Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі және оның құқық жүйесіндегі орны ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
КІРІСПЕ
Қазақстанда экономикалық жаңғыртулардың, жекешелендірулердің, монополизациядан шығу үрдістерінің жүзеге асырылуы экономика және оны басқару аумағындағы қатынастарды реттеуші заңнамалардың жаңартылуына ғана әкеліп қойған жоқ, сонымен қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік қызмет, тауарлар нарғы және т.б. түсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға көшу, экономиканы мемлекеттік реттеудің түбегейлі өзгеруі, құқықтық реттеуде заңның рөлін күшейтуді, кәсіпкерліктің әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандарының теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мүліктік қатынастарды реттеуде негізгі маңызға азаматтық құқық ие болды. Нарықтық экономика саласының мәндері бойынша бір тектес емес, алайда, бір - бірімен тығыз байланыстағы қатынастардың: тауар-ақша (мүліктік) және басқару жөніндегі маңызды екі түрі ажыратылады.
Кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы тауар-ақша қатынастарының негізінде тараптардың заңды теңдігі жатқаны мәлім. Олардың құқықтары мен міндеттері негізінен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайды.
Кәсіпкерлер үшін маңызға, сондай-ақ басқару жөніндегі қатынастар ие, олар кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша басқару органдарымен қатынастарды білдіреді. Олар үшін кәсіпкерлерге бағытталған басқару актілерінің міндеттілігі сипаттаушы белгі болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық құқық нормаларының реттеу аясынан шығып кетеді. Мәні бойынша әкімшілік – құқықтық болғанымен, олар кәсіпкерлік қатынастарды айрықша түрде мүліктік, азаматтық-құқықтық байланысының реттеу аумағында қолданылады.
Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік қызметтің де және кәсіпкерлердің қызметінің де құқықтық реттелуінің негізгі қырларын сипаттайды. Кәсіпкерлік құқықтағы басты аумаққа тікелей таза табыс табуға бағытталған қызмет үрдісінде қалыптасатын құқықтық қатынастар жатады. Осыған байланысты, кәсіпкерлік құқық нормалары субьектілердің шаруалық қызметтерінің тәртіптемелерін орнатады. Сондықтан аталған оқу пәнінің құрылымына кіретін мәселелерді біліп, меңгеру шағын және орта бизнес саласының мамандарымен қатар, заңнаманың тиімді қолданылуы мен сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға атсалысатын мамандарғада аса қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.С.Киздарбекова, Г.Б.Асетова Кәсіпкерлік құқық: Оқулық. Алматы: 2011.- 281 бет.
2. М.Ж. Ихласова Кәсіпкерлік құқық: Оқулық. Жетісай: 2007.- 95 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2 Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі және оның құқық жүйесіндегі орны ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12

КІРІСПЕ
Қазақстанда экономикалық жаңғыртулардың, жекешелендірулердің, монополизациядан шығу үрдістерінің жүзеге асырылуы экономика және оны басқару аумағындағы қатынастарды реттеуші заңнамалардың жаңартылуына ғана әкеліп қойған жоқ, сонымен қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік қызмет, тауарлар нарғы және т.б. түсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға көшу, экономиканы мемлекеттік реттеудің түбегейлі өзгеруі, құқықтық реттеуде заңның рөлін күшейтуді, кәсіпкерліктің әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандарының теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мүліктік қатынастарды реттеуде негізгі маңызға азаматтық құқық ие болды. Нарықтық экономика саласының мәндері бойынша бір тектес емес, алайда, бір - бірімен тығыз байланыстағы қатынастардың: тауар-ақша (мүліктік) және басқару жөніндегі маңызды екі түрі ажыратылады.
Кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы тауар-ақша қатынастарының негізінде тараптардың заңды теңдігі жатқаны мәлім. Олардың құқықтары мен міндеттері негізінен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайды.
Кәсіпкерлер үшін маңызға, сондай-ақ басқару жөніндегі қатынастар ие, олар кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша басқару органдарымен қатынастарды білдіреді. Олар үшін кәсіпкерлерге бағытталған басқару актілерінің міндеттілігі сипаттаушы белгі болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық құқық нормаларының реттеу аясынан шығып кетеді. Мәні бойынша әкімшілік - құқықтық болғанымен, олар кәсіпкерлік қатынастарды айрықша түрде мүліктік, азаматтық-құқықтық байланысының реттеу аумағында қолданылады.
Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік қызметтің де және кәсіпкерлердің қызметінің де құқықтық реттелуінің негізгі қырларын сипаттайды. Кәсіпкерлік құқықтағы басты аумаққа тікелей таза табыс табуға бағытталған қызмет үрдісінде қалыптасатын құқықтық қатынастар жатады. Осыған байланысты, кәсіпкерлік құқық нормалары субьектілердің шаруалық қызметтерінің тәртіптемелерін орнатады. Сондықтан аталған оқу пәнінің құрылымына кіретін мәселелерді біліп, меңгеру шағын және орта бизнес саласының мамандарымен қатар, заңнаманың тиімді қолданылуы мен сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға атсалысатын мамандарғада аса қажет.

1 Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы
Шарушалық қызметті құқықтық реттеу Еуропада сонау орта ғасырларда қалыптасқан. Францияда, Германияда және басқада еуропалық мемлекеттердегі сауданың қарқынды дамуы сауда қызметін реттейтін арнайы нормаларды шығаруды талап етті. Құрастырылған нормалар сауда құқығы деген атауға ие болды.
Уақыт өте келе саудамен қатар сауда құқығының нормаларымен қамтылған банктік қызмет, өнеркәсіпте дами бастады, ол өз кезегінде біртіндеп сауда құқығы нормаларының шаруашылық қызметтің барлық түрлерін реттеуіне әкелді. Алғашқыда сауда қауымының құқығы ретінде пайда болғанымен де капитализмнің дамуымен сауда құқығы қауымдық сипатынан айырылып, оның реттейтін пәніне байланысты анықталатын болды. Нақты осыған байланысты уақыт өте келе бұл қызметті айқындау үшін кәсіпкерлік құқық, коммерциялық құқық, шаруашылық құқық деген терминдер қолданыла бастады.
Батыс елдерінде ең көбірек таралған терминдер сауда құқығы және коммерциялық құқық болып табылады. Мұның осылай дәріптелуі ең алдымен, бұл мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті реттеу үшін арнайы қалыптастырылған сауда және коммерциялық заңнаманың қолданылуымен байланысты. Мысалы, бірқатар батыс мемлекеттерінде азаматтық кодекспен қатар, сауда және коммерциялық кодекстер әрекет етеді. Бір мезетте азаматтық және сауда кодекстерінің әрекет етуі, мысалы, Франция, Германия, Испания, Португалия және Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттеріне тән. Дегенмен, кейбір мемлекеттерде, мысалы, Нидерландия, Италияда кәсіпкерлік әрекетті құқықтық реттеу нормалары Азаматтық кодекске енгізілген.
Ағылшындық-саксондық құқық жүйесіндегі мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті реттеу өзгерек. Бұл мемлекеттерге азаматтықкодекстің болмауы тән, сондықтан аталған әрекетті реттеу үшін оларда арнайы кәсіпкерлік заңнама шығарылған. Мысалы, АҚШ-та, тіпті, барлық штаттарда коммерциялық кодекстер шығарылған.
Қазақстан тарихында бірқатар онжылдықтар бойы еуропалық континентальды құқық жүйесінің ағымында дәстүрлі дамыған Ресеймен тығыз байланысын есепке алсақ, ол үшін де осы жүйенің басқа да мемлекеттерінде көрініс берген кәсіпкерлік құқықты дамытудағы дәл сол тенденциялар тән.
Шаруашылық әрекетті құқықтық реттеудің дамуына 1917 жылғы Қазан революциясы айтарлықтай әсер етті. Алғашқы соғыс коммунизм жылдары жеке кәсіпкерлікке тыйым салынса, 20-жылдардағы ЖЭС-қа көшу кезеңінде оған жартылай рұқсат етілді. Сол кезеңде келісімшарт қарым-қатынастарына қатысты нормативтік актілер пайда болды. Бірақ кейін жеке сектор біртіндеп жойылды. Өз кезегінде шаруашылық іс-әрекеттің құқығын реттеуде ізін қалдырған жоспарлы экономикалық жүйе дами бастады.
Кеңес билігі кезеңінде шаруашылықты құқықтық реттеу азаматтық және арнайы шаруашылық кодекстерімен жүзеге асырылды. Арнайы заңнама шаруашылық әрекетті жүзеге асыру тәртібін және айтарлықтай дәрежеде оған басшылық етуді анықтайтын нормалардан тұрды. Негізінде шаруашылық әрекет мемлекеттік және тек кейбір жағдайларда кооперативті кәсіпорындармен жүргізілді.
Бұл үрдістер шаруашылық құқық ғылымынан көрініс тапты. XX ғасырдың ғ. 20-жылдары шаруашылық әрекетті құқықтық реттеудің әртүрлі бағыттары дамыды.
П.И. Стучка ХХ ғасырдың 20-жылдары социалистік ұйымдар үшін әкімшілік-шаруашылық құқық және жеке тұлғалар үшін азаматтық құқық сияқты екі секторлы құқық теориясын құрды. Бірақ, сол уақыттың көптеген цивилист-ғалымдардың пікірінше, социалистік шаруашылық мүдделеріне социалистікқоғамдағы жекелеген тұлғалардың мүдделерін қарсы қоюға алып келетін болғандықтан аталған теория қате болды.
ХХ ғасырдың 30-жылдары басында біртұтас шаруашылық концепциясы (Л.Я.Гинцбург, Е.Б.Пашуканис) қалыптасты да азаматтық құқық ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де біршама уақытқа қысқартылды. Шаруашылық құқықтың пайда болуын кеңес экономикасының аралас сипатымен және азаматтық құқықтың индустриаландырылуымен байланыстырды. Кеңес шаруашылық құқығының (сала және ғылым ретінде) пайда болуының объективті алғышарттары елдің халық шаруашылығындағы экономиканың социалистік секторын және жоспарлы бастамаларды бекіту болатын. Шаруашылық құқық саласындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларға бейімделген бұқаралық және жеке құқықтың әлдебір келісімін жасауға тырысты ХХ ғасырдың 50-жылдары шаруашылық құқық концепциясы туралы пікірталас қайта жаңғырды. Шаруашылық заңнаманы шаруашылық әрекеттің әрқилы жақтарын реттейтін социалистік құқықтың түрлі салалары нормаларының күрделі өзара әрекеттесуінің нысаны сыртқы көрінісі болатын кешенді білім ретінде қарастыра бастады. Ол кезде құқық теориясында шаруашылық заңнаманың дәл осындай түсінігі үстем болды, ал шаруашылық құқық шаруашылық әрекетті реттеудегі өзара функционалды әрекеттесетін кеңес социалистік құқығының әртүрлі салаларының нормалары мен институтарының белгілі бір жиынтығы ретінде түсінілді. Кеңес заңнамасының жаңа кодификациясы кезінде Шаруашылық кодексті қабылдау туралы ұсыныстар айтылды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары шаруашылық әрекетті (көлденең қатынастар) жүзеге асыру кезінде қалыптасатын және экономика бойынша нұсқау (тік қатынастар) кезінде пайда болатын шаруашылық қатынастарды құқықтық реттеудің тұтастығынан шығатын шаруашылық құқықтың жаңа тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл тұжырымдама мемлекеттік кәсіпорындардың құқықтары кеңейтіліп, шаруашылық келісімшарттардың рөлі жоғарылаған, 1965 жылы экономикалық реформаны жүргізу кезінде қолданылды. Мұндай тәсіл сол кездегі қолданыстағы 1961жылғы 8 желтоқсандағы КСРО және одақтас республикалардың Азаматтық заңнама негіздерінің әкімшілік актінің келісімшарттан біршама артықшылығынан шығатын тар шеңберін жеңуге көмектесті.
Осы тұжырымдама негізінде әзірлеушілердің негізгі идеясы бойынша шаруашылық басқарудағы заңдылықты бекітуге бағытталған шаруашылық кодекстің жобасы даярланды. Бірақ заң ретінде бекітілмеген бұл жобаны сол кездегі партиялық мемлекеттік аппарат азаматтық құқық ғылымының қолдауымен қабылдамады.
ХХ ғасырдың 90-жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, яғни экономикалық жүйенің қайта құрылуы басталды. Сәйкесінше, бұл өзгеріс шаруашылық әрекетті құқықтық реттеуді түбегейлі өзгертуді, шаруашылық құқықтың қалыптасқан тұжырымдамасын қайта қарауды талап етті. Шаруашылық құқық кәсіпкерлік әрекет құқығына айналды, аталған әрекеттің құқықтық реттелуін белгілеу үшін жаңа - кәсіпкерлік құқық термині орнықты.
Нарықтық экономикаға өту кезіндегі шаруашылық әрекетті құқықтық реттеудің дамуы үшін жеке меншіктің, жеке кәсіпкерліктің пайда болуы, жоспарлы дамудан бас тарту аса маңызды болды. Бұл деген шаруашылық әрекетті жеке құқықтық реттеу рөлін жоғарылатады. Сонымен қатар, бұл көпшілік-құқықтық реттеуден толықтай бас тартуды білдірмейді, ол сақталады, бірақ нарықтық экономика шарттарына сәйкес жаңаша түрлерде қолданылады. Жеке құқықтық және көпшілік-құқықтық бастамалардың осындай үйлесімі қазіргі жағдайдағы шаруашылық әрекетті құқықтық реттеуде аса маңызды орын алады.

2 Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі және оның құқық жүйесіндегі орны
Әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру үрдісі барысында әртүрлі құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар қалыптасады. Осы салалар біртұтас құқық жүйесін құрайды, ал туыс құқық салаларының нормалары жиі байланысады, бір саланың нормалары басқа салаға да жиі еніп отырады. Осыған сәйкес, көптеген жағдайларда құқық саласын таза күйінде көрсету шамалы қиындық тудырады.
Дегенмен, құқық саласының қағидаларының, реттеу пәнінің, реттеу әдістерінің және басқада сипаттаушы белгілеріне қарай оның жария құқық немесе жеке құқық саласына жататындығын анықтауға мүмкіндік бар. Жеке құқықтық және жария құқықтық бастауларының сәйкестенуін бар құқық салаларын да кездестіруге болады.
Кәсіпкерлік құқық жалпы шаруашылық тәртіптемелерді анықтайды, ал осы тәртіптемелердің жекелеген жақтарын өз тұрғысынан азаматтық, әкімшілік құқық және кейбір басқада құқық салалары реттейді. Аталмыш жағдай кәсіпкерлік құқық түсінігінің анықтамасын және құқық жүйесіндегі алатын орнын қиындатады.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз нені білдіреді деген мәселеге қатысты, ғалымдар бірнеше жылдар аясында үш түрлі көзқарас қалыптастырды:
1) Кәсіпкерлік құқық жеке дара құқық саласы болып табылады. Аталған көзқарастың жақтаушылары шаруашылық құқығы тұжырымдамасының ізбасарлары болып табылады, ол Ресей мен Украина академиктері В.В. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы
Мамандықтың пәндер каталогы
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Пәндер