жағдайы және т.б. бойынша).
Таныту актысын жүргізу үшін басқа бөлмеде (немесе өзге де оқшауланған
орында) тұрған танушыны шақырудың алдында танытуға ұсынылуы тиіс адамға
өзінің қалауы бойынша статистер арасынан кез келген орынға орналасу
ұсынылады (таныту үшін ұсынылушы адам статистер арасынан орын таңдаған
кезде бұл процедура міндетті түрде айғақтардың және тергеу әрекетіне өзге
де қатысушылардың қатысуында болуы керек).
Танылушының өз қалауы бойынша қайсы орынды таңдағаны тергеу
әрекетінің хаттамасында белгіленеді. Осыдан соң тергеуші жеке өзі немесе
өзінің көмекшісі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін орынға басқа бөлмеде
тұрған танушыны шақырады. Оған сәйкес құқықтар мен міндеттер түсіндіріледі
және бұл туралы тергеу әрекетінің хаттамасында тиісті белгі жасалынады,
содан кейін тергеуші танушыға ұсынылған адамдарды қарауға және олардың
арасынан оның қандай да бір біреуді танитындығы не танымайтындығы туралы
сұраққа жауап беруге ұсыныс жасайды. Терістеуші жауап алған жағдайда
тергеуші танушыдан оның өз қорытындысының қате еместігіне қаншалықты
сенімді екендігін және таныту үшін ұсынылған адамдардың арасында ол бұрын
көрсетпе берген адамды жоқ деп есептеуге қандай негіз мүмкіндік беретінін
анықтайды.
Егер танушы оған тану үшін ұсынылған адамдардың қайсы біреуін танисың
деген сұраққа оң жауап берсе, оған таныған адамын көрсету және тану қандай
белгілер бойынша жүргізілгеніне түсініктеме беру ұсынылады.
Танушының көрсетпесі өте жоғарғы дәрежеде нақты болуы міндетті емес.
Танылған адамды көрсетіп және оның қандай белгілер бойынша танығанын айтып,
танушы қысқаша түрде танылушыны қай жерде және оны бұрын қандай жағдайлар
кезінде қабылдағанын түсіндіреді. Танылған адамға өзін айту ұсынылады және
оны тану фактісіне, таныған адамның көрсетпесіне қатысты өзінің қатынасын
қысқаша нысанда білдіру мүмкіндігі беріледі (олардың көрсетпелерінде пайда
болуы мүмкін қарама-қайшылықтар кейін беттестіру процессінде шешіледі).
Визуалды идентификациялау әдісі – практикалық тергеу жүргізуші
субъектілердің қолындағы өте күшті қару. Идентификациялық міндеттерді дұрыс
шешу – ақиқат жолында өте ірі қадам жасау болып табылады. Табысты,
объективті өткізілген таныту бір жағдайларда әшкерелеу құралы ретінде болуы
мүмкін; ал басқа жағдайларда – сезіктенуді алудың, кінәсіз адамды ақтаудың
құралы ретінде; үшінші бір жағдайларда – көрсетпелердің шынайылығын тексеру
құралы (мысалы, болған оқиғаға куәнің танытуға дейін оған бейтаныс болған
адамның да ол оқиғаны көргендігі туралы көрсетпесін тексеру) ретінде болуы
мүмкін. Сонымен бірге идентификациялық қателік сот әділдігін жүзеге асыруда
өте зор теріс нәтижелерге ұшырататынын да назарда ылғи да ұстап отыру керек
және қылмыстық іс бойынша қатысушы тұлға бұл қателіктің құрбаны болуы
мүмкін. Өкінішке орай, мұндай қателіктер сараптамалық зерттеулерде де,
сондай-ақ жедел, тергеу, сот идентификацияларында да орын алады.
Қате танудың алдын алуға әлеуетті танушыға оған оның өзі белгілері
туралы көрсетпе беруі тиіс басқа адамды таныту алдында жауап алудың
тактикалық амалдарын нақты жүзеге асыру жәрдемдеседі.
Қылмыстық іс бойынша жауап алынушы адам тергеуді қызықтыратын адамды
визуалды түрде таный алмайтындай жағдайда (мысалы, оның келбетіне назар
аудармаған немесе жауап алынушы адамның көзі көрмейтін болса), бірақ оның
дауысын естісе және жадында сақтап қалған болса, сезіктелінген адам таныту
үшін дыбыстық белгілері бойынша ұсынылуы мүмкін (дауыстың жоғарылығы,
күштілігі, тембрі, өзге де белгілері мен дауыс қарлығыңқылығының,
созылмалылығының типтерінің ерекшеліктері және т.б. көптеген белгілері
бойынша).
Дауыс бойынша таныту үшін ұсыну танушы танылуы тиіс адамды таныту
үшін ұсыну сәтінде көрмейтіндей, бірақ оның дауысын естейтіндей қылып
ұйымдастырылуы тиіс.
Осы тергеу әрекетін бұлайша ұйымдастыру үшін тергеу әрекетіне
қатысушылар екі топқа бөлінеді, осы екі топтың әрқайсысы бір бірінен
оқшауланған, қатар тұрған, өзара дауыс өтетін кедергімен (қабырғамен, қалың
және тығыз пердемен және т.б.) бөлінген бөлмелерге орналасады. Бір бөлмеге
тергеушінің көмекшісі, айғақтар мен таныту үшін ұсынылатын адамдар
орналасады. Көрші бөлмеге тергеуші, танушы және өзге де айғақтар орналасып
болғаннан кейін тергеушінің көмекшісі тиісті белгі алғаннан кейін танылушы
адам мен оның қасындағы басқа адамдарға (статистерге) кезек кезек алдын ала
дайындалған сұрақтарды беріп сөйлете бастайды. Сұрақтар танушының берген
көрсетпесіндегі оқиға желісі бойынша, сол оқиғаға қатысушының ауызша
сөзінде айтылған сөздер мен сөз тіркестері жауапта көрініс табатындай болып
құрастырылуы тиіс.
Сұрақтар қою және оған жауап алу процедурасы аяқталғаннан соң
тергеуші танушыдан қандай да бір адамның дауысын танығанын не танымағанын
анықтап біледі. Тергеушінің бұл сұрағына оң жауап алынған жағдайда, танушы
танылушы адамдардың қайсысының дауысын нешінші кезек бойынша және қандай
дауыс белгісі бойынша танығанын көрсетеді.Таныту үшін ұсынудың шарты
бойынша танылушы адам мен оның қасындағы басқа адамдарға (статистерге)
қосымша жаңа сұрақтар сериясы берілуі мүмкін, бірақ олардың жауап беруінің
өзгеше кезектілік тәртібі белгіленуі керек.
Бұл жағдайда танушыдан оның осы ретте бұрын көрсетпе берген адамының
дауысын танығаны не танымағаны қайтадан анықталып, танылушы адамның дауысы
нешінші болып шыққаны сұралады.
Тергеу практикасында танушының адамды тек сыртқы келбеті бойынша ғана
емес, сонымен бірге оны дауысы бойынша да жадында сақтап қалатындығы жиі
болатын жағдайлар. Мұндайда таныту үшін ұсыну комбинацияланған болуы мүмкін
және екі кезеңде жүргізіледі: бірінші кезең – есту образы бойынша тану
мақсаты үшін, екінші кезең – көру образы бойынша тану (идентификациялау)
мақсаты үшін. Бұл жағдайларда таныту үшін ұсыну жалпы ережелер бойынша
жүргізіледі. Дауыс бойынша тану нәтижелері, содан соң сыртқы келбет бойынша
тану нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
Адамды тану оның жүрісі бойынша да жүргізілуі мүмкін, өйткен себебі
жүріс барысында әдеттегі қозғалу қимылында бекітіліп қалған динамикалық
белгілер индивидуалды және өте тұрақты.
Жүрісі бойынша таныту үшін ұсынуды мүмкіндігінше танылушы адамды
жауап алынған адамның қабылдауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық - криминалистикалық қамтамасыз ету
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Кейбір қылмыстар үшін жауап алу тактикасы
Жеке адамды тану үшін көрсету
Сақтандыру маркетингінің мәні және міндеттері
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
Келіссөздер
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ
Сайлау науқанының негізгі кезеңдерін зерттеу
Пәндер