PHP-скрипті программалау тілі


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «PHP-скрипті программалау тілі»

Орындаған:

Тексерген:

Орал-2011ж.

Жоспары:

  1. Кіріспе

PHP-дің пайда болуы және даму тарихы

  1. Негізгі бөлім
  1. PHP дегеніміз не?
  1. Уеб-сайт жасаудың жолдары
  2. Apache серверін windows-қа орнату
  3. PHP-ді орнату жолы
  4. PHP-дегі мәліметтерді жолдау тәсілдері
  1. PHP операторлары, функциялары және циклдері
  2. PHP тілінің типтері
  1. Қорытынды

РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады. Ол қосымша вебсайтта пайдаланушылардың оның резюмесін сараптайды. Содан бұл қосымшамен бірнеше адам пайдаланғаннан кейін оны алғысы келетіндердің саны өсе түсті. Ледорф өзінің жаңалығын Personal Home Page Tools 1-нұсқа деп атайды және оны еркін таратуға жібереді. Осы кезеңнен бастап РНР-дің танымалдылығы арта түсті. Ылғи кездесетін жәйт сияқты оны өңдеу мен толықтыру қажет болды. Оны жүзеге асыру үшін Расмус С-ға жазылған пакеттің жаңа нұсқасын жасап шығаруға осылайша құрал жұмыстың атауға ие болады РНР /Fl /Personal Home Рage /Forms Interpreter/ ары қарай ол РНР 2 деген атаумен де белгілі болады. Бұл версия қазіргі уақытта осы күнгі РНР-ге ұқсас. Оның синтаксисі және Perl тілі стилінде ауыспалы атау алуы, болатын формаларды автоматты интерпетациялауға берілгендермен интеграциясына, және РНР операторларын html код беттерге орналастыруға мүмкіндігі болатын. Сонымен қоса бұның барлығы қате жылдам жұмыс жасайтын болды. Өйткені РНР Apаche серверіне компилирленген еді. 1997 жылы РНР 50, 000 - дай доменде қолданылады. Дәл осы жылы - 1997 жылда РНР жобасына Зив Сураски мен Энди Гутманс (Andi Gytmans) қосылды. Олар Израил университеттерінің бірінде студент болып жүріп, РНР-ді коммерциялық университеттік жобаға пайдалануға тырысты. Осы жерде олар көптеген қиындықтармен, бұл технологияның шектеулі екеніне кездесуге тура келді. Яғни Энди мен Зив РНР 2-нің алғашқы кодын үйрене отырып оған өңдеудің, әсіресе тілдің синтаксисіне қайта өңдеу қажет деген тұжырымға келді. Бірнеше ай көлемінде олар бұл тапсырманы кереметтей орындай білді. Оның үстіне бұл жұмыс оларға университеттің оқу жүктемесі ретінде сыналды. Жұмысты бітірген Зив пен Энди Расмуспен байланысты. Ол РНР-дегі барлық өзгерістерді қуана қабылдады. Осы кезеңнен бастап РНР технологиясын дамытумен айналысатын РНР Group топтары пайда болды. Бірлескен әрекет нәтижесінде алынған өнім 1998 жылы РНР-3 деген атаумен жарық көрді. Бұл жердегі РНР 3-тің басты ерекшелігі ядролық кеңеюіне мүмкіндік туды. Бұл арнайыландырылған модульді тудыратын РНР-дің жан-жақты өңдеуіне әкелді. Олардың үлесі - РНР үлкен көлемдегі деректер қоры және хаттамалармен жұмыс жасауға мүмкіндік тудырды. 1998 жылы РНР-ді қолданушылардың саны 1-ға жетті. Ал РНР интернет серверінің 10 пайыздай шамасына орнатылды. РНР жайында баспаларда 20-дан астам мақала мен 2 кітап жарияланды. РНР-3 жарық көргеннен соң Энди Тутамано және Зив Сурaски РНР-дің ядросын өңдеуге кірісті. Ең бірінші кезектегі мәселе өндірісті жоғарылатуды шешу керек еді. Zend Engine деп аталатын жақ қозғалыс бұл тапсырманы нәтижелі орындады және 1999 жылы пайда болды. РНР-4 бұл қозғалыста жұмыс жасаушы ретінде 2000 жылы жарыққа шықты. Өндірісті жоғарылатуда қосымша ретінде РНР 4-тің мүмкіндіктері зор еді. РНР 4-тің шығуымен ол интернет доменінің 20 пайыздан көбінде қолданыла бастады. 2000-2004 жылдар арасында 4-ші нұсқаны жұмсарту үшін белсенді жұмыстар жалғасты. Шамамен сол кезден бастап-ақ РНР Group жаңа версияның мүмкіндігін ойластыруға кірісті. Бірінші кезекте тілдің объектілік мүмкіндіктерін күшейту шешілді. Бұл оның жүзеге асыру үшін ірі жобаларды пайдалануға мүмкіндік берді. 5-ші нұсқаны жарыққа шығару үшін қосымша уақыт бөлінді. Оған көптеген мамандар қатысты, олардың ішінен Стерлинг Хьюза және Маркус Бергерді атап өткен жөн болар. Ақыры 2004 жылдың шілдесінде РНР-5 ресми түрде жарыққа шықты. Бірінші кезекте жоспарланғандай өңдеуде объектілермен жұмыста барлық механизм жұмылдырылды. Егер алдыңғы нұсқаларда РНР-дегі объектіге бағытталған бағдарламалау минимальды деңгейде мүмкін болатын болса, ал РНР-5 объектілік бағдарламалауды жүзеге асыруда көптеген потенциалдарға ие. Онымен қоса РНР ХМL мен жұмыс жасауда бағалы кеңейтулермен, берілгендердің әртүрлі қайнар көзіне байыды. РНР 4-дегі ХМL мен жұмыс жасауға арналған барлық негізгі кітапханалар күрделі өңдеуге ұшырады. Мынадай танымал кеңйтулер SAX, DOM, және XSLT қазір libxml2-нің құрал-сайманын пайдаланады. Сонымен қатар тағы да жаңа екі кеңейтулер қосылды - SimpleXML және SOAP.

SimpleXML XML - берілгендермен жұмысты айтарлықтай оңайлатады. Бұдан алдын РНР-да ХМL мен жұмыс мұншалықты қарапайым болмаған еді. SOAP -тың кеңеюі РНР-да ХМL - хабарламаның көмегімен басқа қосымшалармен ақпарат ауысатын сценарий құрға мүмкіндік береді. Мысалы: НТТР. РНР қосымшалы қазіргі таңдағы танымал уеб-сервистермен интеграциялауға мүмкіндік туындайды. РНР-5 MySQL (MySQL Improved) жаңа кеңeйтулер МуSQL - сервер версиясымен 4. 1. 2 және жоғарылармен жұмыс жасауға арналған. МуSQL - ға тек қана процедуралық емес, сонымен қатар объекті жобалаушылық интерфейс жүзеге асады. Бұл модульдің қосымша мүмкіндіктері SSL-ді, транзакцияны бақылауды қосады. SQLite-тің кеңеюі мәліметтерді кәдімгі файлдарда сақтайтын қоcымшаны құрастыруға мүмкіндік береді. Ол SQL интерфейсін пайдалануға мүмкіншілік тудырады. SQLite-тың маңызды ыңғайлылығы - пайдаланылу қарапайымдылығы. SQLite процедуралықпен қатар мәлiметтермен жұмыс жаcау үшін мықты объектілік - жобалаушылық мүмкіндіктері бар. SQLite-тың басқа ерекшеліктері - жоғары жылдамдық, басқарудағы күрделі механизмдердің жоқ болуы және оңай тізгіштік. Көптеген эксперттер РНР-дің бұл кеңейуінің үлкен танымалдылыққа ие болатындығын жоспарлап отыр. РНР 5-тің басқа кеңейтілуі өзінде төмендегілерді қамтиды:

  • Tidy - HTML-құжаттарды сараптау және түзету үшін.
  • Perl - Perl сценарийлерді пайдалану.
  • SPL - класстармен интерфейстердің стандарты жиынтығын анықтайтын ZE2-нің кеңеюі.
  • РDО - PHP-дің мәліметтеріне әмбебап интерфейс ұсынады.
  • PІMP - GD модульінің орнына келген, графикамен жұмыс жасауға арналған жаңа кітапхана.
  • Бұдан басқа РНР 5-те есте сақтаудың әлдеқайда жылдам диспетчері пайдаланылады.
  • РНР 5 REAR құрылымын нақты жүзеге асыруға керекті қасиеттермен толықтырылған.

PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor - «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») - Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар) . Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т. б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады. Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр. Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған. Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған. PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.

Уеб-сайтты нөлден бастап өз қолыңмен жазып шығу қиын жұмыс. Әдетте кітаптарда оп-оңай сияқты етіп көрсетеді, мысалы кітаптың атының өзі «30 күнде php» немесе «21 күнде хтмл» деген сияқты. Бұлар әрмне бастамаға жақсы. Ал шын мәнінде бұл біраз басты қинайтын жұмыс. Php-да формадағы мәліметтермен жұмыс істеудің өзін елестетіп көрелік. Формамен жіберліген мәндерді өңдеу үшін мынадай әрекеттер жасауымыз керек:
- жіберілген мәліметтің типін тексеруіміз керек.
- жіберілген мәліметтердің форматын тексеру керек.
- жіберілген мәліметтерді зиянды тегтерден тазалау (XSS-тен қорғану) .
- SQL Injection-нен қорғану.
тағы басқа . . . Бұл кодтарды жазумен қатар әрине тесттен өткізіп, жұмыс істеу қабілетіне көз жеткізуіміз де керек. Бұл тек бір формадағы мәліметті өңдеу ғана. Ал енді қолданушыларды тіркеу, оларға рөл беру тағысын тағы . . .

Қазір уеб-сайт жасаудың негізгі үш жолы бар:

1) Тек, «таза» php-ді қолдану арқылы, қосымша «кітапханаларын» пайдаланып әрине. Бұл жолмен сайт жасау көп жұмысты керек етеді. Есесіне көп нәрсе үйренуге және біраз тәжірибе жинап алуға болады. Кішкентай сайт жасалатын болса, визитка сияқты, сол кезде осы жолмен жасаймыз. Уеб-сайтты тек php-ді қолдана отырып жасағанда кез-келген функцияны, қалаған түрімізде жаза аламыз.

2) Дайын дүниені қолдану. Қазіргі таңда CMS-терді қолданып уеб-сайтты 2-3 сағатта зырылдатып жасап шығуға болады. Мұндағы CMS дегеніміз Content Management System - (Контентті Басқару Жүйесі) . Бұл жүйелерді қолдану үшін php-ді білудің аса қажеті жоқ. Бұл жасалатын сайтқа да байланысты әрине. CMS-ті қолданғанда ең қиын нәрсе, қиын емес, уақытты алатын нәрсе «аударма жасау». CMS-терді қазақтар жазбағандықтан, ағылшын немесе орыс тілдерінде жазылған нұсқаларын қолдануға тура келеді. Аударып болғаннан кейін толық аударылды ма, аударылмаған сөз қалып кеткен жоқ па соны да дұрыстап тексеріп шығу керек. Осы тұсқа мән бермегендіктен ба, әйтеуір қазақ сайттарында қазір ана жерінде ағылшынның бір сөзі, мына жерінде орыстың бір сөзі кезігіп жатады.

Әрине, CMS-ті қолданып сайт жасау уақыт жағынан, басты ауыртпау жағынан тиімді, бірақ php-дің ләззатынан құр қаласыз. Өйткені CMS-ті қолданғанда мандытып ешқандай код жазудың керегі жоқ. Барлығы дайын. Қазіргі таңда кең тараған CMS-тер: wordpress, joomla, drupal… Бұл тізімдегінің біріншісі қазақ интернетінде көп кездеседі.

3) Фреймворк қолдану арқылы: Фреймворктың жұмысы MVC моделіне негізделген. Бұл жердегі MVC (Model-View-Controller) -(Модель-Көрініс-Контроллер) . Фреймворкта жасағалы жатқан сайтымыз логикалық үш бөлікке бөлінеді:
Модель (Model) - мәліметтермен жұмыс істейді. Мысалы, жазбаларды деректер қорына енгізу, өшіру сияқты.
Контроллер (Controller) - бұл басқару орталығы сияқты. Шолғыштан келген сұраныстарға жауап береді. (қай бетті ашу керек деген сияқты)
Көрініс (View) - Шолғышқа жіберілетін html бетті жасайды.

Бұл жерде бір бөлікке жасалынған өзгеріс екінші бөлікке минималды әсерін тигізеді, әсер етпейді дерліктей. Мысалы, моделге енгізілген өзгеріс, көрініске тигізетін әсері минималды болады. Фреймворк жоғарыда көрсетілген тізімдегі бірінші мен екінші пункттің ортасында десек болады. Фреймворк қолданғанда функцияларды еркін, өз бетіңше жаза алмайсың. Бұл жерде әр фреймворктың өзіне тән қағидалары болады, функциялар сол қағида бойынша жазылады. Сосын бұл жерде көптеген функциялар дайын, жазылып, тестіленіп қойған. Фреймворктың артықшылығы да осы. Көптеген функциялар жазылып, тесттен өткізілген.
Қазіргі таңда кең тараған фреймворктарға келетін болсақ, олар: ZendFramework, Yii, Cakephp, CodeIgniter тағысын тағылары. PHP-дің икемділігі, қарапайымдылығы жағынан ең танымал скриптті программалау тілі екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар. Десек те, сайт жасау барысында, PHP-ді ұзақ уақыт қолданғанда бірдей кодтарды, сценарилерді қайта-қайта көп қолдануға тура келеді. Мысалмен айтсақ, PHP қолданып бір сайт жасап жатырмыз делік. Әр сайтта болатыны сияқты бұл сайтымызда да форма жасайық. Бұл формаға қолданушылар мәлімет енгізеді. Ол мәліметтерді деректер қорына енгіземі. Енгізбестен бұрын, бұл мәліметтерді сүзгіден (фильтрден) өткізіп алуымыз керек. Нені сүземіз? Қолданушылар тарапынан жіберілуі мүмкін болған «қауіпті» мәліметтерді (Validate, Sanitize т. б тәсілдермен) сүзіп аламыз. Сүзгіден өткізуіміз үшін біршама код жазамыз. Бұл кодымызды қателіктері бар-жоғына тексереміз. Бұл нәрсе барлық сайтта болады. Келесі сайт жасағанымызда да осы процессті қайталауға мәжбүр боламыз. Әрине, PHP-ді енді үйреніп келе жатқанда, бұлай қайталай беру PHP-ді тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Бірақ, ұзақ уақыт өткенде, адам бұдан жалығады. Бәлкім, қайталана беретін бұл кодтарды сақтап, копипаст жасай берсек болатын шығар. Жоқ, одан да мықты Фреймворк деген «дүние» бар. Фреймворк ағылшыншадан тікелей аударғанда «қаңқа» деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, фреймворктар біздің жасайтын сайтымыздың қаңқасы. Көрініс жағынан емес, функционалды жағынан. Кез-келген сайтта болуы керек болған функциялар, әлгі сүзгілер фреймворктардың ішінде жазылып, қателіктерге сан мәрте тексеріліп қойған. Фреймворктарда біздің уақытымызды үнемдейтін біраз «сұрақтарға» дайын шешімдер бар. Фреймворктар MVC қалыбына негізделген . Қазіргі таңда фреймворктардың түрлері өте көп. Олардың біразы: CodeIgniter, CakePHP, Zend Framework, Kohana, Yiiframework. Әрине, PHP-ді жетік білетіндер фреймворктарды қолданбайды. Олар, фреймворкты өздері-ақ жазуы да мүмкін. Бірақ, уақыт үнемдеу үшін, PHP-мен жұмыс істеу тәжірибесі аз адамдардың, фреймворкпен жұмыс істеуі ұтымды шешім. Ал енді, фреймворк қолдану керек пе, CMS қолдану керек пе немес таза PHP-дің өзін қолдану керек пе деген заңды сұрақ туындайды. Бұл, сайт жасайтын адамға, жасалатын сайтқа байланысты. Бұл туралы кейінірек жазармыз . . . MVC - Model, View, Controller сөздерінің басқы әріптері. MVC - бұл өзінше бір қалып (шаблон) . Бұл қалып сайт жасау саласында көп қолданылады. Келесі жазбаларымыздың тақырыбы болатын PHP фреймворктар осы MVC қалыбына негізделген. MVC тақырыбын түсіне білу үшін php тілін білумен қатар OOP (Object Oriented Programming) - Объектіге Бағытталған Бағдарламалауды да білу керек.

MVC өзі үш компоненттен тұрады. Олар:Модель, Көрініс және Контроллер. Бұл айтылғандар қалай жұмыс істейді. Соны жалпақ тілмен айта кетейік. Бұл жердегі көрініс деп отырған компонентіміздің міндеті - көрсету, мәліметтерді көрсету. Моделдің міндеті - деректер қорымен байланыс, деректер қорына мәліметтерді енгізу, өшіру, өңдеу. Ал контроллер болса осы екі компонентті байланыстыратын түйін десек болатын шығар. Бұл дүние қалай жұмыс істейді? Айталық қолданушы бір сұраныс жасады - біздің MVC қалыбына негізделіп жасаған сайтымыздағы бір мақаланы ашты делік. Яғни, шолғышына былай жазды mysal. kz/index. php?id=1. Мұндағы mysal. kz біздің сайтымыз. Контроллер бұл сұранысты алады да, ішіндегі мәліметті Моделге береді. Мұндағы мәлімет - 1 саны. Бұл сан қолданушы оқымақшы болып отырған мақаланың деректер қорындағы id-і (нөмірі) . Модел деректер қорынан 1-ші нөмірлі мақаланы алып, контроллерге береді. Контроллер ол мақаланы Көрініске береді. Көрініс оны қолданушыға береді, яғни қолданушының шолғышында көрсетеді. Осы айтқандарымызды қарапайым бір мысалмен көрсетелік:Алдымен деректер қорын құрып алайық. Деректер қорымыздың аты jazbalar болады. Бұл деректер қорына төмендегі код арқылы мәліметтер кестесін құямыз.

view source

print?

1. CREATE TABLE IF NOT EXISTS `makala` (

2. `id` int(2) NOT NULL AUTO_INCREMENT,

3. `title` varchar(200) DEFAULT NULL,

4. `text` text,

5. PRIMARY KEY (`id`)

6. ) ENGINE=InnoDB DEFAULT CHARSET=utf_unicode AUTO_INCREMENT=3 ;

Кодтан көргеніміздей мәліметтер кестеміздің аты makalа. Енді локалды серверімізге mvc деп аталатын сайт жасаймыз. Сайтымыздың бумалары (папкалары) мен файлдары төмендегі суреттегідей болады:Мұндағы model. php файлының ішінде төмендегідей код болады.

view source

print?

01. class Model{

02. private $host="localhost";

03. private $user='root';

04. private $password='';

05. private $db='jazbalar';

06. private $table='makala';

07.

08.

09. function getMakala($id)

10. {

11. $this->_connectDB() ;

12. $query="SELECT * FROM ". $this->table. " WHERE id=$id";

13. $query_result=mysql_query($query) ;

14. $row=mysql_fetch_assoc($query_result) ;

15. return $row;

16.

17. }

18.

19. private function _connectDB()

20. {

21. $connect=mysql_connect($this->host, $this->user, $this->password) or die('Деректер қорымен байланыс жоқ') ;

22. $db=mysql_select_db($this->db, $connect) or die('Деректер қоры табылмады') ;

23.

24. }

25. }

model. php файлындағы кодтарды айта кетсек. Біз бұл жерде Model деген класс жасадық. Бұл класстың айнымалылары және функциялары (методтары) бар. _connectDB() функциясы бізді деректер қорымен жалғайды. getMakala() функциясы болса, сол деректер қорынан нөмірі $id мәніне тең болған мақаланы шығарады. Бұл мән модельге контроллерден беріледі (төменде) .

Ал controller. php файлында мынандай код болады:

view source

print?

01. require_once". /model/model. php";

02. class Controller{

03.

04. function showMakala($id)

05. {

06. $obj=new Model() ;

07. $makala=$obj->getMakala($id) ;

08. require_once". /view/view. php";

09. }

10.

11. }

controller. php файлында бірінші require_once функциясы арқылы мұның алдында жазған model. php файлын жалғаймыз. Сосын Controller деп аталатын класс құрамыз. Бұл класстың showMakala() деп аталатын жалғыз функциясы бар. Бұл функцияға $id параметрі қолданушы тарапынан беріледі. Бұл ол параметрді алып, модельдің getMakala() функциясына береді. Сонымен қатар require_once функциясы арқылы view. php файлын жалғайды.

Енді view. php файлының ішіне былай жазамыз:

view source

print?

01. <!DOCTYPE html PUBLIC "-//W3C//DTD XHTML 1. 0 Transitional//EN" "http://www. w3. org/TR/xhtml1/DTD/xhtml1-transitional. dtd">

02. <html xmlns="http://www. w3. org/1999/xhtml">

03. <head>

04. <meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=utf-8" />

05. <title>MVC</title>

06. </head>

07. <body>

08. <h2><?php echo $makala['title'] ; ?></h2>

09. <p>

10. <?php echo $makala['title'] ; ?>

11. </p>

12. </body>

13. </html>

Бұл кодтан көретініміздей view. php файлында хтмл кодтар жазылған, яғни көрініс. Бұл жердегі $makala массиві контроллер тарапынан келді.

Ал index. php файлының ішіне былай жазамыз:

view source

print?

1. require_once"controller/controller. php";

2. $show=new Controller() ;

3. $show->showMakala($_GET['id'] ) ;

index. php файлы шолғыш тарапынан болған сұранысты қабылдайды. require_once функциясы арқылы controller. php файлын қосады. Сосын controller. php файлындағы Controller класының showMakala() функциясын іске қосады. showMakala() функциясының қызметі жоғарыда айтылды. Енді деректер қорына мақала енгізіп, бұл мысалды локалды серверде жасап жатқандықтан, шолғышқа былай жазсақ: http://localhost/mvc/index. php?id=1. Енгізген мақаламызды көре аламыз. id=2 немесе id=3 деп әр мақаланы көруге болады. Әрине, біз бұл жерде MVC қалыбын қарапайым тілмен, қарапайым кодтармен түсіндіруге тырыстық. Шын мәнінде, ол күрделілеу болады. Және объектіге бағытталған php-ді білуді талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Web- программалау тілдері
PHP тілі
«Iprint» типографиясының дайын өнімінің құнын есептеуді жеделдету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру
Интернет дүкен туралы
РНР функциялары
Қазіргі заманғы Qazaq Premier League (Футбол) кроссплатформалы бағдарламасын құру
Спорт тақырыбына арналған веб - портал құру
PHP тілі туралы
Даулет– Жаркент кәсіпқой спорт клубына арналған веб–қосымша құру
Электронды сөздік және қағаз сөздіктердің салыстырмалы мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz