Кісі өлтіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Құқыққорғау органдары факультеті
Қылмыстық құқық кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: “Кісі өлтіру”
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)
Қорғалуға жіберілді:
Кафедра шешімі бойынша
“ ___” 2006 ж
№ хаттама
Кафедра меңгерушісі
(лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, аты жөні)
АЛМАТЫ - 2006
МАЗМҰНЫ:
І ТАРАУ. Кісі өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде
§ 1. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
§ 2. Адамның өмірі - қылмыстық заңмен қорғалатын объекті ретінде
§ 3. Кісі өлтірудің түсінігі
ІІ ТАРАУ. Кісі өлтірудің түрлеріне және ұғымына құқықтық талдау
§ 1. Кісі өлтірудің жай түрі
§ 2. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері
§ 3. Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
ІІІ ТАРАУ. Адамның өміріне қарсы қылмыстардың өзге тараулардағы қылмыстармен ара қатынасы
§ 1. Адам өлтіруді өмірге қол сұғумен ұштасатын басқа қылмыстардан ажырату
КІРІСПЕ
Кісі өлтіру - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығында арнайы сауалдар шеңберінде өте кең дискуссиялы мәселені қозғайтын тақырыптардың бірі. Бұл саланы зерттеуді - оқу барысының қорытындысы ретінде қарауға бола ма? Кәзіргі кез үшін оны қаншалықты өзекті (актуалды) және түйінді мәселе ретінде қарауға болады? Неліктен оған баға беруіміз керек?
Бұл сауалдарға жауап ретінде айтатыным: кісі өлтіру - қылмыстық құқық пәнінің жүйелік институты және маңызды саласы болып табылады.
Біз үшін бүгін бұндай тақырыпты зерттеудің маңызы неде? Біз - жас мемлекетпіз, бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз бұны неге сүйеніп айтып отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде танылып, кепілдік берілді. Қазақстан әлденеше ұйымдардың мүшесі болып табылды1.
Жаңа қоғамдық қатынастар қалыптастыру оңай шаруа емес. Оны қоғамдық өмірдің түрлі қырларынан көруге болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты көрініс тапқан жұмыссыздық, көптеген қала мен дала тұрғындарының өмір сүру дәрежесінің төмендеуі біршама келеңсіз құбылыстармен байланысып жатыр.
Осының бір ерекше белгісі - қоғамдық және құқық тәртібін бұзу, оның ең қауіпті түрі - қылмыстылық.
Қазақстан Республикасында ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер көбеюде. Солардың ішінде адамды өлтіру іс-әрекеттері де аз емес.
Барлығымыз білетіндей, кісі өлтірген кезде дүниеде бір-ақ рет келетін адамның құнды игілігі - өмірінен айырады. Адамның өмірі - оның дүниеге келуінен бастап, өзіне тиесілі бөлінбейтін ажырамас негізі болып табылатындығы мәлім. ҚР Конституциясының 15 бабында айтылғандай “Әркімнің өмір сүруге құқығы бар”; “Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ”, бұдан түсінетініміз, өмір сүру құқығы адамның өз ерік-жігерін, еркін танытып, өз мүддесіне, талап тілегі мен нанымына, құнды қасиеттеріне сәйкес тіршілік ететін әрбір адамның табиғи мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді деген сөз. Ешкімде өмірден еріксіз айырылуға тиісті емес. Конституция бұл құқықты қорғайды. Адамды өмірінен айыру - қылмыс болып саналады.
Барлығымыз байқағандай, қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» деп ҚК-тің 96 бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан.
Қылмыстық құқықта адамды өлтіру мәселесі көптеген заңгер ғалымдарды назар аудармай қоймады. Оның кейбір бөлек аспектілерін мынадай көрнекті авторлар: С. М. Рахметов, С. В. Бородин, Н. И. Загородников, Ю. И. Ляпунов, В. И. Ткаченко және тағы басқалар зерттеген болатын. Бұл ғалымдардың еңбектерінде ғылыми негізделген және тәжірибелі тұжырымдарды табуға болғанымен, кейбір аспектілері біздіңше әлі дискуссиялы (даулы), себебі кәзіргі кезбен (немесе кәзіргі менталитетпен) салыстырғанда ары қарай ғылыми зерттеуді қажет ететін сияқты. (Ол үшін Қылмыстық заңнамаларды кәзіргі таңмен жетілдіруді ескере отырып жүргізу керек) .
Дипломдық жұмыс тақырыбы 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жазылған оқу материалдары жұмыс тарауларының жүйелеріне сәйкес баяндалады. Кісі өлтіруге арналған әрбір тарауы бойынша оларға жалпы сипаттама беріле отырып, сол тарауға кіретін жекелеген құрамдарға (параграфтарға) талдау жасалады, бұрынғы қылмыстық кодексте болмаған жаңа құрамдардың мазмұнын ашуға ерекше мән беріледі. Жұмыс 1997 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енген өзгертулер мен толықтырулар және сондай-ақ бұл мәселеге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумдарының Қаулылары ескеріле отырып жазылған.
І ТАРАУ. Кісі өлтіру - жеке адамдарға қарсы қылмыс ретінде
§ 1. Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері
Жеке адамға қарсы қылмыс - объектіге қол сұғушылықтың аса қауіпті қылмыстарының бір түрі. Адамның жеке азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады2. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конститутцияның 1 бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Өзге құқықтар мен бостандықтар өмір сүру құқығына қатысты басқа да маңызды актілерде жинақталған3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ҚР-ның Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осы жоғарыда айтылған баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қаіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді4. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Тікелей объектілерінің ерекшелігіне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
- Өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (96-б. ) ; жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (97-б. ) ; жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (98-б. ) ; қажетті қорғаныс шенінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99-б. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезіңде жасалған кісі өлтіру (100-б. ) ; абайсызда кісі өлтіру (101-б. ) ; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (102-б. ) .
- Денсаулыққа қарсы қылмыстар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-б. ) ; денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-б. ) ; денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-б. ) ; денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-б. ) ; қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-б. ) ; қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-б. ) ; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-б. ) ; ұрып-соғу (106-б. ) ; азаптау (107-б. ) ; қорқыту (112-б. ) ; ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуғ. а мәжбүр ету (113-б. ) ; соз ауруларын жұқтыру (115-б. ) ; адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ\ ЖҚТБ) жұқтыру (116-б. ) ; медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-б. ) ; заңсыз аборт жасау (117-б. ) ; науқасқа көмек көрсетпеу (118-б. ) ; қауіпті жағдайда қалдыру (119-б. ) .
- Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-б. ) ; бас бостандығынан зансыз айыру (126-б. ) ; психиаторлық статционарға зансыз орналастыру (127-б. ) ; адамды пайдалану үшін азғырып-көндіру (128-б. ) .
- Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (129-б. ) ; қорлау (130-б. ) .
- Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-б. ) ; нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану (121-б. ) ; он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-б. ) ; жыныстық қатынас жасауға еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-б. ) ; жас балаларды азғындату (124-б. ) .
Енді осыларға қысқаша тоқталып кететін болсақ, біріншісі өмірге қарсы қылмыстар деп аталған. Бұл жеке адамға қарсы қылмыс түрінің негізгі зерттеу объектісі болғандықтан жалпылама тоқталуды жөн көрдік. (Келесі тарауларда (параграфтарда) осы мәселеге қатысты тереңірек сөз болмақ) . Мысалы, жоғарыда келтірілгендей, өмірге қарсы қылмыстар қатарына адамды өлтіру (96 бап) жатады5. Байқап қарасақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрам (96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезіңде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекетіне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру -ҚК-тің 96-бабының 2-тармагында козделген. Кылмыстык кукык теориясында бул жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мундай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
1997жылғы Қылмыстық Кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтканда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа катысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабында калай орналастырылған болса, сол бойынша карастырылады.
Екінші түрі, денсаулыққа қарсы қылмыстар деп аталады. Әрбір жеке адамның денсаулығы - ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы6. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. ҚР Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты ҚР азаматтары заңмен белгіленген тегін әрі кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. «Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан акылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі» делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әсіресе өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жүзеге асырып отыр.
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам организмінің әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі - бұл қылмыстарды жасаған кезде бір адам екінші бір адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекетпен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі - оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқада арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау - тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туыстары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туыстарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдік залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. ҚР ҚК адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататынын нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап) ;
- Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап) ;
- Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) ;
- Ұрып-соғу (106-бап) ;
- Азаптау (107-бап) ;
- Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап) ;
- Кажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап) ;
- Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап) ;
- Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап) ;
- Қорқыту (112-бап) ;
- Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап) ;
- Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап) ;
- Соз ауруларын жұқтыру (115-бап) ;
- Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап) ;
- Заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы) ;
- Науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап) ; Қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап) ;
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар бойынша, адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады7. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 2-тармағынында тура көрсетілген. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына - өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауына кепілдіктер берілген.
Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына қол сұғатын әрекеттерге қарсы күрес жүргізуде Қылмыстық заңның маңызы ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында адам бостандығын қорғайтын заң нормалары бар.
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары ҚК-тің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың тікелей объектісі нақты жәбірленушілердің заңмен белгіленген бостандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.
Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстарға жоғарыда айтылғандай жала жабуды (129-бап) және қорлауды (130-бап) жатқызғанбыз, әр қайсысына тоқталар болсақ. Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату - деп көрсетілген.
Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер.
Қылмыстың жәбірленушісі болып кез-келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдарда жатады.
Объективті жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспа сөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көншілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз.
Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жаңылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т. с. с. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез-келген адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы) .
«Көпшілік» деген термин - қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарату дегенді білдіреді. Көпшілікке таратылатын шығармаға - кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, радио, теледидар, бейнекасеталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады.
Жала жабудың аса қауіпті түрі Қылмыстық кодекстің 129-бабының 3-тармағында көрсетілген - ол адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу болып табылады. Бұл қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 10-бабының 4, 5-тармақтарында берілген.
Жала жабу әрекетін саралағанда кінәлінің пиғылының адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлі адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жеткізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.
Қорлау (130-бап) . Қылмыстың тікелей объектісі - адамның ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі.
Қылмыстың жәбірленушісі кез-келген адам.
Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бөтен адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық субъектісі 16-ға толған адам.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау - осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (130-баптың 2-тармағы) . Қылмыстың ауырлататын бұл түрлерінің мазмұны жала жабу (129-бап) құрамының ауырлататын түріне ұқсас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz