Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 тарау. Қазақстан республикасының мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай.газ секторын мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. ҚР.ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 тарау. Мұнай мен газ өндірісті саласын жоспарлау негізі
2.1. Мұнай мен газ өндіруді дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

3 тарау. ҚР.ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік.экономикалық және қоғамдық.саяси дамуына әсерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2. Мұнай мен газды өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.3.Мұнай мен газды тасымалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2012 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 28,8 %, ал 2011 ресми есеп бойынша - 25,8% құрады.
2012 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
2012 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.Батыс Қазақстан обылыс әкімдерінің деректері бойынша газ түтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд. Текше м.құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 көп.
Тарихи тәжербиеге қарасақ,қандайда бір экономиканың сәтті немесе сәтсіз болуы мемлекеттің саяси көшбасшысының тұлғалық қасиетіне байланысты.Себебі ол қоғамды тұрақтандырып,элитаны қалыптастырып,ұлтты біріктіріп,елдегі бар ресурстарды жұмылдыру арқылы мемлекттегі қозғалысты қамтамасыз етіп,экономикалық дамуідың қандайда бір үлгісінің табысты болуын айқындайды.Елдің ұзақ мерзімді даму бағытын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында белгіледі.Мақсаттар мен жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралардан тұратын экономикалық бұл даму стртегиясы табысқа жетуге әзірше толық кепілдік бермейді,ол үшін осы экономикалық саясатты өліде жалғастыра түсу керек.Ал ұлт көшбасшысы осы саясаттың жалғасуын қамтамасыз ете алады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда өзінің Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойған еді.Онда екі мақсат белгіленген : Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 млрд. долларға дейін өсуі тиіс,бұл ІЖӨ 30 пайызын құрайды және осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекеттерді жандандыруда трансұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру. // Хабаршы ХҚТУ.-№3.- 2008ж.
2. Мухтаров А.К. Загрязнения природной среды, связанные с нефтью и нефтепродуктами // Нефть и газ (Казахстан). – 2006ж.
3. Махин В. На пути к Евразийскому союзу //Казахстанская правда - 2003.-14 мая.- С.6-8;
4. Чердабаев М.Т. Основные этапы становления и развития нефтегазовой промышленности Казахстана // Нефть и газ (Казахстан). – 2006ж.
5. Шетелдік инвестициялау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктері.// Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. -2008ж.
6. Яковлев А. В. // Нефть и газ (Казахстан). – 2008ж.
7. Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасыр асуында. Тарау 2. А.,1996 ж.
8. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан -2030» А.2009ж.
9. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. «Атамұра» баспасы.2008 ж.
10. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. «Атамұра» баспасы. 2009ж.
11. Қ.К. Тоқаев. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. А.,2009 ж.
12. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Егемен Қазақстан. №151, 2009
13. Ж.Әкіміш. Мұнай, Биожанармай және туберкулез // Жас Алаш. №69. 23 тамыз. 2009 ж.
14. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағлануы. // Егемен Қазақстан, 2007 ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Қазақстан республикасының мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. ҚР-ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 тарау. Мұнай мен газ өндірісті саласын жоспарлау негізі
2.1. Мұнай мен газ өндіруді дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 16

3 тарау. ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2. Мұнай мен газды өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.3.Мұнай мен газды тасымалдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе

Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2012 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 28,8 %, ал 2011 ресми есеп бойынша - 25,8% құрады.
2012 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
2012 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.Батыс Қазақстан обылыс әкімдерінің деректері бойынша газ түтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд. Текше м.құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 көп.
Тарихи тәжербиеге қарасақ,қандайда бір экономиканың сәтті немесе сәтсіз болуы мемлекеттің саяси көшбасшысының тұлғалық қасиетіне байланысты.Себебі ол қоғамды тұрақтандырып,элитаны қалыптастырып,ұлтты біріктіріп,елдегі бар ресурстарды жұмылдыру арқылы мемлекттегі қозғалысты қамтамасыз етіп,экономикалық дамуідың қандайда бір үлгісінің табысты болуын айқындайды.Елдің ұзақ мерзімді даму бағытын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиясында белгіледі.Мақсаттар мен жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралардан тұратын экономикалық бұл даму стртегиясы табысқа жетуге әзірше толық кепілдік бермейді,ол үшін осы экономикалық саясатты өліде жалғастыра түсу керек.Ал ұлт көшбасшысы осы саясаттың жалғасуын қамтамасыз ете алады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда өзінің Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойған еді.Онда екі мақсат белгіленген : Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 млрд. долларға дейін өсуі тиіс,бұл ІЖӨ 30 пайызын құрайды және осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды міндеттердің шеңберін айқындайды және, тиісінше, оларды шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша саланың тиімділігін арттыру арқылы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден, мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты мұнай өнімдері мен газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз ету көзделеді.
Мұнай кен орындарын игерудің соңғы сатысының техникалық-экономикалық сипаттамасы қазіргі уақытта және жақын арадағы перспективада мұнай компаниялары үшін өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қол жеткізілген мұнай өндірісі деңгейлерін тұрақтандыру, сондай-ақ өндірістің шектес салаларындағы қызмет аясын кеңейту міндеттері өзекті міндеттер болып табылатынын көрсетті.
Курстық жұмыстың мақсаты: мұнай және газ өндіретін саланы жоспарлаудың негізі туралы түсінік алу.
Курстық жұмысытың міндеттері: Қазақстан республикасының мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары туралы және Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу түсінік беру. ҚР-ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық бағдарламаның мақсаттары туралы түсінік беру.ҚР-ның мұнай нарығының ағымдағы жағдайдын талдау және ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Қазақстан республикасының мұнай-газ
секторын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.1. Қазақстанның мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу

Мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама әдістер арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің мұнай-газ секторына тікелей әсер ету әдістері:
- мұнай және газ саласын дамытудың мақсатты бағдарламаларын жасау;
- мұнай газ өнімдерін өндіруге мемлекеттік тапсырыс беру;
- өнімнің сапасы мен технологиясына нормативтік талаптар қою;
- экспорт-импорттық операцияларды лицензиялау және квота беру.
Мемлекеттің мұнай-газ секторына жанама әсер ету әдістері осы саладағы фирмалардың экономикалық мақсаттарына негізделеді. Олар:
- салық салу;
- мұнай және газ өнімдерінің бағасын реттеу;
- экспорт-импорттық операцияларды тарифтік реттеу.
Мұнай-газ секторын мемлекеттік реттеу құралдарын келесідей ажыратуға болады: әкімшіліктік (тыйым салу, рұқсат беру) және экономикалық (бюджет-салық саясаты, инвестициялық саясат); құқықтық (мұнай және газ саласындағы шаруашылық етуші субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік актілерді жасау және қабылдау).
Жоғарыда аталған тікелей әсер ету әдістері әкімшіліктік құралдармен жүзеге асырылады. Ал жанама әдістер экономикалық құралдар арқылы жүргізіледі.
Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу келесі бағыттардан тұрады:
- мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
- мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу;
-шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеу;
-мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг жасау, декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы жүзеге асыру;
-мұнай өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасын бақылауды қамтиды.
Қазақстанның мұнай-газ саласы өзінің құқықтық негізінің құрамдас бөліктері ретінде мыналарды енгізеді: инвистициялар бойынша, жер қойнауының қорларын пайдалану бойынша, мұнайды тасымалдау, мұнай айналымы, мұнай өнімдері, экология, салықтар бойынша құқықтық блоктар.
Мұнай туралы заңның ен негізгі мақсаты - республикамызға мұнай-газ қорларын іздеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. Қазақстанда Жер қорлары туралы, Мұнай туралы заңдардан басқа бірнеше заң қаулылары бар (мысалы, ҚР Президентінің 2003 жылғы қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің Қазақстан бөлігін игеру туралы мемлекеттік бағдарлама, 2004-2010 жыл аралығында Қазақстан Республикасындағы газ саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және т.б.) Стратегиялық дамуда отын-энергетикалық кешеніне, оның ішінде мұнай өнеркәсібіне ерекше мән берілген. Себебі Қазақстан - бүгінде әлем таныған ірі мұнайлы держава. Бірақ, қазіргі таңда мұнайға қатысты мәселенің бірі ол мұнайдың экологияға тигізетін зардаптары болып табылады.
2007 жылдын 9 қаңтарында "Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі" жарық көрді. Заңның Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі туралы 321 бабында экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекет мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі, деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымында №535 қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі қабылданды.
Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мердiгер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылады. ҚР салық Кодексінің мұнай операцияларына салық салу жөніндегі бөліміне шетелдерге шығарылатын мұнайға ренталық салық салу туралы жөніндегі Қазақстан Республикасының салық мәселесіне қатысты кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Экспорттық мұнайға салынатын ренталық салықты есептеу базасы ретінде экспортталатын мұнайдың құны алынады. Ал ол өз кезегінде шетелдерде іс жүзінде сатылатын мұнай көлемі мен рыноктағы бағаға сәйкес белгіленеді. Бұл орайда мұнайдың сапалық сипаттамалары мен оны сатуға қатысты шығындар алып тасталады.
Республикада тікелей инвестицияларды тартудың негізгі түрі - мұнай-газ салаларына қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды. Инвестициялық үрдістің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі - оның шикізат өндіруге бағыттылығы.
Қазақстан әлемдік энергоресурстарын қалыптастыруға ықпал ететін стратегиялық көмір сутегі қоры бар мемлекетердің қатарына жатады. Республика мұнай мен газ конденсатының барланған қорын өндіруден әлемде 13-ші орынға (тиісінше 2, 095 млрд. тонна және 0,7 млрд. тонна) ие. Қазақстанда анықталған қорлар 2,8 млрд. тонна мұнайды және 1,8 трлн. текше метр газды құрайды.
2012 жылы республикада 30,6 млн. тонна мұнай және 4,7 млн. тонна газ конденсаты өндірілді, ал 2013 жылы 100 млн. тонна мұнай өндіру көзделуде, мұның өзі Еуразия кеңістігіндегі көмір сутегін өндірушілер мен экспорттаушылар арасында негізгі позициялардың біріне ие болуға мүмкіндік береді. Өндірудің мұндай деңгейіне жету үшін кемінде 10-12 млрд. доллар инвестиция қажет болады. Онымен қоса, тек шикізат өндіруге ғана емес, инфрақұрылым қалыптастыруға да қаржы тарту қарастырылып отыр. Қазақстан мұнай резервінің молдығына қарамастан, мұнайды әлемдік нарыққа тасымалдау жағынан да, Таяу және Орта Шығыс мұнай экспорттаушыларымен бәсекелесуі екіталай, себебі мұнайдың өзіндік құны өте жоғары. 2010 жылы күтіліп отырған Солтүстік теңізде мұнай өндірудің төмендеуі, сондай-ақ, батыстың жетекші экспорттаушы елдері Каспий мұнайының әлемдік нарыққа тұрақты құйылуын Парсы шығанағының саяси тұрақсыз саясатын әлсірету үшін мұнай экспорттау ағынын қайта құрудың негізгі факторы ретінде қарастыруы Қазақстан үшін жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта мұнай газ секторында шетелдіктердің қатысуымен 55 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың күшімен игерілген күрделі қаржының көлемі Қазақстан бойынша барлық инвестицияның 41-ін құрап отыр.
Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутегі ресурстарын тиімді игеруді қамтамасыз ету және ірі кен орындарында мұнай өндіруді көтеру үшін мұнай өнеркәсібінде мынадай міндеттер шешілді:
Каспий теңізінің қазақстандық секторы мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін (2008 - 2013 жылдар) іске асыру;
мұнай-газ кешені үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер ұсыну үшін жоғары деңгейлі қосылған құны бар салаларды дамыту үшін жағдай жасау;
мұнай мен газды терең қайта өңдеуді дамыту және мұнай өнімдері өндірісін ұлғайту.
Аталған міндеттерді шешу жолдары келесідей тұжырымдалады:
- көмірсутектерінің барланєан қорларының өсуін қамтамасыз ету және өндіруді тұрақты жоғары деңгейге шығару;
- көмірсутектерін тасымалдаудың мультимодальдық жүйесін дамыту;
- теңіз операцияларын жағалаулық қолдау үшін инфрақұрылым құру, теңіз мұнай операцияларын қамтамасыз ету жөніндегі теңіз порттары мен жағалау инфрақұрылымдар құрылыстарын дамыту;
- екінші буынды зауыттың құрылысының жобасын іске асыру және Теңіз кен орнында шикі газды айдау;
- Атырау мұнай өндеу зауытын қайта жаңарту жобасын іске асыруды аяқтау;
- мұнай өнімдерінің сапасын еуропалық стандарттарға (ЕВРО-3) дейін жеткізу.

1.2. ҚР-ның мұнай және газ өңдеу жөніндегі салалық
бағдарламаның мақсаттары

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша жоспарлау кезеңінің соңына қарай мынадай мақсаттарға қол жеткізу қажет:
1. Мұнай мен газ өндіру саласында
Мұнай мен газ өндіру саласында бағдарламаны іске асырудың негізгі мақсаты өндіру көлемдерінің үдемелі өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған ірі жобалары бойынша іске асыру орындылығы және кеңейтудің негізгі көрсеткіштері анықталды және оларды іске асыру жөнінде республиканың экономикалық мүдделерін сипаттайтын келісілген шешімге қол жеткізілді.
Игеру жобаларымен және жетекші әлемдік практикамен бекітілген жер қойнауын тиімді пайдалану жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес мұнай мен газ игеруді жүргізілсін. Бекітілген мерзімдерде және бөлінген бюджет шеңберінде кен орындарын игеру жобаларын орындалсын.
Қажетті техникалық сараптаманы жеткілікті көлемде тартуға мүмкіндік беретін, кен орындарының технологиялық сызбаларын, игеру бағдарламаларын сақтауды қарау мен бақылаудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін ретке келтірілсін.
Өндіру деңгейін тұрақты жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік беретін көмірсутегінің барланған қорларының өсімі жөнінде қажетті жұмыстар жүргізілсін. Іздестіру жұмыстары аясына жаңа перспективті аудандар тартылсын.
2. Өңдеу өндірістерін дамыту саласында
Қосымша құны жоғары өнім - базалық мұнай-химия өнімінің жоғары сапалы мұнай өнімдерінің алынуын қамтамасыз ететін көмірсутегі шикізатын барлаудан, өндіруден бастап терең өңдеуге дейін толық технологиялық циклын құру және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету, бұл бәсекеге қабілетті өнімнің экспорттық жеткізілімдерінің өсуіне әкеліп соқтырады.
ҚР мұнай өңдеу зауыттарына жүргізіліп жатқан жаңғыртуы арқасында отандық МӨЗ мұнай өңдеу көлемінің өсуін қамтамасыз ете отырып, жаңа сапалы деңгейге шығуда және Еуро-3, 4 экологиялық стандарттарына сәйкестік деңгейіне қол жеткізіп мұнай мен газдың халықаралық жеткізілімдерімен бәсекеге қабілетті болуда. Бұдан басқа шығарылатын өнім номенклатурасы едәуір кеңейтілуде.
Бұл ретте республиканың ішкі экономикасының өсуі үшін мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне (жоғары октанды бензин, авиаотын және дизель отыны), базалық мұнай-химия өнімдеріне (әртүрлі маркалы полиэтилен және полипропилен, хош иісті көмірсутегілері, битум және т.б.) деген республиканың ішкі нарық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру аса маңызға ие. ЖЖМ, құрғақ және сұйытылған газ бағасы ашық нарықтық негізде қалыптасады және қолайлы баға деңгейінде тұр. Жүргізілген жаңғырту арқасында мұнайды отандық МӨЗ жеткізудің коммерциялық шарттары экспорттық жеткізілімдермен бәсекелес бола алады. Базалық мұнай-химия өнімін шығару және соның негізінде тұтынушы тауарлар өндіру жөніндегі көмірсутегі шикізатын өңдейтін жаңа өндірістерді дамыту үшін қажетті инвестициялық жағдай жасалған.
Қазақстанның газ саласы белсенді өсу кезеңіне аяқ басты, еліміздің жалпы энергия балансындағы газдың үлесі барынша өсті. Ішкі нарықта газды тұтыну тез өсіп отырған кезде ішкі тұтынудың тұрақты қамтамасыз етілуін қолдау қажет. Кен орындары өндірілетін газды өңдеу жөніндегі қуаттармен кепілді қамтамасыз етілген.
3. Тасымалдау және инфрақұрылымды дамыту жөнінде
Құбыр көлігін дамыту мұнай мен газдың өсіп отырған көлемін Қазақстан бойынша және экспортқа жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, республиканың импортталатын газ көлемінен тәуелділігі төмендетілді. Өнімді экспорттау бағыттарын әртараптандырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді.
Құбыр желісі жүйесінің жақсартылған техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ икемді тарифтік саясат жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тартуға, көмірсутегілерінің транзиттік көлемін арттыруға ықпалын тигізеді. Алдағы ірі инфрақұрылымдық жобалар бойынша негізгі көрсеткіштер мен шарттар келісілді.
КТҚС мұнайды өңдіру және тасымалдау үшін мерзімдер мен шығындар бойынша тиімділік көрсеткіштерін ескеріп, қазақстандық үлестің даму кешенділігін ескеріп қажетті объектілердің уақтылы енгізілуі, теңіз жобаларының экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін. Сервистік қызмет көрсетуге арналған танкерлік флот пен кемелердің дәйекті дамуы, КТҚС жағалаулық инфрақұрылымның сервистік және инфрақұрылымдық объектілерін құру жалғастырылсын.
4. Саланы техникалық реттеу
Саланы нормативтік-техникалық реттеу мұнай-газ секторындағы қызметке қойылатын нақты талаптарды айқындайды, республика мүдделерін барабар қорғауды қамтамасыз етеді, жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай жасайды, жаңа технологиялардың енгізілуін ынталандырады, экологиялық тәуекелдің қысқаруына ықпал етеді.
5. Жобалардағы қазақстандық үлес жөнінде
Бағдарламаны жемісті іске асыру мұнай-газ секторы үшін қазақстандық тауарлар мен қызметтер жеткізілімінің артуына ықпал етеді. Жұмысты ұйымдастыру жаңа жүйелі деңгейге шықты - министрліктердің, жер қойнауын пайдаланушылардың, қазақстандық тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілердің іс-қимылдары үйлестірілді. Осы бағыттағы істің нақты жай-күйін бағалауға және тиімді түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін қол жеткізімді есептілік жүйесі қалыптастырылды. Мұнай-газ секторының салалық бағдарламасының маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі мұнай-газ жабдығын өндіру, қызметтер нарығын құру және саланы отандық ғылыми және технологиялық әзірлемелермен қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары толығымен транспарентті - конкурстар туралы ақпарат қол жеткізімді, конкурстарды өткізу шарттары қазақстандық компаниялар үшін кемсітілушілікті болып табылмайды, бағалаудың қолданылатын өлшемдері түсінікті және әділ. Қазақстандық компаниялардың технологиялық жабдықты қоса алғанда тауарларды, қызметтерді жеткізудегі үлесі өсуде. Мұнай секторы өнеркәсіптің сабақтас салаларының өсуінің зор катализаторы болуда.
Кадрлар даярлау саласында дәстүрлі кәсіпорындар (мұнай өндіру, тасымалдау, мұнай өңдеу) бойынша қызметкерлердің құзыреттілік деңгейі барлық деңгейдегі артуда. Ірі мұнай-газ жобалары бойынша ұлттық менеджерлер негізгі тұғырларды алуда, жоғары және орта басшы буын лауазымдары бойынша білікті ауыстыралытн адамдар дайындалған.
6. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Саланың жаңа бағыттары (мұнай-химия, теңізде мұнай өндіру, металл конструкциялары зауыттары, кеме верфтері) бойынша жаңа өндірістер үшін барлық деңгейде мамандарды оқыту және даярлау ұйымдастырылған, қажетті кадрлар дайындалған.
Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тартылатын мердігерлік құрылыс компанияларының персоналы бойынша ұлттық кадрлар үлесінің жоғары деңгейіне қол жеткізілді, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарға қажеттілік төмендетілді.
7. Қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу
Тарихи ластанулармен байланысты экологиялық мәселелер шешілді (қамбалар, тастанды ұңғымалар, күкірт). Көмірсутегілерін барлау және өндіру қоршаған ортаға ең аз әсер етумен жүргізіледі, төтенше жағдайларға ден қоюдың тиімді жүйесі қызмет етуде.
2 тарау. Мұнай мен газ өндірісті саласын жоспарлау негізі
2.1. Мұнай мен газ өндіруді дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы шарттары

Өндірістің одан әрі өсуі Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын қарқынды игеруге, Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің басталуына байланысты. Жоба операторларымен бірге аталаған кен орындарында жаңа ірі кеңейтулер үшін мүмкіндіктерді зерттеу жалғасуда.
Теңіз кен орнын одан әрі игеруді дамыту үшін осы әсер ету әдісінің шынайы нәтижелерін алу және газды кері айдау көлемдері мен мөлшерлері туралы сараланған шешім қабылдау мүмкіндігін алу үшін өндіру және айдау ұңғымалары қорының, олардың жұмысы тәртібінің, газды қайта айдау технологиялық жобалық құжатқа сәйкес келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру талап етіледі. Бұған Теңізшевройл Екінші Буын Зауытының өнімділігі мен жүктелгендігі және шығарылатын мұнай қорларын іріктеу деңгейі байланысты болады.
Теңізшевройл ЖШС Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) шеңберінде шикі мұнайды кері айдау технологиясын қолданып, өндірісті одан әрі кеңейту нұсқаларын қарастыруда. БКЖ негізгі мақсаты - мұнай өндірудің жалпы көлемін ұлғайтумен, шикі мұнайды тәжірибелік кері айдаудың және оның Теңіздің платформалық бөлігінде таралудың табысты өтуіне негізделген, өндірістік қуаттардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Жоба операторы жылына 12 млн. тонна мұнай өңдеу қуатын көздейтін нұсқаны ұсынады. Осы уақытта БКЖ жобасы 2-фазаның аяқталу сатысында тұр. 2-ші фазадан 3-ші фазаға ауысу (эскиздік жобалау, ұзақ жасалатын материалдар мен жабдықтарға ерте тапсырыс жасау) 2010 жылдың III-тоқсанына жоспарланды. 4-ші фазаның аяқталуы (егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс) 2016 жылға жоспарланды.
БКЖ іске асырудың орындылығы туралы түпкілікті шешім 2-ші фаза аяқталған кезде ұсынылатын жобалық шешімдірді негіздеу жөніндегі құжаттар пакетінің негізінде жобаның техникалық және экономикалық көрсеткіштерін талдаудан кейін қабылданатын болады.
БКЖ зауытын салуға шығындар (мұнайды сепарациялау және мұнайды алғашқы өңдеу, газ айдау объектілері), ұңғымаларды бұрғылауға және ұңғымаларға арналған алаңдарды, сондай-ақ сағалық қысымды төмендету объектілерін салуға қосымша шығындар талап етіледі.
Қарашағанақ кен орнын игеру перспективалары кеңейтуді талап ететін жер үсті құрылыстарының өнімділігі мен жай-күйіне тығыз байланысты. Сондай-ақ өндіруші және газ айдаушы ұңғымалар қорын ұлғайту және ұңғымалар жұмысының технологиялық режимін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу сұйық көмірсутегі өндірісінің жаңадан өсу мүмкіндігі болып табылады.
2004 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының мердігерлік учаскесі Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі - ӨБТК) шарттарына сәйкес кен орнын игерудің келесі сатысын - 3-Кезеңнің іске асырылуы 2М Кезеңінде қол жеткізілгендерді одан әрі өсіру (11 млн. тонна) және газдың артық көлемдерін кәдеге жарату мақсатымен жұмыстар бағдарламасын орындауды көздейді.
3-Кезеңін іске асыру нұсқасын таңдаған кездегі жалпы стратегия коллектор мен өндірістік объектілердің мүмкіндіктерін, экспорттың мүмкіндіктерін жобаның экологиялық тартымдылығын ескере отырып, сұйық көмірсутегілерінің жеткізілімдері көлемін барынша көбейтуде.
Қазақстан Республикасының өндірілетін газдың өсе түсетін көлемдерін тиімді кәдеге жарату мәселесін шешуі 3-Кезеңді іске асырудың негізгі шарты болып табылады. Осыған байланысты 2007 жылғы 31 мамырда Мердігер (КПО б.в.) мен ҚазРосГаз ЖШС арасында ұзақ мерзімді газды сатып алу-сату шарты жасалды.
2006 жылы Мердігер Қарашығанақ жобасының 3-Кезеңін іске асыру тұжырымдамаларын зерттеуге кірісті. Қазіргі уақытта 3-Кезеңге қатысты келіссөздер жалғасуда, Қарашығанақ кен орнын игерудің 3-Кезеңі тұжырымдамасына техникалық шолу жүргізу көзделуде.
Қашаған кен орныны игерудің 2-Кезеңі Базалық Жобалау сатысында, оның 2013 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. 2-Кезең тәуілігіне 1 млн. баррельге дейін (46 млн.тжыл) өндіру деңгейіне қол жеткізу үшін тәуілігіне 275 мың баррельден екі кезекті қамтиды. Сонымен бірге, Солтүстік Каспий жобасының Операторы (Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.) кен орнын игерудің 2-Кезеңі құнының шығындарын төмендету және оның экономикалық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.
Қашаған кен орнының алып көмірсутегі қорларын әртүрлі компаниялардың күшімен, бірлесіп қана игеруге болады, сондықтан бұл кен орны бойынша әсер ету әдістері мен игеру тәсілдерін жете саралап әзірлеу қажет. Қазіргі уақытта консорциум осы бағытта жұмыс жүргізуде.
Геофизикалық, петрофизикалық және физика-химиялық зерттеулердің, сондай-ақ қысқа мерзімді ұңғымалар сынаудың, компьютерлік геологиялық-гидродинамикалық модельдеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, түрлі компаниялардың мамандары жаңа Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасын дайындап, мемлекеттік органдардың қарауына жолдады.
Жобаға сәйкес Қашаған кен орнының шығыс учаскесінде кен орнын кең ауқымды игеру үшін жобалық шешімдер қабылдау мақсатында ілеспе газды қайта айдау тиімділігін зертеу және бағалау жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар жүргізу ұсынылады. Осы жоба іске асырылған жағдайда 2015 жылға қарай Қашаған кен орныны игеруді әрі қарай дамыту жолдары мен перспективалары туралы ақпарат пайда болады.
Жоғарыда аталған барлық кеңейту жобалары бойынша техникалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қарау талап етіледі. Қазақстанда мұнай өндіру болжамы келесі 1-кестеде көрсетілген.

4-кесте. 2010-2014 жылдарға арналған мұнай өндіру болжамы

млн. Тонна

2009 ж. (факт)
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
мұнай және газ конденсаты
76,5
80,5
81,0
83,0
83,0
85,0

Бірқатар кен орындары бойынша, игерудің соңғы сатыларында, негізінен ҚазМұнайГаз БӨ АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының шеңберінде, пайдалануда жалғастырудың экономикалық тиімділігі мәселелері туындайды.
Экономикалық тұрғыдан игерудің соңғы сатыларына мынадай белгілер тән:
- мұнай қорларын игеру үшін талап етілетін инвестициялардың басым бөлігі жасалып қойды - ұңғымалар бұрғыланды, жайластыру объектілері жұмыс істеуде;
- қолда бар негізгі қорлар айтарлықтай физикалық тозу деңгейімен сипатталады және жаңа инвестицияларды талап етеді (дублер-ұңғымаларды бұрғылау, құбыр жүйесі мен өзге де жабдықтарды ауыстыру);
- өндірістің тұрақты деңгейлерін қолдау үшін қабаттардың мұнай қайтаруын арттыру саласындағы жетістіктерді, сондай-ақ қабаттарды ашудың жаңа технологияларын (тік ұңғымаларды бұрғылау және екінші оқпады кесу) енгізуді дәлелдеу қажеттілігі туындайды;
- кез келген технологиялық шешімдердің экологиялық қауіпсіздік факторының рөлі күшейді.
Игерудің соңғы сатылары үшін экологиялық проблемаларды шешудің маңызы зор болады. Бұл дамыған мұнай және мұнай өңдеу өндірісінің жоғары техногендік жүктемесіне, сондай-ақ пайда болған әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тығыздығына байланысты. Осыған орай қолданылатын технологиялық шешімдерді кешенді бағалаудағы әдістемелік жолдарды айқындау қажеттілігі туындайды.
Тиісті қаржыландыру болған жағдайда:
- кен орындарының нақты жағдайлары үшін мұнай қайтарымдығын арттыратын ағындарды қайтаратын технологияларды бейімдеу және енгізу;
- тұтқырлығы жоғары және ауыр мұнайды жылыту әдісімен өндірудің жаңа жоғары тиімді жылыту әдісін негіздеу және енгізу;
- кен орындарының қиын шығарылатын мұнай қорларын өндіру үшін қабаттарға газбен және су-газбен әсер ету технологияларын негіздеу және енгізу;
- мұнай және газ ұңғымаларын күрделі жөндеу және бекіту сапасын арттыру;
- мұнай және газ ұңғымаларындағы селективтік оқшаулау әдістері;
- өнеркәсіптік құбырлардағы тоттанумен күресу;
- мұнай қайтарымын артыру, ұңғымалардың кен жар маңы аймағы бойынша, фильтрациялық эксперименттер жүргізу бойынша мамандандырылған зертханалар құру жөніндегі жобалар сияқты мәселелерді шешу мүмкін болар еді.
Болжам бойынша 2010 жылы республикадағы газ өндіру деңгейі шамамен - 37,0 млрд. тек. м, ал 2014 жылға қарай - шамамен 55,8 млрд. тек.м құрайтын болады.
Өз қажеттіліктеріне пайдаланатын газды, сондай-ақ кері айдау көлемдерін ескергенде, 2009 жылы тауарлы газды өндіру және шығару балансы және 2014 жылға дейін күтілетін болжамды көлемдер 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. 2009 жылы тауарлы газды өндіру және шығару балансы
және 2014 жылға дейінгі болжам
млрд. тек.м.

Көрсеткіш атауы
2009ж
2010ж
2011ж
2012ж
2013ж
2014ж
1
Шикі мұнай өндіру, барлығы
36,0
37,0
43,6
44,8
53,5
55,8
2
Шикі газды пайдалану, о.і.
16,3
14,5
16,4
15,9
20,0
22,3
2.1
өз технологиялық қажеттіліктерге, о.і. газды жандыру
7,5
6,1
6,0
5,5
7,7
7,7
2.2
қабатқа қайта айдау
8,8
8,4
10,4
10,4
12,3
14,6
3
Құрғақ газ өндіру, о.і.
19,7
23,3
27,2
28,9
33,5
33,5
3.1
Жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық қажеттіліктеріне тұтынуы (ГТУ және т.б.)
3,0
3,3
3,6
3,6
4,0
4,0
3.2
таратылатын тауарлы құрғақ газ
15,6
20,0
23,6
25,3
29,5
29,5
3.3
Газды ПХГ айдау
1,1
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0

Үлкен тереңдіктегі мұнайгаздылықтың ғылыми-негізделген болжамы және мұнайдың тұз асты кешенге көшіп-қонуы моделдері жоқ. Жүргізілген зерттеулер барланған қорлардың негізгі және көмірсутегі шикізатын өндіру өсімін Каспий теңізі айдынында күткен жөн екенін көрсетті.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының II-кезеңіне сәйкес 2005 жылғы желтоқсанда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегінде эксклюзивті емес геофизикалық зерттеулер арқылы мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта жеке инвесторлардың есебінен жер қойнауын пайдалану бойынша 75 келісім-шарт жасалды, барлау және өндіру бойынша 76 келісім-шарт жасалды. Олардың ішіндегі конкурс жеңімпаздарымен 19 келісім-шарт 2007 жылы, 13 - 2008 жылы және 7 келісім-шарт - 2009 жылы жасалды.
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқын беру екі тәсілмен жүргізіледі: конкурс өткізу жолымен және ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы. 2007 жылдың сәуірінен бастап конкурстар өткізудің тоқтатылуына байланысты көмірсутегі шикізатының жаңа объектілеріне жер қойнауын пайдалану құқықтарын ұлттық компания ғана тікелей келіссөздер негізінде береді.
Дегенмен, жер қойнауын пайдалану құқын алу конкурстары мына қағидаттардың орындалуын қамтамасыз етеді:
- конкурс шарттарының ашықтығы (транспаренттік);
- объектінің нарықтық бағасын айқындау;
- дәйекті түрде негізді инвестициялық тәуекелдерді қабылдау;
- қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтау;
- ең технологиялық және тәжірибелі жер қойнауын пайдаланушыларды тарту.
Геологиялық барлау жұмыстарын толығымен республикалық бюджет есебінен жүргізу орынсыз. Осыған орай барлау құқықтарын алуға арналған конкурстарды жүргізуге шектеулерді алып тастау қажет. Бүл ретте геологиялық тәуекелдерді жер қойнауын пайдаланушыларға ауыстыру жолымен, мемлекет олардан босатылады.
2.2. Мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға шоғырлану қажеттігі, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруге ұмтылуы саланың нормативтік техникалық базасын жетілдіру қажеттігіне әкеледі. ДСҰ талаптарына сәйкес ДСҰ мүше елдің нормативтік базасы саудада техникалық кедергілер келтірмеуі тиіс және халықаралық стандарттардың талаптарымен үндесуі тиіс.
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның (ИСО) мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының халықаралық техникалық реттеу жүйесіне өту процесін оңтайландыру үшін Қазақстан салада қолданылатын стандарттарды әзірлеумен айналысатын ИСО техникалық колиттеріне, кіші комитеттеріне және жұмыс топтарына қатысуын кеңейтті, бұл Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары мамандарына халықаралық стандарттарды жасауға тікелей қатысуға, қажетті тәжірибе жинақтауға, құжаттарды әзірлеген кезде өз елінің мүдделерін белсенді қорғауға мүмкіндік береді.
2005 жылдың мамырында "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуі Қазақстан Республикасының шетелде қабылданған және халықаралық стандарттарға негізделген техникалық реттеу моделіне көшуіне түрткі болды.
Стандарттау саласында мұнай-газ саласының алдында үлкен міндеттер тұр. Оларды халықаралық стандарттармен үндестіріп бірқатар жаңа мемлекеттік стандарттар әзірлеу, бірқатар бар стандарттарды, оның ішінде бұрынғы салалықтарды (ССТ) қайта қарау, мемлекеттік ретінде бірқатар халықаралық стандарттар қабылдау қажет.
Әлі күнге дейін мұнай-газ саласы ұйымдары бұрынғы КСРО нормативтік-техникалық құжаттарын қолданады, оларды қайта қарау және қысқа мерзімдерде өңдеу мүмкін емес, өйткені ол уақыт пен едәуір қаржы шығындарын талап етеді.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген сәттен бастап магистралдық құбырларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, олардың жай-күйін техникалық тексеруге және бақылауға, газ өнеркәсібі объектілерін пайдаланған кезде авариялар қаупін бағалауға, газ құбырларының сенімділігін арттыруға және т.с.с (шамамен 250) қатысты газ саласының бірқатар стандарттары өңделді. Олардың ішінде бірқатары ИСО халықаралық стандарттар (үндестіру) негізінде әзірленді.
Алайда, бұл салада жасалуы тиіс жұмыстардың жалпы көлемінің аз ғана бөлігі, өйткені әзірленген стандарттар саны, атап айтқанда мұнай-газ жабдығына, теңіз құрылыстарына және т.б. жеткіліксіз.
Стандартары әзірлеу және өңдеу саны шектелген мұнай-газ бейіні ғылыми-зерттеу институттарын тартуды талап етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясат пен басқару
Компанияның бәсекелестік артықшылығын қолдану стратегиясы
«Dara International» ЖШС
Мұнай мен газды өндіру
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері
Экономикалық жоспарлау
Электр энергия станциясы
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Пәндер