Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 тарау. КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО . ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс . шараларын ұйымдастыру және жоспарлау ... ... ... .5
1.2 Мұнай мен газды өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.3 Мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2 тарау. МҰНАЙ ГАЗ ӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖОСПАРЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ, ЖОСПАРЛАУ ТҮРЛЕРІ
2.1 Нарық жағдайында кәсіпорын (фирма) жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Жоспарлау элементтері мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2.3 Жоспарлау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
КІРІСПЕ
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-экономикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2012 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 28,8 %, ал 2011 ресми есеп бойынша - 25,8% құрады.
2012 жылы минералдық – шикізаттық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
2012 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд.теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады. Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің деректері бойынша газ тұтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд.м3 құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6% көп.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мухтаров А.К. Загрязнения природной среды, связанные с нефтью и нефтепродуктами // Нефть и газ (Казахстан). – 2006ж.
2. Махин В. На пути к Евразийскому союзу //Казахстанская правда - 2003.-14 мая.- С.6-8;
3. Дәуренбекова Ә.Н. Өндірісті ұйымдастыру // «Экономика» баспасы. 2007
4. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық іс-әрекеттерді жандандыруда трансұлттық компаниялардың қызметін жетілдіру. // Хабаршы ХҚТУ.-№3.- 2008ж.
5. Чердабаев М.Т. Основные этапы становления и развития нефтегазовой промышленности Казахстана // Нефть и газ (Казахстан). – 2006ж.
6. Шетелдік инвестициялау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі тетіктері. // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. -2008ж.
7. Жаһандық экономика және Қазақстан. // Егемен Қазақстан. №151, 2009
8. Яковлев А. В. // Нефть и газ (Казахстан). – 2008ж.
9. Н.Ә.Назарбаев Сындарлы он жыл. «Атамұра» баспасы.2008 ж.
10. Қ.К. Тоқаев. Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты. 2009 ж.
11. Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында. «Атамұра» баспасы. 2009ж.
12. Ж.Әкіміш. Мұнай, Биожанармай және туберкулез // Жас Алаш. №69. 23 тамыз. 2009 ж.
13. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағлануы. // Егемен Қазақстан, 2007 ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс - шараларын ұйымдастыру және жоспарлау ... ... ... .5
1.2 Мұнай мен газды өндіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.3 Мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ..25

2 тарау. МҰНАЙ ГАЗ ӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖОСПАРЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ, ЖОСПАРЛАУ ТҮРЛЕРІ
2.1 Нарық жағдайында кәсіпорын (фирма) жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...30
2.2 Жоспарлау элементтері мен кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3 Жоспарлау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .39

КІРІСПЕ
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-экономикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика органдарының оперативтік деректері бойынша 2012 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ саласының үлесі 28,8 %, ал 2011 ресми есеп бойынша - 25,8% құрады.
2012 жылы минералдық - шикізаттық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн. теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
2012 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 2,2 проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады. Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4 млрд.теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады. Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің деректері бойынша газ тұтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд.м3 құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6% көп.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады, бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
Мұнай кен орындарын игерудің соңғы сатысының техникалық-экономикалық сипаттамасы қазіргі уақытта және жақын арадағы перспективада мұнай компаниялары үшін өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қол жеткізілген мұнай өндірісі деңгейлерін тұрақтандыру, сондай-ақ өндірістің шектес салаларындағы қызмет аясын кеңейту міндеттері өзекті міндеттер болып табылатынын көрсетті.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұнай газ өңдеу кәсіпорнының жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасының көмірсутегілік шикізатын өндірудің технико - технологиялық ерекшеліктері туралы және мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жоспарлау туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндіру саласы туралы және мұнай мен газ өндіру саласын техникалық реттеу туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының нарық жағдайында кәсіпорын (фирма) жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары және жоспарлау элементтері мен кезеңдері, жоспарлау түрлері туралы жалпылама түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жоспарлау
Мұнай мен газды өндірудің ұйымдастыру әдістері көптеген факторлармен белгіленеді. Көбінесе олар мұнай кенішінің табиғи жағдайларына байланысты болып келеді: шоғырдың көлеміне, қаттың қуаттылығына, оның режиміне, коллекторлардың физикалық қасиеттеріне, ұңғыманың тереңдігіне және т.б. Табиғи-географиялық жағдайлар шоғырды қазу жүйесін, мұнай алаңындағы ұңғымалардың саны мен олардың орналасуын, оларды пайдалануға енгізу тәртібін, ұңғыманың жұмыс тәртібін және қатты энергияның теңгерімін реттеуді және т.б. таңдауға негіз болады.
Өндірісті ұйымдастыру - бұл еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлестіру. Мысалы, егер өндірістік процесс бес еңбек әрекеттерінен құралып, олардың барлығы әрқайсысы өз жұмыс орнында бір уақытта орындалатын болса, онда процесс уақыт бойынша толықтай сәйкестендірілген және кеңістік бойынша бөлінген. Егер де олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай біріктіріліп және уақыт бойынша бөлінген болып келеді (бұл жағдайда уақыт үйлесімі жоқ). Осылайша, процестерді кеңістік бойынша бөлудің әр түріне оны уақыт бойынша орындаудың белгілі бір тәртібі сәйкес келеді. Бұл ретте еңбек затын бір жұмыс орнынан екінші бір жұмыс орнына беріп отырудың тәртібін ескерген дұрыс. Өндірісті ұйымдастыру - бұл еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістік бойынша оңтайлы үйлестіру әдістерінің жиынтығы. Жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалуы барысын бақылау ісі кәсіпорынның жоспарлау (жоспарлау-экономикалық) бөліміне жүктелген. Оған төмендегілер жатады:
* кәсіпорын үшін міндетті болып табылатын жоспарлардың құрылымын әзірлеу және оларды кәсіпорынның басқару органдарына олардың бекітуіне арнап жөнелту;
* өздерінің түрін кәсіпорын басшылығы бекіткен жоспарларды құрастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау жұмысына қатысатын кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтерінде материалдар мен бастапқы мәліметтерді әзірлеу;
* кәсіпорынның іс-әрекетінің аса маңызды бағыттары бойынша техникалық-экономикалық болжамдарды құрастыру;
* кәсіпорынның құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріне арнап нормативтік жоспарлау құжаттарын әзірлеу (жоспарлардың түрлері мен құрылымы);
* кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарларын сәйкестендіру;
* тұтастай кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріндегі жоспарлардың орындалуын бақылау.
Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру және оның түрлері.
Мұнай, газ және мұнай химия өнеркәсібінде еңбекақының екі негізгі түрі қолданылады:
1) Мерзімдік 2) Кесімді
Кесімді еңбекақы кезінде жұмысшының еңбекақысын іс-жүзінде шығарылған дайын өнімді (бөлшектерді, әрекеттерді және т.б.) өнім бірлігіне көбейту арқылы анықтайды. Еңбекақының шамасы соған орай сол шығаратын өнімнің саны мен сапасына тұтастай байланысты болады, бұл оны еңбек өнімділігін жүйелі түрде арттырып отыруға мүдделі етеді. Жұмысшының қазіргі кездегі еңбекақысы кезінде оның еңбегі өзінің ұзақтығымен өлшенеді. Жұмысшының еңбекақысы жұмыс істеген уақыт саны мен оның біліктілігіне байланысты болады. Бұл еңбекақы түрін көбіне өзін дәл есепке алу мен нормалау қиын болатын жұмыстарда және технологиясы қатаң реттелген өндірістерінде қолданады. Өздерінде қатаң реттелген режиммен жұмыс істейтін және жұмысшының өндірімін жеке түрде есепке алып отыруға мүмкіндік болмайтын объектілер басым болып келетін мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында жұмысшылардың басым бөлігіне еңбекақы мерзімдік еңбекақы төлеу әдісі бойынша төленеді. Кесімді еңбекақыда мұнай өндірісінде жұмысшылардың (көбінесе жерасты және күрделі жөндеулерде еңбек ететін) 11,5%-ы және мұнай өңдеуде - 11,5%-ы тұр. Бұрғылау кәсіпорындарында кесімді еңбекақы жүйесі басым болуда. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге деген материалдық қызығушылығын арттыру үшін еңбекақы төлеудің сыйақылық жүйелері қолданылады, бұл жағдайда жұмысшыларға тікелей кесімді бағалар немесе тарифтік мөлшерлемелер бойынша еңбекақымен қатар жұмыстың белгілі түрдегі сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді. Кейінгі жылдары сыйақылық жүйелердің рөлі едәуір дәрежеде артып кетті. Жұмысшылары сыйақыларды мұнай мен газ өндіру мен өңдеу жоспарын орындауы мен асыра орындағаны үшін, ұңғыманы сапалы және мерзімінде және мерзімінен бұрын бұрғылағаны үшін, құрал-жабдықты жөндеу мерзімдерін ұстанғаны және қысқартқаны үшін алады. Жұмысшыларды өнімнің сапасы үшін, шикізатты, материалдарды, отынды, барлық қуат түрлерін үнемдегені үшін сыйақылау шарасы барған сайын кең тарауға ие болуда. Лауазымдық еңбекақылардың деңгейі бойынша кәсіпорындар бұрғылаудың көлемі мен күрделілігіне (бұрғылау жұмыстарын басқарудың үш категориясы), мұнай мен газды өндіру көлемдеріне немесе пайдаланудағы ұңғымалардың санына (мұнай өндіру басқармаларының бес категориясы), мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарының қуаттылықтарына (зауыттардың бес категориясы) байланысты 3-5 категорияға бөлінген.Сонымен қатар, Мемлекеттік кәсіпорын туралы ережеге сәйкес кәсіпорын біліктілігі жоғары шеберлер мен басқа инженерлік-техникалық қызметкерлерге арнап олардың еңбекақысына еңбекақы қорының жоспарлық қоры шектерінде лауазымдық еңбекақының 30%-ы көлемінде қосып төлеулерді тағайындауы мүмкін, бұл мақсаттарға арнап олар шаруашылық етуші басқарманың рұқсат етуімен кәсіпорынның еңбекақы қорының 0,3%-на дейінгі бөлігін қолданады.
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының (мұнай, газ және газконденсат) негізгі өнімін шығару мен өткізу жоспарына ең алдымен өнім көлемдерінің көрсеткіштері кіреді, бұл ретте кәсіпорынның тек дайын өнімді ғана беретіндігі ескеріледі (аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жоқ). Өндірістік қуаттылықты ұңғымалар құрайды, олар мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі өндірістік қорларының басым бөлігін құрайды. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасы өнім көлемінің көрсеткіштерімен қатар, пайдаланудағы ұңғымалардың саны мен олардың уақыт бойынша қолданылуын сипаттайтын ұңғыма-айлар түріндегі жұмыс көлемінің көрсекіштерін көрсетеді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының билігіндегі ұңғымалар қорын саны бойынша, сондай-ақ уақыты мен өнімділігі бойынша аса толық және дұрыс пайдалану - мұнай мен газды өндіру жөніндегі тапсырманы орындауға бағытталуы тиіс болатын негізгі мәселелердің бірі. Сол себептен мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасында ұңғымалар қорын пайдалану мен қолданудағы коэффициенттер түріндегі ұңғымалар қорын қолданудың көрсеткіштері көрсетіледі. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік қуаттылығы сонымен қатар ұңғымалардың өнімділігімен белгіленеді, ол кең ауқымдарда тербеледі: тәулігіне бірнеше ондаған килограмм мен бірнеше жүз тоннаға дейін. Ұңғымалардың орташа жылдық өнімділігін мұнайды өндіру ісін қарқындандыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізумен арттыру - мұнай-газ өндіру кәсіпорындары қызметкерлерінің алғашқы кезектегі жұмысы. Сондықтан бұл кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасында сонымен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері де көрсетілген.
Өндірістік бірлестік пен МГӨМ-нің (мұнай-газды өндіру мекемесі) өнімінің көлеміне мұнайдың, газ конденсатының, мұнай және табиғи газдың және т.б. өндірісі кіреді. Ол төмендегілерге негізделумен белгіленеді:
* мұнай кеніштері мен ұңғымалардың категориясы бойынша мұнай
өндірісінің жоспары;
* ұңғымаларды пайдалану әдістері бойынша мұнайды өндіру мен орташа өнімділік жоспары;
* өндіруші ұңғымалар қорын пайдалану көрсеткіштері;
* кеніштер бойынша газ конденсатын, табиғи және мұнай газын өндіру жоспарлары;
* мұнайды тұрақтандырудан алынған кең ауқымды фракцияны алу мен үлестіру;
* мұнай және газ ұңғымаларын пайдалануға енгізу жоспары;
* ұңғымалардың пайдалану қорының қозғалуы;
* жұмыстық агентті мұнай қаттарына айдау жоспары.
Мұнай-газ өндірісінің ерекшелігі сол, ол тек дайын өнімді - мұнай мен газды береді. Мұнда аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жоқ. Мұнай мен газды өндірудің технологиялық процесі бөлек сатыларға (фазаларға) бөлінбейді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасына жоғарыда аталған барлық көрсеткіштермен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері кіреді. Өнім көлемінің көрсеткіштері және оларды жоспарлау. Мұнай-газ өндіру кәсіпорны өнімі көлемінің көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:
1 Өнімді өткізу бойынша - өткізілетін өнімнің көлемі;
2 Өнімді өндіру бойынша - өндірілетін өнімнің көлемі.
Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының, сондай-ақ тұтастай кәсіпорынның бүкіл жоспарының негізгі көрсеткіштерінің біріне өткізілетін өнімнің көрсеткіші жатады. Ол кәсіпорынның жұмыс нәтижелерін ақша түрінде аса толық түрде сипаттайды. Өткізілген деп тұтынушы өзінің ақысын төлеген өнім саналады. Шығарылатын өнімнің көлемі.
1) Өнім көлемінің табиғи түрде көрсетілген көрсеткіштері:
а) мұнайдың тоннамен көрсетілген өндірісі;
ә) газ өндірісі, мың м ;
б) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген жалпы өндірісі;
в) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген тауарлық өндірісі.
2) Өнім көлемінің ақшалай түрдегі көрсеткіштері (мың ақш.бірлік):
а) тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі;
ә) жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.
Өнім көлемінің табиғи түрде көрсетілген көрсеткіштері төмендегідей:
1 Мұнай өндірісі Qн, т, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық мұнайды көрсетеді.
2 Газ конденсатын өндіру Qгк, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық газ конденсатын көрсетеді.
3 Газ өндірісі Qг, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол газ-мұнай және таза газ ұңғымаларынан алынған белгілі уақыт мерзімі аралығында пайдаланылуы (кәдеге жаратылуы) тиіс болатын газдың бөлігі болып табылады, себебі газдың қалған бөлігі пайдаланылмайды (шырақтар түрінде жанып кетеді) және есепке алынбайтын шығындар болып келеді.
4 Мұнай, газ бен газ конденсатының жалпы өндірісі Qв, т, жоспарланатын және есепке алынатын, - бұл белгілі уақыт мерзімі аралығында шығарылған мұнайдың, пайдаланылған газ бен газ конденсатының бүкіл өндірісі. Газ өндірісінің өлшем бірлігін мұнайдың өлшем бірлігімен бір эквивалентке келтіру үшін газдың көлемді мөлшері шартты газдың салмақтың мөлшеріне қайта есептеледі. Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде белгілі бір жылу шығару қабілетіне ие шартты газдың мұнайдың 1 тоннасына эквивалент болатын өлшем бірлігі қабылданады. Қайта есептеуді k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.
Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде жылу шығару қабілеті 10 000 калкг және мұнайдың 1т-на эквивалент болатын шартты газ қабылданады. Қайта есептеу k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.
Осылайша, газдың тоннамен көрсетілген эквиваленттік мөлшері келесіге тең:
Qг= Qгk
мұндағы, Qг- жоспарланған және есепке алынатын газдың мөлшері;
k - ауыстыру коэффициенті.
Онда мұнай мен газдың жалпы өндірісі берілген анықтамаға сәйкес келесіге тең болады:
Qв - Qн + Qг
5 Мұнайдың, газ бен газ конденсатының тауарлық өндірісі Qт, т, жоспарланып және есепке алынып отырған, өнімнің жалпы өндірісі одан алынған оның мұнай-газ өндіру кәсіпорнының меншікті өндірістік қажеттеріне жұмсалу мөлшері, былайша айтқанда, Qжте өнімнің тауарлық емес жұмсалу мөлшері - осы шамаға сәйкес келеді. Осылайша, мұнайды, газ бен газ конденсатын тауарлық өндіру деп тұтынушыға өткізілген өнім саналады, атап айтсақ:
а) өндірістік-тауарлық (мұнай құбырлық) кеңселерге немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына, бұл былайша айтқанда, Qө тауарлық мұнайды өткізу;
ә) басқа кәсіпорындарға, мысалы, бұрғылау жұмыстарының басқармаларына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларға - Qгш мұнай мен газдың тауарлық шығыны.
Сонымен қатар, Qок мұнайдың жыл соңына қатысты қалдықтарының Qон жыл басындағы қалдықтарына қарсы мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өткізу сыйымдылықтарымен көрсетілген өзгеруі ескеріледі.Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі келесіге тең болады:
Qт=Qв-Qр.нт+(Qо.н-Qо.к)
мұндағы , Qт - мұнай мен газдың тауарлық өндірісі;
Qв - мұнай мен газдың жалпы өндірісі;
Qон - мұнайдың жыл басына қатысты қалдықтары;
Qок - мұнайдың жылдың соңына қатысты қалдықтары;
немесе Qт= Qс+Qр.т
мұндағы , Qс - тауарлық мұнайды өткізу;
Qр.т - мұнай мен газдың тауарлық шығыны.
Өнім көлемінің ақша түріндегі көрсеткіштері.
Табиғи түрінде көрсетілген жалпы және тауарлық өнім мұнай-газ өндіру кәсіпорны өнімінің көлемі туралы толықтай сипаттама бермейді, себебі ол басқа кәсіпорындарға арнап өндірістік қызметтерді ұсынады және өнеркәсіп жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ өзінің күрделі жөндеуі мен құрылыс бойынша жұмыстарды орындайды. Өндірістік қызметтер қосалқы цехтардың дайын өнімі болып табылады. Оларға электр қуаты, бу, су және т.б. жатады. Өндірістік қызметтер өз кәсіпорнының негізгі және қосалқы цехтарына қызмет көрсетуге ғана емес, сондай-ақ күрделі жөндеуді, меншікті күрделі құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіптік емес шаруашылығына (тұрғын үй-коммуналдық кеңсе, автокөліктік кеңсе және т.б.) арналған. Қосалқы цехтардың шектен тыс қуаттылығы кезінде олардың өнімі бөгде тұтынушыларға (қалаға, көлікке, іргелес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға) сатылады. Өнеркәсіптік жұмыстар - бөгде тапсырыс берушілердің өнеркәсіптік бұйымдары мен құрал-жабдығының бөлшектерін өңдеу (ажарлау, никельдеу және т.б.) мен жөндеу жөніндегі жекелеген әрекеттер. Сонымен қатар, мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі қорларының құрамына кіретін құрал-жабдықты, көліктік құралдарды және керек-жарақты күрделі жөндеу жатады. Ақшалай түрдегі тауар өнімі дегеніміз - бұл мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы Qт.д оған қосу шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны Су, б.а.:
Т= Qт.д+Су
мұндағы , Т - ақшалай түрде көрсетілген тауарлық өнім;
Qт.д - мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы;
Су - шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны.
Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі кәсіпорынның жоспарын немесе есебін құрастыру сәтіндегі әрекетте болған көтерме бағалармен бағаланады. Осы арқылы өндірістің көлемі өндіріске жұмсалған шығындармен және кәсіпорын өндірісінің қаржылық көрсеткіштерімен байланыстырылады. Тауар өнімінің бағасына қарағанда жалпы өнімнің бағасы өзгеріссіз бағалармен көрсетіледі, себебі ол тұтастай алғанда өнеркәсіптік өнімді шығаруға жұмсалған қоғамдық шығындардың бүкіл көлемін (өткендегі және тірі еңбек) көрсетеді. Ол халық шаруашылық жоспарының бірқатар көрсеткіштерін анықтаудың базасы болып табылады және халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда елдің ұлттық табысын белгілеуге арналған база болып келетін қоғамдық өнімді құрайды.
Осылайша, ақшалай түрдегі жалпы өнім - мұнай мен газды жалпы өндірудің ақшалай түрдегі сомасы Qв.д оған қосу шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы Су, б.а.:
В= Qв.д+Су
мұндағы , В - жалпы өнім
Су - шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы.
Осылайша, мұнай-газ өндіру кәсіпорнының жалпы өнімі негізгі, қосалқы және қосымша цехтар мен өндірістердің белгілі бір уақыт кезеңі аралығында шығарған (өз материалдарынан болсын, тапсырыс берушінің материалынан болсын) бүкіл өнімінің (бұйымдарының, қызметтерінің) бағасын құрайды. Өндірістік аймақтық бірлестіктердің жалпы өнімі былайша атағанда зауыттың әдіс бойынша жоспарланып және есепке алынып отырады. Ол аймақтық бірлестіктің барлық кәсіпорындары шығаратын жалпы өнімнің сомасы болып табылады. Сатылатын өнімнің көлемі Тр - бұл сатып алушылар өзінің ақысын төлеген мұнайды, газ бен қызметтердің құны. Өткізу сәтіне сатып алушыға тиеліп жіберілген және тапсырылған өнімді сатудан түсімнің түсуі жатады. Өткізілген өнімнің көлемі тауарлық өнімнің жылдың басы мен соңына қатысты ыдыстардағы, кәсіптік коммуникациялардағы және жерасты қоймаларындағы (газ) қалдықтарын, төлеу мерзімі әлі басталмаған тиеліп жөнелтілген және өткізілген жұмыстардың тауарларын, сондай-ақ жөнелтілген, алайда ақысы мерзімінде төленбеген тауарлардың, және акцептіден бас тартуға орай сатып алушының жауапты сақтауында жатқан тауарларды ескерумен жоспарланады. Кейінгі екі жағдайда тиісті өнім жоспарланып отырған кезеңнің басына қатысты ғана ескеріледі.
Мұнай мен газдың өткізілген өнімінің жылдық көлемі келесі формула бойынша анықталады:
Тр=31+ Т1+Т2 + Т3-32-Т4
мұндағы , 31 - МГӨК-тың жоспарланған жылдың басына қатысты сол жылдың бағасымен көрсетілгендегі қоры;
Т1 - сатып алушыларға сол күнге арнап өткізілген, алайда ақшасы бекітілген ақысын төлеу мерзімінің басталмауына орай төленбеген мұнайдың, газ бен қызметтердің (тиеліп жіберілген тауарлардың) алдыңғы жоспарланып отырған (былтырғы) жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген құны;
Т2 - сатып алушы бекітілген мерзімде төлемеген мұнайдың, газ бен қызметтердің былтырғы жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген ақысы;
Т3 - тауарлық өнімнің жоспар бойынша жоспарланған жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген көлемі;
32 - өзін сатудан түсім келесі жылы түсетін МГӨК-тің жоспарланып отырған жылдың соңына қатысты жобаланған мұнай қоры, дәл сол көтерме бағамен;
Т4 - жоспарланған жылдың соңына қатысты сатып алушыларға өткізілген немесе көрсетілген, алайда келесі жылы төлеуге жататын мұнайдың, газ бен қызметтердің бағасы.
Өнімді өткізу көлеміне қосалқы ауыл шаруашылығының, совхоздардың, автошаруашылықтардың өнімдері мен өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтер жатпайды. Мұның барлығы басқа түрдегі өткізу деп саналады. Қосалқы цехтармен өндірілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер түріндегі өнім ішкі кәсіптік (ішкі цехтық) тұтынушыға арнап қолданылады, жалпы және тауарлық өнімге жатқызылмайтын ішкі айналым ретінде қарастырылады. Өндірістік бірлестіктер (кәсіпорындар) мұнай өндірудің бақылау мен шығарылған ресурстардың цифраларына негізделумен кенорындары бойынша жаңа кенорныдарын пайдалануға енгізудің кезектілігі мен іске қосу мерзімдерін белгілеумен мұнай өндірісін орналастырудың оңтайландырушы есептеулерін жүргізеді және соның негізінде бесжылдық жоспардың жобасы құрастырылады. Мұнай мен мұнай газын өндірудің бесжылдық (жылдық) жоспары ұңғылауда жатқан және техникалық жобаларға (сұлбаларға) негізделумен соған әзірленіп жатқан барлық кеніштер мен пайдалану объектілері бойынша қарастырылады. Өндірудің жылдық деңгейі келесі формула бойынша анықталады:
Qt+1 = Qсt+1+Qнt+1
мұндағы ,Qt+1 - жалпы жылдық мұнай өндірісі (жоспар бойынша);
Qсt+1 - былтырғы жылдан ауысқан ескі ұңғымалардағы дәл сол тәрізді көрсеткіш;
Qсt+1 - пайдалануға енгізілген ұңғымалардағы дәл сол тәрізді көрсеткіш; (t мен t+1- соған сәйкес былтырғы және жоспарланып отырған жылдардағы индекстер).
Кеніштер бойынша жаңа ұңғымалардың орташа тәуліктік өнімділігінің шамасы әзірлеудің технологиялық жобасымен белгіленеді. Кеніш бойынша орташа өнімділік өнімділігі тең болып келетін ұңғымалар тобы бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді. Кеніш бойынша жаңа ұңғыманың жұмыс істеу күндерінің саны ұңғымаларды пайдалануға енгізуді айлар бойынша үлестіруге негізделумен оларды салу, жабдықтау мен игеруге қатысты жоспарланып отырған мерзімдерді ескерумен қарастырылады. МГӨМ цехтар бойынша өндіру жоспарын пайдаланудың айлары мен тоқсандары, әдістері бойынша бөлумен есептейді. Мұнай газын өндірудің жоспарлық көлемі сондай-ақ сол кеніш бойынша мұнай өндірісінің көлемдеріне, жұмыстық газ факторына, қолданыстағы газды пайдалану режимі мен оны кәдеге жарату дәрежесіне негізделумен белгіленеді :
Qгt+1=Qt+1GΚг
мұндағы, Qt+1 - мұнайдың жоспарланып отырған жылдағы өндірісі, т; G - орташа газ факторы, 1000 м3т;
Кг - газды пайдалы қолдану коэффициенті.
Мұнайды әзірлеу мен айдау жұмыстары негізгі бағыттар бойынша жоспарланады. Сондықтан мұнайды айдау жоспарын, мұнайды өткізу жоспарын, сорғыштарды, мұнай құбырларын пайдалану мен жөндеу жоспарларын, мұнайды әзірлеу құрылғылары мен резервуарлық паркті пайдалану жоспары жеке-жеке жасалады. Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында МГӨМ-ның жұмысының ақырғы нәтижелері көрсетіледі, олар келесідегідей көрсеткіштермен көрсетіледі: мұнайдың брутто-тоннасының саны; мұнайдың нетто-тоннасының саны; ластануы, пайыздар және т.б. Мұнайдың брутто-тоннасының санына қабылдау мен айдауға жоспарланып отырған мұнайдың көлемі оның құрамындағы қоспаларды қоса ескерумен жатқызылады. Мұнайдың нетто-тоннасының саны кәсіптік даярлаудан өткізілген және бекітілген сапалық талаптарға сәйкес келетін мұнайдың көлемін ескереді. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мұнайының балансына енгізілген тауарлық мұнайдың көлеміне тең болуы тиіс. Мұнайды айдау жоспары өзін тоқсандарға бөлумен бір жылға арнап жасалады. Мұнайды өткізу жоспары екі бөлімнен құралады:
* мұнайды аудандық мұнай құбырлық басқармасына немесе өңдеуге өткізу;
* мұнайды басқа тұтынушыларға - бұрғылау жұмыстарының басқармасына, ТКШ-ға және т.б. тапсыру, мұнда сондай-ақ мұнайдың шығындары ескеріледі.
Бұл жоспарды тұтынушылардың талаптарына сәйкес мұнайдың сорттарына қарай құрастырады. Табиғи газдың өндірілу көлемін газ ұңғымаларының санына, олардың орташа өнімділігіне, шығындарды ескерумен белгілейді. Жоспарда газ өндірісінің пайдалану ұңғымаларының бұрғылануымен, ұңғыланған қорлардың өсімімен, сондай-ақ газ құбырларының өткізу қабілеттілігімен, газ өңдеу зауыттарының қуаттылығымен сәйкестендірілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Міндетті түрдегі шарт - жоспарланған өндіріс пен қорлардың арасындағы оңтайлы пропорцияларды сақтау. Газды өндіру көлемі +20°С температурасы мен 0,1 МПа қысым жағдайында кубтық метрмен өлшенеді. Табиғи газды өндіру жоспарында оны бұрынғы жылдардан ауысып келе жатқан, қайта әрекетке енгізіліп жатқан ескі ұңғымалардан және жаңадан бұрғыланған ұңғымалардан барынша мүмкін болатындай көп мөлшерде өндіру ескеріледі.
Жоспарланып отырған жылдағы ескі ұңғымалардағы газдың өндірісін келесі формула белгілейді:
Гс = Гt +1 Κ
мұндағы, Гt+1 - өткен жылдағы ескі ұңғымалардан газды өндірудің күтілетін мөлшері, м3;
К - геологиялық-техникалық шарттардың өзгеруіне орай газ өндірісінің өзгеру коэффициенті.
Мұнай-газ өндіру бірлестігінде (кәсіпорнында) мұнай балансы мен газ балансы жеке-жеке жасалады. Мұнайдың балансы төмендегілерді белгілейді:
өндірістік-тауарлық (мұнай құбырлық) кеңселерге немесе тікелей мұнай өңдеу зауыттарына өткізуге жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері - мұнайды өңдеуге өткізу Qс;
мұнайдың тауарлық шығыны Qр.т;
мұнайдың тауарлық емес шығыны Qр.н
Мұнайдың балансын жасаған кезде мұнайдың тауарлық ыдыстардағы жоспарланып отырған жылдың басы Qо.н мен соңына Qо.к қатысты қалдықтарының айырмасы ескеріледі.
Егер де мұнай-газ өндіру кәсіпорны бойынша мұнай өндірісі мұнайдың Qпл құраса, онда өңдеуге тапсырылатын мұнайдың мөлшерін төмендегідей қатынаспен анықтайды. Мұнайдың балансын құраушының әрқайсысын келесі түрде жоспарлайды:
Qс=Qпл - (Qр.нт+Qр.т)+(Qо.н-Qо.к)
мұнадғы, Qпл - мұнайдың өндірісін техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардан алады;
Qр.нт - мұнайдың тауарлық емес жұмсалу мөлшерін -- мұнай-газ өндіру кәсіпорнының меншікті өндірістік қажеттеріне арнап мұнайды жұмсау қажеттігіне негізделумен. Мысалы, мұнайды ұңғымаларды жууға, қатты сумен үзу жұмыстарына және т.б. арнап жұмсау мөлшерін мұнайдың сол не өзге түрдегі өндірістік қажеттерге арнап жұмсалу нормасына Нм.т.с және өздеріне арнап шығындау нормасы есептелетін жұмыстардың бірліктермен, мысалы, пайдаланудың ұңғыма-айлары Сэ көрсетілген көлеміне сәйкес анықтайды:
Qр.нт=Нм.т.сСэ
Мұнайдың тауарлық емес шығын жоспарлау кезінде мұнайдың оны эмульсиясыздандыру кезіндегі шығындары (Qпл-ның 2-3%) ескеріледі;
мұндағы, Qр.т - УБР, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен басқаларына арналған мұнайдың тауарлық жұмсалу мөлшері жоғары тұрған ұйымның мұнай-газ өңдеу кәсіпорнына беретін шектері түрінде белгіленеді; Qо.н - жоспарланып отырған жылдың басына қатысты мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының тауарлық ыдыстарындағы мұнайдың қалдығы мұнайдың есептік жылдың соңына қатысты нақты қалдығы бойынша анықталады; Qо.к - жоспарланып отырған жылдың соңына қатысты мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының тауарлық ыдыстарындағы мұнайдың қалдығы мұнайдың тауарлық резервуарларда тұрып қалу күндерінің нормативтік саны Нз бойынша анықталады, ол мұнайды өндіру, өңдеу, сақтау, айдау мен өткізу жағдайларына байланысты. Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың тәуліктік өндірілу мөлшері Qпл365 (366)-ға тең болғандықтан,
Qо.к=Qпл365(366)Нз
мұндағы, Н3 -- 2 -- 3 тәулікке тең.
Мұнайдың балансы сорттар бойынша оны өндіру жоспары бойынша жасалады, себебі мұнай өңдеу зауыттарына қатаң бекітілген сападағы мұнай өткізіледі (сорта). Осыған ұқсас түрде газдың балансы жасалады. Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының өнімді өндіру мен өткізу жоспарын орындауының негізгі шарты - бұл оның барлық бөлімшелерінің өндірістік іс-әрекетін үздіксіз түрде жедел бақылаумен олардың жөнге салынған жұмысын қамтамасыз ету. Мұндай бақылауды мұнай және газ өндіру цехтары жүргізеді. Олар мұнай және газ өндіру бригадаларының жұмысын тәулік бойы басқарады, өндіру процесінің барысын бақылап отырады, сондай-ақ өзінің көмегімен ұңғыманың жұмыс бақылауға алынып отыратын құжаттаманы жүргізеді. Кәсіпшіліктердегі мұнай өндіру жөніндегі шеберлер ұңғымалар бойынша қажетті мәліметтерді ауысымдық журналда тіркеп отырады, онда ұңғымалардың өнімділігі, жұмыс режимінің бұзылулары, тоқтап қалулардың себептері мен ұзақтылығы көрсетіледі. Жинақталған мәліметтерге негізделумен мұнай және газ өндірісі (кәсібі) цехының бастығы тұтастай тәулік бойғы жұмыс нәтижелеріне баға береді.

1.2. Мұнай мен газды өндіру
2009 жылы республикада 2008 жылмен салыстырғанда 8,3% ұлғайып, мұнай мен газды өндіру көлемі шамамен 76,5 млн. тонна құрады, мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн.тонна құрап, 8,4% өсті.
Қазақстан Республикасының аймағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша Теңізшевройл ЖШС (22,5 млн. тонна), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. ЖШС (11,9 млн. тонна), ҚазМұнайГаз БӨ АӨ (8,9 млн. тонна), СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ (6,0 млн.тонна) және Маңғыстаумұнайгаз АҚ (5,7 млн. тонна) негізгі мұнай өндіруші компаниялар болып табылды.
Республика аймағындағы көмірсутегі шикізатының құрылықта игеріліп жатқан кен орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті. Құрылықтағы өндірістің одан әр өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ кен орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Нарықтық экономика жағдайында персоналды басқарудың теориялық негіздері
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Мұнай газ өндіру компанияларының нарықтық жағдайы
Цехтың түрлері
Мұнай газ өңдіру кәсіпорнындағы өндірістің қаржылық ресурстары
Мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған қыздыру блоктары
Пәндер