Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухомлинский және т. б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.

Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.

Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел педагогтары (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский және т. б. ) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.

Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.

Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Сухомлинский, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды «етегiн кесiп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.

Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т. б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.

Шәкәрім болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ожданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.

Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.

Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы» деп ой түйіндеген.

Келесі бөлімдерде қазақ этнопедагогикасын дербес ғылым ретінде қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың этнопедагогика саласындағы еңбектеріне талдау жасауға тоқталамын

1. 1 Ж. Аймауытов туралы.

Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931) жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж. Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Ж. Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б) К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.

1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы - тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” - дейдi.

Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт - жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.

Ж. Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.

Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.

Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.

Оның жазбаларынан Л. Н. Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А. С. Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т. б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi - адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.

Ж. Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны - үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”- деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.

Ж. Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi - халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” - деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.

Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” - дейдi.

Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.

“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” - деп тұжырымдайды.

Ж. Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.

Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.

Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.

Ж. Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т. б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.

Сондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.

1. 2 Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы.

Бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігі соңда: оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға болады. Сондықтан да М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (Б. Әлмұханбетов, К. Қожахметова, М. Көпжасарова, А. Жайтапова, Ж. Қараев, Ж. Кобдикова, К. Құдайбергенова, т. б. ) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігі деп түсінеміз. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік. Ендеше курс барысында мынадай міндеттерді шешуге баса назар аудару қажет.

- Ж. Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;

- Ж. Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану-

-ЖАймауытовтың педагогикалық идеяларын пәнді оқыту құралы ретінде пайдаланудың маңызын түсіндіру;

-Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының пәнді оқытуда пайдалану жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.

жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыра отырып, нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогикалық ой-пікірлеріне сәйкес жоспарлап, сабақ барысында мақсатты пайдалану біліктілігін көтеруге қол жеткізуге болады.

Біздің отандық педагог, әлеумет және саясаттану ғалымдарымыздың тарапынан білім берудің ұлттық моделін жасау қажеттігі туралы мәселе көптен бері айтылып келеді. Ал XX ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың еңбектері екені бәрімізге белгілі. Яғни ұлттық білім беру моделін жасау ұлттық ғылымның негізін қалаушылардың еңбегінен тыс бола алмайды.

Міне, соның негізінде М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің маңызы мен құндылығын тәжірибемен ұштастыру, олардың педагогикалык идеяларын сабақта пайдалану жолдарын жасау және оны педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру жұмысымен тығыз байланыста қарастыру мәселесі туындап отыр. Курс барысында М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың идеяларына негіздей отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жаңашыл идеяларды оқытуда пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіру ісіне де баса назар аударылды. 36 сағатқа жоспарланған курс барысында М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі мен олардың педагогикалық идеяларын оқыту әрекетіңде пайдалану жолдарына ерекше назар аударылды.

Бүгінгі тандағы білім беру парадигмасындағы өзгерістер оқыту үрдісінің басты субъектілерінің бірі - оқытушының тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дайындығына баса назар аудару. Бұл орайда оқыту ісіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы ағартушы ғалымдардың ой-пікірлері ден қоярлық. Қазақ халқының тәрбие ісі ғылыми тұрғыдан дами бастаған XX ғасырдың басыңда педагогиканы тұңғыш зерттеушілердің бірі М. Жұмабаев "Педагогика" еңбегіңде оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі - мұғалімге кеңінен тоқталған. Бұл пікірлердің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Мұны " . . . тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді.

. . . баланы, заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырга көшуді естен шығармауға керек.

. . . Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде " деген пікірлері осы ойды дәлелдей түседі.

Ж. Аймауытов "Психология" еңбегінде мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы былай дейді: "Айтпай-ақ белгілі, баланың мінез-қылығын байқаушы - оқытушылар балаларынан бақылаган, тапқан-таянғанын соларды амалға тәрбиелеу үшін құрал ету керектігі; амалға неше түрлі мақсатқа қолайлы болган серпілудің бәрі кіреді".

Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:

-сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді багалау, бекіту кезінде есепке алады;

- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыга ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;

- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке ерекшелігіне сай сұрыптап береді;

- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде құрады.

Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне, әдіс-тәсіліне баға берген кезде оның сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару керек. Мұндай мұғалім тек түсіндіруші ғана емес, түсінуші (Неге олай оилайсың? Сен бұны қалай шығардың?), үйлестіруші, окушы пікірі мен дәлелдеріне құрметпен қарайтын адам болуы тиіс. Мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерінің бәрін есепке ала білуі керек, оған оқушының қалай жауап беретіндігін калайтындығы (орнында тұрып па, тақтаның алдыңда ма?), ауызша түсіңдіргенді қалай ма немесе бейнелеп бергісі келе ме, әлде суретін сала ма, т. б. бәрі кіреді.

Бұл тұрғыда М. Жұмабаевтың мына пікірі еріксіз еске түседі: "Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Сонда ол ешбір ойын жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту сықылды ұнамсыз қулықтарға орын да болмайды". Кез келген мұғалімде мұндай біліктілік кәсіби шеберліктің жылдар бойы шыңдалуымен бірге қалыптасады.

Сонымен қатар курс барысында М. Жүмабаев пен Ж. Аймауытовтың педагогика және психология саласындағы еңбектеріңдегі сабақ ұғымын ашуға көңіл бөлінді. Себебі қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық-технологиялық өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға себеп болып отыр.

Сабақта оқу-тәрбие үрдісінің барлық педагогикалық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс табады. Оның нәтижелілігі - оқушының білімді дұрыс меңгеруінің шарты. Сонымен қатар сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы зор. Әдістемелік тұрғыдан шебер, педагогика-психологиялық тұрғыдан сауатты, дидактикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған сабақ оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелілігінің кілті деуге болады. Бұл туралы ағартушы ғалым М. Жұмабаев мынадай ойлар айтады: "Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару", ал " . . . балага білім бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшіп жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек". Ғалым сабак барысында орындалатын орекетке мүқият болуды айтады: " . . . сыныпта отырганда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отыруынан, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар абай болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып сыныптың ауасын тазарту керек", сонымен қатар "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтындықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, бала өз бетімен қайдагы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді" деп сол әрекеттердің мәнін ашып көрсетеді. Яғни "Баланы тәрбие қылу - тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен куресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңгиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қыяып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек" екенін атап көрсетеді.

Сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру формасы. Сабақ жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Қазіргі психологтар
Көркем еңбек пәнін оқытудың жаңартылған техникасы
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz